Спортты? отбасылы? сайыс сценарий

?кем,Анам,ж?не Мен спортты? - отбасылы? сайыс.Ма?саты: Ата - ана, о?ушы, м??алім арасында?ы ?арым - ?атынасты ны?айту ма?сатында ж?не спортты? денсаулы??а пайда

 «?кем,Анам,ж?не Мен» спортты? — отбасылы? сайыс.

Ма?саты: Ата — ана, о?ушы, м??алім арасында?ы ?арым — ?атынасты ны?айту ма?сатында ж?не спортты? денсаулы??а пайдасы зор екендігін т?сіндіру. Салауатты ?мір салтын ?алыптастыра отыра ептілікке, жылдамды??а, шапша?дылы??а т?рбиелеу.
К?рнекілік: доптар, шы?ыршы?, т?рлі — т?сті шарлар,, ?ап, ар?ан, ракетка, теннис добы, кеглилер,плакат,фломастер.
Барысы: І.?йымдастыру кезе?і
ІІ.Негізгі б?лім

??рметті м??алімдер,ата-аналар, о?ушылар б?гінгі «?кем,Шешем ж?не Мен!» сайысына ?ош келді?іздер!
К??ілді жарыс?а 5 сынып о?ушыларыата-аналармен ?атысады.
Жарыс?а ?атысушыларды орта?а ша?ырамыз.
?стан?ан салауатты ?мір салтын,
Жас?анып, еш?ашан да мойымайтын,
Болаша? спортшылар келді орта?а
?ол со?ып ?арсы алайы?, ?ане, хал?ым!

— Сайысты бастамас б?рын, сайысымыз?а ?діл ба?а беретін ?діл?азылар ал?асымен таныстырайы?. 

Дене шыны?тыру п?ніні? м??алімі-ОспановТ.А.

Мектеп психологы-Ускумбаева Ж.

Т?рбие ісіні? ме?герушісі-Мустафина А.Т.

— Спортты? сайсымыз 5 баллды? ж?йемен ба?аланады.

Сайыстын ба?дарламасы:
1. Таныстыру/форма,эмблема,?ран/
2.Тая?шаны алып ж?гіру.
3. ?аппен секір?.
4. Скетборд сайысы.

5. Теннис добын ракеткамен со?ып, кедергілерден ?ту
6.Хоккей эстафетасы.
7. Ше?бермен допты с?йретіп ж?гіру
8. ?лкен доппен сайыс.
9. Сурет салу сайысы.
10. Ата-аналар сайысы./?келер- уа?ыт?а ?ол б?гіп т?зейді,аналар- уа?ыт?а секіртпемен секіреді./
11. Ар?ан тартыс.

ІІІ. ?орытынды б?лім:
К?рсетті міне ?з ?нерін балалар,
Сайысты? да со?ы келіп таянар.
Же?імпазды аны?тайы? ?анекей,
?діл?азы сайысты ?діл ба?алар,

-деп, сайысымызды? шарттары бойынша ?орытынды шы?арып же?імпаздарды аны?тап, марапаттау ?шін с?з ?діл?азылар?а беріледі.

Спорт – к?ркі ?мірді?,
Спорт- досы?, серігі?.
Жатты?са? шымыр боларсы?,
Шыны?ып, ?сіп, толарсы?, — демекші салауатты ?мір салтын ?станып, спортты серік етейік!

Просмотр содержимого документа

«»?кем,Анам,ж?не Мен» спортты? — отбасылы? сайыс.»

«Толағай» отбасылық сайысы


  • Дене шынықтыру
  • medetmmm
  • 12.01.2018
  • 0
  • 1
  • 11265

ШҚО Катонқарағай ауданы Көкбастау ауылы КММ «Юбилейное орта мектебі»
Дене шынықтыру пән мұғалімі: Черьязданов Ернат Меирович

Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер

1. Спорт — денсаулық кепілі.

2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.

3. Саулық-байлық негізі

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық- әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы — еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектеп-лицейіміздің 7 «А» сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1-жүргізуші:

Денсаулық — ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық — ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

2-жүргізуші:   

Денсаулық — ол күлуің
Көңіл — күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

1-жүргізуші:

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.

2.

1-жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.       

2-жүргізуші:   

Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

1-жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!

2-жүргізуші:   

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!

1-жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

2-жүргізуші:   

Бүгінгі спорттық сайыс _____ кезеңнен тұрады.

1.

2.

1-жүргізуші: Сайысқа арнайы _____ отбасы қатысады.  

Ал, енді І «Таныстыру»  кезеңін бастайық!

(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.

1____________________________________________ отбасы

2____________________________________________ отбасы

3____________________________________________ отбасы

4____________________________________________ отбасы

2-жүргізуші: ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.

І тур: «Кім жылдам?»

