Сот процесі сценарий казакша

Өз құқығымызды қорғай білейік атты сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Өз құқығымызды қорғай білейік»

Топ: П-22-15, «Құқықтану» мамандығы ІІ курс

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс іс-шара

Сабақтың типі: Аралас

Білімділік: оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған

жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындағы туралы түсіндіру

Дамытушылық: Араторлық сөз сөйлеумен, құқықтық терминдерді қолданып оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге дамыту

Тәрбиелік: адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие беру.

Сыныптан тыс шараның түрі:сот процесі, ойын.

Пәнаралық байланыс: Қылмыстық іс-жүргізу, Саясаттану және әлеуметтану негіздері, Қылмыстық атқару құқығы, Құқықтық статистика т.б.

Сыныптан тыс шараның көрнекі құралдары: ҚР-ң Конституциясы, ҚР-ң қылмыстық кодексі, сот киімі, требуна, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі./2 минут/

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.

ә) Сыныптан тыс шараның мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, құқықтық білімге деген қызығушылығын арттыру.

Оқытушы алдын ала оқушыларды 3-топқа бөледі

Оқытушының сөзі:

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген.

Бүгіндері құқықтық мемлект құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс.

«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа». Заңды аттамай , тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.

Сондықтан,бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың тақырыбы «Өз құқығымызды қорғай білейік» деп аталады.

Сайысымызды бастамас бұрын, қашанда әділ төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Әділ қазылар алқасының төрайымы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________

Әділқазылар мүшелері:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жоспары:

1-кезең. «Таныстыру»/ 2 минут/

2 кезең. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- мақал-мәтел сайысы /3 минут/

3 кезең. «Қылмыс пен жаза» театрландырылған көрініс/35 минут/

4 кезең. «Ойлан да тап»/2 минут/

1-кезең. «Таныстыру» (Топтың атауымен таныстыру, топтың ұраны)/2 минут/

1-топ: «Ақиқат»

2-топ: «Заңгерлер»

3-топ: «Билер»

2-кезең. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- мақал-мәтел сайысы деп аталады. (Әр топқа 3 мақал мәтелдер айтылады)

Бұл кезеңде оқушылар мақал –мәтелдің жалғасын табу беріледі

1.Бір қазаға екі……………………..жоқ.(жаза)

2.Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі………………..табар.(куә).

3.Би екеу болса, …………………………төртеу.(дау).

1.Әр елдің……………….басқа, иттері қара қасқа.(заңы).

2.Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар, Жаманға сырыңды айтсаң………….болар.(айғақ,айғақ).

3.Ата-ананың қадірін қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін, ……..болғанда білесің.(жалалы).

1……………………….істің- арты игі.(әділ).

2. Жолға шықсаң сайлан, бес ……………………байлан.(қару).

3.У ішкен бір өледі,………………..ішкен мың өледі.(ант). /3 минут/

3-кезең. «Қылмыс пен жаза» театрландырылған көрініс

Әр топқа алдын-ала тапсырма берліді. Барлық топқа берілген бір ситуациялық есеп. Сол есептің шешуші кезеңдері әр түрлі, яғни:

Ситуациялық есеп:

24 ақпан 2012 жылы Астана қаласы Сейфуллина көшесінің бойында А- азамат ұялы телефонмен сөйлесіп тұрады, сол мезетте оған И-азаматы келіп темекі сұрайды. А-азаматы темкі жоқ екенін айтады, ашуға бүліккен И-азаматы А-азаматын ұрып-соғып, қалтасындағы әмиянын және ұялы телефонының алып қашып кетеді.

1-топ: «Ақиқат»-осы ситуациялық есеп бойынша қылмысқа қатысушы тұлғалардың құқық бұзушылық әрекеттерін көрініс ретінде көрсету /5 минут/

2-топ: «Заңгерлер»- осы ситуациялық есеп бойынша қылмысқа қатысушы тұлғаларды ұстау кезіндегі тергеушінің іс-әрекеті туралы көрініс көрсету /7 минут/

3-топ: «Билер»- осы ситуациялық есеп бойынша қылмыскерді соттау бойынша көрініс көрсету, яғни сот процесін/13 минут/

Студенттерге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қойылады, яғни:

«Билер» тобына, яғни «Ақиқат» тобының көрінісіне қатысты сұрақтарға жауап береді

  1. Бұл оқиға құқық бұзушылық болып табылады ма?

