=
Байқаудың тақырыбы: Алтын күз
Байқаудың барысы:
Армысыздар құрметті ата-аналар, байқауға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі «Алтын күз» атты сурет байқауына қош келдіңіздер!
Байқаудың мақсаты:
- Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүние танымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
- Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту.
- Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі сайысымызда балалар күз мезгіліне байланысты сурет салады. Суретті акварель краскамен, түрлі –түсті карандашпен салуға болады.
Жүргізуші:
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Суретші балаларды шақырамыз.- байқауға қатысушы балалармен таныстыруға кезек берейік.
Мектепалды даярлық «Б» тобының тәрбиеленушілері
Алдадосова Айназ Мұхтарқызы |
||||
Амангелді Әмина Медетқызы |
||||
Жалғасбай Бекет Нұрлыбайұлы |
||||
Жалғасбай Бекзат Нұрлыбайұлы |
||||
Жайық Фатима Жанниязқызы |
||||
Қанат Айбану Бөкенбайқызы |
||||
Қуаныш Аида Мұхтарқызы |
||||
Құлынтаева Гүлнаурыз Мұратқызы |
||||
Нұрбол Мирас Нұрболұлы |
||||
Сақыпадин Альфия Ертайқызы |
||||
Сәрсенбай Раяна Нұрлыбайқызы |
||||
Тоқабаев Ерхан Еркебұланұлы
|
Жүргізуші:
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.
Хор: «Біз тәртіпті баламыз!»
2-кезең. Сұрақ-жауап.
1.Жыл мезгілдерін ата
2.Қазір жылдың қай мезгілі?
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып оқушылар,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын-деп балаларды сурет салуға отырғызайық.
Жүргізуші:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Байқаудың да соңы келіп таянар.-байқауымыздың қатысушы балаларын марапаттау үшін сөз ___________________________________________________________ беріледі.
Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі,байқауға бәріңіз де ат салысып қатыстыңыздар.
Жас мұраты білім, тәлім талабы
Өнер – оқу жастық қару жарағы – демекші бүгінгі өнер туралы «АЛТЫН КҮЗ» атты сайысымыз аяқталды.
Просмотр содержимого документа
«»алтын күз» сурет байқауы»
21.06.2018
Балалар
арасындағы асфальта сурет салу байқауы
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып,
олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Амандасу
(
Қайырлы күн, сәлеметсізбе?, хош келдіңіздер, төрлетіңіздер, Goodmorning!)
Амансың
ба нұрлы күн!
Амансың
ба қара жер!
Аман
–есен болайық!
Бейбітшілік қалайық!
Амандасу түрлерін көрсетеді,б.(қолымен
басынан сипалап, бетінен ұстап, құшақтап)
Дала
қандай?
-Ал
ағаштар ше?
-Ауақандай?
Жаз қандай болады?
(ыстық, Демалады .Шомылады ,Күнге күйеді)
көңілді,т.б
Жазда бау-бақшада
не өседі?
-Яғни,
мұның барлығы қай кездеболады?
(балалардың жауабы
Жылдың төрт мезгілі бар:
…, …, …, … .
Біржылда … ай бар.
Жаз айлары:
…, …, … .
Кәнеки, осындай тамаша күні бәріміз бір – бірімізге жылы
лебізімізді білдірейікші…
Балалар, күн шуағын төккенде қуанасыңдарма?..
— Ендеше күнге сәлем берейік.
— Сәлем бердік, шуақ күн( Қолдарын жоғарык көтеріп аяқтың
ұшымен тұрып созылу)
— Сәлем бердік, ашық аспан (Қолдарын жаяды)
— Сәлем бердік, Жер — Ана( тіземен отырады)
— Сәлем бердік, баршаңызға( Иіліп сәлем беру)
Міне, күн де оянып, сендерге жылуын таратты. Жылу бүкілденемізге
тарап бізді оятты.
Балалар, бүгінгідей ерекше күні енд ібіз жұмысымызға
кірісейік.
Балалар, бүгінқандай мерекеекенін білесіңдерме? (1 –
маусым балаларды қорғау күні)
Осы мерекеге байланысты сендер сурет салу сайысына түсесіңдер.
Сендердің салған суреттеріңді бағалап, әділбағасын беретін аға – апайларымызбен
танысып алайық.
