Сценарий жыр кеші

Бұл әдеби сазды поэзиялық кеш Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған.

« Жырлары жүректі жаулаған»

(әдеби- сазды поэзия кеші)

1-ші 6-шы 7-ші 9-шы –сынып оқушыларымен

Қатысушылар: 1-2 жүргізушілер, кітапханашылар, оқырмандар.

Безендірілуі: Тақырыптық слайд, кітап көрмесі, ақын туралы қанатты сөздер, өлең жолдарынан үзінді, сахналық безендірулері.

Сахнада «Айналдым сенен, Атамекен-ай» — әні орындалады

Орындаған Тұрғанбек Бану

( сахнаға 1-2 жүргізушілер шығады)

Кітапханашы: Армысыздар, ардақты қонақтар мен оқырмандар, жыр сүйер қауым!

Екі өмірдің көпірі — өр өткелі,

Өлеңде өзге тұлға, бөлек демі.

Жүз жасаған Жамбылдың әруағы

Қолдасын аруағымен демеп мені – деп ақын

  • Шөмішбай Сариевтың шығармашылығына арналған Нұрлыбаев атындағы жасөспірімдер апталығында «Жырлары жүректі жаулаған» атты әдеби-сазды поэзия кешімізге қош келдіңіздер!

Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кенде емес. Солардың бірі — өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен ерекшеленетін, жүректерді жан жылуымен ерітіп, қиялға қанат сермеген қазақ ақындарының бірі — Шөмішбай Сариев.

Саят «Бәйге»

1-жүргізуші: Ақын Сариев Шөмішбай (15.04.1946 ж.т., Қызылорда облысы, Арал ауданы Шөміш темір станциясында туған) Қамбаш орта мектебін бітірген. Ақын, ғалым, сазгер, филолог ғылым кандидаты. Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет істеген. 1965-1971 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, журналистика факультетін бітірген .

1970 – 1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметпен шұғылданады..

«ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монографиясын жазған. «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Грузин ақындары Г.Гулиа, И.Абашидзе, орыс ақындары О.Берггольц, С.Викулов, А. Дементьев, Р.Рождественский, авар ақыны Ф.Алиев, молдова ақыны М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Алғашқы «Арайлы көктем» атты ғылыми сын шығармалары 1974 жылы жарық көрді.

1-сынып оқырмандарының орындауында «Жау жау жаңбыр»

2- жүргізуші: Ақынның алғашқы жыр жинағы «Балдәурен» 1974 жылы жарияланған. «Арайлы көктем» (1975), «Теңізден соққан жел» (1975), «Тағдыр» (1976), «Заула, тұлпар» (1979), «Уақыт» (1979), «Өң мен түс» (1980), «Үш өлшем» (1982), «Тағдыр жыры» (1984), «Біздің ғасыр» (1989), «Тамаша, Тамаша, Тамаша» (1989), «Сағынышым — теңіз» (1994) жыр жинақтары басылып шыққан.1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

«Салем саған туған ел», «Домбыра», «Қарағым-ай», «Сарыарқа», «Аралдан ұшқан аққулар», «Атамекен-ай», «Аққу сенім», «Жер-Ана», «Ән жүрегім туған ел», «Үкілі домбыра», «Дос керек», «Бозжорға», атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған. Қызылорда облысының әкімшілігі (2006) екі томдық таңдамалы шығармаларын жариялады. Орыс және әлем классиктерінен, бүгінгі ақындардан бірталай шығармаларды қазақ тіліне аударған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты (2003), «Тарлан» сыйлығының иегері (2004).

Назым «Орман жыры»

  1. жүргізуші: Осынау сағынышпен Елге еліктім

Киелі топырағын төр көріппін.

Шалғай бір Шөміш атты станцияда

Іңгәлап дүниеге мен келіппін.

Бір адам аян беріп жат көлікті

Түсінде киелі адам бақ көріпті,

Ақбай ағам шешесі түсін жорып,

Шөміш деп маған алғаш ат беріпті.

«Салем саған туған ел» әні Орындайтын Тұрғанбек Бану

2- жүргізуші: Түсімде әжем еніп қуатына,

Мінгізді ақ боз тұлпар жыр атына.

Сол атпен келем шауып кең дүниеде,

Жетсем деп ертегідей мұратыма.

