Студенттермен кездесу кешіне арнал?ан сценарий 2020

Cкачать: Сценарий "Менің мамандығым" студенттермен кездесу

Алматы
облысы

Кербұлақ
ауданы

Беріктас
орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық
мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

Мектеп
директоры:             Ж.Дуанаев

«Менің мамандығым»

Өткізген:

Физика
пәнінің мұғалімі

А.Кунафина

Беріктас
ауылы, 2016 жыл

«Менің мамандығым»

Мақсаты:
Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген
сағыныш сезімін көтеру.  О
қушыларға мамандық таңдау, оның
адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық
иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары
туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен
және
қазіргі таңд студент болып жүрген
түлектердің жақсы
қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр
түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;

Көрнекілігі: Кештің тақырыбы

Кешке қатысушылар: —  әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер, 
8-11-сынып оқушылары, ұстаздар, ата- аналар.

Жүру
барысы:

І- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары- мектебіміздің
түлектері.
                                              Әсемпаз болма әрнеге,
                                              Өнерпаз болсаң арқалан
                                              Сен де бір- кірпіш дүниеге,
                                              Кетігін тапта бар қалан

дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.
ІІжүргізуші:
                                            Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
                                            Мерекең,
құтты болсын, түлектерім.
                                            Қол соғып ортамызға
шақырайық,
                                            Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін

— деп кешегі мектебіміздің түлектері,
бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.
(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).

Олар:                             

1.     
Аманбаев Ақжол

2.     
Санақбаев Дастан

3.     
Бахытжан Айнур

4.     
Мыңбаев Әділет

5.     
Бауыржан Балғын

6.     
Сейтжан Алдияр

7.     
Молдахмет Жантас

8.     
Әнуарбек Жұлдыз

9.     
Досбосынов Адай

10. 
Найманбаев Олжас

11. 
Жұмағулова Айым

12. 
Жамихан Меруерт

13. 
Жамихан Аңсар

14. 
Сурамбекова Назым

15. 
Мыңбаева Асем

16. 
Әділжан Қайсар

І- жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең- мектеп-
ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік
кезең екені сөзсіз.Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің
патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша
өте шығар сиқырлы күндерің.

ІІ- жүргізуші: Мектеп
түлектерін  «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай
қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған
оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен,
кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой
бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға
алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін –
жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу
керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз
бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным
қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
І-жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау
жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және
оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз
ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен
қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі.
Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден
орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
 
Осыған орай өткелі тұрған студенттермен мектеп оқушыларының арасындағы
дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Студенттік өмірдің қыры мен сыры туралы» атты
салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтындар
Шойбек Ақылбек, Ерболат Лашын.
ІІ- жүргізуші:

                                     Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
                                     Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
                                    Өнеге үлгі болған кішілерге,
                                   Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,

деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін
мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Чалимбекова нуршат Кемербековнаға береміз.

І- жүргізуші:
                                Ұрпағы ұландары текті жердің,
                                Қашанда болмысыңа сүйінемін
                               Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
                               Шығады өздеріңнен деп білемін- деп келесі сөз
кезегін

Мектебіміздің психологы Аульбекова Алия
Алимтаевнаға беремізст

Келесі сөз кезегін қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Әмырғалиева Лязат Серікқызына  береміз.

ІІ- жүргізуші:

                                   Студент
ертеңіне жол ашады,
                                   Асқақта нұрлы болар болашағы.
                                  
Дәл осы мектебімде білім алып,
                                   Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге
сөз кезегін берсек.
Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз
жөнінде айтып берсеңіздер.

(студенттерге сөз кезегі барлығына)

І- жүргізуші: Бүгінгі
кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл
сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер. 

3. Психологиялық сәт:
«Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған
геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір
адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып
көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана
адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен
үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды
менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. 
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-
ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар,
өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер,
нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет
жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай
аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына
жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы
кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент
саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол
жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске,
жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың,
абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда
жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру
ұсынылады.
4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір
мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы,
байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата
білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары
температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді. 

Би: «Қыздар» тобы. Билейтіндер 8 сынып
оқушылары
Қатысушыларға берілер сұрақтар:
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай
дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

-Сіздердің арасында  педагог саласын
таңдаған студенттер бар. Құдай қаласа оқу бітіргесін өздеріңіздің алтын ұя
мектептеріңізге қайта келесіздер ме?

-Медицина саласын таңдаған студент,сіз
біздің кентімізге келесіз бе?

-Мектеп өмірінің қай кездерін жиі еске алып
жүресіздер?

-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру
қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?
ІІ-жүргізуші:
Сіздердің назарларыңызда мектебіміздің биші қыздарымыздың заманауи биін қабыл
алыңыздар.

6. Cіз Емтихан
тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға алу үшін мұғаліміңіз сізден ақша талап етті.
Сіздің қалтаңызда еш ақша жоқ. Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп,
осылайша емтиханнан оңай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана уақыт
қалды. Осы кездегі сіздің әрекетіңіз

7. Сіздің бірінші курста оқитын кезіңіз.
Студенттердің сүйікті мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге қарсы отырыспа
ұйымдастырылған. Соған үйіңіздегілерден 2 сағатқа сұранып келдіңіз. Бірақ
келгеніңізге 2 жарым сағат болды. Сол кезде сыртқы есік ашылып, үйіңіздегілер
айқайлап, сізді алып кетті.
Достарыңыздың алдында қатты
ұялдыңыз. Сіздің әрекетіңіз.

