Спортты? мереке сценарий

"Денсаулық күніне " байланысты өткізілген іс-шара мектепке дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру

Спорттық сайыс мерекесі


  • Мерекелік іс шаралар
  • nyplan
  • 14.02.2017
  • 0
  • 1
  • 20894

Спорттық сайыс мерекесі

Мақсаты: Балаларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту.

Жүргізуші: Балалар сіздерді спорт алаңына жинаймыз. Бәріңізге спорт және денсаулық мерекесін сыйлаймыз. Шақырамыз бәріңізді, келіңіздер, қызық думан көріңіздер.

Марш сазымен балалар спорт залға кіріп, бір қатарға тізіліп  тұрады. Сайысымызды  бастамас   бұрын    сайыс  шартттарымен  таныс  болыңыздар.

Эстафеталық ойындар:

1.«Кім жылдам»‑ эстафетасы

2.«Жалауды тез жеткіз» эстафетасы

3.«Жүйрік ат»‑ эстафетасы

4.«Шебер» эстафетасы

5.«Жаңа орын» ойыны

Екі топ өз топтарының атымен таныстырсын.

Командалар сәлемдеседі:

Тобымыздың   аты:  «Ақ  көгершін »  

Біздің  ұранымыз:     

 Ұш  биікте  қалықта,

Қалықтаудан   еш  уақытта   жалықпа .

Ақ  көгершін  тобынан   Балапан  тобына  жалынды  сәлем.

Екінші   қатысушы  топ  «Балапан  тобы»

Тобымыздың  аты  Балапан  тобы.    

Біздің  ұранымыз:

Намысы  бар  балапандар  қайдасың,

Білген  дұрыс   бұл  спорттың  пайдасын.

Құрметті  қатысушы  спортшылар   сайысымыздың шарттарымен  таныс  болдық,  енді  әрі  қарай   сайысымызды   бастаймыз.

Жүргізуші:

Міне, балалар шықты алаңға

Жас спортшылар жеке‑жеке команда

Ал, балалар өздеріңді танытыңдар

Естілік, мықтылық батылдық көрсетіп табанды

«Ура»‑ деген ұранды ортаға біз тастаймыз

Жарысымызды, денені қыздырудан бастаймыз.

Бүлдіршін:

Дене шынықтыру керек бәрімізге,

Жаттығу ырғағы қосылады әніме

Дене шынықтыру жалқаулыққа  жол бермей,

Ауру‑сырқауды жолатпайды тәнімізге.

Жүргізуші:

Ал қане бір‑бірімізді қостаймыз

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

«Жеңіске жетеміз!»‑деп

Жалынды ұран  тастаймыз.

Әр команда өз орындарын тауып тұрады.

«Кім жылдам»‑ эстафетасы

Балалар жарты шеңбер доға астынан өту жарысына қатысып, өз ептіліктерін шапшаңдықтарын  танытады.

«Жалауды тез жеткіз» эстафетасы

Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған  кегілені айналып өтіп, жалауды  келесі балаға  береді. Өзі команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай  команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

«Жүйрік ат»‑ эстафетасы

Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы  әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.

«Шебер» эстафетасы

Команда капитандары ойынды бастауға берілген белгі бойынша шеңберге жүгіріп жетіп, шеңбер ішіндегі допты алып, өз командасының ойыншысына жеткізеді. Ол ойыншы  допты  қайтып шеңбер ішіне апарып қояды. Қай команда тез аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

«Жаңа орын» ойыны

Ойынды бастауға белгі берілгеннен кейін команда капитаны ойын алаңына  қойылған  кегілені  айналып өтіп екінші ойыншының қолынан  жетектеп кегелдің қасына апарады. Ал екінші ойыншы дәл осылай үшінші ойыншыны кегелге жетектеп апарады. Осылайша қай команданың балалары жаңа орынға ауысса, сол команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз.

Жарыс аяқталғаннан кейін ойыншылар жанкүйерлерге қарап түзіліп, сапқа  тұрады. Жарыстың қорытындысы шығарылып, үздік ойыншылармен , жақсы жанкүйерлерге  сыйлықтар  табыс  етіледі.

Бала:

Осылайша  жарыс жолын  тартамыз

Біз үйімізге көңілді болып қайтамыз

Бізді тәрбиелеп шынықтырған

Тәрбиеші апайларға рахмет айтамыз.

Көңілді әуен  сазымен  командалар  залдан  шығып  кетеді.


МБДОУ ГАГИНСКИЙ ДЕТСКИЙ САД №1

Утверждаю

Заведующий МБДОУ

Гагинским детским садом №1

Федоскина Е.В. ____________

ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНО – СПОРТИВНАЯ ВИКТОРИНА

«О, СПОРТ, ТЫ — МИР!»

Составил:

инструктор по физической культуре

Марухина Е. С.

Участники: дети старшей и подготовительной групп.

Цель: развивать интерес к различным видам спорта.

Задачи:
— повторить и закрепить знания дошкольников по данной теме;

— расширить кругозор детей о видах спорта, о спортивном инвентаре;

— развивать познавательный интерес у дошкольников;

— прививать интерес к занятиям физкультурой и к спорту;

— развивать логическое мышление, познавательные способности и память учащихся во время проведения викторины.

Оборудование: картинки о спорте, дидактические игры, клюшки, малые мячи, конусы с перекладинами, бадминтонные ракетки, воланчики, корзины, олимпийские атрибуты, баскетбольные мячи, кегли.