Серикбаева Гульнар Сатаевна – Кәсіподақ төрайымы,
Мүшелері:
1. Калкаева
С.К – балабақша медбикесі
2. Бекмагамбетова
Г.Т
— тәрбиеші
Саламатсыздарма, балалар! Мен көңілді музыкантпын. «Ақтиін» тобының балалары мерекеге байланысты сурет салғалы жатқанын естіп, мен де өз үлесімді қосуға келдім. Бірақ мен сендер сияқты сурет
сала алмаймын. Сондықтан сендер суретсалғанда мен көңілді әндер ойнатып тұрайын.
Барлығымыз флешмоп билейік Жарайма,
балалар?
Бүгінгі тақырыбымыз
«Күн шуағы». Түрлі түсті бордың көмегімен түрлі сурет саламыз.
Суретті қорғау.
Қорытынды шығару.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
«Күн шуағы» атты «Аққу» тобы балалары арасындағы асфальтта сурет салу байқауы
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Барысы:
Жүзімізге қараңыз
Бал күлкүлі баламыз
Бізге қымбат күншуақ
Бізге қымбат анамыз
Қайырлы күн қадірлі ата — аналар, қонақтар, бүлдіршіндер!
1 — маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Балалар, сендер болашақтың иесісіңдер. Сәбилердің күлкісі мен ана мейірімі ешқашан бұзылмасын!
— Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша!
Кәнеки, осындай тамаша күні бәріміз бір — бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші…
Балалар, күн шуағын төккенде қуанасыңдар ма?..
— Ендеше күнге сәлем берейік.
— Сәлем бердік, шуақ күн ( Қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшымен тұрып созылу)
— Сәлем бердік, ашық аспан (Қолдарын жаяды)
— Сәлем бердік, Жер — Ана ( тіземен отырады)
— Сәлем бердік, баршаңызға ( Иіліп сәлем беру)
Міне, күн де оянып, сендерге жылуын таратты. Жылу бүкіл денемізге тарап бізді оятты.
Балалар, бүгінгідей ерекше күні енді біз жұмысымызға кірісейік.
Балалар, бүгін қандай мереке екенін білесіңдер ме? (1 — маусым балаларды қорғау күні)
Осы мерекеге байланысты сендер сурет салу сайысына түсесіңдер. Сендердің салған суреттеріңді бағалап, әділ бағасын беретін аға — апайларымызбен танысып алайық.
Нәлібай Айсара — қазылар алқасының төрайымы,
Балабақшамыздың меңгерушісі
Мүшелері:
1. Иззатова Шатарат – балабақша медбикесі
2. Жусипова Әсемкүл — тәрбиеші
3. Өскенбайқызы Меруерт — балабақша психологы
Саламатсыздар ма, балалар! Мен көңілді музыкантпын. «Аққу» тобының балалары мерекеге байланысты сурет салғалы жатқанын естіп, мен де өз үлесімді қосуға келдім. Бірақ мен сендер сияқты сурет сала алмаймын. Сондықтан сендер сурет салғанда мен баянмен көңілді әндер ойнатып тұрайын. Жарай ма, балалар?
Бүгінгі тақырыбымыз «Күн шуағы». Түрлі түсті бордың көмегімен түрлі сурет саламыз.
Суретті қорғау.
Қорытынды шығару.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
«Ән көңілдің ажары» ән байқауы
Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.
1 — жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!
2 — жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Ән көңілдің ажары» ән байқауына қош келдіңіздер демекпін.
1 — жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті — әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.
2 — жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.
1 — жүргізуші: Әдетте әнші атанып жүргендердің екі тобы бар. Біріншісі нағыз әнші болып туылғандар. Олар санасы мен бүкіл жан дүниесі шамырқанып, асып — тасып, яғни шабыт арғымағы атойлап ән шырқағанда, көрерменді селт еткізіп, жетегіне алып жүре береді.
2 — жүргізуші: Ал екіншілері, өзінің даусы жоқ бола тұра, әнге, өнерге деген құштарлығымен өзін бас — көзге қарамай қамшылап жүргендер.
1 — жүргізуші: «Болар адам — бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол — сахна. №114 орта мектепте МАД тобы мен 3 сыныптар аралығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Ән көңілдің ажары» ән байқауына оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.
2 — жүргізуші: Шараның мақсаты — Әнсүйер аға буын мен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, жас әншілерді таныстыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.
1 — жүргізуші: Сонымен бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры ______________________________________ сөз береміз.
2 — жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Ән көңілдің ажары» ән байқауының қатысушыларымен таныстырып өтсем.