8.  Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік
емтихан. Бірақта сіздің ең жақын
досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға даярлығыңыз төмендейді. Бармасаңыз
ең жақын досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз.

9. Сізді ақпанның 20 — жұлдызы күні сағат
15: 00 де болатын мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы
уақытта мектепке кіре бергеніңізде алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы шелектегі
суын сіздің үстіңізге төгіп алды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз.

І-жүргізуші: Кезек
қорытындыға да келіп жетті. Құрметті студенттер, сөз соңын мына сұрақтарға
жауап беру арқылы қорытындыласаңыздар.

Қорытындылау сұрақтары:
 Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі
мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

ІІ-жүргізуші:
                                           Самғаңдар
бейбіт елдің аспанында,
                                           Зулайды жастық дәурен қас-қағамда.
                                           Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
                                           Тілейді сәтті қадам жастарына.

Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау
үшін сөз кезегін физика пәнінің мұғалімі Кунафина Арай Қасымханқызына  береміз.

І-жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
                                      Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
                                      Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
                                      Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
                                      Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
                                      Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
                                     Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

— дегендей ел сеніміне кіретін құрметті
мамандық иесі боламын десеңіздер,  бүгінгі кездесуде студенттеріміздің айтқан
ақыл — кеңестерін жадыңызда ұстап , ілім- білім алуға барлық күш -жігерлеріңді
жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға
тілектестігімді білдіреміз!

«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий

Материал жайлы қысқаша түсінік:

«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп аталды. Ауылымыздың түлектері және осы ауылда білім алып,жоғарғы оқу орынын бітіріп ауылда әр түрлі салада қызмет істеп жүрген аға буынмен болашақ жастардың арасында кездесу өтті.Ойындар ойнатылды.Сұрақтар қойылды.Көңілді кеш болды.

Төмендегі Барлығы толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий

Мухамеджанова Айгуль Токтасыновна

Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы,Бөкенші ауылы, «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі»КММ Аға тәлімгер Мухамеджанова Айгуль Токтасыновна.

08.02.2019

3262

6

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

«Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады!»
Студенттермен кездесу кешінің сценарийі
Мақсаты:
Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
Міндеті:
— мектеп бітіруші түлектерге кәсіби — шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;
— болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт — бағдар беру;
— белгілі бір еңбек, кәсіби іс — әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.
Күтілетін нәтиже:
Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.

Өткізілу барысы:
1 — жүргізуші:
Армысыздар, аяулы ұстаздар, Мектеп табалдырығынан сусындап білім алған студент жастар және 2012 — 2013 жылғы Мектеп бітіруші Жас түлектер!
2 — жүргізуші:
Бірінші кілт — білімге,
Екінші кілт — дұрыс жол.
Үшінші кілт — бақытқа,
Жетелейді білсең сол.
1 — жүргізуші:
Болса кімнің талабы,
Өмірден жол табады.
Еңбегіне лайық,
Адам болып шығады,- дегендей жастар еліміздің болашағы. Егемен еліміздің болашағы білімді ұрпақ.
2 — жүргізуші:
Жаңа Қазақстан! Біз жаңашылдыққа білім нәрімен жететініміз сөзсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басшымыз ел халқына 2010 жылдың 29 — шы қаңтарында *Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері*атты жолдауында білім беру саласына назар аударып өтті.
1 — жүргізуші:
2020 жылға қарай *Жоғары білім сапасы* ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі Жоғарғы оқу орындар әлемнің жетекші университеттердің рейтингіге енуге ұмтылулары керек. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары *Жаңа халықаралық университет*,*Арнаулы қор* және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан *Интеллектуалдық мектептер* секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.
2 — жүргізуші:
Ендеше, осындай сенім артқан істі атқару үшін білімді болу, бұл біздің міндетіміз.
1 — жүргізуші:
Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей бүгінгі студенттердің құрметіне
10 — сынып оқушысы Жұматай Тұрсынайдың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші:
Бүгінгі кешті жалғастыра отырып, кешіміздің мағыналы да мәнді өтуіне баршамыз да бір кісідей қатысайық дегім келеді.
2 — жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1. Танысу кезеңі.
2. Ситуациялық сұрақ.
4. Сергіту сәті(ойын).
5. Мамандығым мақтанышым (пікір сайыс)
6. Ең үздік студент
7. Қорытынды
1 – жүргізуші:
Біздің кешке қонақ болып келіп отырған студент жастармен таныса отыралық.
2 – жүргізуші:
Сонымен, мектебімізден түлеп ұшқан түлектеріміз, қазіргі таңдағы оқу орнының студенттерімен таныстырып өтсем:
———————————————
1 — жүргізуші:
Ендігі кезекте студенттерімізбен сергіту сәті ретінде сұрақтарымызға жауап алсақ.
2 — жүргізуші:
Армысың студенттер қалың қалай?
Жүрегім бір өзіңді сағынады — ай,
Дүниені шарқ ұрып іздесем де,
Өзіңнен басқа жақсы табылмады — ай.
1 — жүргізуші:
Армысың, айналайын жиналғандар,
Сахнаның төрінде сыйланғандар.
Барлық студенттерім бас қосыпты
Ағайын айтыңдаршы кімде арман бар?
2 -. жүргізуші:
Соған бұрып әр кезде жүреді ішім,
Сен өзі кітап оқып жүремісің?
Бір сұрақты қояйын онда саған,
Қасиетті кітапты білемісің?
1 – жүргізуші:
Құран деп мына студент шын айтады,
Біліміңді сынайын былай тағы.
Кітаптан барлық оқу табылады,
Оқу білім бұлағы деп кім айтады?
2 — жүргізуші:
Енді студенттер арасында ойын ойнасақ. Бұл ойынның шарты араларыңыздан бес студент шығып шардың ішіндегі сұрақтарымызға жауап берсе.