« Әр күнім менің — мүшәйра» — дейді ақын. «Мүшайра» – жүйрік ақын көңілін уақытпен жарыстырған бәйге. Ақынның пайымдауынша, дүниедегі ең жүйрік — өмірдің өзі. Шөмішбай Сариев — жаңа замандағы соны да, жаңа сезімдерін де, ой-пікірлерін де, философиялық ой-толғамдарын да жаңалықтар бар. Жаңалық бар жерде — өмір бар. Өмір бар жерде поэзия бар екендігі ақиқат екендігін дәлелдейді.

«Өмір деген өзі алып өз бәйгесін,

Адамның ғұмырынан алға озады» —деп атап көрсетеді.

Шөмішбай Сариев армандары мен қиялында қазақтың, ұлт ақыны сезімі айрықша күшті. Ол қонағын жыр дастарханымен қарсы алады, оған қымыз орнына жырын, шұбат, жал-жая орнына өлеңін ұсынып сыйлайды.

«Ақын, ең алдымен, адам, сонан соң өз жерінің азаматы, өз заманының ұлы»,- деген еді ұлы В.Белинский. Ақынның адамгершілігі, өмірге көзқарасы, ойы мен сезімі жалпы адамды тануынан, оны бағалауынан бастау алады.

Адамды тану, онымен сыйласу — адамдықтың басты парызы. Өмір –керуенінің жолында ара қатынасын «бұзып алып, қайта жөндеп», «жүктері ауып қалған» «ата-аналарын қайта теңдеп, артып» жүрген («Керуен сарай») адам –сол өмірдің иесі де.

Жанарыс « Дала мен тау»

  1. жүргізуші: Зулайды күндер,

Тулайды жүрек бұлқынып.

Өзімде менің,

Көзімде менің мұң тұнып:

Қалады – ау жастық,

Барады – ау өмір ұмтылып.

Зулайды күндер,

Тулайды жүрек бұлқынып.

Орындайтын Сапархал Бақберген «Қарағым -ай»

2- жүргізуші: Толғанамын,

Тебіренем,

Көңілі — әуен, өмір — өлең,

Елжірейді жан жүрегім.

Аққу құстай – ұясынан,

Қыран құстай – қиясынан,

Самғай ұшқан ән жүрегім

Туған ел!

Ән орындайтын Рүстембек Аружан Бастар Ақнұр «Аралдан ұшқан аққулар»,

Ақын — қазақ табиғатының тамаша жыршысы. Оның өлеңдерінде табиғат пен оның құбылыстары ойлы әрі жанды қалпында суреттеліп, ақын мен оның тікелей тілдесуі, сырласуы күйінде көрінеді.

Табиғаттың әсем, көрікті жағдайларынан жылы әсерленген ақынның өмірдің қайғылы сәттерінен еске алғанда әдемі көріністердің ар жағында жатқан трагедия іздерін танитыны бар. Жұмбағы көп табиғаттың көрер көзге қызғалдағын ұсынуына, қайғының ізін жуып бұлақ ағызғанша күдікпен қарайды. Қызғалдақты боздақтардың қаны ма деп қалса, бұлақ суынан адамның көз жасын көреді. «Мен аунап жатқан мынау жасыл белдер, бабалар денесі ме деп қаламын» дейтіні де бар. Мұның бәрі — табиғат әсемдігіне тамсана бермей, оның бойындағы күрделі шындықты да көре, сол жайлы ойлана білетінін байқатады.

Аружан «Саған айтам домбырам»

1- жүргізуші: Жанардың отын жаулаған,

Жыл сайын өсіп қаулаған,

Жусаның қандай, туған жер,

Балалық шағым аунаған.

Далам боп құшақ айқарар,

Желбіреп желмен жайқалар,

Жарықтық иісі-ай жусанның,

Жаның бір толқып жай табар.

Адам көңілінің күрделілігін, бұралаң-қалтарыстарын ақын «Көңіл көшесі» өлеңінде әдемі аша білген. Ол адам көңілін көшеге теңейді. Кәдімгі өзінің күнде жүріп өтетін көшесі. Екі қанаты самсаған гүл, ойларының бұтағы толы құс. Қиял кезіп жүрген кездесулер мен қоштасулар. Көңілдің бағдар шамы жол сілтеп, көңіл көшесінде зулап аққан машиналар. Осы тіршілік ортасында ой баққан, сыр аңдыған ақын жер үстіндегідей ала көңіл қалпында көрінеді.

Бағдаулет «Ар мен Намыс»

2- жүргізуші: Өмірдің ең ғажайып ұлы күші,

Қарапайым, құпия құбылысы.

