Спортты? ойындар балаба?шада сценарий

Қимылды-спорттық ойын тақырыбы: Бақытты біз баламыз Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру.Спортқа деген сүйіспеншілігімізді нығай

Қимылды-спорттық ойын тақырыбы: «Бақытты біз баламыз»

Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру.Спортқа деген сүйіспеншілігімізді нығайту.Ептілікке шапшаңдыққа жаттығу.

Жарыстың көрнекілігі: 10 кубик, 2 үлкен доп,белгі, 2туннэль,

2гимнастикалық орындық,10құрсау.

Жарыстың барысы:

Жүргізуші:

Спорт деген азанда,

Алады да тұрғызып.

Еріншектік аз онда,

Бастайды ойын бір қызық.

Аязда да тоңбайсың,

Ыстыққа да күймейсің,

Сергектікті қолдайсың,

Жалқаулықты сүймейсің,

Бақыт сенен қашпайды,

Өнер білген пайдалы,

Спорт соның айғағы дей тұрып,

Бүгінгі мұғалімдер мерекесіне орай,тәрбиешілер арасында өткелі жатқан, «Біз спортты сүйеміз»атты жарысқа қош келдіңіздер! Тәрбиешілерді мұғалімдер мерекесімен құттықтай отырып,зор денсаулық,мол бақыт,жұмыста табыс,қажымас қайрат,жүздеріне күлкі,қуаныш,көлдей көңіл,өзендей өмір тілейміз.

Жарысымызды бастамас бұрын әділқазыларымызды атап өтейін:

1. Балабақша директоры Бесмағамбетова Раушан Кадиханқызы

2.Балабақша әдіскері Аймаганбетова Сара Комекбаевна

3.Балабақша өзін-өзі тану маманы Смайлова Ляззат Жанарысовна

Жүргізуші:

Уа халқым,назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай бақыттарға.деп,- ортаға

1.Толағай тобын шақырамыз.

2. Денсаулық тобын шақырамыз.

Жарысымыз «5» турдан тұрады.

1.Топтын аты,ұраны,эмблемамен таныстыру.

2.Доппен кедергілердін арасынан өт.

3.Үлкен доппен секір.

4.Гимнастикалық орындықтан ішпен жылжып өтіп,іздерден өт.

5.Құрсауды бастан киіп,аяқтан шеш.

6.Топтын өнері.

Ендеше жарысымызды бастайық, топтарға іске сәт.

1.Топтын аты,ұраны,эмблемамен таныстыру.

1.Толағай

2.Денсаулық

2.Допты екі аяқтын ортасына қысып алып,қол белде,кедергілердін арасынан,ирелеңдеп секіріп барып, секіріп келу.

1.Толағай

2.Денсаулық

3.Белгіге дейін, үлкен доппен секіріп барып,секіріп келу.

1.Толағай

2.Денсаулық

4.Гимнастикалық орындықтан ішпен жылжып өтіп,саусақ іздерден өту.

1.Толағай

2.Денсаулық

5.Құрсауды бастан киіп, аяқтан шешіп өту.

1.Толағай

2.Денсаулық

6.Әр топ өз өнерін көрсетеді.

1.Толағай

2.Денсаулық

Балабақша директоры Бесмағамбетова Раушан Кадиханқызына сөз беріледі.

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.Топтарға сыйлықтарымен 1-ші,2-ші орындар беріледі.

Осымен тәрбиешілер арасынан құрылған «Көңілді спортсмендерміз»атты қимылды спорттық сайысымыз аяқталды.

Спорттық мереке

Спорттық сайыстың аты: «Біз спортшы баламыз»

Спорттық сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.

Керекті спорттық құрал — жабдықтар: доп, секіргіш, тығыз доп, барьер, шеңбер, арқан, қап т. б.

Сайыс түрін хабарлау: 8 кезеңнен тұрады

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.

Спорт пен жылдамдықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Әділ қазылар алқасымен таныстыру

І — кезең. Топтар таныстыруы.

Қайталама жүгіріс (жүкпен). Бұйрық бойынша жүкпен жүгіріп отырып белгіленген жерге жетіп қайтып отыру.

ІІ — кезең. Допты алып жүгіру.

Әрбір құрама топтары бойынша допты еденге соғып, алып жүреді, белгіленген жерге жетіп, қайта допты алып келіп келесі топ мүшесіне береді.

ІІІ — кезең. Секіртпемен жүгіру.

Белгіленген жерден айналып, секіріп келіп екінші топ мүшесіне береді. Осылайша бәрі секіркп болғанша жалғастырады.

Алғашқы 3 сайыс қорытындысы, әділ — қазылар алқасында; хабарлау.