МАД тобынан: Русланқызы Балғын, Жамбыл Елхан
2 «А» сыныбынан:
2 «Б» сыныбынан:
3 «Б» сыныбынан: Жақыпбекқызы Анель
1 — жүргізуші: Қатысушыларымызды сахна сыртына шығарып салайық!
2 — жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ — қазылар алқасымен таныстырып өтсем:
Мектеп директоры: Жусупова Мира апай
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Өтегенова Ғалияш апай
Бастауыш бірлестік жетекшісі: Меңбаева Гүлшат апай
Музыка пәнінің мұғалімі: Жүрмаханова Надежда апай
1 — жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Ән көңілдің ажары» ән байқауының төрелік ететін әділ қазыларымен таныстырып болсақ, байқауды бастайық.
2 — жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
«Ән көңілдің ажары» деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға МАД тобының оқушысы Русланқызы Балғынды шақырамыз.
Ән:
1 — жүргізуші:
Музыка — ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.
Музыка — өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен МАД тобы оқушысы Жамбыл Елханды қарсы алыңыздар.
Ән:
1 — жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
2 — жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан — саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі ән байқауы сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады — сахнада 2 «А» сынып оқушысы шақырамыз.
Ән:
1 — жүргізуші:
Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың — дей келе 2 «Б» сынып оқушысы қарсы алайық.
Ән:
2 — жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен — деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 3 «Б» сынып оқушысы Жақыпбекқызы Анельді ортаға шақырамыз.
Ән:
1 — жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берелік.
2 — жүргізуші: Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар,баршаңызға көп рахмет!!!
«Әгугай»
халық әндер байқауы
Мақсаты: Оқушыларға халық әнінің басқа әндерден ерекшелігін, адамның жан дүниесіне тигізер әсерін сезіндіру. Ұлттық дәстүріміздің, құндылығымыздың жоғалмауын насихаттау.
Өту барысы:
Тасадан: ( алдарыңызда халық әні «әгугай» , бимен өрнектейтін «гүлшуақ» бишілер тобы)
(екі жүргізуші ортаға шығады)
1-жүргізуші: Мөлдір Инабат, байқау басталып кеткен бе? Мен кешігіп қалдым ба не?
2-жүргізуші: Инабат: «Жоқ, Мөлдір апа ән байқауымыздың тақырыбы «әгугай» болғандықтан «әгугай» халық әнімен ашып жатқаным ғой, сіз де дәл уақытында келдіңіз»
1-жүргізуші: Өмір ырғақ, нәзік әуен асқақ үн,
Айдын дала аспан күн!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Ей, адамзат бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын!
Өмір ырғақ, әуеніне ермесең,
Тірлігің – тұл, тас – жаның!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаны!
2-жүргізуші: Ырғақты әуенге, сазды әнге толы « Әгугай » атты халық әндері байқауымызға
Екеуі бірге: қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Инабат, байқауымызды бастамас бұрын төрешілерімізді таныстырып өтейік!
2-жүргізуші: Жарайды ендеше бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын берер төрешілер,
Мектебіміздің физика пәні мұғалімі 2014-2015 оқу жылында өткен аудандық әскери патриоттық әндер байқауының дипломанты Медеуова Айкөркем Тілепқабылқызы
1-жүргізуші: Мектебіміздің кітапханашысы Құспанова Шағала
2-жүргізуші: Ата-аналар комитетінің төрағасы Гүлбаршын апайымыз
1-жүргізуші мектебіміздің тәлімгері Айгүл Талғатқызы
1-жүргізуші: «Музыкалық әуендер жақсы мінез құлықты, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Музыка мен ән эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» — деп жазған екен шығыс философы, ұлы ғұлама ғалым, энциклопедист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл – Фараби.
2-жүргізуші: Олай болса, осындай жан тебірентер халық әндерінің біріне кезек берейік,
халық әні: «Дедімай-ау» Орындайтын: Сыйлыбекқызы Нұрайна
2-жүргізуші: Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы, мұхиттай шексіз ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары, арман — мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы,қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
1-жүргізуші: халық әні: «Дайдейдау». Орындайтын: мектебіміздің намысын қорғап жүрген 2014-15 оқу жылының аудандық «Ұстазға арналады аяулы әнім» ән байқауының 2орын, ІІІ Қадір әндерін орындаудан 3 орын, «ХІ Делфилік ойындар» өнер марафонының эстрадалық ән кезеңінен 2орын иегері; Болатова Дильназ Қанатқызы
1-жүргізуші: Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына – ұшы қиыры жоқ аса мол мұра. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол еңбек үстінде де, тұрмыс-тіршілігімізде де, саяхат-сапарларда да, түрлі жиын кездесулерде де, мерекелік салтанаттарда да үнемі бізбен
бірге. Жер бетінде қандайда бір музыкасыз ғұмыр кешетін адам болуы мүмкін емес. Олай болса балалар, музыка біздің өмірлік жан серігіміз.
