Спортты? ойын сауы? сценарий балаба?шада

☑ Скачать бесплатно Балаларға арналған ойын- сауық: "Спортттық мереке" в формате Документ Microsoft Word (docx). Конспекты по предмету Дошкольное образование.

№ 1 «Арман» балабақшасы

«Қыс кұштілер,

батылдар,

ептілер үшін»

( спорттық ойын)

Дайындаған: Накенова Куляй Есмағамбетқызы

дене шынықтыру нұсқаушысы

Көкшетау 2016ж

«Қыс кұштілер, батылдар, ептілер үшін»

атты спорттық іс шара

(мектепалды даярлық топ арасында)

Мақсаты: Балаларға қыстың мағнасын білдіру, шанамен, хоккей таяқшасымен қолдануды үйрету.

Белсенді қимыл – қозғалыстарын күш-қуаттарын , жылдамдылықтарын, ептіліктерін дамыту.

Қысқы ойындарға қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

-Жүргізуші:

Шанамен сырғанап келемін,

   Шаңғы, коньки тебемін,

   Аққала жасап ойнайтын.

   Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

-Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме балалар!

-Балалар: Сәлеметсібе!

-Жүргізуші: Балалар бүгін бізде мереке біз бүгін қысты құрметтеп қарсаламыз. Балалар бірінші қар түскенде барлық балалар қардан не жасайды?

-Балалар: аққала.

-Жүргізуші: Дұрыс

-Жүргізуші: Ал ендеше балалар біз қазір қыстың атрибутын жасаймыз?

Балалар екі командаға бөлінеді, аққаланы домалатып құрастырады.

Осы кезде Аққала жүгіріп келеді.

-Аққала: Сәлеметсіңдерме балалар!

Мені таныдыңдарма!

-Балалар: Ия сен аққаласың.

— Жүргізуші: Балалар қысты сендер не үшін жақсы көресіңдер?

-Балалар: Қар үстінде сырғанауды, шаңғы тебуді, коньки тебуді, хоккей ойнауды, қар лақтыруды.

-Аққала: Балалар мені жақсы көресіңдерме? Онда мен сендерді тексеріп көрейін. Аққала жұмбақтар жасырады.

1 Жұмбақ: Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. ( Қар)

2 Жұмбақ: Тоңғақты таниды

Беті қолын қариды. ( Аяз)

3 Жұмбақ: Табаңға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. (Коньки)

4 Жұмбақ: Табаныма байладым

Қос аяқпен айдадым. (Шаңғы)

-Аққала: Дұрыс. Жарайсыңдар балалар қыс туралы көп білімдерің бар екен, мен өте ризамын.

Жапалақтап ала қар,Жауды күнде қайталап.Қырға шықты балалар,Шаңғыларың арқалап.

-Жүргізуші: Білесіңдерме балалар қыс кұштілер, батылдар, ептілер үшін!

Сендерді біз сынап көрейік. Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?

-Балалар: Ия дайынбыз!

І ) Жарыс: Балалар екі командаға бөлінеді.

Қарды алып нысанаға дәл тигізу.

-Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Жапалақтап ала қар,Жауды күнде қайталап.Қырға шықты балалар,Шаңғыларың арқалап.

ІІ) Жарыс: Бір бала шанаға отырады екі бала оны межеге дейін сүйрейді, ойналып оралады.

Жұлдыз болып ағамыз, Ақ мамықтың үстімен. Біз спортшы боламыз, Үлгі аламыз күштіден.

ІІІ) Жарыс: Әр бала хоккей таяқшасын алады, допты қақпаға қарай домалатып соғады.

-Жүргізуші: Ал балалар енді біз «Екі аяз» деген ойынды ойнайық.

(балалар ойын ойнайды) Қуаныштың бүгінгіБасылмайды ыстығы.Жылдамырақ жүрудіҮйретеді қыс күні!

-Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендер ышындада қысты жақсы көредіекенсіңдер, мені қуанттыңдар. Мен өте ризамын.

-Жүргізуші: Аққала біз саған рахметімізді айтамыз сен бізге жақсы мереке сыйладың. Балалар бүгінгі мереке сендерге ұнадыма?

-Балалар: Ия ұнады рахмет саған Аққала.

-Аққала: Ал балалар хош сау болыңдар!

Аққала өз жолымен кетеді.

-Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды хош сау бол!

Спорт — сенің серігің!


  • Балабақшадағы ойындар
  • admin
  • 22.03.2016
  • 0
  • 2
  • 44282

Алматы облысы, Қарасай ауданы

Бекболат ауылы

«Балауса» балабақшасы

«Балдырған» тобының тәрбиешісі: Калдыкулова Райхан Эркинбаевна

Тақырыбы: Спорт — сенің серігің!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш. 