Шағын би көрінісі (қыздар тобы).

IV — кезең. Кенгуру.

Допты аяқтың қылтасына қысып алып, екі аяқпен алдыға секіріп, белгіленген жерді айнала, қайтарда допты қолға ұстап жүгіру.

V — кезең. Кедергілерден өтіп жүгіру.

Кедергіден жүгіріп өтіп, алға қарай сатыда домалап тұрып, жердегі шеңберді үстіден кигізіп жерге қою, қайтарда тура жүгіріп бару.

VI — кезең. Жұптасып шеңбермен жүгіру.

Әрбір топ мүшелері екіден (жұптасып) шеңбер ішінде адымдап жанымен жүгіреді келесі жұпқа шеңберді береді, олар ары қарай осылайша жүгіреді.

Сөз әділқазылар арқасында.

Топтардың ұпай сандарын 6 кезең бойынша айтып өту.

VII — кезең. Қаппен секіру.

Екі аяққа қапты киіп алып алға секіру.

VIII — кезең. Арқан тартыс.

Екі топ шығып ортадан арқан тартысады кім ұтады, келесі құрамамен шығады. Сайыс аяқталып ұпай сандары есептеледі. Спорттық биден көрініс.

Марапаттау рәсімі.

Эстафеталық ойындардан жарыс.

Тақырыбы: Спорт-өмір көркі.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, ойындарды ойнау тәсілдерін меңгеру;Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтілетін орны: Спорт залы

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Негізгі бөлім

Құрметті тәрбиешілер,балалар бүгінгі «Спорт — өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа №4 мектепалды даярлық топ балалары қатысады.

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

— Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

— Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

І. Кезең. «Секірпемен секіру.» Шарты: Секірпемен секіріп, тапсырманы орындау.

ІІ кезең: «Аққала»

Шарты:

1. Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.

2. Допты жерге ұрып жүгіру.

3. Футбол добын теуіп бару.

4. Допқа шелек кигізу.

ІІІ кезең: «Туннель»

Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.

ІV кезең: «Шайбалы хоккей»

Шарты: Әр ойыншы шайбаны клюшкамен итеріп кедергілердің арасынан жүгіріп өтеді..

V кезең: Самокат тебу.

Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.

VI кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады.

Қанша шар жарғаны саналады.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

«Алға» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

«Қайрат» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны:

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.

«Парасат» тобы: Парасатты, айбынды,

Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.

Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар,-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт- досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Спорттық жарыс

Тақырыбы: «Денсаулық зор байлық»

Мақсаты:

Балалардың көтеріңкі көңіл — күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш — қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл — ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір — біріне достық қарым — қатынастарын дамыту. Дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Қажетті құралдар:

Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі — түсті жалаушалар, ұранды сөздер жазылған плакаттар, денсаулыққа байланысты мақал — мәтелдер, эстафеталық заттар, екі топ жетістігін көрсететін сандар.

Музыка ойналып, қыздар ортаға әртүрлі қимылдар жасап, билеп шығады.

Жүргізуші:

Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін №2 «Жанар» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында психолог пен дене тәрбиесі жетекшісінің ұйымдастыруымен екі топ арасында мерекелік сауықтыру іс — шарасын өткізгелі отырмыз.Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, денешынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгін балабақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Денсаулық-зор балйық» атты мерекелік сауықтыру іс — шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.

Марш ойналып, балалар төрт қатарға бөлініп залға кіреді.
А) Доппен би орындалады;

Б) Лентамен ырғақты қимылды би.

Сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырады.

1. «Намыс» тобы оң иықпен оңға бұрыл

2. «Жігер» тобы сол иықпен солға бұрыл

Екі команданың сәлемдесуі

1.Ұшақтан да ұшқырмыз

Желден де озған жүйрікпі

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз

«Намыс» тобынан «Жігер» тобына жалынды сәлем!

2. Келіңіздер, келіңіздер

Бұл жарысты көріңіздер

Бізде бәрі жүйріктер

Күш сынасар алыптар

«Жігер» тобынан «Намыс» тобына жалынды сәлем!

Эстафеталық жарыс түрлері:

1. Жалаушаны алып, межені айнала жүгіріп келу
2. Тарелкаға салынған допты құлатып алмай, межені айналып жүгіріп келу

3. Төрт аяқтап жүгіру (екі аяқ, екі қолмен)

4. Балық аулап, себетке тасу

5. Артпен жүгіріп, қайтарда қайтарда жүрелеп жүгіру

6. Түрлі — түсті доптардың ішінен екі команда көк және сары түс доптарды теріп алып келу.