Қаланың көшесіндей көп екен – ау,

Көңілдің көшесінің бұрылысы.

Еркіндік болмаса егер несі көктем?

Албырттық жастық па әлде есі кеткен.

Көңілдің светофоры қызыл жанып,

Тұрса да, талай жолды кесіп өткем.

Ақын шығармаларындағы азаматтық үн оның Отан, туған жермен бірге ана тілі туралы жырлары да мұңдалайды. «Ана тілі», «Менің ана тілім ғой», «Ана тілін сүйем ғой» әнінде ананың ақ сүтінен ақын «Қайт, райдан!» өлеңінде ХХI ғасырда халі мүшкіл болып отырған Ана тілін жырға қосты. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ана тілінің тағдыры талқыға түскен заманда қазақ тілінің болашағына алаң болған ақын оның жоғын жоқтап, күйін күйттейді.

би «Сағындың ба»

1- жүргіуші: Белгілі ақын Ғ.Қайырбековтың Ш.Сариевті «Қос қанатты ақын» деп атауы да тегін емес. Шөмішбай Сариев – поэзиямызға 70-ші жылдары келген бір топ талантты ақындардың ортасында өз өлең өрнегі, өз дауысы «ә» дегенде белгілі болған ақындардың бірі. Талант жолы деген күрделі.

Үлкен аға, өлең шеберлері, сыншылар — Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан Қаратаев, Әбу Сарсенбаев, Сағи Жиенбаев ақын шығармашылығы туралы пікірлерінде ақынның азаматтық дауысын әлеуметтік кең тыныстағы толғауларынан, публицистикалық өлеңдерінен танитындарын айтады. Қоғамдық әлеуметтік маңызды оқиғаларға, өз тұсындағы саясатқа үн қатып отыру — әрбір тұлғалы ақынның борышы.

Орындайтын Сапархал Бақберген «Үкілі домбыра» әні

Ақынның поэзиядағы екінші қанаты — ән-өлеңдері. Оның жиырмаға тарта өлеңдер кітабына енген үш жүзден астам ән-өлеңдерін Е.Хасанғалиев, Ә.Дінішев, С.Тыныштығұлова, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова сынды қазақтың майталман әншілері орындап, ән сүйер қауымға кеңінен танытып келеді. Ақын осы салада қайрат көрсетіп келе жатқан белді таланттарымыздың бірі. Қазіргі таңда ақындық шеберлігі кемеліне келген, ел туралы жан-жүрегімен мол толғап, салмақты жыр жазған ақын.

«Қазағымның күйлері- ай», «Салем саған туған ел», «Домбыра», «Қарағым-ай», «Сарыарқа», «Аралдан ұшқан аққулар», «Атамекен-ай», «Аққу сенім», «Жер-Ана», «Ән жүрегім туған ел», «Үкілі домбыра», «Дос керек», «Бозжорға», «Өзің куә Алматым», «Ойлан, балам», «Еркеледін сен», «Дала гүлі» — атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы.

Дариға «Соңғы күн»

  1. жүргізуші: Ақынның әдебиетке байланысты, өнерге байланысты

«Орман жыры» деген өлеңінің мазмұнына тоқтала кетсек, орман сыртынан қарасаң керемет, ғажайып, сұлу. Сол орманды араласам екен деп ойлайсың! Соған сені тастап жіберсе, әдебиетке енесің ғой, сол сәттен бастап ол өте үрейлі, қорқынышты. Өйткені оның арыстандары бар, шайнап тастайтын жолбарыстары бар, қасқырлары бар, түлкілері бар, қорқақ қояндары бар, жыландары бар. Бастапқыдағы таңғалып, құмар болған орман сол мезетте тым басқа. Соған ену, алпауыттарын мойындатудан барып еркін әдебиетке енесің. 

«Біздің алдымызда Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбділдә Тәжібаев, Қалижан Бекқожин, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Жұбан Молдағалиев, Әбу Қайырбеков, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев сынды алыптар болды. Біз ақын боламыз деп келгенде, ол бір қытайдың қабырғасы сияқты еді»,- деп ақын еске алады. Олардың барлығынан өту, өзіңнің ақын екеніңді мойындату үлкен бір күрестен тұрады. Жазушылар Одағына өту, бізге үлкен күш, жетістік болды.

