Шолпан жандарбекова сценарий

Кең-байтақ қазақ даласының қай қиыры болсын өнерден ешқашан кенде болған емес. Соның ішінде Алтайдан Атырауға созылып жатқан ұшы-қиыры жоқ сайын сахараның кіндігі – Арқа атырабы, атап айтқанда, қасиетті Қарқаралы топырағы дарындарға ерекше бай. Қаздауысты Қазыбек биден бас­тап сөзге ұста, әнге шебер, сахнада саң

Бүгін біз сол киелі топырақ­тан түлеп ұшқан, қасиетті өнерге Арқа төрінен қанат қаққан айтулы тұлға, ұлттық сахна өнерінің мақтанышы, КСРО және ҚазКСР халық әртісі, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Шолпан Иса­бекқызы Жандарбекова жайлы толғанғымыз келеді.

Жалпы, қазақ театр өнері қазір біз көріп жүрген шырқау биікке бір күнде шыға салған жоқ. Оның берік іргетасын қадау-қадау өнер тұлғалары, аттары бүгінде аңызға айналған аяулы өнер жұлдыздары ұшан-теңіз еңбекпен тер төгіп жүріп қалады. Солардың ішінде Шолпан Жандарбекова да бар. Негізі шын таланттың халыққа ортақ тұлға екендігі кейде оның туған жерін көп айтып мақтана бермейтіндігінен, шыққан тегін көрінген жерде шежірелеп рухани биіктерге рулық деңгей­мен тырбанбайтындығынан-ақ көрі­ніп жатады. Топырағы киелі, тек театр өнерінің өзіне Қ.Қуа­ныш­баев, Ж.Елебеков, Р.Қойшыбаева, Х.Еле­бе­кова, К.Сыздықова, Р.Сәл­ме­нов, Ш.Жандарбекова сынды  таланттарды берген Қар­қаралымен бір мақтанса біздің осы кейіпкеріміз мақта­нуы керек еді-ау… Алайда ол кі­сімен жа­қын араласқан жандар болмаса Жандарбекованың Қарқаралы ауданына қарасты №5 ауыл­да дүниеге келгенін көбісі біле бермепті. Белгілі ак­тер Кеңес Жұмабеков бір есте­лігінде жазғандай ол кісінің за­мандастарының естеліктерінен де, басқа кітаптарда да туған топырағы туралы көп дерек кез­деспейді. «Шолпан апайдың ту­ған жеріне ең соңғы рет келгені әлі есімде. Гастрольмен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклін қойып, өзінің шәкірттерін бас­қарып Қарқаралыға соқты. Сол кездегі облыстық мәдениет бас­қармасының басшысы Р.Омар­бекова Шолпан апамызды Қар­қаралыға жеткізіп салуды маған тапсырды. Жол бойы апай көп әңгімеге араласпай, көлік тере­зесінен алысқа көз жіберіп, мазасыз үлкен ой құшағында болды. Мүмкін туған әке-шешесін, бал дәурен балалық шағын еске алып, Алматыға оқуға аттанғанынша осы өңірде өткен ауыртпашылыққа толы қиын кезеңнің басынан өткен жағдайларын еске түсірді ме екен?.. Өйткені ол жылдар қазақ елінің аумалы-төкпелі зобалаң жылдарының қиын кезеңі еді ғой. 1922-1935 жылдардағы өмірі сол Қарқаралы ауданы Нұркен ауылында өткен. Апай өзі ешуақытта шәкірттеріне өмір жолын айтпайтын көрінеді. Көптеген кітапты да ақтардым, замандастарының естеліктерін де оқыдым, бірақ Қарқаралы өңіріндегі ең тәтті ба­лалық шағы туралы ештеңе кез­дестірмедім. Шәкірттеріне тек: «Мен Қарағанды облысы, Қар­қаралыданмын, руым – қараке­сек» дегеннен әрі ештеңе де айтпайтын көрінеді және туыстары, әке-шешесі кім болды, ешқандай мәлімет жоқ. Тек әкесінің аты Иса­бек екені ғана белгілі», дейді К.Жұмабеков.

Бірақ Шолпан Жандарбекова туралы жазған С.Есенқұловтың «Қазақ әдебиеті» газетінде жа­рық көрген мақаласында оның анасының есімі Нұржамал екені анық жазылған.

Қазақ театр өнерінің жарық жұлдызы жетінші сыныпты бі­тірген жылы Алматыдағы театр-көркемсурет училищесіне қа­былданып, оны 1942 жылы ойда­ғыдай бітіреді. Кейін атақты актриса М.Әуезов атындағы қазақ драма театрына жұмысқа орналасады. Жандарбекова жұлдызының алғаш жарқырап жанған шағы М.Әуезовтің «Сын сағатындағы» Рәш қыздың рөлін сомдаған кезі екен. Жалпы, театрға ең алғашқы қадамы ауылға көшпелі цирк ке­ліп, аяқастынан ауырып қал­ған актрисаның орнына, кішкене көлбақа рөлін ауыл балаларының арасынан еті тірі, ұшқыр Шолпан ойнап шығуынан басталыпты. Ке­йін оның халқымыздың ар­дақ тұтар аяулы аруларының тұ­тас галереясын жасап шыққан тағы­лымды да тарихи өмір һәм өнер жолы басталады.

Ол сахналаған нәзік иірімдер Ақтоқты, Баян, Еңлік, қыз Құртқа, Назым Хикметтің «Фархат-Шы­рынындағы» лирикалық әрі ро­мантикалық бояуы бөлек Шы­рын – өзіндік шығармашылық ше­бер­лікпен сомдалған ерекше бейнелер. Тек бұлар ғана емес Ш.Жандарбекова сахнаға іш­кі психологиялық болмысы те­рең, жан дүниесін оңай аштыра қой­майтын күрделі кейіпкерлерді де сомдап, ұлт өнерінің тарихына орнықтырады. Олардың ішінде әлемдік классикадағы бел­гілі бейнелер Ж.Мольердің «Са­ра­ңындағы» Марианна, У.Шек­спирдің «Отеллосындағы» Дездемона тағы басқалары бар.

