Спортшымен кездесу кеші сценарий

Спорт саңлақтары ауылдан шығады.1-жүргізуші: Армысыздар ! Құрметті қонақтар ,ұстаздар және оқушылар.Бүгінгі «Спорт саңлақтары ауылдан шығады» атты кешімізге қош келдіңіздер! 2-жүргізуші: Қызмет қылсаң халқыңа, Игі ат қалар артында- деп қазақтың кемеңгер ақыны Сабит Дөнентаев

Спорт саңлақтары ауылдан шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ! Құрметті қонақтар ,ұстаздар және оқушылар.Бүгінгі «Спорт саңлақтары ауылдан шығады» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Қызмет қылсаң халқыңа,
Игі ат қалар артында- деп қазақтың кемеңгер ақыны Сабит Дөнентаев айтқандай ,біз бүгін қонаққа бұрын осы мектебімізден түлеп ауыл атын ауданға ,облысқа шығарған ,ауылдың белді азаматтарымен кездесу кешін ұйымдастырдық.Кешімізді бастамас бұрын , қонақтарымызды шақырып төрімізге жайғастырсақ.
1) Нұрлы үмітін арқалаған арқаға ,
Жан сәулесін тарататын баршаға ,
Шын пейілмен ізгі ниет көрсетіп
Қонақтарды қарсы алайық қол соға –деп осы кешімізді ұйымдастыруға негіз қойған Барлыбаев Өмірзақ Мамырбекұлына қонақтарымызды таныстырып ортамызға шақыруға рұқсат етіңіздер.
2) Берекемен бірліктің басын құрап
Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ
Бітіргелі мектепті көп жыл өтті
Сағынысып кездесу асыл мұрат

2)Құрметті қонақтар қош келдіңіздер ,
Қадамдарыңыз оң болсын –ал енді қонақтарымыздың спорт жолымен қалай жүргенін соған қалай келгенін білмес бұрын , алдымен барлығына спорт деген не ? осы жайлы түсінік қалыптастыру үшін баяндамаға кезек берейік.Оқитын 10 сынып оқушысы Шаймұратова Мейрамгүл
1)Қымбатты қонақтар алдымен өздеріңіз жайлы қысқаша ғана айтып өтсеңіздер. (Шаймұрат ,Сәмет,Мақсұт,Рүмсия)
1)Бойларында жігер күші тасыған
Кездері жоқ қиындықтан жасыған
Қонақтарым келіп отыр бой түзеп
Арналсыншы оларға бүгін сый құрмет-деп келесі кезекті әсем әнге берсек қайтеді Шынар
2) — әрине Аңсар осында отырған спортшыларымызда барлық адамзат баласы да осы ұстаздардан білім алған онда осы ұстаздарымыздың құрметіне Гүлбақыт Айдынқызының орындауында Ұстазым әнін қабыл алыңыздар,

(торт кіргіземіз ) тор ты өмірзақ мұғалімге айту
1) Ары қарай жалғастырсақ құрметті қонақтар енді сіздермен сыр сұхбат жүргізсек ,Ең бірінші сұрағымыз Шаймұрат ата сізге қойсақ осы жасқа келгеніңізше осындай спорт түрімен айналысуыңыздың қыр сыры неде ?
1) Қазақтың киелі жануарларының бірі ат қандай ұлттық ойынды алсақта ат үстінде өткен .Осыған орай мен келесі сұрағымды Сәмет ата сізге қойсам –атқа қалай міну керек , ат баптаудың түрлерін айтып мына отырған ер жігіттерге бөліссеңіз.
2) (егер қысқа сөйлесе тағы бір екі сұрақ қою )
1) Спорт,спорт ,спорт
Денсаулыққа пайдалы
Секірген әрі жүгірткен
Жаттықтырған адамды –дей келе (еркеназ би тобын ) ортаға шақырайық.

