Т2елс3зд3к 30 жыл сценарий

Cкачать: "Тәулсіздіктің 30 жыл" сценарий

Жүргізуші:
Көк байрағың аспанда күліп қағып,

Жасай берші, қазағым,
елім менің!

Егеменді, Тәуелсіз
азаттықта,

Жасай берші кең байтақ
жерім менің!

30 жылда ел жаңа, жаңа
далам,

Тұрғызылды Нұр-Сұлтан,
жаңа қалам

Бейбіт күнде қазағым
жасап жатыр,

Арман еткен күндерде
ата-бабам!

Армысыздар, қадірменді
өнерсүйер қауым! Баршаңызды тарихы тереңде жатқан Тәуелсіздіктің 30 жылдық
салттанатты мерекесімен құттықтаймыз! 

Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік гимні орындалсын!

Сан ғасырлар тарихы мол
кешегі,

Туған жердің шежіресі
деседі.

Менің елім
Қазақстан-Отаным,

Болашағы бізбен бірге
өседі,-дей келе ауылымыздың әкімі Оспанов Ерлан Рахметоллаұлына
құттықтау сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:
Құс ұшса қанаты, тұлпар шапса тұяғы даланың, осынау кең байтақ жер, қазақ жері.
Шығыстан шыққан күн батысына кең даламды қимай-қимай барады. Сондай әсем жер
әскерлердің соғысы, қуғындардың қонысы жұт пен қаттың мекені қорқыныштың секемі
болғалы қашан. Енді алашыма ақ намысын үкілейтін мықтылардан үркімейтін күн
туады. Себебі дүниеге сән құрып жерді бағыттастыратын, мәңгілік елді
қалыптастыратын шекесі торсықтай ұл келді.

«Музыка
әуені» «Анасы мен баласы» биі орындалады

(Жетіген
әуені ойналады:)

Бала дауысы:

Неткен жатқан түнді емес,

Тілекпен атқан күнді көрем

Елімнің еңіреп жүргендеріне мен

Бұғаудан босап күлгендерін көрем

Өлкендеп өтіп толғанып

Мәңгілік
ел болғаның көрем

Музыка
жылқылардың дауысы

1.Хан:
Небір қилы кезеңдерді бастан кештік. Елдігінің ертеңі келешегі қалай болар
екен. Шығысы аңқарағыдай болғаудан жоңғар келеді ентелеп. Ал қазақ жері ру руға
бөлініп, бір бірікпейдау бастары.

2.
Хан:
Иә, солтүстігінде аюдай ақырып ақ патшаның
орыстары не бір сылдаулар мен қазақ жеріне еніп жатыр. Ол ол ма? Оңтүстігінде
қоқанхандығы мал мүлікті тонап әйел балашағаны құлт болып жатыр.

1.Хан:
Мүмкін емес. Қазақ жерінде батырларды сарқылып ел басқарар
ханның қалмауы, мүмкін емес. Ел бірлігі болмауы. Сол баяғы ала ауыздық
бірін-бірі көреалмаушылық . сен тиімесен мен тиме, сенің атың тұра тұрсын менің
атым жүре тұрсың. Жоқ бұдан әрі оған жол бермеу керек.

2.Хан:
Дұрыс айтасын, Тәуелсіз болу үшін барлық қазақ атаулыға
жұмыла еңбек ету керек. 4 құбыламызды түгендеп еліміз үшін, жеріміз үшін аянбай
қанымызды  да маңдай терімізді де төгеміз. 

(«Аққу»
күйі әуені естіліп тұрады.)

1.Хан:
Бейбіт елде сән болар, бүлінген елде дау болар. Даудың түбі
жау болар. Жаудың түбі дау болар. Шаңдата жүріп айқассақ айта жүрер күн болар
қазағым.

3.Хан:
Атадан жақсы ұл туса, елімнің оң болғаны

            Атадан
жаман ұл туса, көсе болғаны

(Елімай
әні ойналып тұрады.)

1.Хан:
Сонда қазақта жақсы ұлдар аз демегін бе? Олай емес. Тәуелсіздік түспейдіғой
аспаннан. Рас, талай батыр құтқарам деп өз елін қара жерді жастанған.

Көрініс:
Тәуелсіздік құрбандары

Жүргізуші: Желтоқсан
айы естесің,

Дауыл боп бұрқап
ескенсің

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің
тескенсің.

Бұрқ етіп қазақ баласы,

Кейде де өршіп наласын.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.

Бәрі:Біз демократияны
талап етеміз!

-Қазақ елің
қазақстандық азамат басқару керек!

-Елбасымыз қазақ
болсын!

-Қазақ елі тәуелсіз мемлекет
болу керек!

-Совет билігіне
бағынбаймыз!

-Колбинге
билік бермейміз!

-Мы
за свободное сближение!

Бәрі:Колбин
кетсін!

Милициялар:Қане,
тараңдар!

Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,

Жиырма
бірде жасым бар.

Қасқалдақтай
қаным бар,

Бозторғайдай
жаным бар

Алам
десең алыңдар.

Қайрат
деген атым бар,

Қазақ
деген затым бар.

«Еркек
тоқты-құрбандық»,

Атам
десең атыңдар!

Анасы:
Ұлым менің, Қайратым, жалғызым. Қара бауыр қасқалдағым,
мауқымды кімге басайын, қанатын қайрылып жарыұ күнмен қоштасып, қапыда қара
жерді жастандынау.

Жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет
бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы
жылдардай боп қарауытып,

Халқымның
мәңгі есінде тұрғандарым.

(Сахнаға Желтоқсан
құрбандарының суреттерін ұстап балалар шығады)

Бір
минут үнсіздік.

«Желтоқсан
желі» әні орын

2.Хан:
Иә, Тәуелсіздік бізге онай келмейді

Асау
аттай өз тізгінің бермейді.

Қазағымның
алтын басын иілтіп,

Талай,
талай дұшпан төрімізге төрледі.

Қазақтың
кең далаға бытырай қашқаны өз ұлтының болашағы қамы үшін

3.Хан:
Бір тудың астына бірігіп, бір ханның қол астыңда болып. Сол
туды құлатпай жаумен тіресіп. Ең далада қазақпын дегенің жиып азаттық үшін
жауға қарсы шығайық.

(Музыка
ойналады. Шабыт )

4.
Хан:
О; халқым! Ел болмас елдің төбесінде ту
тұрақтамас. Төрінде тәж тұрақтамас деген. Бірлік, намыс, ерлік ұранымыз болсын.
Менің арманым 3 жүздің басын қосу.

Музыка
ойналады (Батырлар келеді)

Атыраптап елдермен
бітім кемшілік татулық келісім орнату. Сендер  жан-жаққа шашырап кетпей бірін
жең, бірін жаға, бірін іні, бірін аға болып өзара бірлікте бірлік арқылы
елдікке елдік арқылы өзгелермен теңдікке жетейік ағайын.

(Музыка
ойналады.)

Бала:
Ау, ағайын тайдай шашылған халқым бірікті. Еңсесі езілген еліне тағдыры талған
халқыма қайта тату күн туды. Найзасына үкі тағатын атқа мінетін намысын
қамшылайтын кеш жетті.

«Аққу»
биі

(Қара
адамдар келеді) музыка ойналады.

Күй
«Мың жылқы»

 Бала:
Елімнің аспаның тағы да қара бұлт торлады. Әйтеуір халқым
онбады. Жанарсың қайта сөнерсің. Басына түскенді көрерсін. Мың өліп, мың
тірілген елімай (жылап айғайлайды)

Дауыс:
«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы
сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып
кірді…»

1-келіншек:
Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме?

2-келіншек:
Сұмдық ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?

(жылау басталады)

Әже:
қойындар, жамандық шақырмандар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар
емес пе?

Қария:
Ат басына күн туса,

 
Ауыздықпен су ішер

  Ер
басына күн туса,

 
Етегімен су кешер-деген, жыламандар! Көз жастарынды тыйындар!

Ер
азаматтар:
«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана
халқымыз.

       Ел
қорғауға ер намысынмен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр

       Туған
елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз!

       Ендеше
Отан үшін аттанайық!

«Свещенная
война» музыка ойналады.

 (солдаттар шығады)

Командир:
Түзел, тік тұр! Тарандар.

1.    Е,
жігіттер қарандаршы қандай тыныштық.

2.    Иә,
құтты бір бейбіт өмір секілді.

3.    Жарайды,
жігіттер отырып демалып алайық.

Ән: 
Вальс

         
Ау, қыздар, жігіттер, бұл не отырыс? Көңілімізді
көтеріп бір билеп алсақ қайтеді!

Бәрі: Иа,
иа, иа,дұрыс айтасын

«Танкис»
биі

(соғыстың атыс бомба
жарылыстар істіледі, бәрі шулап қашады)

         
Капитан Момышұлы, жан шақыруға шамамызды
келтірмей фашистердің өрттей қаулап келе жатқының байқадыңыз ба?

         
Қараңғының өзі де, көзі де батыр-ау! Сержант
Мамонов, жауынгерлер ұрысқа дайын ба?

         
Сіздің бұйрығынызды ғана күтіп отырмыз.

         
Жігіттер артқа шегінуге жол жоқ, артымызда
Москва жігіттер. Онда тізескенің тізесін бүктірейік, жау әскерлерінің көзін
жояық!

         
Отан үшін, ел үшін!

         
Ата-баба жер үшін!

         
Алғааааааааа! Ураааааа! (қатып қалады)

Бала:
76  жыл бейбіт көктем  күнін таң атқалы

76  жыл шуақты күн таратты әнін

Талай құс содан бері қайта оралды

Талай бақ әлемге қайта оранды.

Бұл соғыс бүлінген бар зейінімді алды

Сұм соғыс бұтіңдей таза киімді алды

Түн соғыс әкемдей анамдай адамды алды

Бұл
соғыс баламдай арманымды алды

«Жойылсын
жалғыс сөз соғыс деген» хор

Жүргізуші:
Қазақ ұлты тарихында көптеген қиндықты бастан кешті, аяусыз
шабылға ұшырады, қырғыннан қырғынға, босқынан босқынға…талай азапты көрді.
Дегенмен «Тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда
азатыққа қол жеткізу үшін талпынды, осы жолда күресті һәм шайқасты. Талай
батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді
армандап жанын пида етті, шәһид болды, арманда кетті. Қазақ «мың өліп, мың
тірілсе де» қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті
арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті.

 Автор:
Құлазыған сенің құла түздерін,

Не білмеген, не көрмеген іскелім

Жазылмаған тарихының жолдарын,

Ауыз екі аңызыннан іздедім.

Бабалардың
ізін көрем аңсаған,

Бас
имеген қалды ма екен жан саған

Аршашылық,
соғыс золмат жылдарын,

Өткізгенсің
небір сұмдық самсаған.

Бабаларым рахмет, рахмет сендерге,

Жан бітірдің жазыл жайлау көлдерге.

Көз жетпейтін ұлан байтақ жер бердің,

Кең дүниеге төл ұрпағын емгенде.

Бабаларым
рахмет сендерге,

Армандарды
жақындадып тым алыс

Біздің
жаққа жеткен екен жыл ағыс,

Егемендік
ел бақытты ертеңі

О,
халайық! Құтты болсың қуаныш!

Ән:
«Ізін көрем»  Би: Жер мен тас

Жүргізуші:
Намысың найзағайдай жарқырап бір,

Өр
халқым дүниеге даңқыңды асыр.

Дәуірінің
бастау алған отыз жылы,

Еліме
болсын дәйім алтын ғасыр.

Ешкім
де көзін ілмес ноқталыны,

Ешқашан
ондай ұлттың жоқ тамыры.

Бабалар
аңсап өткен кезге жеттік,

Қолдасың
көк туымды хақ Тәңірі.