(анасы допты полға ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, колесоға  түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)

1-жүргізуші:

ІІ тур: «Білімді кенгуру» сайысы.

(ата-аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір-бір есепті шығару керек)  /барарда және қайтарда осы іс-әрекет/

2-жүргізуші: ІІІ тур: «Кім көп секіреді?». (ата-анасы скакалканы екі жақтан ұстап, баланы  секіртеді) /10-нан аса/

1-жүргізуші: ІҮ тур: «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала!».  (Ата-ана кезекпен-кезек орындықта байланып тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішіндегі жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата-ана соны шешу керек, яғни айту керек. /Шар жарылғанша, қайталайды./ Кездескен кедергілерден өту қажет: обручтан өту, бір аяқпен секіру)

2-жүргізуші: Ү тур: «Жеңіске жету» сайысы.

Ата-аналар кезекпен-кезек кездескен кедергілерден өтіп, /змейка- доппен, обручты айналдыру-3 рет,  скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../

Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді.

1-жүргізуші:

Денсаулықтың  маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат  күлкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

2-жүргізуші: Ендігі кезек,  бүгінгі сайыста белсенділік танытып отырған белсенді көрермен ата-аналарға берейік. Сонымен «Белсенділер» тобымен өткізілетін сайыс:

1-жүргізуші:

1. Қол күресі. (әкелер үшін)

2. Арқан тартысу. /аналар бөлек және әкелер бөлек/

3. Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын түсіндіру./

2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын ашу, түсіндіру./

Мақал-мәтелдер

1. Денсаулық — …………………… (зор байлық)

2. Тәні саудың — ………………………….. (жаны сау)

3. Емнің алды — ………………………….. (еңбек)

4. Тазалық – саулық негізі,

Саулық — ……………….. негізі. (байлық)

5. Шынықсаң — ………………… (шымыр боласың)

6. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын …………. ізде. (жол)

7. Сау дене,озат ақыл, адал көніл-

Үшеумен бақытты болады …………….. (өмір).

1-жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.

Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.

2-жүргізуші:

Өмір, өзін қайдасын,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсын.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап  біздерге.
Денсаулықтың  әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне

1-жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.

2-жүргізуші: Марапаттау рәсімі біздің ата-аналарымыздың өнерлеріне тәнті болып отырған әділқазылар алқасына береміз.

(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1-жүргізуші:

Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!

2-жүргізуші:

Денсаулық — басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1-жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық.

2-жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамадалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!


 Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық  сайысы

Мақсаты: оқушылар мен  ата-аналарға  адам  денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  1.Доп,кегли,шеңбер,скакалка,секундомер,ысқырық,арқан

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,  ата-аналар және оқушылар қауымы! Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.

 «Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда».Бүгінгі «Әкем, анам және мен» спорттық  отбасылық   сайысқа қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Әкем, анам және мен» отбасылық  сайысы – отбасыларды  спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі!  Бұл жарыс — отбасылардың қатысуымен  өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама  бүгінде біздің мектепте 3 «А», 3 «Ә», 4 «А» сыныптар оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр.Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

 Сайысымызды ашып беру үшін  ортаға  мектебіміздің директоры Избасова Алтын Болатқызын   шақырамыз.

Ортаға «…………….»  әнімен  мектебіміздің  ……сынып оқушысы   ………………….. шақырамыз.

1-жүргізуші: Ендігі сөз әрдайым игі істердің қасында жүретін  еліміздегі көшбасшы «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясынан келіп отырған аса қадірменді қонағымыз     ………………      береміз.

2-жүргізуші: Ендігі сөз мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,әрі әділқазылар алқазылар алқасының төрағасы Болат Мұхамедалиұлына береміз.

1-жүргізуші:

Спорт – денсаулық кепілі десек, «Әке, шеше және мен» отбасылық  сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

   2-жүргізуші:

  Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. Оқу-тәрбие  ісінің меңгерушісі – Абылаев Болат Мұхамедалиұлы

  2. Ғылыми-әдістемелік орынбасар -Садыкова Гульзада Рустемовна

  3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-Огнева Людмила Николаевна

1-жүргізуші:   

  Бүгінгі спорттық сайыс    2  кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. «Шынықсаң шымыр боласың»   дене жаттығу жасауы

2-жүргізуші: Сайысқа арнайы  отбасы қатысады.  

Ал, енді І «Таныстыру»  кезеңін бастайық!  

Әр отбасы өздерінің командаларын таныстырып өтеді.

1-жүргізуші: Ал,енді ойынымыздың негізгі бөлігіне көшейік  . «Шынықсаң,шымыр боласың» тақырыбында әр түрлі дене жаттығулары.

2-жүргізуші:  1 тур   Эстафеталық таяқша.  