7. Топты екі тізенің арасына қысып жүгіру

8. Арқан тартыс

9. Ойын «Тақия тастау»

Балаларды демалтып, көңілдерін көтеру үшін ән айтылып, би биленеді.

Ән: «Бала тілегі». Орындайтын Әсет

Би: «Мен қазақпын»

Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтарға мадақтау және сыйлықтар тапсырады.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!

Спорттық мереке
Тақырыбы: «Қыс қызықтары»

Мақсаты: балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға деген ынта – ықыласын, қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: шана, шаңғы, таяқтар, жалаушалар.

Спорттық мереке барысы:

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме балалар!
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Нұртас: Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық қар айналам.
Сырғанақты ойнайсың,
Қызыққа енді тоймайсың,
Алақай — ау, алақай,
Қыс келіп тұр, балақай!
Жүргізуші: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді
ғой. Кәне, орманға барып қысты іздеп келейік.
Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік.
Қыста қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауаптары).
Осы кезде қонаққа Мыстан кемпір келеді.
Мыстан: Бұл кімдер менің орман патшалығыма келді? Мен ешкімді шақырған жоқпын, кетіңдер.
Жүргізуші: Ашуланбаңыз, әжетай. Біз орманға қысты іздеп келдік.
Сіз қысты көрдіңіз бе?
Мыстан: Кімді? Қысты? Ол мен ғой қыс. Не ұқсамаймын ба? Әдемімін бе?
Жүргізуші: Сіз өтірік айтасыз, сіз мыстан кемпірсіз ғой. Сіз бізге көмектесесіз бе, қысты табуға?
Мыстан: Жарайды, Алдымен тақпақтар айтып беріңдер. Білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтары:
Ұлжан: Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.
Марғұлан: Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.

Рахат: Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыс күні!
Мыстан: Енді менімен бірге ойындар ойнайсыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине.
1 — ші ойын: «Мұздатам». Ойынның шарты: Боран борайды — 1,
Боран борайды — 2,
Боран борайды — 3,
Түрлі фигура боп қат.
2 — ші ойын: «Мұрынды аққалаға тос». Ойынның шарты:
Балалар қолдарын артқа тығып, мұрындарын тосады.
3 — ші ойын: «Шана тартысу». Ойынның шарты: Екі шананың артынан
байлау. Екі бала отырып шаналарды тартады. Кім бірінші шеңбердің ішінен тартып шығады, сол жеңеді.
Жүргізуші: Енді бізге жолды көрсетесіз бе?
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар! Міне мына жолмен барасыңдар да
Қысты кездестіресіңдер. Сау болыңдар, адасып қалмаңдар.
Жүргізуші: Балалар кәне ән салайық
Сол кезде алдымыздан Қыс шығады.
Қыс: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады — қатады,
Жып — жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жақсы жаусын ақша қар.
Мариям: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр — мылқау танымас тірі жанды.
Үсті — басы – Ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Қыс жұмбақтар жасырады.
Жалт — жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас менен төбеге. (Коньки)
Тікен — тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып. (Шана)
Қыста айна,
Көктемде су. (Мұз)
Қыс: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?

1 — ші ойын: «Бір шаңғымен жүріп көр». Ойынның шарты: Екі команданың балалары
бір — бір шаңғы киіп жүреді. Кімнің командасы бірінші жалауға дейін келеді.
2 — ші ойын: «Әділ қол». Ойынның шарты: Мына таяқтарды қарлы тауға лақтырып қадау.
Жүргізуші: Рахмет, саған Қыс! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңіл
көтердік. Балалармен бірге би билейік «Биші үйректер».
Қыс: Сендерге көп рахмет, көңілім көтерілді! Мына тәтті ұлпалар
менің сыйлығым. Сау болыңдар, балалар!