1 — жүргізуші:
Әннің де естісі, бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы — күйлі,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар,- дегендей келесі кезекті әсем әнге берсек.
—————————— орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар.

2 — жүргізуші:
Олай болса ендігі кезекті ситуациялық сұраққа берсек.
1. Сізді ақпанның 20 — жұлдызы күні сағат 15: 00 де болатын мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытта мектепке кіре бергеніңізде алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы шелектегі суын сіздің үстіңізге төгіп алды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз.
1 — жүргізуші:
2. Сіз бүгін ашық сабақ өткелі тұрсыз. Барлық сабақ тақырыбын интерактивті
тақтаға сақтап қойдыңыз. Сабақ басталар уақытта жарық өшіп қалды. Ашық
сабағыңызды қатысып отырған оқушылармен ата — аналарға қалай түсіндіресіз.
2 — жүргізуші:
3. Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік емтихан. Бірақта сіздің ең жақын
досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға даярлығыңыз төмендейді. Бармасаңыз ең жақын досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз. 1 — жүргізуші:
4. Сіз жатақханада тұрасыз. Ертең демалысқа қарсы бәрі бөлмелерін кілттеп,
үйлеріне қайтып кетті. Баратын үйіңіз жоқ. Сіздің қарныңыз ашып, мазаңыз
кетті. Бөлмеде шайдан басқа тағам түрлері жоқ. Сіздің әрекетіңіз.
2 — жүргізуші:
5. Сіздің бірінші курста оқитын кезіңіз. Студенттердің сүйікті мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге қарсы отырыспа ұйымдастырылған. Соған үйіңіздегілерден 2 сағатқа сұранып келдіңіз. Бірақ келгеніңізге 2 жарым сағат болды. Сол кезде сыртқы есік ашылып, үйіңіздегілер айқайлап, сізді алып кетті. Достарыңыздың алдында қатты ұялдыңыз. Сіздің әрекетіңіз. 1 — жүргізуші:
6. Cіз Емтихан тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға алу үшін мұғаліміңіз сізден ақша талап етті. Сіздің қалтаңызда еш ақша жоқ. Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп, осылайша емтиханнан оңай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана уақыт қалды. Осы кездегі сіздің әрекетіңіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Тақырыбы: «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»атты студенттемен кездесу кеші.Кешке қатысушы көрермендер:- 9-11-сынып оқушылары- Студенттер- ҰстаздарПікір айтушылар:Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттерКештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. 2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуІ-жүргізушіКіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі ««Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»а» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын, жалпы жоғары сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.ІІ-жүргізуші: Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.І- жүргізуші:Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары- мектебіміздің түлектері. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан Сен де бір- кірпіш дүниеге, Кетігін тапта бар қалан

– дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.ІІ- жүргізуші: Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін, Мерекең, құтты болсын, түлектерім. Қол соғып ортамызға шақырайық, Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін

— деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).

Олар:

ІІ- жүргізуші: Қош келдің тәуелсіз ел қырандары, Жақсы атың шартарапқа шығар әлі. Өнеге үлгі болған кішілерге, Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,

деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Ерболат Мұратқалиұлына береміз.

І- жүргізуші: Ұрпағы ұландары текті жердің, Қашанда болмысыңа сүйінемін Кешегі ғалымдар да, мамандар да, Шығады өздеріңнен деп білемін

Келесі сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Құралай Қыдырқызына береміз.

ІІ- жүргізуші:

Студент ертеңіне жол ашады, Асқақта нұрлы болар болашағы. Дәл осы мектебімде білім алып, Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарығыз жөнінде айтып берсеңіздер.

І- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Қатысушыларға берілер сұрақтар: — Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

-Сіздердің арасында педагог саласын таңдаған студенттер бар. Құдай қаласа оқу бітіргесін өздеріңіздің алтын ұя мектептеріңізге қайта келесіздер ме?

-Медицина саласын таңдаған студент,сіз біздің кентімізге келесіз бе?

-Мектеп өмірінің қай кездерін жиі еске алып жүресіздер?

-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде?

ІІ-жүргізуші. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.(Фигура суырып, отырады болған соң анықтамасы оқылады)Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.І-жүргізуші: «Суретті қимыл» ойын. (ортаға екі студент шығады, біреуі суретті ұстап тұрып екіншісі сол суретті бейнені қимылмен бейнелеп беру, суретті ұстап тұрған студент сол бейнені не екенін табу).ІІ-жүргізуші:Сіздерден «Қонақ кәде» сұраймыз. Мектебіміздің үлгілі оқушысы болған, қазір өнер саласында білім алып жатырған Біржан ағамызды ортаға шақырамыз. І-жүргізуші :Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.  Маман — қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді , белгілі бір мамандықтың өкілі.Мамандық — адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

ІІ-жүргізуші :

