Сценарий жазу кезе?дері

Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды

Байланысты:
Билет. драмаdocx

6- билет

1.Сценарий жазудың кезеңдері.

Сценарий (итал. scenarіo, лат. scena, scaena – сахна) – кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі. Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.

Алдымен дайындық, кейін жоспарлау, сосын барып қана сценарийді жазуға көшуге болады. Дайындық және жоспарлау екі кезеңнен тұрады:


  1. Оқиғаны ойлап табу. Бұл кезеңде басты оқиға, кейіпкерлер ойлап табылады.

  2. Эпизодтық планды жазу. Бұл кезеңде барлық қосымша бөлімдер, сюжеттік детальдар ойластырылады.

Оқиғаны ойлап табу үшін алдымен:

А) не туралы жазатыныңызды шешіп алу керек;

Б) сценарий идеясын бірнеше сөйлеммен жазып қою керек.

Енді оқиғаны ойлап табамыз. Бұл ретте келесі жағдайларды ескеру керек:


  • Бұл сценариймен елге не айтқыңыз келеді? Бұл бейнероликтің мәні қандай? Осы сұраққа жауап беріңіз.

  • Көрерменге қалай әсер еткіңіз келетінін шешіңіз. Мысалы, күлдіру, шабыттандыру, ойландыру, т.б.

  • Оқиғаны ойлап табу барысында барлық идеяны жазып қойып отырыңыз. Ол қазір керек болмаса, кейін бір іске жарап қалады.

Достарыңызбен бөлісу:

Жоспары:

  • Сценарий ұғымы
  • Сценарийде әдеби және экрандық белгілер болуы тиіс

Сценарий — әдеби кез-келген хабардың негізгі және алғы шарты. Сценарий бойынша  хабар барысында көрсетілген көрініс қатары, немесе хабардың  мазмұны беріледі. Сценарий негізінен театрдан пайда болады. Театр XVI-XVII ғ.ғ. пайда болып “сценариус” деп аталатын бөлігі болған. Содан бастап дамыған “сценариус” – шекспирдің заманында (XVII ғ.) қызметкер болған. Ол әр түрлі актердің міндеттерін көрсеткен, яғни көрініс кезінде оқып, айтатын болған, оны “сценарий” деп атаған.

1.жұмыс сценарий әдеби, 2. экспикация, 3. дыбыс режиссерлік сценари. Кез-келген сценариді дайындаған автор. Ол ереже бойынша 6 дана басылып таратады.

  1. 1 дана архивқа кетеді.
  2. редакторға
  3. жүргізушіге
  4. 4. режиссерге
  5. дыбыс режиссерге
  6. суретшіге

Режиссерге берілетін сценарийдің негізінде экспликация дайындалады. Экспликация – көріністің реті. Ірі план, орта, жалпы пландардың реті. Телеоператор көрніс қатарын көрсетіледі. Хабар әр минутында не берілуі осы экспликацияда айқындалады.

  1. Дыбыс режиссерлік сценарий – журналистің дайындаған хабарының мазмұнына байланысты әр-түрлі фонограммалар мен дыбыспен безендіруге міндетті.

Публицистикалық телевизиялық хабарлардың басталуы мен аяқталуы- әдеби, сөздік негізі- сценарий. Олардыңтүрі әртүрлі болуы мүмкін. Ол кадрлерге байланысты.

Студияда жазу кезінде сценарийдің екі түрі өмір сүреді: «екі қатарда»; сол жағында- көріністі қатарлар, оң жағында-мәтін, авторлық түсініктеме, сол жағы – олар еститін сөздер.Телевизиялық автордың театр драматургі немесе киносценаристен айырмашылығы, жанрды анықтауы, теледидарда түр іздеу мен ерекшеліктерді пайдалануда оның барлық кезенде де студияның творчестволық тобымен нағыз байланыста болатындығы. Сценарийде әдеби және экрандық белгілер болуы тиіс. Жазуда режиссер мен оператордың түсіргені мен көргендері автор ойымен қабыса өріліп, дыбыс және эпизодтағы монтаждық шешім кезінде жүзеге асады. Егер  әңгіме оқиға болған жерден оперативті репортаж беру жайлы болса , онда репортер сценарийдің өзіне және түсірудің алдында оператор үшін даярлайды. Мұндай жағдайда да білімділікке сенбеу керек. Жаңалықтар бағдарламасына шығар алдында жазылған сценарийдің  толық түрі пульттағы режиссер алдында, екінші және үшінші даналары студиядағы жүргізуші мен дыбыс режиссерінде болады. Фильм немесе үлкен хабарлардың сценарийінің әдеби үлгісінде түсірілетін жерлер көрсетіліп қана қоймай, сонымен бірлікте автордың оқиғаға сезімталдық және ұнамдылық қатынасы күйінде, кейіпкердің тағдырына, қоршаған ортаға көзқарасы, қысқасы, сценарийде авторлық көзқарас айқындалады. Ол- режиссер мен операиорға кейіпкерді ашу кезінде көмекке келеді.Публицистикалық сценарий автордың жеке көзқарасын бейнелейді. Экрандағы көрініс арқылы оның стилі мен мәнері айқындалады.

Режиссер сценарийдіңқолына алғаннан кейін оған өзінің де көзқарасын білдіре отырып, шын мәнінде сол хабардың авторына немесе қосымша авторына айналады.