Көңілді шарлар спорттық мереке

Жүргізуші: Түрлі-түсті шарлармен безендірілген, әсем алаңға қош келдіңіздер!
Көңілді би билейміз, шарлар бізбен көңілденіп, армандарға ұшады.
Би: «Әуе шарлар»
Жүргізуші: Балалар, қолдарындағы шарларын қандай әдемі.
Олай болса бүгін біз осы шарларға арнап «сиқырлы шарлар» атты мерекемізді бастайық!
Терезеден қағып Карлсон қонаққа ұшып келеді. Оның қолында түрлі-түсті шарлардан жасалған әдемі гүл.
Карлсон: Тоқтаңдар! Мені ұмытпаңдар, мерекені меңсіз бастамаңдар!
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа шатырда тұратын Карлсон ұшып келді.
Карлсон: Сендердің әсем кештеріңде бірге болғым келеді.
Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, Карлсон бізбен бірге мерекені тойласын ба?
Балалар: Иә! (қуана келіседі)
Жүргізуші: Сен Карлсон олай болса тентек болма, әйтпесе ойыннан шығарып жібереміз.
Карлсон: Жоқ, жоқ, жоқ! Олай емес, мен өте көңілдімін, өлең айта аламын, көңілді ойындар білемін, ал сендер ән айту білесіңдер ме?
Жүргізуші: Әрине!
Карлсон: Ендеше маған сендердің балабақша туралы ән айтып беріңдерші.
Ән «Біздің балабақшада»
(Балалар ән орындайды)
Домовой кіреді: Мына не сұмдық. неге шулап кетті бүкіл балабақша, мені ұйқыдан тұрғызып жібердіңдер ғой (зевает)
Карлсон: Бүл кім тағы келген, сен кімсің?Мен осы балабақшаның шатырында тұрамын, ал сен қайдан келдің?
Домовой: Ал мен осы балабақшаның бәрін, балалармен қоса қорғаймын
Жүргізуші: Сәлеметсің бе балабақша қорғаушы, сен бізді кешір, жүр бізбен қоса қуанып демал.
Домовой: Жарайды, ал енді айтыңдар бұл қандай мереке
Жүргізуші: Карлсон, үй қорғаушы бүгінгі мерекеміз «Сыйқырлы шарларға» арналған. Бүгін біз сыйқырлы шарлармен қызықты ойындар ойнаймыз, ал сендер қандай ойындар білесіңдер?
Карлсон: мен көптеген ойындар білемін. (Оң қолын көтеріп, қолындағы шарларын көрсетеді)
Балалар, мына түрлі-түсті шарлар нағыз шарлар емес, бұл шарларды мен өзім жасағанмын (қағаздан жасалған шарлар) Осы шарлардың түстерін атап беріңдер.
Балалар: қызыл, жасыл, сары.
Карлсон: Ал сол қолымдағы (фланелеграф көрсетіп) жасалған бұл шарлардың жіптері, олар шарлардан ажырап қалған. Шарлардың жіптерін түстеріне сәйкес етіп байлау керек. Мысалы: қызыл шарға, қызыл жіп т. б
Балалар ойынды ойнайды. (домовой кедергі жасайды, шатыстырып)
Домовой: Ал енді мен ойынды көрсетейін! Екі командаға бөлініп балалар тұрады, біреуі сенің Карлсон командасы шарды, ал екіншісі менің командам, кім тез шарды бір біріне береді
Карлсон: Ендеше менің командам шарды қолдарын созып береді, үйткені мен шатырда тұрамын, ал сендер астынан жіберіңдер
Домовой: Бұл неге солай?
Жүргізуші: Сендер ұрыспаңдар, сосын ауысасыңдар
Балалар ойынды ойыңды ойнайды, (бір команда жеңілгенде екеуі төбелес шығарады )
Жүргізуші:Біздің балалар тату болып жүреді, ал сендер неге төбелесесіңдер?Қанекей татуласыңдар. (Екеуі бір бірін құшақтап, күледі)
Карлсон:Ал, енді нағыз шарлармен ойнаймыз. Бәріміз шеңберге тұрып музыка ырғағымен шарды бір біріне береміз, әуен тоқтаған уақытта, шарды ұстаған бала ән айтып, би билейді, ал басқа балалар қол соғады.
Ойын: «Шарды маған бер»
Ойыннан кейін балалар орындарына отырады, ал Карлсон болса жерге отырып тосапты ауызына салып жей бастайды.
Жүргізуші: Карлсон, сен мына жерде отырып неге тосап жеп отырсын?
Карлсон: Мен көп ойнадым, және көп күшімді жібердім, мен шаршап қалдым.
Жүргізуші: Ал сен осылай әр бес минут сайын жеп отырсаң, ауруға шалдығасың.
Карлсон: Мен тәттісіз өмір сүре алмаймын. Көп тамақ жеуді жақсы көремін. (қарнын сипайды)
Жүргізуші: Тамақсыз да көңіл көтеруге болады. Отырып екеуін демалыңдар
Карлсон: Орындықта отыруға қызықсыз.
Домовой: Ия маған да қызықсыз
Жүргізуші: Сендер бізбен бірге отырып биімізді қайталаңдар. Сендерге ұнайды. Балалар отырып би қимылдарын жасайды. («Буги-вуги» биін орындайды)
Жүргізуші: Демалдыңдар ма?
Карлсон мен домовой Ооо, көп демалдық. Енді көңілімізді көтерейік. Ойын ойнағымыз келіп тұр.
Ойын: «Шар жарылды»
Балалар музыка әуенімен шарларға отырып секіреді (жарылғанша. )
Карлсон: Алақай, алақай қандай көңілді ойын!
Жүргізуші: Карлсон, сен түрлі-түсті шарлардан жасалған әдемі гүл әкелдің ғой!
Карлсон: Ия, мына менің әкелген әр шарым сыйқырлы. (шардан жасалған гүлді перденің артына апарады)
Балалар бірге айтайық: көп сыйлыққа айнал (балалар айтады)
Перденің артынан Сайқымазақ тұрады, қолында түрлі-түсті шарларға байланған кәмпиттер, әкелді.
Жүргізуші: Қымбатты Карлсон, үй қорғаушы сендермен бірге біздің мерекеміз өте көңілді өтті, тағы да келіп тұрыңыз.
Карлсон: Жарайды, бір күні қонаққа келемін Сау болыңдар!
Балалар көңілді боп топқа кайтады.

