Спорт денсаулы? кепілі сценарий балаба?шада

Та?ырыбы:К??ілді стартМа?саты:Балаларды? денесін шыны?тыру?а,денсаулы?ын ны?айту?а,д?рыс ?сіп ?алыптасу?а ?йрету,жарысу?а,жарыста же?імпаз болу?а ?мтылуын дамыт

Та?ырыбы:»К??ілді старт»

Ма?саты:Балаларды? денесін шыны?тыру?а,денсаулы?ын ны?айту?а,д?рыс ?сіп ?алыптасу?а ?йрету,жарысу?а,жарыста же?імпаз болу?а ?мтылуын дамыту.Жаны таза ?рпа?ты салауатты ?мір салтына т?рбиелеу.

??рал-жабды?тар:Доп,калош,к?к?ністер,жемістер,ар?ан.т.б

Саба?ты? барысы:

Ж?ргізуші:С?леметсіздер ме балалар,т?рбиешілер ж?не отыр?ан ?она?тар.

Б?гін Еркетай ша?ын орталы?ында ал?аш рет ?ткелі т?р?ан «К??ілді старт» сайысына ?ош келді?іздер.

Ал,к?некей,?она?тар,

Орта?а назар салайы?.

Ойыншылар келеді,

?ол со?ып, ?арсы алайы?.

Ж?ргізуші:-Сайыс бол?ан со?  ж?зден ж?йрік,мы?нан т?лпарын та?айындайтын ?діл?азылар болу керек.Олай болса,?діл?азылар ал?асымен таныстырып ?тейін:

1.4-сынып м??алімі Бижанова Б.

2.Мектепті? ?леуметтік педагогі:Карманова С.

Ж?ргізуші:Келесі кезекті «Айг?лек» тобында?ы Ренат пен Диасты? орындауында «Отан» ?ле?іне берейік.

Екінші кезекті «Балд?урен» тобында?ы ?ыздарды? орындауында би.

Ал енді кезекті ойыншылар?а береміз.

«С???ар» тобы;

Бір,екі,?ш.

Спорт берер к?ш.

Жарыс?а сен дайын болса?,

?анат ?а?ып ?ш.

«С?лтан» тобы:

Б?гін жарыс ба?шада,

?уанады бар бала.

«К??ілді старт»ойыны

Шатты? сыйлар барша?а

Ж?ргізуші:Ал, к?не,жарысымызды бастаймыз,

                     Бір-бірімізді ?остаймыз.

1.Жалауды тез жеткізу.

2.Кедергілерден ?ту.

3.Туннельді? ішімен ?ту.

4.Доп?а отырып жарысу.

5.Калош киіп ж?гіру.

6.Ар?ан тарту.

Ж?ргізуші:Б?гін міне о? болып ?р ісіміз,

Жо?ары боп к?ш-жігер намысымыз.

Осылайша ?уанышпен думандатып,

Ая?талды халайы? жарысымыз.

?діл?азылар:

?ортынды с?з. ??тты?таулар.

Просмотр содержимого документа

«Спорт — денсаулы? кепілі »

Күні : 21.01.19ж

Білім беру саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қауіпсіз-мінез құлық негізі

Сабақтың тақырыбы: Спорт денсаулық-кепілі

Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру. Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негізін қалыптастыру.Салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру.

Көрнеліліктер: Тақырыпқа байланысты түрлі суреттер, ведио .

Пән аралық байланыс: Қауіпсіз мінез құлық негіздері, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өткелі тұр себебі бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше қонақтармен амандасып алайық. Барлығымыз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық .

Шаттық шеңбері

Армысыздар қонақтар!

Армысызда достарым!

Болсақта біз кішкентай,

Ойнау үшін шаршамай!

Құру үшін сән – саулық!

Керек жақсы денсаулық!

Басты байлық – денсаулық!

Жарайсыңдар балалар, енді орнымызға жақсы көңіл – күймен отырып сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

Балалар бүгінгі біздің Сөйлеуді дамыту сабағынан өтетін тақырыбымыз Денсаулық еліне саяхат.

Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіздер? ( Балалардың пікірін тыңдау)

Денміміз сау болу үшін не істеуіміз керек? ( Балалардың пікірін тыңдау)

ІІІ. Ой ашар сұрақтар

Балалар мен сіздерге денсаулыққа, тазалыққа байланысты жұмбақтар, сұрақтар жасырамын сіздер шешуін табыңыздар жарайма.

  1. Ол судан қорқады , одан кір қорқады. (сабын)

  2. Тіс тазартатын құралдар ( тіс щеткасы мен тіс пастасы)

  3. Денені шынықтыратын, денсаулыққы әсері мол сабақ (дене шынықтыру)

  4. Адам өміріне ең қажетті заттар ( ауа, су, жылыу, жарық, тамақ)

Өте жақсы балалар жарайсыңдар!

Балалар енді мен сіздерге жеке бас тазалығы жөнінде айтайын.

