Тал егу акциясы сценарий

Материал дополнительного образования «Дәстүрлі ағаш егу» акциясы скачать

«Дәстүрлі ағаш егу» акциясының іс — шара

БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты:

Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен
шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялдауға қорғауға әр азаматтың
өз үлесін қосу.

Көрнекілігі: шарлар стенд, плакат, ұлағатты сөздер, көрме,
гүлдерден

компазиция.

Қатысушылар саны -70 (оқушылар, мұғалімдер, білім бөлімінің
әдіскерлері,

«Шу өңірі» газет тілшілері, ата — аналар, ауыл тұрғындары және

шақырылған қонақтар).

Ашылу салтанаты:

Жүргізуші:

Табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені,
тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген
сәні. Табиғат, Жер-ана, Атамекен, Туған жер, ауылым, деген
бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас. Туған жердің барлық табиғи
қадір қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды.

Сұлу дала. Менің сүйгем еркемсің ,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,Туған жер! Тамашасың көркемсің.

Табиғат, қызығамын сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

Құрметті ұстаздар, қадірменді ауыл тұрғындары
және болашақ табиғат

қорғаушы өрендер! Бүгін «Дәстүрлі ағаш егу» акциясына қош
келдіңіздер!

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Қалибек Данагүл
«наурыз көктем» әнін орындайды.

Жүргізуші: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш тал менен гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Шу өңірі — табиғаты әсем, құт дарыған, киелі мекен, ал қазіргі
кезде бұл өңірдің экологиялық жағдайы қорғауды қажет етіп тұрған
бірден-бір өлке болып табылады.

Ауылым-ырысы мол құт мекенім

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саянда ойнап, өсіп, білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

«Жерұйық» жас натуралистер станциясының директоры Р.Абдикеримова
сөз кезегін берейік.

Жүргізуші:

Арманы көп адамның,

Талабы көп қоғамның.

Тілін табу баланың ,

Талабы ғой заманның

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Болатбек Айбек —
« Жарайма » әнін орындайды

Жүргізуші:

«Жерұйық» жас натуралистер станциясының оқу —
ісі жөніндегі орынбасары: Шакирова Рая Шайымкулқызына сөз кезегін
берейік.

Жүргізуші:

Айгөлек -ау, айгөлек -ау

Айдың жүзі дөңгелеп,

Айдай туған кезімде

Би билейік дөңгелеп.

Ғ. Мұратбаев орта мектебінің оқушыларының қазақша биі

Жүргізуші:

Білім орда мекені

Табиғатты сүйеді

Табиғаттың тынысын

Адамзатқа үйретер

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің директоры: сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші:

Табиғат алтын күнім, күміс айым

Шашылған жұлдыз, меруерт жастанайын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.

Табиғат — көркем жырым, асқақ әнім.

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде гүл боп, көкте күн боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Ғ. Мұратбаев орта мектебінің оқушыларының өзбек биі

Жүргізуші:

Табиғат , сен тіршілік тұнып тұрған

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан

Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың

Адамға сұлулықты шын ұқтырған

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Амангелды
Еркежан — «Туған жер» әнін орындайды.

Жүргізуші:

Қорыта келе айтарымыз еліміз кең байтақ. Бүкіл
әлем елдер арсында жер көлемі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Сол кең
байтақ жеріміздің тек 4,5 пайызы ғана орманды жер екені баршамызға
мәлім. Сондықтан, еліміздегі әрбір елді мекенді, әрбір ауланы жас
желекпен көмкеруге, көректендіруге, көгеріштендіруге атсалысайық.

«Бір тал кесең- он тал ек» демекші
барлықтарыңызды тал көшеттерін отырғызуға атсалысуға шақырамыз.

Бүгінгі акциямыздың негізгі мақсаты «Дәстүрлі
ағаш егу мерекесін қолдайық» атты үндеуді қолдай отырып, бәріміз
бір кісідей далаға ағаш егу шығайық.