“Денсаулық-басты байлық”

( Отбасылық спорттық мереке )

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар:

Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.

Жүргізуші:

Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.

Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер.

Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”,”Айгөлек” тобы ата-аналары қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық.

“Балбөбек” тобы :

Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін,

“Айгөлек” тобы:

Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

“Ат жарысқа” кезек берелік.

Шарты:

Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп,тау басында тұрған ананы үңгір астынан өткізіп, алып шығып,өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.

Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

“Тез адымда” сайысы.

Шарты:

Бас пен аяқ киім киіп , (ыңғайсыз) себеттен — себеттке доптар тасу.

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

“Кім епті” сайысы .

Шарты:

А) Үңгір астынан өту.

Ә) Жіппен секіру.

Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

“Балық аулау” сайысы.

Шарты:

Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп,шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

( Қортындылау, мадақтау ).

«Кім жылдам?» спорттық ұлдар сайысы

Добавить комментарий

КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»

Хасенова М.М.

Сайыстың мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Көрнекілігі: Шарлар,газеттер, тақпақтар. грамоталар.

Керек құралдар: Кішкене шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, геометриялық фигуралар, мотоцикл.

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Әуенмен сайысқа қатысушыларды қарсы алу, таныстыру

1-топ: Тілек, Санжар, Дияр,Рахымберді

2-топ: Бақтияр, Олжас, Аспандияр, Дидар

Ата-аналар,әріптестер бүгінгі «Кім жылдам?» сайысымызға хош келдіңіздер!

Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әр кезең сайын 5 балдық жүйемен бағаланады .

Құрметті сайыскерлер!Сіздерге сәт сапар!

«Көбелек» биі

Билейтіндер: Алтынай, Ажар, Адина, Жанерке, Данеля, Ақнұр

Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін.

1-тапсырма «Доппен жарысу»

2- тапсырма «Мотоциклмен жарысу»

3- тапсырма «Мозайка арасымен жүгіру»

4-тапсырма «Тәтті жүгері жеп жарысу»

5-тапсырма «Үй, күн жапсыру»

ІІ. 1-тапс

МКҚК №2 «Жанар» Балабақшасы

ырма «Доппен жарысу» Шарты: Әр команда мүшесі допты қолдарын алып, кедергілерден өтіп, келесі ойыншыға допты береді. Сөйтіп барлық бала өтіп, бірінші келген топ жеңіске жетеді.

2-тапсырма «Мотоциклмен жарысу» Ойынның шарты: Әр команда мүшесі мотоциклге мініп,кедергілерден өтіп келеді.

3-тапсырма «Мозайка арасымен жүгіру» Ойынның шарты:Әр команда мүшесі жылдам, мозайкаларды құлатпай арасымен жүгіріп келу.

4- тапсырма «Тәтті жүгері жеп жарысу» Ойынның шарты:Әр команда мүшесіне үш тәттә жүгері беріледі.Олар кезек-кезек жүгеріні жылдам тауысып жеулері керек. Бірін-бірі тосады.

5-тапсырма «Үй, күн жапсыру» Ойынның шарты: Әр үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек фигуралары , желім, қағаз беріледі. Олар топ болып үй мен күнді жылдам әрі әдемі, таза етіп жапсырулары керек.

III Қорытынды:

Сайысымызжың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.Жеңімпаздарды марапаттау.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт денген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Сайысымызда өз мәресіне келіп жетті. Құрметті қонақтар мен бүгінгі сайыскерлер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілейміз.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескеше сау болыңыздар!

Запись опубликована 13.10.2012 автором Тілші Гүлғайша Жакенқызы Саябаева в рубрике Мектепке дейінгі ұйым.

Об авторе Тілші Гүлғайша Жакенқызы Саябаева

Гүлғайша Жакенқызы Саябаева Крупская атындағы орта мектеп-балабақшаның технология, экономика пәнінің мұғалімі. Үржар ауылы, Үржар ауданы, ШҚО

Спорт — сенің серігің!