2-жүргізуші: Мөлдір апа осы сіз де былтырғы оқу жылында аудандық «Делфилік ойындар » атты өнер марафонында халық әндері бөлімінен жүлделі қайтып едіңізғой сондай бір әдемі халық әндеріңіз болса бізге де орындап берсеңіз деп едім.
1-жүргізуші: Ия ол кезде мен Жаңағы Нұрайна орындаған «Дедімай-ау » әнін айтқан болатынмын ал қазір сіздерге «Көзіңнің мөлдірін-ай » әнін орындап берейін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Бүгінгі таңда жастар үшін жарқын әуенді жеңіл музыка аса қажет. Жас адамның көңілін көтеріп билегісі келетіні анық, Осындайда ескертетін бір жай, көңілденудің жөні осы екен деп, құр даңғырлаған даңғаза музыкасымақтарға әуестенудің ешбір пайдасы жоқтығын білген дұрыс. Ондай әндер мен музыкалар адамды жеңілдікке, ұшқалақтыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Бір кезек байыптылықпен әдемі – әуезді тыңдап көрелікші, жанымыз бір жадырап, көңіліміз жайланып қалары анық.
2-жүргізуші: Мөлдір апа осы сенің айтып тұрғандарыңның растығына көз жеткізу үшін халық әні «Айқарагөзді» тыңдап көрейікші, олай болса, ән: «Айқарагөз» орындайтын: Сыйлыбек Нұрзат
1-жүргізуші: Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр халқтың музыкасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтылығында. Соның бірі қазақтың халық әніне айналған Орыс қызы Марияның әні «Дударайым» орындайтын Сагидуллина Фарида
2- жүргізуші: Мөлдір апа бұл әнді бастамас бұрын әннің шығу тарихын тыңдап көрейікші.
(жарайды, аудиозапис )
1-жүргізуші: Балалар, қандай әсер алдыңдар?
Міне сондықтан да музыканы үлкен талғаммен, сауатты түрде талдап, тыңдай білу керек. Адамды рухани рақаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын, шынайы көркем шығармаларды тыңдау, үйрену – үлкен өнер.
2-жүргізуші: халық әні: «Бипыл » орындайтын Дауылбайқызы Лаура
1-жүргізуші: Өнер халық тарихының шежіресі. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт дәстүрі өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары, ұлттық өнері арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның бірі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай айта кететін әннің бірі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама » уақытында халықтың ащы зарынан пайда болған ән «Елім-ай» әні.
2-жүргізуші: Халық термесі «Сүгірдің термесі» орындайтын Нұрлыбаева Аружан
Ақан серінің әні: «Ләйлім шырақ». Орындайтын Сәбитова Сәуле
Халық әні: «Ақбұлақ » орындайтын Темірханқызы Альбина
Халық әні. «Шашбаулым» орындайтын Нұрлыбаев Сұлтан бимен өрнектейтін «Күншуақ » бишілер тобы
Халық әні: «Қоғалы ай» орындайтын Нұрболатов Әли бимен өрнектейтін «Асыл kz» тобы
2-жүргізуші:
Бір жансыз, мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ.
Белінде сегіз белбеу екі арқаны
Ұстап алып тұрады ойламай ақ
Бар екен маңдайында жалғыз көзі
Болады күнде жиын мұның өзі
Айтыңдаршы балалар бұл қай аспап?……………………….
Дұрыс таптыңдар балалар ендеше ендігі орындалатын әніміздің аты да « әгугай домбыра »
1-жүргізуші: Қортындылау сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: Құрметті қатысушылар сіздерді жүлделі жеңістеріңізбен құттықтаймыз.