  2. Бұл құқық бұзушылық қандай заңдармен реттеледі?

  3. Азаматтардың қандай құқықтары мен міндеттерін білесіңдер?

  4. Қылмыскердің істеген іс әрекеті дұрыс па?

  5. Жәбірленушінің қандай құқықтыры мен міндеттері бар? /2 минут/

«Ақиқат» тобы яғни, «Заңгерлер» тобының көрінісіне сұрақтарға жауап береді

  1. Тергеушінің іс әрекеті дұрыс па?

  2. Тергеу кезінде қандай құқықтық құжаттар толтырылады?

  3. Тергеушінің қандай құқықтары мен міндеттері бар?

  4. Осы оқиға қылмыстық кодекстің нешінші бабымен сараланады?

  5. Жәбірленушінің қандай құқығы бар? /2 минут/

«Заңгерлер» яғни «Билер» тобының көрінісіне сұрақтарға жауап береді

  1. Сот төрағасының қандай құқықытары мен міндеттері бар?

  2. Қорғаушы және мемлекеттік айыптаушы дегеніміз кімдер?

  3. Куә (куәлар) дегеніміз кім(кімдер)?

  4. Сот отырысының хатшысы дегеніміз кім?

  5. Үкім кімнің атынан шығарылады? /2 минут/

4- кезең. «Ойлан да тап». (Ортаға қара жәшік алып келінеді, сол жәшіктегі затты

3 топ табу керек. Қай топ дұрыс табады сол топқа ұпай саны жүктеледі)

Сұрақ: Латын тілінен аударғанда «орнату», «құру», «құрылым» деген мағынаны білдіреді қара жәшіктің ішінде не бар?/ 2 минут/

(жауабы: Конституция)

Қорытынды

Оқушылар өз құқықтарымен өздерінің бүгінгі сабақ арасындағы байланысын табуға көмектесетін төмендегі кестені толтырады.

Кестенің толтырылатын мүмкін мәндері:

ТОП АТАУЫ

БІЗ БҮГІН НЕ ІСТЕДІК?

ҚОРЫТЫНДЫ

«Ақиқат»

«Заңгерлер»

«Билер»

Әділқазылар алқасы топтарды марапаттайды

І-орын:______________________________________тобы;

ІІ-орын:______________________________________тобы;

Белсене қатысқаны үшін:_______________________тобы.

Оқытушының қорытынды сөзі.

Міне, осы айтылғандарды саралай келгенде, біздің еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы сіздер мен біздердің қолымызда. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер. Ендеше, М.Әуезов атамыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болуы керектігін осы бастан ой- зерделеріңізде сақтаңыздар.

Келесі кездескенше сау болығыздар!

Даярлаған оқытушы: Токежанова Асем Айдаровна

«Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Мұқашев Мұхит Қамзаұлымен болды.   

– Қарапайым халық дәрігер десе – ақ халатты жанды, ал судья десе – мантия киіп алған адамды көз алдарына елестетеді. Сіздердің басқа мемлекеттік қызметкерлерден қандай айырмашылықтарыңыз бар? Міндеттеріңіз не?

— Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады. Судьяның бір ерекшелігі – кез келген жерде кез келген даудың нүктесін қою. Мысалы сіз әкімшілікке барсаңыз, олар проблемаңызды толық шешпеуі мүмкін. Олар сізді прокуратураға жібереді, ал олар сотқа бар дейді. Кез келген шешілмеген дау сотқа келеді. Ең басты ерекшелік те осы, біздің даудың нүктесін қоятындығымызда. Мысалы полицияның айтқанына прокуратура бағынбауы мүмкін, әкімнің айтақынына прокурор, прокурорға әкім бағынбауы мүмкін. Ал сот актілеріне барлық орган бағынады, одан бөлек қарапайым халық та бағынады.