  • Балабақшадағы ойындар
  • admin
  • 22.03.2016
  • 0
  • 2
  • 44282

Алматы облысы, Қарасай ауданы

Бекболат ауылы

«Балауса» балабақшасы

«Балдырған» тобының тәрбиешісі: Калдыкулова Райхан Эркинбаевна

Тақырыбы: Спорт — сенің серігің!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш. 

Барысы:

Жргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біздің «Балдырған» тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.

Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.

Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, 
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар.

«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас. 

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

Ойын түрлері:

1.Тез адымда

2. Шебер

3. Кім жылдам?

4. Шегірткелер

5. Доппен  секіру.

1.»Тез адымда»

Ойынның шарты: себеттен  себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.

2. «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу

3.» Кім жылдам?»

Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.

4. «Шегірткелер».

 Бір бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

5. «Доппен секіру».

Үрмелі резеңке доппен секіру.

ІІІ. Қорытынды бөлім 

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!


КІМ КҮШТІ, ЕПТІ?

Тақырыбы: «Кім күшті, епті?».
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт алаңы.
Көрнекілігі: түрлі — түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, конустар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі «Спорт — өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2 топтың яғни, «Аққу» және «Гүлдер» тобының балалары қатысады. Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

— Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ — қазылар алқасымен танысайық. Әр кезең сайын әділ — қазылар өз бағасын береді.
— Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.

Топпен танысу
— «Аққу» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.

— «Гүлдер» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

— Жарайсыңдар балалар, олай болса жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуына шақырамын.

— Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

І. Кезең. «Қос аяқпен секіру»
Шарты: Қос аяқпен берілген бес шеңбер ішіне секіріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІІ. Кезең. «Ирелеңдеп жүру»
Шарты: Сызылған сызық бойымен ирелеңдеп жүріп барып, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІІІ. Кезең. «Пингвин мен үйректер сайысы»
Шарты: балалар қолдарына су толтырылған екі шелекті ұстап, пингвин мен үйректің іздерімен жүріп, пингвин немесе үйректің суретінің үстіне қос аяқпен секіріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген және шелектегі су мөлшері көп болған топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІҮ. Кезең. «Кім жылдам?»
Шарты: балалар өздеріне берілген геометриялық пішін, яғни төртбұрыш пен шеңбер үстімен жүріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

Ү. Кезең. «Жас спортшылар»
Шарты: балалар допты жерге ұрып жүгіріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай добты теуіп тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ — қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ — қазы алқаларына беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт — досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!

Алматы қаласы, «№60 бала бақшасы»
Майбасова Жанар Испаниярқызы

Толық нұсқасын жүктеу

Күш сынаспақ

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

Тауық күрес.

Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады.

Арқан тарту.

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.

Хан «алшы»

Бұқл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы.
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.

Көтермек

Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
Белгі бойынша кім біріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің.
Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.

Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.
Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.

Ақсерек-көксерек.

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам.
1- ші топ. Ойынды бастайды
Ақсрек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз –қуу

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Асау мәстек

Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға
Былай дейді.
Ер екеніңді білейін
Ешкі сойып берейін
Тақия алсаң еңкейіп
Құламасаң теңкейіп
Ерлігіңе сенейін
Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала:
Асау мәстек бұл болса
Үйретейін көріңіз
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.

Түйілген орамал

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» — деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді..Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады.ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.

Әуе таяқ

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.

Қара құлақ

Ойынға 5-10 бала қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі
Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай жалғасады.

Алақан соқпақ

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды.

Атқаума

Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды.Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де бір-бірімен қолдарын айқастырады.Үшінші бала көзі таңыулы күйде екінші баланың айқасқан қолына отырады..Қолдасып тұрған балалар:-Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді.Бірінші бала ақ сандық,көк сандық десе,көзі таңулы бала -көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар :

Бақа,бақа балпақ
басың неге жалпақ?
Бұтың неге талтақ
Көзің неге тостақ
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:-
Темір терсек көп киіп
Басым содан жалпақ
Теуіп ,теуіп қашырды
Бұтым содан тостақ!
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады.Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Белбеу соқ

Ойывншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.
Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

Арқан түю.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.

Допты қуып жет

Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу.
Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.
к/құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.

Тышқан мен мысық

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
Кқұралдар: мысық,тышқан бетперделері.

Түлкі мен балапандар

Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс.
Кқұралдар: түлкің мен балапандар беп перделері.