Жеке басымыздың тазалығын сақтау — таза жүру, таңертеңгі жаттығуларды жасау, Тырнақты өсірмей уақтылы алып жүру. Және күн тәртібін сақтау. Мектепте де,үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді күніне 2рет жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау. Жеміс – жидектерді жуып жеу. Тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналыс, таза жүру.

Тақырыпқа байланысты видео көрсету.

Балалар біз өткен сабақтарда денсаулыққа байланысты мақалдар жаттаған едік қане есімізге түсірейіші кім айтады(балалар мақалдарын айтады.)

Дәптермен жұмыс.

Балалар енді дәптерімізбен жұмыс жасайық. Қане, барлығымыз бірінші тапсырмадағы бірінші суретке қарайықшы . Балаларға ат қояйық. ( Балалар ат қояды) Енді балалар не істеп жатыр. (Балалардың іс – қимылы туралы сұрақтар қойылады балалар әңгімелейді.)Екінші суретке қарайық бұндада балаларға ат қояйық.

Балалар не истеп жүр?

  • Балалар сендерге ден шынықтыру жаттығуы ұнай ма?

  • Сендерге қандай жаттығулар мен ойындар ұнайды?

(Балалар сұрақтарға жауап береді)

Енді балалар мына дәптеріміздегі тақпақты мен оқып берейін сосын бірге жаттаймыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз. ( Мұғалім үш рет балалармен бірге айтады содан соң жаттаған балалардан сұрайды.)

Балалар дәптердегі екінші тапсырманы орындамастан бұрын тақтаға қараңыздаршы. Дәрігермен спортшы өздеріне қажетті құрал жабдықтарын бөлісе алмай жүр соларға көмектесейік тақтаға екі оқушы шықсын біріншісі дәрігерге екіншісі спортшыға құралдарын жинасуға көмектессін.

Жарайсыңдар балалар!

Енді екінші тапсырманы орындауға болады Спортқа қажетті құралдарды – көкке , емдеуге қажетті құралдарды қызыл түспен бояймыз.

Балалар енді бойымызды сергітіп алайық. Денсаулығымыз жақсы болу үшін көңілді де жүруіміз қажет сондықтан барлығымыз көңілді күн деп аталатын сергіту жаттығуын жасайық.

Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар.

Енді дәптердегі үшінші тапсырманы орындайық . Бұл тапсырмада біз құралдарды иелеріне сызықпен қосамыз.

  • Олар қандай спорт түріне арналған? Қалай аталады?

4 тапсырма Мақалдың мағынасын түсіндір.

Денсаулық зор байлық.

Дені саудың жаны сау. (Мақалдың мағынасын түсіндіремін)

Кері байланыс.

  • Тақтаға қарайықшы қайсысы дұрыс ағаштан алманы ала салысымен жеуге болама әлде бірінші жуып аламызба кім маған дұрыс суретті көрсетеді? ( бір бала шығып дұрыс суретті көрсетеді)

  • Балалар деніміз сау болу үшін не истеуіміз қажет?

  • Тісімізді күніге неше рет жуу керек?

  • Әрдайым спортпен шұғылданған дұрыспа?

  • Күнде жуыну керекпе?

  • Жеміс – жидектерді жеместен бұрын не истеуіміз керек?

Жарайсыңдар балалар енднше барлығымыз ортаға шығып сабағымызды мынадай өлен жолдарымен аяқтайық.

Денсаулық ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі

Жүйке, тамыр жүйесі

Денсаулық ол күлуің

Денсаулық ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Денсаулықты сақтаймыз

Жадымызда ұстаймыз

Апайымыздың кеңесін!

Денсаулық — ел дамуының басты арқауы.

Денсаулық – жеке адамның басты байлығы.

Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты.

Бүгінгі дені сау ұрпақ елдің ертеңгі жалғасы иә балалар сондықтан денсаулығымызды күтеміз

— деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО облысы білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

«Бекітемін» __________

Әдіскер: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» __________

Сынып жетекшісі: Қожахметова Ж.Ф.

Тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: « Спорт – денсаулық кепілі!»

Өтетін орны: «№ 4. ЖОББМ» КММ

Сынып: 7 «а»

Мерзімі: 13.02.2017ж.

Тобы: 26 «ә»

Машықкерлер: Төлеуханова Б.

Баға: « ___ » ___________________

« ___ » ___________________

Семей, 2017 жыл

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға баулу.