Марапаттау рәсімі : «Жерұйық» жас натуралистер
станциясының директоры мен әдіскер Садыкова Қуанышкуль марапаттады.

Жабылуы: хормен «Атамекен» әні орындалады.

Бөлім меңгерушісі А.Камзолданова

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалған дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Экологияны жақсартып, қаланың микроклиматын қалыптастыруға әсер етеді.

Сол себепті, көктем сайын Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өткізіп, ашық алаңқайларға, көше-даңғыл бойына көптеп-көлемдеп ағаш отырғызу игі дәстүрге айналған. Оның сыртында Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың соңына дейін «Жаңа туған әр нәрестеге – бір ағаштан» экологиялық акциясын қолға алды. Перзентханадан шығарда әр баланың ата-анасына ағаштың нөмірі, отырғызылатын орын сызбасы мен құттықтау конверті қоса табысталады. Дүниеге іңгәлап келген әр астаналықтың атындағы ағашқа қала сыртындағы «Жасыл белдеу» аумағында, дәлірек айтсақ, Қарқаралы тас жолының бойында арнау­лы орын бөлінген. Осынау игі істен қала тұрғындары да қалыс қалмай, үйлерінің алдында тал отырғызып, үлгі көрсетсе игі. Осы орайда, «Астананың топырақ құрамы, жер, климат жағдайында қандай ағаш түрін отырғызуға болады?» деген сауалды «Астана көгалдандыру құрылысы» ғылыми негізді мекемесінің бас агрономы Бахтияр Шаймұханбетовке қойғанды жөн көрдік.
– Астанамыз қуаң дала төсінде, оның күңгірт қоңыр, қоңыр топырақты, бетегелі-селеулі құмайт белдеуінде орналасқан, сол себепті топырақ жабыны алуан текті болып келеді. Ал климат жағдайына келер болсақ, қысы ұзақ, ауа райы күрт құбылмалы, ылғалдылық аз, көктем кештеу келеді. Мұндайда кез келген тал-теректің алғашқы екі жылдағы күтіміне айрықша мән берген жөн, – дейді Бақтияр Теміржанұлы. – Яғни, көшетті отырғызғаннан бастап оны суару, түбін қопсыту, топырағын ұдайы құнарландырып тұру қажет. Жауынды-шашынды күндері жел жұлып кетпес үшін түбіне арнаулы тіреу қояды. Ақпан-наурыз айларында әлі ауа райы қалыпқа түспеген кезде өсімдік күннің тіке түсуінен зардап шегуі мүмкін. Сондықтан ағаштың сүңгегін (діңін) арнаулы дымқыл шүберекпен жақсылап ораса, құрғап кетуден әрі кеміргіш зиянкестерден сақтайды. Өсімдік жақсы тамыр жаю үшін жер үстіндегі бөлігін жыл аралатып бұтарлап тұрған дұрыс. Сондай-ақ, қыс қарсаңында суару тал-теректің төзімталдығын арттырады.
Астана қаласын абаттандырумен айналысатын «Астана көгалдандыру құрылысы» мекемесінің 349 га арнау­лы тәлімбағында ағашты-бұталы өсімдіктердің 50-ден аса түрі өсіріледі. Атап айтқанда, ағаш түрлерінен: шырша, сібір балқарағайы, кәдімгі қарағайы, салпаншақ қайың, шегіршін, уссурийлік алмұрт, емен, сәмбі тал, үйеңкінің екі-үш түрі, ұсақ жапырақты жөке, кәдімгі шетен, бәйтерек, вирджин мойылы, кәдімгі шаған, қызыл талды бадам және т.б. өсіріп, Арқа топырағына бейімдейді. Ал бұталы өсімдіктер қатарынан ырғай, ем арша, көріктал, үшқат, бозқараған жергілікті климат жағдайында өсіруге қолайлы. «Жеке үйінің ауласына немесе көпқабатты үйдегі көршілерімен бірге көптеп-көлемдеп айналасын абаттандырғысы келетін қала тұрғындарына «Астана Көгалдандыру құрылысы» мамандары қашанда кеңес беріп, көмек қолын созуға әзір» дейді бас агроном Бахтияр Шаймұханбетов. Ендеше көктемнің жайма-шуақ күндерінде тал егіп, сүйікті қаламызды ажарландыруға өз үлесімізді қосайық.

Әділбек ЖАПАҚ

Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. “Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын” деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай. Бұны жете түсінген тәуелсіз елдің ұландары бүгінде бүкіл республикалық “Ағаш отырғызу” акциясын бастады. Оған қазалылықтар да біркісідей атсалысуда. Сенбі күні бірқатар мекеме қызметкерлері мен тұрғындар келешек кент көшелеріне көрік беретін жасыл желектер егіп, суғарды.

Таң атысымен табиғатты аялауға арналған біркүндікті аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан бастап, алғаш болып ағаш өскінін екті. Табиғат жанашырлары сол күннің өзінде Жанқожа батыр кесенесінің маңына 200-ден аса әртүрлі ағаш көшетін отырғызған. Шараны ұйымдастырушылар егілген ағаштар таза ауа беріп ғана қоймай, жақында бірігетін қала мен кент арасындағы жолдың сәнін аша түсетінін айтады.

Бұған дейін Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі осында жерсіндірілген ағаштарды аудан тұрғындарына тарататынын жазған болатынбыз. Бұның негізгі мақсаты таза ауа беретінінен бөлек қасиеттері бар талдарды аудан көлеміне таратып, жасыл желекке орандыру еді. Бұл жолы да еріктілерді ағаш түптерімен аталған мекеме мамандары қамтамасыз еткен. Ал көшеттерді суару мәселесін шешуге “Эко-Сервис-Консалтинг” серіктестігі көмектескен.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және «Ел Арай» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Талсуат ауылдық округінде орналасқан «Мүгедектерді оңалту» орталығында Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Келбеті көркейген Қызылорда» акциясы өтті. Оған облыстық этномәдени бірлестік белсенділері, мекеме қызметкерлері, оңалту орталығында ем алушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова: «Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп, үлген игі бастаманы қолға алып отыр. Ағаш отырғызу акциясы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылуда. Жалпы атаулы мереке аясында Ассамблея тарапынан 200-ге тарта қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі бастамаға аға буын өкілдері, жастар, мекеме ұжымдары да қолдау көрсетуде.

Егер әрбір азамат, әсіресе жастар, елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Қала – ортақ үйіміз, оның көркеюі мен жасыл желекке айналуы ел мерейі. Игі істерімізге сәттілік тілеймін!», -деді.

Шаһардың 200 жылдық мерекесіне орай қаланың көркеюіне үлес қосу, аймақтағы түрлі этнос өкілдерін қоғамдық-мәдени іс-шараларына қатыстыру мақсатындағы акция орталық саябағына 600-ден астам көшет отырғызумен басталды.

Игі шараға белсенді қатысқан «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова: «Өңірімізде ағаш егудің игі дәстүрге айналғаны бізді қуантады. Облыстық ассамблея мүшелері қаланың көркеюіне атсалысып, үлгілі істерімен үлкен шараға үлестерін қосып жүр. Бүгінгі еккен көшеттеріміз бірнеше жылда жайқалып өсіп, қаланың сәнін ашады деп сенемін», – деді.

Тал егу акциясы – өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Еккен талдар қаланың экологиялық жай-күйін жақсартатыны да сөзсіз. Акцияға қатысқан оңалту орталығының емделушілері: «Бүгін еккен ағаштар тамыр тартатынына сенімдіміз. Алдағы уақытта жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады», – деді.

Тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесін тигізу үшін акцияға облыстық ҚХА жанындағы Жастар қанатының мүшелері де барынша атсалысты. Қаламыздың абаттанып, шырайын әрлендіре түсу үшін өз күштерін аямайтындарын айтып өтті.

«Дәстүрлі ағаш егу» акциясының іс – шара

БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты:

Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялдауға қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу.

Көрнекілігі: шарлар стенд, плакат, ұлағатты сөздер, көрме, гүлдерден

компазиция.

Қатысушылар саны -70 (оқушылар, мұғалімдер, білім бөлімінің әдіскерлері,

«Шу өңірі» газет тілшілері, ата – аналар, ауыл тұрғындары және

шақырылған қонақтар).

Ашылу салтанаты:

Жүргізуші:

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер-ана, Атамекен, Туған жер, ауылым, деген бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас. Туған жердің барлық табиғи қадір қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды.

Сұлу дала. Менің сүйгем еркемсің ,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,Туған жер! Тамашасың көркемсің.

Табиғат, қызығамын сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

Құрметті ұстаздар, қадірменді ауыл тұрғындары және болашақ табиғат

қорғаушы өрендер! Бүгін «Дәстүрлі ағаш егу» акциясына қош келдіңіздер!

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Қалибек Данагүл «наурыз көктем» әнін орындайды.

Жүргізуші: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш тал менен гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Шу өңірі – табиғаты әсем, құт дарыған, киелі мекен, ал қазіргі кезде бұл өңірдің экологиялық жағдайы қорғауды қажет етіп тұрған бірден-бір өлке болып табылады.

Ауылым-ырысы мол құт мекенім

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саянда ойнап, өсіп, білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

«Жерұйық» жас натуралистер станциясының директоры Р.Абдикеримова сөз кезегін берейік.

Жүргізуші:

Арманы көп адамның,

Талабы көп қоғамның.

Тілін табу баланың ,

Талабы ғой заманның

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Болатбек Айбек – « Жарайма » әнін орындайды

Жүргізуші:

«Жерұйық» жас натуралистер станциясының оқу — ісі жөніндегі орынбасары: Шакирова Рая Шайымкулқызына сөз кезегін берейік.

Жүргізуші:

Айгөлек –ау, айгөлек –ау

Айдың жүзі дөңгелеп,

Айдай туған кезімде

Би билейік дөңгелеп.

Ғ. Мұратбаев орта мектебінің оқушыларының қазақша биі

Жүргізуші:

Білім орда мекені

Табиғатты сүйеді

Табиғаттың тынысын

Адамзатқа үйретер

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің директоры: сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші:

Табиғат алтын күнім, күміс айым

Шашылған жұлдыз, меруерт жастанайын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.

Табиғат — көркем жырым, асқақ әнім.

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде гүл боп, көкте күн боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Ғ. Мұратбаев орта мектебінің оқушыларының өзбек биі

Жүргізуші:

Табиғат , сен тіршілік тұнып тұрған

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан

Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың

Адамға сұлулықты шын ұқтырған

Ғ.Мұратбаев орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Амангелды Еркежан — «Туған жер» әнін орындайды.

Жүргізуші:

Қорыта келе айтарымыз еліміз кең байтақ. Бүкіл әлем елдер арсында жер көлемі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Сол кең байтақ жеріміздің тек 4,5 пайызы ғана орманды жер екені баршамызға мәлім. Сондықтан, еліміздегі әрбір елді мекенді, әрбір ауланы жас желекпен көмкеруге, көректендіруге, көгеріштендіруге атсалысайық.

«Бір тал кесең- он тал ек» демекші барлықтарыңызды тал көшеттерін отырғызуға атсалысуға шақырамыз.

Бүгінгі акциямыздың негізгі мақсаты «Дәстүрлі ағаш егу мерекесін қолдайық» атты үндеуді қолдай отырып, бәріміз бір кісідей далаға ағаш егу шығайық.

Марапаттау рәсімі : «Жерұйық» жас натуралистер станциясының директоры мен әдіскер Садыкова Қуанышкуль марапаттады.

Жабылуы: хормен «Атамекен» әні орындалады.

Бөлім меңгерушісі А.Камзолданова

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Тактико специальные учения сценарий
  • Тактаташ асыу сценарий
  • Таджикский национальный праздник
  • Таксист сценарий читать
  • Такой праздник реутов