2) Қымбатты қонақтар сыр сұхбатымызды ары қарай жалғастырсақ
Мақсұт ата – сіздің ерекше спорт түрі зілтемір көтерумен айналысқаныңызды естідік Сонда сіз қай кезден бастап зілтемір көтере бастадыңыз? Қандай салмақтағы зілтемірлерді көтердіңіз ?
1)Қәзіргі таңда шаңғы спортының қазақстанда да әлемдік деңгейде де жақсы дамыған . Рүмсия апай және Нәзен апай сіздердің мектеп жасыңызда шаңғымен айналысқан екенсіздер . Сол туралы бізге толығырақ айта кетсеңіздер ?Бұл спорт түрін неге ары қарай дамытпадыңыздар?
2)Мархат аға –ауыл жастарының еркін күрес спортына ден қойып , айналысқанын соған көмек беріп ,қолдау көрсеткен бірден бір адам сізсіз.Өзіңіздің осы спорт түрімен айналысқаныңыз жайлы толығырақ айта кетсеңіз?
2) Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді Тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісің үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім –деп кешімізді жалғастыра отырып бүлдіршін балаларыңыздың орындауында жұптасу биі қарсы алыңыздар.
2)Қонақтарымызбен ары қарай сұхбатымызды жалғастырсақ.Енді осы отырған оқушыларымыздың ойында білгісі келіп жүрген сұрақтарға ,сонымен осы спорт түрімен айналысқысы келетін балалар сұрақ арқылы өз қызығушылықтарын білсе деген ниетпен оқушыларымыздың қоятын сұрақтары болса (5-6 бала)
1) Келесі кезекті «Жас Шынар» үйірме мүшелерінің өлең шумақтарына кезек берсек.
2) –Аңсар кешіміз қызықты әрі көп сұрақтарымызға да жауап алып көп нарсе үйреніп жатқан сияқтымыз ,қалай ойлайсын?
1) –Иә Шынар өте дұрыс айтасын келесі кезегімізді көңіл сергітетін тағы бір әсем әнге берсек
Садвакасов Дарханның орындауында осында отырған жастар өздеріңізге арналады .
1) Құрметті қол күрес спортшылары сіздерге жалпы сұрақ қойсақ, осы спорт түрінен жеткен жетістіктеріңіз,қай жастан бастап айналысқандарыңыз жайлы айтып өтсеңіздер.
2) ЕНді біздің оқушыларымызға осы әдістеріңізді таныстырып қол күрестіріп көрсетсеңіздер!
Ол үшін ортамызға оқушыларымыздан ең мықты деген 2 ұлды шақырып қол күрестірсеңіздер! ( стол алып кіру)
2)Қымбатты қонақтар сіздермен тағыда сұхбат жүргіссек жалпы қазіргі таңда елбасымыздың өзі Н.Ә.Назарбаев спортты алдыңғы қатарға қойған сонымен қатар рухани жаңғырудада солай хабарлаған болатын.Ал енді спортты серік етпеген адамдарға көзқарастарыңыз қандай?
1) Келесі сұрағым өздеріңіздің қазіргі таңда ұрпақтарыңызға салауатты өмір салтын ұстанумен қаншалықты қадағалайсыздар?
2)ЕНді сіздермен шағын ойын ойнасақ
Адамзаттың жылдан жылға өсуі табиғаттың заңдылығы ендеше соның символы сияқты бір нәрсеміз осы қораптың (Асхат Азамат қорап) ішінде осыны тапқаннан к кейін – Иә өте дұрыс айтасыздар ! Енді осы күшіктің түр түсін , қандай тұқымдастан шыққаны туралы айта аласыздар?
1) Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Қызықты күндер тусын алдан әлі
Ән шашу әсем ән түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады –деп Садвакасова Ақнұрдың әнін қабыл алыңыздар.
2)Ән «Астана» Садвакасов Дарханның орындауында қошеметпен ортаға шақырамыз (қатысқан оқушылар шығады , )
Ал енді осы кешімізден сіздерге арналған құрмет ретінде , Гүл шоқтарымызбен , шағын естелік хатымызды қабыл алыңыздар ( 10 сынып оқушылары)
1) Батамен ел көгереді , жаңбырмен жер көгереді –деп Ауылымыздың молдасы Нұртай ағаны бата берумен ортаға шақырамыз.
2) Құрметті қонақтарымыз денсаулықтарыңыз мықты
1) Жанұяларыңыз қуанышқа тола берсін
2) Бүгінгі «Спорт саңлақтары ауылдан шығады»атты кешімізді осы мен аяқтаймыз
Бірге: Жақсылықта ,амандықта жүздескенше ,сау болыңыздар!