Боран

Бұл үлкен кең залда болады.Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі (ақ түсті беп перде,гимнастикалық қабырға болуы тиіс)
Ойын шарты:ойынға 8-10 бала қатыса алады.Бір баланы боран киімін кигізіп,қалған балалар боран алып кетпеуі үшін,Боран у-у-у деп келе қалғанда гимнастикалық қабарғаға өрмелеп шығуы керек.Боран соғып балаларды бір айналып өтеді.Ұсталып қалған баланы,боран алып кетеді.Ойын 2-3 рет қайталанып ойналады. КҚұралдар: Боран киімі ақ матадан тігілген жамылғы бептерде.

Ұйқыдағы аю.

Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады.
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізіп лорындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді.
КҚұраладар:Аю бетпердесі.

Ат жарыс

Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады.
Ойын шарты: Балалала тәрнбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша,ат үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді.Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.
КҚұралдар: Екі командаға аттың кескін бетпердесі.
Үй артында қол ағаш
Ойынды топ бала болып ойнайды.
Ойын тәртібі: қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады.ойын бастаушы не белбеу,не орамал алады да ,дөңгеленіп тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді.
Үй артында қол ағаш
Желбау тартам , есік аш,-деп бірнеше қайталанады.Дөңгеле тұрған балалар:
Үй артнда қол ағаш
Жел кірмесін ,ескі аш-деп бірігіп жауап қайтады.Тұрған балаларға ұстасқан қолдарын ажыраппайды.Ол-есік ашпағанның белгісі.
Енді: Үй артында қол ағаш
Жел бау тартам есік аш-деп жүгіріп жүрген бала өзі артындағы баланы артына ормалмен бір соғып қалады да ,орамалды сол балаға тастай сала:
Үй артындла қол ағаш
Озам десең ала қаш-деп өзі сол бетімен жүгіре береді. Осының боларын біліп,әзір тұрған бала да «Қол ағашты ала сала,әлгі балаға қарма-қарсы жүгіреді.Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар
Үй артында қол ағаш,
Қол ағаштан ала қаш
Бұрын келген балаға
Тездеп барда есік аш,-деп барлық бала хормен айтады.

Қуыр-қуыр қуырмаш.

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:
-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.
1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі.:басбармақ,балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп 5 с аусақты түгел жазады.
Сен тұр қойыңа бар.
Сен тұр түйеңе бар
Сен тұр жылқыңа бар
Сен тұр сиырыңа бар
Сен кішкентай әлі жас екенсің
Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр ,қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас
Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:
-мына жерде қой бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде түлкі бар — деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

Үш табан

Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап екі-үш жерде ұйымдастыруға боладыОйын шарты бойынша әр балаға бір-бірден асық,бір-бір сақа беріледі.(Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп)Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын үйіріседі.Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет-ретімен (тәйке,бүк,ішік) «ұшуға» кіріседі.Ұшу дегеніміз-көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіру.Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама алады.Осылай болмаған жағдайда асқ ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасадыАлысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса,көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді.Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра береді.Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды тоқтатып,өзінен кейінгі бәсекелесіне кезек беруіне мәжбүр болады.
Ережебойынша ұтылған бала ойыннан шығып қалады.Сөйтіп айналасы екі-үш айналымның ішінде әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып,олар енді орталық көмбеде ақтық (финал) сайысқа түседі.Бұл шешуші жарыса бірінші,және екінші орынға ие болған мергендерге арнаулы арнаулы жүлделер тапсырылса нұр үстіне нұр.

Хан талапай.

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.
Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.
Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.
Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.

Аударыспақ

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.

Теңге ілу.

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді.
Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді.

Санамақ

Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек.

Тасымақ.

Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасыиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие болады.

Тасымалдау

Екі-екіден қарама-қарсы 3-4 жерге 4 орындық қойылады.Сол орындықтың екеуінің үстіне бес-бестен қасық қойылады.Ойын бастаушы екі адамның ортаға шығарып ойынның шартын түсіндіреді.Шарт : 5 қасықты әр қайсысында тұрған бос орындыққа бір-бірлеп көшірлкі керек.Ол үшін екі ойыншының көзін таңып қояды.Әр ойыншы өз қасығын өзіне тиісті орындыққа көшіру ,егер қарсыласының орындығына қойса, онда шатасқаны.Шатаспай бұрын көшірген адамға сыйлық беріеді.

Қарамырза

Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді.

Айдапсал.

Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.

Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді.

Шертпек.

Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» — деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

Белбеу соқ

Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады.

Бөрік жасырмақ

Ойынғақатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.
Асау көк.

Кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ, немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатында ұйымдастырылады.Әуелі үй иелері «ауылдың алты ауызын» айтады да, онан соң «қонақ кәдесі» деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды.Түк білмейтін қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан «Асау көк» деп аталады.Кермеге мінген қонақ әрі-бері сүрінбей жүруі керек.