Барысы:

Жргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біздің «Балдырған» тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.

Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.

Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, 
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар.

«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас. 

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

Ойын түрлері:

1.Тез адымда

2. Шебер

3. Кім жылдам?

4. Шегірткелер

5. Доппен  секіру.

1.»Тез адымда»

Ойынның шарты: себеттен  себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.

2. «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу

3.» Кім жылдам?»

Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.

4. «Шегірткелер».

 Бір бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

5. «Доппен секіру».

Үрмелі резеңке доппен секіру.

ІІІ. Қорытынды бөлім 

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!


Тақырыбы: Дені саудың — жаны сау (спорттық — ойын сауық)

Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Берілген жан — жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы орындай білуге, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, , жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру.Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, Дене мүшелеріне массаж жасату. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Қажетті құралдар: гимнастикалық төсеніштер, түрлі — түсті жалаушалар, денсаулық туралы нақыл сөздер, гимнастикалық доптар, ақ қағаз, фломастер

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Дені саудың — жаны сау» атты мерекелік іс шараға қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың — жаны сау» атты мерекелік сауықтыру іс — шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар залға бірінің артынан бірі жүріп келеді. Шеңбер құрып тұра қалады.

ЖЫЛУЛЫҚ ШЕҢБЕРІ
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жылынган жүрек жылуын
Бір-бірімізге шашайық

Жүргізуші: Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз!
— Ал балалар қолдарынды белге қойып сап құрып, шеңбер бойымен жүреді, аяқ ұшымен, өкшемен, жеңіл жүгіру
Жүру түрлерін аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру, қаздарша, жай жүру, жүгіру.
Жүріп келе жатып 3 қатарға бөліну.

1). Басқа
Тік тұру, қол желкеде, басты 1 — ші оңға, 2 — ші бастапқы қалыпқа келу, 3 — ші солға,
2) Тілге
1. Ауызды ашып, тілді шығару.
3). Мойынға
Тік тұрып, қол белде, мойынды оңнан солға қарай айналдыру.(4 рет)
4). Қолға
Тік тұру, қол төменде, аяқ қосулы.
1. Қолды алға созу.
2. Жоғары көтеру.
3. Қайта алға созу.
5). Отыру, аяқты қосу.
Қол тізе үстінде.
1. Қолды аяқ ұшына тигізу.
2. Қайтадан тигізу.
6) Демалу жаттығуы.

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Жүргізуші: — Адамдардың көңілді, әдемі боп жүруі неге байланысты?
Балалар: — Денсаулыққа.

Жүргізуші: — Дені сау адам — бақытты адам.
— олар өз денсаулығын күтеді, қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды.
— Ал, сендер қандай балаларсыңдар?
Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.

Дидактикалық ойын: Біздің денсаулығымызға не керек ?
Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Доп.
Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. Дені саудың- жаны сау.

Тәрбиеші:. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек. Ал сендер күн тәртібін сақтайсындар ма?
Ал енді біз көм қимыл-қозғалыстар жасадық
Енді Партаға отырып жайғасайық алдарымызда не көріп тұрсыңдар?
Қағаз және фломастер
Ал енді мына плакатта дене шынықтыру құралдарының суреттері салынған бірақ 1-2 құрал ғана бар екен. Қалғандары қайда екен? Ал ендеше сендер балалар Дене шынықтыру сабағында Бекболат ағаймен қандай дене шынықтыру құралдарын қолданасындар? Соның суретін саламыз. Әрқайсымыз бір –бір суреттен салып мына бос орынға суретімізді жапсырамыз.
Ал енді сурет салуды бастаймыз.
Балалар суреттерді салып сол плакатқа іліп қояды.

Ал енді жалпы дамыту жаттығу: «Жалқаубек» аэробикасы
1. Б.қ. «Дымбілмес» Аяқты алшақ қойып, қолдарды белге ұстап, екі иықты кезек кезек көтеріп, түсіру.
2. Б.қ. Ат болу. Екі аяқты кезек-кезек алға созып иілу.
3. Б.қ. «Велосипед». Жатып, аяқтарын қимылдату.
4. Б.қ. «Сағат». Орнымыздан тұрып, аяғымызды алшақ қойып, қолымызды бос жібереміз. Қолды алға, артқа созып жаттығулар жасау.
Спорт — біздің досымыз,
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт — біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған — дей отыра
Табанды шынықтыру массажы:
Табанға массаж-өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек.
Табанға арналған төсеніш үстерімен жүру.