Ауылымыздан шыққан спортшылар:
Уасилов Аят
Саңқайбаев Ерлан
Жұмашев Мұхит
Сабанбаев Бауыржан
Қиықбаев Бейбіт
Жөтеков Ілияс
Рыспаев Бағдат
Черікбаев Берік
Рыспаев Мұхтар
Маматаев Есен
Исов Айдар
Зиятов Бақтияр
Түндебаев Сейтқали
Есболов Айдын
Джиынбаев Дархан

"Спорт саңлақтары ауылдан шығады" тақырыбында ауылымыздан шыққан спортшылармен кездесу.

"Спорт саңлақтары ауылдан шығады" тақырыбында ауылымыздан шыққан спортшылармен кездесу.

Ұлан ауданының тумасы, қолкүрестен Әлем Чемпионы

Ораз Басаровпен кездесу кеші

Бағыты: Қолкүрестен Әлем Чемпионы Ораз Басаровпен кездесу

Кездесудің мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа ауданымыздың намысын қорғап, абыройын асқақтатқан Басаров Ораздың үлгісінде салауатты өмір салтын ұстануға, өз туған еліне қызмет көрсетуге тәрбиелеу.

Құралдар: 1) Әдебиет

2) Интерактивті тақта

3) Өлендер

Нысандар: Ұжымдық шығармашылық істер

Нәтиже: Азаматтық тәрбиенің жоғары деңгейіне жетуге ұмтылу

Өтетін күні: 15.10.2015жыл 12:00

Өтетін жері:«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ, №14 акт залында

Акт залы шарлармен, гүлдермен, нақыл сөздермен әдемі безендіріледі. Әдемі әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті оқушылар, ұстаздар, келген қонақтар. Біз бүгін Ұлан ауданының абыройын әлем деңгейінде асқақтатқан жерлес спортшымыз Ораз Басаровпен кездесуге келіп отырмыз! Кездесу салтанатына қош келдіңіздер!

Кездесуімізге арнайы келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік:

Ұлан ауданы әкімінің орынбасары -Мамырбаева Роза Узаковнаға сөз беріледі.

Сөз кезегі арнайы шақырылған мектебіміздің жанашыр демеушілері — Сагинкумаров МайданСагинкумарович және Калиева Гүлдариға Кадылбековнаға беріледі.

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімібасшысының міндетін атқарушы — Окасов Куат Барысовичке сөз беріледі.

Ораздың анасы -Алмагуль Анатольевна және әкесі Ринат Басаровичке осындай жігерлі ұл өсіргеніне алғысымызды білдіре отырып, жаттықтырушысы Уалиев Ерлан Александровичке сөз кезегін берейік.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дейді ғой. Бүгінгі кездесуге Ораз жайлы тағы да біз білмейтін қырларын танығымыз келеді, естігіміз келеді деген мектеп оқушылары келіп отыр екен. Сөз кезегін сұрақтарын қою үшін оқушыларға берейік.Есімініздің тарихы бар ма, есіміңізді кім қойған?Өзіңіздің отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз? Сіз 3 жыл бойықолкүреспен айналыстыңыз, басқа қандай спорт түрімен айналысасыз?Спорт сізге не береді?Сіз қай кезден бастап спортшы болуды армандадыңыз?Кумиріңіз кім?Сіз әлемдік жарыста қазақ елінің туының желбіреп, әнұранының шырқалғанына куә болдыңыз, сол кезде қандай сезімде болдыңыз?Тағы басқа да сұрақтар.Үлкен жарыстарға шығу үшін адамның бойында біріншіден – жігер, рух, намыс болу керек, екіншіден- Отанға деген сүйіспеншілік. Осы екеуі де сіздің бойыңызда бар. Екеуін қалай үйлестіріп жүрсіз. Балаларға айтар кеңесіңіз.«Шоқ қыздар» би тобының мың бұралған биін тамашалаңыздар!