Музыка
«Елім менің»

1.   
Ақсақал қария: Алатаулар
таулар қартайса, шөп бітпес

Арналы өзеңдер қартайса, суы келмес

Биелер қартайса, құлын бермес

Отарлықтар қартайса, туған
елің

Дүниеге қорғайтын ұлын келмес

Батыр:
Алашарсың біз тірескеннің тізесің, үзіскеннің үзігінгісің  үзген елміз. Хан
майдан ұрыста жалаң қол қылышқа шапқан елміз. Қазақ сарбаздары артына отырып
тербеліп Тәуелсіздік ақ таңы көрініп тұр.

Хан:
Қазақтық жетіскенімен азаттық жетіспеген елміз. Тірлігі тарлан болған, бірлігі
арман болған, таңды атқан шолпандай тәуелсіздік таңдыатар.

Ақын:
Қаранғы түнектен сәуле тапқандай қазағымның көзі ашылдау. Даласы қымбат, қадірі
құнды Тәуелсіздіктіңде ауылы алыс емес.

Хан: Ел үшін туған
ерлердің, алды-арты кем болар.

Бірлігі кетсе халықтың
әркімге бір жем болар.

Артыңша туған адамзат
халыққа үлкен бел болар.

Солдат:
Ердің туы намыс. Азат туы үшін, ел ер үшін жігіт жұрт үшін туылған тиіс. Ер
бақыты ер қолында, ер бақыты ел қолында еліміз бақытты болуға тиіс.

Бала:
Елім менің аңсаған,

Тас
бұғаудан босаған

Қол
жетті міне аңсаған күнге,

Жасай
бер жайна, Қазағым менің!

Ән.
Елім менің (музыка ойналады қайырмасы)

Жүргізуші:
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,

                   
Мықты болсын еліміздің керегесі.

                     
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан

                     
Кетпесін туған жердің берекесі.

Ән
Туған өлке

Жүргізуші:
Би құдірет түрлі ой ұғынарсың,

                    Бұл өнерге
еріксіз табынарсың.

                    Болашақ
шығарады,тудырады,

                    Қазақтың
Шарасы мен Шұғыласың

Қыздардың орындауында «Қазақ»
биі

Жүргізуші:
Тәуелсіздік-бақыты ғой елімнің,

                  
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.

                   
Арманына жету үшін күрескені,

                  
Тарихта шежіре боп қалған екен

Ән
Қазақстаным алға!

Жүргізуші:
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.

                    Білгін
келсе біздің жайды содан сұра тек қана,

                    Одан
асқан  шежіре жоқ одан асқан жоқ дана.

«Мұрагер» тобының орындауында
Н.Тілендиевтің күйі «Ата толғау» қарсыалыңыздар!

Жүргізуші: Құтты
болсын тәуелсіздік мерекесі,
                Мықты болсын елімнің керегесі.
                Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
                Кетпесін туған жердің берекесі.

Жүргізуші: Кұтты
болсын тәуелсіздік мерекеміз!
                Мықты болсын еліміздің керегесі.
                Жүректе намыс оты лапылдаған,
                Күш-жігері жастардың сарқылмаган.

Тәуелсіздік—бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.
Арманына жету үшін күрескені,
Тарихта шежіре боп қалған екен.

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!

Флешмоп

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл»

Мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.

2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.

3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.

Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.

Барысы:

Тәрбиеші сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:

Кіріспе.

1.Тәуелсіз ел- Қазақстан.

2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.

3.Тарихи оқиғалар тізбесі.

4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер

5. Қорытынды.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

1-жүргізуші:

Армысыздар, Отандастар!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

1-жүргізуші:

Еліміздің тәуелсіздік алуы — халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

2-жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгнді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

М. Шаханов « Төрт ана» Оқитын:

«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға,

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Демеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері- түп қазығы айбыны,

Туған тілі- сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы.

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздың басы қайды қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана- тағдырымның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес-тердің ұлысы!»

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

1-жүргізуші: Қазақ халқы азаттык үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

1-көрініс.

Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.

Уәзір: «Тақсыр! Қазақтар келіп тұр»

Хан: «Кірсін!»

«Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да, елдеріңе қайтыңдар!»

Қазыбек: «Біз – қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ табысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт »

Хан: «Балам, атың кім?»

Қазыбек би: «Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек »

Хан: «Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын»

1-жүргізуші:

Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. 1723 жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.Көрініс: «Ақтабан шұбырынды». Фон: « Елім-ай» әні жүріп тұрады.

2-жүргізуші: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс шаруаларына үлестіріп берген олар халықтың ашу-ызасын тудырды.

Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.

Махамбеттің өлеңінен үзінді.

«Мен, мен едім, мен едім…» Оқитын:———————————————

«Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім,

Қай қазақтан кем едім,

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім

Еділдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп едім

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсамдеп едім»

1-жүргізуші:

Ән: «Жаным қазақ». Орындайтын Иманғазы Азат.

1-жүргізуші:

1917 ж. бастап қазақ елі кеңес елінің құрамында болды. 1925-1933ж.ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп , «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына тіреп негізгі күн көрісі мал болған қазақтар екі-үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды. Сол жылдарды бейнелейтін видиороликке назар аударайық

Слайд: «Ашаршылық 1930 жылдары»

2-жүргізуші:1937ж. асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде 4жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.

(Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың портреттері)Слайд 1.

1-жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы «қазақ» деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

2-жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Бет-бағдарын бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандары.

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қолаңтаны қоздатқаның

Тұншықса да, түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан

Жалтақтатып кете барған боздақтарын.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарына тоқталайық.

«1941-1945ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді» .Экранға назар аударайық.

( Кеңес Одағының Батырлары — Видиоролик)

Ән: « Мен қазақ» орындайтын: Самигулов Мирас

1-жүргізуші:

1986 ж. желтоқсаны.

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды.