Ход мероприятия

Ведущий: Ребята, сегодня в этом зале предстоят жаркие сражения самых умных, самых ловких, самых быстрых! Вас ждет игра – викторина «О, спорт, ты — мир!» На старте уже готовы две команды: «Чемпионы» и «Победители»! (Представление команд, жюри)

Командам предстоит ответить на вопросы о спорте, а также принять участие в спортивных эстафетах и конкурсах.

Ведущий:

У нас есть друг прекрасный,

Всех сильнее он.

Гость наш очень важный!

Олимпийский чемпион!

Забегает Олимпийский Мишка. Приветствует ребят.

Ведущий: Ребята, вы узнали нашего гостя? Правильно, это символ летних олимпийских игр в Москве 1980 года.

Олимпийский Мишка: На флагах не пишут слов, но все люди знают, что пять разноцветных переплетённых колец — это символ мира и дружбы спортсменов пяти континентов: Австралия, Европа, Африка, Азия, Америка.

Олимпийский Мишка:

Пять колец на флаге белом

Меж собой переплелись,

Будто все спортсмены мира

Крепко за руки взялись.

Ведущий: Ребята, давайте покажем Мишке, что мы умеем правильно и быстро собирать символ Олимпиады.

1.Эстафета «Собери символ Олимпийских игр из пяти колец».

(дети поочередно бегут с кольцом определенного цвета и собирают символ олимпийских игр)

Олимпийский Мишка: Долгий путь преодолевает Олимпийский огонь. Его зажигают греческие девушки у развалин Древней Эллады. Много раз, переходя из рук в руки, спешит факел через весь мир, чтобы достичь олимпийского стадиона. Сегодня мы также зажигаем Олимпийский огонь — символ мира и дружбы народов планеты.

Священный огонь Олимпийский,

Гори над планетой века!

И факел, сегодня зажжённый,

Пусть пламенем дружбы горит.

И лозунг: «Мир всем народам!»

На празднике нашем звучит!

Олимпийский Мишка предлагает ответить на его вопросы.

2.Блиц – опрос:

1.Самые главные соревнования (Олимпийские игры)

2. В какой стране зародились Олимпийские игры?(В Греции)

3. В каком городе России проходила Зимняя Олимпиада? (В Сочи)

4. Назовите символы Зимней Олимпиады в Сочи. (Леопард, белый медведь, зайка)

5. На каком коне нельзя покататься? (На спортивном)

6. Назовите вид спорта, в котором спортсмены парами танцуют на льду. (Фигурное катание)

7. Назовите прибор, который помогает определить самого быстрого бегуна? (Секундомер)

8. Из какого металла отливают самую главную медаль для спортсмена? (Из золота)

9. Назовите командные виды спорта (хоккей, волейбол, футбол, баскетбол, гандбол и др.)

10.Назовите самый популярный вид спорта на планете. (Футбол)

Ведущий: Олимпийский Мишка, наши ребята, очень много знают о спорте.

3. Конкурс «Виды спорта»

(Командам по очереди задают вопросы о видах спорта, дети поднимают картинки с условным изображением видов спорта и говорят название)

Ведущий: Он играет на коньках, клюшку держит он в руках. Шайбу этой клюшкой бьет. Кто спортсмена назовет?

4Эстафета «Хоккеисты»

(дети клюшкой ведут шайбу между конусами и забивают в ворота).

Олимпийский Мишка: Ребята, вы показали свою ловкость и сообразительность, а умеете ли собирать пазлы? Сможете собрать картинку из разных частей и назвать вид спорта?

5. Дидактическая игра «Собери картинку»

(дети собирают картинку с видом спорта из частей разной формы)

Ведущий: К нам из Англии пришла эта чудная игра.

Две ракетки и воланчик обожает детвора.

6. Эстафета с бадминтонной ракеткой.

(необходимо удержать волан на ракетке, оббежав ориентир и передать ракетку и волан следующему)

Олимпийский Мишка: Ребята, вы такие молодцы, многому научились, но мне хочется проверить, какие вы внимательные, мне хочется проверить, найдете ли вы, чем же, отличаются две картинки.

Ведущий: Они стоят в четыре ряда,

Кипит во мне азарт и страсть –

Из треугольного отряда

Все десять штук должны упасть.

8.Игра- «Боулинг»

(выставляются кегли (по 10 штук на команду). Участники команд должны сбить кегли с помощью мяча. Выигрывает та команда, которая собьет все кегли быстрее или собьёт большее количество кеглей.)

Ведущий: Ребята, что такое спортивный инвентарь?

Ответы детей.

Ведущий: Вы правильно ответили на этот вопрос, поэтому я думаю, что вы легко справитесь со следующим заданием нашей интеллектуальной викторины.

9.Дидактическая игра «Спортивный инвентарь».

(необходимо угадать загадки о спортивном инвентаре).

Воздух режет ловко-ловко,

Палка справа, слева палка,

Ну а между них веревка.

Это длинная… (скакалка)

Он бывает баскетбольный,

Волейбольный и футбольный.

С ним играют во дворе,

Интересно с ним в игре.

Скачет, скачет, скачет, скачет!

Ну конечно, это… (мячик)

Я смотрю — у чемпиона

Штанга весом в четверть тонны.

Я хочу таким же стать,

Чтоб сестренку защищать!

Буду я теперь в квартире

Поднимать большие… (гири)

Ранним утром вдоль дороги

На траве блестит роса,

По дороге едут ноги

И бегут два колеса.

У загадки есть ответ –

Это мой … (велосипед)

Лишь в морозную погоду,

Надевают их на ногу.

Как на речке встал ледок,

Дети мчатся на каток.

Чтобы не было тоски,

Надевают все … (коньки)

Проявляя пыл, сноровку

Провожу я тренировку.

Бью я мячик очень метко

Потому что я… (ракетка)

Я в хоккей играть люблю,

Шайбу шуструю ловлю.