Ал енді сонғы «Жүректен –жүрекке» деген жылулық шеңберін ата-аналармен өткізсек дейміз. Ата-аналарымызды ортаға шақырамыз
Ал енді ата-аналарымыз балаларына деген ең жақсы тілектерін айтып жүректерін тарту етеді.
(ата-аналар тілектері)

Балалар берілген жүректерін ортамыздағы жап-жасыл болып тұрған ағашымызға іліп қояды. Ал осы ағашымыз осы жүректерімізді мәңгі жылытып тұрады. Ал ағашымыз осылай ары-қарай гүлдене берсін.

— Жарайсыңдар балалар!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау — саламат болайық.
Құрметті ата-аналар, қонақтар, апайлар бүгінгі сауықтыру іс-шарамыз аяқталды. Келіп, тамашалап көргендеріңізге рахмет. Деніміз сау болсын!

Автор — Жайлауова Масаты Камажаевна

Музыкалық ойын — сауық: «Көңілді алақандар»

Өткізілетін орны: Балабақша ауласы
Мақсаты: Балаларға ойын ойнатып, билетіп, ән айтқыза отырып, мерекелік көңіл — күй сыйлау. Белгілі бір ойын шартын орындау дағдыларын шыңдау. Әр баланың қимыл — қозғалыс белсенділігін арттыру. Ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Жүргізуші: — Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз үшін ерекше күн! Балалар көптен күткен көңілді жаз мезгілі келді. Жаз мезгілі сендерге ұнай ма? Ұнайтын болса қол соғыңдаршы.

Қане, сендердің алақан дыбыстарын естілмей тұр. Қаттырақ қол соғайық!
Міне, керемет! Ендеше, осындай көтеріңкі көңіл — күймен «Көңілді алақандар мерекесін» бастаймыз!
Флешмоб «Топ — топ балақан»
Микки Маус пен қоян самокатпен жүгіріп келеді.

Қоян: — Балалар, балалар, сәлеметсіңдер ме?

Жүргізуші: — Қоян, неге сонша асығыссың? Қайдан келе жатырсың?

Қоян: — Мен бар ғой, мен, мен зообақтан келе жатырмын. Ол жақтан көптеген жануарларды көрдім. Қандай жануарларды көргенімді айтып берейінші сендерге. Соны сендерге айтып, көрсетуге асығып жеткенмін.

«Теңбілдер» жаттығуы

Микки Маус: — Туу, балалар, сендермен жаттығу жасаған қатты ұнап қалды. Тағы да жаттығу жасайықшы.

Хоровод: «Ручки — руки»

Сайқымазақ шығыршықтарын айналдырып келеді.
Сайқымазақ: — Сәлем, менің көңілді достарым! Менің көңіл — күйімнің көтеріңкілігі сонша, сендермен ойын ойнауға асығып келдім. Менің қолымдағы не екенін білесіңдер ме?

Балалар: — Шығыршықтар.

Сайқымазақ: — Ендеше, осы шығыршықтармен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Балалар: — Келісеміз, ойнайық!

Ойын: «Кім жылдам?» ІІ кіші топтар: Құлыншақ, Қошақан, Балғын бөбек.

Мақсаты: Шапшаңдыққа, дәлдікке баулу.

Шарты: Қатар — қатар қойылған шығыршықтарды балалар әуен ырғағымен айналып жүреді, әуен тоқтағанда шығыршыққа жұптасып тұра қалулары керек. Осылайша шығыршықтар саны азая береді, үлгермеген балалар ойыннан шығады.

Сайқымазақ: — Қандай, алғыр балалар! Енді мен мына жердегі кіп — кішкентай, сүп — сүйкімді балалармен ойын ойнаймын

Ойнаймыз ба.?

Балалар жауабы.
Ойын: «Түрлі — түсті доптар» І кіші топтар: Қонжықтар, Балапан.

Мақсаты: Балаларға түстерді ажыратуға үйрету. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Шарты: Түрлі — түсті доптарды түстеріне қарай себетке жинау.

Сайқымазақ: — Жарайсыңдар, балалар! Менде жинаймын деп шаршап қалдымғой.

Жүргізуші: — Жарайсыңдар, балалар! Ойын ойнап шаршаған боларсыңдар. Ендеше бір тынығып алайық.

Хоровод: «Бір оңға, бір солға»

Сайқымазақ: — Сендер менімен бірге бүгінгі күнді көңілді өткіздіңдер. Біздің сендерге арналған сыйлығымыз бар. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: — Балалар сендерге көп — көп рахмет келесі кездескенше.

Қош сау болыңдар!

«Флешмоб»

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Спортивный праздник рисовать
  • Спортты? мереке сценарий
  • Спортивный праздник да здравствует страна спортландия
  • Спортивный праздник реферат
  • Спортты? іс шара сценарий балаба?шада