Спортты? жарыстар сценарий

«Көңілді старт» эстафеталық жарыстарМақсаты:Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беруКөрнекілігі:

«Көңілді старт» эстафеталық жарыстар
Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, кенгуру добы, теннис таяғы, уақ доп, шашақтар.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша бүлдіршіндері сіздерді 1 — Маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Көңілді старт» спорттық сайысымызға қош келіпсіздер! Осы мерекеге орай құттықтау сөз кезегін балабақша директоры С. Т. Абулгартаеваға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1_____________
2__________
3________
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз — деп — ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 6 бөліммен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2. «Кім шапшаң» сайысы
3. «Жүйрік ат» сайысы
4. «Кенгуру» сайысы
5. «Тез қимылда» сайысы
6. «Жүйрік паравоз» сайысы

Таныстыру кезеңі.
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Кім шапшаң» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Қаппен секіріп, межеден айналып қайту.
(Әділқазылар алқасы 2 бөліміміздің бағаларын берейік.)

Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан — дей келе «Жүйрік ат» ойынын бастаймыз.

Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
(Әділқазылар алқасы «Жүйрік ат» бөлімінің бағасын берейік.)

Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кенгуру» жарысын бастаймыз.

Ойын шарты: Үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.

Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз — дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: Теннистің таяғымен уақ допты кедергілер арасымен домалатып, кері қайту.
(Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)

Жүргізуші: Ендеше ең соңғы ойынымыз « Жүйрік паровоз» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: бірінше бала паровоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паровоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паровозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Жүргізуші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін балабақша директорына беріледі. Марапаттау рәсімі. Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт — Шевченко қаласы,»Ақбота»балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна

Жамбыл орта мектебі

Тақырыбы: «Спорт – сенің серігің» атты

эстафеталық жарыс.

Өткізген: Кулмуратов У.Т.

6

2016-2017 жыл

Сыныптан тыс жұмыс

5-6 сыныптар арасында «Спорт – сенің серігің»

атты спорттық сайыстың жоспары

Өткізілген күні: 05.12.2015

Сайыстың мақсаты:

Салауатты өмір салтын қалыптастыру,оқушылардың белсенділігін арттыру спортпен шұғылдануына баулу, рухани күш қуатын дамыту.

Көрнекіліктер: ысқырғыш, доп, қасық, кедергілер, жалауша, эстафеталық таяқша т.б

Жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі

«Спорт – сенің серігің» атты ұлттық спорттық сайысқа қош

келдіңіздер!

Жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба,орта долда қалыспа!

Әділ қазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па…

Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазылар алқасын да осында .

Бастауыш бірлестігінің жетекшісі: Ермағанбетова Н апай

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Алматов М, , Ешмуратов Б.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың алғашқы шарты:

  1. «Эстафеталық жүгіріс». Бұл сайыс қатысушының ептілігімен, шапшаңдылығын көру мақсатында негізделген. Ойыншы кедергілер арасымен

жүгіріп өту, қайтар жолда да кедергілер арасымен жүгіріп өту.

Жарайсыңдар. Олай болсын ұпай сандарыңызбен танысайық.

  1. «Қос аяқтап секіру» шарты: кедергілер арасымен секіріп өтіп, тез келсе , сол команда жеңіске жетеді.

……………………..мынадай топ алда келе жатыр. Құттықтаймыз!!

  1. «Допты шекіп жүру». Бұл ойында қатысушылар допты шекіп кедергілер арасымен өту. Бір мезгілде кедергілер арасынан өтіп, қайту керек.

  1. «Кіп шапшаң»: Бұл ойында ойыншылар допты аяқ арасына қысып алып кедергілер арасымен жүру, қайтар жолда допты қолда ұстап кедергілер арасымен жүгіріп өту.

«Кім мерген»: Бұл ойында қатысушылар шарды дротикпен көздеп ату және дәл тигізу. Бір мезгілде кедергілердің арасынан өтіп, қайту керек.

  1. «Су құйғыш»шарты: қолдарына қасық ұстап,сол қасық ішіне су толтырып, барар жолда төгіп алмай банкіге құю.

  1. «Секіргішпен секіру»: Бұл ойында ойыншылар секіртпемен кедергілер арасымен жүріп өту.Қайтар жолда секіргішсіз , жүгіріп келу.