Раз бросок, ещё бросок –

Очень ловкий я игрок.

На воротах я с подружкой,

Крепкой новенькою… (клюшкой)

Ведущий: Королевой спорта считается легкая атлетика, одна из дисциплин – это бег с барьерами. Проверим ваши умения.

10. Эстафета «Бег с барьерами»

(игрок команды выполняет бег с препятствиями и передаёт эстафету следующему участнику соревнований)

Олимпийский Мишка: А всё ли вы знаете о спортсменах и спортивном инвентаре? Вот и проверим ваши знания!

11. Дидактическая игра «Чей спортивный инвентарь?».

(необходимо назвать спортсмена, которому принадлежит этот спортивный инвентарь)

Ведущий:

Вот прыжок и по кольцу бросок!

Но противник сверху наседает.

И победный сделан был рывок,

Мяч в корзину метко попадает.

12. Конкурс «Баскетбол»

(игроки команды забрасывают баскетбольные мячи в корзину)

Олимпийский Мишка: Ребята, какие вы молодцы, справились со всеми заданиями.

Ведущий: Слово предоставляется нашему уважаемому жюри.

Подведение итогов и награждение победителей.

Олимпийский Мишка прощается с детьми и уходит под известную мелодию «Прощание с Олимпиадой».

Источник

1.https://урок.рф/library/konspekt_intellektualnosportivnoj_viktorini_o_134756.html.

СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН — САУЫҚТАР

«Біздер — спортшылармыз» Мақсаты: Балаларды өз ағзаларын сезінуге үйрету; олардың бұлшықеттерін бекіту, күшін, жылдамдық реакцияларын, есте сақтау қабілетін, шыдамдылығын дамыту. Қимыл – қозғалысының техникалық нақты орындалуын жетілдіру.

Құрал — жабдықтар: әрбір балада спорттық костюм, 1 гимнастикалық отырғыш, қанат, жалаулар, алаша — терезе, туннель.

Жүру барысы:

Балалар колоннада тұрып, сап бойымен жүреді. Жүргізуші балаларға спорттық құрал — жабдықтарды көрсетіп: «бұл құрал – жабдықтар кімдікі?» деп сұрайды.

Балалар спортшылар туралы тақпақтар айтады.

Жүргізуші. Кәне, спортшылар!Тік тұр! Жүргізушіге қарай басыңды бұр! Тік тұр! Оңға бұрыл! Айнал! Алға бас!- балалар ілгері жүреді, екі колоннаға сапқа тұрады. Екі колоннаның басшылары алда келеді.

Жүргізуші. 1.Кәне,спортшылар, отырып, аударылып түсуге

дайындалыңдар. (балаларға финишке дейін аударылып түсіп жетуге, қайтарда жүгіріп келу ұсынылады)

2. «Спортшылар жаттығу кезінде» (балалар жылдамдықпен гимнастикалық орындық астымен жылжып, кедергілерден өтеді, бір терезеден екінші терезеге секіреді, туннельдің ішімен өрмелейді).

3. Спортшылар, назарына! Теңізде адамдар суға батып жатыр! Құтқару құралдарын беруіміз керек!

«Дөңгелекпен айналу эстафетасы» (балалар бір — біріне дөңгелектерді жалғастырады, ең алдағы бала дөңгелекті алып жалауға дейін жүгіріп, кері артқа тұрады да, дөңгелекті алға жалғастырады.)

Музыкалық үзіліс «Теңізші» биі

4. Спортшылар, назарына! Ең үздік басшы атағына арқан тарту керек! (балалар жалауды айналып, кім бірінші келіп, арқанды тартса сол жеңеді)

5. «Сиқырлы пішіндер». (Балаларға қолдарынан ұстасып, уақытқа түрлі пішіндер жасау ұсынылады).

6. «Сақинаға лақтыру»

Жүргізуші: Спортшыларды жарыс соңында жүзу аяқталған соң мадақтап, залдағы әр кезеңдегі спорттық ережелердің сақталып жүрілгеніне алғыс білдіреді және ерекше атап айтады.

«Денсаулық күні» Мақсаты: қимыл – қозғалыс белсенділігін, жоғары нәтижеге жету ұмтылысын дамыту; балаларға рахаттық сезіміне бөлеу.

Құрал жабдықтар: тіс щеткасы, Т.Қ.Ж., шелек,

орамал,жемістер мен көкөністер.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Бәрін бүгін шақырамыз,

Спорттық алаңға жинап,

Мерекемізді де бастаймыз,

Денсаулық күнімен құттықтап!

Бүгін, біздің спорттық алаңымызда «Денсаулық күні» мерекесі өткізіледі. Осыдан біз өзіміз туралы, өзімізідің денсаулығымыз туралы және күшті, қайратты болуымыз үшін қалай күтінуіміз керектігін үйренеміз ( балалар алаңға шығып, ортаға дөңгелектеніп тұрады).

Жүргізуші: Балалар, бізге мерекеге Буратино келді.

Буратино: Ой, өте қатты ауырып барады.

Жүргізуші: Қай жерің ауырып барады?

Буратино: Тісім, тісім ауырып тұр.

Жүргізуші: Ал, сен тісіңді күніне неше рет жуасың?

Буратино: Аптасына бір-ақ рет.

Жүргізуші: Міне, сондықтан да сенің тісің ауырады. Біздің бүлдіршіндер қазір саған тісіңді қалай күте білуін керектігін түсіндіреді.

1 бүлдіршін: Тісім ауырмасын десеңіз,

Тәттілердің орнына жемістерді жесеңіз,

Ауырмас – сонда тісіңіз,

Міне, айтар біздің ақылымыз.