Ең алғашқы міндет – халыққа қызмет ету. Халықтың дауларының шешімін тауып, халықтың арасында тепе-теңдіктің болуын қадағалауымыз керек. Халықтың арасында дау, түсінбеушілік болмағаны маңызды. Алғашқы міндетіміз соған бағытталған.

Келесі міндет – әділ шешім шығару. Бұл міндетімізге құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды тәртіпке шақыру кіреді. Шешім шығару кезінде істі әр қырынан қарап, өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын жолды қарастырамыз. Алайда заңды бұзғандарды тәртіпке шақыру — басты міндетіміз екенін де естен шығармаймыз.

Олардан бөлек қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу деген міндетіміз бар. Бізді басқа мемлекеттік органдардан ерекшелеп тұрған да осы міндетіміз. Өйткені біз мантия киюімізбен емес, ең бастысы дауларды шешумен ерекшеленеміз.

Келесі міндет – бұзылған құқықтарды қайтару. Кез келген шешімді шығарар алдында қай тараптың дұрыс немесе бұрыс екенін келіп түскен дәлелдерге байланысты зерттейміз. Соның қорытындысы бойынша құқықтар бұзылған жағдайда, оны ретке келтіреміз.

– Сот процесі туралы айтып берсеңіз. Қазіргі таңда Қазақстандағы сот процесі қалай өтеді?

— Бізде де сот процесі фильмдерден көргендеріңіздей форматта өтеді. Сот келген істі ашып, ең бірінші тараптарға құқықтарын түсіндіріп, қандай істің қаралайын деп жатқандығын айтады. Тараптарды бір-бірімен таныстырып, өздерін де таныстырады. Куәлік етуге келген адамдарды да атап өтеді. Одан бөлек судьялар мен прокурорлар да өздерін таныстыруы керек. Кіріспе сөз айтылып, онда қандай істің талданайын деп жатқанын, қандай даудың туындағанын айтады. Екі тараптан даумен келісе ма екендігі сұралады. Қазір сот барысында міндетті түрде дауласқан тараптарды бітімгершілікке шақыру шарасы жүргізіледі. Бұл бұрыннан бар, алайда қазіргі уақытта негізгі міндетімізге айналып отыр. Оларды бір-бірімен соттаспай, татуласуға, бітісуге шақырамыз. Адамдарды татуластыру мүмкін болмаған жағдайда сот процесі әрі қарай жалғасып, біз шешім шығарамыз. Ол шешімге қарсылық келтіруге болады.

– Сот жүйесіндегі ең жоғары мансап қалай аталады? Жалпы төраға болу үшін қарапайым қызметкер қандай баспалдақтармен жүріп өтуі керек?

— Сот жүйесіндегі ең жоғары мансап – сот төрағасы болу. Ал сот төрағасы болу өте қиын. Ол үшін ең алдымен судьялыққа өту керек. Судья болу үшін де іріктеу процесі болады. Қазіргі таңда іріктеу процесі өте жоғары деңгейде өтеді. Кез келген адамның судья болуы екіталай. Ол үшін барлық тесттерден өтіп, жақсы білім алған болу маңызды. Жоғары сот кеңесінің сынақтарынан сүрінбей өткен жағдайда ғана судья болуға болады. Судья одан әрі қарай өзін жақсы көрсетсе, соттың төрағасы бола алады.

Атақты ғалым Салық Иманов «юриспруденцияның нағыз шыңы – судья болу» деп айтып кеткен. Яғни кез келген юрист түптің түбінде судья болсам деп армандайды. Бұл да кез келген солдаттың генарал болсам деп армандағаны секілді.

– Сотта жыл сайын жаңа реформалар еніп, заңдар күннен күнге өзгеріп жатыр? Бұл сіздерге кедергі келтірмей ме?

— Әрине, қолданыстағы заңдардың жаңаланып, түрленіп отыруы бізге кедергі келтірмейді. Керісінше, қордаланып қалған мәселелерді шешуге көмектеседі. Қазіргі кезде Қазақстан да басқа мемлекеттер секілді тұрмыстық жағынан, экономикалық тұрғыда даму үстінде. Егер біз ескі заңдарды қолдана беретін болсақ, ол елдің дамуына кедергісін келтіреді. Ел дамыған жерде, заң да дамып отыруы керек.