Өмір шындығын дерекші өз шығармасында қорытуға тиісті. Осылай болуы үшін ол сценарийді жазудың негізгі талаптарын білуі тиіс.Сценарий дұрыс әдеби тілмен жазылып, онда автордың ойы дәл берілуі керек. Оқиға өтетін жер, кейіпкер мінезі, қоршаған орта, көңіл – күй, детальдар рет-ретімен екінші кезекте сценарийдің өң бойынан көрініс табады. Сценаристің шеберлігі көзімен көріп, құлақпен естіп, ойда қорытылған материялды өзіне тән мәнермен өрнектеп, жасандырып бере білуі.Көріністі түсіру, бейнелі түрдің соңғы қорытынды ойын таба білу – режиссер мен оператор міндеті.

Автор сценарийді жазу кезінде мыналарды басшылыққа алады:

—  нысан және кейіпкер өмірімен алғашқы таныстығы;

— тақырыпты анықтауы, автор таңдаған материалдар негізінде идеяны айқындау мен проблемаға енуі;

— мәлімдемені жазып, оны редактор және режмсермен бірге талқылау, тақырыпты бекіту және редакция мәлімдемесі;

— нысанаға қайта барып, оның әрбір деталіне дейін үңіліп зерттеуі, хабарларға кірігетін болашақ персонаждарды таңдауы;

— сценарийді жазуы;

— редакцияда сценарийді бекіттіруі.

Сценарист түсіру процестеріне қатысып, жазу кезінде де мәтінге өзгерістер енгізуі мүмкін. Материалды монтаждағаннан кейін сценарист үшін қорытынды кезең авторлық мәтінді түзу, түсініктеме жасау басталады.

Сценариймен жұмыс істеу кезінде шығармашылық процестің жаңа кезеңі басталады. Автордың жинаған өмірлік материялдары деректі хабарламаға айналып, материал шын мәнәнде қорытылу және ұйымдастырылу кезеңіне аяқ басады. Қорытылған ойға түр іздестіру- сценарий жұмысындағы жауапты кезең.

Сценарийдегі барлық компоненттер бір арнаға тоғысқанда ғана автордың көздеген ойы жүзеге асып, тақырып пен идея қабысады.

Сценаристің ең басты қателігі – сценарийдің түсініксіз, жоспарсыз бастауы. Шебер сценаристің шығармасында қажетті нәрсенің бәрі де табылып, көрініс беруі заңдылық.

Эфирден өтіп жатқан телехабарлардың деңгейі оның сценарийімен ғана бағаланбайды,. Оның негізгі критерийі – бір мезгілде көрсетілуі және тыңдалуы. Демек «…сценарий басты болғанмен ол хабардың көптеген элементтерінің бірі»

Осыдан түйінделетін ой, журналистің даралығы бәрінен бұрвн өзінің тақырыбын тауып, оған өзіндік, авторлық көзқарасымен келуінде. Азапты жолды табу қашанда қиын. Егер сценарийде, экранда көрерменнің сенімін таптап, характерді ашуға ұмтылыс байқалмаса, олардың жүрегіне жол тауып, оның көңіл-күйін оятуға, ақыл – ойына сыналап кіруге әрекет жасалмаса, онда бәрі де бос әурешілік!

Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері

  1. Хабардың шақыру белгісі, оның алуан түрлі пішіндері:
  • музыкалық шақыру белгісі;
  • арнайы мәтін жазылған шақыру белгісі;
  • ресми атауын айтып хабарды бастау;
  • әуенмен айтылатын шақыру белгісі.
  1. Тыңдарман назарын аударатын радиороликтер:
  • журналист жазған мәтіннің дыбысталуы;
  • оны компьютерлік технологияның көмегімен өңдеу және қосалқы дыбыстар арқылы айшықтау.

Сценарийлік жобаға жан бітірудің бүгінгі таңдағы қолданыс аясында кездесетін басқа да әдістері және бұл іспен шұғылданатын маман – дыбыс көркем деушісі туралы айтылады.


Подборка по базе: Тақырып 3. Автокөлікті техникалық жабдықтаудың негізгі элементі., 2-сабақ. Негізгі және туынды сын есім.pptx, Төңкеріс негізгі орта мектебі бойынша І оқу тоқсанындағы білім , Дүние жүзі тарихы. 11 сынып 3-бөлім Қоғамдық-саяси ойдың дамуы 4, Сауықтыру бағытының негізгі формалары.docx, Cаясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау.docx, Девиациялық дамудың жалпы заңдылықтары. Психикалық даму бұзылыст, Сынып ұжымының сипаттамасы бойынша тәрбие мақсатына ықпал ететін, Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде.docx, ATL жарнама таратудың негізгі құралдардың қайсысы жатады.docx


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

КУРСТЫҚЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Негізгі сценарийлік ұғымдар»

Орындаған:

.
Ғылыми жетекшісі:

Орал – 2015 ж.

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………….3

1. Сценарий туралы түсінік және түрлері

1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері………………………………………………………5

1.2 Ақпараттық сценарий…………………………………………………………………………….9

1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий………………………………………………….13

2 Сценарий-көркем-педагогикалық бағдарлама ретінде

2.1. Сценарийдегі шығармашылық әдістер…………………………………………………14

2.2. Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралар сценарийі……………………..16

Қорытынды………………………………………………………………………22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………23
Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Сценарий (итал. scenarіo, лат. scena, scaena – сахна) – кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі.

Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.