2 бүлдіршін: Жуамыз тісімізді күніне екі рет,

Тазалаймыз ұзақ тұрып екі минут,

Әрқашанда тәтті, дәмді пастамен,

Тазалаймыз таза щеткамен.

(балалар тісті қалай тазалайтынын көрсетеді).

Буратино: Жарайды балалар, енді мен күніне екі мезгіл, таңертең және кешке тісімді тазалап, жуып тұрамын.

Жүргізуші: Ал, сен, жаттығулармен айналысасың ба?

Буратино: Жоқ.

Жүргізуші: Онда сен балаларды тыңда, олар саған қандай ақыл айтар екен.

3 бүлдіршін: Әр күн сайын балалар, әр күн сайын!

Басталады жаттығу, әр күн сайын!

4 бүлдіршін: Ертеңгілік көңілсіз күшімізді.

Көтереді жаттығу, әр күн сайын!

5 бүлдіршін: Әрине, ең маңызды, әр күн сайын!

Жаттығуды жасауға әркім дайын.

(балалар қатарға тұрып, жаттығулар жасайды).

Буратино: Міне, керемет! Енді менде жаттығуларды жасайтын боламын.

Жүргізуші: Бәрекелді, Буратино! Енді сен мені тыңда, денсаулығымыз мықты болу үшін тағы да не істеуіміз қажет? Жемістер мен көкөністерді көп жеуіміз керек екен. Бұл біздің ағзамызға, денсаулығымызға көптеген дәрумендерді береді және де сапалы шырынды ішуіміз қажет.

Буратино: Менің бүгін осында келгенім қандай жақсы болды ?! Мен көп нәрселерді үйрендім. Мен енді өз достарыма барып айтайын. Сау болыңыздар, балалар!

Жүргізуші: Міне, біздің бүгінгі шарамызда аяқталды. Сау болыңдар, балалар!

(қатармен жүріп, балалар шығып кетеді).

«Көңілді жарыстар» Мақсаты: балаларды алдарына үлкен мақсат қоя отырып және сол мақсатқа жете білуге дағдыландыру, физикалық сапалықтарын, алғырлықтарын, шапшаңдық реакцияларын іске асыру, қимыл – қозғалыс жаттығуларына жаттықтырту, қызығушлығын, қабілеттілігін, тепе – теңдік сезімін, балалардың снарядтармен өзіндік әрекеттегі батылдығын айқындау.

Құрал жабдықтар: алаша – терезе, доптар, гимнастикалық орындық, себет, кеглилар.

Балалар өздерінің мықтылықтарына қарай екі топқа бөлінеді, олардың өздерінің басшысы және ұраны болады.

Жүргізуші: Бәрін бүгін шақырамыз,

Спорттық алаңға жинап,

Мерекемізді де бастаймыз,

Денсаулық күнімен құттықтап!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, «Көңілді жарысқа» қатысушылар!

«Алғырлар» командасына жалынды сәлем!

«Мықтылар» командасына жалынды сәлем!

Назарларыңызға! Көңілді жарыстың ашылу салтанатына шақырамыз!

  1. «Қимылды қозғалысты, бір — бірімізді итермей жасаймыз». Мұнда екі топ бір — біріне қарама — қарсы сапта тұрады. Барлық айтылған қимыл — қозғалысты орындайды, қимыл – қозғалысты нақты техникасымен орындаған команда жеңімпаз атанады..

  2. «Өткел». (астынан шық және үстінен түс)

  3. «Терезеден терезеге» (екі аяқпен секіру)

  4. «Допты домалату». Бірінші топ еден үстімен тақтадан бастап домалатады, ал екінші топ еден үстімен тақтаға дейін домалатады. Топтар бір — біріне қарама — қарсы біртіндеп жылжиды. Одан әрі орындарымен алмасады. Доптардың ара — қашықтығы – 3 см., 6 см., 10 см., 20 см..

  5. «Қамал қорғанысы». Екі топ кезекпен — кезек секіргішпен секіріп, өзінің қарсыласының қолындағысын алуы қажет. Одан кейін барлық команда өздерінің орындарына қайтадан оралады. Ысқырық дауысын естігенде, екінші топ бастайды.

Жүргізуші: Көптеген сынақтардан өттіңдер, міне,

Қуанышты кезеңдерде болды, әне,

Енді көрейік сендерді,

Қаншалықты мықты екендеріңді.

  1. «Допты себетке лақтыр». (Себетке қарай допты лақтыру)

Соңында, топтың жеңімпазы жарияланады. Екі топта үлкен атақтарға және сыйлықтарға иеленеді.

«Күн, ауа және су, менің адал достарым» Мақсаты: балалардың өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, әр түрлі қимыл – қозғалыс тәжірибелерін қолдану; алғырлықтарын, шапшаңдықтарын, күштіліктерін, төзімділіктерін дамыту, балалар арасындағы мейірімділік қарым – қатынасын қолдау, командадағы жолдастарына қолдау көрсете білу қасиеттерін ояту.

Құрал жабдықтар: Жіппен тігілген қапшықтар, 2 гимнастикалық орындықтар, үлкен 2 үрілген шарлар, 20 қапшық құм, 4 шелектің ағашаяғы, 2 үлкен қолғап, гүлдер (10), жұмсақ ойыншықтар, Т.Қ.Ж.

1 бүлдіршін: Біз күтеміз мереке жарығын,

Мереке спортын, мереке күнін,

Күнім, күнім жылу бер,

Мерекемізге қуаныш сыйлай бер.

2 бүлдіршін: Біздің көңілді досымыз бар,

Бәрінен де күшті, мықты ол,

Бала-бақшаға күнде келер,

Кәне, айтыңдаршы кім ол?

Барлығы бірдей: Спорт!

3 бүлдіршін: Кәне, кім бәрінен де шапшаң?

Кәне, кім бәрінен де тез?

Бәріне де қызықты болар?

Біздің әдемі күлкіміз,

Сондықтан да тоқтамасын жүректегі әніміз.

(Бәрі қосылып, ән айтады).

4 бүлдіршін: Күшті, мықты болуымыз үшін,

Біз жасаймыз жаттығу,

Әр күн сайын!

Би «Ырғақ».

Балаларға сапқа тұрып, қатармен залға кіріп, орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Назарларыңа! Назарларыңа! Денсаулыққа арналған «Күн, су, ауаның пайдасы» деген тақырыптағы мерекемізді бастаймыз!

(әділ – қазы мүшелерімен таныстырады)

Жүргізуші. «Спорттық алаңға, денсаулық мерекесіне, шақырамыз балалар!».

Қимылды ойын «Дене шынықтыру». Барлық топ залдың бір жақ шетіне, жарыс басталатын бастау сәтіне жиналады. Ал қарама — қарсы бағытта жарыстың соңғы нүктесі белгіленген. Балалар сөйлейді:

Біз спортпен жақсы доспыз,

Спорт әрдайымда керек бізге,

Спорт – көмекші!

Спорт – денсаулық!

Спорттық ойын «Дене шынықтыру».

— деп айтып болысымен, балалар жарыстың соңғы нүктесіне қарай жүгіреді.

Жүргізуші: Біздің бүгінгі спорттық жарасымызға екі топ қатысады. «Қонжық» және «Ұшақ» деген. «Қонжықтар» тобының таныстыруы: Біз спорттың баласымыз, «Қонжық» деген атымыз, «Ұшақтарға» — үлкен сәлем! «Ұшақтар» тобының таныстыруы: Біз спортпен біргеміз, Біз спортты сүйеміз, Спорт – денсаулық, Спорт – ойын!

Жүргізуші: (екі қапшық алып келеді). Балалар, бұл не екенін айтыңдаршы?

Балалар: Қапшықтар.

Ах: Ал сендердің араларында кім қапшықпен жүгіріп көрді? – деп, өлең шырқалған мезетте Ох пен Ах кіреді.

Ох: (аяғында пимасы бар, қысқы телпек киген, үсті — басы лас — лас), айқайлайды: Ох, мен шаршадым! Ох, мен ауырып тұрмын! Ох, маған өте салқын болып тұр!

Спорттық киімдегі Ах келіп: Ах, маған өте жақсы! Ах, мен мерекеге келген сияқтымын, Ах, қандай қызық болды!

Жүргізуші: Сендер кімсіңдер? Аты — жөндеріңіз кім?

Спортпен шұғылданушы: Мен – Ах боламын!

Аурушаң Ох тұрып: Мен – Ох-пын. Ох, қатты ауырып тұрмын деп арқасын ұстайды.

Жүргізуші: Міне, қызық! Сендер Ох пен Ах екенсіңдер ғой. Сендер мультфильмнен біздің мерекемізге келдіңдер. Біз әрқашанда қонағымызды құшақ жая қарсы аламыз. Кәне, көңілдеріңді көтеріңдер!

Ах: Ах, қандай жақсы болады!

Ох: Ох, мен қатты ауырып барамын (ох деп құлай бергенінде, Ах ұстап үлгеріп, қолынан ұстайды).

Ах: Отыр, балаларға қарашы, мүмкін осылардан үлгі алып, қалай денсаулығыңды күту керектігін үйренерсің? Тыңдашы, Ох сен неге тоңғақсың? (телпек, орамал).

Ох: Ох, суық тиіп қалады.

Ах: Кәне, шеш бөркіңді. Менімен бірге жаттығу жаса бір-екі! Бір-екі! (Ох амалсыздан қимылды жасайды).

Ах: Сенің қолыңнан ешнәрсе келмейді. Одан да балармен ойнайықшы.

Дәрігер: Міне, міне енді бәрі дәлелденді. Сен не үшін маңызды аурумен ауырасың деп инесін шығара бергенінде, Ох қашып жөнеледі, сол мезетте үстіндегі киімдер ұшып, ол Ах сияқты спорттық киімде қалады.

Дәрігер: Көрдің бе, мен сені қалай емдедім!

Ох: Ох, мен енді саумын деп жаттығу жұмысын жасайды.

Жүргізуші: Бірақ, ох толықтай емделді ме?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Қазір біздің көмекшілеріміз сенің үсті-басыңды жөнге келтіреді (Охты алып кетеді).

Дәрігер «Сөйлемді аяқта» деген ойынды ойнауға ұсынады.

  1. Тісті тазалауымыз қажет (тісіміз сау болу үшін, таңертең және кешке);

  2. Әруақытта жуамыз (қолды, аяқты, басты);

  3. Ешқашан жуылмағанды жеме (жемістер мен көкөністер);

  4. Бір уақытқа дағдылан (ұйықтауға, тамақ ішуге, ұйқыдан тұруға);

  5. Тамақ ішіп отырған кезде тыйым салынады (сөйлеуге, секіруге, дауыс көтеруге).

Балалар: Охтың үсті — басын тазалап, жақсы қалыпқа келтіреді. Ох балаларға өзінің алғысын айтады.

Дәрігер: Бәрекелді, балалар!

Жүргізуші: Жарысымзға қатынасқыларың келе ме?

1- бөлім.

1. «Қапшықпен секіру» эстафетасы

2. «Кедергі жолақтары эстафетасы. Гимнастикалық орындық үстімен ішімен еңбектеу, сақинадан өтіп, жалауға жүгіру.