Жұлдыз «Табиғат»

  1. жүргізуші: Ақын ағамыз Шөмішбай Сариевтың Бақытжан, Шолпан,

Байсал есімді балалары бар.Үшеуі де кішкентай күнінде өлең, әңгіме жазған. Ақын бір сөзінде, негізінде ақын-жазушылардың балалары жазса, оны «әкесі жазып берген ғой» дейтіні бар. Нашар жазса әкесіне сөз келеді. Сондықтан балаларына, бір үйге бір жын-ойнақ жетеді деген. Айшабибі деген немере қызым 3-сыныпта оқып жүргенде өлең жаза бастады. Менің өзім 5- сыныпта жазғанмын.Содан «Ұлан» газетіне өлеңдері шықты.

Қазірде сиясы кеппеген жырларын, өлеңдерін маған Астанадан жіберіп тұрады деп еске алады ақын ағамыз.

Бүгінде, ақын ұрпақтары барлығы өмірде өз орнын тапқан жандар — заңгер, мұнай саласында қызмет атқарады. Тағы бір еске ала отырып анасы кіші ұлы Бақтыбайдың қолында тұрған, сонда айтады екен: «Ей, Бақтыбай сені қойшы, мен әлі талай тойға барамын, талай жерге барамын сонда соттың шешесі келді деп айтпайды, ақынның шешесі келді деп айтады»,- депті. Айтайын дегенім, ана – құдірет қой. Менің өлең жазғаныма қуанатын бір адам болса, ол – анам еді. Ақын — «Ана» атты тақырыппен ұлы өмірдің негізі, түп-тамыры

«Әйел», «Ана» деген ұлағатты есімде екенін, өмір өркені әйелде екендігін тебірене толқып жыр етеді.

Балалығым жан анам, қалды ұяда!…

Ойың тарап отыр ма әр қияға?

Бірде кетіп қалғың кеп Алматыға,

Бірде кетіп қалғың кеп «армияға» .

Шақтарда хаттар бізден баяулаған,

Тартып кеткің келеді-ау жаяу маған…

Ұл-қызыңның бәрін де жинап алып,

Түс көріп жүр ме екенсің, аяулы анам?!

Ұлдана «Болашаққа хат»

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқырмандар!

« Жырлары жүректі жаулаған.» — атты әдеби- сазды поэзия кешімізде ақын шығармашылығын оқырмандарға насихаттай отырып, Шөмішбай ақынның ең таңдаулы туындылары осы пафос биігінде отырған тұсында туғаны даусыз. Оның ақындық туралы ойлары кең, шабытты шағындағы көңіл күйі дарқан, қиялы үлкен. Ол «Найзағайға темекісін тұтатып», «Көкірегіне бұлт жинап нөсерлетуді» ұнатады. «Қолын күнге созып», «жер қойны тамырынан мықтап ұстайды». Сөйтіп өзін «дауыл соқса да елемей, тастап жатса толқын жырың телегей, ұлы мұхит қақ жарылып жол беріп, келе жатсаң алып атом кемедей» сезінеді.

Аружан «Керуен сарай»

Ақын ағамызға шығармашылық табыстар тілей отырып мынандай өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді.

Сапарды ұзақ-алғыс салғасын ба?

Кеменің мүшкіл халі бар басымда.

Толқиды алай-дүлей толқын өмір,

Тіршілік теңізінің арнасында.

Туыппын толғағы мол теңізде мен,

Теңізбен жаным менің егіз дер ем.

Өмірдің теңізіне сапар шегіп,

Өлеңнің толқындары, сені іздеп ем.

Айдана «Сәуір»

1- жүргізуші: Қанатымен жыр атты ақиықтың,

Жаңа бетін ашатын тарихтың,

Танысалық, кел бермен келер ұрпақ,

Ақыныңмен!

Шөмішбай Сариевпен!-

Сапархал Бақберген «Сарыарқа»

Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

                                               Әр өлеңі бір әлем

«Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш сценарийі

Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

І.Алипбай Абдурахман «Арыз жазып кетейін» өлеңі.

1-жүргізуші:

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы дана менен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.

2-жүргізуші:

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, қадірменді қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.

1-жүргізуші:  Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн  қай жерде болмасын жыл сайын  ақпан айында тойлана беретіні хақ.

 Екі жүргізуші бірге: Ендеше, ақын шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты   әдеби-сазды кешке қош  келдіңіздер!!!

2-жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе,

1-жүргізуші: кейбіреуі:«Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып,  бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды  ақын емес деп көріңіз..!

2-жүргізуші: Поэзия патшалығындағы  пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.