Студент «анықтамалығы»Университет – «Өмір мектебі» Декан – «Менің Әуезовім» Замдекан – «Оң қол» Ұстаз – «Ағалардың алақаны» Дәріс – «Өліара» Сабақтан қайтқанда – «Тойдан қайтқан қазақтар» Студенттік шақ – «Дүние-думан» Танысу – «Менің атым Қожа» 1-курс – «Әңгүдік» 2-курс – «Пысық болдым, мінеки» 3-курс – «Асуда» 4-курс – «Қош бол, менің ертегім» Магистрант – «Мәңгілік бала бейнесі» Аспирант – «Жоқ іздеген жігітпін» Семестр – «Біздің жақта қыс ұзақ» Староста – «Жау тылындағы бала» Емтихан – «Қан мен тер» Емтихан тапсырғанда – «Сергелдең болған серілер» Сессия соңы – «Аласапыран» Диплом жұмысы – «Соңғы парыз» Жатақхана – «Ақын. Періште. Махаббат» Бөлме – «Жетінші палата» Демалыс – «Сағыныш» Комендант – «Аспандағы әпке» Вахта – «Қорқыттың көрі» Вахтерша – «Бандыны қуған Хамит» СМС – «Жүректегі жазулар» Қалыңдық – «Ең әдемі келіншек» Үйленгеннен соң – «Ол көктем оралмайды»Ойын: « »

І-жүргізуші :

Студенттер, аяулы ақ мамандар, Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.Қыз қуып терезеге қарағандар Білім қуып бөлмеге қамалғандар. Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер, Ауылға жиі айтатын сәлемдері: “Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!” Студенттер, сарылып ой қуғандарҚарынды қанағатқа тойдырғандар Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,Күн сайын, апта сайын той қылғандар. Студенттер, болашақ жас мамандар, Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.Бастарына тек кітап жастағандар, Студенттер, ұстазға ұнағандар. Сүрінгендер, кей жерде құлағандар Қайтадан тапсырам деп жылағандар Тәттіні, ащыны да татып тұрар Студенттің жан сырына құлақ саңдар, Сонда да жандарында жанып тұрар. Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды, Студенттер, Студенттер, Бақыттылар!!!

Өздеріңізге арналған шағын концерттік бағдарламамызды ұсынамыз

(Әзірлеген номерлерді жіберу)

ІІ-жүргізуші: Самғаңдар бейбіт елдің аспанында, Зулайды жастық дәурен қас-қағамда. Мектебің ұстаздарың алтын қазық, Тілейді сәтті қадам жастарына.

Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлайман Асылбекқызына б…

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ

мектеп интернат кешені

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Мен мамандық әлеміндемін»

Кездесу кеші

Куратор: Рахметова Ж.Ж

2017 оқу жылы

Бекітемін: 11.11.17 ж.

Д.Т.Ж.О: А.О.Рахметов

Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін

Мақсаты: мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету,

мамандық таңдаудың қыр — сырларын меңгеру; елімізге өз үлесін қоса

білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: слайд

 Кешке қатысушы:
-11 а сынып оқушылары
-Студенттер
-Ұстаздар
 Пікір айтушылар: Болашақ мамандық иелері, яғни студенттер

Өту барысы:

1. Кіріспе бөлім.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Мамандық иелеріне сөз беру.
4. Сұрақ — жауап .
5. Кеңестер.
6. Қорытынды.

Қайырлы күн!
«Мен мамандық әлеміндемін» атты шарамызды бастаймыз. Кешімізге қонақтар қош келдіңіздер сіздермен бірге қоғамдық -гуманитария бағытында оқитын 11 а сынып оқушылары. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе мамандық таңдау. Ең бірінші маман дық таңдауды сөз етпек боламыз. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Кей біреуіміз өзіміз қызықпайтын мамандықты таңдаймыз. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбау шылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

Бүгінгі кездесу кешіміз осы отырған оқушыларымызға мамандықты дұрыс таңдауға, қандай да мәселені шешуге көмектеседі деген ойдамын.

Оқушылар мамандық сөзіне анықтама беріп көрелік.

Мамандық дегеніміз — адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.

Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық – адамның қоғамдық мінездемесі.
“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”
Әлемде мыңдаған мамандық түрлері бар. Осы мамандық түрлерін қалай таңдап, қалай білу керек деген сұрақтар кім-кімді болмасын мазалайды.

Бүгінгі оқушыларымыз мамандықты өздері таңдай ала ма? Әлде толығымымен мамандық таңдауға ата-аналар атсалысу керек пе? Сынып оқушыларының өздерінен сұрап көрейік. Өзі таңдады ма? Қандай мамандық таңдады,әлде ата анасы таңдап берді ме?

Куратор: сұрақ оқушыға мамандықты таңдау үшін, адам  ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Сұрақ оқушыларға:

Мамандық таңдап үлгердіңбе?

Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?
Жоғары оқу орнына түсуге өз күшіңе сенесіңбе?
Болашақ мамандығың жайында кіммен ақылдастың?

Өзіңді ҰБТ-ға байланысты мазалап жүрген ойлар бар ма?
Сенің арманың не?

Таңдаған мамандығыңның қыр сырын зерттеп көрдің бе?

Психологқа сұрақ:

Ата ананың бағыт бағдары дұрыс емес пе? Әлде өзі таңдауға қабілетті емес пе?

Әр адамның өзінің арман мақсаты болады. Сол арманына жету керек.

Келген қонақтарды таныстыру:

М.Өтемісов атындағы БҚМУ, тарих,экономика және құқық факультеті, дүниежү зілік тарих және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушы магистрі Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметовна мен Майманова Нұршат Нуркановна .

Халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студеттері -Гарифуллина Алима,

Кенжеғали Ләззат.

Тарих мамандығының 2курс студеттері -Зинуллина Нұрмира,

Қажым Альмира,

Ғұбай Айдана.

Мектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.
Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікіралмасудың маңызы өте зор.

Ендігі сөз кезегін сіздерге берсек. Өздеріңіздің оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.

Сұрақ студенттерге:

-Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

-Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

-Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?

-Қай уақытта адам өзжемісін көре алады.?

-Оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?