Топ мүшелері  таяқшаны алып  жүгіре отырып,белгіленген межені айналып,таяқшаны келесі ойыншыға табыстайды.

1-жүргізуші: 2  тур   Аралас эстафета.   

Әкесі допты кедергілер арасымен  аяғымен  жүргізе отырып  межеге қойып кетеді,ал баласы  тіке жүгіріп барып,межедегі допты кедергілер арасымен қолымен жүгірте отырып алып келеді.Анасы скакалкамен кедергілер арасыен жүгіре отырып,межеге скакалканы қалдырып,тіке жүгіріп қайтып келеді.

2-жүргізуші:  3  тур   Шеңбермен  жүгіру.

Әкесі тіке жүгіріп барып межедегі шеңберді алады да беліне ұстап жүгіріп келіп,тобындағы баласын шеңбер ішіне салып екеуі межені айналып орындарына келеді,енді шеңберден әкесі шығады да,анасымен бірге баласы дәл осы тәртіппен жүгіреді

                                                                  1-жүргізуші:  4 тур Арба.

Қатысушы допты шеңбер ішіне салып,кедергілер арасымен жүгіре отырып,межені айналып келесі ойыншыға табыстайды.

2-жүргізуші: 5 тур Пингвин.

1 қатысушы допты екі аяғының ортасына салып,межені айналып келеді де,допты келесі ойыншыға табыстайды.Осылайша ойын жалғасады.

1-жүргізуші: 6  тур  Арқан тартыс.

                                                                                      2-жүргізуші:  

Осымен бүгінгі «Әкем ,анам және мен » тақырыбындағы отбасылық сайысымыз аяқталды.Ортаға  әділқазылар мүшелегінің төрағасы  Абылаев Болат Мұхамедалиұлы мен «НұрОтан» ХДП-нан келген …………….. шақырамыз.

Қорытынды: Командаларға ойын нәтижелері бойынша ,орындар,соған сәйкес дипломдармен марапатталуы тиіс.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Әкем,анам және Мен-спорттық отбасы»

Мақсаты:1.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

2.Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту.

3.Отбасындағы қарым-қатынасты дене шынықтыру арқылы нығайту мақсатында.

Түрі:Эстафеталық ойын.

Өтетін орны: Спорт зал

Пәндік байланысы: Тіл дамыту, Музыка.

Көрнекілігі: Суреттер,ысқырық,доптар,секіргіш жіп,кегли,клюшка,эмблема.

Барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға,

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Негізгі бөлім: Құрметті әріптестер! Сайысқа қатысыушыларды ортаға шақырамыз.

  1. «Жігер» тобын ортаға шақырамыз ұраны:
  2. «Қайсар» тобын ортаға шақырамыз ұраны:
  3. «Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз ұраны:

Әр отбасы орындарына келіп тұрады.

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.Әдіскер: Дүйсембаева А.

2.Психолог:Сәтова Н.

3.Ата-ана: Итурхина Л.

Спорттық сайысымыз баллдық жүйемен бағаланады.Сайыстың бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Сайысымызды бастаймыз.

1-кезең.Шарты: Әр отбасы 10 қадамдай қашықтықта тұрған кедергілердің арасынан допты екі аяқтың арасына қысып,секіріп кедергілерден өту.

2-кезең.Шарты: «Шар жинау» Әр топ жерде шашылып жатқан шарларды өз түстеріне қарай таңдап пакетпен жинайды, балалар пакеттің аузын ашып көмектеседі.

3-кезең.Шарты: Қанарды аяғына киіп нысанадан айналып өту.

4-кезең.Шарты: «Кім епті» Шелектегі судан қасықтап тасып стаканды суға толтыру.

5-кезең.Шарты: Әр ойыншы клюшкамен допты кедергілердің арасымен айдап өтеді.

Сонымен бірге балалар тіл дамыту сабағынан не біліп, не үйренеді екен.

Соны тексерейік.

Дидактикалық ойын: «Ағашта не өседі?»

Шарты: ағашта өсетін жемістерді тауып ағашқа ілу.

III.Қорытынды.

Әділқазылыр өз бағаларын бергенше кішкентай бүлдіршіндердің әніне кезек берейік.

Ән «Қошақаным» орындайтындар: Жанбибі,Айдана,Асима.

Сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

«Талап бізден,баға сізден » демекші бағаларымызды беріп өтіңіздер.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай бабамыз да!

Сіздерге көп рахмет! Жақсы күндерде жолыққанша! Аман –сау болайық!

Дайындаған: Сәубетова Г.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Спортивный праздник день здоровья конспект
  • Спортивный праздник слова ведущего
  • Спортты? ойындар сценарий м??алімдер арасында
  • Спортивный праздник день защитника отечества цель
  • Спортивный праздник семейные старты