Спортты? жарыс балаба?шада сценарий

Материктер жарысы атты сайыс саба?Саба?ты? ма?саты: Д?ст?рлі емес т?сілмен ?ткізілген ?айталау саба?тары ?ткен та?ырыптарды пысы?тау; О?ушыларды? ?ткен та?ырып

28 орта мектеп әдіскері, география пәні мұғалімі

Раушан Қашығұлова Елубайқызы

1971жылы 27 қыркүйекте дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін 1994жылы бітірген. 2008жылы қалалық «Жыл мұғалімі-2008» байқауынан ІІ орын,

2009жылы қалалық «Жаратылыстану-математка» пәндері

олимпиадасынан І орын, 2009жылы облыстық

«Жаратылыстану-математка» пәндері олимпиадасынан І орын иеленді.

Шығармашылық жұмыс

«География пәнінен оқушыларды ҰБТ-леуге дайындау жолдары»

.

Білім негізі — мектепте. Ірге тасы берік үйдің азып тозбайтыны, мықты болатыны сияқты толыққанды орта білім алған түлек қана жоғары оқу орындарынан халықаралық стандарттарға сай терең білім алып, қалаған мамандығын игереді.Оқушыларды ҰБТ-леуге дайындаудағы міндеттерім:

1. Оқушылардың білімін жинақтау.

2. Оқушылардың білімін жүйелеп, қайталау.

3. Алған білімдерін жүйелеу, білуге дағдыландыру.

4. Шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

5. Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйрету.

6. Оқушылар бойында жинақылық туғызу

7. Дүниетанымын кеңейту

8. Оқушылардың алған білімдерінің деңгейін бағалау.

9. Оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.

ҰБТ-леудің қажеттілігі.

1. Білім беру ұйымдарын объективті бағалау.

2. Оқушылар мен мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын ынталандыру.

3. Білім берудің тәуелсіз бағалау жүйесін құру.

География пәнін таңдау қандай мамандықтар үшін қажет.

1. Білім беру ісі

2. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

3. Жаратылыстану ғылымы

4. техникалық ғылымдар

5. Ауыл шаруашылық ғылымдары – су ресурстары.

6. Қызмет көрсету мамандықтары үшін қажет.

ҰБТ дайындауда ең бірінші төмендегідей жұмыстар жүргізген тиімді деп ойлаймын.

1. Пән бойынша бағдарлама құрастыру.

2. Тест жинағын жинақтау.

3. ҰБТ-леудегі сұрақтарға талдау жүргізу.

Бағдарламаның негізгі міндеті:

11-сынып оқушыларын «География» пәнінен өз білімдерін тиянақтап, жинақтап, ҰБТ-леуге дайындау. 5-11 сыныптардағы алған білімдерін жүйелі түрде қайталау.

Бағдарлама мектептегі стандартты білім жүйесіне сай құрастырылады

Оқушыларға бағдарламаға сәйкес теориялық білім беріледі.

Пән бойынша тарауларға арналған тестлер жинағын дайындаған жөн.

Тестілеуге дайындауда оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды 4 топқа жіктедім.

1. Географиялық білім негіздерін қалыптастыру.

2. Тест тапсырмалары арқылы білім деңгейлерін тексеру

3. Алынған тестілерді талқылау.

4. Топпен жұмыс істеу.

Әрбір алынған тестілерін талқылау оқушылар қатемен жұмыс жүргізеді.

1. Қателескен сұрақтарын жазып, жауаптарын, оқулық пен лекция дәптерлерінен іздейді.

2. Жауаптарын тауып, жазады.

3. Өзара сұрақтар қойып, талқылайды, бағалайды.

Топпен жұмыс істеу

1 топ 2 топ 3 топ

(18 ұпайдан жоғары) (18-14 — дейін) (1-14 дейін)

Топпен жұмыс істеу қандай нәтижеге жеткізеді.

1. Оқушылардың жоғары нәтижеге талпынысын ынталандырады

2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.

ҰБТ-леудегі оқушыларды дайындау нәтижесі.

2006 жылы 37 оқушының сапа көрсеткіші 46%. Орта ұпай 16 ұпай. 2007 жылы 28 оқушының сапа көрсеткіші-64,2% орта ұпай 19,3 ұпай.2009 жылы 100

Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский-«Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге терең үңілуге мүмкіндік алуымен де өзін-өзі үйретеді» деген. Ал, асқан дарынды геохим Форций «Не істеп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін» деген екен.

Сондықтан зор табысқа жету үшін, шәкірттерге өздері шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етемін.

Тестлеуге даярлық кезінде ұстанымдармен танысыңыз,мүмкін олар өз іс-әрекетіңізді шын мәнінде оңтайлы ұйымдастыруға жәрдемдесер.Тестлеуге дайындық:

-Сабаққа арналған орынды дайындаңыз,үстел үстіндегі артық заттарды жинап, қажет болатын оқулықтарды,оқу құралдарын ыңғайлы етіп қойыңыз;

-Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізіңіз,олар зияткерлік белсенділікті арттырады.

-Сабақтың жоспарын жасаңыз,ең алдымен өзіңіздің «үкі» немесе «бозторғай» екендігіңізді анықтап алыңыз.

-Ең қиын бөлімнен ,ең нашар білетін материалдан бастаңыз;

-Сабақ оқу мен демалуды кезектестіріп отырыңыз;

-Қолыңызға секундамер алып,жаттығыңыз,тестіні орындау уақытын есептеп көріңіз;

Сабақтың тақырыбы: Латын Америкасының шаруашылығы.Сыртқы экономикалық байланыстары.

Мақсаты: 1.Оқушыларға Латын Америкасы елдерінің шаруашылығы туралы түсінік беру.Оқушылардың алған білімдерін дамыту

2.Оқушыларды ұжымдық, жеке , топпен жұмыс жасай білуге үйрету

Түсіндіру әдісі: Баяндау,жалпылама түсіндіру, көрнекілік

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Карта,Интертақта.

1.Үй тапсырмасын пысықтау;

2.Жаңа материалды оқып үйрену;

3.Бекіту және материалды қорытындылау;

4.Бағалау.

  • Латын АмерЛатын Америкасында қандай минералды шикізат түрлері бар?

  • Су ресурстарының аймақтағы шаруашылық үшін маңызы қандай?

Шаруашылық кезеңі

Сипаты

Даму ерекшеліктері

1.Отарлау кезеңі

Бағалы металдар өндірісі. Плантациялық шаруашылық.