Киносценарий XX ғасырдың 20-жылдарында қалыптаса бастады. Алғаш ол мылқау фильмдердегі оқиғалар желісін тізбелеу қызметін атқарған. Кейін кинодраматургияның эстетикалық, шығармалық принциптері түзіліп, әдеби драмалық тұрпаты анықтала түсті. Киносценарий орындалу техникасына, жүзеге асырылу кезеңдеріне, құрылымына байланысты синтетикалық және ұжымдық шығарма болып табылады. Мұнда сөз, музыка, бейнелеу өнерлерінің жанрлық элементтері біріккен. Сценарий жүзеге асу барысында оператор, режиссер, актерлер қатынасады да, сюжеттің бастапқы драматургиялық сипаты күрделілене түседі. Сценарийде автор сөзінің (кадр сыртындағы дауыс), төл сөздің (диалог, монолог), ремарканың (суреттеу, тәптіштеу), әр алуан түсініктемелердің тұтастығы қатаң ескеріледі.

Кинематографияның бейнелі қалпында жүзеге асуы мен мәтіннің жанрлық табиғатын ұйымдастыру осы 4 құрылымдық компонентке негізделеді. Фильмнің жанрына байланысты (детективті, деректі, тарихи, фантастикалық, т.б) 4 құрылымдық компоненттің бірі алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, деректі фильмде комментатор дауысы немесе түсіндірме жазбалар маңызды рөл атқарады. Ойындық фильмдерде бейнелілігі мен айқындығы тұрғысынан алғашқы қатарға кейіпкер әрекеті, монолог, диалог және ремарка шығады. Сценарийлердің көп бөлігі (триллер, модернистік, мистикалық фильмдер сценарийі) арнайы эффектілерден, яғни бейнелілікті толықтырушы (компьютерлік) қалыптардан тұрады.[1]

Теледидарлық сценарийлер де кеңінен дамып, ішінара жанрлық өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, шоу, полемика, КВН, теледраматургия, публицистикалық, саяси, тарихи, деректі бағдарламалар. Теледраматургия айқындық, ақпараттық және бейнелердің түсініктілігі, қысқалық секілді талаптарды қажет етеді. Теледидарлық сценарийде публицистикаға, айқындыққа, технологияға бет бұру, театрланған бағыттар байқалады. Опералық, балеттік, пантомималық сценарийлер либретто деп аталады.

Зерттеу мақсаты: негізгі сценарийлік ұғымдар туралы жалпы мәлімет беру.

Зерттеу міндеттері:

  • Сценарий туралы түсінік беру;
  • Сценарийдің түрлеріне сипаттама;
  • Сценарийдің құру жолдарымен танысу.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Сценарий туралы түсінік және түрлері

1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері

Телесценарий

Отандық телевидение саласында сценарий жазумен ғана айналысатын мамандар жоқтың қасы (жоқтың қасы дейтінім мен ондай мамандарды кездестірмедім, бірақ оны мүлдем жоқ деуге аузым бармайды). Сценари й ді продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да) де, режиссерлер де, журналистер де бірлесіп жазып жатады. Әрине, оның құрылымдық бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ, оның мазмұндық жағы жеке тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс.Бұл жерде сценаридің жалпы көлемі, сценаристің өмірдің барлық саласы бойынша жинақтаған білім қоры маңызды рөл атқарады. Журналистің ой-өрісі қанша бай болса, ақпаратты телекөрермен көретіндей, тартымды етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Өз біліміңді үнемі толықтырып отыру процесі ешқашан бітпейді. Сондықтан да сценарий жазушының жұмысы өте қызықты болып табылады.Әрине, кез-келген тақырыпта ақпарат табуға мүмкіндік жасайтын Интернет-ресурстар қазіргі заманғы журналистің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп береді. Алайда, сценарий шын мәнінде қызықты және тартымды болуы үшін бір-бірімен байланысты салалар бойынша білім ғана емес, оны сюжет желісіне үйлестіре білу де қажет.[1]

Сценарий телевизиялық өнім жасау барысында атқарылатын жұмыстың бастапқы емес, аралық кезеңі болып табылады. Ол танысу және материалды іріктеу, тақырып құрастыру, композицияларды анықтаудан тұратын дайындық бөлімін аяқтайды. Әдетте бұл кезең сценари й ді жазудан да көп уақыт алады. Бұл жағынан сценарист әмбебап журналистке ұқсайды, ол қашан да қай тақырыпты болса да жаза білуі тиіс. Қазіргі заманғы журналистикада бұл кеңінен қолданылып та, қолдау көріп те жүрген жоқ. Ал, тақырыптық сценари й лер жазатын сценаристің әмбебап болудан басқа амалы жоқ. Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап көрелік.

1. Сценарлық өтініш – бұл келешек тележобаның негізгі идеясын баяндайтын құжат. Онда міндетті түрде:

— Жобаның атауы (шамамен);

— Мән-мазмұнын нақты баяндау;

— Мақсатты аудиториясы;

— Хронометражы (хабардың ұзақтығы);

— Эфирге шығу жиілігі (күнделікті, апталық және т.б.);

— Авторлық ұжым құрамы;

— Болжамды шығын – барлық шығын;

— Жобаны іске асыру мерзімі толық көрсетілуі тиіс.

Телебағдарламаны шығару жөніндегі немесе одан бас тарту туралы шешім осы өтініш негізінде қабылданады.