Жүргізуші: Денсаулық – ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол келуің,

Көңіл күйін жадырай.

Денсаулық ол жүруің ,

Ешбір жерін ауырмай. – дей келе ұпай қортындысын таныстыру үшін әділқазылар алқасының төрайымы Технология бірлестігінің жетекшісі: Абдуайсова Айгул апайға сөз беріледі.

Құрметті ойыншылар қатысқандарыңызға рахмет,өмірлік ұстанымдарыңыз «спортпен достасқаның,күшіне күш қосқаның» болсын деп тілейміз.

Қош сау болыңыздар!

«Біздер — спортшылармыз» эстафеталық жарыс


  • Мерекелік іс шаралар
  • admin
  • 30.03.2016
  • 0
  • 1
  • 51655

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Кәукей ауылы,

№225 орта мектеп жанындағы

«Қыр бөбегі» шағын орталығының

психологы  Ізімқұл Гүлбақыт Бөрібайқызы.

Тақырыбы: «Біздер — спортшылармыз» эстафеталық жарыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар: кедергілер,секіретін шар, пирамидалар, арқан, ағаш ат.

Жүргізуші:

Қадірменді қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігімол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Біз – спортшылармыз” атты эстафеталық жарысымызға кош келдініздер.

Бүгінгі сайысқа “Еркем-ай”, ”Балдырған” тобы балалары арасынан екі топ қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, құрмет көрсетіп қоялық.

Жүргізуші:

Дүбірле бақшам, дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде.

Қуаныш толып жүзіңде

Арнаулы жолдан сүрінбе

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде

Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1. Топтың аты мен ұраны;

2. «Кенгуру» жарысы

3. «Жүйрік паравоз» жарысы

4.«Пирамида құра»жарысы

5. «Бәйге» жарысы

6. «Арқан тартыс» жарысы

Жүргізуші:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.

  1. Шағын орталық әдіскері Арзиева Бақыткүл апай
  2. ІІ сәбилер тобының тәрбиешісі Насыр Әсия апай.

Жүргізуші:

Міне, балалар шықты алаңға,

Жас спортшылар жеке-жеке команда.

Ал балалар, өздеріңді танытыңдар,

Естелік, мықтылық, батылдық, көрсетіп табанды

«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз,

      Жарысымызды бастаймыз!

Ал енді сайысымызды бастайық.

  1. Топтың аты мен ұраны.

Әр топ өздерінің атымен ұрандарын таныстырсын.

«Еркем-ай» тобы.

Топтың ұраны:

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.

«Балдырған» тобы.

Топтың ұраны:

Спортпен достасамыз,

жалқаулықпен қоштасамыз.

Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

  1. «Кенгуру» жарысы

Шарты: Үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Біріші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

  1. « Жүйрік паравоз» жарысы

Шарты:  бірінше бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

  1. «Пирамида құра» жарысы

Шарты: Сендердің жандарыңда пирамида шеңберлер жатыр, сол шеңберлерді алдарыңда тұрған таяқшаға рет-ретімен орнатамыз. Қай топ бірінші жинап болса сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

5. «Бәйге» жарысы

Шарты: балаларға ағаш ат беріледі. Осы ағаш атқа бір топтың екі баласынан мініп, белгіден айналып келеді.  Қай топ бірінші болып аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді. 

Жүргізуші:

Қазағымның ойыны арқан тартыс,

Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс

Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.

Көтеріп, ең биікке туын намыс.

6. «Арқан тартыс» жарысы

Шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ  арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей,

Тараса бізге жарады,–демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

         Жеңіске жеткен топ марапатталады. Қатысқандарына алғыс хат беріледі.

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

Біз – спортшылармыз» эстафеталық жарысының қорытындысы

Р/с

Топтың аты

1 жарыс

«Топтың аты мен ұраны»

2 жарыс «Кенгуру»

3 жарыс

«Жүйрік паравоз»

4 жарыс

«Пирамида құрау»

5 жарыс

«Бәйге» 

6 жарыс

«Арқан тартыс»