Міндеті:
Білімділік:   Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: Дұрыс күн тәртібімен жүруге, жарыс кезінде әділдікке, жолдастық сезімге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс (эстафеталық ойын)

Формасы: топтық

Әдіс-тәсілдер: ой толғаныс, сұрақ-жауап

Техникалық құрал-жабдықтар: әуен

Көрнекілігі: қапшық, бел айналдыратын, доп, шелек

Тәрбие сағатының кезеңдері:

І. Ұйымдастыру бөлімі

— жаттығу жасау

— топтарды таныстыру
ІІ. Сайыс кезеңдері
1. Таныстыру

2. «Епті де, жүйрік» сайысы.
3. «Кім шапшаң» ойыны

4. «Кедергілер» ойыны

5. «Өрмекші» ойыны

6. «Қаппен секіру» ойыны

ІІІ. Қорытынды

Тәрбие сағатының барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер «Спорт– денсаулық кепілі» атты спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Сыныптан тыс іс-тәжірибе жетекшісі – Кабимолдина А.К.
2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Айсұлу Өркеновна
3. 26 «ә» топ машықкері – Аймаханова Аңса

Енді топтарды ортаға шақырамыз.
1. «Күншуақ» тобы

2. «Жұлдыз» тобы

3. «Денсаулық» тобы

Қош келіпсіз, бүгінгі көрерменім
Жиналып отырсыздар топтардың өнерлерін
Сергітер деп ойлаймыз, бүгінгі кеш
Тамашалап отырсаңыз спорттық бөлімдерін
Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
Сайысымыздың басталуы.
1.Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.
«Күншуақ» тобы
Ұраны: Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы
Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала
Бүгінгі спорт ойыны
Шаттық сыйлар баршаға.

«Денсаулық» тобы

Ұраны: «Дені саудың – жаны сау!»

2. «Епті де, жүйрік» сайысы.

Шарты: Сіздер 1 қатарға тұрасыздар. Алдыда тұрған топ басшысы допты аяқтарынан астынан допты береді. Ең соңғы оқушы допты алып жүгіріп, қабырғада ілулі тұрған жұмбақтың шешімін табуларыңыз қажет. 1,2,3 дегенде бастайсыздар.

Іске сәт!

1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
6. Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
7. Көзінен жас кетпейді
Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
8. Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)

9. Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)

10. Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі)

11. Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым. (шаңғы)
12.Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды,
Бір – бірінен озбайды. (коньки)
13.Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады (сабын)
14.Дәмі де жоқ ,Түсі де жоқ (су)
15. Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе,
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіңе (Доп)

3. «Кім шапшаң» ойыны
Шарты: Қолдарыңызда 1 қасық суды ұстайсыздар. Отырып алдыға жүріп жеткеннен кейін қасықтағы суды шелекке құясыздар. Артқа қайтып келесі қатысушыға қолыңызды пергеннен кейін ғана жүгіре алады. Әділ-қазы алқасы шелектегі су мен ең бірінші жеткен топтың бағасын қорытындылап шығарады.

4. «Кедергілер» ойыны

Шарты: Екі бала допты арқаларыңызға қойып жүресіздер. Одан ары қарай орындықты айланып қайтадан солай қайтасыздар. Ең соңғы қалған бала баскетбол добымен жүгіріп барып қайтады.

Ескерту: допты түсірмеулеріңіз керек.

5. «Өрмекші» ойыны
Шарты: Ойыншы өрмекші сияқты өрмелеп ортаға дейін барып, ортадағы секіретінмен 10 рет секіріп орындықты айналып, кері қайтқан кезде өрмекші болып қайтасыздар. Әділ-қазы алқасы топтардың қорытынды бағасын шығарады.

6. «Қаппен секіру» ойыны

Шарты: Қатысушы қаппен мәреге дейін секіріп барып, орындықты айналып, кері қайтқанда дәл солай қайтасыздар.
Қорытынды: (марапаттау)

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар — деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Таныстыру

«Епті де, жүйрік» сайысы.

«Кім шапшаң» ойыны

«Кедергілер»

«Өрмекші» ойыны

«Қаппен секіру»

«Күншуақ» тобы

«Жұлдыз» тобы

«Денсаулық» тобы

5 – өте жақсы

4 – орташа

3 — төмен

1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады.

________________

2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.

___________________

3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында.

_____________________

4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе.

___________________

5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр.

________________

1. Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді?

__________________

2. Көзінен жас кетпейді
Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді?

___________________

3. Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді?

___________________

4. Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі.

____________________

5. Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не?

___________________

1. Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым.

______________________

2.Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды,
Бір – бірінен озбайды.

_______________________
3.Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады

__________________

4.Дәмі де жоқ ,Түсі де жоқ

____________________

5. Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе,
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіңе

________________

Пән: Дүниетану Мектеп:Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі
Күні:22.11.19ж Мұғалімнің аты-жөні: Есенбаева Айнаш Калидуллаевна
Сынып: 3«г» Қатысқандар саны:25 Қатыспағандар саны:
Бөлім
Бөлімше: Уақыт
Денсаулық және қауіпсіздік
Сабақтыңтақырыбы: Спорт-денсаулық кепілі
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме) 3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және
Өзінің бойындағы қабілеттерін анықтау.
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар:
– Адамдар неүшін спортпен айналысатынын түсіндіреді;
– Қыстық және жаздық спорт түрлерін ажырата алады.
Көптеген оқушылар:
– Қандайда бір спорт түрімен айналысуға қажетті негізгі қабілеттерді және өзінің бойындағы қабілеттерді анықтайды;
– Тақырыпты талқылайды, пікірлерімен бөліседі.
Кейбір оқушылар:
– Белгілі бір спорттүрін таңдағаны нақатысты өзінің пікірін дәлелдейді;
Өзінің мектебіндегі(ауылындағы,қаласындағы)спортсекциялары туралы ақпарат жинайды.