Сергіту сәті; «Болмасаң да ұқсапбақ …» Енді студенттер мен оқушыларды ортаға шақырамын

Қандай мамандық болсын кез – келген ситуациядан шыға алатын актерлік өнері болу керек. 
Мұғалім мен оқушы, кітапханашы мен оқытушы, сатушы мен сатыпалушы, полиция мен жүргізуші.(Оқушылар мен студенттер рөлге еніп шығады) 

Оқытушыға сұрақ:

Бүгінгі жастар тек бір жапырақ қағаз үшін, яғни тек диплом үшін кез келген оқуды таңдай салады,атақты немесе атақсыз болсын қарамайды оқи салады.

1.Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп деп ойлайсыздар?

Жалаң пікірдің себебі. Диплом болса жерде қалмайсың деген баланы қателестіруге алып келеді. Мына мамандықты алсаң адам боласың, экономист болсаң миллионер боласың деген

жалған ұғыммен баланы соған итермелейді.

2.Таңдаған мамандығын оқып I-II курста басқа мамандыққа ауысу көппе?

3.Қазіргі таңда қандай мамандық сұранысқа ие?

4. Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?

Амантай Орынғалиұлы: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мамандықтан қателеспеу үшін неге сүйену керек? Үш жақ бірлесу керек ата-ана, мұғалім, оқушы.

Қорытындылау:
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз,ойландыратын жағдай болдыма?

Алдарыңызда үлкен жол жатыр. Өздеріңіз таңдаған ақ жол сіздердің болашақтарыңызды жарқын және қуанышқа толтырсын. Ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсейік».

«Жарқын жастық – баянды болашақ»

атты студенттермен кездесу кеші.

Мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру

Барысы:

І. Кешті ашу.

ІІ. Таныстыру.

ІІІ. Ойын

ІҮ.Сыр — сұхбат

Ү. Ойын

ҮІ. Тілектер шоғы.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары – студент жастар!

2-жүргізуші: Студенттер – ақ арман арқалаған,

Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.

Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,

Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!

1-ж: Студенттер – көкке қанат сермегендер,

Ауылға сағынысып келген еңдер.

Студенттер – кешінде сырласайық,

Болашақтың бастауы сендер еңдер!

2-ж: Студенттер – өмірдің гүл күндері,

Қуанышта аз емес бұл күндері.

Қайғысы да бір басыңа жетіп жатыр,

Ұйқысыз өткен кейде бір түндері.

1-ж: Міне, осындай өмірді кешкен жандар,

Ертеңгі елімізге атар таңдар.

Бірі – дәрігер, бірі – ұстаз, бірі – әнші,

Маман болып бір күні шығарсыңдар.

2-ж: Студенттік өмір біздің де есімізде,

Тым ерекше көрінер өмір көшімізде.

Біз түлеткен аяулы студенттер,

Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге.

(қошемет)

1-ж: Армысыздар, мектебіміздің түлектері,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Ән шашу, әсем әуен түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

2-ж: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі,

Сіздер үшін осы кеш ашылады,

Сіздер үшін әншілер ән салады.

Ән: «Қос жүрек». Орындайтын 11 класс оқушысы  – Рахатов Исламбек. Қошеметтеп отырайық!

1-ж: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен,

Бізге деген жылылықты табамыз, — дей отырып, мектеп директоры Дусипова Миргүл апайға сөз кезегін береміз.

1-ж: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш,

Түседі естеріңе қызықты кез.

Сағыныш бойды билеп келгендерге,

Мектептің есіктері ашық әр кез.

2-ж: Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн,

Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір үн.

Сырласып отырайық, ән салайық.

Мауқымыз басылғанша осы бір күн. Келесі кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Әріптерден басталатын мамандық».

Шарты: студенттерге әріптер беріледі. Сол әріптерден басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу керек.

А, Д, Ж, И, С, З, Ш, Т, М, Э.

1-ж: Ұрпағы  ұландары текті жердің,

Қашанда болмысыңа сүйсінемін.

Келешек ғалымдар да, даналар да,

Шығады өздеріңнен деп білемін.

2-ж: Бұл кездесу көкейлеріңе,

Жыры мен сырын тұндырсын.

Жаныңнан кетпей әсері ән,

Жадыңда қалсын осы күн! – дей отырып, әнге кезек берейік.

Ән «Ауырмайды жүрек». Орындайтын  мектебіміздің жезтаңдай әншілерінің бірі – Рахметов Бағдат. Қошеметпен қарсы алайық.

1-ж: Біліммен көркейтіп елімізді,

Танытып азаматтық тегіңізді.

Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,

Тыңдалық сіздің де ыстық лебіңізді.

«Сыр сұхбат» бөлімі.

2-ж: Қабыл етіп қонақтардың тілегін,

Тілегіңді тұмар етіп жүремін.

Түлектерге ұлағатын қалдырар,

Өздеріңдей болса деймін түлегім.

Ортаға мектебіміздің «Өзіміздің жігіттер» КВН командасын шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1-ж: Көрермендер әзіл де бар бойында,

Бір ғажайып қызық бізде ойын бар.

Шақырамыз ортамызға келіңіз,

Атсалысып бұған да ден қойыңыз.

2-ж:Ойын: «Ең нағыз …» ойыны.

Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады,ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауларыңыз керек.

  • Ең жасыл мамандық;
  • Ең тәтті мамандық;
  • Нағыз ақшалы мамандық;
  • Ең күлкілі мамандық;
  • Нағыз бала мамандығы;
  • Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық;
  • Ең ауыр мамандық;
  • Ең салмақты мамандық;

1-ж: Ән басталса қалайша жанбас халық,

Тыңдауға бар түн бойы таң жастанып.

Ұйып қалар табиғат оянбастай,

Кеткен кезде керемет ән басталып, демекші келесі кезекті әнге береміз.