Қорытынды


«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

  • Басты бет
  • Тәрбие жұмысы
  • «Көңілді старт» спорттық жарыс

«Көңілді старт» спорттық жарыс

1 мен 2- сынып арасында  (спорттық жарыс)
Мақсаты:
1. Ойын кезінде өзін — өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар.
Барысы:
1. кіріспе сөз
2. спорттық жарыс
3. қорытынды сөз.
 Жүргізуші
   Құрметті оқушылар! Бүгінгі спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты — жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 1-2 сынып оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
 Жүргізуші
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріндер,
Әділ қазы алқасын сайлап,
Әділ баға берііңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап, таныстырып өту.
Дене шынықтыру мұғалімі Абдильман Ж.К
АӘД мұғалімі Негметжанов О.С

Бағалау жүйесі 5, 4, 3 балдармен бағалау.
 Жүргізуші
Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеу, содан кейін 2  топ алдарыңызда өнер көрсетпекші.
1 топ — «Ұландар»
2 топ -«Балдырғандар»

 Ал ендеше сайысымыздың шарттармен танысайық.
Сайыс шарттары:
1. «Допты ойын»
2. «Ептілікті байқау»
3. «Жүйрік паравоз»
4.  «Кедергілерден өту»
5. «Допты шелекке сал, ұпай жина»
6.  «Кеме жарысы»
7. «Капитандар сайысы »
   Бұл ойында бізге көмек көрсететін оқушылар Балтин Қорғанбек және Төлеген Аян

 Жүргізуші
Денсаулық — шексіз бақыт,
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық — терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.
 

Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға

1 . «Допты ойын»
Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
 Жүргізуші
2. «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып, кедергіні айналып қайта орына келіп келесі оқушыға беру.

 3. «Жүйрік паравоз» жарысы

Ойын шарты:   Бірінші бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

4. «Кеме» жарысы

Ойын шарты: Екі дөңгелек сақина беріледі. Балалар ортасына кіріп екі сакинаға кезек-кезек секіру арқылы мәреге жеті керек.

5.  «Кедергілерден өту»             

Ойын шарты:    

     Ойыншы бастапқы орыннан жүгіріп шығып көлден өтіп , үңгірден шығып, қисық жолдан өтеді. Қайтар жолда жай жүгіріп келіп, келесі ойыншыға қол береді. Осылайша екінші  ойыншы ойынды жалғастырады.

 6. « Допты шелекке сал»

Екі топтың қатысушылары қолындағы допты себетке салу арқылы ұпай жинауы керек.

7. «Капитандар» сайысы

Шарты: Бір оқушы жүгіріп келіп  математикалық есепті шығару керек. Қайтар жолда жүгіріп қайтады.. Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. (марапаттау)
2 Жүргізуші
Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың!
Бүгінгі  спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

Зеренді ауданы

Қызылтаң орта мектебі

«Көңілді старт»
1-2 сынып арасынадығы спорттық жарыс

Өткізген:   Алина А.О
  Мендекина Г.Б

2020-2021 оқу жылы

Жаңартылған күні: 20.11.2020 00:19
Құрылған күні: 20.11.2020 00:19

Нұрсұлтан қаласы ЖШС                                         «Ақ босаға-kz» «Алпамыс батыр»

балабақшасының  дене                                                                                                                                                 шынықтыру нұсқаушысы

                                                                        Құрамыс Махаббат Төлеуқызы

                                                                        Эстафеталық жарыс

                                                «Мен спортты сүйемін!»

Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Мен спортты сүйемін!» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден — саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз:

№1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке — жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір — бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады:

1 — этап «Кім жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 — этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 — балаға жеткізу
3 — этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 — этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!

Муниципальное бюджетное общеобразовательное учреждение

средняя школа № 10 г.Павлово

Сценарий спортивного соревнования в начальных классах

«Весёлые старты»

na-sait-21052010

Подготовил: учитель физической культуры

Заплохов Юрий Владимирович

2018 г.

Спортивное мероприятие в начальной школе «Весёлые старты».

 Цель: Вовлечение обучающихся к занятиям физической культурой и спортом с целью укрепления здоровья.

 Задачи:

  1. Формирование навыков здорового образа жизни.
  2. Развитие личности ребенка на основе овладения физической культурой.
  3. Воспитание чувства коллективизма, товарищества, взаимовыручки, творческого мышления.

Инвентарь: кегли, обручи (4 шт.), цветные резиновые мячи (4шт.), спортивные скамейки,  воздушные шарики (4 шт), свисток.