                                        ІІ.Абыт Балнур «Сіздер» өлеңі

                                       «Қарасазым» өлеңі.

5 «Б»сынып сынып оқушылары:Рамазан Жания, Жанұзақ Анель,

 Стыбай Ақерке, Орынтай Сабина, Темірбек Алихан, Төлеуханов Али

1-жүргізуші:

Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—

деп ақын жырлағандай , ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

ІІІ. «Туған өлке» әнімен  9 «Б»-сынып оқушысы Қамбыл Мерейді қарсы алыңыздар.

  1-жүргізуші: Ақиық ақын  1931 жылы  Алматы облысы, Нарынқол  ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге  келген. Әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысында, Калининград майданында,  қайтыс болған. Анасының  аты – Нағиман. Әжесінің бауырында өскен соң,  Мұқағали өз анасын  «Нақа»  деп атаған екен.

2-жүргізуші: Соғыс зардабы бұғанасы қатпаған балаларға ауыр салмақ салды. Сол бір сұрапыл жылдарда әжесі мен шешесінің, екі інісінің ортасындағы бас көтерер еркек кіндіктен ересегі Мұқағали болып, бала иығын батпандай басқан отбасының ауырпалығын ерте сезе бастайды.

1-жүргізуші: Иә, ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болды. 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

2-жүргізуші:  1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.

1-жүргізуші:Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.  

 2-жүргізуші: : «Поэзия, менімен егіз бе едің»– деп ақын өзі жырлағандай, Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше  Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған ақынның өз дауысына  құлақ түрелік.

(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)

1-жүргізуші:

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суының!

 2-жүргізуші:

Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!–деп тереңнен толғайды.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті ақынның туған жер, Отан  туралы жырларына берейік.

1.Жарқын Мейіржан «Үш бақытым» өлеңі

2.Бекжігіт Аружан  «Қазақстан» өлеңі

3.Жетпіс Айжан   «Отан» өлеңі

 4.Суннат Арманжан «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген» өлеңі

1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түкпірінен  орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ  түрсек.

Ән  «Ақ кептерлер» 8 «В» сынып қыздары

1-жүргізуші:

Поэзия –  сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы.Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.

Мұқағали:

Ақынмын деп  мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

…Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,– десе,

2-жүргізуші: замандасы, әріптесі  рухани достарының бірі –  Жұмекен Нәжімединов:

Күпі киген ақынның
Костюмді ойы – тамаша,
Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.
Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын –
Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.
Ендеше, Мұхаңның әлеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясының төркінін ұғудың да сәті келген сияқты.

1-жүргізуші: Ақын қалам тартпаған тақырып жоқ. Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Ендігі кезекті ақынның жас оқырмандарына берейік.

1.Абдусалим Назым «Поэзия, менімен егіз бе едің?»

  1. Күздеубай Жансая «Қараөлең»

3.Айтпаева Ақниет  «Кел, болашақ»

4.Құрманбай Мадина «Жастық»

  1. Оралсейіт Аяулым «Болашақққа»

6.Алипова Ақмарал мен Нуралиев Асылжан

1-жүргізуші:

Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.

Ән «Сәби болғым келеді». Орындайтын Мырзабекова Дина

Бірлік Айдана «Бабаларым, рахмет сендерге»

8.Қаныбек Ұлдана «Шеше, сен бақыттысың» өлеңі                   

9.Мұратбекұлы Ернар «Әке» өлеңі

  1. Әкімхан Ақнұр «Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен»
  2. Құсайынова Энвер «Көктем де келер енді».

12.Сағатбекова Еңлік «Сен менің жүрегімнің ішіндесің»

1-жүргізуші: Ән «Есіңе мені алғайсың». Музыка пәнінің мұғалімі  Сейілханова Айнұр апайды шәкірті Дулатбай Айдынаймен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды.

2-жүргізуші: Поэзия тынысын өзінше кеңейткен,қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, «шекпен жауып қайтарып»,жаңа леп, жаңа үн қосқан, сонымен соны соқпақ салған, өзінше өрнек ойған Мұқағалидың  таудай тұлғаға айналарына күмән келтірмей, ол  және оның поэзиясы туралы жылы лебіз, қонымды пікір білдірген замандастары болды.

 1-жүргізуші: Соның  бірі асқаралы ақын Әбділдә Тәжібаев: «Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей,келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» десе,

2-жүргізуші: Лирик ақын Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» -дейді.