2. Сценарлық жоспарда сценарий мазмұнының өрбу бағыты хронологиялық тәртіппен баяндалады. Сюжеттердің тәртібі, соларға сай айтылатын диктор сөзі (подводка) мен қонақтарды шақыру тәртібі нақты көрсетіледі. Эфирді таспаға жазатын күн мен тақырыбы беріледі. Сценарлық жоспар сценарий жазатын кісіге ғана емес телебағдарламаны монтаждау үшін де аса қажет. Онда: жүргізушілер, қатысушылар құрамы(қонақтар); реквизиттер толық көрсетілуі тиіс.

3. Телеөнімнің түріне байланысты сценари й лер ‑ ақпараттық (танымдық, публицистік, ток-шоу және т.б.) және қойылымдық немесе рөлдік болып бөлінуі мүмкін. Бұл жерде әртістік өнер мен эмоция жағы маңызды, ал ақпараттық құрамы онша маңызды болмайды. Сценарлық жұмыс тәсілдері де соған сәйкес болуы қажет. Енді сценарийдің осы екі түріне нақты мысалдар келтіріп көрейік.

№ 1 ‑ ші мысал (ақпараттық сценарий)

«Вся страна» бағдарламасының сценарийі (үзінді).

Студия Мазмұны Ескерту
Шапка
Студия Ж1(Жүргізуші): Сәлеметсің бе, елім!

Ж2 Кеш жарық!

Ж1 Алдағы сағатта сіздермен бірге…

Ж2. Және ….

Ж1 Бұл «Вся страна» бағдарламасы.

Бағдарламалық «ойналым» (отбивка).

Ж1 «Турист» сөзі әдеби қолданысқа 1800 жылы еніпті. Шамамен дәл сол кезде Францияда француз тілінің сөздігіне турист сөзінің мағынасы енгізілген, онда «турист – бір нәрсені білгісі келгендіктен немесе уақыт өткізу үшін саяхатқа шығатын адам» делініпті.

Ж2 Ал, бүгінде «уақыт өткізу» жағымды әрі тиімді бизнеске айналып отыр.

Ж1 – Дүниежүзіндегі көптеген елдердің табыс көзі де осы туризм болып табылады. Бұл бақуатты елдер тек қана туризм есебінен күн көреді және елдің туристік нысан ретіндегі беделін көтеруге орасан зор ақша жұмсайды.

Ж2 – «Қазақстандық туризм». Бүгінгі әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбімек.

Ж1 – Әлемдегі туризм рыногының көлемі 3 трлн АҚШ долларынан асып жығылады. Туризмнен түскен табыс мұнай экспортынан кейінгі екінші орынды иеленеді.

Ж2 – Дүниенің төрт бұрышын аралап, жаңа әсерлерге бөлену үшін ақша төлейтін адамдар саны күн санап артуда.

Ж1 Кешегі күнге дейін Қазақстан мұнайлы держава мәртебесіне қанағаттанып, сабырлылық сақтап келді.

Ж2 – Туризм саласының қазіргі ахуалы және оның келешегі жайында ….. (журналистің аты-жөні) материалынан таныс боласыздар.

Сәлемдесу

1.2 Ақпараттық сценарий

Ақпараттық сценарийлерді жазуда Интернеттің көмегі шексіз. Алайда, қажетті материалды іздеу мен оны тексеруге сценарий жазатын уақыттың 2/3 бөлігі жұмсалады.Сценарий тақырыбы нақтыланып, қажетті ақпарат жиналып болғаннан кейін сюжеттерді қалай ізбе-із беру керектігін, қонақтарды қалай сөйлету қажеттігін ойлану қажет. Алғашқы материалдың сюжет-анықтама деп аталуы тегін емес. Өйткені ол бағдарлама тақырыбы жөнінде жалпы түсінік береді. Негізінде бұл көп нұсқаның бірі ғана. Сценариді маңыздырақ ақпараттан бастауға да болады. Ондайда жалпылама сәттер мен талқылауға кейін көшеді. Көбіне бұндай ақпарат рөлін телебағдарламалар жөніндегі құлақтандыру (анонс) атқарады.Жүргізушілердің әр сюжетке орай немесе қонақты студияға шақырған кезде айтатын сөздері белгілі бір ізбе-ізділікпен жазылуы тиіс. «Жүргізушінің сюжет алдында айтатын сөзін (подводка) жаңалықтар бағдарламасына тән дәстүрлі тәсілмен «бұл туралы бәленшенің материалында…» деп аяқтауға болады. Дегенмен еркін жазу үлгісімен, бірақ қалыптасқан шаблондарды пайдаланбай, сюжеттің мазмұнына және авторына тоқталмай жазған дұрыс. Мәселен:

Ж1 (жүргізуші) – Қазақстанда шекара әскерінің құрылғанына он екі жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, кеңестік дәуірде өмір сүріп, тәрбиеленгендердің санасындағы алыс және жақын шетел ұғымы өзгерген жоқ.

Ж2 – Біздің бірге өмір сүріп үйренгеніміз соншалық, Мәскеудегі немесе Ташкенттегі туыстарға, Қырғызстандағы Ыстықкөлге барып қиындықсыз демалып қайтуға болатынын біле тұра, олардың мүлдем басқа мемлекеттер екенін ұмытып кетіп жатамыз.

Ж1 — Өкінішке орай, жақын шетелдер шекарасында да қақтығысты жағдайлар жиі орын алады. Бұл – шындық.