3. Топ басшыларына арналған сайыс: «Аяққа шелекті байлап жүру».

Көрермендермен ойын: «Инелі қолғаптар», 2 ойыншы – көрерменге 1 қолғаптан кигізеді. Олар өте ұсақ заттарды сол қолғаптарымен жинауы керек (кішкентай ойыншықтар)

2-бөлім.

1. «Секіргіштер» эстафетасы (үлкен шарларға отырып, секіріп жарысу).

Дәрігер: Ох қайда?

Балалар: Әне, ол.

Дәрігер: Кәне, Ох! Енді сен бәрінен де: Күшті, ақылды, көңілді, салмақтысың! – деп дәрігер балаларға сыйлықтарын береді де, дәрігер, Ох пен Ах шығып кетеді; Саппен балалар алаңнан шығып кетеді.

«Еркем-Ай» Мақсаты: балаларды ойын – сауықтың әр түрлі түріне қызығышулығын, өзбеттілігін, достық қарым – қатынасын ояту, сөз айтуда шапшаңдық реакцияларын дамыту, гимнастикалық орындық бойымен жүруге, туннель бойымен еңбектеуге, кедергілер арқылы екі аяқпен алға қарай секіруге, көлденеңнен тұрған мақсатқа допты лақтыра білу дағдысын жаттықтыруды дамыту.

Құрал жабдықтар: 2 гимнастикалық орындықтар, 2 құбыр, 2 үрленген үлкен шарлар, 8 сақина, арқан, Т.Қ.Ж.

Жүру барысы:

Жүргізуші. Қымбатты достар! Біздің бүгін «Еркем — Ай» жарасымызды ашуға рұқсат етіңіздер. Бұл не шу? Екі бала бір — бірімен ұрысып тұрады.

Гоша: Мен бәріненде күштімін, мен ауыр күш сынағышты да көтере аламын. Ал сенің қолыңнан ол келмейді.

Кеша: Ал мен алғырмын. Секіргіштен қалай секіретінімді көрсең ғой!

Гоша: Оны мен де жасай аламын. Тіпті сенен де жақсы жасаймын. Көр міне! (секіргіштен секіргісі келіп әрекеттенеді, бірақ онысынан түк шықпайды).

Кеша: Ха – ха — ха, сен жасай алмайсың. Ал, енді қара менің күш сынағышты көтергенімді (оның қолынан да ешнәрсе шықпайды).

Жүргізуші екеуіне ұрыспауды, өздерінің күштіліктерін «Еркем-ай» жарысына қатынасып, сонда сынап көруін ұсынады. Сендердің көмекшілерің «Күштілер» және «Алғырлар» тобы болады.

1бөлім:

1 — тапсырма: Жылжымалы адыммен гимнастикалық орындық үстімен жүріп, трубаның ішімен өту керек.

2 — тапсырма: Жалауға дейін үлкен шарды ұрып соғумен жүгіріп және қайтадан қайтып келу.

3 — тапсырма: «Төмпешіктен» «төмпешікке» секіру, яғни еденге қойылған сақинадан секіріп, себетке допты лақтыру.

Жүргізуші: Ал, қазір біз қатысушыларымызға демалуға уақыт берейік. Оған дейін біздің көрермендеріміз бағын сынап көрсін.

Көрермендерге арналған ойын.

«Жіп орағыш».

1. Ойынға екі бала қатысады. Екі ойыншы екі таяқшаны қолдарына алады (әрқайсысы өзінің таяқшасын қолына ұстап тұрады). Екі ойыншының таяқшалары бір жіпке байланған, жіптің дәл ортасы белгіленген. Ысқырық дауысын естуі бойымен, таяқшаларын әр ойыншы домалатып орауы қажет. Кім тезірек ортасындағы нүктеге жетсе, сол ойыншы жеңімпаз атанады.

2. «Жүгірген жіп» Еден үстінде жіп тұр. Жіптің екі жағында екі ойыншы тұрады. Жіптің шеті ойыншылардың екі аяғының арасында орналасу қажет. Ойыншылар қолдарын жоғары көтереді. Жүргізушінің дабылы бойынша тездетіп еңкейіп, аяқ арасындағы жіпті тартып қалу керек.

11 бөлім

1 – тапсырма. Топ басшыларына арналған сайыс «Арқан тарту».

2 – тапсырма. Аяқпен жүру. Жүргіншілер пластмассалы шелектен жіппен жанын байлап ұстауға ыңғайлы етіп дайындайды.

3 – тапсырма. Қолмен жүру. Жұппен сапқа тұру, бір ойыншы келесі ойыншының аяғын ұстайды, ал екіншісі алға қарай қолмен жүреді.

Жарыс соңында Гоша мен Кеша көмектескендеріне алғыстарын айтады. Өздерінің алғырларын, күштіліктерін осы жарыс арқылы біледі. Соңында екі бала қатысқандарға өздерінің сыйлықтарын беріп, қоштасып кетеді.

«Денің сау болсын» Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану; алғырлығын, шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту; балалар арасындағы мейірімділік достық қарым – қатынасқа қолдау жасау, келісілген білім әрекетін бекіту.

Құрал жабдықтар: 4 газеттер, 2 кішкентай доп, 12 кеглилер, қыстырғыштар, құм толтырылған 10 қапшық, 2 себет, 2 сыңарлы үлкен аяқ киім, 2 пластмассалы стакан, 2 қапшық, Т.Қ.Ж. Жүру барысы:

Жүргізуші: Бәрін бүгін шақырамыз,

Спорттық алаңға жинап,

Мерекемізді де бастаймыз,

Денсаулық күнімен құттықтап!