1-жүргізуші:  Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова: «Мақатаев бұл жалғанға қалдырған жарық сәуле – жырлары халқының басын құрап, елдік пен бірліктің, рухани тұтастықтың байрағына айналып отыр» деген екен.

1-жүргізуші:

Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали  – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

  1. Мұқағали жырларына кезек берейік.

 Құрметжан Сымбат «Елім барда», Сарсенбекова Жанар «Фаризаға».  

                                 ІV. Мұғалімдер папури орындайды.

 2- жүргізуші:  Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

 1-жүргізуші:

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің,- деген жыр жолдарымен кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Сарсенбекова Жанар Абытқызы

Басқа материалдар

Молдағалиева Гулжазира

  Жұмажанқызы

Атырау  облысы

Құрманғазы  ауданы

Абай  атындағы  жалпы  орта  мектебі

Мектеп  кітапханашысы

«Жүрегі жырдан жаралған»

(Т.Молдағалиевтың 80 жылдығына поэзия кеші)

Мақсаты: Т.Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар 20 наурыз Қазақстанның халық ақыны, бүкіл Түркі дүниесінің ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты ақын Тұманбай Молдағалиевтың туған күні.Ақынның туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жүрегі жырдан жаралған» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Тұманбай аға еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны. Ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған, жыр ақынның тірлігі де тынысы да, қуанышы мен қиналысы да. Ақынның ғұмыры жырға, жыры ғұмырына айналған.

Ән: «Шақырады көктем»

Жүргізуші: Қазақ елін өзінің терең үнді, тамылжытқан нәрлі жырларымен сусындатқан Т.Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында дүниеге келген.Ақиық ақын Мұқағали былай деген екен:

                    Ей, Тұмаш, есіңде балалық шақ,

                    Кеткен кез дастарханнан нан алыстап,

                    Соғыстың сойқан салған от — жалыны,

                    Бейкүнә сәбилердің күлкілері.

                    Үйітілген татымы кем тарамыс шақ,- деп ақынның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келді. Әкесі майданға аттанғанда бар-жоғы 5-6 жаста екен.Әкесі Молдағали 1942 жылы соғысқа кетіп, қайта оралмады. Тәрбиелеп өсірген анасы Қымқам Алматыда қайтыс болады.Адамның рухани болмысын, сезім дүниесін лирикада шыншыл бейнелеуші, танымал эпик ақындарымыздың бірі – «Әкеммен әңгіме» поэмасында майданға аттанып әкенің әрбір сөзі, қылығы санасында сәулеленген перзентің ішкі сыры. Ауыр мұң мен ойлы сезімталдықтың жыршысы бола білген ақын көңілі. «Өмірінен көрген жоқ той кезінде мен»,-дейді. Соғыстан алған ауыр жараны жүрегіне арқалаған жастың мұңды, сағынышты кейпі балалығы жас болып еріп кеткен, аналардың жылаған көздерінде. Алғашқы күннен бақыт күткен, тағдыр тезіне ішкі дүниесі шындалған бейнесі көз алдыңа елестейді.

Өлеңдерін мәнерлеп оқу: «Жаным ана», «Әкемен сырласу» поэмасынан үзінді. Етекбай атам үйінде кітабы 138 бет. Алыстағы жылдар, ұмытылмас жандар кітабы 138 бет

 Жүргізуші:Тұманбай ата көршілес Ақшидегі жеті жылдық мектеп интернатын бітіріп ары қарай есіктегі онжылдық мектеп интернатына  ауысып, 16 жасында орта мектепті тәмәмдаған.

1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факултетін бітіреді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды.1959-70 жылдар аралығында «Пионер» журналында қызмет атқарды.  Тұманбай ата балаларға арнап бірнеше кітап жазды. Бүлдіршіндерге арналған ең алғашқы «Қызыл-жасыл көбелек» деген жинағы 1957 жылы жарық көрді. Одан кейін «Етекбай атам үйінде», «Арман мен Бота», «Мен өсіп келемін» атты кітаптары өздеріңдей жеткіншектерге арналған. 1970-73 жылдар аралығында «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы «Балалар және жастар әдебиетінің» бас редакциясы мен «Жалынның» бас редакторы жұмысын атқарды.

«Баламыздың досы бол» , «Дәуреннің ертегісі»өлеңі оқылады. Жарты ғасырдың алтын қоры кітабы 7 бет. 77 бет.