Сөз кезегі Ораздың жаттықтырушысы Уалиев Ерлан ағамызға беріледі.

Ел басымыз Н.Ә Назарбаев былай деген екен: «Ұлы тұлғаларды білмейінше бірде – бір дәуірді дұрыс тану, анық білу, ол кезеңнің тарихи жағдайын айқын аңғару мүмкін емес.Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген қандай қиын — қыстау жағдайда оны орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де дәйім өз жұртының азаматы болып қала берген, ел тарихының шамшырақтары болған». Құрметті Ораз біз де сізге жұлдызыңыз жанып, шырағыңыз сөнбесін, деніңіз сау болып биік белестерден көріне беріңіз деп тілек айтамыз.«М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ атынан Ораз Басаровқа гүл шоғын және естелік табыстау.(дене тәрбиесінің мұғалімі Асанов Б.А.)

Осымен кездесуіміз аяқталды назарларыңызға рахмет!

«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.

Барысы:

1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»  атты мерекелік кешкі кездесу бағдарламасына кешіне қош келдіңіздер! Бағдарлама жүргізушісі мен Төлегенова Іңкәр және менің әріптесім Асылханов Қанат.

2 Жүргізуші : Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым — парасатымен, талғам — танымымен танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

1 Жүргізуші : Ұстаз -барша мамандықтың көш бастаушысы.

Құйылады жыр-ағын, көптендара пырағым.

Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, — деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздарға арналады.

2 Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.
1 Жүргізуші : Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

2 Жүргізуші:Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!

1 Жүргізуші
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

2 Жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

2 Жүргізуші:
 Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне

 қабыл алыңыздар.

1.Жүргізуші:Әл-Фараби: «ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.

2 Жүргізуші
Жәнібек ағай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсең дер тек.

Отаға мектебіміздің І-санатты ұлағатты ұстазы Жәнібек ағайды шақырамыз.

1 Жүргізуші:

-Жәнібек ағай бағдарламамызға қош келдіңіз.

(Жәнібек ағайға сұрақтар)
— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Қазіргі жастар қандай?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Мектеп оқыған кезде балдармен төбелестіңіз бе?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
— Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?

Сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты Шолпан апай анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Отаға мектебіміздің ардагер ұстазы Шолпан апайды шақырамыз.

-Шолпан апай бағдарламамызға қош келдіңіз.

— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Мектепте қалай оқыдыңыз?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

— Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

Шолпан апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

1 Жүргізуші
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздердің дарынды деп атағаны,
Үйреткен, тәлім берген Қарлығаш апай,

Бағдарламамыздың келесі қонағы мектебіміздің ардагер ұстазы Қарлығаш апай.

-Қарлығаш апай қош келдіңіз.

— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Мектепте қалай оқыдыңыз?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

— Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

Қарлығаш апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты Қамажай апай анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

ектебіміздің жоғары санатты ұстазы Қамажай апайды ортаға шақырамыз.

-Қамажай апай бағдарламамызға қош келдіңіз.

— ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
— мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
— алдыңызға қойған мақсатыңыз, түпкілікті мақсатыңыз қандай?;
— орындалмаған арманыңыз бар ма?
— ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
— қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
— кезінде қазақ мектебінің саны азайып, өз тілін білмейтіндер саны көбейген сәттердің куәсі болдыңыз. Сол кезде сіз қандай күйде болдыңыз, өз тарапыңыздан не істедіңіз?
— өмірден нені түйдіңіз?
— қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз. … көңіліңіз тола ма?
— Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
— Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?

Қамажай апай сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

1 Жүргізуші
Кулшира апай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсеңдер тек.

Отаға мектебіміздің жоғары санатты ұлағатты ұстазы Кулшира апайды шақырамыз.

-Кулшира апай бағдарламамызға қош келдіңіз.

— ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
— мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
— алдыңызға қойған мақсатыңыз, түпкілікті мақсатыңыз қандай?;
— орындалмаған арманыңыз бар ма?
— ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
— қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
— кезінде қазақ мектебінің саны азайып, өз тілін білмейтіндер саны көбейген сәттердің куәсі болдыңыз. Сол кезде сіз қандай күйде болдыңыз, өз тарапыңыздан не істедіңіз?
— өмірден нені түйдіңіз?
— қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз. … көңіліңіз тола ма?
— Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
— Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?

Кулшира апай сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

2-Жүргізуші: Сіздердің сұхбатыңызды тыңдау кезінде бізді таң қалдырған жағдай – сіздердің өздеріңізге сенімділіктеріңіз. Сіздердің қиындықтан мойымайтын осынша қайраттылығыңызға, қажырлығыңызға қайран қаламын, қызығамын. Үлкен сеніммен атқарған, атқарар істеріңізге сәттілік болсын демекпіз.

2-жүрг. Іңкәр, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Қанат, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әндеріне кезек берелік.

Ән «……………………………» Орындайтын

2 Жүргізуші:ал енді,құрметті қонақтар, оқушылардың сұрақтарына кезек берсек….

1 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?

4. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
5. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
6. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
7. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.

1- Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар.

2 Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.

1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздарымызбен ойын ойнасақ.

Ұстаздар шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады, сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

2 Жүргізуш: Ұстаздар үлкен рахмет. Орындарыңызға жайғассаңыздар болады.

1Жүргізуші: Қанат, Ұстаздар кім болуды армандайды?
2Жүргізуш: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
1Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой
2Жүргізуші :Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ? 
1Жүргізуші: ммммммммм, әрине 
2Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
1Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
2Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші. 
1Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
2Жүргізуші:— Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Іңкәр, осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай. 
1Жүргізуші: —-яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

2 Жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.

1 Жүргізуші— Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе? 
2 Жүргізуші :яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің … бәрін, бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарымызға береміз.

Ұстаздар сөзі

1 Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым»

2 Жүргізуші:Құрметті Жәнібек ағай, Қарлығаш апай, Шолпан апай, Қамажай апай, Кулшира апай, сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.

1 Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.

Бірге «Біз сіздерді жақсы көреміз!»

1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні аудан орталығындағы білім ордасы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Самбо» күресінен бірнеше дүркін чемпионы, спорт шебері, ардагер спортшы Серікболсын Асырандыұлы Тлебалдинмен «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында кездесу өтті.

Шара «Рухани жаңғыру: бола-шаққа бағдар» бағдарламасы аясында, спорт ардагерінің жолын жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.Спорт ардагері Серікболсын аға жастарға қалай жетістікке жеткендері жөнінде ой өрбітіп, мақсатқа жету жолындағы көрген қиындықтары мен қуаныштарын әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Нұрлан Қайратұлы мен Жанабай Қасенов спорт ардагерінің құрметіне «Аман бол ағаларым», «Мен қазақпын» әндерін орындады.
Мектеп оқушыларына спорт ардагерінің өмірбаяны, жеткен жетістіктері жайында бейнебаян көрсетілді. Мектеп директоры Қажет Жүнісбекұлы кешке қатысушы ардагерге алтын уақытын бөліп, осындай керемет кештің куәсі болғанына ризашылығын білдіріп, сый-сияпат табыстады. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Саягүл Мағауияқызы спортшыларымызға құрмет көрсету кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет екенін айтып, спортшы ардагерге ақ тілегін білдірді.
Шараға қатысушы оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, өзара ой бөлісті. Кеш соңында ардагер жылы лебізін білдіріп, батасын берді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