Сюжет – қазақ ‑ өзбек шекарасындағы қақтығыс

«Ақпараттық» деген терминді ақтау үшін жүргізуші мәтініне статистикалық мәліметтер қосу қажет. Бірақ оны бірінен кейін бірін тізбектей бермей, қызықты фактілермен және түйіндермен бөлген жөн. Дегенмен қатар оның ақпараттық бағдарлама еместігін естен шығармау керек.

Сондықтан онда эмоция мен субъективтік бағалаудың болғаны абзал.Қонақтарға қойылатын әрбір сұрақты сценарийге түсіргенде оның жауабын алдын-ала бағамдайтындай етіп жазылуы тиіс. Өйткені, келесі сұрақ соның негізінде жазылады. Бұл жүргізушінің жүгін жеңілдету үшін жасалады. Өйткені, көбіне бір күнде бірнеше бағдарлама жазылады және жүргізуші материалда не жазылғанын сценаристен жақсы білмейді. Егер телебағдарламаға қонақ шақырылатын болса сценарийде оның студияға қалай кіретіні, қандай музыка ойналатыны, қандай бейне-кадрлар берілетіні (жұмыс, демалыс кадрлары) толық сипатталады.[2]

Көбіне бағдарлама шығарушылары қонақтың студияға бірнәрсе ала келуін өтініп жатады (студияны жандандыру мақсатында). Сценарист бұдан хабардар болуы қажет. Өйткені, қонақтың әкелген бұйымына қатысты сұрақтарды дайындап, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп беру сұралады. Сценарийге осы іс-әрекеттердің бәрі жазылады.

Тапсырма: 2 жүргізуші жүргізетін анықтама-сюжетке сценарлық кіріспе сөз жазып көріңіз. Сцецнаридің тақырыбы: «Қазақстандағы көп әйел алу мәселесі. Қолдаушылар мен қарсы шығушылар».

Ресейдің «Телевизиялық журналистика» оқулығының телесценарий бөлімінде атап көрсетілгендей, сценарийдің драматургияның – тақырып, идея және композиция сынды элементтерінен тұрады.Тақырып – бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып – бұл автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәселе. Идея – бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне байланысты.

Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше бағдарламаға арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі болуы тиіс.Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен идеясы анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу, сарапшылар мен өзге де кейіпкерлерді таңдаудан тұрады. Ол қызықты сәттерді шатастырып алмас үшін жинаған материалының біраз жерін кесіп тастауды талап етеді. Оған өкінбеңіз, пайдаланылмаған фактілер мен оқиғалар алдағы уақытта керегіңізге жарайды. Сценарий жазатындардың көпшілігі компьютердегі жұмыс үстелінен арнайы папка ашып, пайдаланылмаған фактілерді соған салып отырады. Қажет болған жағдайда керекті мағлұматты содан ала қоюға болады. «Телевизиялық журналистика» кітабының авторлары «еңбек тәжірибесін енді ғана бастаған журналистер сценарлық материалға тақырыппен жанама байланысы бар шығармаларды қосады. Бұл автордың проблемамен онша таныс еместігінен, ашылуы тиіс фактілер мен оқиғаларды іріктей білмеуінен туындайды» деп жазады. Мұнымен келісуге тура келеді. Өйткені, шынында бұл әу баста тақырыпты дұрыс білмегендіктен, тақырыпты жан-жақты меңгеріп, қажетті материалды жинауға уақыт бөлуден қашқалақтау салдарынан орын алады. Композиция – бұл шығарманы жазу, байланыстыру, оның заңдық құрылымы, жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал дайындау. Бұл –материалды жазу ұстанымы.

Кезінде С.Эйзенштейн былай деген болатын: «Автор композицияның көмегімен материалды ұйымдастырады, ізбе-із орналастырып, басты және қосалқы бөліктерін анықтайды, оларды бір-бірімен үйлестіруге тырысады. Композиция көбіне техникалық қиындықтарды жеңуге де көмектеседі. Телевизиялық өнімді белгілі бір уақыт шеңберіне сыйғызу қажет, бұған сценарийді сцена мен эпизодтарға бөлу арқылы қол жеткізуге болады». Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да пайдалануға болады.

экспозиция (пролог) – басталуы – шегініс (оқиғаның дамуы) – кульминация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі) – шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) – түйін (соңы) – эпилог.

Дегенмен, ең бастысы – логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. «Егер сценарист қайталанатын болса автор ойы тұншығады» деген пікірдің де жаны бар.Кейбіреулер мынадай пікір айтады: «Студияда, жүргізушілер жүргізетін телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жеткілікті, ал жүргізушілер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі».

Мен мұнымен келіспеймін. Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен толықтыра түседі.Алайда, менің түсінігімше, сценарист диалогтарды жазғанда, жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем білмесе де бағдарламаны «ойнатып» әкететіндей етіп баяндауы тиіс. Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене алады. Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық сценарий үшін аса қажет.
1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий

Қойылымдық немесе рөлдік сценарий жазу көркемдік тұрғыдан алып қарағанда өте қиын. Онда ақпарат пен көңіл-күй беріп қана қоймай, сценарийді матефоралармен, әзілмен, ирониямен, сарказммен … байыту қажет. Бұл жерде тек Интернет-ресурстармен шектеліп қалуға болмайды. Сценарий жазғанда білім қорын, көркемдеу мен драматургиялық шеберлік таныту талап етіледі. Ол үшін афоризмдер, сентенциялар мен әзіл-әңгіме жинақтарын пайдалануға болады. Жүргізушілерге келер болсақ, олардың актерлік қабілеті болуы тиіс, кәсіби актер болса тіпті жақсы. Ондайда сценарист кез-келген драматургиялық әдісті пайдала алады және оның қалай шығатынын ойлап бас қатырмайды. Қойылымдық немесе рөлдік сценаридің бастан-аяқ логикалық байланысы болуы шарт емес.