Жүргізуші: Т.Молдағалиев нәзік сырлы да, ойлы да, отты жырларымен танылды.1963 жылы «Алатау қызы», 1965 жылы «Зулайды күндер», 1966 жылы «Жүрегім менің сапарда» жинақтары шықты.1967 жылы жарық көрген «жаңа дәптер» кітабы үшін 1968 жылы «Қазақстан комсомолы» сыйлығының лауреаты атанды. 1969 жылы «ескерткіш», «Шақырады жаз мені», «Жүрек сау қашанда» атты кітаптары оқушылардың ілтипатына бөленді.

«Туған үй», «Алатау» өлеңі оқылады. Етекбай атам үйінде кітабы 68 бет,122 бет

Жүргізуші: Қалам тартқан елу жылдай уақытты сараласақ, қазақ халқы деген ардақты ұғымға сиятын бір елдің еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін үлкен ақынның күмбірлеген жыр жүрегіне, күнгей мен теріскейіндегі ғұмыр – жырына бойлаймыз.

Нұрғиса ағамыз ақынның «Құстар қайтып барады» өлеңі туралы былай деген екен: — Сенің өлеңдеріңе әлі талай ән жазармын. Бірақ дәл мынандай ән енді шықпайды. Мені ақырғы сапарыма осы «Құстар қайтып барады» әнімен айтып шығарыңдар»-деді. Сол себепті Нұрғиса ағамызды өзінің өсиетімен Жамбыл атасының қасына қойып, осы өлеңмен соңғы сапарға шығарып салған екен.

«Қатарымыз сиреді», «Домбыра» өлеңі оқылады.Бір асудан асқанда кітабы 206 бет, Қош көктем кітабы 231 бет

Жүргізуші: Ақынның бір естелігінде: «Міне, сол кезден бастап әлі де әнге сөз жазып келемін. Жалпы, ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Осыгдай әнім бар еді, сөз жазып беріңізші деп, алдыма келген адамның барлығын ренжітпеуге тырысамын»-деген екен.

Ең алғаш «Студент дәптері» жарық көрсімен мені өзіме құрбы, іні сазгерлер айналдыра бастады. Жасы менен біразрақ үлкен болса да Шәмші маған қатар құрбыдай еді. Ол маған «Қыз сағынышы» деген әніне сөз жазғызды. Әсет Бейсеуов бір өлеңіме ән шығарды. Біраз өткеннен кейін Нұрғиса ағамыз «Құстар қайтып барады», «Куә бол», «Қайран менің жүрегім» атты атақты әндер, «Ертіс вальсі», Шәмшінің «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Отан» деп аталатын әндер дүниеге келді. Халқымыздың поэзия төрінен орын тапқан ақын шығармашылығы — өзінің әндеріне қосылып жазылған келіп қосылғанда- тұтас бір телегей-теңіз дарияға айналады.

Тұманбай ағамыздың лирикалық кейіпкерінің жүрегі қылау түсе қоймаған сәбидің мінезіндей. Осындай сыршыл да таза жүректен шыққан дүниелер оқырманның бей-жай қалдыра алмас.

«Ана тілі», «Бір ауылдың балалары» өлеңдері оқылады. Етекбай атам үйінде кітабы  71 бет Қош көктем кітабы 202 бет.

Ән:

Жүргізуші: «Жақсылықтың барлығы болсын дейтін өзіме, сөйте жүре кісінің несібесін қызғанбас» ақын аға, жанымызға жақын аға Тұманбай молдағалиев жайлы: Өмір де жайдары, көңіл де жайдары,

             Келе жатыр килікпей кикілжіңге қайдағы,

             Жауына да жұдырық сілтеп көрген жері жоқ,

            Ақ қағаздың үстінде аяқталып майданы,- деп басталатын жыр:

                  Өкіне ме кім білген,

                  Текке бір күн өтті деп,

                  Өлең жырдың нөсерін,

                  Күркірете төкті-ау кеп

                  Үлгі бола бастаған ұлыға да, кішіге,

                   Өзі де бір асқақ ән,

                   Өзі де бір текті әулет!- деп аяқталыпты. Біз білетін, ел білетін Тұмағаң ақын ажарлы айтқандай» Аңқылдап жүрген» өлең жазып, еліне жыр арнапты.