2-жүргізуші:

Сол тарихи күндердің куәгері, сол кездегі Қазақ мемлекеттік университеті Философия факультетінің студенті, қазіргі таңда мектеп – интернаттының тәрбиешісі Жумагалиев Кенжемұрат Кукашеевич сол Желтоқсан оқиғасын өзі баяндап берсе.

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазақққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жан шыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн.

1-жүргізуші: Көрініс «Желтоқсан оқиғасы»

Ербол: — Қыздар, мен газет әкелдім.

Сәбира: — Не жаңалық шығыпты? — КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты.

Қайрат: — Колбин деген кім екен? — Қайдан келіпті?

Гүлнар:- Колбин Ульяновтан келіпті.

Ербол: — Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!

Ләззат: — Біз демократияны талап етеміз.

Қайрат: — Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға барайық!

Қайрат Рысқұлбековтың соңғы хаты. Оқитын Аманғали Данияр

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым!..

Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?!

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман-саулық тілеймін,

Өздеріңмен бірге болсын тілегім.

Өздеріңе тіл қата алмай, достарым,

Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.

Айналайын қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?…

Айналайын інішегім, құлыным,

Сені ойласам, үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Қетіп барам мен айдауға, құлыным.

Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де,

Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.

Қараңғылық баста тұрмас қашан да,

Бостандықта кездесеміз әлі де…

( артқы фонда «Желтоқсан желі» әні)

2-жүргізуші:

Ән «Қара бауыр қасқалдақ» орындайтын: Серік Мейірім

1-жүргізуші: Желтоқсан құрбандары-Ербол, Қайрат, Ләзат,Сабира сынды аға-апаларымздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.

2-жүргізуші: 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

1-жүргізуші:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым

Тәуелсіз Қазақстаным!

«Егемен Қазақстан» әні. Орындайтын :Серікбай Нұрбақыт

1-жүргізуші:

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Би. «Қара жорға»

1-жүргізуші:

1991-2021 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жеткенің көрейік .Экранға назар аударайық.

(Тәуелсіздіктің жетістіктері. Видиоролик)

1-жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы — өжет, қызы қайратты, қаhарман.

2-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.

1-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!

2-жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!

Той тойға ұлассын!

Сабақтын мақсаты:

Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Сабақтын ортасы

20 минут

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

«Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Жас арудың жанарында — Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында — Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында — Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да — Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да — Желтоқсан.

Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің  пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған  боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың  арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!

Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

Слайд арқылы мәлімет беру

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қызықты болды?

  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

тәуелсіздік 30 жыл

Тақырыбы: «Біз — тәуелсіз елміз»
Мақсаты:
— Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
— Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
— Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
— Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
— Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Мұғалім сөзі
1986 жылы 16 — желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

«Ой ашар» сұрақ — жауап әдісі
— Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
— Біздің Отанымыз -….
— Біз қай ұлтпыз?
— Қандай Республикамыз?
— Біздің ана тіліміз қандай тіл?
— Елбасымыз кім?
— Балалар, біз қандай елміз?
— Қай жылы тәуелсіздік алдық?
— Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
— Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)

Ақниет
Қазақстан Республикасының Гимні — бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

Айшат
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.

Гүлзат
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай — ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.

1 — оқушы Ернұр
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2 — оқушы Анель.
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата — баба аруағына сыйынып.

3 — оқушы. Арсен
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.

4 — оқушы. Айшат
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Көрініс
— Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
— Сен 13 — желтоқсан күні, сағат 10 — да қайда болдың?
Қайрат
— Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
— Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
— Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
— Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).
Анель:
— Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 — ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.
6 — оқушы Ақниет
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
7 — оқушы Гүлзат
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
8 — оқушы Арсен
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
9 — оқушы Альмира
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
10 — оқушы Гүлімай
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 — желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 — минут үнсіздік)
Хор: Атамекен.
11 — оқушы Әліби
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Бекарыс
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
12 — оқушы Қарақат
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
13 — оқушы Айшабибі
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
14 — оқушы Әбілхан
16 — желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
15 — оқушы Ертилеу
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
Анель
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Шығармашылық жұмыс
1 — топ: Елбасына құттықтау хат жолдау
2 — топ: Тәуелсіз елміз әңгіме жазу

Атырау облысы, Индер ауданы,
М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тулегенова Гулаим Едиловна

Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
Хор: Көк тудың желбірегені

1 – қыркүйек білім күні құтты болсын!!!

Ата Заңым — айбарым

Мақсаты:

Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында

құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.

Тәрбиелілігі: Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, кинофилмдер, Қазақтан Респібликасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, Гимн. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, кітаптар көрмесі. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.

«Отан» деген сөзге ой шақыру.

Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

1991 жылы

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды.

Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.

1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.

Қазақстан Республикасы:

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен елеулі,

Әнұранымен айбатты.

Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы бай дәстүрі, салт санасымен жасампаз рухы толық танылады. Ел таңба ортасында шаңырақ тұр, шаңырақта, яғни біздің бейбітшіл отанымызды қорғау үшін шаңырақтың биік болуы ойластырылған.

Қазақта: “Шаңырағың биік, керегің кең, босағаң кең болсын” деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.

Мемлекеттік Ту.

Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы – Алматылық Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ. Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.

Республикамыздың мемлекеттік әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды.

Әнұранның сөзін жазғандар:

Жұмекен Нәжімеденов,

Н.Назарбаев.

Әнұранның әнін жазған:

Ш.Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары белгілі суретшілер: Шот-Аман Уалиханов пен

Жандарбек Мәлібеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары: Сөзін жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Шәмші Қалдаяқов

Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.

1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16-желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

Дала да думан,қала да думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым.

Тәуелсіз Қазақстанымның 20 жылғы жеткен жетістіктеріне көз жіберсек:

1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

2.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

5.1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

6.1995 жыл 30 — тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.

7.1996 жыл 30 — қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.

8.1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

9.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.

10.1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.

Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.

Ал екінші бақытым-Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілемдедім

Кей кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

11.1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.