Европа нарығына бағытталды

2.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы кезең

Шетел қаржысына негізделген шаруашылық

Дамыған елдер аймақтағы жас елдерге экономикалық үстемдік етті

3.Бірінші дүни жүзілік соғыстан соңғы кезеңі

Жергілікті қаржыға негізделген кішігірім кәсіпорындар

Дамыған елдер аймақтағы жас елдерге экономикалық үстемдік етті

4.1960-1990 “Импортты алмастыру”

Ішкі нарықта импорттық тауарларды жергілікті өндіріс тауарлары ығыстыра бастады

Шетелдік бірлескен кәсіпорындар өз үлестерін қосты

5.1980 жылдардағы “Экспортқа бағдарлану”

Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру

Елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық орнату

Экспортқа бағдарлану

Дамыған жетекші өнеркәсіптері

  • Тау-кен өнеркәсібі

  • Энергетика

  • Қара және түсті металлургия

  • Мұнай өндіру , өңдеу

Қара және түсті металлургия дамуына әсер ететін факторлар

  • Болат балқытатын елдер Бразилия,Мексика, Аргентина;

  • Мыс өндіруден дүние жүзінде 2 орын алатын ел-Чили;

  • Алюминий өндіретін елдер-Бразилия,Ямайка;

  • Электр энергиясын өндіруде СЭС-тер маңызды роль атқарады.Мексика , Аргентина, Бразилия елдерінде СЭС жүйелері іске қосылған.

  • Гаити,Гондурас,Боливияда электр энергиясымен нашар қамтамасыз етілген.

Жергілікті шикізат көзіне негізделген өнеркәсіптер:

  • Ауылшаруашылығының дамуына қандай жағдайлар әсер етеді деп ойлайсыңдар?

Өсімдік шаруашылығының түрлері

Халықаралық маманданған негізгі дақылдар

Дақыл түрлері

Жетекші өсіретін елдер

Қант құрағы

Куба, Бразилия, Ямайка, Доминикан Республикасы

Какао

Бразилия, Эквадор, Доминикан Республикасы

Кофе

Бразилия, Эквадор, Колумбия

Мақта

Парагвай, Уругвай, Аргентина

Банан

Эквадор, Коста-Рика, Бразилия

Сыртқы экономикалық байланыстары

  • Әлемдік нарықтық экономикада аграрлық-шикізаттық бағытқа маманданған.

  • Экспортында минералды шикізат пен ауыл шаруашылық өнімдері басым.

  • Импортында құрал-жабдықтар мен машиналар басым.

Есіңе сақта

  • 1994 жылы құрылған НАФТА ұйымының мүшесі.

  • 1991 жылы МЕРКОСУР экономикалық одағына мүше болды.

№1 тапсырма.
Ірі су және жылу электр станцияларын атаңдар.

№2 тапсырма.
Ірі қара және түсті металлургия орталықтарын атаңдар.

Еуропа елдері бойынша өтілген материалдарды қайталауға арналған тапсырмалар

1.тапсыарма

Атласты пайдаланыптеңіз жағалауындағы, өзен сағасындағы,теңізден қашық орналасқан елдерді анықтап кестені толтырыңдар.

Теңіз жағалауындағы елдер

Өзен сағасындағы елдер

Теңізден қашық орналасқан елдер

2- тапсырма

Төмендегі елдер қандай елдермен шектесетіндігін анықтаңыз

Германия.Франңия,Австрия, Швейцария

3- тапсырма

Еуропа елдерін мемлекеттік құрылымына қарай топтастырыңдар

4- тапсырма

Еуропаның минералды ресурстар картасына қарай отырып,пайдалы қазбалардың кен орындарын жіктеңдер

5- тапсырма

Картаны пайдаланып, бір ұлтты, екі ұлтты, көп ұлтты мемлекеттерді анықтаңыз.

6- тапсырма

Еуропадағы тіл семьялары мен тіл топтарын сипаттайтын кесте құрастырыңдар

7- тапсырмаОқулықтағы мәтінді пайдаланып, ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіп салаларын анықтаңыздар.

8- тапсырма.

Еуропа неліктен халықаралық туризмнің басты ауданы болып саналады? Жауапты нақты мысалмен дәлелдеңіздер.

9- тапсырма

ЕО құрамына кіретін елдерді ,олардың астаналарын жазыңдар.

10-тапсырма.

Германия, Франция, Ұлыбританиядағы ірі қалаларды анықтап, кесте толтырыңдар.

11- тапсырма.

Германиядағы ірі автомобиль зауыттары қай қалаларда орналасқандығын анықтап, жазыңыздар.

12- тапсырма.

Франция мен Германияның шаруашылық құрылымын салыстырыңыздар.

13- тапсырма

Еуропадағы микромемлекеттерге сипаттама беріңіздер.

14- тапсырма

Испанияның табиғатына сипаттама беріңіздер.

15- тапсырма.

Кескін картаға ірі Еуропадағы теміржол мен автомобиль жолдарын түсіріңдер.

«Еуропа елдерінің көлігі» тақырыбына арналған тапсырмалар

1.Еуропа елдерінің көлік жүйесі өзіндік ерекшеліктерге ие.Төменде көрсетілген ерекшеліктердің қайсысы дұрысқа жататынын табьыңыздар.

А) дүние жүзінде теміржол торы жиілігі жөнінен бірінші орын алады;

Ә) байланысқан барлық түрімен қамтылған;

Б) қысқа қащықтық;

В) ендік және бойлық бағыттағы магистральдық жолдардың болуы;

Г)күшті дамыған теңіз паромы жүйелері;

Д) Аймақтық және халықаралық маңызы бар көлік тораптанының болуы;

Е) Халықаралық және транзиттік жүктердің тасылу қарқынының жоғарылауы;

2.Ендік бағытындағы теміржол магистральдары ішінен мыналарды ерекше бөлуге болады:

А) лиссабон – Мадрид-…Берлин-…-Москва.

Меридиан бағытындағылар:

Ә)Лондон-…-Марсель;

Б) Гамбург-..-Рим;

В)Берлин-…-Стамбул;

3.Дунай өзен мына елдердің үстімен ағып өтеді:

1)… 2)… 3)… 4)… 5)…. 6)… 7)… 8) … 9) және мына елдердің табиғи шекарасы;

А) Венгрия мен ….. Ә)Румыния мен …..Б)Украина мен …

4. Дунай өзені бойында мынадай ірі порттар орналасқан :

Линц, …Братлислава….,…, Русе, Измайл.

5. Еуропадағы жүк айналымындағы жылына 50 млн т-дан асатын ірі порттар арасынан мыналарды бөлуге болды:

1)…2)…3)…4)…5)…6)….7)…

Дұрыс жауаптары

1.В және Д жауабынан басқасы.

