Сот отырысы сценарий

Бүгін 2022 жыл ақпан айының 22ші күні, ШҚо семей қаласы Қалалық сотында Қайнарбекова Ақгүл Қайнарбекқызына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ашық деп жарияланады

Общий сценарии

Хатшы: Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын.

Судья: Сәлеметсіздерме, отырыңыздар.

Бүгін 2022 жыл ақпан айының 22ші күні, ШҚО Семей қаласы Қалалық сотында Қайнарбекова Ақгүл Қайнарбекқызына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ашық деп жарияланады.

Ашық сот отырысында Қайнарбекова А.Қ қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қарауға жатады. Сот отырысы кезінде аудио және бейнежазба жүргізіледі.

Хатшы, Сотқа сот отырысына қатысуға тиісті адамдардың келгені туралы баяндаңыз және келмегендердің келмеу себептерін хабарлаңыз.

Хатшы: Сот отырысында сотталушы Қайнарбекова Ақгүл Қайнарбекқызы және оның қорғаушысы Амиргалин Дастан Нуртолеуович, сотталушының ұсынған куәларі Самат Еркежан, Кизаттолаева Ажар, Машанұлы Зейін, Мемлекеттік айыптаушы Кайнулдаев Ерлан Мелисович, Психолог маманы Хасенова Надира. Сарапшы маманы Раипова Райхан. Корганшы жае камкоршы орган Дуйсенбеккызы Дидар Сотқа қатысушылардың барлығы келді.

Судья: Арыз қазақ тілінде түскеннен кейін сот отырысы қазақ тілінде өтеді.

Хатшы, сот отырысының қатысушыларына аудармашы маманның көмегі керек пе? Қазақ тілінде емін еркін сөйлейді ме?

Хатшы: Жоқ аудармашы маманды қажет етпейді, сот отырысының қатысушылары қазақ тілінде емін еркін сөйлей алады.

Судья: Келген куәларды сот отырысы болып жатқан бөлмеден шығуларыңызды сұраймын.

Сотталушының жеке мәліметтерін анықтаймын. Сотталушы орныңыздан тұрыңыз, Сіздің аты-жөніңіз, туылған күн, ай, жылыңыз?

Сотталушы: Мен, Қайнарбекова А.Қ, 27-ші қараша 2003 жылы туылғанмын.

Достарыңызбен бөлісу:

Сот отырысы.

Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері | Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау | Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау. | Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу | Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау | Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері | Хаттамалар |

АІЖК-нің 175-бабына сәйкес, азаматтық істі талқылау сот отырысында іске асырылады.

Азаматтық процестегі сот отырысы АІЖК-мен белгіленген сотта іс қараудың іс жүргізу нысаны болып табылады.

Осы екі іс жүргізу ұғымдарының арасында тығыз байланыс бар. Сонымен қатар олар бір бірінен едәуір ерекшеленеді, себебі арақатынасы мазмұн (сот талқылауы) және нысан (сот отырысы) ретінде айқындалады.

Азаматтық істі қарау бір емес, бірнеше сот отырыстарында (істі қарау кейінге қалдырылған жағдайда) іске асырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, сот отырысы тек азаматтық істі қарау үшін ғана емес, түрлі іс жүргізу мәселелерін, мысалы, сот шығындарына, салынған айыппұлды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелерді шешу, талапты қамтамасыз ету үшін және т.б. байланысты да өткізіледі.

Сот отырысы регламенттелген, бұл азаматтық процесте белгілі бір артықшылықтар жасайды, ол мынадай қызметтерді атқарады:

· істің мән-жайларының толық анықталу, құқықтық нормалардың дұрыс қолданылу және әділ шешім шығару кепілдіктерінің бірі ретінде жүреді;

· істі қарауға мүдделі тұлғалардың белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етеді;

· процеске қатысушылардың құқықтарының және азаматтық іс жүргізу принциптерінің іске асырылуына кепілдік береді;

· нақты іс бойынша іс жүргізуге жариялылық сипат береді;

· түрлі талаптарды қарау кезінде біркелкі іс жүргізу әрекеттерін орнықтырады.