Осал жерге

Ортаймас бақ қона ма?

Ер көңілі толмаса тақ қона ма?

Атар таңдар бере гөр құт-береке

Елдің төрі-Қасиетті Астанаға.

(кинофильм көрсету)

12.1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.

14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

15. 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21-ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын заман,

Аман ба? жаңаша күн жарқыраған.

Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет,

Қазақстан қасиетті ел екенін.

Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІ съезі өтті.

16.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.

17.2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.

18.2006-2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.

19.2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.

20. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.

21. 2009 жыл Туған облысымыз Қызылорданың 190 жылдығы.

22. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.

23. 2011 жылы VII қысқы Азияда олимпиадасы Астана-Алматы қалаларында болып өтті.

24. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

Қорытынды:

«Жүректен-жүрекке шеңбері»

Жақсыдан үйренейік

Жаманнан жиренейік

Қазақстанның

Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қорытынды сынақ. (ойын-сұрақ)

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Тест.

1. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?

а) 1991 жылы 16 желтоқсан

ә) 1995 жылы 30 тамыз

б) 1997 жылы 17 қараша

2. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім?

а) Ш.Ниязбеков

ә) Ж.Мәлібеков

б) Ш.Айманов

3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды?

а) 1998 жылы

ә) 1986 жылы

б) 1991 жылы

Бәйтерек Астана

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет.

Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.  

Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды.

«Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдадық. Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік. Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара жөніндегі келіссөздер қарқынды жүргізіле бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық бизнестің негізін қаладық. Жастар әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.

Екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Солтүстік Аралды құтқарып, қашқан теңізді қайтардық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тарттық. Есілдің жағасында бой көтерген еңселі елордамыз ұлттық идеямызға айналды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Тұрғын-үй құрылысы да бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамыды. 

Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік.

Әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса мән бердік.

Осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік.   

Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет.

Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы.

Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді.

Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек.

Қазіргі пандемия және соның салдарынан туындаған дағдарыс бүкіл әлемнің бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанын анық көрсетті. Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса, жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келеді. Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Басқаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі.

Таным мен тағылым

Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек.

 Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс. 

Кезінде «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашты. Отандық тарих ғылымы тың серпінмен дамып, түрлі бағыттар бойынша көптеген зерттеу жүргізілді. Бұрын бәймәлім болған қаншама тарихи деректер, археологиялық қазыналар табылды. Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын жаңалықтар ашылды. Елбасының осындай іргелі бастамалары халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясындағы еңбектер том-том болып жарыққа шықты. Дегенмен, сол қажырлы еңбектің жемісін көпшілік көріп отыр ма? Зерттеу жобаларының біразы ғылыми институттар мен орталықтардың аясында ғана қалып қойған жоқ па?

Мұндай іргелі ізденістердің нәтижесі тек осы сала мамандарының игілігіне ғана айналуы орынсыз. Оны қалың жұртшылыққа түсінікті және қолжетімді ету қажет. Өйткені тарихшылардың ғана емес, барша жұрттың, әсіресе, жас ұрпақтың тарихи санасы айқын әрі берік болуға тиіс. Бұл ретте, ауқымды көрмелермен немесе басқа да үлкен жобалармен әуестенбей, балаларға, жастарға арналған қарапайым әрі қабылдауға жеңіл туындыларға баса мән берген жөн. Мысалы, деректі және көркем фильмдерді алайық. Осы бағытта «Алмас қылыш», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» сияқты тарихи фильмдер түсірілді. Бірақ бұл әлі жеткіліксіз.

Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын. Әрине, қаржы мәселесі шешілуі керек. Дегенмен, көп қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болатынын қырғыз бауырларымыз «Құрманжан датқа» фильмі арқылы анық көрсетті. 

Бүгінде әлемдік киноиндустрияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильмдер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Осы орайда біздің де шежіремізде ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн. 

Көркем және деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініс табуы қажет. Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды.

Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс.

Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді.

Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек.

Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн. Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жалпы, тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс.

Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек.

Біз жыл соңына дейін жаңа тарихымыздағы бірнеше айтулы оқиғаның мерейлі белесін атап өтеміз. 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Оның еліміз ғана емес, барша адамзаттың болашағы үшін айрықша маңызды шешім екенін ескеріп, арнайы іс-шара өткізу қажет деп санаймын. Елбасы қол қойған Жарлықтың арқасында Қазақстан бүкіл дүние жүзіне ядролық қару-жараққа қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасшысы болып танылды, алып мемлекеттердің сеніміне ие болды, халықаралық қоғамдастықта жауапкершілігі жоғары ел ретінде мойындалды.   

«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дейді халқымыз. Кешегі өткен хандар мен қағандардың дәуірі ғана емес, соңғы отыз жылдағы жасампаздық жолымыз да бүгінде тарихқа айналып, күн сайын алыстап барады. Азаттық таңын өз көзімен көрген алдыңғы буын болмаса, кейінгі жастар өткен ғасырдың 90-жылдарындағы тарихи оқиғалардың тереңіне бойлап, мәнін жете түсіне бермейді. Тәуелсіздікке тағдырдың бере салған сыйы ретінде қарайды. Шын мәніндегі ахуал олай емес.

Елбасы сол кездегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да жағдайларға байланысты жеті рет емес, жетпіс рет өлшеп, бір рет кесуге мәжбүр болды. Біз тығырықтан шығар жолдың саңылауы да көрінбейтін қиын күндерден қақтығыс пен қантөгіске ұрынбай аман шығып, ешкімге есемізді жібермей, жаңа сипаттағы Қазақ мемлекетін құрдық. Бүгінгі және болашақ ұрпақ мұны әрдайым біліп отыруы керек. Сол үшін Қазақстанның жаңа тарихын да жүйелі зерттеген жөн.   

Шынына келсек, Тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет қолға алынғанына қарамастан, ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылған жоқ. Оның тұжырымдамасын бұған дейінгі олқылықтарды ескере отырып қайта қарап, жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазатын уақыт әлдеқашан келді. Барлық оқулықтар осындай іргелі еңбекке негізделіп әзірленеді. Бұл – ұлт шежіресін дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан, Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Түптеп келгенде, тарихи сананы жаңғырту мәселесінің түйіні – осы. Бұл іске беделді тарихшыларымызды тарту қажет.

Сонымен қатар, шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынамын. Бұл – қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге танытудың бірден-бір жолы. 

Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді. 

Қоғам мен құндылық

Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз.

Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек.

Шекара сызығын ресми түрде халықаралық шартпен бекітіп, оны әлем жұртының мойындауы соңғы бірнеше ғасырда үрдіске айналды. Оған дейін қазіргідей делимитация, демаркация деген ұғымдар болмаған.  

Біз шекара мәселесін шешумен нақты айналысып жатқан кезде кейбір саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «біз бұған асықпайық», «кейін де келісуге болады» деп арқаны кеңге салғысы келгені есімізде. Келіссөздерді табандылықпен жүргізіп, іргемізді дереу қымтап алғанымыз өте дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды.

Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді.   

Жоғарыда айтқанымдай, шекарамыз толығымен шегенделді. 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін құрлықтағы ғана емес, теңіздегі шекарамыз да біржола айқындалып, түпкілікті шешілді.

Қазақстан – біртұтас мемлекет. Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді. Бұл – тек бағытты білдіретін шартты атаулар. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болады. Біз мұндай қадамдарды байыппен жасаймыз. 

Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн.

Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет.    

Мұның бәрі тәлім-тәрбиеден басталады. Ата-анасымен бірге ауласына ағаш екпеген, үлкендердің жан-жануарға мейірімін көрмеген, кішкентайынан табиғатты аялауға дағдыланбаған бала өскенде туған жеріне жаны ашымайды. Мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада.   

Елі мен жерін сүю үшін жас ұрпақ байтақ Қазақстанның ғажайып жауһарларын білуге тиіс. Батыста Бозжыра мен Шерқала, күнгейде Ақсу-Жабағылы мен Сайрам-Өгем, Жетісуда Хан Тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Қапал- Арасан, Алтынемел мен Бұрхан бұлақ, шығыста Мұзтау мен Шыңғыстау, Марқакөл мен Рахман қайнары, Арқада Бурабай мен Баянауыл, Ұлытау мен Қарқаралы, теріскейде Имантау мен Айыртау және басқа да көрікті жерлеріміз жетіп артылады. Жер жәннатын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бәрі өзімізде бар. Жастарға осындай керемет табиғатымызды танытып, оны қадірлеуге баулуымыз керек.

Уақыт ұттырмай қолға алып, дәйекті түрде іске асыратын тағы бір шаруа бар. Халықтың қалалық жерлерге жаппай көшуі салдарынан көптеген ауылдарда, әсіресе, шекара маңындағы елді-мекендерде тұрғындар саны күрт азайды. Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап,   осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі  еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұған қоса соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз.

Бұл екі мәселенің де стратегиялық маңызы бар. Оған кезекті науқан ретінде қарауға болмайды. Жергілікті билік мұндай жұмыстарды жоғарыға көпірген ақпар беру үшін емес, мемлекеттік мүдде және ағайынға шынайы жанашырлық тұрғысынан жасауға тиіс.             

Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл. Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі екені Ата заңымызда 90-жылдардағы күрделі кезеңнің өзінде нақты жазылған. Біз тәуелсіздік дәуірінде ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайды жасадық. Осы аралықта қазақ тілінде білім беретін мектептер мен оқу орындарының, балабақшалардың саны еселеп көбейді.

Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты. 

 Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн. Оған сұраныс жоғары. 

Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек.

Ана тілімізді кеңінен қолдану – басқа тілдерге, әсіресе орыс тіліне шектеу қойылады деген сөз емес. Барша этнос өкілдерінің ана тілін, салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік жасала береді. Жастарымыз бірнеше тіл білу өздерінің көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятатынын жете түсінгені абзал.  

Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылығымызға айналдыра алғанымыз анық. Көптеген шетелдік сарапшылардың елімізге қатысты «Еуразиядағы шырпы тисе лап еткелі тұрған қурай», «failed state» сияқты болжамдарын жоққа шығардық. Бұл жолда тыныштық пен тұрақтылықтың бастауы болған Қазақстан халқы ассамблеясы тиімді жұмыс атқарды. Ешкімді ұлтына қарап, бөле-жарған жоқпыз. Бәрінің өсіп-өнуіне толық жағдай жасадық, бірдей мүмкіндік бердік. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты. Халқымыздың осындай ырыс-ынтымаққа негізделген жарасымын бағалай білуіміз керек. Бұл – кемел келешекке бастайтын бірден-бір дұрыс жол. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз.  

Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады.  

Ұлағат пен ұстаным

Соңғы кезде қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласуға, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға ынтасы артып келеді. Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамам және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – осы сұранысқа тікелей жауап. Оны Ордабасыдағы, Күлтөбедегі, Ұлытаудағы ұлы жиындардың заманауи үлгісі деуге болады. Біз қазақтың қанына сіңген қасиет – келелі істі ақылдасып бірге шешу дәстүрін жалғастыра береміз. 

Бұл бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз болады. Қазіргі шаралар аяқ астынан мәжбүрліктен қолға алынған жоқ. Ол – елімізді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясаттың жемісі.

Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек. Бірақ, реформаны соза беруге де болмайды. Билік халықтың алдындағы өз жауапкершілігін сезінгені жөн. Сол себепті біз ауыл және кент әкімдерін сайлауға көшеміз. Осы арқылы ең төменгі деңгейден бастап жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтамыз. Бұл қадам өзекті мәселелерді тұрғындар мен жергілікті биліктің бірлесіп шешуі үшін қажет. Содан кейін аудан әкімдерін сайлаймыз. Жаңа жүйе өзінің тиімділігін көрсетсе, бұдан да жоғары деңгейдегі әкімдерді сайлайтын боламыз.    