Жалпы, Шолпан Жандарбеко­ва – Алаштың Ақтоқтысы еді… ­Оны тағы да өз естелігінде К.Жұма­бе­ков былай деп жақсы жаза­ды. «Әсі­ресе Қ.Қуанышбаев Шол­пан апай Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасындағы Ақтоқ­­ты рөлін алғаш сомдағанда спек­такль біткен соң ерекше тебіреніс­пен құттықтап тұрып: «Шолпан десе, Шолпан ғой!» деп мақтаныш­пен бәріне жар салғаны – ұлттық ­сахна өнеріне тамаша драматургия­мен бірге Жандарбекова атты жаңа жұлдыздың жарқыраға­­нын біл­дірмей ме?! Жандарбекова­ның Ақтоқтысы – бүгінгі жас әр­­тістер үшін биік меже. 1958 жы­лы Мәскеуде өткен декада ке­зінде Ақтоқтыны көрген орыс­тар, әсіресе сыншылар Шолпан апай­дың Ақтоқтысын сұлулық сим­волына теңеп, жоғары баға берген. Мен өзім 1966 жылдары Ақтоқтыны көргенде Шолпан апайдың сахнадағы жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі айдында жүзген ақ­қудай әсерге бөледі. Ақтоқты Шолпан апайдың визиткасы болып, 25 жылдан артық сахна тө­рінен түспей, көрермендердің құр­метіне бөленіп, рухани ләззат сыйлады», дейді ол.

Ш.Жандарбекова сондай-ақ театр сахнасынан бөлек қазақ ки­носында да дара із қалдырған дарын иесі. Оны тағы талант­ты шәкірті, белгілі актер Тілектес Мейрамов өз естелігінде төмен­дегідей еске алады: «Бала күні­мізде аудан орталығынан алыс­тау жатқан колхозға жылына екі-үш рет көшпелі автоклуб ке­ліп кино көрсетеді. Ең алғаш көр­ген фильмім қазір есімде жоқ, бірақ ерекше есте қалғаны «Қозы Көрпеш – Баян сұлу». Әл­гі фильмнің ұнағаны сондай, бір топ бала жаяу-жалпы, кейбірі атқа, велосипедке мінгесіп келесі ауылдан тағы барып көретінбіз. Қанша дегенмен баламыз ғой, бір-екі көргеннен кейін жаттап алып, біріміз Қозы, біріміз Қодар, біріміз Баян болып өзімізше ойнайтын болдық. Шолпан апайды тануымыз осылай, өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасында басталған… Кейін «шәкірті бо­ламын-ау, сахнада бірге ойнай­мыз-ау» деген ой ол кезде түсімізге де кірген жоқ», дейді Т.Мейрамов.

Сахнадағы, кинодағы мол тә­жірибесінен кейін ол Алматының Құрманғазы атындағы Өнер консерваториясында ұстаздық ете­ді. Шәкірттерінің көбі бұл күнде өздері бір-бір тауға айналған ірі-ірі өнер қайраткерлері. Атап айт­қанда, шәкірттері Қазақстанның халық әртісі Т.Мейрамов, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты С.Қажымұратов, Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткерлері М.Оспанов, Б.Ыбыраев, Ә.Ораз­беков, К.Нұрланов, Б.Құр­ман­қожаев бүгінде өздері де ұла­ғатты ұстаз, халықтың сүйікті ұл­­дарына айналған ардақты есім­дер. Ұстазынан мол білім мен өнеге үйренген шәкіртінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген әр­тісі, профессор Жұмагүл Өмір­заққызы апайы туралы «Бір таң­ғаларлығы болашақ актер таң­дауда апамыз бірде-бір рет қате­лескен емес, әсіресе қыздарды таң­­дауға келгенде ерекше еді. Бү­­кіл институт болып «Шіркін, Шол­­пан апайдың қыздары-ай!» деп там­санып жүретін… Шынымен де ол кісіден оқып, кейін бітіріп шық­қан қыздар дарынды ғана емес, шетінен әдемі, нағыз сахнаға ла­йық жұлдыздар болды. Жүздеген жас­тың арасынан қалай таңдай­ды, сырт пішіні көзге көрінгені­мен, іште жатқан қабілетін қа­лай біледі, біз үшін ол әлі де жұмбақ. Жігіттердің де кілең бойшаң, түр-сымбаты келіскендерін іріктеп алатын. Тек өз шәкірттеріне ғана емес, жас актрисалардың бәріне ақыл-кеңесін айтып, қамқор бо­лып жүруші еді…» деп еске ала­ды. С.Сейфуллин атындағы об­лыстық қазақ драма театрының актрисасы Бижамал Кемалова да Ш.Жандарбекова класын бітір­ген шәкірт. Б.Кемалова да ұстазын сағынышпен еске алып: «Өте қа­рапайым болатын. 3-4 күндік мерекелерде ауылы жақындар елдеріне кетіп қалғанда, алыс облыстың қыздарын үйіне алып кетіп қонақ қылатын», дейді. Шәкірттерін сон­шалық жақсы көретін ұстаз ре­тінде Шолпан апай олар туралы үлкен мақтанышпен айтып келіп: «Мен кейде шәкірттеріме өзім үйретем, кейде олардан өзім үйренем. Өнер заңының өзі солай емес пе?», дейді.

Жалпы, өнертанушылардың бар­лығы Жандарбекова жұл­ды­зының жарқырауына сол шақта­ғы актерлер құрамының мықты­лы­ғы, театр репертуарларының ерекшелігі сеп болғандығын жа­­зады. Қ.Қуанышбаев, С.Қо­жам­құлов, Е.Өмірзақов, Ш.Айма­нов, Қ.Жандарбеков, Ы.Ноғайбаев, Н.Жантөрин, Х.Бөкеева, Б.Римова сынды алыптармен бірге бір сахнада өнер көрсеткен Шолпан Жан­дарбекова есімі шын мәнінде сах­на төрінің шырайы, аты да айтып тұрғандай сахнаның жарық Шолпаны деуге әбден тұрарлық. Өзі де естелігінде: «Менің театрым, менің сахнам – бұл екеуі мен үшін егіз ұғым. Театр – менің екінші үйім болса, сахна – өнерімнің өркен жайып көпшілікпен тілде­сер жерім. Осы театрда алғаш рет үлкен өмірдің есігін аштым. Қазақтың аяулы да ардақты дарынды тұлғаларымен бір сахнада, бір шаңырақтың астында жүріп сан жыл жұмыс істеппін. Ол кісілердің өмірдегі, өнердегі үлгісі мені үнемі жақсылыққа талай рет жетектеді. Әрдайым рөлдерім бір-біріне ұқсамаса екен, өз-өзімді қайталамасам екен дедім. Оның үстіне жеңіл-желпі ойнай салуға бұған дейінгі жасаған образдарым да, өскелең бүгінгі көрермен талабы да жібермеді», дейді шын талант Шолпан Исабекқызы.