Тілдікмақсат Оқушылар өзінің туабітті қасиеттерін есепке ала отырып денсаулықты нығайту үшін спортпен айналысу қажеттілігі жайында талқылайды және соған қатысты шешімдер шығарады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Спорт, спорт түрлері, спортпенайналысуғаарналғанадамбойындағытуабіттіқасиеттер, спорт жарыстары, олимпиада ойындары.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Спортпен айналысу денсаулықты нығайтады, көрікті сымбат сыйлайды, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады, төзімділікке үйретеді, иілгіштікті дамытады.
Талқыланатын мәселелер:
– Спорттың қандай түрлері бар?
– Адамдар спортпен қандай мақсатта айналысады?
– Спорт адам мінезіндегі қандай қасиеттерді қалыптастырады?
– Спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттердің қандай маңыздылығ ыбар?
Жазылым:
Үлгі бойынша сөйлем құрастыру: «Спорт дегеніміз – …».
Құндылық Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жас айалу, ынтымақтастық.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану,математика
АКТ-нықолданудағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білім Спорт туралы қарапайым түсініктер
Жоспар

Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру. Ойсергек.
Шеңбер құру

Спорт – сенің серігің
Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды
Қимыл менен қозғалыс

Сабақтың ортасы Ой қозғау.
Бейнеролик көру «Денсаулық» Интербелсенді тақта

Жаңасабақ

-Бұл бейнероликтер не ұқтыңдар балалар?
-Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
Жақсы олай болса, бүгін біз спорт жайында әңгімелейік.
-Спорт дегеніміз не?
-Спортпен қайда айналысады?
-Адамдар спортпен не үшін айналысады?
Тақтада сөздер жазылған қима қағаздар тұр. Бір-бір оқушыдан шығып, қағаздардың спортқа қатысы барын,спорт сөзінің қасына орналастырамыз.

Денсаулық Жақсы көңілкүй Сымбатты мүсін

Өзіңе деген Спорт Зиянды әдеттерден

сенімділік арылу

Жақсы ұйқы

Бүгінде әлемде 200-ден астам спорт түрі бар деп есептелінеді. Осындай көп спорт түрлерін қалай реттеуге болады?
Спорт түрлерін әртүрлі топтарға бөледі. Мысалы, өткізу уақытына қарай қыстық және жаздық болып бөлінеді.Ақыл-ойды дамытатын және ұлттық ойындар.

Жұптық жұмыс
Сорт түрлері туралы түсінік береді.
1.Қысқы спорт түрлері
2. Жазғы спорт түрлері
3. Ақыл- ойды дамытатын
4. Ұлттық ойындар

Бағалау Медальдар арқылы

Қима қағаздар

Топтар бір-бірін медаль арқылы бағалайды

Оқулықтағы «Сен білесің бе?»айдарындағы мәтінді оқимыз.
-Балалар! Соңғы Олимпиада ойындары қашан және қайда өтті, кім біледі? Қазақстандық спортшылардан кімдер жүлдегер атанды?
Олимпиада ойындары 4 жылда 1 рет өткізіліп тұрады. Соңғы Олимпиада ойындары 2016 жылы Рио до Жанейрода болды. Біздің қазақстандықтар 17 медальмен оралды. 3 алтын, 5 күміс, 9 қола. Олар Ольга Рыпакова, Василий Левит, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Дариға Шәкілова тағы басқалар.
-Білетіндерге жарайсыңдар дегім келеді! Ал қалғандарыңа ғаламтор ресурстарына жүгініп, олимпиада жайында ақпарат алуларыңа кеңес беремін.

Бағалау медаль арқылы

– Сен қандай спорт түрімен айналыссам болады деп ойланып жүрсің?
Құрдастарың Айжан мен Асқар қандай ойда екен. Біліп көрейік. Олардың алға қойған мақсаттары қандай, оқыңдар. Кімнің жауабы саған жақын? Айжанның ба, Асқардың ба? Неліктен?
(Т) «Позицияны ұстан» стратегиясы(жеңілдетілгенн ұсқасы). Бір пікірді таңда және солпікірді қорғайтын бір дәлел айт.
Пікірді таңдауға және оған дәлел табуға 1 минут беріледі.
Ниет білдірген оқушылар ортаға шығып, кімнің пікірін қолдағандарына қарай тақтаның екі жағына тұра бастайды. Алдымен бірінші топ сөйлейді (мысалы, Айжанның пікірін қолдағандар), сосын екінші топ сөйлейді.
Мұғалім пікірталасты қорытындылайды.