Сәлеметсіздер ме балалар және біздің көрермендеріміз? Бүгін міне, «Денің сау болсын» деп аталатын мерекеге жиналдық. Міне, сол мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Шын жүректен әділқазы мүшелерін,

Қарсы аламыз шын ниетпенен,

Әділ бола біледі әрқашанда,

Дұрыс шеше біледі әруақытта!

«Жаттығуда» әні шырқалады, әнге қосылып балаларда жаттығулар, әртүрлі қимылдар жасай бастайды.

Жүргізуші: Спортпен шұғылдану, бұл өте маңызды, осы арқылы адамның денсаулығы әрқашанда мықты, күшті, қуатты болады. Ал, сендер спорттың қандай түрлерін білесіңдер? (футбол, баскетбол, хоккей).

Біреу есік қағады.

Жүргізуші: Бір қонағымыз асығыс,

Есікті қатты қағады,

Әрқашанда дайын көмекке,

Жабайы аң мен құсқада,

Кім ол, кәне кім айтады?

Әрине, бұл – дәрігер – Айболит.

Айболит: Көп рахмет, балаларым,

Мен сендерге қарыздармын.

Тек бірнәрсені түсіне алмадым,

Бұл не мереке? Не үшін?

Жүргізуші: Қазір біз екі топқа бөлінеміз, сосын жарыс жүргіземіз. Міне бізде екі команда құрылды. «Қар» және «Мұз» деп аталады.

1-бөлім.

1-тапсырма: «Газетпен жүгіру».

Әрбір қатысушы қолдарына екі газет алады. Екі газетті қатар, яғни алдына қояды. Бірінші газетті басып, екінші газетті басады. Одан әрі артына айналып, қайтадан бірінші газетті алып қояды. Сөйтіп, соңына дейін осылай жасай отырып, қасына газетті алып қайтадан орнына жүгіріп, өзінің қарсыласына беріп кетеді.

2-тапсырма: «Тәтті жұптар».

Допты иығыңа қойып, оны басыңмен қысып жарыстың соңғы нүктесіне қарай жүгіріп, қайтадан орнына қарай жүгіріп келеді.

Айболит: Ал, мен сендердің қаншалықты дене шынықтырумен дос екендеріңді байқағым келеді.

«Бұл мен, бұл мен» ойыны.

Мұқият сөзді тыңдай отырып, дұрыс жауабын тапсаң, қолыңды көтеріп жауап бер.

— Ешқашан жуынбаймын.

— Әр күні таңертеңгілікте тісімді жуамын.

— Жаттығу жасамаймын.

— Дене шынықтырумен айналыспаймын.

Осы ойыннан кейін Айболит балаларға спорт туралы жұмбақтар жасырады: доп, велосипед және тағы басқа.

2-бөлім

1-тапсырма: «Үлкен аяқ киіммен жүгіру».

Балалардың аяқтарына үлкен аяқ киімді кигізіп, жарыстың соңғы нүктесіне дейін және қайтадан орнына жүгіріп келеді. Сөйтіп, кезекпен — кезек жасайды.

2 — тапсырма. «Сылдыр, сылдыр, сылдыр су».

Әрбір қатысушы қолдарына стаканға құйылған суды алады. Сол қолдағы сумен жарыстың соңғы нүктесіне дейін жүгіріп, қайтып жарыстың бастау сәтіне келіп тоқталады. Қолындағы стаканды келесі қатысушыға береді.

3 — тапсырма. Әрбір топқа бір қапшықтан беріледі. Балалар қапшықтың ішіне екі аяғымен тұрып, қолдарымен қапшықты ұстай отырып, жарыстың соңғы нүктесіне қарай жүгіреді және қайтып орнына қарай жүгіріп келеді.

Көрермендерге арналған ойын.

«Кім тезірек қыстырғыштарды жинай алады?».

Бір қатысушының киімінің үстіне бірнеше қыстырғыштарды қыстырып қояды. Ал екінші қатысушының көзін орамалмен байлап қояды. Уақыт шектеулі, яғни бір минут ішінде ойыншы барлық қыстырғыштарды табуы қажет. Одан соң ойыншылар орындарымен алмасады. (әділқазылар бұл екінші бөлімнен кейін, қорытындысын жариялайды)

3-бөлім.

1 — тапсырма. Топ басшыларына арналған сайыс «Жинады».

Еденде екі қатарда бірнеше заттар шашулы жатыр делік. Ал, ойыншылардың көздері орамалмен байлаулы болады. Оларға қойылатын шарт: бір минут ішінде жерде жатқан заттарды себетке жинап үлгеруі қажет. Кім, көп жинаған болса, сол адам жеңімпаз атанады.

Әрбір қатысушыларға аққаланың құралдары беріледі. Бұл жарыста балалар кезекпен — кезек жүгіріп, еден үстіне аққала шығуы үшін құралдарын қояды да құрастырады.

3 – тапсырма. «Қолмен жүру». Бірінші ойыншы қолмен тұрады. Екінші ойыншы оның аяғын ұстап тұрады, осы қалыпта жалауға дейін бару қажет.

Айболит: Жарайды, менің қайтуым қажет. Көріп тұрмын сендер спортпен жақсы дос екенсіңдер, ешуақытта тістеріңді тазалауды, жуынуды, жаттығу жасауды ұмытпаңдар. Ешқашанда ауырмаңдар. Сау болыңдар, бүлдіршіндер!

2 — тапсырма. «Аққаланы жина».