Жалпы айтпағымыз, ерекше талант иесі болған, қазақ театр өнерін өрге сүйреуде үркердей топтың ішіндегі осы Шолпан Жандарбекованың үлесі үлкен. Келер жылы аяулы актрисаның туғанына 100 жыл толады. Келер жылы дегенде тура 1 қаңтар күні 1922 жылы дүниеге келген атақты дарын иесінің мерейтойы. Бұл орайда ардақты тұлғаның есімін ұлықтауда ұлт болып ұйым­дас­қанымыз дұрыс. Дөңгелек датаға байланысты дайындық шараларын осы бастан қаузаған жөн. Айталық жаңа жоғарыда біз атап кеткен, Шолпан Жандарбекова­мен сахнада қатар өнер көрсеткен театр жұлдыздарының есімдері бүгінде бір-бір өнер ошақтарына берілген. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Ш.Жандарбекованы есімін де мәңгі есте қалдыру мақ­сатында бірқатар шара атқа­рылса артық емес.

Алдымен өзі өмір бойы ең­бек еткен Алматы қаласынан кө­ше атауы берілсе, сондай-ақ 2022 жы­лы Ш.Жандарбекова атын­дағы республикалық театр­лар фестивалі өткізілсе қандай жарасымды болар еді. Одан бө­лек жыл сайын өтетін театр фес­тивальдарының біріне Ш.Жан­дар­бекова атындағы жүлде таға­йындалса, сол сияқты аяулы өнер иесі туралы кітап жарыққа шы­ғарылып жатса нұр үстіне нұр емес пе? Ең бастысы, театр өне­рінің жарық жұлдызы туралы де­ректі фильм түсіріліп, өзінің туған өңірі Қарағанды облысының ор­­талығындағы орта мектептің бі­ріне Ш.Жандарбекованың есімі бе­рілуі керек. Бұл ұсыныстардың бар­лығына Мәдениет және спорт министрлігі, өңір басшылары, атап айтқанда, Алматы қаласы, Қарағанды об­лысының әкімдері мүдделі дер едік. Олардан бөлек ұстаз тәр­биелеген қаншама шә­кірт те бұл ұсыныстарды жан-жақ­ты қол­дап, игі іске бір кісідей жұ­мы­­ла­ты­нына сенімдіміз.

Қазақ руханиятына қарлы­ғаш қанатымен су сепкендей қай­­раткерлік қылған осындай тұл­ғалар әрқашан насихатталуы тиіс. Бүгінгі ұрпақ қазақ елі­нің рухани, мәдени дамуына, көр­кеюіне айтулы үлес қосқан ар­дақты тұлғаларын ешқашан ұмыт­пауы керек. Оның ішінде қазақ сахнасының Шолпаны, Алаштың Ақтоқтысы атанған Жан­­дарбекованың есімі жас ұр­паққа үнемі үлгі болуы керек.

Оқылды: 1  089

Нағыз сахна саңлағы, өнердің патшайымы Шолпан Жандарбекова қазақ кәсіби театрының екінші буыны деуге болатын үркер топтың көрнекті өкілі. ҚазКСР және КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлағатты ұстаз, профессор Шолпан Жандарбекова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келді. Көрнекті жазушы-драматург Д.Исабековтің «…феодализмде жүн түтіп отырып, социализмге бірақ секіріп кеткен» кейіпкерінің ахуалын бастан кешкен тұлға. Дүние есігін қоғамдық формация революциялық жолмен, ауық-ауық қырғынмен өзгертілген шақта ашқан бұл буынның балалық шағы нәубетті жылдарға тап келді. Шолпанның туған елі Қарағандының мал шаруашылығымен айналысқан аудандарын ашаршылық жайлады. «Құдайдың құтты күні бір үйден адам намазы шықпай тұрмайтын. Ақыры ол қаза біздің үйді де тапты. Әкеміз Исабек көз алдымызда аштан өлді. Анамыз Нұржамал жан ұшырып тауып келген бір уыс тарының кебегін «мен бәрібір өлемін, одан да балалар жесін» деп көз жұмып еді әкеміз марқұм…

Анамыз бұрындары сойылған ірі қараның терісін тауып әкеліп, күн сайын шетінен алақандай ойып алып, қайнатып, сорпа етіп, үш баланы аштан өлтірмей алып шықты. Туып-өскен, жер жәннаты дерлік Қарқаралыдан тағдыр талайымен анамның төркіні Семейге көштік» дейді актриса өзінің бір естелігінде (С.Есенқұлов. Шолпан. «Қазақ әдебиеті», 7.12.2001жыл) Тағдыр талқысын ерте көрген ол ерте есейеді. Сергек те сезімтал болып өседі. Олар тұратын ауылға көшпелі цирк келіп, аяқ астынан ауырып қалған әртістің орнына, кішкене көлбақа рөлін ауыл балаларының арасынан еті тірі, ойы ұшқыр Шолпан ойнайды. Бұл – болашақ сахна жұлдызының өнер атты құдіретті әлемге алғаш сапары еді.

Жетінші сыныпты бітірген жылы ауылдарына Алматыдан Театр-Көркемсурет училищесінен өкіл келіп, оқуға шақырылғандардың алғашқысы Шолпан еді. Осы училищені 1942 жылы, ал, кейініректе Құрманғазы атындағы Өнер консерваториясын бітірді. Училищені бітірер жылы ұстазы Асқар Тоқпанов оны Қазақ Мемлекеттік драма театрының режиссері М.Гольдблатқа ертіп келеді. Жас актриса сахнаға алғаш рет Мұхтар Әуезовтің «Сын сағатта» драмасындағы 13 жасар бала Рәш ролімен шығады. Ол ойынына ұлы жазушының жақсы пікірін білдіреді. Өнер жолын осылайша бастаған Ш.Жандарбекова осы сахнада өмірінің соңына дейін үзіліссіз еңбек етті. Қазақ театрының алғашқы «самородок сары алтын» корифейлерімен әріптес бола, олардан тағлым ала білген актриса талантының ерекше жарқыраған тұсы өткен ғасырдың 50-60-70 жылдары қара шаңырақта қойылған ұлттық, әлемдік классика, заманауи драматургия шығармаларының көпшілігінде басты рольдерде ойнады. Ал, шығармашылығын біртұтас қарастырғанда ол қазақ қыздарының сан қырлы бейнелер галереясын жасады деу керек. Айталық, ұлттық классика мен заманауи драматургияда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Еңлік, «Қара қыпшақ Қобыландыда» Құртқа, «Абай» трагедиясында Тоғжан, «Айман-Шолпанында» Шолпан, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» Ақтоқты, «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Баян, С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Зейнеп, Ш.Құсайыновтың «Алдар көсесінде» Қарашаш, Т.Ахтановтың «Боранында» Жаңыл, «Антында» Фатима ханым, С.Жүнісовтің «Ажар мен ажалында» Ажар, Ш.Айтматовтың «Ақ кемесінде» Бекей, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Әже, Б.Римованың «Қос мұңлығында» Гүлбарам, Ф.Бөлековтің «Отыз ұлың болғанша…» комедиясында Бибіхан сияқты сахналық образдарды сомдады. Ал, әлемдік драматургияда Мольердің «Сараңында» Марианна, Шекспирдің «Отеллосында» Дездемона, «Ричард ІІІ» трагедиясында королева Елизавета, Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Шырын, М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Кей, М.Метерлинктің «Соқырлар» символикалық драмасында Соқыр әйел, тағы да басқа көптеген ролін атауға болады. Көрнекті актриса шығармашылығының алғашқы кезеңінде кейіпкерлерінің (Тоғжан, Еңлік, Баян, әсіресе, Ақтоқты) табиғатына және ұлттық сахнаның сол кезеңдегі ойын-өрнек бағытына орай лирикалық-романтикалық сипаты басым болды. Айталық, режиссер Я.Штейн театрдың «Абай» спектаклі 1952 жылы Мемлекеттік сыйлық алуына орай жазған мақаласында Ш.Жандарбекова орындаған Тоғжан ролі есте қаларлықтай әсерлі шыққаны, актрисаның жас, адал жанды, нәзік Тоғжанның сезімін жақсы беретініне назар аудартса, актриса орындаған Еңлік ролі туралы сыншы Қ.Қуандықов: «Ажарлы жүзді, әсем мүсінді Шолпан көруші көзіне Еңлікті ер азаматқа лайық асыл жар бейнесінде көрсетеді. Актриса ролінде нәзіктік, сыпайы мінез, әйелдік қасиет басымырақ» деп жазады.

Ш.Жандарбекованың бұл кезеңдегі рольдерінің ішінде ерекше аталатыны – «Ақан сері-Ақтоқты» спектаклінде Ш.Аймановпен тандемде ойнаған Ақтоқты. «Шолпанда рольге қалай болса солай шыға салу деген болмайтын. Трагедиялық рольді де, комедиялық рольді де жақсы ойнайтын, – деп еске алады әріптес құрбысы Х.Елебекова.

– Шолпан-Ақтоқты той кезінде Жалмұқанға алып келгенде көйлегінің етегін жайып отыра қалатыны бар. Құдды бір оқ тиіп құлаған аққу сияқты еді. «Жақсы түстер, сәнді көштер бәрі Ақанды елестетер көз алдыма…» деп басталатын монологын айтқанда көзінен жас парлап кететін».

Актер атаулы уақытпен бірге өсіп, шеберлік шыңдап отыруы шарт. Ш.Жандарбекованың 70-жылдар белесінен кейінгі шығармашылығы реалистік-психологиялық пландағы кейіпкерлерімен ерекшеленді. Бұл ретте сахна шеберінің жоғарыда аталған Жаңыл, королева Елизавета, Бекей, Кей, Зейнеп, т.б. кейіпкерлері ойға оралады. Өмір шындығын өнер шарты биігімен өлшей білген актриса комедиялық кейіпкерлерін де (Шолпан, Марфуға, Бибіхан,т.б.) типтік деңгейге көтерді. Жалпы алғанда Ш.Жандарбекова шебер ойыны, табиғи дарынымен, өмірлік-өнерлік үлкен тәжірибесімен ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне, ұлттық актерлік мектеп көкжиегінің кеңеюіне мол үлес қосты. Оның бұл еңбегі, өнері лайықты бағасын алып, ол ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1957), халық әртісі (1959), КСРО халық әртісі (1982) құрметті атақтарына, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына (1980) ие болды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапаттады. Ш.Жандарбекова кино саласында да еңбек етті. Ол «Абай әндері», «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Жолайырық», «Қанатты сыйлық», сондай-ақ «Ленфильмнің «Құнудың ізі», т.б. көркем фильмдерге түсіп, қызғылықты бейнелер жасады. Актриса еңбегінің елеулі бір саласы – ұлағатты ұстаздығы. Ол 1968 жылдан бастап жиырма шақты жыл бойы Құрманғазы атындағы Өнер институтын, кейінірек Т.Жүргенов атындағы Театр-Көркемсурет институтында (қазіргі Өнер Академиясы) оқытушы болып, сахна шеберлігінен дәріс оқыды. Бірнеше буын шәкірт тәрбиелеп, профессор атанды. Олардың көпшілігі қазір республиканың театрларында табысты өнер көрсетіп жүр.

Жаны сергек, шыншыл, адамгершілігі жоғары жан Ш.Жандарбекова 2005 жылы дүние салды. Өмірінің соңына дейін белсенді позициясы бар тұлға болды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты, ұзақ жылдар бойы М.Әуезов театрының Кәсіподақ ұйымының төрайымы болып, әсіресе, жас буынға көп қамқорлығын көрсетті. Екі мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды.

Ұлттық кәсіби театрдың, оның ішінде қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Құрманбек Жандарбековтің өмір-өнер серігі болды, төрт бала тәрбиелеп-өсіріп, немере, шөбере сүйді. Сахнада да, өмірде де әсемдікті, әдемілікті, яғни үйлесім-жарасымды ту еткен; қазақ сахнасында көптеген ролі, әсіресе Ақтоқтысымен аңыз болып қалған үлкен шебер, көрнекті актриса, ұлағатты ұстаз, Шолпан Жандарбекованың өнері сан ұрпақтың рухани азығы.

Әлия БӨПЕЖАНОВА, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

  • Главная
  • О проекте
  • Помощь
  • Этикет
  • Я — патриот
  • Вход
  • Регистрация

Театральное искусство

Лектор: Юлия Дементьева

«Театр – влияет на наш внутренний мир, на наше сознание, воспитывает гуманизм».

Мухтар Ауэзов

«Если бы смысл театра был только в развлекательном зрелище,быть может, и не стоило бы класть в него столько труда. Но театр естьискусство отражать жизнь».

Константин Станиславский

Урок № 10

Тема урока: 100 лет со дня рождения Народной артистки Шолпан Жандарбековой

Медиа ссылки

x

1

Театральный этикет

Театр

11 класс

x

2

Опера «Қыз Жібек»

2017 г.

11 класс

В Руниверсалис есть статьи о других людях с фамилией Джандарбеков.

Шолпан Исабековна Джандарбекова
Файл:Шолпан Джандарбекова.jpg
Гражданство  СССР
 Казахстан
Профессия актриса, театральный педагог
Награды
OrdenOtan.png Орден Трудового Красного Знамени — 1959 Орден Трудового Красного Знамени

Медаль «За трудовое отличие»

Народный артист СССР — 1982 Народный артист Казахской ССР — 1959 Заслуженный деятель Казахской ССР.png Лауреат Государственной премии Казахской ССР

Шолпа́н Исабе́ковна Джандарбе́кова (каз. Шолпан Исабекқызы Жандарбекова; 1922—2005) — казахская, советская актриса, педагог. Народная артистка СССР (1982).

Биография

Родилась 1 января 1922 (по другим источникам — 2 января 1923 года[1]) в ауле Милыбулак (ныне — в Каркаралинском районе Карагандинской области, Казахстан). Происходит из рода каракесек племени аргын.[2]

В 1942 году окончила театрально-художественное училище в Алма-Ате.

С 1941 года — актриса Казахского театра драмы им. М. Ауэзова (Алма-Ата), где проработала до конца жизни. Сыграла более 200 ролей.

С 1968 года занималась педагогической деятельностью. С 1978 года преподавала предмет «Мастерство актёра» в Казахской национальной академии искусств им. Т. Жургенова, тем самым внесла немалый вклад в дело подготовки будущих артистов театра. Профессор (1982).

Снималась в кино. Работала с кинорежиссёром Ш. Аймановым.

В течение 17-ти лет была председателем местного комитета в своём театре, на протяжении 10-ти лет вела военно-шефскую работу в Алматинской области, дважды избиралась депутатом Верховного Совета Казахской ССР[3].

Умерла 14 сентября 2005 года в Алма-Ате. Похоронена на Кенсайском кладбище.

Семья

  • Муж — Джандарбеков Курманбек (1904—1973), актёр театра и кино, режиссёр, певец. Народный артист Казахской ССР (1936).
  • Дочери Актоты и Бота, сын Аккозы.

Награды и звания

  • Заслуженная артистка Казахской ССР (1945)
  • Народная артистка Казахской ССР (1959)[1]
  • Народная артистка СССР (1982)
  • Государственная премия Казахской ССР (1980) — за роль Ажар в пьесе «Сильнее смерти» С. Жунусова
  • Два ордена Трудового Красного Знамени (в т.ч. 1959)[4]
  • Орден Отан (2005)
  • Медаль «За трудовое отличие» (1946)[5]
  • 4 Почётных грамоты Верховного Совета Казахской ССР.

Творчество

Роли в театре

  • «В час испытаний» М. Ауэзова — Раш
  • «Ахан-серэ — Актокты» Г. Мусрепова — Актокты
  • «Козы Корпеш — Баян сулу» Г. Мусрепова — Баян, Маклал
  • «Енлик — Кебек» М. Ауэзова — Енлик
  • «Каракипчак Кобланды» М. Ауэзова — Куртка
  • «Абай» М. Ауэзова — Тогжан
  • «Айман-Шолпан» М. Ауэзова — Шолпан
  • «Зарница» М. Ауэзова — Жузтайлак
  • «Алдар-Косе» Ш. Хусаинова — Карашаш
  • «Трудные судьбы» Ш. Хусаинова — Рәуәш
  • «Клятва» Т. Ахтанова — Фатима-ханум
  • «Буран» Т. Ахтанова — Жаныл
  • «Легенда о любви» Н. Хикмета — Ширин
  • «Сильнее смерти» С. Жунусова — Ажар
  • «Дружба и любовь» А. Абишева — Шекер
  • «Волчонок под шапкой» К. Мухамеджанова — Марфуга
  • «Сваха приехала» К. Мухамеджанова
  • «На чужбине» К. Мухамеджанова — Ева Бройер
  • «Майра» А. Тажибаева — Үрия
  • «Парторг» К. Мукашева — Жамал
  • «Таланты и поклонники» А. Островского — Негина
  • «Скупой» Мольера — Марианна
  • «Правда хорошо, а счастье лучше» А. Островского — Фелицата
  • «Без вины виноватые» А. Островского — Кручинина
  • «Отелло» У. Шекспира — Дездемона
  • «Ричард III» У. Шекспира — Елизавета
  • «Зависть» А. Абишева — Салхия
  • «Любовь на рассвете» Я. Галана — девочка Параська
  • «Восхождение на Фудзияму» Ч. Айтматова и К. Мухамеджанова — Алмагул
  • «Шығыстағы бір бейбағында» М.Каорудың — Кей

Фильмография

  • 1945 — Путь Абая — Магиш
  • 1954 — Дочь степей — Зияда
  • 1954 — Поэма о любви — Баян Сулу
  • 1962 — Перекрёсток
  • 1962 — Сплав — Зура

Память

  • В 2013 году в Алма-Ате, на доме № 42 по улице Жамбыла, где жила актриса, в её честь открыта мемориальная доска[6].

Примечания

  1. 1,0 1,1 Театральная Энциклопедия. драма опера балет оперетта цирк эстрада драматург режиссёр
  2. Қазақ сахнасының Шолпаны (казах.). egemen.kz. Дата обращения: 4 октября 2022.
  3. Стало известно, когда пройдут публичные слушанья по переименованию улиц Караганды. Дата обращения: 29 августа 2014. Архивировано 29 октября 2019 года.
  4. Шолпан Исабековна ЖАНДАРБЕКОВА » Ретро Алматы (недоступная ссылка)
  5. Указ Президиума Верховного Совета СССР от 25 марта 1946 года «О награждении орденами и медалями работников Казахского государственного театра драмы». Дата обращения: 15 апреля 2022. Архивировано 28 февраля 2021 года.
  6. ОБРАЗЫ НЕ РАСТВОРЯЮТСЯ В ВЕКАХ (недоступная ссылка)

Ссылки

  • Списки народных артистов по годам|Народные артисты СССР
  • Жандарбекова, Шолпан Исабековна // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. II. — ISBN 9965-9746-3-2. (CC BY-SA 3.0)

Джандарбекова Шолпан Исабековна (каз. Жандарбекова Шолпан Исабекқызы) — казахская актриса, педагог.

Родилась 2 января 1923 года в ауле Милыбулак (ныне — Каркаралинского района Карагандинской области, Казахстан).

В 1942 году окончила театрально-художественное училище в Алма-Ате.

С 1941 года — актриса Казахского театра драмы им. М. Ауэзова, где проработала до конца жизни. Сыграла более 200 ролей.

С 1968 года занималась педагогической деятельностью. С 1978 года преподавала предмет «Мастерство актёра» в Казахской национальной академии искусств им. Т. Жургенова, тем самым внесла немалый вклад в дело подготовки будущих артистов театра. Профессор (1982).

Снималась в кино. Работала с кинорежиссёром Ш. Аймановым.

Заслуженная артистка Казахской ССР (1945).

Народная артистка Казахской ССР (1959).

Народная артистка СССР (1982).

В течение 17-ти лет была председателем местного комитета в своём театре, на протяжении 10-ти лет вела военно-шефскую работу в Алматинской области, дважды избиралась депутатом Верховного Совета Казахской ССР.

Муж — Джандарбеков Курманбек (1904—1973) — актёр театра и кино, режиссёр, певец. Народный артист КазССР (1936). Дочери — Актоты и Бота. Сын — Аккозы.

Скончалась 14 сентября 2005 года.

Фильмография

Роли в кино:

  • 1962 Перекрёсток | Жол түйісі

  • 1954 Поэма о любви — Баян Сулу — главная роль

  • 1954 Дочь степей — Зияда

  • 1945 Песни Абая — Магиш

Роли в театре:

  • «Ахан-серэ и Актокты» Мусрепова — Актокты

  • «Козы Корпеш и Баян Сулу» Мусрепова — Баян

  • «Енлик — Кебек» М.О.Ауэзова — Енлик

  • «Легенда о любви» Назыма Хикмета — Ширин

  • «Дружба и любовь» Абишева — Шекер

  • «Волчонок под шапкой» Мухаметжанова — Марфуга

  • «Таланты и поклонники» А.Н.Островского — Негина

  • «Скупой» Мольера — Марианна

  • «Правда хорошо, а счастье лучше» А. Н. Островского — Фелицата

  • «Зависть» Абишева — Салхия

  • «Любовь на рассвете» Галана — девочка Параська

Призы и награды:

  • Заслуженная артистка Казахской ССР (1945)

  • Народная артистка Казахской ССР (1959)

  • Народная артистка СССР (1982)

  • Государственная премия Казахской ССР (1980) — за роль Ажар в пьесе «Сильнее смерти» С. Жунусова

  • Два ордена Трудового Красного Знамени

  • Орден Отан (2005)

  • Медаль «За трудовое отличие»

  • 4 Почётных грамоты Верховного Совета Казахской ССР

Память:

  • В 2013 году в Алма-Ате, на стене дома № 42 по улице Жамбыла, где жила Шолпан Джандарбекова, в её честь открыта мемориальная доска

В Википедии есть статьи о других людях с фамилией Джандарбеков (b) .

Шолпан Исабековна Джандарбекова
Дата рождения 1 января (b) 1922 (b)
Место рождения
  • Милыбулак (b) , Каркаралинский уезд (b) , Семипалатинская губерния (b) , Киргизская АССР (b) , РСФСР (b)
Дата смерти 14 сентября (b) 2005 (b) (83 года)
Место смерти
  • Алма-Ата (b) , Казахстан (b)
Гражданство  СССР (b)
 Казахстан (b)
Профессия

актриса (b)

, театральный педагог (b)

Награды
Орден Трудового Красного Знамени — 1959 Орден Трудового Красного Знамени

Медаль «За трудовое отличие»

Народный артист СССР — 1982 Народный артист Казахской ССР — 1959 Лауреат Государственной премии Казахской ССР
IMDb (b) ID 8697429

Шолпа́н Исабе́ковна Джандарбе́кова (каз. (b) Шолпан Исабекқызы Жандарбекова; 1922 (b) —2005 (b) ) — казахская, советская актриса (b) , педагог (b) . Народная артистка СССР (b) (1982 (b) ).

Биография

Родилась 1 января (b) 1922 (b) (по другим источникам — 2 января (b) 1923 года (b) [1]) в ауле Милыбулак (b) (ныне — в Каркаралинском районе (b) Карагандинской области (b) , Казахстан (b) ). Происходит из рода каракесек (b) племени аргын (b) .[2]

В 1942 году (b) окончила театрально-художественное училище (b) в Алма-Ате (b) .

С 1941 года (b)  — актриса Казахского театра драмы им. М. Ауэзова (b) (Алма-Ата (b) ), где проработала до конца жизни. Сыграла более 200 ролей.

С 1968 года (b) занималась педагогической деятельностью. С 1978 года (b) преподавала предмет «Мастерство актёра» в Казахской национальной академии искусств им. Т. Жургенова (b) , тем самым внесла немалый вклад в дело подготовки будущих артистов театра. Профессор (1982 (b) ).

Снималась в кино. Работала с кинорежиссёром Ш. Аймановым (b) .

В течение 17-ти лет была председателем местного комитета в своём театре, на протяжении 10-ти лет вела военно-шефскую работу в Алматинской области, дважды избиралась депутатом Верховного Совета Казахской ССР (b) [3].

Умерла 14 сентября (b) 2005 года (b) в Алма-Ате. Похоронена на Кенсайском кладбище (b) .

Семья

  • Муж — Джандарбеков Курманбек (b) (1904—1973), актёр театра и кино, режиссёр, певец. Народный артист Казахской ССР (b) (1936).
  • Дочери Актоты и Бота, сын Аккозы.

Награды и звания

  • Заслуженная артистка Казахской ССР (b) (1945 (b) )
  • Народная артистка Казахской ССР (b) (1959 (b) )[1]
  • Народная артистка СССР (b) (1982 (b) )
  • Государственная премия Казахской ССР (1980 (b) ) — за роль Ажар в пьесе «Сильнее смерти» С. Жунусова (b)
  • Два ордена Трудового Красного Знамени (b) (в т.ч. 1959)[4]
  • Орден Отан (b) (2005)
  • Медаль «За трудовое отличие» (b) (1946)[5]
  • 4 Почётных грамоты Верховного Совета Казахской ССР.