Бағалау медальдар арқылы

Сергіту сәті
Дене жаттығуларын бейнероликтен қайталап орындау.

Микрафон әдісі
Сыныбымыздағы бокс спортымен айналысатын Алдиярдан Дильнз сұхбат алды.
-Алдияр бұл спортпен неше жасыңнан бастап айналысасың?
-Бұл спортқа қалай бардың, кім апарды?
-Қанша медалің бар?
-Жеңіске жеткенде қандай сезімде боласың?
-Жеңілген кездерің болды ма?
-Бізге бір прием көрсетесің бе?

Бағалау медаль арқылы

Қима қағаздар

Сабақтың соңы Қандай спорт түрімен айналысатыныңды тек қана өзің шешесің. Біреулер сүйікті актерлеріне немесе әншілеріне еліктеп, солардың айналысатын спорт түрлерін таңдайды. Біреулер достарына серік болып спорт секцияларына барады. Біреулер ата-анасының ұсынысына байланысты спорт түрін таңдайды. Ең бастысы, өзіңе ұнайтын спорт түрін таңдау керек.

(Ө) Егер сен спортпен айналысам деп шешім қабылдасаң. Өз іс-әрекеттеріңді ретімен жаз. Ол спорттың қандай түрі? Таңдау себебің қандай? т.б. Ал егер әлі спорт түрін таңдамаған болсаң төмендегі сөйлемдерді толтырып, орындауға тырыс.
Сөйлемдегі бос орындарды толтыр
Мен (спорт түрі ) айналысқым келеді,себебі

Солсебепті мен бұл спорт түрінтаңдаймын.

Медальдар арқылы бағалау

Ал егер спорттық секцияларға мүлдем жазылғың келмесе ше? Мүмкін сен сурет салу немесе музыкамен, математика немесе гербарий жинаумен әуестеніп жүрген шығарсың. Әлде денсаулық жағдайыңа байланысты саған спортпен айналысу зиян шығар. Осындай жағдайларда не істеу керек?
(Т) Оқушылар пікірлерін айтады. Мысалы, қозғалысы көп өмір салтын ұстану: серуендеу, аулада құрдастарыңмен ойнау, жаяу жүру және мектепте денешынықтырумен айналысу.
Мұғалім: – Балалар, сендердің айтқан пікірлеріңмен мен де келісемін!
Кім салауатты өмір салтын қолдайды, қолдарыңды көтеріңдер! Денімізсау болу үшін, не істеуіміз керек? Кім біледі?
Оқушылар: Шынығу керек!
Мұғалім: Егер денің сау болсын десең, үнемі шынығып жүр. Ағзаны шынықтырудың көптеген жолдары бар. Мысалы сүлгіні суға малып алып, онымен денені ысқылау, салқын сумен құйыну, күн сәулесі ваннасын қабылдау.
Суреттердегі спорт түрлері қыстық па әлде жаздық па анықта. Алдымен спорттың жаздық түрлерін, сосын қыстық түрлерін ата.

Пантомима: ыммен немесе қозғалыспен қандай да бір спорт түрін бейнеле. Қалғандары жауабын табады.

Рефлексия

Тақтада алма ағашы суреті ілініп тұрады. Оқушылар стикерге өздерінің осы сабақта алған білімдері туралы жазып, ағашқа астына жапсырады

Оқушылар алған медальдарын санайды. Ең көп медаль санына байланысты орындар беріледі. 1- орын, 2-орын,3-орын

Үйге тапсырма
Әртүрлі дереккөздерден(ғаламтор ресурстары, қосымша әдебиеттер, үлкендерден сұрау) белгілі бір спорт түрімен айналысу үшін (өзің таңдаған спорт түрін жаз)қандай қабілеттер болу керек екенін анықта.

Электрондыоқулық

Стикерлер

Қосымшамағлұматтар
Дифференциация –
Сізоқушыларғакөбірекқолдаукөрсетуүшіннеістейсіз?Қабілеті
жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаберудікөздепотырсыз? Бағалау – Оқушылардыңақпараттықанша- лықтымеңгергенін
қалайтексересіз? ПәнаралықбайланысҚауіпсіздікережелері АКТ-менбайланыс
Құндылықтарменбайланыс (тәрбиелікэлемент)
Ойлану
Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыжүзегеасырымдыболдыма?
Бүгіноқушыларненіүйренді? Сыныптағыоқуатмосферасықандайболды? Дифференциацияныжүзегеасыруқолымнанкелдіме? Менжоспарланғануақытымдыұстандымба? Менжоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен? Төмендеберілгенбөлімдіосысабақтуралыойларыңыздыжазуүшінпайдаланыңыз. Солжақ
бағандаберілгенсабағыңызғақатыстыеңмаңыздысұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сәттіөткенекінәрсеніатапкөрсетіңіз (сабақберужәнеоқытуғақатысты):
1.
2.
Қандайекінәрсесабақтыңодандажақсыөтуінеықпалынтигізереді (сабақберужәне
оқытуғақатысты)?
1.
2.
Осысабақбарысындасыныпнемесежекеоқушылартуралыменіңкелесісабағыма
дайындалуүшінқажетболуымүмкінқандайақпараталдым?

Тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Қауіпсіз мінез — құлық негіздері
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды адамның ең маңызды негізгі мүшесі – жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Спорт, дене шынықтырудың маңызы туралы түсінік бере отырып, сабақ барысына қимыл қозғалысты енгізу.
Тәрбиелілігі: Би арқылы ширақтылығын арттыру, тақпақ, мақал мәтелді жаттау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, достыққа, бір – біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Спорт түрлері бейнеленген суреттер, А — 4 қағазы, түрлі түсті қарындаш, әліппе – дәптер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
— Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
(ойыншық жүректі бір — біріне ұсынып, лебіздерін айтады)
— Намысты бол, жігерлі бол, әділ бол, сезімтал бол, жаңашыл бол, салмақты бол, турашыл бол, шешен бол, өнерлі бол, адал бол, күшті бол, мейірімді бол, ақылды бол, қайратты бол, сыпайы бол, көңілді бол, білімді бол.

II. Негізгі бөлім.
— Балалар бүгін аптаның қай күні? (бейсенбі)
— Бүгінгі сабағымыз қауіпсіздік негіздері.
— Сабағымыздың тақырыбы «Спорт — денсаулық кепілі».
Балалар, біз күнделікті таңертеңгілік ұйқыдан тұрғаннан соң не жасаймыз? (ертеңгілік жаттығу) Таңертеңгілік жаттығу, спортпен шұғылдану, денемізді шынықтыру арқылы біз денсаулығымызды, дене бітімімізді шынықтырамыз. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана біледі. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Адамдар әрқашан қимыл қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып, жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денсаулығымызды сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болуымыз қажет. Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
(тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Мақал мәтелдер.
1. Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.(Дулат)
2. Денсаулық — зор байлық.(Ислам)
3. Дені саудың – жаны сау (Ерасыл)

Жұмбақ
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат (жүрек)
— Тазалық — денсаулық негізі, денсаулық — байлық негізі.
Адамның ең маңызды мүшесі ол – жүрек. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек қан айналымын реттейтін мүше. Жүрек ауырмауы үшін спортпен айналысу қажет. Дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру қажет.
( Тақтаға спорт түрлерінің суреті ілінеді)
— Балалар мына суретте спорттың қандай түрлерін көріп тұрсыздар?
— Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қозғалмаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады. Әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды, бұлай ету жүректі әлсіретіп алады.
Сендердің жүректерің өз жұдырығыңның көлеміндей. Адамда жүрек біреу ғана, оны сақтау қажет.
Тақпақ
1. Денсаулық ол — күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай. (Рустамбек)

3. Спорт – көркі өмірдің,
Спорт — досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың,! (Қайрат)
4. Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай (Нұртас)

Сергіту сәті.
Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.

III. Қорытынды.
— Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
— Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?
— Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығуды жасайды?
• Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.
• Жүрек үнемі демалыссыз жұмыс істеп тұрады.
• Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі
— Балалар өз жүрегіміздің суретін қағаз бетіне түсіріп көрейікші.
(Балаларға бояу қарындаш пен қағаз беріледі)

Қорытындылау «Жүректен — жүрекке»
— Күлімдеген күн мейірімді!
— Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
— Таза мөлдір су мейірімді!
— Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
— Аяулы анам мейірімді!
— Қадірлі әкем мейірімді!
— Әлпештеген әжем мейірімді!
— Еркелеткен атам мейірімді!
— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
— Тату — тәтті достарым мейірімді

Атырау қаласы, Атырау облысы,
Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Кузембаева Лайла Сеиткалиевна

Сабақтың тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі

Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Білімділік:           Оқушыларға  спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра 

                               отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту. 

Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата   

                              отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік 

                               дұрыс жалғануын бақылау) 

Тәрбиелілік:      «Спорт — денсаулық кепілі» деген сөздің    

                               мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін    

                                арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:      жаңа сабақ

Сабақтың түрі: тіл дамыту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс

Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, видео

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт». Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

«Менің отбасымның атаулы күндері»тақырыбы туралы  әңгімелеу.

ІІІ.  Жаңа сабақ

Тақтада спорт тақырыбына бейнесюжет көрсетіледі. Осы сюжетке сай біздің бүгінгі тақырыбымыз «Спорт — денсаулық кепілі» 

2. Лексикалық минимум: 

Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, велосипед, коньки тебу, допты тебеміз, айналысамын, ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.

3. Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.

Спорт адамға пайдалы. Спорт үйірмесінде секіреміз, жүгіреміз. Мен допты тебемін. Арман велосипед тебеді. 

4.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалог құрастыр.

Сәлем!