Бұндай сценаридің бір қойылымы екіншісіне мүлдем ұқсамауы да мүмкін.Сонымен қатар бұл сценариде: қимыл-қозғалыс, ым, дауыс ырғағы, қажетті заттар, жүргізуші киімдері,т.б. толық жазылады.[5]

Қойылымдық сценариде жүргізушілердің әр қайсысының мінез-құлқын анықтап, олардың сомдайтын рөлдерін де соған қарай бөлу қажет. Қойылымдық сценаридің егжей-тегжейлі жазылатынына қарамастан, онда жүргізушінің ойдан шығару қабілеті болуы шарт. Ақпараттық сценарий бұны талап етпейді. Қойылымдық сценарилерде айдарларға немесе сюжеттерге байланып қалудың қажеті жоқ. Айтқандай, қойылымдық сценарий жазудың белгілі бір қатып қалған ережесі жоқ. Бұнда ең бастысы – шығармашылық, тағы да шығармашылық!

2 Сценарий-көркем-педагогикалық бағдарлама ретінде

2.1. Сценарийдегі шығармашылық әдістер

Сценарийді белгілі бір саланың жете әзірленген даму үлгісі деуге болады. Кез келген саладағы сценарий өзгеріс енгізуге түрткі болатын ең маңызды факторлар төңірегінде терең ойлануды талап етеді. Аталған факторлардың арасындағы өзара байланыс жүйесін зерттеу өзгерістердің табиғаты мен сипатын барынша түсініп, тиісінше аталған өзгерістерді басқаруға қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді.

Сценарий болашақты болжамайды, бірақ ортақ ұстаным қалыптастырып, стратегияларды әзірлеп, қажетті өзгерістерді дер кезінде енгізудің тиімді саясатын құру мақсатында келешек дамудың түрлі әдістерін зерттеудің тиімді құралы болып табылады. Белгілі бір салаға, мысалы білім беру немесе оқыту саласына арналған сценарий белгілі бір жағдайлар жасалса мүдделі тараптар қол жеткізетін нәтижелерді көрсету қажет, осыған байланысты сценарий барлық деңгейдегі шешім қабылдайтын тұлғалар үшін әбден пайдалы болмақ. Мектеп жағдайында сценарий бізге болашақ мектебінің құрылымы, жеке және мемлекеттік секторлардың өзара әрекет ету тетігі туралы, сондай-ақ мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынас қағидалары туралы түсінік береді. Сонымен қатар, сценарийден төмендегідей ақпарат алуға болады:

Болашақтың мұғалімдері толық жұмыс күні жұмыс істей ме немесе қысқа мерзімді келісім-шарт негізінде жұмыс істей ме?

Оқушылар фактілер мен ақпарат түрінде дайын білім алғысы келе ме әлде оларға алдағы өмірде көмектесетін дағдыларды игергісі келе ме?

Болашақтың мектебі өз күшін тек оқытуға бағыттай ма әлде әлеуметтік орталық ретінде жұмыс істей ме? Мүмкін екеуін де үйлестіретін шығар?

Сценарийге негізделген стратегиялық жоспарлау кезінде қажетті нәтижеге жету үшін сценарий мұқият жасалуы керек, бірақ маңызды сұрақтарды назардан шығарып алмау жағын да ұмытпау керек. Айталық, сценарийде шығармашылық пен қиял элементтері болуы мүмкін, алайда біздің келешегіміз түсініксіз, таңғажайып нәрсеге айналуына жол бермеу қажет. ЭЫДҰ-ның Білім беру саласындағы зерттеулер мен инновациялар орталығы шешім қабылдайтын тұлғаларға қолдау көрсету үшін сценарийдің мазмұнын құрудың мұқият ойластырылған тәсілін әзірледі. Бұл тәсіл сценарийдің мазмұнында табан астында қабылданған шешімдер болашақта маңызды болатын кез келген ортада сценарийді әзірлеу мен қолданудың қадамдық әдістері баяндалған, «үрдісті талдау» және «іс-қимылды талдау» сияқты құралдардың міндетті түрде болуын көздейді.[7]

Сценарий бір-бірінен оны жүзеге асыру тәсілімен ерекшеленеді, бұл оларды түрлерге жіктеуге мүмкіндік беріп, сұрақтың нақты аспектілерін шешуді жеңілдетеді. Сонымен қатар әр сценарийді жеке талдау бір мақсатқа жетудің түрлі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Ұсынылған барлық тәсілдерді үйлестіріп, шешім қабылдайтын адамдардың бар күшін бір бағытқа жұмсау болып жатқан өзгерістердің түбегейлі негізін түсінуге мүмкіндік беріп, стратегиялық ойлаудың негізінің қалануына ықпал етеді.

  • Сценарийді белгілі бір саланың болашақ үлгісі деуге болады.
  • Сценарий ойларды шоғырландырып, ортақ ұстаным қалыптастырып, іске асыру саясатын айқындауға түрткі болып табылады.
  • Сценарий болашақты болжамайды, бірақ іске асырылуы тиіс іс-әрекеттерді түсініп, түйсінуге мүмкіндік береді.