Орын тап.
Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту.

Сценарий развлечения «Казахские национальные игры» для старших дошкольников

Дети в спортивной форме входят в спортивный зал под музыку.

Инструктор: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар сүйікті балалар! Приглашаем всех ребят свою ловкость показать! Силу, ум, задор и стать, в народных играх доказать!

Прежде чем начать играть, предлогаю станцевать!

Музыкальная разминка.

Алдар косе: Как говорят в народе: «Ер айтпас, айтса қайтпас»

-«Джигит попусту не обещает, если обещает, от слов своих не отступает».Посмотрите, ребята, я взял с собой волшебный мешочек с асыками, они то нам и расскажут про казахские национальные игры.

Алдар Косе показывает ребятам мешочек. Открывает и достает 1 асык, передает инструктору.

Инструктор: Бұл асық «Бәйге» қазақ ұлттық ойын туралы айтқысы келеді. Этот асык хочет нам рассказать о казахской национальной игре «Байга» — состязание на ловкость и быстроту. Как говорят казахи: «Қашпақ болсаң зымыра»- «Решил бежать – лети стремглав».

1 «Байга»

(участвуют по 5 человек из каждой группы)

Дети одевают тюбетейки, берут лошадей и выстраиваются в линии. На финише  натянута веревка с платками, наездник должен скакать до финиша, сорвать 1 платок и принести его своей команде, встать в конец колонны.

Алдар косе: Молодцы ребята, здорово соревновались!

Алдар косе открывает мешочек и достает второй асык.

Алдар косе: Бұл асык «Аркан тарту» қазақ ұлттық ойыны туралы айтқысы келеді.

2 «Арқан тартыс»

Инструктор: Этот асык хочет рассказать о казахской национальной игре «Арқан тартыс» — здесь проверяеться сила и сплоченность батыров, которыми гордиться казахский народ. Как говорят казахи: «Батыр туса –ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы ».

Дети перетягивают канат.

Алдар косе: Молодцы, ребята, показали свою силу и сплоченность.

Алдар косе открывает мешочек и дастает 3 асык. 

Алдар косе: — Бұл асық «Күміс алу» қазақ ұлттық ойын туралы айтқысы келеді. В ней проверяеться ловкость и быстрота.

3 «Күміс алу»

(участвуют по 5 человек из каждой группы)

На противоположных сторонах площадки отмечаются линии старта и финиша. По залу на полу раскладываются монеты. Игроки выстраиваются возле линии старта. По сигналу и под музыку джигиты начинают скачки по всей площади зала, собирая монеты, а когда музыка стихнет, джигиты бегут и выстраиваются возле линии финиша.

Алдар косе: Молодцы, ребята, показали свою силу и сплоченность.

Алдар косе открывает мешочек и дастает 4 асык. 

Алдар косе: — Бұл асық «Орнынды тап» қазақ ұлттық ойын туралы айтқысы келеді. В ней проверяеться ловкость и быстрота.

4 «Оранынды тап»

(участвуют по 5 человек из каждой группы)

На полу раскладываються көрпе, под музыку участники разбегаються по залу, не натупая на көрпе, а когда музыка замокает, быстро занимают место на 1 көрпе. Тот, кому не достанется көрпе, выбывает из игры. По ходу игры количество көрпе уменьшается. 

Алдар косе: Молодцы, ребята, показали свою силу и сплоченность.

Алдар косе открывает мешочек и дастает 4 асык. 

Алдар косе: — Бұл асық «Тақия тастамақ» қазақ ұлттық ойын туралы айтқысы келеді. В ней проверяеться ловкость , быстрота и ориентировку в пространстве.

5 «Тақия тастамақ»

(участвуют по 6 человек из каждой группы)

Игроки сидят в кругу, закрыв глаза, водящий с тюбетейкой в руке идет по внешней стороне круга, он проговаривает слова и кладет тюбетейку за спиной любого игрока. Тот, у кого оказалась тюбитейка, встает и бежит за водящим, старается задеть его тюбетейкой.

Алдар косе: Жарайсындар балалар! Сегодгя я увидел какие вы ловкие, смелые и умные! И как вы любите казахские национальные игры. Хочу вас наградить почетными грамотами. Сау боныздар , балалар!

Алдар косе награждает и уходит.

Инструктор: До новых встречь!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Спортивный праздник день бегуна сценарий
  • Спортивный праздник русские богатыри
  • Спортты? ойын сауы? сценарий балаба?шада
  • Спортивный праздник дальше быстрее выше
  • Спортивный праздник рисовать