«Күн шуағы» атты «Аққу» тобы балалары арасындағы асфальтта сурет салу байқауы
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Барысы:
Жүзімізге қараңыз
Бал күлкүлі баламыз
Бізге қымбат күншуақ
Бізге қымбат анамыз
Қайырлы күн қадірлі ата — аналар, қонақтар, бүлдіршіндер!
1 — маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Балалар, сендер болашақтың иесісіңдер. Сәбилердің күлкісі мен ана мейірімі ешқашан бұзылмасын!
— Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша!
Кәнеки, осындай тамаша күні бәріміз бір — бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші…
Балалар, күн шуағын төккенде қуанасыңдар ма?..
— Ендеше күнге сәлем берейік.
— Сәлем бердік, шуақ күн ( Қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшымен тұрып созылу)
— Сәлем бердік, ашық аспан (Қолдарын жаяды)
— Сәлем бердік, Жер — Ана ( тіземен отырады)
— Сәлем бердік, баршаңызға ( Иіліп сәлем беру)
Міне, күн де оянып, сендерге жылуын таратты. Жылу бүкіл денемізге тарап бізді оятты.
Балалар, бүгінгідей ерекше күні енді біз жұмысымызға кірісейік.
Балалар, бүгін қандай мереке екенін білесіңдер ме? (1 — маусым балаларды қорғау күні)
Осы мерекеге байланысты сендер сурет салу сайысына түсесіңдер. Сендердің салған суреттеріңді бағалап, әділ бағасын беретін аға — апайларымызбен танысып алайық.
Нәлібай Айсара — қазылар алқасының төрайымы,
Балабақшамыздың меңгерушісі
Мүшелері:
1. Иззатова Шатарат – балабақша медбикесі
2. Жусипова Әсемкүл — тәрбиеші
3. Өскенбайқызы Меруерт — балабақша психологы
Саламатсыздар ма, балалар! Мен көңілді музыкантпын. «Аққу» тобының балалары мерекеге байланысты сурет салғалы жатқанын естіп, мен де өз үлесімді қосуға келдім. Бірақ мен сендер сияқты сурет сала алмаймын. Сондықтан сендер сурет салғанда мен баянмен көңілді әндер ойнатып тұрайын. Жарай ма, балалар?
Бүгінгі тақырыбымыз «Күн шуағы». Түрлі түсті бордың көмегімен түрлі сурет саламыз.
Суретті қорғау.
Қорытынды шығару.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекетіні? технологиялы? картасы
Білім беру саласы: Шы?армашылы?
Та?ырыбы: «Суреттер с?йлейді »
?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекеті: Бейнелеу
Тобы: «Шатты?» ересек тобыны? ата- аналары
Т?рі: Сайыс
Ма?саты: Ата – аналар?а бейнелеу ?неріні? ?ыр-сырын жан-жа?ты таныстыру. Оларды? д?ниетанымын, эстетикалы? тал?амын ке?ейту. Сурет салу да?дысын, логикалы? ойлау, еске т?сіру, елестету ?абілеттерін ж?не шы?армашылы?ын арттыру. ?нерді ??рмет т?ту, о?ан с?йіспеншілігін арттыру. ?нерге баулу, шы?армашылы??а т?рбиелеу.Жылдамды??а,же?іске жетуге деген талпынысын арттыру.
?дісі: сайыс, с?ра?-жауап, ??растыру, та?ырып?а сурет салу.
К?рнекілігі: ??растырма суреттер, суреттер.
??рал-жабды?тар: плакат, ?арындаштар, акварель бояулары, ?ыл?алам,балауыз шам.
Сайысты? барысы:
Армысыздар ??рметті ?она?тар, сайысымыз?а ?атысушы ата- аналар!
Б?гінгі бейнелеу ?нері ?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекеті бойынша «Шатты?» ересек топ ата- аналарыны? арасында?ы «Суреттер с?йлейді» атты шы?армашылы? сайысымыз?а ?ош келді?іздер.
Ж?зден ж?йрікті, мы?нан т?лпарды аны?тайтын ?діл?азы ал?асымен танысайы?.
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
?нер десе ?ртеніп жанып т?рар,
Сусындап сол ?нерден ?анып т?рар.
Сегіз ?ырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді ?зін-?зі таныстырар, – дей келе сайыс?а т?спекші ата – аналарымызбен танысып алайы?.(Ата- аналар ?здерін таныстырып ?теді)
Сайысты? ?ткізілу барысымен, ережелерімен таныстырылады.