Творчество

Роли в театре

  • «В час испытаний» М. Ауэзова (b)  — Раш
  • «Ахан-серэ — Актокты» Г. Мусрепова (b)  — Актокты
  • «Козы Корпеш — Баян сулу (b) » Г. Мусрепова — Баян, Маклал
  • «Енлик — Кебек (b) » М. Ауэзова — Енлик
  • «Каракипчак Кобланды» М. Ауэзова — Куртка
  • «Абай» М. Ауэзова — Тогжан
  • «Айман-Шолпан» М. Ауэзова — Шолпан
  • «Зарница» М. Ауэзова — Жузтайлак
  • «Алдар-Косе (b) » Ш. Хусаинова (b)  — Карашаш
  • «Трудные судьбы» Ш. Хусаинова — Рәуәш
  • «Клятва» Т. Ахтанова (b)  — Фатима-ханум
  • «Буран» Т. Ахтанова — Жаныл
  • «Легенда о любви» Н. Хикмета (b)  — Ширин
  • «Сильнее смерти» С. Жунусова (b)  — Ажар
  • «Дружба и любовь» А. Абишева (b)  — Шекер
  • «Волчонок под шапкой» К. Мухамеджанова (b)  — Марфуга
  • «Сваха приехала» К. Мухамеджанова
  • «На чужбине» К. Мухамеджанова — Ева Бройер
  • «Майра» А. Тажибаева (b)  — Үрия
  • «Парторг» К. Мукашева — Жамал
  • «Таланты и поклонники (b) » А. Островского (b)  — Негина
  • «Скупой (b) » Мольера (b)  — Марианна
  • «Правда хорошо, а счастье лучше (b) » А. Островского — Фелицата
  • «Без вины виноватые (b) » А. Островского — Кручинина
  • «Отелло (b) » У. Шекспира (b)  — Дездемона
  • «Ричард III (b) » У. Шекспира — Елизавета
  • «Зависть» А. Абишева (b)  — Салхия
  • «Любовь на рассвете» Я. Галана (b)  — девочка Параська
  • «Восхождение на Фудзияму (b) » Ч. Айтматова (b) и К. Мухамеджанова — Алмагул
  • «Шығыстағы бір бейбағында» М.Каорудың — Кей

Фильмография

  • 1945 (b)  — Путь Абая (b)  — Магиш
  • 1954 (b)  — Дочь степей (b)  — Зияда
  • 1954 (b)  — Поэма о любви (b)  — Баян Сулу
  • 1962 (b)  — Перекрёсток (b)
  • 1962 (b)  — Сплав (b)  — Зура

Память

  • В 2013 году (b) в Алма-Ате, на доме № 42 по улице Жамбыла, где жила актриса, в её честь открыта мемориальная доска[6].

Примечания

  1. 1 2 Театральная Энциклопедия. драма опера балет оперетта цирк эстрада драматург режиссёр
  2. Қазақ сахнасының Шолпаны (каз.). egemen.kz. Дата обращения: 4 октября 2022.
  3. Стало известно, когда пройдут публичные слушанья по переименованию улиц Караганды. Дата обращения: 29 августа 2014. Архивировано 29 октября 2019 года.
  4. Шолпан Исабековна ЖАНДАРБЕКОВА » Ретро Алматы (недоступная ссылка)
  5. Указ Президиума Верховного Совета СССР от 25 марта 1946 года «О награждении орденами и медалями работников Казахского государственного театра драмы». Дата обращения: 15 апреля 2022. Архивировано 28 февраля 2021 года.
  6. ОБРАЗЫ НЕ РАСТВОРЯЮТСЯ В ВЕКАХ (недоступная ссылка)

Ссылки

  • Списки народных артистов по годам|Народные артисты СССР
  • Жандарбекова, Шолпан Исабековна // Казахстан. Национальная энциклопедия (b) . — Алматы: Қазақ энциклопедиясы (b) , 2005. — Т. II. — ISBN 9965-9746-3-2. (CC BY-SA 3.0)

Совет: А чтобы не потерять эту страницу, просто нажмите на кнопочку ниже, и адрес этой страницы сохраниться на стене вашей соц.сети

Краткая информация об актрисе

Имя актрисы на русском (кириллицей): Джандарбекова Шолпан Исабековна
Когда родилась (Дата рождения):

1 января 1922 1922-01-01

Где родилась (Место рождения):

аул Милыбулак,
Каркаралинский уезд,
Семипалатинская губерния, Киргизская АССР, РСФСР

Когда умерла (Дата смерти):

14 сентября 2005 2005-09-14 83 года

Где умерла (Место смерти):

Алма-Ата, Казахстан

Кто по профессии:

актриса, театральный педагог

Какое имеет гражданство:

СССР → Казахстан

Какие имеет награды:

Биография актрисы Джандарбекова, Шолпан Исабековна

Шолпа́н Исабе́ковна Джандарбе́кова (каз. Шолпан Исабекқызы Жандарбекова; 1922 — 2005) — казахская актриса, преподаватель. Народная артистка СССР (1982).

Содержание

  • 1 Биография
  • 2 Семья
  • 3 Заслуги и звания
  • 4 Творчество
    • 4.1 Роли в театре
    • 4.2 Фильмография
  • 5 Память
  • 6 Примечания
  • 7 Ссылки

Биография

Родилась 1 января 1922 (по другим источникам — 2 января 1923 года) в ауле Милыбулак, сейчас — Каркаралинского района Карагандинской области, Казахстан.

В 1942 году закончила театрально-художественное училище в Алма-Ате.

С 1941 года — актриса Казахского театра драмы им. М. Ауэзова, где проработала до конца жизни. Сыграла более 200 ролей.

С 1968 года занималась педагогической деятельностью. С 1978 года преподавала предмет «Мастерство актёра» в Казахской государственной академии искусств им. Т. Жургенова, тем занесла большой вклад в дело подготовки будущих артистов театра. Доктор (1982).

Снималась в кино. Работала с кинорежиссёром Ш. Аймановым.

В течение 17-ти лет была председателем местного комитета в своём театре, в протяжении 10-ти лет вела военно-шефскую работу в Алматинской области, два раза избиралась депутатом Верховного Совета Казахской ССР.

Погибла 14 сентября 2005 года в Алма-Ате.

Семья

  • Супруг — Джандарбеков Курманбек (1904—1973) — актёр театра и кино, режиссёр, певец. Народный артист Казахской ССР (1936).
  • Дочери Актоты и Бота и отпрыск Аккозы.

Заслуги и звания

  • Заслуженная артистка Казахской ССР (1945)
  • Народная артистка Казахской ССР (1959)
  • Народная артистка СССР (1982)
  • Муниципальная премия Казахской ССР (1980) — за роль Ажар в пьесе «Сильнее смерти» С. Жунусова
  • Два ордена Трудового Красноватого Знамени
  • Орден Отан (2005)
  • Медаль «За трудовое отличие»
  • 4 Почётных грамоты Верховного Совета Казахской ССР.