Сәлем!

Сен қайдан келесің?

Мен …..   спорт кешенінен келемін.

Онда не істедің?

Онда футболға бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.

Үйірмеге қатысасың ба?

Мен футбол үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.

Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?

Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің. Сен жаттығасың. Ол жаттығады.

Сен ….     спорттан жарысқа қатыстың?

Мен  футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.

5. Сергіту сәті. 

Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.

6. Мәтінмен жұмыс. 

Тыңдалым. Балалар  мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?

Бұл жерде қысқы олимпиада болды.

Енді Алматы қаласынан  Абылай хан деген бала сендерге хат жазып жіберіпті.

Сәлем хат!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым – Абылай. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велосипед спортымен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде  жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Менің жаттықтырушым  Төлеген ағай.  Мен Қарағанды қаласына шаңғымен сырғанаудан  жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым сенің де спортпен  айналысқаның дұрыс. 

8-тапсырма Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.

пайдалы Упражнение

секіреміз Полезно

жүгіреміз Прыгаем

жаттығамыз Катаься на коньках

коньки тебу Занимаюсь

айналысамын Бегаем

намысын қорғаймын Защищаю честь

былғары қолғап Спортивный 

9-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.

Балалар     ….            алды.  Мен   ….       тебемін.  Біз  таудан    …    сырғанаймыз.   Мұз айдынында   ….   тебеміз.  Айбек   ….    киді. Мен  …   сатып алдым. Мен   ….   спортымен  айналысамын. 

(Балалар доп алды. Мен велосипед тебемін. Біз таудан шаңғымен сырғанаймыз. Мұз айдынында   коньки тебеміз. Айбек былғары қолғап киді.

10-тапсырма. Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.

СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС

Мен спортпен айналыспаймын

Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.

Мен жарысқа қатыспаймын

Мен шетелге жарысқа бардым.

Мен Қазақстан намысын қорғаймын

Спорт адамға пайдалы

11-тапсырма. Берілген суреттерге қарап, спортшының қозғалысын айтып беріңіз.

Мысалы: Олег велосипед тепті. Оның велосипеді тамаша.

Айдар футбол ойнады. Ол Қайрат командасымен ойнайды.

Мен шаңғы тептім. Маған шаңғы ұнайды.

12-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, І, ІІ жақта айтып беріңдер.

Мысалы: 

Оның аты– Абылай. Ол бос уақытын пайдалы өткізеді. Бос уақытта спортпен айналысады. Қыста шаңғымен сырғанайды, коньки тебеді. Жазда футбол, волейбол ойнайды. Ол велосипед спортымен де айналысады. Ол спорт үйірмесінде  жүгіреді, секіреді, жаттығады. Оның  жаттықтырушысы  Төлеген ағай.  Ол шаңғымен сырғанаудан  Қарағанды қаласында жарысқа барды. Ол екінші орын алды.  Ол  болашақта Қазақстан намысын қорғайды. Достым сенің де спортпен жақсы айналысқаның дұрыс. 

Рефлексия: 

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Бүгінгі сабақта қандай сөздерді меңгердіңіздер?

Үйге тапсырма: Спорт тақырыбында мақалдар жазу

Спорт — денсаулық кепілі

Ашық сабақтар, Балабақша 933 қаралған 2017-06-07

Мақсаты:
Білімділік: Тәрбиешілер арасында ұйымдастырылған сайыс арқылы спорт  туралы  білімдерін  кеңейту, денсаулық  негізгі  қимыл, спорт екенін   ұғындыру. Дамытушылық: Қимыл-қозғалыс белсенділіктерін  дұрыс  орындауға  жаттықтыру,  дамыту.Спортқа  деген  қызығушылықтарын  арттыру. Тәрбиелік: Спортқа  деген  сүйіспеншілікке, достыққа, татулыққа, ептілікке,жауапкершілікке, тәрбиелеу.
Көрнекі  құралдар: Құрсау, қапшық, шар, бодминтон, төсеніш, үңгір, допшалар
Сайыстың барысы: Құрметті  қонақтар, ойыншылар спорт жанкүйерлері  балабақша арасында  ұйымдастырылған  «Спорт- денсаулық  кепілі» атты  спорттық  сайысына қош келдіңіздер!
Спорт-көркі  өмірдің
 Спорт —  досың  серігің
 Жаттықсаң  шымыр  боларсың
 Шынығып өсіп  толарсың  — демекші  бүгінгі  жарысымызға қатысушы  командаларымызды  қарсы  аламыз.
1.№3  «Балдәурен» балабақшасы
№15 «Әлия» балабақшасы
3. №16 «Ертегі» балабақшасы
Жүргізуші: Сайысымыздың  ашылу  салтанатын  тәрбиешілеріміздің  бой  қыздыру  жаттығуларымен  ашуға  рұқсат  етіңіздер.
Жүргізуші:
Өнерге биік  сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы  ел  сенген
Өнерге  баға  беріңіз — сайысты  бастамас  бұрын  бүгінгі ойынға әділ  бағасын  беретін әділқазылар алқасымен  таныс  болыңыздар!
1.ҚБҮО  әдіскері: Қаршығаева  Бақтыгүл  Дәлубайқызы
2.ҚБҮО  әдіскері:  Молдабеков   Асқар  Ыбырайұлы.
3.Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  орталығының  меңгерушісі:  Жаманқұлова  Мұхаддес  Режепқызы
4.№6  «Балапан»  балабақша  әдіскері:  Орынша  Бисебайқызы
Сайыстың  кезеңдерімен  таныстыру;