Менің ойымша, заңдарға өзгерістердің еніп отырғаны дұрыс. Заман талабына сай заңдардың да өзгеруі орынды. Жаңа заңдардың енуі бізге ешқандай кедергі келтірмейді. Себебі жұмысымыз заңдарға тікелей қатысты болғандықтан, заңдарды күнделікті қарап отырамыз. Өйткені жоғары сот жүйесі техникалық жағынан жақсы дамыған. Жаңарған заңдар бізге күнделікті келеді. Заңдардың қай жеріне қандай өзгеріс енгенін, қай жері толықтырылғанын біліп отырамыз. Бұл біздің жұмысымызды жеңілдетеді. Кейде өзіміз де мына заңның мына жеріне өзгеріс енсе деп ұсыныс жібереміз. (Себебі кейбір заңдар адамдардың құқығын қорғауға кедергі келтіріп жатады). Бұл сот жүйесінің дамуына ықпал етеді.

– Сіздердің бір күндік жұмыс күндеріңіз қалай өтеді? Ең жұмысқа толы күніңіз туралы айтып беріңізші.

— Күніміздің 90%-ы жұмысқа арналған. Ең бірінші кезекте келіп түскен істерді оқимыз. Заңдарды да қосымша оқуымыз керек. Сонымен қатар процестерді өткіземіз. Бір процесс кемінде 2-3 сағатқа созылады. Содан кейін сол процестің шешімін жазуымыз керек. Бұлардың арасында әртүрлі жиналыстар болады. Соларға қатысамыз. Жаңарған заңдарды жоғары сот жасап қойған системадан қарап, зерттеп отырамыз.

Істерді қарап, оның шешімін шығару көп уақытымызды алады. Өйткені белгілі бір істі қарауда шекті мерзім бар (2 ай). Сол уақытқа үлгеру үшін уақытымыздың көп бөлігін осындай сот процестеріне арнаймыз.

– Еліміздің құқықтық саясатына қандай баға берер едіңіз? Тәуелсіздік алғаннан бері қарай құқық саласы қаншалықты дамыды?

— Қазақстандағы құқықтық саясат қалыптасып, дамып жатыр дей аламын. Оның алғашқы себебі – бізде заман талабына сай заңдар қабылданып, бұрынғы заңдарға өзгеріс енгізіліп жатыр. Заңдар сан емес, сапа жағынан озық болып тұр.

Мысалы коронавирус пандемиясы сот процесіне кедергі келтірмей қоймады. Алайда техникалық жағынан дамыған құқық саласы бұл проблеманы лезде шешті. Қазіргі таңда сот процестері онлайн режимде әртүрлі қосымшаларда өтіп жатыр. Адам шетелге кетіп қалған жағдайда да олармен байланысу бізге қиындық тудырып жатқан жоқ.

Адам құқықтарын бірінші кезекке қойғандықтан, пандемия, онлайн формат бізге пайдасын ғана тигізді. Бұдан еліміздің құқықтық саясатының дамығанын көре аламыз. Себебі құқық саласының кез келген ситуациядан шыға алғанына қарап, жақсы дамып жатқанын байқауға болады.

Мысалы бұрын адамдарды табу оңай болмады. Оларды іздеу біраз уақытымызды алатын. Ал қазіргі дамыған техника осы мәселемізді жеңілдетті. Бұрын кейбір істер кешіктірілген болса, қазір бәрі уақытында, тіпті, уақытынан бұрын шешіліп жатыр. Сонымен қатар кейбір оңай істерді мемлекеттік органдардың өзіне, нотариустерге бердік. Кейбір істерді бұйрық шығару арқылы өндіруге болатын қылып жасадық. Бұл бізге уақыт жағынан тиімді болды.

– Халықты құқықтық сауаттылық жағынан бұрынғы кезбен салыстырмалы түрде алға жылжыды дей аламыз ба?

— Әрине, қазір халық құқықтық сауаттылық жағынан дамыған. Мысалы қазіргі кезде адамдар сотқа юрист, заңгерсіз қатысып жатыр. Себебі олар конституциядағы заңдарды, өздерінің құқықтарын біледі.