Айқын көрінетін оң сипатына қарамастан, сот отырысының дамыған іс жүргізу нысанының кемшіліктері де бар, себебі ол сот отырысын тым қолапайсыз етеді, бұл белгілі бір дәрежеде судьялардың жұмысын күрделілендіре түседі, тараптарды өкілдердің қымбат құқықтық көмегін іздеуге мәжбүр етеді. Сондықтан заң шығарушы АІЖК-ге сот бұйрығын енгізу жолымен бірқатар арыздарды сотта талқылаудан ішінара бас тартты және істерді сырттай қараудың жеңілдетілген тәртібін орнатты.

Азаматтық іс мәні бойынша талқыланатын сот отырысының тәртібі азаматтық процестің басқа мәселелерін шешетін, мысалы, сот шешімін түзету туралы (АІЖК-нің 230-232-баптары), іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру туралы (АІЖК-нің 128-бабы), жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот қаулыларын қайта қарау туралы (АІЖК-нің 408-бабы), сот тапсырмасын орындау туралы (АІЖК-нің 73-бабы) арыздарды қарайтын сот отырыстарының рәсімінен өзгешеленеді.

Азаматтық істі талқылау шешім немесе ұйғарым (іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы немесе арызды қараусыз қалдыру туралы) шығарумен аяқталады, ал сот отырысы істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарыммен аяқталуы мүмкін. Бұл сотта іс қарау сот отырысына қарағанда ұзағырақ уақыт алады дегенді білдіреді.

Сотта іс қарау заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады және сот отырысы нысанында бейнеленеді.

Сот азаматтық істерді азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ұстана отырып қарайды және шешеді.

Азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттарда судья жеке дара қарайды (АІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігі).

Істі бірінші сатыдағы сотта қарау тәртібі АІЖК-нің «Сотта іс қарау» деп аталатын 17-тарауында егжей-тегжейлі реттелген. Жекелеген санаттардағы істерді қарау мен шешудің арнайы ережелері АІЖК-нің 25-39-баптарында көзделеді.

Сотта іс қараудың тәртібі – бұл соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процестің басқа қатысушыларының заңмен көзделген нысандарда істі мәні бойынша шешуге бағытталған іс-әрекеттер жасауының реттілігі, сондай-ақ азаматтық істерді қарау кезіндегі заңмен белгіленген тәртіп.

АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот отырысын басқаруды төрағалық етуші жүзеге асырады. Төрағалық етушінің міндеттерін судья атқарады.

Соттың беделі мен оның тәрбиелік ықпалы төрағалық етушінің мінез-құлқына байланысты болады. Сотқа және заңға деген құрмет басқалармен қатар судьяның мәселелерді шешудегі байсалды әрі салмақты іс-әрекеті; судья қолданатын құқықтық терминологияның дәлдігі; сұрақтарды қысқаша тұжырымдау, күмәнді және жетектеуші сұрақтар қойылуына жол бермеу; судьяның біркелкі, байсалды дауыс ырғағы; тараптарға бірдей қарауы; процеске қатысушыларға қатысты салмақты, кішіпейіл әрі ізгі қарым-қатынасы; киімі мен сыртқы пішінінің ресмилігі әрі ұқыптылығы сияқты факторлар ықпалымен де қалыптасады.

Төрағалық етушінің сот отырысына жетекшілік етуде өзінің құқығын асыра пайдалануға құқығы жоқ.

Сот отырысына жетекшілік ету отырыстың бүкіл барысын басқару дегенді білдіреді. Төрағалық етуші отырыс барысында төмендегілерді қамтамасыз етуге міндетті:

· істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау;

· іс жүргізу әрекеттерін жасаудың кезектілігі мен тәртібін сақтау;

· процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруы және олардың іс жүргізу міндеттерін орындауы;

· процестің тәрбиелік ықпалы.

Сонымен қатар төрағалық етушіге қаралып жатқан іске қатысы жоқтың барлығын сот талқылауынан шығарып тастау (АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігі), және сот отырысында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау (АІЖК-нің 176-бабының 3-бөлігі) міндеті жүктеледі.

Төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылардың барлығы (прокурор, адвокат – іс жөніндегі өкіл және т.с.с.) үшін, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшін міндетті болып табылады (АІЖК-нің 176-бабының 3-бөлігі).

Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылықтар сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді (АІЖК-нің 176-бабының 3-бөлігі).

Сот іс қарау рәсімі заңмен көзделген, ол сот отырысындағы қатаң тәртіп орнатылуын, сот отырысының арнайы жабдықталған үй-жайда – сот отырысы залында өткізілуін қамтиды. Бұл орайда судья отырысты үстіне мантия киіп өткізеді (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арнаулы киім нысаны – мантия үлгісін, сипаттамасын және тиесілілік нормасын бекіту туралы» 11.07.1998 жылғы №4009 Жарлығы).

АІЖК-нің 178-бабына сәйкес сот отырысындағы тәртіп төмендегіні білдіреді:

· судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады.

Өз кезегінде төрағалық етуші сот отырысы залына үнсіз және тыныш кіреді де, судья үстеліне өтеді және оның қасында тұрып сот отырысы залында отырған адамдармен сәлемдеседі, содан соң олардың барлығының отыруына ұсыныс жасайды да барлығымен бірге өзі де отырады.

Үстел басында төрағалық етуші өзіне ыңғайлы, сот отырысы залында отырған адамдарды сыйламайтындай түр көрсетпейтін қалыпта (шалқаймау, ауа-райына және басқа жағдайларға көңілі толмайтынын айтпау, таранбау, айнаға қаранбау және сағатқа қарамау және т.б.) отыруға тиіс.

Егер отырған адамдардың біреуі судьяға орнынан тұрмастан сөйлесе, оған ақыл айтпастан сотқа түрегеп тұрып сөйлеуге міндетті екенін кішіпейілдікпен есіне салу керек. Мысалы, «Кешіріңіз, сот отырысында сотқа түрегеп тұрып сөйлейді».

Төрағалық етуші іске қатысушы тұлғалардың барлығына «Сіз» деп сөйлейді, бұл орайда тұлғаларды аты мен әкесінің аты бойынша атау міндетті емес, тегі бойынша атаған жеткілікті және сұрақ қойған кезде немесе белгілі жайттар туралы айтып беруді ұсынған кезде «рахым етіңіз» деген сөздерді қолданбау керек. Жауап алған және сұрақ қойған кезде ақыл үйрететін дауыс ырғағына және кінә қою мен ақыл айтуға жол бермеу қажет. Өз тәжірибесінен мысалдар келтіруге және талқыланып отырған даудың мәнінен ауытқуға болмайды.

· Іс шешім шығарусыз аяқталатын сот шешімін немесе сот ұйғарымын сот отырысы залында отырған жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды (1-бөлім);

· процеске қатысушылар судьяға жүгінгенде және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтқанда түрегеп тұрады. Осы ережеден ауытқуға тек төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі (2-бөлім).

Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залында отырған барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті (АІЖК-нің 178-бабының 3-бөлігі).

АІЖК-нің 176-бабымен сот отырысындағы тәртіпті бұзушыларға қолданылатын шаралар көзделген.

Істі талқылау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды.

Тәртіпті екінші рет бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта істі талқылаудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады.

Іске қатыспайтын және істі талқылау кезінде қатысып отырған азаматтар тәртіпті екінші рет бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.

Сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 513-бабының 1-тармағына сәйкес, тікелей істі сотта талқылау барысында әкімшілік жаза белгілеуге соттың құқығы бар.

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, материалдарды тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

Істі талқылау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып жіберіп, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

Сот отырысы залындағы тәртіп бұзушыларға қатысты шаралар қолдану жөніндегі судьяның іс-әрекеттері сот отырысының хаттамасында бейнеленуге тиіс. Бұл талап АІЖК-нің 256-бабының 2-бөлігінің 7-тармақшасынан туындайды, оған сәйкес сот отырысының хаттамасында төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында сот шығарған ұйғарымдар көрсетіледі. Сот отырысының хаттамасында сонымен бір мезгілде тәртіп бұзудың сипаты, тәртіп бұзылған уақыт және тәртіпті бұзған адам туралы мәлімет көрсетіледі.