Ән: «Ұмытар емеспін». Орындайтын 9-кластың әншісі – Бақтілеу Айбек, қошеметпен ортаға шақырайық.

2-ж: Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты.

Талпынып біреулерің шығыңдаршы,

Халайық қошеметпен қол соғады. – деп, қонақтардан қонақ кәде сұраймыз.

Ән: «Жібектің әні» Орындайтын Нарымбаева Айгерім.

Даусың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таңшолпанмен астасқан – деп, тамаша ән сыйлаған Айгерімге тағы да қошемет көрсетіп қояйық.

1-ж:Аламан бәйгеге оза шауып, өлең  — жырда шашасына шаң жұқтырмаған талантты тұлға, ақын аға – апаларының жолын қуған, бірімізге апа, бірімізге қарындас Жұбаева Құндыз ақынымызды ортаға шақырайыз.

(Құндыздың жүрек жарды өлеңдері оқылады.)

КВН .

2-ж:  Мұңға батқан жүректі ән оятар,

Тәтті үннің әсерін жан оятар.

Жаңға қуат, жүрекке шаттық сыйлап,

Жас балаша көңілді жадыратар,-деп әнге кезек береміз.

Ән: «Арман» Орындайтын  9-класс оқушысы Қанатов Аманғос.

Ортаға сері жігіттермізден құралған КВН командасын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алайық.

1-ж:Жастық осы гүлдей болып көрінген,

Өлең жыр боп сірә кетпес көңілден.

Естелік боп қалсын осы күнде бір,

Студенттік қызығы мол өмірден

«Тілектер шоғы».

2-ж:Ұстаздар оқушыға басын иген,

Кей кезде тіпті оған кішірейген.

«Сыйға сый, сыраға -бал» деген сөздің,

Болмас ережесін бұза білген.

Өйткен, ұстаз – ана, ұстаз – дара –

Мамандық ол ерекше, жеке – дара – деп, сөз кезегін ұстаздарға береміз.

Ән: «Сағынсаң қалай шыдаймын». Орындайтын биылғы мектеп түлегі – Қанымқұлов Батырлан.

Қорытынды:

1-ж:Артта қалды, әттең-ай, балалық шақтың белесі,

Өздеріңмен биік қой елдің еңсесі.

Сүріне көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал сынынан,

Күтіп тұр алда болашақ өмірдің сойқан күресі!

2-ж:Балалықпен қоштасып, даналыққа беттедің,

Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің.

Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр,

Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін!

1-ж: «Мемлекеттің «2030» бағдарламасын орындауда, ерінбей экономикалық талапқа сай еңбек ететін, игілікті іске бар ынтасымен кірісетін, ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсейік».

2-ж: Осымен студенттермен кездесу кешін ақтаймыз. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Иллюстрация: Freepik.com

Тәрбие сағатының мақсаты : Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. 

Тәрбие сағатының көрнекілігі: «Студенттік өмірдің алғашқы кезеңдері» атты презентация.

Топ жетекшісі: Міне болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақтың дара да дана тұлғасы Абай: «Адамның адамшылығы… жақсы ұрпақтан болады» деген. Олай болса болашақ медицина қызметкері болатын студенттерімізге тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиесін тыңғылықты ету колледж ұстаздарының абыройлы да басты мақсаты болып табылмақ.
Мұғалім болашақты тәрбиелеуші. Ал болашақ дегеніміздің өзі өткен тарихты қорыту емес пе? Ең бірінші ұстаз – біздің өткен тарихымыз. Жаңа ұрпақты тәрбиелеу үшін бұрынғының бар жақсысын жиып, бүгінгімен қабыстырған жөн секілді.
Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы.  Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.

Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

Сіздердің жақсы көңіл күйде болып, демалып қайтуларыңызға біздер зор сенімдеміз.

1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар!

2-жүргізуші:
І- ші курста аузын ашып,семинарда пардан қашып,лекцияда секіріп,сессиядан жүгіріп,емтиханда жылап, навыктен құлап каникулда қыдырып,апайларға өтірік күліп,колледждің ауасын жұтып,степендиядан лоторея ұтып,жүрген студенттерге жалынды сәлем! Бүгінгі біздің кешіміз қызықты да көңілді студенттер күніне арналады!

1-жүргізуші:
— Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!

2-жүргізуші:
— Ендеше біз бүгінгі өткізілетін ашық тәрбие сағатының көңілді шымылдығын ашуға Облыстық деңгейде  бірнеше мәрте сайыстың жүлдегері атанған тобымыздың студенті, Ақбай Айдананы «Студенттер кеші» әнімен ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші:
— Біздің өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатымыз ол әрине студенттер жайлы.
Яғни «Қызықты көңіл,студенттік өмір!»
Шынымен де студенттік өмір қызықсыз болмайды,қызығымен шыжығы мол болады!
Ендеше ортаға «Студент бейнесі» атты көріністі шақырамыз!

2-жүргізуші: Біздер студент атанып,жаңа ортаға келгелі жаңа достар таптық. «Солдат өмірді,студент жастықты көреді» демекші олардың арасында жастық шақтың қызығын бөлісіп жүрген құпия достар да баршылық. «Құпия дос» ойынының құпия сырларын бірге ашайық достар!

2-жүргізуші:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық-ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.

1-жүргізуші:
О, жастық-ай, мойымас тау-тасыңа,
Омыртқаңды үзеді ол,
Дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы,
Ортақ оның малтасы, қалтасы да…
Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.
Лайланып кетсе де тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап
Қалың томнан,
Бас алмайды енді олар күні бойы.