«Әр уақытты үнемдей біл» Мақсаты: дене тәрбиесіне деген сүйіспеншілікті ояту, шапшаңдық реакциясы, алғырлық, төзімділік сияқты қасиеттерді іске асыру; физикалық сапалықтарды дамыту; өзін және жолдастарын сыйлай білу қасиетіне тәрбиелеу, жарыстарға қатысуға деген ынта — ықыласын және қызығушылығын шақыру.

Құрал жабдықтар: 2 орташа доп, 2 кітап, 2 кішкентай доп, 2 таяқша, 2 ракетка, 2 қасық, 2 шар, 2 үлкен доп, Т.Қ.Ж.

«Күн» — бала:

«Таңертеңгі» — 8 болды,

Балалар, ұйқыдан тұратын уақыт болды.

Кезекпен, қатарға тұрамыз, бәріміз.

Жаттығуымызды жасауға әрқашанда дайынбыз.

Бала: Кім де болсын жаттығумен дос болса,

Кімде болсын жаттығуды жасаса,

Әр күн мықты, күшті болар,

Әр кез езуі қуанышқа толар.

Жүргізуші: Қолды жіберіп, тік тұрамыз!

Еңкейеміз төмен ерінбей!

Ал, кәне, орнымызда тұрып жүгіреміз!

Көңілсіз ән шырқалады, сол мезетте күлдіргіш Бим кіреді. (мойын орамалы, телпек, қызыл мұрын).

Күлдіргіш Бим: Сәлеметсіздер ме, қымбатты достарым!

Сіздің шақыруларыңызды алдым, бірақ суық тиіп ауырып қалдым.

Мен бүгін көңілсізбін,

Қатты ауырыпта барамын,

Мен жөтелемін, мен түшкіремін,

Мүмкін, мен тымаумен ауырамын.

Жүргізуші: Ал, біздің бүлдіршіндер ешқашанда ауырмайды.

Күлдіргіш Бим: Неге?

Бүлдіршін: Әр күні таңертеңгілікте жаттығу жасаймыз.

Бізге қатты ұнайды,

Кезекпен жүгіру.

Қызықты жүру! Қолды көтеру!

Отырып тұру және секіру!

Жүргізуші: Бізде, осында қал! Көп нәрсе үйренесің. Ал, кәне, бәріміз қосылып Бимға жұмсақ жаттығу жасайық, ол емделіп кетсін. (балалар нүктелі массаж жасауға кіріседі).

Екі топ қатысады. «Аққала» және «Қояндар».

1-бөлім.

1 — тапсырма. «Тәтті жұптар».

Қолдың ұшын тигізбей, иыққа допты қойып, басымызбен қыса отырып жалауға дейін жүреміз.

2 — тапсырма. «Тізбектелген доптар».

3 — тапсырма. «Басымызға кітап қойып жүру».

Басымызға кітапты қойып, қолымызды белімізге қоямыз. Жарыстың соңғы нүктесіне дейін жүреміз және қайтадан орнымызға жүріп келеміз.

Көрермендерге арналған ойын «Ең алғыр».

Үстел үстінде жеті кішкентай доптар айналып тұр. Көрермендерден сегіз адам қатысады. Әуен қосылады, сол әуенмен бірге дөңгелек үстелді айналып жүреді. Әуенді тоқтатылысымен, әрбір қатысушы қолдарына тез арада бір – бірден допты алады. Үлгере алмаған ойыншымыз, ойынның шарты бойынша ойыннан шығады. Тағы да екі допты алып тастайды, жеті ойыншы қалады, осылай ойын қайталана береді. Соңында тек бір ойыншымыз қалуы қажет, сол адам жеңімпаз атанады.

2-бөлім.

1 — тапсырма. «Топ басшыларына арналған сайыс» «Жіп орағыш».Топ басшыларының арасынан кім тезірек жіпті таяқшаға қарай орай алады.

2 — тапсырма. Екі қолымызбен допты еден үстімен ұрғылап жалауға дейін жүгіріп және қайтадан орнымызға алып жүгіруіміз қажет.

3 — тапсырма. «Допты түсіріп алма».

Бұл ойынға екі ойыншы қатысады. Олар бір — біріне қарама — қарсы тұрады. Үлкен допты бір қолымен ұстап, жарыстың соңғы нүктесіне дейін барады, одан әрі қолын алмастырып, өзінің командасына оралады.

Күлдіргіш Бим қоштасып, көмектескендері үшін өзінің шексіз алғысын айтып, сыйлықтарын береді.

СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ СЦЕНАРИІ

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Әкем, шешем және мен
(Отбасылық  спорттық  мереке)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.
Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”, ”Айгөлек” топтарының ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық.
“Балбөбек” тобы :
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз  біріміз  үшін,
“Айгөлек” тобы:
Ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
Жүргізуші:
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
“Ат жарысқа” кезек берелік.
Шарты:
Әр топтан әкесі «атқа» мініп шауып «өзеннен» жүзіп өтіп, «тау» басында тұрған ананы «үңгір» астынан өткізіп, алып шығып, «өзеннен» бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.
Жүргізуші:
Қалма жүрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
“Тез адымда” сайысы.
Шарты:
Қолдан тігілген бас пен аяқ киім киіп, (ыңғайсыз) себеттен — себеттке доптар тасу.
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білеиікші.
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.
“Кім епті” сайысы .
Шарты:
А) «Үңгір» астынан өту.
Ә) Жіппен секіру.
Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.
Жүргізуші:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса!
“Балық аулау” сайысы.
Шарты:
Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп, шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.
Жүргізуші:
Жарқын, шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын.
(Қортындылау,  мадақтау).

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Спортивный праздник да здравствует страна спортландия
  • Спортивный праздник реферат
  • Спортты? іс шара сценарий балаба?шада
  • Спортивный праздник гимнастика
  • Спортивный праздник раскраска