ӘҚБтК-нің 578-бабының 2-тармағына сәйкес, азаматтық істі қарау барысында соттың әкімшілік жаза белгілеу тәртібі АІЖК-нің ережелерімен айқындалады.

АІЖК-нің талаптарына сәйкес, мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында сот іске қатысушы адамдарға, процестің басқа да қатысушыларына, жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына сот ісін шешуге араласқаны, судьяға қатысты қоқан-лоққы жасағаны, судьяны қорлағаны, сот қаулыларын орындамағаны, сотты құрметтемегені, сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, судьяның, соттың жеке ұйғарымы (қаулысы, ұсынысы) бойынша шаралар қолданбағаны және басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін қолданады. АІЖК-нің (179-бабы) ережелері бойынша тәртіп бұзушыларға ескерту, сот отырысы залынан шығарып жіберу және басқа да шаралар қолданылуы мүмкін, бірақ бұл орайда АІЖК-нің 179-бабының 4-бөлігіне сәйкес, соттың сот отырысы залында тәртіп бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға ӘҚБтК-мен белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдануға құқығы бар.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі талқылау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі талқылау барысында киноға және суретке түсіруге, бейнетаспаға жазуға, тікелей радио және телехабар жүргізуге соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана жол беріледі. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін (АІЖК-нің 19-бабының 8-бөлігі).

Судьяның және сот отырысы залында отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі талқылау кезінде қатысқысы келетін адамдарды тексеруді іске асыру, соның ішінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке өздерін тексеру және олар алып келген заттарды тексеру туралы өкім ете алады (АІЖК-нің 20-бабы).

Сот отырысы басталғанға дейін сот істі талқылауды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешеді: сот құрамын белгілейді; сот отырысы залын айқындайды; қажетті жабдықты тексереді және орнатады; сот отырысы хатшысының, сот приставының орнында бар-жоғын нақтылайды; процеске қатысушылардың келгенін алдын ала тексеру жүзеге асырылады.

Сот отырысы әдетте дайындық бөлімінен; істі мәні бойынша қарау; сот жарыссөздері және басталған процеске араласқан прокурордың істің тұтас мәні бойынша қорытындысы; шешімді (ұйғарымды) қабылдау және жариялау бөлімдерінен тұрады.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1070 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su — 2015-2023 год. (0.028 сек.)

Сабақтың тақырыбы: Математикалық сот отырысы
Жұмыс мақсаты: 1. Оқушылардың төртбұрыштар тарауынан алған білімдерін жинақтау;
2. Диагоналдар қасиеттері негізінде есептер шығара білуге дағдыландыру;
3. Фигуралар кескінін дұрыс салуға және оларды ажырата білуге үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Жұмыс жабдықталуы: Проектор, төртбұрыштар бейнеленген плакаттар.
Сот отырысының барысы: (Хатшы сот отырысына қатысушыларды таныстырады)
Төреші (судья) – «Көпбұрыш»
Прокурор – «Үшбұрыш»
Қорғаушы (адвокат) – «Шеңбер»
Хатшы: «Бұрыш»
Айыпталушы: «Диогональ»
Жәбірленушілер: «Параллелограмм», «Тіктөртбұрыш», «Ромб», «Трапеция», «Квадрат» және осы төртбұрыштар ауылының тұрғындары мен «Математика» ғылыми — әдістемелік журналының бас тілшісі келіп отыр.

Сот барысының басталуы:
Хатшы: Тұрыңдар, сот келеді.
Төреші: Құрметті мырзалар мен ханымдар! Құрметті нүктелер, бұрыштар және де төртбұрыштар ауылының тұрғындары. Бүгінгі көшпелі, ашық сот отырысының осы ауылда жүргізгелі отырмыз. Оның басты себебі: ауыл тұрғындарынан келіп түскен арыздар болып отыр. Арыздарында ауылға жаңадан көшіп келген Диагональдің әрекеттерінен ауылда тыныштық пен бірліктің кете бастағаны айтылып, осыны заң аясында тексеріп, диагоналды жазаға тартуымыз керек.
Бүгін осы істі жан — жақты қарап, әділ шешім қабылдаймыз. Отырыңыздар, айыпталушыны алып келіңіздер. (Айыпталушы — Диагональ алып келінеді).