«Сағыныштар, сарғалдақтар, сары құстар» өлеңі оқылады. Бір асудан асқанда кітабы.256 бет

Жүргізуші: Елімізде балаларға арналған бірнеше басылым жарық көрді. Солардың ішінде «Балдырған» журналы бастауыш сынып балаларына арналған әдеби-көркем журнал. 1958 жылы шілде айында алғаш нөмірі жарық көрді. Айына бір рет шығатын «Балдырған» журналы бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбексүйгіштікке, отаншылдық рухха тәрбиелейтін басылым. Журнал бетіне қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар тұрақты жарияланады. Бұл журналды 25 жыл бойы басқарған атақты ақын Т.Молдағалиев атамыз.

«Балдырғанға жазыл балам» өлеңі оқылады. Балдырған журналының №10 2013ж

Жүргізуші: Құрметті оқырмандар! Бүгінгі поэзия кешіміз өз мәресіне жеткен сияқты. Бүгін біз қазақ халқының қайталанбас ірі тұлғаларының бірі Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығы жайында таныстық. Артында  өлшеусіз мол рухани мұра қалдырған ақын қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Қазақша сценарий: Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев

Қазақша сценарий: Жыр жүйрігі - Мұқағали Мақатаев

— Армысың ардақты поэзия сүйер қауым! Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың 82 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «ЖЫР ЖҮЙРІГІ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ» атты әдеби-сазды поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер! Слайд. Өмірбаяны
— Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ. Өлеңдер
— Ақын өнерпаз халық үшін туады. Ал, оның жазған шығармалары жұрттың рухани мәдинетіне қызмет етеді. Мұқағали поэзиясы сырлы да мұңды әлем. Ал, оның сөзінде жазылған әндер жүректі тербететін, тыңдаушының жан дүниесін әлдилейтін ғажайып әуендер галериясы. Ән: Музыкасы Нұрғиса Тілендиевтің Саржайлау әнін Тілепі Ақтотының орындауында тамашалаңыздар!
— Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гумнист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр боялардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Кезекті ақын туралы айтылған пікірлерге береміз.
— Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,-
деп жырлап, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өз айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызды жаңғырған жыр жолдарына тағы бір мәрте құлақ түрелік.
Ән: Музыкасы Тұрсынжан Шапайдың Оразғалиева Сандуғаштың орындауында Туған өлке әнін тамашалаңыздар!
— Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары оқырмандарды тәнті етті. Оның «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сынды поэма-дастандары бар. Соның ішінде «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы оқыған жанның жүрегін тербетіп, ерекше күйге бөлейді. Ақынның бұл поэмасында аққулардың сұлу да пәк, киелі құс екенін айқын суреттеп, егерде қоныстанған жерінен жәбір көрсе қайта оралмайтындығын басты назарда ұстап, шебер кескіндеп жырлай білген. Ендеше осы поэмадан шағын көрініс тамашалайық.
Тілепі Ақтотының орындауында Бақыт деген әнін тамашаңыздар!
— Артық едің аға, сен асылдардан,
Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр маған.
Астыңа ат мінгізе алмасамда
Өлеңіммен жасай алам бір той саған.
Олай болса, кезекті бүгінгі толқындардың Мұқандай заңғар аталарына аталарына арнаған жыр-шумақтарына береміз!
-Алтын хорда ақынның өз даусымен айтылған біраз өлеңдері сақталып қалыпты. Бұл оның радиода жұмыс жасап жүрген кезі болса керек. Кезекті Мұқаңның өз даусымен айтқан өлеңдеріне береміз. Өлеңдер.
— Найзағайдай жасымда жарқылдайын,
Сөз сөйлеуден шаршы алаңда тартынбайын.
Ақындарың көбейе берсін орақ ауыз
Қазақтың мұңын айтқан Мұқандайын.

Күнді көрем қашанда алып таңнан,
Сәуле туар тулаған жарықтардан.
Еске алып ұрпағы ақындарын
Биігіне көтеріп, ұлықтаған.

Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай қалықтасын асқарда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспаңға!

«Батырды-батыр жеңер белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
Бақытты күндерде кездескенше.

Автор: Марат Қаниев

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

жыр жүйрігі мұқағали мақатаев, мұқағали ашық сабақ, мұқағали сценарий, мұқағали мақатаев әдеби сазды кеш сценарий, мұқағалиға арналған кеш сценарий, мукагали макатаев туралы сценарий, мукагали макатаев туралы ашык сабак, мұқағали мақатаев туралы ашық тәрбие сағаты

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий дружеской новогодней вечеринки
  • Сценарий ералаша прощай вася
  • Сценарий заколдованный дед мороз подготовительная группа
  • Сценарий закрытия спартакиады работников образования
  • Сценарий журналистского репортажа