2-жүргізуші:
— Айтулы студенттер мерекесінің тарихын біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз артық болмас.

1-жүргізуші:
1946 жылы 17 –қарашада Дүниежүзілік студенттер конгресі өтті. Прага қаласында ұйымдастырылған шара патриот студенттерге арналған еді. Чехтардан бастау алған айтулы күнді ойын-тойсыз, көңілді кешсіз өткізбейміз. Бірақ тарихы қанды оқиғамен байланысты.

1939 жылы 28-қазанда Чехословакияны фашисттер басып алған болатын. Сол кезде Чехословакия мемлекетіндегі білім күнінің бір мерекесін атап өтпекке прагалық студенттер мен олардың оқытушылары шеруге шығады. Басқыншылар шеруді таратады, сөйтіп атысты бастайды. Медицина факультетінің студенті Ян Оплетал да сол кезде қаза тапқан. Ян Оплеталдың қазасынан кейін 15-қарашада студенттер қайта көтеріледі.

Сол кензде ондаған шерушілер тұтқынға түседі. 17-қарашада гестапошылар мен эсэсшылар таңертең жатахананы қоршап алады. 1200-ден астам студентті тұтқындап, Заксенхаузен концлагеріне қамаған. Студенттер қозғалысының белсенділері мен тоғыз студентті Рузина ауданындағы түрмеде дарға асқан. Гитлердің бұйрығымен чехиялық жоғары оқу орындары соғыс біткенше жабылды.

2-жүргізуші:
-Ия студент ол-Студент!
Студенттік өмір — МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР. Сессия — ТАР ЖОЛ ТАЙҒАҚ КЕШУ. Сессиядан кейін — ДАУЫЛДАН КЕЙІН. Степендия — ҰЗАҚҚА БАРМАЙТЫН ҚУАНЫШ. Далаға шыққан студент — ЖАЯУ МҰСА. Свидание — КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ. Лекция — ҚАЛҒЫП-МҮЛГУ. Семинар — СЕН ТИМЕСЕН МЕН ТИМЕЙМІН. Диплом қорғау — ҚЫЛ КӨПІР.
Достым  осы сен көңіл көтеруге қалай қарайсың?

1-жүргізуші:
— Жарайды тек мына сабағымызды бітіріп алайық, сосын иә!

2-жүргізуші:
— Жоқ мен қазір қыдырғым келіп тұр! Вечер, дискотека дегендей?

1-жүргізуші:
— Сен ренжіме бірақ мен ата-анама қуаныш сыйлағым келеді! Ал вечер, дискотекаға әлі үлгіремін!
Көрініс «Құдіретті адам!»

1-жүргізуші:
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой.

2-жүргізуші:
— Ұстаздар, сіздерде біздей болдыңыздар, ендеше сіздерді сол студенттік кездерге саяхаттауға шақырамыз! ( Ұстаздар ортаға шақырылады)
Алдын ала дайындалған конверттерді алады.
(Ойын шарты түсіндіріліп кетеді)
Ситуациялық жағдайлар.
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?

№2 тапсырма.
Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан келген жылқының сүр еті асылып жатыр.Шай ішіп болып «Ламбада»билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай жеткізесіз?

№3 тапсырма.
Жатақхана.Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз.
3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз?

№4 тапсырма.
Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз.Ағайың орыс.Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз?

№5 тапсырма.
Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу.Барлығы бос емес.Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр.Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант Надежда апай. Сіздің тактикаңыз?
Жағдайды қалай реттейсіз?

1-жүргізуші:
— Рахмет,апай. Ал енді сіз қандай әсер алдыңыз?
2-жүргізуші:
-Студенттік өмірге шолу сізге ұнады ма?( қысқаша, ұстаздың алған әсері)

1-жүргізуші: «Студент  болу – жас адамға бақытты  болу  деген  сөзбен  тең» — деп  Тұманбай Молдағалиев айтқандай , бүгінгі  мерекелерініз  құтты  болсын , жас  даурен  жас  достар ! «Студент» әні!

2-жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты «студенттер» бақыттылар!

2-жүргізуші:
Көңіл бөліп  тамашалауға  келгендеріңіз  үшін  көп-көп рахмет!

Топ жетекшісі:
Бүгінгі өткен 17-қараша студенттер күніне арналған  «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! Осы кеште ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар
  15. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Беріктас орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

Мектеп директоры: Ж.Дуанаев

«Менің мамандығым»

Өткізген:

Физика пәнінің мұғалімі

А.Кунафина

Беріктас ауылы, 2016 жыл

«Менің мамандығым»

Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру,
олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру. Оқушыларға
мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы
түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен
ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін
кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңд студент болып
жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге
үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы
жарнамалар жасау;

Көрнекілігі: Кештің тақырыбы

Кешке қатысушылар: — әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері,
яғни студенттер, 8-11-сынып оқушылары, ұстаздар, ата- аналар.

Жүру барысы:

І- жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары-
мектебіміздің түлектері.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір- кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан

— дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының студенттермен кездесу
кешін ашық деп жариялаймыз.

ІІжүргізуші:

Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,

Мерекең, құтты болсын, түлектерім.

Қол соғып ортамызға шақырайық,

Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін

— деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ
маман иелерін ортаға шақырамыз.

(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).

Олар:

  1. Аманбаев Ақжол

  2. Санақбаев Дастан

  3. Бахытжан Айнур

  4. Мыңбаев Әділет

  5. Бауыржан Балғын

  6. Сейтжан Алдияр

  7. Молдахмет Жантас

  8. Әнуарбек Жұлдыз

  9. Досбосынов Адай

  10. Найманбаев Олжас

  11. Жұмағулова Айым

  12. Жамихан Меруерт

  13. Жамихан Аңсар

  14. Сурамбекова Назым

  15. Мыңбаева Асем

  16. Әділжан Қайсар

І- жүргізуші:

Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең- мектеп- ана
құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол
студенттік кезең екені сөзсіз.Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар
дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас
балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы
күндерің.