  • ВКонтакте

«Көңілді мәре» спорттық сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, шариктер, үлкен резеңке доптар, асықтар, самокат, хоккей таяқшалары.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Көңілді мәре!» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық. («Қара жорға» әуенімен балалар ортаға шығады.)
(Гимн ойналады)
Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын атаңдар.
Желтоқсан айында қандай мерекелерді атап өтеміз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Олар «Тұлпар» және «Қыран» топтары. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
(әділ қазылар алқасы сайланады)
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіз
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
«Көңілді сайыс!»- атты жарысымызды бастаймыз.
Сайыс түрлері:
1. Таныстыру
2. Допты бер
3. Шарикті ұяшыққа салу
4. Хоккей
5. Кім жылдам
6. Асық ату
7. Шегіртке
8. Арқан тартыс
І тур «Таныстыру»
«Тұлпар» тобы: Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобы: Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

 ІІ тур «Допты бер»
Әр команда сапқа тұрып, допты қолдарымен астарынан асырып артындағы оқушыға береді. Соңғы оқушы допты ұстап, саптың алдына жүгіріп келіп, допты артқа беріп жалғастырады. Белгіленген межеге жеткен соң орындарына жүгіріп келіп сапқа тұру керек. Бірінші болған команда жеңеді.
ІІІ тур «Шарикті ұяшыққа салу»
Балалар бір — бірден шариктерді кәрзеңкеге дәлдеп салады. Неше рет шарик салса, сонша ұпай жинайды. Ойын уақытқа ойналады. Уақыты 2 минут
ІV тур «Хоккей»
Теннис добын хоккей таяқшасымен (клюшка) итеріп жүріп, межеден айналып, кері келіп келесі ойыншыға береді. Бірінші болған топ жеңеді.
V тур «Кім жылдам»
Самокатқа мініп, белгіленген межеден айналып келіп, келесі ойыншыға берді. Бірінші келген топ жеңеді.
VІ тур «Асық ату»
Белгіленген межеге асықтар тізіліп қойылады. Әр командадан бір — бірден оқушы шығып, асықты көздеп атады. Көп асық атып алған команда жеңіске жетеді.
VІІ тур «Шегіртке»
Әр топтан бір — бір оқушы доптың үстіне отырып, белгіленген межеге секіріп жетіп, кері қайтады. Бірінші болып бітірген топ жеңеді.
VІІІ «Арқан тартыс»:
Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, балалар!
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Жарысқа шық, жас ұлан!» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімді әділ қазылардан күтеміз.
(әділ қазылардың шешімі тыңдалады)
Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген жас спортшылармен кездесті, — деп хабарлайды Ақ Орданың ресми сайты.

Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Т.Құлыбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы С.Сәпиев, фристайл-могулдан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Ю.Галышева, кәсіби боксшы С.Ахмедов, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Э.Тұрсынбаева, шаңғымен трамплиннен секіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері С.Ткаченко қатысты.

Мемлекет басшысы еліміздің спорт саласын дамытуға және халықаралық аренада Қазақстанның имиджін ілгерілетуге үлес қосқан жас шеберлердің еңбектерін ерекше атап өтті.

– Мен сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Осы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Ал спорт, негізінен, – жастардың ісі. Мемлекет бұл саланы дамытуға баса мән береді. Сіздерге қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді, – деді Қазақстан Президенті.

Жас спортшылар халықаралық жарыстарда көрсеткен өнерін, алған әсерлері жөнінде ой бөлісіп, келешек жоспарлары туралы айтты.

– Мен Қазақстан жастарын әрдайым спортпен шұғылдануға шақырамын. Барлық облыстарда заманауи спорт инфрақұрылымы бар. Стадиондар салынып, жабық кешендер бой көтерді. Спорт – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жас спортшылардың кәсіби тұрғыдан одан әрі өсуінің перспективаларына назар аударды.

– Бағындыратын биіктеріңіз әлі алда екенін көріп отырмын. Әлемдік жарыстан медаль алу оңай емес. Жастардың сіздерге қарап бой түзеп, дендері сау, мықты болып өскенін қалаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев атлеттерді қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа табыстарға жете беруге шақырды.

Кездесуде жас спортшыларға Қазақстан Президентінің атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Спортивный праздник день независимости россии
  • Спортшылармен кездесу кеші сценарий
  • Спортивный праздник день молодежи
  • Спортты? турнирге сценарий
  • Спортивный праздник день здоровья цель