2.а)Париж, Варшава
ә) Париж

б)Мюнхен

в)Белград, София

3.Германия.Австрия,Чехия,Словакия,Венгрия,Югаславия,Румыния,Болгария,Украина

А)Чехия мен Словакия;

Ә)Румыния мен Болгария;

Б)Украина мен Румыния;

4.Вена, Будапешт, Белград;

5. 1-Роттердам;

2-Антперпен

3-Лондон;

4-Гамбург;

5-Гавр;

6-Марсель;

7-Генуя;

«Көңілді мәре» спорттық сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, шариктер, үлкен резеңке доптар, асықтар, самокат, хоккей таяқшалары.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Көңілді мәре!» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық. («Қара жорға» әуенімен балалар ортаға шығады.)
(Гимн ойналады)
Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын атаңдар.
Желтоқсан айында қандай мерекелерді атап өтеміз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Олар «Тұлпар» және «Қыран» топтары. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
(әділ қазылар алқасы сайланады)
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіз
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
«Көңілді сайыс!»- атты жарысымызды бастаймыз.
Сайыс түрлері:
1. Таныстыру
2. Допты бер
3. Шарикті ұяшыққа салу
4. Хоккей
5. Кім жылдам
6. Асық ату
7. Шегіртке
8. Арқан тартыс
І тур «Таныстыру»
«Тұлпар» тобы: Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобы: Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

 ІІ тур «Допты бер»
Әр команда сапқа тұрып, допты қолдарымен астарынан асырып артындағы оқушыға береді. Соңғы оқушы допты ұстап, саптың алдына жүгіріп келіп, допты артқа беріп жалғастырады. Белгіленген межеге жеткен соң орындарына жүгіріп келіп сапқа тұру керек. Бірінші болған команда жеңеді.
ІІІ тур «Шарикті ұяшыққа салу»
Балалар бір — бірден шариктерді кәрзеңкеге дәлдеп салады. Неше рет шарик салса, сонша ұпай жинайды. Ойын уақытқа ойналады. Уақыты 2 минут
ІV тур «Хоккей»
Теннис добын хоккей таяқшасымен (клюшка) итеріп жүріп, межеден айналып, кері келіп келесі ойыншыға береді. Бірінші болған топ жеңеді.
V тур «Кім жылдам»
Самокатқа мініп, белгіленген межеден айналып келіп, келесі ойыншыға берді. Бірінші келген топ жеңеді.
VІ тур «Асық ату»
Белгіленген межеге асықтар тізіліп қойылады. Әр командадан бір — бірден оқушы шығып, асықты көздеп атады. Көп асық атып алған команда жеңіске жетеді.
VІІ тур «Шегіртке»
Әр топтан бір — бір оқушы доптың үстіне отырып, белгіленген межеге секіріп жетіп, кері қайтады. Бірінші болып бітірген топ жеңеді.
VІІІ «Арқан тартыс»:
Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, балалар!
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Жарысқа шық, жас ұлан!» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімді әділ қазылардан күтеміз.
(әділ қазылардың шешімі тыңдалады)
Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Спорттық жарысы

Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, балабақшамен ата-ана арасында жақсы қарым- қатынас орнату және ата-аналардың қоғамдық жұмыстарға араласуына жағдай жасау, дене шынықтырумен жиі айналысу. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.

Керекті құралдар: доптар, межелер, құрсаулар,секіргіштер, арқан,обручтар

Командалар музыка әуенімен шығады.

Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін сіздер «Отбасылар жарысы»спорттық ойынына қатысқалы отырған «Еркетай» және «Айгөлек» тобының ,бәрі бір отбасындай болып кеткен балалары

мен ата-аналардың және тәрбиешілерінің өнерін тамашағалы отырсындар.

Жанұялар отыр сынға түскелі,Сыналмақшы ептілік пен күштері.Әрбірінің жігер-күші жалындапЖеңіс сәтін тағат таппай күткені.Спорт десе таза біздің арымыз,Жалындайды сайысқанда жанымыз.Сайысатын тобымызды бүгінгі,Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

«Әнұран» шырқалады

Ал сайыскер топтар,

Ешкімнің жоқ алалар.

«Жеңімпаз болу» үлкен сын,

Оны әділқазың бағалар.

Ашық жарқын жүзді,

Әділқазылар біздің

Таңдап баға беруге ,

Шақырайық төрге-деп әділқазылар алқасын сайлау және таныстыру.

1 Балабақшамыздың меңгерушісі Достанова Әсел Жангелдіқызы

4 Медбике Сағымбаева Гүлзия Құмарқызы

Әділқазылар алқасы 4,5балдық жүйе бойынша бағалайды.

Әділқазылар сөз беріледі.

Тәрбиеші:Балалар ,біз таңертең тұрған бойда беті-қолымызды жуамыз содан соң не істейміз?

-Жаттығу жасаймыз.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін,әдемі,сымбатты болып өсу үшін

-Ендеше балалар,ата-аналар спорттық жарысымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Таңертеңгілік жаттығулар жасау.

Жүргізуші жарыстың түрлерімен таныстырады.Ойын 7 турдан тұрады:

1 «Кім жылдам?»

2 «Кенгуру»

3 «Қырықаяқ»

4 «101 жұмбақ»

5 «Кедергілерден өт»

6 «Көңілді доп»

7 «Арқан тартыс»

Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады.Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

       Жанұялар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға.

  Жігерленіп алаңға келіп жетті,

   Шапшаңдықпен әділдікпен табысуға

Бүгінгі жарысымызға қатысушылар:

1 Анасы

2 Әкесі

3 Ұлы

4 Қызы

5 Тәрбиешісі

 Командалар жартылай шеңберге тұрып әр отбасы өз команда құрамын көрермендерге таныстырады. Үй тапсырмасы бойынша дайындап әкелген эмблемасымен таныстырады.

1.Команда аты,ұраны,эмблема.

Әр команда өз эмблемасымен, топ атымен және девизімен таныстырады.

Командалар:

«Қыран» командасы-

Команда ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз!

Әкесі: Батыралин Биржан Елеусизович

Анасы: Батыралина Зухра Советкалиева

Ұлы: Елеусіз Мағжан

Қызы: Хамитова Мөлдір

Тәрбиешісі: Мухамбетова Жұлдыз

«Бәйтерек» командасы- Команда ұраны: Бәйтеректей биікпіз,

Отбасына берікпіз

Шынығып, мықты болып,

Салауатты өмір сүреміз!

Әкесі: Байкатов Медет Асқарұлы

Анасы: Байкатова Асем Дүйсенғалиқызы

Ұлы: Асқар Мансур

Қызы: Қуанышева Еркеназ

Тәрбиешісі: Ділжанова Жазира

Жүргізуші:

      Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Жанұялар жарысып,

  Спортсмен отбасы болар ма? –дей келе бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

1 «Кім жылдам?»