2.2. Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралар сценарийі

Сценарий мероприятия «Наурыз мейрамы»

Наурыз мерекесі. 

Музыка әуенімен қонақтарды қарсы алу.

I. Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 

Той дабылын қағып тұрған 

Мұнда біз бар! 

Естімеген естіңдер! 

Тыңдамағандар тыңдаңдар! 

Наурыз тойы басталды, 

Бір орында тұрмаңдар! 
Қайырлы күн, құметті ұстаздар қауымы мен оқушылар және қонақтар!
Міне ,араға жыл салып шуақты да шырайлы мерекеміз – наурыз мейрамы да келіп жетті. Наурыз –қазақ халқы үшін ежелден –ақ береке –бірліктің , ел-жұрт , ағайын –туыс арасындағы татулықтың , ерен еңбектің , жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

Қадірлі қауым ! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
2. Жүргізуші: Здравствуйте уважаемые учителя, учащиеся и гости! Вот и настал тот день, когда старый год по восточному календарю по праву передает свои права новому году. Веселый праздник наурыз сегодня мы встречаем. И дверь в весну, в который раз мы снова открываем!

Снова тихим и солнечным утром , 
Когда дремлют метели зимы
Из веков седовласых и мудрых,
К нам пришел Наурыз Мейрамы.
Посмотри в просветленные лица,
И ты сердцем уверишься вновь .
Это праздник народных традиций,
Это вера в мечту и любовь.

ІІ. Күй . —— «Ерке сылқым».

Шашу шашылады.

Ауыл көрінісі.Екі жеке тігілген үй. Бірі – күйеу жігіттің үйі, екіншісі –қалыңдықтың үйі. Келісіліп қойылған құдалар қызды ұзатып өз үйіне алып кетуге келеді. Ұзатылатын қызды үйден алып шығады.Екі жеңгесі қыздың жолы ақ болсын деп ақ матаны қыздың жүретін жолына төсейді. Қыздың жүретін жолында туыстары ,онымен қоштасады. Осы кезде сахна артынан әкесінің «Қызыма» атты өлеңі айтылып тұрады. Қыз жылап, «Сыңсу» өлеңін айтады.
Базардан келген құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.

Туған ел-жұртым аман бол!

Ағайын ,жекжат сау бол!

Ақсақал кісі қызға жолың болсын,бақытты бол деп бата береді.
Құдайым сені қолдасын, еш жамандық болмасын.

  • тілдінің тілінен сақтасын, көздінің көзінен сақтасын.
  • Жолың ақ болсын. Барған жерде бақытты бол ,шырағым!
  • Судай сіңіп, тастай батып кет!

Қыздың жеңгесі сөзі:

Қарағым,бізден кетіп барасың,

Жат жұртқа келін боласың,

Барған жеріңде , бақытты бол, еркем!

Қыздың жеңгесі ,осыларды айтып, күйеу жігітке тапсырады. Күйеу жігіттің жеңгелері ,қызды қабылдап алып,сөйлейді:
Бізге келген қадамың,құ тты болсын, шырағым,
Өсіп –өніп, ата-енеңе сыйлы бол.
Келін емес, қыздай болып, Сіңіп кет,ортамызға!
Күйеу жігітке тапсырып бірге, екеуі ауылына қарай төселген ақ жолмен ақырын жүреді.
Келіннің келе жатқанын ауылға хабарлап «Сүйінші, сүйінші» деп бір бала жүгіріп келеді.(6-сынып Айдар ). Үлкен киіз үйде отырған әжелер мен апалар келіннің алдынан шығып, шашу шашып күтіп алады. Отқа май құйып ,келінді ішке кіргізеді.
Осы кезде қуанышқа ән айтылады. «Отырардағы той» әні –Ділбар Қалпақпаева.
Әжей: Қане, шырағым, келіндер, келінді беташарға алып шығыңдар.
Екі жеңгесі келінді алып шығып,ортаға тұрады. Қалың көпшілік киіз үйден шығып, келінді ортаға алып тұрады.
^ Беташарды айтатын ер кісі:  
 Келін келді көріңіз,
  Көрімдігін беріңіз.
  Анау-мынау демеңіз,
  Түсін айтып қойыңыз,-
   Құлағың сал көпшілік,
  Домбыраны қолға алып.
  Тереңінен жүректің,
  Тебірене толғанып.
  Беташарға қам жасап,
  Әсем жырды толғалық,
  Қадам басты екі жас
  Ақ тілекті жолға анық.
  Атасы мен анасы,
  Айналады толғанып.
  Той тамаша басталды:
  Куә соған бол, халық!
  Шын көңілден қуанып,
  Шаттанғанға не жетсін,
  Ақ көңілден лебізді,
  Ақтарғанға не жетсін.
  Сыйластығын  көңілдің.

Келіннің бетін ашып, жұрттың алдында біраз тұрады. Ауыл балалары шуылдап қуанып , сол жерде ұлттық би «Қара жорғаны» билейді. Адамдарды биге шақырады.