Творчество

Роли в театре

  • «В час испытаний» М.О.Ауэзова — Раш
  • «Ахан-серэ — Актокты» Г. Мусрепова — Актокты
  • «Козы Корпеш — Баян сулу» Г. Мусрепова — Баян, Маклал
  • «Енлик — Кебек» М. Ауэзова — Енлик
  • «Каракипчак Кобланды» М. Ауэзова — Куртка
  • «Абай» М. Ауэзова — Тогжан
  • «Айман-Шолпан» М. Ауэзова — Шолпан
  • «Зарница» М. Ауэзова — Жузтайлак
  • «Алдар-Косе» Ш. Хусаинова — Карашаш
  • «Трудные судьбы» Ш. Хусаинова — Рәуәш
  • «Клятва» Т. Ахтанова — Фатима-ханум
  • «Буран» Т. Ахтанова — Жаныл
  • «Легенда о любви» Н. Хикмета — Ширин
  • «Сильнее смерти» С. Жунусова — Ажар
  • «Дружба и любовь» А. Абишева — Шекер
  • «Волчонок под шапкой» К. Мухамеджанова — Марфуга
  • «Сваха приехала» К. Мухамеджанова
  • «На чужбине» К. Мухамеджанова — Ева Бройер
  • «Майра» А. Тажибаева — Үрия
  • «Парторг» К. Мукашева — Жамал
  • «Таланты и фанаты» А. Островского — Негина
  • «Жадный» Мольера — Марианна
  • «Правда отлично, а счастье лучше» А. Островского — Фелицата
  • «Без вины виновные» А. Островского — Кручинина
  • «Отелло» У. Шекспира — Дездемона
  • «Ричард III» У. Шекспира — Елизавета
  • «Зависть» А. Абишева — Салхия
  • «Любовь на рассвете» Я. Галана — девченка Параська
  • «Восхождение на Фудзияму» Ч. Айтматова и К. Мухамеджанова — Алмагул
  • «Шығыстағы бір бейбағында» М.Каорудың — Кей

Фильмография

  • 1945 — Путь Абая — Магиш
  • 1954 — Дочь степей — Зияда
  • 1954 — Поэма о любви — Баян Сулу
  • 1962 — Перекрёсток

Память

  • В 2013 году в Алма-Ате, на стенке дома № 42 по улице Жамбыла, где жила Шолпан Джандарбекова, в её честь открыта мемориальная доска.

Шолпан Исабековна Джандарбекова (каз. Шолпан Исабекқызы Жандарбекова; 1922—2005) — казахская, советская актриса, педагог. Народная артистка СССР (1982).

Биография

Родилась 1 января 1922 (по другим источникам — 2 января 1923 года) в ауле Милыбулак (ныне — в Каркаралинском районе Карагандинской области, Казахстан).

В 1942 году окончила театрально-художественное училище в Алма-Ате.

С 1941 года — актриса Казахского театра драмы им. М. Ауэзова (Алма-Ата), где проработала до конца жизни. Сыграла более 200 ролей.

С 1968 года занималась педагогической деятельностью. С 1978 года преподавала предмет «Мастерство актёра» в Казахской национальной академии искусств им. Т. Жургенова, тем самым внесла немалый вклад в дело подготовки будущих артистов театра. Профессор (1982).

Снималась в кино. Работала с кинорежиссёром Ш. Аймановым.

В течение 17-ти лет была председателем местного комитета в своём театре, на протяжении 10-ти лет вела военно-шефскую работу в Алматинской области, дважды избиралась депутатом Верховного Совета Казахской ССР.

Умерла 14 сентября 2005 года в Алма-Ате. Похоронена на Кенсайском кладбище.

Семья

  • Муж — Джандарбеков Курманбек (1904—1973), актёр театра и кино, режиссёр, певец. Народный артист Казахской ССР (1936).
  • Дочери Актоты и Бота, сын Аккозы.

Награды и звания

  • Заслуженная артистка Казахской ССР (1945)
  • Народная артистка Казахской ССР (1959)
  • Народная артистка СССР (1982)
  • Государственная премия Казахской ССР (1980) — за роль Ажар в пьесе «Сильнее смерти» С. Жунусова
  • Два ордена Трудового Красного Знамени (в т.ч. 1959)
  • Орден Отан (2005)
  • Медаль «За трудовое отличие»
  • 4 Почётных грамоты Верховного Совета Казахской ССР.

Творчество

Роли в театре

  • «В час испытаний» М. Ауэзова — Раш
  • «Ахан-серэ — Актокты» Г. Мусрепова — Актокты
  • «Козы Корпеш — Баян сулу» Г. Мусрепова — Баян, Маклал
  • «Енлик — Кебек» М. Ауэзова — Енлик
  • «Каракипчак Кобланды» М. Ауэзова — Куртка
  • «Абай» М. Ауэзова — Тогжан
  • «Айман-Шолпан» М. Ауэзова — Шолпан
  • «Зарница» М. Ауэзова — Жузтайлак
  • «Алдар-Косе» Ш. Хусаинова — Карашаш
  • «Трудные судьбы» Ш. Хусаинова — Рәуәш
  • «Клятва» Т. Ахтанова — Фатима-ханум
  • «Буран» Т. Ахтанова — Жаныл
  • «Легенда о любви» Н. Хикмета — Ширин
  • «Сильнее смерти» С. Жунусова — Ажар
  • «Дружба и любовь» А. Абишева — Шекер
  • «Волчонок под шапкой» К. Мухамеджанова — Марфуга
  • «Сваха приехала» К. Мухамеджанова
  • «На чужбине» К. Мухамеджанова — Ева Бройер
  • «Майра» А. Тажибаева — Үрия
  • «Парторг» К. Мукашева — Жамал
  • «Таланты и поклонники» А. Островского — Негина
  • «Скупой» Мольера — Марианна
  • «Правда хорошо, а счастье лучше» А. Островского — Фелицата
  • «Без вины виноватые» А. Островского — Кручинина
  • «Отелло» У. Шекспира — Дездемона
  • «Ричард III» У. Шекспира — Елизавета
  • «Зависть» А. Абишева — Салхия
  • «Любовь на рассвете» Я. Галана — девочка Параська
  • «Восхождение на Фудзияму» Ч. Айтматова и К. Мухамеджанова — Алмагул
  • «Шығыстағы бір бейбағында» М.Каорудың — Кей

Фильмография

  • 1945 — Путь Абая — Магиш
  • 1954 — Дочь степей — Зияда
  • 1954 — Поэма о любви — Баян Сулу
  • 1962 — Перекрёсток
  • 1962 — Сплав — Зура

Память

  • В 2013 году в Алма-Ате, на доме № 42 по улице Жамбыла, где жила актриса, в её честь открыта мемориальная доска.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Шолохов судьба человека сценарий
  • Шоколадный праздник улан удэ
  • Шоколадное шоу на праздник
  • Шоколадница детские праздники
  • Школьный театр сценарии классика