Қолдарыңызға таяқшаны ұстап кедергілер арасынан жыланша жүгіріп өтеді,ата-аналар кедергілерденсекіріп өтуі тиіс,содан соң таяқшаны келесі ойыншыға тапсырады, осылай барлық отбасы мүшелері тапсырманы орындап шығады.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

2 «Кенгуру»

Шарты: допты аяқтың арасына қысып, кедергілер арасынан секіріп өтіп,қайтар жолда жүгіріп қайтуы қажет.

 Әділқазылар алқасының бағаларын білу

Сергіту сәті: «Күн,ауа,су,жер»ойынын ойнату

3.Қырықаяқ ойыны

Әр топ өз ойыншыларының белдерінен ұстап белгіленген жалаушадан айналады,қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.

4 . Жұмбақ шешу.

Денсаулық, спорт тақырыбындағы жұмбақтарды шешу.

Жұмбақты шеше алмаған жағдайда , шешкен отбасы ұпаймен бағаланады.Мен айтқан жұмбақтарды отбасымызбен жақсылап ойланып,тек қана бір ғана жауабын береміз.

Жұмбақтар:

Үлкен алтын табақтан, Еш тесікте тұрмайды,

Әлемге нұрын таратқан (Күн) Ол жоқта жер құрғайды. (Су)

Таба алмай оң мен солды Аяғым басы қайқы қос табан

Адасасың қапылыста. Таяғым да қуады оны қоймастан

Дәл сілтер көрсетіп жолыңды (Шаңғы) Шығысқа,батысқа. (Компас) Үрлесең жеп-жеңіл,

Тепсең- ақ секіріп, Елпілдеп кетеді.

Ұстатпай қашады. Ұшырсаң көк теңбіл,

Бір жерге бекініп, Бұлтқа да жетеді. (Шар)

Тұра алмай сасады. (Доп)

Табаңға Қанжар байладым, Қос әйнектен қарасаң,

Бетінде айна ойнадым. (Коньки) Көз алдыңда тұрады,

Түсі бар көрінбейтін, Алыстағы орман. (Дүрбі)

Тынысы ол тіршіліктің

Ешқашан жерінбейтін (Ауа)

5. «Кедергілерден өт»

Шарты:Екі топ обруч арқылы жанұясын тез жинап,кедергілерден өтіп мәреге жетуі тиіс.

6. «Сиқырлы доп»

Шарты: Алдымен баласы «сиқырлы допты» қолына ұстап жүгіріп айналып қайтады,анасы допты аяғының ортасына қойып түсірмей апарып келу;әкесі допты аяқпен жылжыта отырып алып келу,тәрбиешісі допты жерге ұрып секіртіп айналып қайтады.

Жарыс аяқталайын деп жатқанда Алдар көсе кіріп келеді.Балалармен амандасады.

Алдар көсе:

Мен Алдармын,Алдармын,

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

Армысыздар,көпшілік қауым!Армысыздар, балалар!

Жүргізуші:Армысыз, Алдар көсе!Сіз мұнда қайдан жүрсіз?

Алдар көсе:Мұнда үлкен мереке болып жатқанын естіп келдім.

Жүргізуші: Дәл мерекенің үстінен түстіңіз.

Алдар көсе:Балалар мен сендерге қазақтың ұлттық ойынын алып келдім.Менімен дос болғыларың келе ме?

-Қанекей,ата-аналар,балалар жарысқа дайынсыңдар ма?

Ендеше менің ойыным «Арқан тартыс» ойыны деп аталады.

7.Арқан тартыс Ойынға ұзындығы 8- екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп,арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екікоманда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару.Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.

Балалардың орындауында: «Спорт биі»

Қорытынды бөлімі:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің бірліктері кәміл мықты.

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,

Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен ,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жарыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен отбасын марапаттап,мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етті. Медбике барлық жарысқа қатысушыларға денсаулық тілеп, дәрумендер таратты. Жарыс өз мәресіне жетті.

Жүргізуші:

Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер,намысымыз

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз!

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Көңілді эстафета

Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға,дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Спортпен  айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану.Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: кеглилер,машиналар,шығыршықтар,ысқырық

Жүру барысы:

Құрметті ұжымдастар,кішкентай бүлдіршіндер! Ортаңғы«Алтын сақа» тобында ұйымдастырылған «Көңілді эстафета» сайысына қош келдіңіздер!

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

«Сұңқар» тобы.                                           «Тұлпар» тобы

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық:

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1.Таныстыру

  1. «Kiм епті?»
  2. «Кім жүйрік?»
  3. «Кiм күшті?»

1 – бөлім.  Таныстыру.

Шарты: Екі топ өздерін таныстырады.

I — топ «Сұңқар» Ұраны: «Сұңқарлар алға, биікке самға, ешкімнен қалма!»
II — топ «Тұлпар» Ұраны: «Тұлпар болып шабамыз, сұңқардан біз озамыз»

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!

II – бөлім. «Кім епті?»

Шарты: Межеге дейін кеглидің арасымен еңбектеп барып,межені айналып жүгіріп келу.

III – бөлім. «Кiм жүйрік?»

Шарты:Машинамен межеге дейін барып,кері келу.

IV – бөлім. «Кім күшті?»

Шарты: Еденде жатқан шығыршықтан шығыршыққа секіріп межеге дейін барып,межені айналып кері келу.

Осымен сайысымыз аяқталды жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! Сау  болыңыздар!

Сайысымызды келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Каламбаева Айкен Кумисбаевна
Атырау облысы, Кызылкоға ауданы
«Алтын кілт» бөбекжай бақшасы

Нұрсұлтан қаласы ЖШС                                         «Ақ босаға-kz» «Алпамыс батыр»

балабақшасының  дене                                                                                                                                                 шынықтыру нұсқаушысы

                                                                        Құрамыс Махаббат Төлеуқызы

                                                                        Эстафеталық жарыс

                                                «Мен спортты сүйемін!»

Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Мен спортты сүйемін!» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден — саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз:

№1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке — жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір — бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады:

1 — этап «Кім жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 — этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 — балаға жеткізу
3 — этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 — этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!

Балаба?шада?ы тіл мерекесі «Бір ша?ыра?ты? астындамыз»

Балаба?шада?ы тіл мерекесі «Бір ша?ыра?ты? астындамыз»

Ма?саты: Мемлекеттік тіл м?ртебесін к?теруге атсалысу?а ша?ыру, тіл тазалы?ын са?тау, м?дениетті с?йлеу.

?діс-т?сілдер: к?рнекілік, ойын, с?здік, к?ркем с?з,тосын сый,

Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада?ы тіл мерекесі «Бір ша?ыра?ты? астындамыз»»

Балабақшадағы тіл мерекесі.

Мақсаты: Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру,
тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, гүлдер,шарлар

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, ойын, сөздік, көркем сөз,тосын сый,

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Өнердің түскен жолына,

Жас досым саған мың сәлем.

Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!Ертеңгілігімізді гимннен бастайық.

Гимн: барлық балалардың орындауында.

— Сәлеметсіңдер ме,балалар! А что сегодня случилась почему у нас так много людей, они такие интересные в таких красивых костюмах, и говорят на разных языках.

. Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?

— Дұрыс, тіл адамға бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдарға сөйлеу үшін керек. Қазақстанда әр халық өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.

Жүргізуші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 100 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.

Казахи относятся к восточному народу, они очень гостеприимный народ, любят по праздникам ходить к друг другу в гости.

2 кіші топ балалары шығады

Жүргізуші: Встречайте хозяев шанырақа.

Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.

Қазақтың ұлттық ойыны: «Қыз қуу».

Жүргізуші: Өзбектің әдет салтына,

Ойлана қарап түйін түй.

Шаттық сыйлап жалпыға,

Жалғаса бер ән мен би.

Выходят из 2 младшей группы

Жүргізуші: : Пожмем покрепче мы друг другу руки

И насладимся радостью бесед

На языке общаемся мы русском

Он, словно воздух, нужен людям всем.

Жүргізуші: Встречайте вторую младшую группу русской национальности.

2. Танец: «Рассцветали яблони игрушек»

Игра «Гори,гори ясно»

Жүргізуші: Ал мына балалар қандай ұлт?

Жүргізуші: А это беларусы.

Ортаға ересек топ балалары шығады

Жүргізуші: А вот эти гости говорят они на языке койсанском.Живут они далеко от нас, встречайте папуасов из Новой Гвинеи.

1.песня чунга- чанга

Жүргізуші: Все дети и взрослые любят смотреть фильмы где отображена любовь, музыка и танцы. Конечно же это индусы, которые живут в красивой стране – Индия. И сейчас мы встречаем старшую казахскую группу под красивый индийский танец

2.Достық туралы тақпақтар

Выходят дети из старшей группы.

Жүргізуші: Здоровеньки булы!

Они приехали из солнечной Украины.

Каблучков раздайся стук.

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз неміс халқына тамсанайық.

Мың бұралып билеген өнерпазға,

Алғыс айтып, мерейленіп бір қалайық.

Жүргізуші: Қандай керемет десеңші.Осындай кең-байтақ елімізде барлығымыз бір ананың баласындай өмір сүріп жатырмыз.

Если друг улыбнется тебе,

Ты тоже ему улыбнись.

Если друг поклонится тебе,

Ты тоже ему поклонись.

Если друг поделился с тобой,

Ты тоже с ним поделись.

А потом крепко-накрепко

Давайте обнимимся друг с другом.

Дымбылмес: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім. Енді сендермен қоштасатын уақыт келді.Сау болыңдар!

Жүргізуші: Праздник входит в каждый дом

Финальная песня «Большой хоровод»

Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Источник

Саба?ты? та?ырыбы: Балаба?шада

Б?лімдер: ?аза? тілі.

Та?ырыбы: Балаба?шада

Ма?саты:

Дамытушылы?: сурет ар?ылы байланыстыра с?йлеу да?ыдыларын дамыту.

Т?рбиелік: ?з балаба?шасына деген с?йіспеншілікке баулу.

К?рнекілік: суреттер.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Балаба?шада»

Білім беретін салалар: Қатынас.

Білімділік: балабақшада не істейтінін айта алуға үйрету.

Дамытушылық: сурет арқылы байланыстыра сөйлеу дағыдыларын дамыту.

Тәрбиелік: өз балабақшасына деген сүйіспеншілікке баулу.

Ұйымдастырушы- қозғаушы қызмет түрі

1.Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.

Сәлеметісіңдер ме, балалар!

Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар бүгін аптаның қай күні?

2.«Мен бастаймын, сен қошта» сөздік ойыны. Шарты: педагог сұрақ қояды, балалар сұраққа жауа береді. Тақтадағы суреттерді көрсетіп, өткен тақырыпты естеріне түсіру.

Балалар қайда бара жатыр?

Дүкеннен не сатып алды?

Оқытушымен бірге қайталайды.

3.Жаңа тақырыпты әліппе-дәптерде берілген алғашқы суретке назар аудару арқылы бастаймын. Берілген сурет арқылы алдымен балаларды сурет саламын, өлең айтамын, тамақ ішемін, билеймін, балалармен ойнаймын сөздермен таныстырамын. Тындау, қайталау жұмыстарын жүргіземін.

4.Сергіту сәтін өткіземін.

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық.

5. «Суреттер сөйлейді» дидактикалық ойыны. Суреттер арқылы балаларға жаңа тақырыпты түсіндіремін. Балалар суреттермен 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастырады.

6.Сергіту сәтін өткіземін.

Балаларды шар туралы жанылпашпен таныстырамын.Балалар жанылпаштың мазмұны бойынша 4 шардың суретін салады. Екі шар ақ түсті, екі шар көк түсті болады.

Балалар сурет саламын, өлең айтамын, тамақ ішемін, билеймін, балалармен ойнаймын сөз тіркестерін қайталайды.

Өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Балалар сөйлем құрастырады.

Шардың суретін салады.

7. «Сұрақ-жауап» ойыны арқылы сабақты бекітемін.

– Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныс болдық?

– Қандай жаңа сөздер, сөз тіркестерін үйрендіңдер?

Балалар естеріне түсіреді, үйренген сөздерін айтады.

Білу керек: сурет саламын, өлең айтамын, тамақ ішемін, билеймін, балалармен ойнаймын сөзтіркестерін.

Игеру керек: жұмысты аяғына дейін жеткізу дағдысын қалыптастыру.

Үйрену керек : қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуды.

Источник

Топ б?рышы стенд балаба?шада

2 секциялар

балаба шада ы индикатор таблица

балаба шада ы индикатор таблица. шьем трикотаж на распошивалке. настоящий живой домовой фото.

Балаба?шада?ы алтын к?з сценарий: Балаба?шада?ы алтын.

Еще видео на тему «Балаба?шада?ы алтын к?з сценарий».

Балаба?шада?ы о?уіс?рекетіні? технологиялы? картасы был.

Организация процесса производства является стандартом во многих балаба? шада?ы мені? карта Алимов покажет, чем у большинства кошек, так как средняя длина усов у кошки см. Решение задач по высшей математике из.

Жа?а жыл сценарий балаба?шада орта??ы топ

26. Жыл бойына арналан жазба жмыстары (20 саат). мтінді сахналау, мтін бойынша сурет салу, жа?а жыл сценарий балаба?шада орта??ы топ маала жазу, шаын зіндіге сценарий жазу т.б. рметпен арауда, з туан жері, оршаан ортаны сатауа йренуінен

Балаба?шада?ы алтын к?з сценарий екінші с?билерге арнал?ан

С уважением Мария Коваль В Совет городского балаба?шада?ы алтын к?з сценарий екінші с?билерге арнал.

На форуме сообщений: 605.832 Зарегистрировано пользователей: 19.453 Случайное обсуждение: Кофемашина цептер zespresso инструкция Соседнее обсуждение: Балаба шада ы наурыз мерекесіне сценарий Приветствуем последнего зарегистрированного по имени.

Балаба?шада?ы экологиялы? т?рбие презентация (Балаба. )

Балаба?шада?ы экологиялы? т?рбие презентация.

Балаба?шада?ы бір бала?а мінездеме (Балаба?шада?ы бір. )

Балаба?шада?ы денсаулы? к?ніне арнал?ан сценарий

Источник

Құрметті әріптестер, «Балабақшадағы әдістемелік жұмыс» атты семинар практикумының тәжірибелік бөлімін №30 «Жұмбақ» балабақшасында ұйымдастыру жоспарланды.Олай болса, №30 «Жұмбақ» балабақшасына қош келдіңіздер!

№30 «Жұмбақ» балабақшасы Атырау қаласының орталығында орналасқан,

Балабақша ғимараты 1991 жылы ашылған.Балабақшада 17 топ жұмыс жасайды. Оның 10-ы қазақ тілінде, 7-і орыс тілінде балаларға тәлім-тәрбие беруде.Балабақшамызда әдістемелік бөлме, қазақ тілі кабиенеті, «Өзін-өзі тану» кабинеті, саз залы, дене шынықтыру залы, компьютер кластары бар.

Балабақшамызда жалпы 43 педагог қызмет етеді, оның 2-уі жоғары санатты, 9-ы бірінші санатты, екінші санатты-8 педагог және бірқатар жас мамандар бар.

Осы педагогтармен әдістемелік жұмыс бағытын 2 әдіскер және оқу эксперименттік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары ұйымдастырады.

Мектепке дейіңгі мекемедегі әдістемелік жұмыс –тәрбиешілерге балалармен жүргізілетін жұмыс әдіс-тәсілдерін іс жүзінде үйрететін кешенді және шығармашылық үрдісі.Қазіргі жағдайда әр бала бақшада ғылыми-әдістемелік орталық жұмыс жасауы тиіс.Бұл орталықтың мақсаты тәрбиешілердің саяси ғылыми-теориялық деңгейін және әдістемелік біліктілігін арттыру болып табылады.Әдіскер осы орталықтың ұйымдастырушысы және кеңесшісі ретінде педагогтарды педагогика және психология ғылымындағы жаңа жетістіктермен, жаңа технологиялармен, жаңа әдебиеттермен, әдістемелік нұсқаулармен таныстырады.Педагогтардың өз білімін жетілдіруге көмектеседі.

Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмыс жүргізудің негізгі формаларына педагогикалық кеңес, теориялық семинарлар, семинар практикумдар, шығармашылық зертханалар, кеңестер және т.б.жатады.Сонымен қатар әдіскер педагогтардың ата-аналармен жұмыс формаларын, әлеуметтік ортамен, яғни мектеппен, Мемлекеттік автоинспекция бөлімі, Өртсөндіру бөлімі, мұражаймен, кітапханалармен байланыс жұмыстарын жоспар бойынша ұйымдастырып басқарады.

Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны:

-мемлекеттік стандарт талаптарына сай тәрбиелеу және оқыту;

-оқу бағдарламалық құжаттарды талдау;

-тәрбиелеу және оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқып үйрену және қолдану;

-озат педагогикалық тәжірибені анықтау,зерттеу, қалыптастыру және тарату;

— жас тәрбиешілерге көмектесіп өзара сабақтарға және ашық сабақтарға қатысу және оларды талдау;

Әдістемелік жқмыстың түрлері:

Жеке: Өздігінен білім алу, балабақша әкімшілігі басшылығымен жұмыс, тәлімгерлік;

Топтық: Шығармашылық топ жұмысы;

Ұжымдық: Семинар, конференция, педагогикалық оқулар, көрмелер,шығармашылық кештер;

Мәселен жеке жұмыстың түрі тәлімгерлікті қарастырайық.

Балабақшамызда тәжірибелі педагогтар жас мамандардың сабақ жоспарын жасауға, құжаттарды дұрыс безендіруге үйретеді.Сабаққа әзірлігіне көмектесуге баса назар аударылып, жас мамандарға көмек береді.

Балабақшадағы әдіскердің осы аталған әдістемелік жұмыстарының түрлерін шығармашылық топтар құру арқылы жеңілдетуге болады. Педагогтардың ең озық жұмыстәжірибелерін зерттеу, оны талдау және тәжірибеге енгізу әдістемелік жұмысқа негіз болады.

Біздің балабақшамызда педагогикалық озық тәжірибені анықтау, тарату, және еңгізу жұмыстары қолға алынған.Бірқатар тәжірибелі педагогтардың жұмысы зерттеліп, қала, облыс көлеміне таңылып отыр.

Атап өтсек жоғары санатты әдіскер Т.Р.Бегееваның «Балабақшадағы реторика» бағдарламасы, оқу-эксперименттік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары О.А.Абилованың «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда тиімді әдістерді таңдау және қолдану», «Балалардың тілін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар» атты әдістемелік нұсқаулары, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.Х.Жұмағазиеваның «Мектеп жасаына дейіңгі балаларға арналған ағылшын тілінің ғажайыптары» әдістемелік нұсқауы жарық көрді. Әрине бұған 1,5 жыл емес көптеген жыл еңбек ету қажет.

Сонымен қатар бірінші санатты мектепалды топ тәрбиешісі Ф.Б.Белова көп жылдан бері «Сын тұрғысынан ойлау әдісі» бойынша жұмыс жасайды. Тәрбиеші обылыстық, қалалық шараларға қатысып, өз шығармашылық тақырыбы бойынша өте жақсы деңгейде сабақ көрсетіп жүр.

Бұл жерде әдіскердің бақылауымен жүргізілген жекелеген педагогтардың және шығармашылық топтың жұмысын ерекше атауға болады. Әдіскердің, шығармашылық топтың және әр педагогтың жұмыс жоспары негізінде жетістіктерге қол жеткізіледі.

Шығармашылық топтар озат тәжірибені жүйелеумен, хабарлаумен, және таратумен айналысады, тәжірибеге жаңа әдіс-тәсілдерді еңгізеді. Топ өз жұмысын әдебиеттер оқудан, түрлі тәрбиешілердің сабақтарына қатысудан, белгілі бір болжам, жормалдар айтып, оны тәжірибеде тексеруден бастайды. Шығармашылық топтар оқу процесіне белсенді түрде ықпал етеді.

Педагогикалық ұжым жұмысының жетістігі әр тәрбиешінің жетістігі мен сәтсіздігіне байланысты, сондықтан да әдіскер барлық топтардың жұмыс ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс.

Тәжірибені таратуда әдіскердің рөлі өте зор, өйткені әдіскер тәрбиешінің күнделікті еңбегінен озық тәжірибені көріп, талдай білуі және қандай құралдармен жақсы нәтижелерге жеткендігін анықтауы тиіс.

Қазіргі кезде балабақшадағы барлық жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі, осы орайда педагогикалық озық тәжірибенің ролі мен маңызы артып отыр. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қандай формада болмасын зерттеу және еңгізу ғылыми-зерттеу жұмысының сипатында болып отыр.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу, енгізу үрдісі келесі міндеттерді шешеді:

Мақсатты және жоспарлы түрде көлемді материалдар жинақтау;

Материалдарды жан-жақты өңдеу;

Педагоггикалық озық тәжірибені зерттеу және енгізу жұмыстары келесі талаптарға сай болуы тиіс: бағыта қарай өзекті болу, мазмұнына қарай объективті, негізді болуы, жүзеге асыру сипаты мен әдістері ғылыми тұрғыда және нәтижелі болуы.

Педагогикалық озық тәжірибені зерттеу жұмысының нақты құрылымы бар, ол келесі алты кезеңнен тұрады:

Теориялық жәнепрактикалық дайындық.

Зерттелген тәжірибенің бағасы және шешімінің қабылдануы.

Озық тәжірибені еңгізу.

Ұйымдастыру кезеңінде педагогикалық озық тәжірибені зерттеу тақырыбы белгіленеді, жоспарланған жұмыстың орындалу мерзімі және формасы анықталады.

Теориялық және практикалық дайындық (негізгі әдебиеттермен және нұсқаулық-әдістемелік құжаттармен т.б. танысу) шебер- тәрбиешілердің шығармашылық зертханасына біліктілікпен талдау жасау үшін қажет.

Алуантүрлі және көлемді материал жинаұтау үшін бақылау, әңгіме (тәрбиешілермен, балалармен, ата-аналармен және т.б.) нәтижелері қолданылады; тәрбиеші құжаттарымен, балалардың іс-әрекетімен танысу; педагогикалық эксперимент өткізу ұсынылады.

Әдіскердің бақылауы арнайы дәптерге фотожазба, таңдаулы жазба т.б. түрінде тіркеледі. Осы орайда тәрбиешінің жұмыс мазмұны жоспарға сәйкес келеді ме, жұмыстағы оң нәтижелерге қалай қол жеткізеді, бақылау нәтижесінің шешімдері негізінде ұсыныстар жасау.

Тәрбиешінің шебердігін толық бағалау үшін сабақтарды нақты бөлім бо йынша қарау немесе іс-әрекеттің бір түрін бақылау жеткіліксіз.Тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін түрлі бағытта бағалаған жөн.Бір күнде күн реттелімінің бірнеше сәттерін бақылау тәрбиеші жұмысының даму сатысын көруге мүмкіндік береді. Бірақ бұл тәрбиешінің ұзақ уақыт аралығындағы жұмыстарын жоққа шығармайды.

Озық тәжірибені зерттеу жоспарында балалар, олардың даму барысы, тәрбиелеу және оқыту әдістері туралы тәрбиешілермен әңгіме-сұхбат жүргізудің зор маңызы бар.

Балалармен әңгіме жүргізу де қызықты. Әңгімелесе отырып, балалар материалды қалай меңгергенің, алған білімдерін өмірде қолдана білу біліктілігін айқындауға мүмкіндік береді. Озық тәжірибені зерттеу үшін педагогикалық құжаттарды (жоспарлар, сабақ конспектісі, т.б.) тексерудің және талдаудың маңыздылығы ерекше.

Эксперименталды жұмыс педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, ьарату жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Эксперимент шебер-тәрбиешінің жұмыс нәтижесін бағалауға, оның әдістемесін жетілдіруге, кемшіліктерді жоюға көмектеседі.

Анықталған озық тәжірибені тарату үшін алдымен оны бағалау қажет.Ол үшін келесі шарттарды басшылыққа алған жөн:

-озық тәжірибе жаңа идея немесе жаңа әдіс-тәсілдерден тұрады;

— озық тәжірибе оқыту және тәрбиелеудің жоғары нәтижелілігін қаматамассыз етеді;

-озық тәжірибеде оқу-тәрбиелеу жұмысының тұрақты жақсы нәтижелерімен сипатталады;

-әдеттегі уақыт пен күш шығынымен, педагогикалық үрдісті дұрыс ұйымдастыру есебінен жоғары нәтижеге қол жеткізеді;

— озық тәрбиешілер жұмыс кемшілігін таба білуі және оны жоюға күш салуы тиіс;

Келесі маңызды кезең жинақталған тәжірибені тарату және енгізу.

Ақпарат, яғни тәжірибе алмасудың ең тиімді формасы педагогикалық оқу. Ол бірнеше сатыда: балабақшаішілік, аудандық, не қалалық, облыстық көлемде өткізілуі мүмкін.

Конференциялар озық тәжірибені таратудың маңызды формасы болып табылады. Ол нақты бір өзекті мәселелерге арналуы мүмкін.

Конференциялар мен педагогикалық оқулар жылына 1 рет өтіп, онда педагогтар өз тәжіриберелінен баяндамалар оқиды, бір мәселені шешуге бағытталған жұмыстарын көрсетеді.Педагогтар озық тәжірибемен танысып, пікір алмасады.

Мектепке дейіңгі мекемеде озық тәжірибені таратуға педагогикалық кеңестердегі тәрбиешілердің жұмыс есебі, ұжымжық сабақ қарау, өзара қатыста ықпал етеді.

Әдістемелік жұмыстың маңызды нысандарының бір түрі- семинар, семинар-практикумдар. Балабақшадағы қызметкерлерді озық тәжірибемен таныстыру семинар, семинар-практикумдарда жүзеге асады.Семинарлар, семинар-практикумдар жоспарлы күнде бір күндік, апталы, тұрақты жұмыс істейтін болуы мүмкін.

Семинарларға дайындық кезінде баяндамалар әзірленіп, педагог тәрбиешілер тәжірибесінен, деректі материалдар жинайды, қосымша әдебиеттер оқиды, құжаттармен танысады. Семинарда жекелеген тәрбиешілер дайындаған баяндамаларын оқиды, басқалары толықтырады, сұрақтар береді, пікірталастарға қатысады.

Мектепке дейіңгі мекеме әкімшілігі тәрбиешілер ұжымымен келісе отырып, семинарлар проблемасые анықтап, жұмыс жоспарын педкеңеске бекітеді.Семинарлар тақырыптары педкеңестақырыптарымен, жоспардың басқа бөлімдерімен үндесу шарт.

Педагоикалық озық тәжірибені таратудың аталған формаларын бақылауға алмаса күтілген нәтижеге жету мүмкін емес. Осы орайда педагогтардың біліктілігін, балалардың даму және дайындық деңгейін, материалдық базаның болуын және педагогтардың озық, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін меңгеруге деген тілегін ескерген жөн.

Сонымен, педагогикалық озық тәжірибені зерттеу және тарату әдіскердің әдістемелік жұмысының маңызды тұсы болып табылады.

Источник

Бала т?рбиесіндегі отбасы мен балаба?шаны? ынтыма?тасты?ы.

Бала т?рбиесіндегі отбасы мен балаба?шаны?

ынтыма?тасты?ы.

Отбасылы? орта мынадай параметрмен аны?талады:

Д?ст?рден тыс

— Т?рбиеші-педагогты? жеке ке?есі;

— Отбасы ж?нінде м?ліметтер д?птерін толтыру;

— Пікір сайыстар ж?ргізу;

— Психологиялы? демалыс с?ттері (разминка);

«Мені? жан?ям газетін»шы?ару.

Отбасы т?рбиесіні? міндеттері:

Просмотр содержимого документа
«Бала т?рбиесіндегі отбасы мен балаба?шаны? ынтыма?тасты?ы. »

Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның

Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім.Ата-ана үшін бала өмір жалғасы,көздің нұры,үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек,тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.

Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады.Міне,сондықтанда: «Ана үйдің берекесі,бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол,айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «Адам,азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.Бала тәрбиесінің қай саласында болсын,ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады.Егер баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе,жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса,жақсы кітап,кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын.

Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Алайда, заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама-қайшы жағдайында қалыптасады.

1. Қоғамның қарқынды жіктелуі (материалдық байлығының деңгейі және әлеуметтік мәртебесі бойынша)

2. Балалардың психикасына кері әсер тигізетін ажырасулар санының артуы.

3. Бір ата анаға тәрбие беретін отбасылар санының өсуі.

4. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жаһандық желісінің қуатты озбырлық ықпалы.

Сапалық тұрғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асырылуда. Ал отбасындағы қарама қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеліп соқтыратын жағдайлар.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық баланың қанағаттану деңгейімен тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Осының барлығы отбасымен қоғамдық мекемелердің бірігіп жұмыс жасауының нәтижелі болатындығына көз жеткізеді. Ол үшін алдымен баланың отбасылық ортасы зерттелуі керек.

Зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу жеке және топтық, сауалнама іскерлік ойын арқылы балалардың отбасылық ортасына зерттеу жүргізіледі.

Отбасылық орта мынадай параметрмен анықталады:

Әлеуметтік мәдени орта, ата-аналардың және отбасының басқа мүшелері, ата-аналардың білімділік деңгейі, қоғам өміріне, балабақша істеріне қызығушылығы.

Техникалық-гигиеналық орта: тұрмыс тіршілік жағдайлары, үй жайдың жабдықталуы,тұрмыс салтының ерекшеліктері.

Демографиялық орта: Отбасы құрылымы, оның жасқа байланысты құрамы.

Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар

1. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздері.

2. Отбасы баланы әлеуметтендірудің қалыптасуының алғашқы институты.

3. Баланың қоғамда өмір сүру даярлығын реттеу және бақылау.

4. Ата-аналардың баланың денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндігіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды таңдауға құқы бар.

Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез-құлық жағдайларын анықтауға болады. Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен танысқаннан кейін алынған ақпарат ата-аналарды балабақша жұмысына қызықтыратын оңтайлы жағдайда құрылу керек. Яғни, ата-ана балабақшада өздерінің балаларына деген құрмет пен махабатты сезінуі керек.

Атааналармен жұмыстың түрлері:

Жеке топтық және балабақшаның жалпы конференцияларын ұйымдастыру.

— Тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі;

— Балалардың үйінде болуы;

— Отбасы жөнінде мәліметтер дәптерін толтыру;

Атааналарға арналған ақпараттар бұрышы;

— Әр түрлі тәрбиелік шараларға, мерекелік ойын-сауық ертеңгіліктерге қатысу;

— Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға қатыстыру;

2. Ата-аналармен тренингтер өткізу.

— Пікір сайыстар жүргізу;

— Психологиялық демалыс сәттері (разминка);

«Менің жанұям газетін»шығару.

Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:

Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды. Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады. Баланың мінез құлқының жалпы адамзаттың моральдық және мәдени стандарттарына үйретеді. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың жеке қабілеттеріне, денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

Баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлармен түрлі мүмкіндіктер жасау. Баланы эмоционалдық қолдауды қамтамассыз ету. Баланың жақын және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, олармен берік қарым-қатынас орнатудағы жеке талаптарын қанағаттандыру, тіршілік іс әрекеттерінде қауіпсіздік туралы алғашқы білімін қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету, тілдік қатынастық дамуын қамтамассыз ету, отбасы мен қоғамның дәстүрлерімен құндылықтарына тәрбиелеу, бейімімен қызығушылығын дамыту. Отбасы тәрбиесін ұйымдастыру шарттары; отбасы бала тұлғасын дамытуда оның алғашқы қоршаған ортасын құрады.

АТА- АНА ТОПТАРЫ: Балалары үлгілі отбасылар тобы. Барлық мүмкіндігі бар тек бала тәрбиесіне кері (әртүрлі себептерге сай) әсер ететін отбасылар.

Отбасындағы қарым-қатынастар: Түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. Ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас. Ынтымақтастық қарым-қатынас (отбасы мүшелерінің өзара түсіністікпен көмекке бағытталған қарым- қатынасы).

Отбасы мен балабақшаның өзара әрекетінің басты қызметтері:

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастыру жолдары;

Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастыру жолдары;

Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатындағы зерттеу,адамгершілік бағыттылығына қарай топтастыру, бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.

Коллаж: отбасы ұраны, отбасы фамилиясы, үлкен фото, эмблема, отбасы жасы, отбасының туған күні.

Партфолио: отбасылық мерекелік күн тізбегі отбасындағы әндерімен ережелері, отбасылық кулинария, есімдермен фамилиясының құпиясы, жұлдызнама.

Источник

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Спортивный праздник всей семьей
  • Спортивный праздник про здоровье
  • Спортсменнары чиэстээьин сценарий
  • Спортивный праздник волейбол шоу
  • Спортивный праздник посвященный началу учебного года