Бірақ, саяси жаңғыру барысында асығыстыққа бой алдыруға және жалаң ұранға еріп, мемлекеттік жүйені дағдарысқа ұшыратуға болмайды. Бір сәтте барлығын түбірімен өзгерту неге әкеп соқтыратынын кейбір елдердің бүгінгі ахуалынан көріп отырмыз. Елімізде, ең алдымен, адамның құқығын толығымен сақтауға негізделген заң мен тәртіп болуы керек. Анархия мен жүгенсіздік жақсылыққа апармайтыны анық.

Қазақстанның саяси жүйесі заман талабына сай дамып келеді. Мәжіліс депутаттарының биылғы сайлауы – көппартиялы Парламентті орнықтыру жолындағы маңызды қадам. Бізде саяси көзқарастары әртүрлі партиялар бар. Олардың ұстанымдары консервативті, либералды, ұлтшыл, социалист және тағы басқа болуы мүмкін. Бұл – табиғи үдеріс. Саяси плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға және нығайтуға мүмкіндік береді. Саяси күштер осындай әралуан болса да, баршасын біріктіретін және бәріне ортақ құндылық бар. Ол – қастерлі Тәуелсіздік.

Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.

ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген.

Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендердің тұтас легі өсіп-жетілді. Бүкіл әлемді аузына қаратқан ғажайып дарын иелері де бар. Олар – Қазақстанның мәдени келбеті, елімізді халықаралық аренада танытып, Тәуелсіздік құндылықтарын жер жүзіне паш ететін рухани елшілерміз, біздің айрықша күшіміз («soft power»). Осындай азаматтарға қамқор болу – мемлекеттің міндеті.

Жаһандану заманында айдай әлем алақандағыдай болып қалды. Талапты ұл-қыздарымыздың жер жүзіндегі кез-келген елге барып, білім алуы қалыпты үрдіске айналды. Сонда қалып, қызмет істеп жүргендер де аз емес. Осы орайда, ел ішінде жастар шетелге кетіп жатыр деген алаңдаушылық бар. Мен жастарымыз білімін жетілдіріп, бәрібір елге оралады немесе шетелде жүріп-ақ Қазақстанның мүддесін қорғайды деп сенемін.

Халқымыз «Атың барда жер таны, желіп жүріп» дейді. Кезінде Елбасы бозбала шағында Украинаға аттанып, еңбек, білім және әкімшілік дағдыларына ие болды. Мен де білім қуып Мәскеуге сапар шектім, өзге мемлекеттерде жұмыс істедім. Біздің талай замандастарымыз бүгінгі жастар сияқты алыс шетелдерге бара алмаса да, Кеңес Одағының түрлі қалаларында білім алды. Бірақ, басым көпшілігі тамырынан ажырап, ол жақта біржола қалып қойған жоқ. Елге келіп, еңбек етті. Сондықтан жырақта жүрген жастарымыздан айырылып қаламыз деп уайымдаудың жөні жоқ. Біздің міндетіміз – олардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру. Мысалы, әлемнің ең дамыған елдерінде өз кәсіптерін бастаған және алпауыт компанияларда жұмыс істеп жүрген азаматтарымыздың осындағы замандастарымен байланысын нығайтып, тәлімгерлік етуіне жағдай жасауымыз керек.       

Дарынды жастардың бәрі шетелде жүрген жоқ. Ел ішінде де білікті әрі білімді өрендер жетіп артылады. Біз оларды басшылардың жаңа буынын дайындауға барынша тартып жатырмыз. Менің бастамаммен құрылған Президенттік кадр резерві – осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударамыз. Билік органдарындағы азаматтар, ең алдымен, ұлттық мүддеге берік болуға тиіс.

«Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын.

Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету.

Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі.

Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. 

Барша отандастарыма, әсіресе, жастарға айтарым: кең байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін.

Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.  

Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін! 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Президенті

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 — жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар…
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін — ді….

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып….
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 — сынып оқушысы
2 — жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 — жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым — Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»

1 — жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 — жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 — сынып оқушысы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 — жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 — сынып оқушылары

2 — жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 — сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2 — жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

1 ведущий: Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен жел астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі — Республикам менің.

2 ведущий: Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.

3 ведущий: Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

1 ведущий: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік кешті өткізгелі отырмыз. Сіздерді Ұлы Қазақстан Республикасының тәуелсідік күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би, мереке шашулары шашылады.

2 ведущий: Наше Отечество, наша Родина – мы так зовем Казахстан, потому что здесь живут наши отцы и деды, и все для нас родное. В преддверии праздника «Дня Независимости» мы проводим наше мероприятие «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым».

3ведущий: Good afternoon dear guests teachers and pupils

Good afternoon everybody who has come to our party.

We are very glad to see you here.

Today is the day of languages. Let,sstart.

«Казахский танец» Исполняют учащийся_________ класса

К Ө Р І Н І С

1 ведущий: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – тұған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

2 ведущий: Мы люди разных национальностей, живем в мире и согласии. Мы дети – разных народов, но вскормлены одной матерью – Родиной. У каждого народа своя культура, свой язык, национальные костюмы, обычаи и традиции.

3 ведущий: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

В исполнении _______________, ученицы « »класса песня «Әрқашан күн сөнбесін»

Выступление учеников

Дети читают стихи:
1-оқушы:

Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,Отан үлкен
Қазқстан – туған ел.

2-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында калған күн.

3-оқушы:

Жасай берсін, ұлы кун,
Үміті боп елінін;.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардын.

4-оқушы:

Тәуелсіздік — шұғылалы арманың,
Батыл басып бақытыңа барғаның.
Тәуелсіздік — көк тіреген тауларың
Ойға шомып тұратығын орманың.

5-оқушы

Тәуелсіздік — ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата — бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке,бейбіт өмір келісім.