  1. Таныстыру.(топтың аты, эмблемасы)
  2. Батпақтан өту.
  3. Дәлдеп соғу.
  4. Такси.
  5. Қырықаяқ.
  6. Үңгірден өту.
  7. Көңілді құрсаулар.
  8. Кім епті.
    9.Сиқырлы  допшалар.
    10.Құрбақа
    11.Миға шабуыл

Жүргізуші:
 Ақыл, көрік, сымбат  бойларында  жетеді.
Әлі талай сынақтардан  өтеді.
Мына  отырған  баршаңызға.
Әр команда өзін  таныстырып  өтеді.
1-кезең:  «Таныстыру» эмблемасы, команда  аты.
2-кезең:  «Батпақтан   өту»
шарты: Төсеніштің  қиындысымен  табанның  астына қойып, алға  қарай  жылжып  жүріп  келу.
3-кезең: «Дәлдеп  соқ»
шарты: Бодминтонмен  шарды  ұрып  барып, кейін  ұрып келу.
4-кезең:  «Такси»
шарты: Бірінші ойыншы  үлкен  құрсаумен  жүгіріп барып, қайтарда  келіп  келесі ойыншыны  алып  кетеді.Ойын әрі  қарай  жалғаса береді.
5-кезең: «Қырықаяқ»
шарты: Ойыншылар  аяқтың  арасын  ашып  тізбектеліп, тұрады.Соңғы ойыншы  аяқтарының  астынан  өтеді, ойыншылар бір-бірден  алға  келіп  тұра береді.
6-кезең: «Үңгірден  өту»
шарты: Жүгіріп  келіп,үңгірден  өтіп, қайтарда жүгіріп, келу.
7-кезең:  «Көңілді  құрсаулар»
шарты: Құрсаумен  қос аяқтап,секіріп,барып  қайтарда қапшық киіп секіріп келу.
8-кезең: «Кім  епті»
шарты:Ойыншылар екі-екіден  араларына шарды  қойып жүгіріп  барып келіп,  шарды келесі ойыншыларға беру.
9-кезең: «Сиқырлы  допшалар»
шарты:  Әр  топқа екі  түстен допшалар беріледі, ойыншылар өздерінің  допшаларын  белшікпен  табаққа  жинайды.
10-кезең: «Құрбақа»
шарты: Алдыңғы ойыншы жүгіріп келіп, еңкейіп отырып қалады келесі ойыншы үстінен секіріп өтеді, екі ойыншы кезектесіп секіріп барады, келесі ойыншылар жалғастырады.
11-кезең «Миға  шабуыл»
1.Қазақ  боксының  атасы  атанған  Кеңес одағы  кезіндегі  тұңғыш спорт  шебері  Қ.Р  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы. (Шоқыр  Бөлтекұлы )
2.Қазақ халқының  спорттық ойын түрлерін   ата?
(аламан  бәйге,  көкпар, аударыспақ, ханталапай, асық  ату,  теңге  алу.)
3.1980 жылғы  Мәскеу  олимпиадасының  грек-рим  күресінен Олимпиада  чемпионы атанған тұңғыш  қазақ?  (Жақсылық  Үшкемпіров)
4. 2011ж Қысқы Азияда орындары қай елде, қай қалада  өтті?  (Қазақстан, Астана, Алматы)
5. Атақты түрік балуаны Нұрлының жауырынын  жерге  тигізген  қазақтың  палуаны  кім?   (Қажымұқан  Мұңайтпасов)
6.Маңғыстаудың  мақтанышы ,жүгіргенде  аяғы  жерге  тимейтін  желаяғы  кім?                   (Амин  Тұяқов)
Көрсетті  міне  өз  өнерін  ойыншылар
Сайыстың соңы  келіпте  таянар
Жеңімпазды  анықтайық  қанекей
Әділқазы  сайысты  әділ  бағалар
Әділқазылар  сайыстың  шарттары  бойынша  қорытынды  шығарып  жеңімпазды  жариялай отырып, марапаттау  рәсімін  өткізілді.

Айгаракова Айтолқын Аманбаевна
№16 «Ертегі» балабақшасы
Дене нұсқаушы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Спн гру праздник дата
  • Спорт бэйрэме татарча сценарий
  • Сплошные праздники юмор
  • Спорт байрамына сценарий
  • Сплошные праздники это