Хатшының жанына барып геометрия кітабына ант беріңіз.
Диагональ: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпаймын деп ант беремін!

Төреші: Толық аты — жөніңіз?
Диагональ: Аты — жөнім Диагональ қарсы төбелер қызы.
Төреші: Қайда тұрасыз?
Диагональ: Геометриялық фигураларды бөліктерге бөлемін, атап айтқанда: Квадрат, тіктөртбұрыш, параллелограмм, ромб, трапеция.
Теңдей екі, төрт бөлікке бөлінеді. Оларға ауырлық центрлерін анықтауға көмектесемін.
Төреші: Жарайды, айыпталушыға айыптаушының сұрағы бар ма?

Айыптаушы: Қазірге жоқ.
Төреші: Қорғаушының сұрағы бар ма?
Қорғаушы: Менің сізге сұрағым бар еді. Рұқсат етсеңіз.
Төреші: Әрине.
Қорғаушы: Геометриялық фигуралардың қасиеттерінің ашылуында Диагоналдың атқарған қызметтері есепке алынады ма?
Төреші: Иә, сот барлық фактілерді есепке алады.
Қорғаушы: Рахмет, менде әзірге сұрақ жоқ.
Төреші: Олай болса, сөз кезегі Үшбұрыш ханымға беріледі.

Айыптаушы: Құрметті сот, құрметті сот отырысына қатысушылар! Математика әлемінде көрші мемлекеттермен өз — ара достық қарым — қатынас орнатып, математикалық одақ құру жолында шаршамай, талмай, аянбай еңбек етіп, егемендік алғалы өзіндік даму жолын таңдаған біздің Геометрия мемлекетіміздің Төртбұрыштар ауылына Диагональ есімді азаматшаның келуімен ауылдағы тыныштық бұзыла бастады. Диагоналдың араласуымен Параллелограмм, Тіктөртбұрыш, Ромб, Трапеция, Квадрат сияқты азаматтарының үйлерінің тыныштығы кетті. Жанұяларының бір тұтастықтары бұзылып, тіпті төрт бөліктер пайда бола бастады. Іс бұлай жалғаса беретін болса, Мемлекетіміздің ұсақталып, бөлініп кетіп, өзінің құдіретті күшінен айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан, Құрметті судья ханым, диагоналдың қылмысты әрекеттерін Геометрия мемлекетінің заңының қылмыстық кодекс 3 — тарау, 512 — бабы бойынша әділ түрде заң талаптарына сәйкес қарап, оны қатаң түрде жазылуын, тыныштығымыздың сақталуын талап етемін.

Төреші: Осы айғаққа қарсы сөз кезегі жәбірленуші Тіктөртбұрышқа беріледі.
Тіктөртбұрыш: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпаймын деп ант беремін!

Төреші: Толық аты — жөніңіз?
Тіктөртбұрыш: Атым Тіктөртбұрыш.
Төреші: Қайда тұрасыз?
Тіктөртбұрыш: Тіктөртбұрыштар ауылында, 8 сынып кітабының І тарау, 6сыныбында тұрымын.
Төреші: Істің мән — жайын түсіндіріңіз.
Тіктөртбұрыш: Қарама — қарсы қабырғаларым тең болып келетін, барлық бұрыштарым тік бұрыштан жаралған менің сұлу фигурамды Диагональ келді де, бөліп — бөліп, ақырында тіпті төрт бөлікке бөліп тастады. Әр бөлген сайын көзіме жаным көзіме көрінді. Менің рұқсатымсыз денемнің бөліктерге бөлінуіне келіспеймін.

Төреші: Дәлелдей өтсеңіз.
Тіктөртбұрыш: (Бір және екі диогональ жүргізілгендегі жайын көрсететін сызылмаларды куәге тартып, дәлелдер көрсетеді.)
Төреші: Қорғаушының Тіктөртбұрышқа сұрағы болмаса, сөз кезегі Параллелограмм мырзаға беріледі.
Параллелограмм: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпаймын деп ант беремін!
Төреші: Толық аты — жөніңіз?
Параллелограмм: Атым Параллелограмм.
Төреші: Қайда тұрасыз?
Параллелограмм: Төртбұрыштар ауылында 8 сынып геометрия кітабының І тарау 6 тақырыбында тұрамын.

Төреші: Істің мән — жайын түсіндіріңіз.
Параллелограмм: Құрметті судья! Менің қарама — қарсы қабырғаларымның теңдігі және параллелдігі менің фигурамды айрықша сұлу көрсетеді. Керек десеңіз, менің қарама қарсы бұрыштарымда тең. Ал, қайдағы бір Диагональ денеме жармасып фигурамды бөліктерге бөле бастады. Диагоналдың бұл істеріне наразылығымды ашық та айқын білдіремін.(Алып келген сызылма құжаттарын көрсетіп, істің мән — жайын түсіндіреді.)

Қорғаушы: Құрметті параллелограмм мырза! Сіз болған жайларға бекер ренжисіз. Сіз бұл жерде ұтпасаңыз, ешқандай ұтылмадыңыз. Диагоналдың көмегінде өзіңіздің жаңа біліп толыға түстіңіз. Сіздің денеңізге бір диагональ жүргізілсе онда сіз екі тең үшбұрышқа бөліне аласыз. Ал екі диагональ жүргізсеңіз, сізде төртбұрыштар пайда болады. Қала берсе, жаңа қасиеттеріңіз сізге арналған есептердің шешуін жеңілдетеді. Диагоналды көмекке шақырып оны айыптауыңыз қалай?
Төреші: Сөз Ромбыға беріледі. Хатшының жанына барып ант беріңіз.
Ромб: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпаймын деп ант беремін.!

Төреші: Толық аты — жөніңіз?
Ромб: Атым Ромб.
Төреші: Қайда тұрасыз?
Ромб: Тіктөртбұрыштар ауылында 8 сынып геометрия кітабының І тарау 6 тақырыбында тұрамын.
Төреші: Істің мән — жайын түсіндіріңіз.
Ромб: Құрметті судья! Барлық қабырғаларым және қарама — қарсы бұрыштарым тең болып келген сымбатты фигурамды бөліктерге бөлудің тіпті қажеті жоқ деп есептеймін. «Бөлінгенді бәрі жейді» — деген халқымыздың мақал — мәтеліне сүйеніп, мен жалпы «бөлу» ұғымына қарсымын. Диагоналдың Төртбұрыштар тұрғындарына істеп жүрген әрекеттерін. (Диагональ қатынасқан сызылма суреттерді куәлікке тартып, өзінің жағдайын түсіндіреді.)

Қорғаушы: Құрметті судья ханым! Менің қорғауға алған Диагоналымның Ромбыға келуі, оған зиянсыз деп есептеймін. Ромбыдағы Диагоналдың көмегімен ол
белгісіз қасиеттерді ашып, өзі рухани жағынан жетілісе түседі деген ойдамын. Диагоналдың көмегімен Ромбының жеке тұлғалық қасиеттері, ашылып, жетіле түсетініне сенемін.
Төреші: егер Ромбыға сұрақ жоқ болатын болса, сөз жәбірленуші Квадрат азаматқа беріледі. Хатшының жанына барып ант беріңіз.

Квадрат: Құрметті Судья! Мен барлық қабырғаларым тең, бұрыштарым тіктөртбұрыш болып келетін өте ыңғайлы фигурамын. Қасиеттерім көпшіліктеріңізге белгілі. Мен бөлікке бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Төртбұрыштар ауылындағы Диагоналдың бұл қылығы жұмыссыздықтың салдарынан деп есептеймін. (Сызылма – суреттерін көрсетеді)
Қорғаушы: Құрметті судья! Диагональ келіп Квадратқа зиян келтірді дегенге қосыла алмаймын. Керісінше Диагоналдың көмегімен пайда болған үшбұрыш үшін Диагональ ірі биіктік, әрі биссектриса, әрі медиана болады.
Төреші: Келесі сөзді жәбірленуші Трапецияға береміз. Хатшының жанына барып ант беріңіз.
Трапеция: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпауға ант беремін..