6-оқушы:

7-оқушы:

_____________ күйі. Орындайтын _____________ « » класс оқушысы

1 ведущий: Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Қарсы алыңыздар, М О Н О Л О Г……….

Мен – қазақпын, биiкпiн, байтак елмiн,
қайта тудым, өмiрге қайта келдiм.
Мен мың да бiр тiрiлдiм мәңгi өлмеске –
Айта бергiм келедi, айта бергiм

Предлагаем вашему вниманию песню «__________» в исполнении

Видеоролик

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2 ведущий: : Мы ещё раз поздравляем всех с праздником – Днём Независимости нашего родного Казахстана! Желаем всем мирного неба над головой! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по-солнечному радостной, как в сказке. Чтобы дети росли сильными, радостными и джружными, слушались старших и берегли родную землю. Счастья вам, процветания нашей Родины. До новых встреч!

1 ведущий: Осымен біздің концерттік бағдарламамыз аяқталды. Сау болыңыздар! Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбетшілік өмір тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!

6.Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды тәуелсіздік кунімен құттықтаймын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Поздравляем с Днем Независимости — долгожданным праздником. Всех казахстанцев, поздравляем с великим праздником – днем Независимости.
Да здравствует Независимость Казахстана! Надо беречь и преумножать традиции нашего народа. Стараться не пустословить. Чтобы каждая семья жила в достатке. Дай Бог вам здоровья.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Поздравляем вас С Днем Независимости РК!
Независимость РК пришла в результате борьбы казахского народа за свою независимость. Народ всегда жаждал независимости, сколько крови было пролито на пути к свободе.

Находясь в центре Евразии, наш народ обрел счастье в многонациональной стране. Представители более 100 национальностей живут и трудятся в единой стране вместе с казахским народом, преумножая славу нашего государства.

Kazakhstan is an independent Republic. Kazakhstan is an ancient and hospitable land, which occupies a large part of Central Asia. Kazakhstan has 14 regions, 84 cities. More than 17 million people of over a hundred nationalities and ethnic groups live in the republic. The head of Kazakhstan is a president, his name is Nursultan Nazarbayev. Almaty is a former capital of Kazakhstan. In 1997, the president of sovereign Kazakhstan made a decision to transfer the capital from Almaty to Akmola. In 1998 the government of the country decided to change the name of the capital into Astana, what means “capital” in Kazakh language. In Kazakhstan people speak Russian or Kazakh languages. Kazakhstan has hundreds of nationalities that’s why all people speak their native language. There are many parties in Kazakhstan, for example: Azat, Otan, Alash, Azamat. The president is elected every seven years. The parliament can be divided into two parts. One of them is deputation of Senate and the other is deputation of Mazhilis. Kazakhstan is rich in mineral resources. Coal, oil, timber and gas are the most important of them. I’m proud of my country.

Стихи про Казахстан на английском языке

Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

Jura-Jura-Zhuravel! 

He circled the hundred lands. 

Circled, and passed round, 

Wings, legs натрудил. 

We asked crane: — 

Where are the best land? — 

He answered, flying: — 

Better to have none of the native land!

***

Kazakhstan – топик на английском, который расскажет вам о Казахстане. Kazakhstan is a sovereign state. In December 1991 Kazakhstan declared its independence. Kazak government pursues the policy of friendship and national accord. Historically Kazakhstan has developed as a multinational state. According to the constitution adopted in 1995 every nationality can develop its culture in Kazakhstan. All people of Kazakhstan have equal rights and duties. Both industry and agriculture are developing here. Nowadays many private firms and joint ventures appear. Kazakhstan has established diplomatic relations with seventy countries of the world. President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev is highly respected not only in this country but abroad as well because he is an honest and intelligent statesman.  The most important industrial centres are Karaganda, Pavlodar, Zhezkazgan, Taraz. Our country is rich in mineral resources and minerals. Copper, iron, zinc, lead, coal are mined in Kazakhstan. Now the aim of independent Kazakhstan is to become the country of high technology.  Kazakhstan is good for a place of useful health resorts. People can improve their health at the resorts in Kostanay, Kokshetau, Almaty. They say that Kokshetau is «Kazak Switzerland» because its nature is beautiful and climate is mild. Kazak people are friendly and open-hearted.  Almaty is the cultural, Scientific, economic and transport centre of Kazakhstan. This is one of the most beautiful cities of Asia. The city has a mild climate. Summer in Almaty lasts from May till September with the average temperature of 22 degrees in July. Winter is not very cold with the average temperature of 8 degrees below zero in January.  The city was founded in 1854. Till 1921 it was named Verny. In 1929 Almaty became the capital of the Kazak Socialist Republic. Almaty was the capital of independent Kazakhstan till November 1997. Nowadays the city has seven theatres, many cinemas, hundreds of clubs, libraries and other cultural and educational centres. The most important theatres are the Kazak State Academic Opera and Ballet Theatre named after Abai and the Kazak State Academic Drama Theatre named after M.Auesov. The city also has the Russian, Uigur, Korean theatres and many other troupes.  Verny had only one gymnasium. Now in Almaty there are 185 schools of general education, a lot of technical secondary schools and Universities. Almaty is a University city. Young people from different places og Kazakhstan come to study here.  Almaty is situated at the food of the Ala-Tau montains. The climate is very favourable for gardening. Everybody in kazakstan knows the world famous apples «aport». The citizens of Almaty are proud of the well known skating-rink «Medeo». It is equipped with all modern sport facilities. The most important competition are held there.  Almaty is the city of kind and hospitable people. It is a great pleasure to visit it.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Т?уелсіздікті? 30 жылды?ына арнал?ан сценарий мектепалды даярлы?
  • Т?уелсіздікті? 30 жылды?ына арнал?ан сценарий бастауыш
  • Т?уелсіздікті? 30 жылды?ына арнал?ан сценарий балаба?шада
  • Т?уелсіздікті? 30 жылды?ына арнал?ан сценарий 11 сынып
  • Т?уелсіздікке байланысты сценарий