Бұрын заңгер табу қиын еді. Қала бойынша 15-20 заңгер болған болса, қазір бұл оңай шаруа. Бүгінде олардың арнайы палаталары құрылды. Арнайы адвокаттық палаталар бар. Заңгерлердің бір емес, бірнеше палаталары бар. Қазір заңгерлердің саны 100-200-дей болған шығар. Заңгер табу өте оңай болып қалды. Тіпті, қажет болса, құқықтық көмек тегін көрсетіліп те жатыр (медиаторлар көмегі бар).

Сол себепті халықтың құқықтық сауаттылығы жақсы дамыған деп айта аламын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ақмарал БЕРЕКЕТ,

«Адырна» ұлттық порталы

Басқалармен бөлісе отырыңыз

«Қош бол, аяулы мектебім!»
— Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, аяулы мектебім!» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, жиналған ата — ана, ұстаз,
Салтанатсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қанат қақты,
Он бір жылда оң — солын таныған жас.
Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертең азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолдап отыр!- деп ортаға 2014 жылғы Жас түлектерді қошеметпен шақырайық.
2014 жылғы түлектер:
1.
2.
…………………
Аяулы түлектер! Бүгінгі аттестат алу кешіне қош келдіңіздер. Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Қызығы мен қуанышы араласқан он бір жыл он бір күндей өте шыққаны қандай өкінішті… Мектептің алаңсыз күндерін сағынар сәт те алыс емес. Бүгінгі күн — сол шаққа нүкте қояр мезеттер.
Бүгін міне жиналыпты қонақтар,
Кез де келді бүгін міне, жыр ақтар,
Сыңғырлаған қоңыраудың үндері,
Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.
Қимас сезім жүректерде алаулап,
Түлектермен қоштасардай атырап.
Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,
Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.
Бүгін міне есте мәңгі сақтар күн,
Алып ұшқан түйініндей хаттардың.
Түлектерге қимас сезім сыйлаған
Куәсіндей балалық бал шақтардың.
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата — ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!- деп аттестат алу кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
(Әнұран ойналады)

Бүгінгі «Қош бол, аяулы мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.

1. Әйке селолық округінің әкімі:
2. «Айгөлек» бала бақшасының меңгерушісі:

Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз
1.
2
3.
4.
қатысып отыр. Қош келдіңіздер!
Алғашқы құттықтау сөз сөйлеуге ортаға мектебіміздің басшысы ————————— шақырамыз.

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама —
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу рәсімі де келіп жетті. Аттестат тапсыру құрметі мектеп директоры ———————— мен оқу ісінің орынбасары ——————- тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз ————— беріледі.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз ————— беріледі.
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір – дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: ————— апайға беріледі.
Класты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас — қағым — деп 5 кластан бері түлектерімізге жетекшілік еткен класс жетекшілері ———————————— беріледі
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын: ———————————
Құтты болсын ата — ана қуанышың
Жасқа толды кәмелет жұбанышың
Қанат қомдап ұядан ұшқалы тұр
Бір биікке күні ертең шығары шын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата — аналары атынан беріледі.
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз — қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз «Қоштасу вальсін» билейді.
Болдыңдар ғой кіп — кішкентай балдырған,
Еркелікпен талай есті тандырған.
Енді жерді жеті айналып шықсаң да,
Балалық шақ қайта келмес алдыңнан
Хор «Қош бол мектеп»
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер, келешек еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, ұстаздарыңды, достарыңды, осы салтанатты кезеңдерді естен шығарма!
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!- деп түлектерімізді үлкен өмір жолына ақ жол тілеп, шығарып салайық!
Құрметті түлектер сіздерге Сәт — сапар және ақ жол тілейміз. Өйткені болашақтарыңыз бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өміріңізге жаңа бағыт, жолдама алып отырсыздар. Ендеше тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін! Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Ардақты қонақтар, ұстаздар және ата — аналар «Қош бол, аяулы мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды. Жүздескенше сау саламатты болыңыздар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сот отырысы сценарий
  • Сочинение на тему мусульманские праздники
  • Сочинение на английском про праздник день благодарения
  • Сосут на празднике
  • Сочинение на тему мой самый любимый праздник пасха