ІІ- жүргізуші: Мектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын»
немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар
мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға
бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен,
кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен,
кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер
үшін — ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін
жалғастыру, келесі біреулер үшін — жаңалыққа, дербестікке талпыныс,
үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б.
Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы
қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?»,
«Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

І-жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине
таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы — адам еңбекке қабілетті,
зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды,
бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған
адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе,
бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор
ықылас, шабытпен істеген іс — табыс биігіне жеткізетін қанат.

Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам
өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Осыған орай өткелі тұрған студенттермен мектеп оқушыларының
арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Студенттік өмірдің
қыры мен сыры туралы» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтындар Шойбек Ақылбек, Ерболат
Лашын.

ІІ- жүргізуші:

Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,

Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.

Өнеге үлгі болған кішілерге,

Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,

деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің оқу ісінің
меңгерушісі Чалимбекова нуршат Кемербековнаға береміз.

І- жүргізуші:

Ұрпағы ұландары текті жердің,

Қашанда болмысыңа сүйінемін

Кешегі ғалымдар да, мамандар да,

Шығады өздеріңнен деп білемін- деп келесі сөз кезегін

Мектебіміздің психологы Аульбекова Алия Алимтаевнаға беремізст

Келесі сөз кезегін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әмырғалиева Лязат
Серікқызына береміз.

ІІ- жүргізуші:

Студент ертеңіне жол ашады,

Асқақта нұрлы болар болашағы.

Дәл осы мектебімде білім алып,

Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін
берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз
жөнінде айтып берсеңіздер.

(студенттерге сөз кезегі барлығына)

І- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған
қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар.
Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

3. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану:
Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін
таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті,
қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз
айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін
баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің
кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс
айтамын.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан,
сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи
өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын.
Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі
аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді
тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін ,
басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары
қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес,
өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы
мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол
жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және
жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан
шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге
қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін
бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны

Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен
бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы
мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап
олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы,
металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада,
ыстық пештерде жұмыс істейді.

Би: «Қыздар» тобы. Билейтіндер 8 сынып оқушылары

Қатысушыларға берілер сұрақтар:

— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек
деп ойлайсыз?

— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу
қажет?

— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?

-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?

— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

-Сіздердің арасында педагог саласын таңдаған студенттер бар.
Құдай қаласа оқу бітіргесін өздеріңіздің алтын ұя мектептеріңізге
қайта келесіздер ме?

-Медицина саласын таңдаған студент,сіз біздің кентімізге келесіз
бе?

-Мектеп өмірінің қай кездерін жиі еске алып жүресіздер?

-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты?
Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?

ІІ-жүргізуші:

Сіздердің назарларыңызда мектебіміздің биші қыздарымыздың заманауи
биін қабыл алыңыздар.

6. Cіз Емтихан тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға алу үшін
мұғаліміңіз сізден ақша талап етті. Сіздің қалтаңызда еш ақша жоқ.
Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп, осылайша
емтиханнан оңай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана уақыт
қалды. Осы кездегі сіздің әрекетіңіз

7. Сіздің бірінші курста оқитын кезіңіз. Студенттердің сүйікті
мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге қарсы отырыспа
ұйымдастырылған. Соған үйіңіздегілерден 2 сағатқа сұранып келдіңіз.
Бірақ келгеніңізге 2 жарым сағат болды. Сол кезде сыртқы есік
ашылып, үйіңіздегілер айқайлап, сізді алып кетті. Достарыңыздың
алдында қатты ұялдыңыз. Сіздің әрекетіңіз.

8. Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік емтихан. Бірақта
сіздің ең жақын

досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға даярлығыңыз төмендейді.
Бармасаңыз ең жақын досыңыз өкпелейді. Сіздің әрекетіңіз.

9. Сізді ақпанның 20 — жұлдызы күні сағат 15: 00 де болатын
мектептегі студенттермен кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытта
мектепке кіре бергеніңізде алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы
шелектегі суын сіздің үстіңізге төгіп алды. Сіздің сол кездегі
әрекетіңіз.

І-жүргізуші: Кезек қорытындыға да келіп жетті. Құрметті
студенттер, сөз соңын мына сұрақтарға жауап беру арқылы
қорытындыласаңыздар.

Қорытындылау сұрақтары:

Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?

«Бос микрофон» (рефлексия)

Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір
бөліседі.

— Осы күннен не алдыңыз?

— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды
ма?

ІІ-жүргізуші:

Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,

Зулайды жастық дәурен қас-қағамда.

Мектебің ұстаздарың алтын қазық,

Тілейді сәтті қадам жастарына.

Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін
физика пәнінің мұғалімі Кунафина Арай Қасымханқызына береміз.

І-жүргізуші:

Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат
етіңіздер:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

— дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын
десеңіздер, бүгінгі кездесуде студенттеріміздің айтқан ақыл —
кеңестерін жадыңызда ұстап , ілім- білім алуға барлық күш
-жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман
иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіреміз!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Странный праздник 4 ноября
  • Студенттермен кездесу кеші сценарий
  • Странные названия праздников
  • Студенттер кешіне арнал?ан сценарий
  • Странные британские праздники