Келінді үйге кіргізерден алдын, ақсақал жас келінге бата береді:

Әуелі құдай оңдасын, 
Періштелер болсын жолдасың 
Ақ батамыз пәк болсын! 
Ақ ордаңа бақ қонсын! 
Жас отауың басқа толсын! 
Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын! 
Тілдінің тілінен сақтасын 
Көздінің көзінен сақтасын 
Кезенгеннің кезінен сақтасын 
Өсек, аяң күндеуден 
Пәле – жаланың бәрінен 
Бір Аллаһ сізді сақтасын. 
Әумин, Аллаһу әкбар! 
Келінді үйге кіргізеді. Тойға шашу ретінде «Гүлдерайым» әні 
( Айнұр) орындалады.
Әже сөзі: Баламыздың үйлену тойы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен бірге келіп тұр. Қане, келіндер, келген қонаққа наурыз көже таратайық.
Осы кезде күй орындалады. «Ұлы жеңіс» күйі. 
Киіз үйдің ішінде күйеу жігіттің досының сөзі: 
Бүгін осы тойға алыстан қонақтар келіп отыр. Олар ат шабылтып , сонау Ресейден,Өзбекстаннан келіп отыр. Сол достарымыздың тойға тарту үшін алып келген, әні мен билерін тамашалайық.

  1. Өзбек биі. Қыздар тобы.
  2. Ресей әншісі. (Зелеая Ира -11 сынып).

Ақсақал шығып: бүгін ауылымызда қос той, қос мереке, бүгін жырламасақ, бүгін ағымыздан жарылып ән айтып, би билемесек қашан билейміз.Қане, жастарымыздың өнерін тамашалайық , тойға жиналған қауым!
Жас қыз шығып: 
Ежелгі шығыс елінің , 
Аңсаған арман, ойы бар.
Думандатып тойланар.
Дәстүрлі Наурыз тойы бар ,
Осы тойда айтатын.
Өлеңіміз бен биіміз тағы бар.
«Бозінген биі» -қыздар тобы.
Ән — (Темірбекова Жанар)
«Шашу» биі— қыздар тобы.
Ал,қане, ақсақалымыз бүгінгі қос тойға жастардың үйлену тойы мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне жиналған тойға арнап , батсын берсін. О, ағайын, құлақ салайық.

Бата (Ерлан Магзумович)
«Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле- жала жерге енсін.
Әумин!»
Қыз: Әлемге атақ –даңқы ілінгесін,
Күн болып Қазақстан күлімдесін,
Қасиетті ана тіл –
Бүтін тілім,
Бауырлар , ешқашанда
Бүлінбесін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз тойы халқым, құтты болсын!
Тойға шашу.
Ән –(Сәтсапар).
Қорытынды
Адамның психологиялық тұрғыда қалай қалыптасқандығын, оның іс-әрекетінің даралығы қалай байқалатындығын зерттеу, талдау жасау арқылы ғалымдар оның түптамыры эго-жағдай және өмір сценарийі моделі ұғымында деген шешімге келген. Сценарий ұғымын 1960-шы жылдардың ортасында психологияға алғаш рет енгізген Э.Берн және оның әріптестері, әсіресе К.Стайнер болды. Э.Берн тағдыр ұғымының түбірінде адамның өмірлік жолы ұғымы жатқандығын айтады. Адам өз тағдырын өзі анықтайды, ол адамның ойлау қабілеті, айнала мен қоршаған орта және қоғамда болып жатқан құбылыстарға деген оның қарым-қатынасы, көзқарасына тікелей байланысты деп есептейді. Әрбір адам бала кезінде-ақ көбіне санадан тыс түрде өзінің болашағы жайлы толғанып, өмір жолының сценарийін өз миында тоқиды, белгілейді. Сценарий — бірте-бірте қалыптасатын, дамитын өмірлік жоспар. Ол жоспар ата-ананың ықпалымен бала кезде қалыптасады. Э.Берн өмірлік сценарий мен өмірлік жол ұғымдарында айырмашылық бар дейді. Ол өмірлік жол деп шын мәнісінде өмірде жүзеге асатын нәрсені айтады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Аль Д. Н. Основы драматургии. – Л. ЛГИК, 1988

2. Вановская Е.В. Литературная композиция и монтаж на самодеятельной сцене. Л. 1989

3. Волькенштейн В. Драматургия. М. Советский писатель, 1969.

4. Генкин Д.М. Массовые праздники. – М. Просвещение 1975

5. Генкин Д.М. Конович А.А. Сценарное мастерство культросветработника – М., 1984

6. Кабдолов З. Сөз өнері –Алматы., 1992

7. Марков О.И. Сценарно-режисерские основы художественно-педагогической деятельности клуба – М. 1988

8. Маршак М.И. Клубный сценарий – М. Профиздат, 1975

9. Шароев И.Г. Режусурра эстрады и массовых представлений М., 1986

10. Шилов Н.П. Сценарное мастерство. Челябинск ЧГАКИ. 2000

11. Кеш жарық. – Алматы. өнер, 1989.

12. Мектеп кеші қөңілді. – Алматы. Өнер, 1990

13. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы. Қазақстан 1991

14. Праздники в школе. – Минск., 2001

15. Сценарии школьних праздников. – СПб. Паритет. 2000

16. «Телевизиялық журналистика», Мәскеу университетінің «Высшая Школа» баспасы, 2002 ж.

Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.

І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар

І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.

І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий закрытия трудового семестра студенческих отрядов
  • Сценарий заврасья подготовительная группа
  • Сценарий душе не хочется покоя
  • Сценарий жазу ?лгісі
  • Сценарий закрытия третьего трудового семестра