Просмотр содержимого документа
«»Суреттер с?йлейді» атты шы?армашылы? сайыс »
<<Суретшілер әлемінде>> сайысы
(сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Оқушыларғабейнелеуөнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.
Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққатәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 4- сынып оқушылары арасындағы <<Суретшілер әлемі>> атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық. (Әділқазыларды сайлау)
Ортамызда төрт топ сайысқа түспекші.
1 топ <<Қыс>>
2 топ <<Көктем>>
3 топ <<Жаз>>
4 топ <<Күз>>
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші төрт топпен танысайық.
<<ҚЫС>> тобы:
Қаңтар, ақпан, наурызда.
Дүниеге келгенбаламыз.
Бүгінгі болар сайыста
Біз жеңімпаз боламыз.
<<КӨКТЕМ>> тобы:
Сәуір, мамыр,маусымда.
Жердің беті құлпырып
Бәйшешектер жарғанда
Дүниеге келген балалар
<<Көктем>> тобын құрадық
<<ЖАЗ>> тобы:
Шілде, тамыз, қыркүйек
Біздің туған күніміз
Жайдарлы жаз күніндей
Жарқын болсын күніміз.
<<КҮЗ>> тобы:
Қазан, қараша, желтоқсан
Өнерлілер бас қосқан
Бүгінгі болар сайысқа
Жеңеміз деп қатысқан
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.
Сайыс кезеңдері:
1. <<Сан сұраққа саяхат>> сұраққа жауап беру.
2. <<Тапқырлық>> (сөздерден түс аттарын шығару. )
3. <<Қозғалмалы суреттер>> (сурет бойынша жұмыс)
4. <<Кім шапшаң, кім жылдам?>> сөзжұмбақ шешу
5. <<Қас қағым сәтте>> (сурет салу сайысы топпен жұмыс)
6. Қорытынды.
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
І кезең. <<Сан сұраққа саяхат>> сұраққа жауап беру
Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Соғанжауапберейік.
1топқа:
1. Бейнелеуөнерідегеніміз не? (Айналамыздағыөміркөріністерінжазықтықтаәрікеңістіктебейнелеуарқылысуреттейтінөнертүрі)
2. Табиғаткөрінісінбейнелейтіншығарма. (Пейзаж)
3. Суға тез еритінбояу. (Акварель)
4. Қарындашдегеніміз не? (Сыртыағаштан, өзегіграфиттенжасалғансурет салу құралы)
5. Суреттің парақ бетінде үйлесімді орналасуы (Композиция)
6. Сурет көрсету
2топқа:
1. Бейнелеуөнерініңтүрлеріната. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулетөнері, қолданбалысәндікөнер)
2. Адам келбетінбейнелейтін жанр қалайаталады? (портрет)
3. Түстернешетүргебөлінедіжәнеқандай? (2-ге, жылыжәнесуық)
4. Жануарлардыбейнелейтінкөркемшығарма. (анималистік жанр)
5. Қалам, тушьпенсалынғанөнер не депаталады? (графика)
6. Сурет көрсету
3 топқа:
1.Бейнелеу өнері қандай жанрларға бөлінеді?(пейзаж, портрет, натюрморт )
2.Негізгі түстер. (қызыл, сары, көк. Олар басқа түстерді араластыру арқылы алынбайды. Оларды араластыру арқылы басқа түстер алынады)
3. Нобай дегеніміз не? (Алдын-ала жалпы сызық түрінде орындалған сурет)
4.Егер суретші өзін бейнелесе бұл- (Автопортрет)
5.Жылы түстер (сары, қызғылт сары, қызыл, қоңыр)
6.Сурет көрсету
4 топқа:
1.Натюрморт деген не? (Жансыззаттарбейнеленгенкөркемшығарма)
2.Қосымша түстер (негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер.Сары мен көк түсті араластырғанда, жасыл шығады. Сары мен қызылды араластырып, қызыл сары, қызыл мен көк түсті араластырып, күлгін түс алуға болады.)
3.Суық түстер (көк, күлгін, сия көк, көгілдір жасыл)
4.Басты әсерлегіш құралдары түс және бояу болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі және бояулармен орындалатын шығарма (Кескіндеме)
5.Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)
6.Сурет көрсету
2 кезең<<Тапқырлық>> (сөздерден түс аттарын шығару. )
Сөздерден түс аттарын шығару.
1 топқа:
ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)
2топқа:
ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫЛТҚЫЗ (ҚЫЗҒЫЛТ)
3 топқа
РӨГІКЛІД ЛЫАЖС (КӨГІЛДІР ЖАСЫЛ), РАСЫ (САРЫ), ҮГІЛКН ЛЫҚЫЗ (КҮЛГІН ҚЫЗЫЛ), ҚШАЫ ҚОҢЫР(АШЫҚ ҚОҢЫР), РАҚА (ҚАРА)
4 топқа:
СЫАЖЛ ӨКК (ЖАСЫЛ КӨК), ШЫҚА ЫРСА (АШЫҚ САРЫ),ЫЛЗҚЫ РЫОҢҚ (ҚЫЗЫЛ ҚОҢЫР), ЛА ЫЛҚЫЗ (АЛ ҚЫЗЫЛ), ҚЫАШ ЫРСА (АШЫҚ САРЫ)
3 кезең. <<Қозғалмалы суреттер>> (сурет бойынша жұмыс)
Кім жылдам табады,
Заттардың бейнесін.
Бір-бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім.
— деп сайысымыздың <<Қозғалмалы суреттер>> кезеңіне берейік.
Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.(төрт мезгіл суреттерін беру)
5кезең<<Кім шапшаң, кім жылдам?>> сөзжұмбақ шешу
Қ
Ы
С
Негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер- Қосымша түстер
Жылы түс- Сары
Суретшілердің ішіндегі саз балшықпен, ермексазбен, ағашпен, таспен, темір-терсекпен жұмыс істеп, бейне тұрғызатын суретші- Мүсінші
Ж
А
З
Натюрмортта көрініс табатын бұйым- Жемістер
Қарындаш, көмір, қауырсын мен тушь, фломастердің көмегімен салынған туынды — Графика
Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма — Пейзаж
К
Ө
К
Т
Е
М
Туындылар бояулар көмегімен жасалатын өнер түрі- Кескіндеме
Натюрмортта көрініс табатын бұйым- Көкөністер
Ғимараттың немесе сәулеттік кешеннің өте кішірейтіліп берілген үлгісі-Макет
Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма- Натюрморт
Адамдардың өмір сүруі мен қызметіне қажетті ғимараттар мен нысандарды жобалау және салу өнері- Сәулет
Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші- Маринист
К
Ү
З
Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма- Анималистік жанр
Ермексаз, сазбалшық, тас,ағаш,металдан жасалатын бейне- Мүсін
Заттардың жобасын көркемдеп жасап, өндіріске дайындайтын суретшілер-Дизайншы
5 кезең. <<Қас қағым сәтте>> (сурет салу сайысы топпен жұмыс)
5 минут уақыт беріледі.
Алдарыңызға Иматова Азизизаны әнімен ортаға шақырамыз.
6 кезең.Қорытынды.
Сайысты қорытындылау.
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.
«Кішкентай ару» сайысы
Балабақшадағы ертеңгіліктер- admin
- 31.01.2017
- 0
- 1
- 13512
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Рзабаева Айша Куатбаевна
Саз бөлмесі мерекеге сай әдемі безендірілген. Әсем әуенмен балалар кіріп, орындарына келіп тұрады.
Тақырыбы: «Кішкентай ару» сайысы.
Жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан бабалар ,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар.!
Тәрбиеші: Құрметті аналар,ақ жаулықты әжелер, қонақтар, ұжымдастар және мың бұралған қыздар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз Аналар мейрамы құтты болсын! Ендеше аналарымызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бүлдіршіндеріміздің «Келді Көктем» әнімен бастаймыз.
Балалар бір жақсы әуен естілетін сияқты, кім екен келе жатқан.
Тәрбиеші: — Сәлематсызба Ару Көктем! Біз сені көптен асыға күттік. Қош келдің, кең байтақ елімізге!
Ару көктем: Сәлематсыздарма балалар,қ онақтар!
Сәлем, сәлем, балақайлар.
Қуаныңдар алақайлар.
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
Жүргізуш: Ару Көктем біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтары бар
1-бала: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
2-бала: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
3-бала: Көктем, көктем,
Күн шуағын төккен,
Әнші құстар сайрайды,
Жердің беті жайнайды.
Жүргізуші: —Ару Көктем бүгін балабақшамыздың №6 «Балдырған» тобында аналар мерекесіне арнап, ару қыздарымыздың арасында «Кішкентай ару» сайысын өткізгелі отырмыз. Бізбен бірге аруларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Бірі көркем бірінен,
«Балдырғанның арулары
Көпшіліктің тілеуінен,
Жаралғандай бәрі-бәрі
Ару көрсең тасыр көңіл,
Айналаға нұрын шашқан,
Жаса тірлік,жаса өмір!
Бақыт осы ойнап күлген.
Балдырғандар арасында.
Қызғалдақтай жайнап күлген,
Арулардың бәрі осында.
Тәрбиеші: -Ал, құрметті көрермендер аруларымызды ортаға шақырайық.
1. Джарылғасинова Дильназ тобымыздың алғыр қызы
2. Алмуратова Жансая тобымыздың ару қызы
3. Өсербай Иңкар тобымыздың әнші қызы
4. Бақыт Нұрдана тобымыздың салмақтықызы
5. Есмуханова Ұлдана тобымыздың епті қызы
Тәрбиеші: —Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
«Тегін білу — тектілік» (өзін-өзі таныстыру)
Білім сайысы.
Сурет салу. (Анама сыйлық)
«Мықты болсаң тауып көр» (мақалды жалғастыр)
Өз өнерін көрсету
Тәрбиеші: «Кішкентай ару» сайысын аруларымыздың өзін-өзі таныстырудан басталады.
Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,
Қуанып, шаттанып күлуде бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділқазылар тағы да бар.
(Әділқазылар алқасымен таныстыру)
1. директор: Г.С.Узакбаева
2. әдіскер: Ш.Т.Дабытова
3. психолог: Кемелханова Т.Я
Тәрбиеші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп тобымыздың жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдік,
Ал, аруларымызға тек сәттілік тілейікші!
1-бала: Амандасам ата-қазақ салтыменен,
Ұстаздар,құрбы-құрдас халқымменен.
Отырған әділ-қазы алқасына
Иіліп әдеппенен сәлем берем.
Армысыздар жиналған барша қауым
Алдыңызда өлеңмен жыр шашамын.
Таныстырып өзімді өтер болсам,
Азамат қызы Дильназ мен боламын.
2-бала: Сәлем бердім жиналған баршаңызға,
Үлкен-кіші, дос жаран алқаңызға.
Тұрмын міне, қатысып бұл сайысқа
Бар жақсылар сіздердің арқаңызда
Еркін қызы атым менің Жансая
Жасым менің алтыда, көңілім хош.
Анам аты Гүлбану ақ сүт берген,
Сүйікті ордам «Шынар»балабақшасы.
3-бала: Сәлем менен бастаймын мен сөзімді
Өлең менен таныстырам өзімді.
Нағыз қазақ қызы екен дейтіндей,
Болып өстім сезімде.
Қазағым ана сыйлап өскен халық,_
Атымды Иңкар деп қойғаны сол,
Дариға мен Бердіханның гүл қызымын.
Жарқырап нұрын шашқан жұлдызымын.
Достарым өзімді мақтамаймын,
Қазақтың қарапайым бір қызымын.
4-бала: Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын.
Нұр шашқан көктемнің шуағындай,
Нұрдана атты кішкентай қыздарыңмын.
Кіші жүздің руынан Адай деген,
Асқар таудай әкем Еркін деген.
5-бала: Көрермен қауым армысыздар!
Бәріңізде есен-сау бармысыздар!
«Кішкентай ару»сайысына қатысып,
Үкілі үмітімнің тұсауын кессін қазылар.
Есмухан қызы Ұлданамын.
Руым Адай Жеменей,нағашы жұртым Әли еді.
Биылғы қой жылы құт боп келіп,
Аналардың құтты болсын мейрамы.
Тәрбиеші: Кішкентай аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша кезекті аналарымызға арналған әнге береміз
Ән: «Мама»
Тәрбиеші: Әділқазылар алқасы 1 таныстыру бөлімінің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
Өнералды қызыл тіл, өз тіліңді жатқа біл.
Ана тілім ардақты, жатқа айтам тақпақты.
Жұмбақ айтып жасырам, жаңылтпаш ол сөз емес
Әрбір сөзін дәл табам, мақал-мәтел жақсы сөз.
Бабамнан қалған болар сөз, бәрін біліп өстік біз — деп өлеңдете келіп, арулар тест сұрақтары бойынша таңдап алынған сұрақтарға жауап
берулері керек.
1-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс екенін ата, сөз тап. Тақтада жазып көрсет.
2. Табиғат дегеніміз не?
3. 7санының көршілерін ата.
4. Шалқан ертегінің кейіпкерлерін атап бер.
2-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Үй жануарларын атап бер.
3. 5 санының көршілерін ата.
4. Қызыл телпек ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
3-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Табиғат нешеге бөлінеді?
3. 9 санының көршілерін ата.
4. Үйшік ертегісінің кейіпкерлерін ата.
4-бала:
1.Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2.Жабайы жануарларды ата.
3.8 санының көршілерін ата.
4 «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
5-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Дала құстарын ата.
3. 4 санының көршілерін ата.
4. «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
Тәрбиеші: Әділқазыларымыз аруларымызға бағаларын есептеп болғанша ақ жаулықты әжелерімізге арнап «Әжем» әнін қабыл алыңыздар.
Аруларымыздың білім сайысы бойынша алған бағаларын беріңіздер.
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың 3 шарты сурет салу «Анама сыйлық» жасау деп аталады. Аруларымызға 10 минут уақыт беріледі, түрлі түсті қаламдармен аналарына сурет салып, сыйлық жасайды.
Тәрбиеші: Аруларымыз сурет салып болғанша концерттік номерлерімізді тамашалаңыз. Ұлдарымыздың «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар.
1-бала:
Слушай нашу песенку,
Мамочка любимая.
Будь всегда здоровая!
Будь всегда счастливая!
2-бала:
В день весенний солнечный
Мам мы поздравляем
Жизни долгой радостный
Мамам всем желаем!
3-бала:
Сізге бүгін сый–құрмет,
Жан анашым мерейім.
Қаласаңыз би билеп,
Әнде шырқап берейін.
4-бала:
Шалқып тасып әніміз,
Жарқырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
5-бала:
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам,
Менің анам сүйкімді,
Бәріненде жақсы адам.
Тәрбиеші: Аруларымыздың сурет салу шарты бойынша алған бағаларын беріңіздер.
Тәрбиеші: Келесі 4 шартымыз мақал-мәтел айту. Аруларымыз әділқазылар алдындағы қағаздарды кезекпен алады. Кімге қандай мақал түссе соған жауап береді. (Отан, отбасы, еңбек, білім, достық) туралы мақалдар.
Тәрбиеші: Аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша ата-аналармен ойын
Ойын «Кім епті»
Шарты: Ортаға екі ата-ана шығады. Ақ носки киген 4 бала, көк носки киген 4 бала ортада музыкамен би билеп жүреді. Ақ носки киген балаға ақ футболка, көк носки киген балаға көк футболканы тез кигізіп орнына кім бұрын отырғызып болса сол жеңімпаз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар ата-аналар.
Тәрбиеші: Аруларымыздың мақал-мәтел айту бойынша алған бағаларын беруіңізді сұраймыз.
Тәрбиеші: «Кішкентай ару» сайысымыздың 5 шарты өз өнерін көрсету.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай өнер сайысын бастаймыз.
1-бала: «Мама моя» әнін орындайды.
2-бала: Үнді биін орындайды.
3-бала: «Апатайым» әнін орындайды.
4-бала: «Бипыл»
5-бала: «Құттықтаймын мама» әнін орындайды.
Тәрбиеші: Әділқазыларымыз өз бағаларын бергенше кезекті биге береміз.
Би: «Флешмоб»
Тәрбиеші: Аруларымыздың өз өнерін көрсету бойынша алған бағаларын беруіңізді сұраймыз.
Тәрбиеші: Бүгінгі сайыста аруларымыздың алған жалпы ұпайлары бойынша аруларызға:
1. Әдепті қыз.
2. Көркем қыз.
3. Сұлу қыз.
4. Ибалы қыз.
5. Сүйкімді қыз — номинациялары берілді.
Тәрбиеші: Өмірдегі ең асыл жан — Ана. Сол үшін балалар аналарымызды, әжелерімізді, қыздарымызды сыйлайық, ардақтайық, құрметтеп жүрейік.
Құрметті аналар, әжелер, ұжымдастар мерекелеріңіз құтты болсын.
Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін!
Сау саламатта болыңыздар!