Төреші: Толық аты — жөніңіз?
Трапеция: Атым Трапеция.
Төртбұрыштар ауылында 8 сынып геометрия кітабының І тарау 6 тақырыбында тұрамын.
Төреші: Істің мән — жайын түсіндірсеңіз.
Трапеция: Құрметті судья! Мен қабырғаларым мен бұрыштарымның теңдігі туралы ештеңе айтпаймын. Өзіме боларлықтай қасиеттерім, мінезім бар. Осында отырып, туыстарымның сөздерін саралай келе, олардың Диагоналға тағып отырған айыбы заңсыз деп түсіндім. Керісінше, Диагональ мен келісімді, бірлікті болсақ, біз фигуралардың қасиеттері ашыла түсетініне көзім жетті. Сондықтан мен

Диагоналға айыптау арызымды қайтып аламын. Оны бұл істеріне айыптамаймын.
Қорғаушы: Құрметті трапеция! Сіз өте дұрыс айтасыз. Сіз тамаша фигура екенсіз. Сіздің тек бір ғана тең бүйірлі күйіңізге, диагональ жүргізілсе қаншама тамаша қасиеттерге ие болатыныңызды білсеңіз еді!
Төреші: Ендігі сөз кезегі куәгер оқушыға берілді.
Оқушыны алып келіңіздер.

Куәгер: Мен №3 Алға қазақ орта мектебінің 10б класс оқушысы Сатбай Жайнар. Мен төртбұрыштардың бүгінгі тартысуына түсіне алмай тұрмын. Олардың Диагоналға таққан айыптарына қарсымын. Олардың Диагоналға таққан айыптарына қарсымын. Себебі төртбұрыштардың шешімін таппай тұрған есептері Диагональ көмегінде оңай шешімін табады. Фигуралардың теңдей бөліктерге бөлінеді. Басқада атқаратын қызметтері көп. Мен, төртбұрыштарға Диагоналдың келуін, екі қолымды көтеріп қолдаймын. Айтып болдым.
Төреші: Соңғы сөз айыпталушы Диагоналға беріледі.

Диагональ: Құрметті Судья Мырза! Мен құрметті төртбұрыштар ауылының тұрғындарына зиян келтірдім деп есептеймін. Оларға қолымнан келген көмегімді бердім. Шешілмей тұрған есептерін шешуге көмектестім. Талаптарына шамам жеткенше әділдік жасап, тең бөліктерге бөлдім. Осыларды есепке алып, әділ үкім шығаруыңызды сұраймын.
Хатшы: Тұрыңыздар 30минуттық үзіліс жариялаймыз, сот ақылдасып болғанша.
Көрініс. «Қазақтың шешендік сөздері».
Ән. «Алтын ана».
Хатшы: Тұрыңыздар сот келеді.
Төреші: Айыпталушының іс — әрекеттерінде кейбір ағаттықтардың болғанын, оған қарамастан сот өзінің өмірлік тәжірибесіне және құрметті қорғаушымен куәгерлердің елеулі дәлелдемелеріне негізделіп, Диагоналды айыпсыз деп есептейді және шешім қабылдайды:
1. Диагоналды геометрия заңының № 341 3 — тарау 512 — бабы бойынша айыпсыз деп табылсын.

2. Геометриялық амалдарды орындауда қателіктерге жол бермеу үшін, геометрия заңдарын үйрену жүйелі түрде алып барылсын. Осымен сот отырысы аяқталды.
3. Сот отырысы – ойынын дайындаған математика пәнінің мұғалімдері: Мұқашева Нұргүл мен Ұлықпанова Ғазиза және 10 «ә», 10 «б» класс оқушылары.

Бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызда 10 сынып оқушыларының ұраны:
Ойыннан жеңілсек те
Өмірден жеңілмейміз.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сочинение на английском про праздник день благодарения
  • Сосут на празднике
  • Сочинение на тему мой самый любимый праздник пасха
  • Сочинение на английском национальные праздники
  • Сочинение на тему мой любимый школьный праздник