Оборудование: музыкальные записи на спортивную тему, плакаты, воздушные шары для украшения зала.

Подготовительный этап

  1. Классным руководителям  дано поручение  выбрать представителей от класса, которые будут принимать участие в соревнованиях, подготовить домашнее задание – визитную карточку своей команды (эмблема, девиз, название, форма).  
  2.  Организаторам соревнования определить состав жюри, подготовить зал к мероприятию, определиться с награждением команд.
  3. Классам, было дано задание
  • Подготовить музыкальный номер
  • Подготовить речёвки и стихотворение о спорте.

    Ход  мероприятия.

Звучит музыка на спортивную тему. В это время в зал заходят команды участники.  

  Ведущий.

                Чтоб расти и закаляться

Не по дням, а по часам,

Физкультурой заниматься,

Заниматься нужно нам!

Вступительное слово. Здравствуйте, дорогие ребята! Очень приятно видеть  вас сегодня в нашем спортивном зале. Мы начинаем самую веселую из всех спортивных и самую спортивную из всех веселых игр – «Весёлые старты» и наш спортивный зал превращается в веселый стадион. Участники соревнований будут состязаться в силе, ловкости, смекалке, быстроте.

Выступление учеников.  Спортивные  речёвки.

1ученик. Если хочешь стать умелым,

Сильным, ловким, смелым

Научись любить скакалки

Обручи и палки.

Никогда не унывай,

В цель мячами попадай

Вот здоровья в чем секрет-

Всем друзьям – физкульт — привет!

2 ученик.

               Спорт, ребята, очень нужен,

Мы со спортом очень дружим.

Спорт – помощник!

Спорт – здоровье!

Спорт – игра!

Физкульт-ура!

3 ученик. В мире нет рецепта лучше

Будь со спортом неразлучен,

Проживешь 100 лет –

Вот и весь секрет!

4 ученик. Мы праздник дружбы, спорта открываем.

 Спортивный праздник закипит сейчас!

Мы спортом дух и тело развиваем,

Он наполнит силой каждого из нас!

 5 ученик По плечу победа смелым.

Ждет того большой успех,

Кто, не дрогнув, если нужно

Вступит в бой один за всех.

6 ученик  На спортивную площадку

                 Приглашаем  мы всех  вас!

                 Праздник спорта и здоровья

                 Начинаем мы сейчас!

Ведущий: Сегодня мы рады приветствовать дружные команды.  В соревнованиях примут участие  4 команды. (Представление).

Команда№1

Название: «Сильные»

Девиз: Ни шагу назад, ни шагу на месте,
А только вперёд и только вместе.

Команда № 2.

Название: «Смелые».

Девиз: Светить всегда, светить везде
И помогать друзьям в беде.

Команда №3

Название: «Орлята».

Девиз: «Эй, Орлёнок, набирай силёнок, чтоб потом стать Орлом».

Команда№4

Название: «Черепашки».

Девиз: «Тише едешь — дальше будешь».

Представление жюри.

Ведущий: Ни одно соревнование не обходится без судей. Сегодня судить команды будут (представление членов жюри).

Пусть жюри весь ход сраженья
Без промашки проследит.
Кто окажется дружнее.
Тот в бою и победит.

Итак, с командами познакомились – пора начинать соревнование!

1 конкурс – эстафета «Переправа».

Инвентарь: 4 обруча, 4 поворотные стойки на каждую команду.

         По сигналу судьи игроки начинаются переправляться до другого берега при помощи двух обручей (перекладывая их вперёд и используя их как кочки, до поворотной стойки), оббегают стойку и отдают  обручи следующему участнику. Выигрывает команда, которая быстрей закончит эстафету.

2 конкурс – эстафета «Паучок».

Инвентарь: 4 стойки.

По команде игроки начинают передвижение в и.п. лежа на руках спиной вперед, как «паучки» (до стойки и обратно), передавая эстафету друг другу. Побеждает команда, которая быстрей закончит эстафету.

3 конкурс —  «Посадка картофеля»

Инвентарь: 4ведерка по три предмета в каждом, 4 обруча, 4стойки.

 Участвуют все члены команды. Задача каждого участника посадить картофель в лунку (обруч) находящеюся около стойки, высыпать картофель

( 3 предмета из ведерка) и передать бегом эстафету, следующий собирает урожай и т.д.

4 конкурс – « Воздушный шар».

Инвентарь: 4 гимнастические палки, 4 воздушных шара, 4 стойки.

По команде участники передвигаются до стойки,  погоняя шар гимнастической палкой, обратно бег и передача эстафеты следующему участнику.

5 конкурс-эстафета «Попади в цель».

Инвентарь: цветные резиновые  мячи, обручи для  команд.

         Команда в колонне по одному, в руках у первого участника цветной резиновый  мяч. По сигналу участник выполняет бросок мяча, стараясь попасть в лежащий на расстоянии 3 метров обруч. За каждое попадание начисляется — 1 очко. Выигрывает команда, которая за одну минуту наберёт больше всех очков.

6 конкурс-эстафета «Догони и прокати»

Команды стоят в исходном положении ноги врозь. По команде 1-й бежит до ориентира с мячом в руках, обегает ориентир, бежит назад в конец колонны и оттуда прокатывает мяч под ногами команды. Впереди стоящий берет мяч и продолжает бег.

7конкурс для капитанов «Эстафета с мячом»

 Капитаны стоят на линии старта,  в руках клюшки с мячом. На расстоянии 15м стоит фишка. По свистку направляющий клюшкой ведёт мяч, обводит фишку и возвращается в свою команду. Кто быстрее пройдет?

8конкурс  «Дружба»

Удерживая лбами воздушный шарик и взявшись за руки, два участника команды бегут до ограничительного знака и обратно. У линии старта передают эстафету следующей паре

9 конкурс — эстафета «Толкание ядра»

Учитель. Для ядра мы взяли газету и скомкали ее, чтобы получился плотный небольшой ком. Теперь вспомните, как толкают ядро спортсмены: берут его в одну руку, плотно прижимают к плечу, а затем рука распрямляется так, чтобы все усилие шло на ядро, которое надо вытолкнуть. Вы делаете точно так же. Первый игрок начинает с финишной прямой. Второй игрок подбегает к тому месту, где ядро упало и начинает с того места. Таким образом, поступают и все остальные участники. В итоге, когда последний участник отметает ядро, и чье ядро будет дальше, тот и победил. На старт, внимание, марш!                

10конкурс — эстафета «Спортивная ходьба»

Учитель. В нашей эстафете процесс ходьбы будет таким: участники, делая шаг, пятку одной ноги должны вплотную приставить к носку другой. То есть с каждым шагом участники будут передвигаться вперед только на длину подошвы их обуви. Дошли до обруча, который лежит на дистанции 8 метров, взяли мяч, который лежит в кругу, и таким же шагом назад. Передали мяч следующему участнику, который должен положить мяч в круг, и стали в конец колонны. Так до последнего человека. Кто нарушает правила, начинает дистанцию с самого начала. На старт, внимание, марш!

11конкурс  – «Пингвины с мячом».


По сигналу участник зажимает мяч между коленями и устремляется к обручу, оставляет мяч в обруче и возвращается в команду. Следующий бежит за мячом, зажимает таким же образом и бежит в команду, чтобы передать мяч 3–ему игроку.

Пока жюри подводит итоги,  мы посмотрим  музыкальный номер от учеников 7 класса.

Подведение итогов. Предоставляем  слово  жюри, которое подведет итог наших соревнований.

Ведущий: Вот и закончился наш праздник. Все участники команд показали свою ловкость, силу, быстроту. А главное – получили заряд бодрости и массу положительных эмоций!

Ведущий.

Провели мы состязанья

И желаем на прощанье

Всем здоровье укреплять

Мышцы крепче накачать.

Всем ребятам  мы желаем

Не стареть и не болеть

Больше спортом заниматься

И в учёбе не отстать!

Предоставляем  слово нашему уважаемому жюри, которое подведет итог наших соревнований и наградит победителей.

Участникам вручаются грамоты и сладкие призы.

Список использованной литературы

1. Попова Г.П. Дружить со спортом и игрой – Волгоград: «Учитель», 2007.

2. Фатеева Л.П. 300 подвижных игр для младших школьников – Ярославль: «Академия развития», 2006.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Спортивный праздник всемирный день ребенка
  • Спортивный праздник радуга
  • Спортты? жарыс балаба?шада сценарий
  • Спортивный праздник всей семьей
  • Спортивный праздник про здоровье