Екеуі бірге Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
« Үшағаш негізгі орта мектебі »
коммуналлдық мемлекеттік мекемесі
« Әгугай »
Халық әндер байқауы
Ұйымдастырған: музыка пәні мұғалімі
Назипа Губайдуллина
2016 жыл
Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін!»(асфальтқа сурет салу)
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін ояту. Балалардың төл мерекесі, 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күнін балаларға сезіндіру. Жазғы маусыммен таныстыру.Түрлі суреттерді бейнелеуді, түстерді таңдауды үйрету.Балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру.Балаларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Іс-шар барысы
Мереке балабақша алдында, даладағы гүл алаңында өтеді. Музыкалық таспада ән ойнап тұрады. Аула алуан түрлі шаралармен безендірілген. Балалардың қолдарында гүлдер, шарлар.
Құрметті де сүйікті балалар және қонақтар! «Қарлығаш» ортаңғы тобының «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік іс-шарасына қош келдіңіздер!
Құшағында Нұр Отанның еркелеп,
Бақыттымыз біз балалар не керек?!
Алдымыздан қол бұлғайды армандар,
Болашақты болжаймыз біз келешек
Ел мейірін қандырған,
Біз бақытты балдырған!
Күлкімізден туған өлке,
Жайраң қағып жандырған!
(Буратино қонаққа келді).
Буратино:Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер мені білесіздер ме? Гүлдей жайнаған балапандар, мерекелеріңіз құтты болсын! Мен сендердің бүгінгідей керемет мерекеде қандай өнерлерің бар екенін көргім келеді. Сендер мені қалай таң қалдыра аласыңдар?
Тәрбиеші: Қане балалар! Буратиноға біз өз өнерімізді көрсетейікші.
Ерке:
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келер күн шуақ.
Нұрасыл:
Алақай-ай балалар,
Қандай жақсы жазғы ай.
Гүлге оранды кең дала,
Келді ауылға көп торғай.
Айару:
Алақай-ай ау, Алақай-ай,
Жарқыраған жаз келді.
Өлкемізге әр берді,
Айналамыз жап-жасыл,
Жазбен бірге ән келді.
Қайсар:
Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің,
Бағымызда ендеше,
Алма теру көбейсін.
Буратино: Ой балалар, сендердің өнерлерің қандай керемет. Әдемі тақпақтар біледі екенсіңдер. Қанекей балалар, тағы қандай өнерлерің бар? Енді сендердің қаншалықты сурет сала алатындарыңызды көргім келеді. Сендер сурет салу өнерін білесіңдер ме? Маған керемет сурет салып беріңдерші?
Тәрбиеші: Қанекей, балалар «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбына қатысты жерге түрлі-түсті борлармен әдемі де әсем қылып сурет салып көрейікші.
(Балалар бояу бормен асфальтқа сурет салады)
Тәрбиеші: Қане балалар, барлығымыз сурет салып болсақ ортаға жиналайық. Балалар, сендер қандай сурет салдыңдар? Қанекей, кім айтады?
Балалардың жауаптары: Бәйтерек, күн, бұлт, балалардың шар ұстағаны, үй т.б. суреттер.
Буратино: Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер! Тақпақты да керемет айттыңдар, суретті де керемет салады екенсіңдер! Сендерге көп рахмет! Өнерлерің өрге жүзсін! Сендердің өнерлеріңді марапаттағым келіп тұр.
Тәрбиеші: Қанекей балалар, буратиноға өнерімізді көрсетіп болсақ, ортамызға қошеметпен балабақша меңгерушісі Динара Түкенқызын шақырайық!
(Құттықтау)
Тәрбиеші: Осымен «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік іс — шарамыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін!» (асфальтқа сурет салу)
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі — түсті шарлар,
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата — аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
Ән: «Қошақаным»
Сайқымазақтардың келуі
Сайқымазақ:Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақта!
Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба? Қалдырамыз.
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.
Айша:
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Ануар:
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Нұрғали:
Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Алинұр:
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Емес олар ұрыншақ
Назерке:
Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.
Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! — дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.
Ойын: «Кім жылдам» Шарты: Ата-аналар өз баласына бір әріптен еркелету айтып бірінші жету керек.
Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Би: «Ха-фа-на»
Сайқымазақ: Жарайсыңдар, балалар сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер,менің сендерге әкелген сыйлығым бар, міне қабыл алыңдар.Осы ойыншықтармен шағын орталықта тату-тәтті бірге ойнасын деп,сендерге алып келдім!
Жүргізуші: Рахмет саған сайқымазақ! Осымен «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік іс — шарамыз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет