Суретшілер сайысы сценарий

☑ Скачать бесплатно Сыныптан тыс іс-шара Суретшілер сайысы «Талаптыға нұр жауар» в формате Документ Microsoft Word (doc). Другие методич. материалы по предмету ИЗО, МХК.

Қарасу ауданы әкімшілігінің білім беру бөлімі М.М.

Октябрь орта мектебі М.М.

Суретшілер сайысы

«Талаптыға нұр жауар»

Өткізген: Додай Айнур

2013-2014 оқу жылы

Суретшілер сайысы

Тақырыбы : «Талаптыға нұр жауар» .

Мақсаты:

а) Білімділігі: оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.

ә) Дамытушылығы: оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.

б) Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.

Көрнекілігі: Слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Музыка, технология.
Құрал — жабдықтар: Плакат, түрлі-түсті қарындаштар , акварель, қылқалам.
Сайыстың барысы:
I Ұйымдастыру.
II Оқушыларды екі топқа бөлу.
III Әділқазы алқаларымен таныстыру.
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгін бейнелеу өнері пәнінен 1-4 – сынып оқушыларының «Талаптыға нұр жауар» атты сайысына қош келдіңіздер!
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
Ортамызда екі топ сайысқа түскелі отыр. Ендеше сайысымызды бастаймыз.
I топ. «Қарындаштар» II топ. «Бояулар»
Сайысымызды бастайық.
Таныстыру.
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді деп өзін — өзі таныстырар, — дей келе кезекті таныстыруға берейік.
Әр топ өздерін таныстырады.
1 — сайыс. «Жұлдызқұртты жина» Екі топқа екі жұлдызқұртты жинауға береді, біреуі жылы түсті, екіншісі суық түсті. Кім бірінші дұрыс жинаса соған ұпай беріледі.

Жұмбақ шешу.

1. Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.  

Тары үйдің ішінде,

(Қарындаш)

2. Әр-түрлі балалар.

Еркіндікке шыққанда,

Қарасаң бос жерлерде

Әдемілік туады.

(Түрлі-түсті қарындаштар)

3. Әр түсті әпкелер,

Сулары жоқ іш пысты.

Ұзын бойлы ағасы,

Сақалымен су тасып.

Онымен бірге әпкелер,

Үй мен түтін салады.

(Бояу мен қылқалам)

4. Өз шашін еш уайымсыз,

Ол бояуға салады.

Кейін бояулы шашімен,

Альбом беттерін бояйды.

(Қылқалам)

Кескіндеменің жанырлары.

  1. Портрет.

2 — сайыс «Портретті құрастыр»

Кесілген дайын портреттерді өз болігін тауын құрастыру керек.

  1. Пейзаж

3-сайыс«Мозайканы жина»

Кім жылдам табады,
Заттардың бейнесін
Бір — бірімен суреттер табу керек үйлесім
Быт-шыт болып шашылған,
Құрайды екен кім жылдам? Қиылған суреттерді құрастырып, сол жыл мезгілін дұрыс айту керек.
Тапсырма:
I топқа: «Көктем және жаз»

II топқа «Күз және қыс»

  1. Натюрморт

4 — сайыс. “Дөңгелек фигуралар арқылы сурет салу “

Әр топтағы сайыскерге бір қағаз береді. Берілген уақытта сайыскерлер дөңгелекке келетін суреттер салады. Қандай топ сурет көп салса. Сол топқа ұпай саны беріледі.

5 — сайыс. «Сұрақ-жауап».

Екі топқа бірдей сұрақ қойылады. Соған дұрыс жауап береміз.

  1. Суға жақсы еритін бояу түрі? (акварель)

  2. Суға езілетін қою бояу түрі? (гуашь)

  3. Негізгі түстер? (қызыл, сары, көк)

  4. Бұл не? (қылқалам, политра)

  5. Ахроматикалық түстерді ата (түрлі-түсті)

  6. Хроматикалық түстерді ата (ақ, сұр, қара)

  7. Қызыл +сары болады қызыл сары

  8. Көк+сары болады жасыл

  9. Қызыл+көк болады күлгін

6 – сайыс . «Менің мектебім» (топтық жұмыс)

Мектепті суреттеп қағаз бетіне түсіреміз.

Топ басшылары ортаға шығып түсіндіреді. Әділқазы алқасы суретшілердің жылдамдығына суреттің сапасына қарайды.

Қорытынды.
Жас мұраты білім, тәлім талабы
Өнер – оқу жастық қару жарағы – демекші бүгінгі өнер туралы «Талаптыға нұр жауар» атты сайысымыз аяқталды.
Сайысты қорытындылау: Әділқазыларға сөз беріледі. Жеңген топты анықтап, марапаттайды.

<<Суретшілер әлемінде>> сайысы
(сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Оқушыларғабейнелеуөнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.
Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққатәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 4- сынып оқушылары арасындағы <<Суретшілер әлемі>> атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық. (Әділқазыларды сайлау)
Ортамызда төрт топ сайысқа түспекші.
1 топ <<Қыс>>
2 топ <<Көктем>>
3 топ <<Жаз>>
4 топ <<Күз>>
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші төрт топпен танысайық.

<<ҚЫС>> тобы:
Қаңтар, ақпан, наурызда.
Дүниеге келгенбаламыз.
Бүгінгі болар сайыста
Біз жеңімпаз боламыз.

<<КӨКТЕМ>> тобы:
Сәуір, мамыр,маусымда.
Жердің беті құлпырып
Бәйшешектер жарғанда
Дүниеге келген балалар
<<Көктем>> тобын құрадық

<<ЖАЗ>> тобы:
Шілде, тамыз, қыркүйек
Біздің туған күніміз
Жайдарлы жаз күніндей
Жарқын болсын күніміз.

<<КҮЗ>> тобы:
Қазан, қараша, желтоқсан
Өнерлілер бас қосқан
Бүгінгі болар сайысқа
Жеңеміз деп қатысқан

Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:
1. <<Сан сұраққа саяхат>> сұраққа жауап беру.
2. <<Тапқырлық>> (сөздерден түс аттарын шығару. )
3. <<Қозғалмалы суреттер>> (сурет бойынша жұмыс)
4. <<Кім шапшаң, кім жылдам?>> сөзжұмбақ шешу
5. <<Қас қағым сәтте>> (сурет салу сайысы топпен жұмыс)
6. Қорытынды.
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
І кезең. <<Сан сұраққа саяхат>> сұраққа жауап беру
Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Соғанжауапберейік.
1топқа:
1. Бейнелеуөнерідегеніміз не? (Айналамыздағыөміркөріністерінжазықтықтаәрікеңістіктебейнелеуарқылысуреттейтінөнертүрі)
2. Табиғаткөрінісінбейнелейтіншығарма. (Пейзаж)
3. Суға тез еритінбояу. (Акварель)
4. Қарындашдегеніміз не? (Сыртыағаштан, өзегіграфиттенжасалғансурет салу құралы)
5. Суреттің парақ бетінде үйлесімді орналасуы (Композиция)
6. Сурет көрсету

2топқа:
1. Бейнелеуөнерініңтүрлеріната. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулетөнері, қолданбалысәндікөнер)
2. Адам келбетінбейнелейтін жанр қалайаталады? (портрет)
3. Түстернешетүргебөлінедіжәнеқандай? (2-ге, жылыжәнесуық)
4. Жануарлардыбейнелейтінкөркемшығарма. (анималистік жанр)
5. Қалам, тушьпенсалынғанөнер не депаталады? (графика)
6. Сурет көрсету

3 топқа:
1.Бейнелеу өнері қандай жанрларға бөлінеді?(пейзаж, портрет, натюрморт )
2.Негізгі түстер. (қызыл, сары, көк. Олар басқа түстерді араластыру арқылы алынбайды. Оларды араластыру арқылы басқа түстер алынады)
3. Нобай дегеніміз не? (Алдын-ала жалпы сызық түрінде орындалған сурет)
4.Егер суретші өзін бейнелесе бұл- (Автопортрет)
5.Жылы түстер (сары, қызғылт сары, қызыл, қоңыр)
6.Сурет көрсету
4 топқа:
1.Натюрморт деген не? (Жансыззаттарбейнеленгенкөркемшығарма)
2.Қосымша түстер (негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер.Сары мен көк түсті араластырғанда, жасыл шығады. Сары мен қызылды араластырып, қызыл сары, қызыл мен көк түсті араластырып, күлгін түс алуға болады.)
3.Суық түстер (көк, күлгін, сия көк, көгілдір жасыл)
4.Басты әсерлегіш құралдары түс және бояу болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі және бояулармен орындалатын шығарма (Кескіндеме)
5.Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)
6.Сурет көрсету

2 кезең<<Тапқырлық>> (сөздерден түс аттарын шығару. )
Сөздерден түс аттарын шығару.
1 топқа:
ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)
2топқа:
ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫЛТҚЫЗ (ҚЫЗҒЫЛТ)
3 топқа
РӨГІКЛІД ЛЫАЖС (КӨГІЛДІР ЖАСЫЛ), РАСЫ (САРЫ), ҮГІЛКН ЛЫҚЫЗ (КҮЛГІН ҚЫЗЫЛ), ҚШАЫ ҚОҢЫР(АШЫҚ ҚОҢЫР), РАҚА (ҚАРА)
4 топқа:
СЫАЖЛ ӨКК (ЖАСЫЛ КӨК), ШЫҚА ЫРСА (АШЫҚ САРЫ),ЫЛЗҚЫ РЫОҢҚ (ҚЫЗЫЛ ҚОҢЫР), ЛА ЫЛҚЫЗ (АЛ ҚЫЗЫЛ), ҚЫАШ ЫРСА (АШЫҚ САРЫ)
3 кезең. <<Қозғалмалы суреттер>> (сурет бойынша жұмыс)
Кім жылдам табады,
Заттардың бейнесін.
Бір-бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім.
— деп сайысымыздың <<Қозғалмалы суреттер>> кезеңіне берейік.
Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.(төрт мезгіл суреттерін беру)

5кезең<<Кім шапшаң, кім жылдам?>> сөзжұмбақ шешу
Қ
Ы
С
Негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер- Қосымша түстер
Жылы түс- Сары
Суретшілердің ішіндегі саз балшықпен, ермексазбен, ағашпен, таспен, темір-терсекпен жұмыс істеп, бейне тұрғызатын суретші- Мүсінші
Ж
А
З
Натюрмортта көрініс табатын бұйым- Жемістер
Қарындаш, көмір, қауырсын мен тушь, фломастердің көмегімен салынған туынды — Графика
Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма — Пейзаж
К
Ө
К
Т
Е
М
Туындылар бояулар көмегімен жасалатын өнер түрі- Кескіндеме
Натюрмортта көрініс табатын бұйым- Көкөністер
Ғимараттың немесе сәулеттік кешеннің өте кішірейтіліп берілген үлгісі-Макет
Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма- Натюрморт
Адамдардың өмір сүруі мен қызметіне қажетті ғимараттар мен нысандарды жобалау және салу өнері- Сәулет
Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші- Маринист
К
Ү
З
Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма- Анималистік жанр
Ермексаз, сазбалшық, тас,ағаш,металдан жасалатын бейне- Мүсін
Заттардың жобасын көркемдеп жасап, өндіріске дайындайтын суретшілер-Дизайншы

5 кезең. <<Қас қағым сәтте>> (сурет салу сайысы топпен жұмыс)
5 минут уақыт беріледі.

Алдарыңызға Иматова Азизизаны әнімен ортаға шақырамыз.

6 кезең.Қорытынды.

Сайысты қорытындылау.
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

15.02.2019

Сценарий открытия районного конкурса юных художников

«Бояулар құпиясы — 2019»

Ведущий 1: Сурет салу өнерің
Сай келе ме талапқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Мына отырған қонақтар
Қалсын бір сәт марқайып

Ведущий 2:   Художник хочет рисовать

Пусть не дают ему тетрадь…

На то художник и художник –

Рисует он, где только может:

Он чертит пальцем на земле

Зимою – пальцем на стекле

Углем он пишет на заборе,

И на обоях в коридоре.

Рисует мелом на доске,

На глине пишет и песке.

Художник потому художник,

Что может рисовать везде!

Ведущий 1: Сәлеметсіздер ме! Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, балалар, бүгінгі біздің Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін «Бояулар құпиясы» атты аудандық жас суретшілер байқауына қош келдіңіздер!

Ведущий 2. Добрый день, уважаемые гости! Здравствуйте, дорогие ребята! Мы рады приветствовать Вас на районном конкурсе юных художников «Бояулар құпиясы», проходящего в рамках программной статьи Президента «Рухани жаңғыру».

Конкурс юных художников – это всегда праздник. Ведь искусство – оно всегда едино и нераздельно… искусство объединяет людей, дарит красоту и радость. И сегодня радость творчества дарят нам талантливые, замечательные, увлеченные, юные художники.

Слово для поздравления предоставляется методисту районного отдела образования Мимбаевой Саре Елемесовной.

Ведущий 1: Құрметті қонақтар, жас суретшілер «Балалар шығармашылығы үйінің» тәрбиенушілері сіздерді құттықтауға келді.

НОМЕР 1. Танец «Разговор со счастьем»

НОМЕР 2. Песня «Кошка беспородная» Скорик А.

НОМЕР 3. Танец «Хулиганить»

НОМЕР 4. Песня «Туған жер» Ильчук М.

Ведущий 1: Конкурс юных художников — это возможность соприкоснуться с прекрасным, тем более ценно, что юные художники находятся среди нас.

Ведущий 2: Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Суретші балаларды шақырамыз.

Ведущий 2: Встречаем наших участников:

Категория 10-14 лет:

Зуев Даниил, 11 л.

ДДТ

Олжабаева Аяулым, 11 л.

ДДТ

Сапожникова Злата, 10 л.

АСШ № 1

Оразалина Томирис, 14 л.

АСШ № 1

Хлыстова Валерия, 11 л.

АСШ № 2

Тришкина Анастасия, 14 л.

АСШ № 2

Мырзатаева Жанель, 13 л.

АСШ №3

Саветова Алуа, 14 л.

АСШ № 3

Шевцова Валерия, 14 л.

АСШ № 4

Клименко Екатерина, 12 л.

АСШ № 4

Белозерова Вероника, 11 л.

АСШ № 4

Категория 15-17 лет:

Фролова Аристина, 15 л.

ДДТ

Исланкина Ксения, 17 л.

АСШ № 2

Клименко Ирина, 16 л.

АСШ № 4

Ребята занявшие в своих возрастных категориях 1 и 2 места примут участие в областном этапе данного конкурса.

Ведущий 1: 1 және 2 орынға ие болған балалар облыстық «Бояулар құпиясы» байқауына қатысады.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері – Мимбаева Сара Елемесовна

Ведущий 2: Директор агенства «Ханшайым» — Асемгуль Габидулловна

Ведущий 1: «Балалар шығармашылығы үйінің» оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары – Тимурзиева Аза Мухажировна.

Ведущий 2: Искусство объединяет человечество. Каждый чувствует истину красоты. И сколько молодых сердец ищут что-то истинное и прекрасное. И наш конкурс подтверждение этому. Ребята приглашаем Вас пройти в кабинет для участия в конкурсе.

Заключительная часть:

Ведущий 2: Творческим людям необходимы следующие качества: талант, терпение, воображение, художественный вкус, любовь к природе, мастерство. Да, именно эти качества необходимы, чтобы стать настоящим творцом, мастером своего дела. Глядя на удивительные работы ребят, понимаешь, насколько их мир ярок, красив и светел. В работах много душевного тепла, любви, радости, и дети щедро дарят их своим педагогам, родителям и друзьям.

Ведущий 1: Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, — деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
 

Технология (қыздар тобы)
Сыныбы: 6 ә және 6 б сыныбының қыздары
Мақсаты: Қолөнерді терең меңгере отырып, қабілетін ұштау және қолөнерді түсініп, жоғары бағалауға, дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, нақыл сөздер, оқушылар көрмесі, гүл шоқтары.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, сайыс сабақ.

Сабақ барысы:
«Өнер дегеніміз — адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» (Лев Толстой)

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулері өрнек сапты.
Терме ұстап, енді бірі ши ораса,
Оюдан түйін түйіп тамсантыпты…- дей отыра сайысымызды бастайық.

Сайысымыз төмендегідей ретпен өтпекші:
Топтың өзін таныстыруы
Өнер, еңбек, шебер туралы мақал — мәтел
Жұмбақтар шешейік
Көрмеге барайық
Көрініс – (үй тапсырмасы)
Сән көрсетілімі
Ән — би өнері
Ұлттық киім дизайны (көйлек, етік т. б.)
Қиялдан шыққан туынды

І. Топтың өзін таныстыруы.
— топтың аты, ұраны, әні.
— топтың эмблемасы, оның мағынасы, қорғау.
— плакат шығару, оның безендірілу шеберлігі.
ІІ. «Кен асылы — жерде
Сөз өнері — елде» — демекші өнер, еңбек, шеберлік, іскерлік жайлы әр топтың мақал сайысы ( 20 мақал )
ІІІ. Жұмбақтар шешейік атты кезекті сайысымызға әр топ 10 жұмбақтан әкелген екен, соны тамашалайық.
ІV.« Кілем сыры түгінде,
Кестенің сыры түрінде» — демекші ерке қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған тоқыма қолөнер көрмесін тамашалайық.
2 топтың экскурсовод қыздарының сөз шеберлігі, көрмесі бағаланады.
V. Қыздарымыздың тағы да бір өнері ертегі, аңыздар желісімен алынған тәрбиелік маңызы бар көрінісін тамашалап көрсек… («Бір уыс мақта»,
«Құмырсқа мен шегіртке»)
VI. Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сымбаты сай кеп тұрған,
Қыздарыма қызығып қарасасың.
Ал, ендеше, сән көрсетілімін бағалап көрейік.
(Қыз баланың өзіне жарасымды, өз жасына сай киімді киіп, оны көрермен алдында әдемі жүрісімен көрсете алуы бағаланады).
VII. «Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде,»- демекші қыздарымыздың ән айту, би билеу өнері де бар екен.
VIII. «Ұлттық киім дизайны»- сайысы бойынша әр топ өз үлгілерін ұсынуы керек. ( түрлі — түсті қағаз, желім, қайшы, табиғи заттар немесе мата қалдықтары)
IX. «Қиялдан шыққан туынды»- таратылып берілген санаулы заттардан өнер туындысын жасап шығару. 2 мин. (Әр топтың қиял ұшқырлығы бағаланады)
Ал, бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз берейік.
X. Қорытынды сөз. Марапаттау, мадақтау.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сфера организации праздников
  • Сурет салу сайысы сценарий
  • Сфера атмосфера праздника
  • Сурет бай?ауы сценарий
  • Сущность русских народных праздников

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии