Танымды? кеш сценарий

Cкачать: "Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі" тарихи-сахналық кеш. Сценарий

Ақмола облысы

Аршалы ауданы

№3 Аршалы орта мектебі

"Тәуелсіздік белесі-
ұлы арман кемесі"

(Алашорда, желтоқсан-тәуелсіздік бастаулары)

Әлихан Бөкейханұлының 
150 жылдығы

(тарихи
сахналық-бейне қойылым)

тарих пәнінің мұғалімі

                                 
Мұратова Маржан Абдумуталапқызы

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadfМақсаты
:

1. Оқушылардың бойында Қазақстанның
өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы
танымдарын қалыптастыру Тәуелсіздік  жолында  құрбан  болған қазақ халқының
аяулы ұлдарының  ерлігімен таныстыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын
ояту.

2.Қазақстанның  болашақ дамуына жеке тұлға
ретінде әр оқушының өзіндік үлес қоса алатынын және Отан алдында азаматтық
парызы бар ұғындыру.

3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін  
қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі: «ХХ
ғасыр басындағы Қазақстан», «Зұлмат жылдар», «Алаш зиялылары» «Желтоқсан»,
«Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильдері, «Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі»
тақырыбында баннер, қабырға газеттері, кітап көрмесі, тәуелсіздікдің 25
жылдығына арналған оқушылар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі.

Қатысушылар:

Әлихан Бөкейханов-қоғам және
мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда
автономиялы үкіметінің төрағасы, «Алаш» партиясын құрушы әрі жетекшісі

Мұстафа Шоқай-Алащорда
үкіметінің мүшесі, қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының
белсенді мүшесі.

Міржақып Дулатов-Ақын-ағартушы,
үкімет мүшесі.

Мұхамеджан Тынышпаев-инженер-құрылысшы,
атақты Түрксіб магистрасын салуды ұйымдастырушы. Бірінші болып «қазақ»
шежіресін өмірге әкелуші.

Ахмет Байтұрсынов-Ақын-ағартушы.
Алғашқы қазақ алфавитін жасаушы қоғам қайраткері.

Сұлтанмахмұт Торайғыров-жас ақын

Қойылым
4 актілі, бірнеше тарихи кезеңдерден, кішігірім көріністер көрсетіледі.

НКВД
тергеушісі

Айдауылдар
(конвой)

Желтоқсан
көтерілісіне қатысушылар Қайрат, Ләззатт, Сәбира, т.б.

Алаңдағы
жастар

КГБ
тергеушісі

Тәуелсіздік
мерекесіне қатысушылар(әртүрлі ұлттық киімдермен)

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadf

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadf«Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі»

(Алашорда,
желтоқсан-тәуелсіздік бастаулары)

тарихи
сахналық-бейне қойылым

І-көрініс

Сахнада бірнеше
орындықтар және президиум столы қойылған.  Жоғарыда ұран шүберекке жазылып
ілулі тұр: «Жалпы қазақ съезіне қатысушыларға сәлем!»

Экранда 1914-1917
жылдардағы тарихи оқиғалар автордың сөзімен көрсетіле бастайды. Бәсең  дауыспен
әсерлі марштар орындалып тұрады.

Автор сөзі: 1914 жылы
басталған бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуы елдің барлық
аймақтарына өз ауыртпашылықтарын әкелді. Соғыстың ұзаққа созылуы Ресей
империясына қарасты барлық өлкелерде оның ішінде Қазақстан жерінде жалпы
халықтың кедейлене түсуіне, жоқшылыққа ұшыратты. Осындай қайшылықтардың соңы
Ресейде Ақпан және Қазан төңкерістеріне апарып соқтырды. Патша тақтан
тайдырылып, Уақытша және Кеңес өкіметтері құрыла бастады.  Осы оқиғалар сол
кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы саяси қоғам қайраткерлерінің  қазақ елінің
болашағына деген алаңдаушылығын оятты.

1917 жылдың 513
желтоқсан күндері Орынбор  қаласында 2-ші жалпықазақ съезі өткізілді.

Сахнаға делегаттар жинала бастады

Мұхамеджан

Тынышбаев (Ибрагим):   Құрметті
делегаттар! Съезд делегаттары толық жиналғанша   Мірағадан (Міржақып) «Оян
қазақ» өлеңін өз аузынан

айтып
берсе екен деп сұраймын. Қалай қарайсыздар?

Дауыстар (Мирас):             Айтсын,
айтсын, рухымыз көтерілсін.

Міржақып

Дулатов(Асылбек): Осындай қуанышты
күндері неге айтпасқа, Мұхамеджан  қарағым айтайын  (өлең көтеріңкі күймен
оқылады)

 Көзіңді
аш, оян, қазақ, көтер басты,

 Өткізбей 
қараңғыда бекер жасты.

 Жер
кeттi, дін нашарлап, хал һарам  боп,

 Қазағым,
енді жату жарамасты. 

Дауыстар (Ернияз):                       Жарайсын,
бәрекелді

Залға
3-4 делегаттармен Әлихан кіріп келеді.

Дауыстар (Мирас):             Әлекең
келеді. Көш бастар арысым осы!

Сұлтанмахмұт

ортаға шығып (Шоқан) :

Көш
бастаған еріміз!                                      Алаш туы һәм бағын,

Қуанышты
еліңіз                                             Көзбен көріп төленді

Төбеміз
көкке жеткендей                                Көптен бергі теріңіз

Көкіректен
бүгін кеткендей                            Алаш туын қолға алған

Сізді
көріп шеріміз                                          Қараңғыда жол салған

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadfЕліңіздің бұл
шағын                                        Арыстаным келіңіз!

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadfДауыстар
(Ақылжан):
Оу,
мынау «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн

болам!»
— дейтін алмас ақын Сұлтанмахмұт қой. Жаса ақыным.

Әлихан (Құралбек):           Рахмет,
Мақмұт інім, шығар биігің көп болсын. Ал,

құрметті
делегаттар, съезд жұмысын бастайық. Съездің күн  тәртібінде «Алаш» партиясы
мынандай мәселелерді қарауды ұсынады. Алаш партиясы атынан Мұстафа Шоқайға сөз
беріледі.

Мұстафа Шоқай
(Бердібек) :

Құрметті делегаттар! Мына мәселелерді ұсынамын:

1. Қазақ елінің
аумағында Алашорда автономиясының республикасын құру туралы

2. Республикаға
басшылық жасайтын үкімет-Ұлттық Кеңес құру туралы

3.Үкімет төрағасын
сайлау және көптеген маңызды мәселелер қаралады.

Ағайындар,
алдымызда соқпағы мен бұралаң жолы көп тарихи кезеңдер келе жатыр. Ішкі Ресейде
Петроградта, Мәскеуде Уақытша үкімет пен большевиктер Кеңестері билікке
таласуда, Ресей халқы екіге жарылып, ақ гвардияшы-қызыл гвардияшы болып,
бірін-бірі жұлып жеуге дайын тұр. Ал біз ат төбеліндей қазағымызды осындай
қанды тартыстардан алып қалуға міндеттіміз. Қазірдің өзінде ортамыздағы Алашқа
белгілі азаматтар Әліби Жанкелдин, Аманкелді Иманов, Тоқаш Бокин, Тұрар
Рысқұловтар большевиктер Кеңесіне бет бұруда. Халқымыз айтқан «Бөлінгенді бөрі
жейді» деген, азамат соғысын Ресейдің ішкі ісі деп қарау керек. Біз өз
елімізді, өз Алашымызды тарихтың тезіне салмай, өз тағдырымызды өзіміз шешетін
үкімет құруды ұсынамын.

Мұңды мелодия
ойналып, сахна жабылып, 1920-37 жылдар арасындағы Қазақстандағы түрлі зұлмат,
қуғын сүргіндер туралы кинокадрлар көрсетіліп, автордың сөзі оқылып тұрады.

Автор: 1917
жылдың 5-13 желтоқсанындағы өткен 2-жалпықазақ съезі көптеген тарихи шешімдер
қабылдады. Ең маңыздысы Қазақстан аумағында Алашорда автономиясы құрылды.
Құрамында 15 делегаттан сайланған Үкімет төрағалығына бірауыздан Әлихан
Бөкейханов сайланды. Алашорда автономиясының орталығы болып Орынбор қаласы
жарияланды. Жалпы Алашорда құрамына сайланғандар қазақтың сол уақыттағы жоғары
білімді, көзі ашық, төрткүл әлемде болып жатқан өзгерістерден хабары бар зиялы
қауым өкілдері болатын. Олардың арасында заңгер де, экономист те, инженер де,
дәрігер де, педагог та болды.

Өкінішке орай,
Кеңес өкіметі күш алып, барлық елді мекендерде өз биліктерін орната бастады.
Болшевиктік көсемдер Алашорда үкіметінің бағытын өздерінің
әміршілдік-әкімшілдік билік жүйесіне қауіпті деп санап, оларды қудалай бастады.

ІІ көрініс

 НКВД
түрмесі. Тергеуші столы, алдында басы таңылып, қанға боялған Әлихан отыр.

Тергеуші
(Бердібек):

Қалайсың! (мысқылмен) Есімің-Әлихан, тегің-Бөкейхан, неғылған қаптаған хандар.
Хандықты көкседің бе, сұмырай! Болшевиктер билігін құлатқың келеді ме? Қане айт
қандай ұйымдар құрдың? Жақтастарыңның есімін ата!

Әлихан (Құралбек): Қарсы
ұйым құрған ешкім жоқ, тек біз өз жерімізде, өз елімізде ұлтымыздың жерін,
суын, дінін, тілін сақтап қалуды армандадық.

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadfТергеуші (Бердібек) : Жап
аузыңды! Шеттеріңнен елім, жерім, тілім деп сайрауға мықтысыңдар. Болшевиктер
билігі деген орыстың билігі екендігін неге түсінбейсің, ей сорлы? Ей, конвой,
Ахмет Байтұрсыновты алып кел, екеуін қосып сайратайық. Қазақ алфавитін жасаған
дейді, көрейік мықтыны.

Есіктен  Ахмет кіреді, оның да азапталғаны көрініп
тұр.

Әлихан (Құралбек): Ахмет! Бауырым!

Ахмет (Ақылжан) : Әлеке (құшақтап
өлеңдете бастайды)

Қырағы,
қия жазбас сұңқарым-ай!

Қажымас
қашық жолға, тұлпарым-ай!

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadfҮйілген өлексені
өрге сүйреп,

Шығармақ
қыр басына іңкәрім-ай.

Жарқырап
жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген
төбемізден бұлт арылмай.

Тергеуші
(Бердібек):

Тоқтат, ей екі мұңлық! Қылмыстарың дәлелденді. Кеңес өкіметіне қарсы шығып,
хандық құрмақ болдыңдар. Енді сендердің істегендеріңді КСРО Жоғары соты
қарайтын болды. Так что, көрлерің қазулы тұр, ұлтшылдар! Конвой алып кет
мыналарды.

Конвой ақырып
жекіріп, түйгіштеп алып кетеді. Сахна жабылып, мұңды мелодия ойналады. Экранда
репрессия құрбандарының есімдері көрсетіліп, бейнелері беріліп жатады.

Автор: Алашорда
қозғалысына қатысушылар түгелдей Сталиннің әміршіл-әкімшіл жүйесінің құрбаны
болды. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери  алқасы «Кеңеске қарсы
күресті, террористік орталықпен байланысы болды» деген негізсіз себептермен
үкім шығарып, қазақтың аяулы ұлы Әлихан Бөкейханов ату жазасына кесілді.

Музыка тынып
қалып, қайта өршелене ойнайды, бірте-бірте бәсеңдеп, экранда мынадай мазмұнда:
30 жылдардағы ашаршылық, қуғын-сүргін, Ұлы отан соғысы, тың игеру, Семей
полигоны, Арал апаты, Горбачев заманы, бос қалған магазин сөрелері, кезекке
тұрған адамдар, т.б. бейне кадрлар көрсетіліп тұрады.

Автор: Ұлт
азаттығын аңсаған Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафалар атылып, қуғын сүргінге
ұшырағанымен, олардың асыл армандары мен мұралары ондаған жылдар бойына кейінгі
ұрпақтардың бойына тәуелсіздікке деген бас тігу дәнін сеуіп кетті. Араға
көптеген жылдар салып, 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік дәні қайта
көктеді.

ІІІ көрініс

Сахнада
алаңда тұрған бір топ жастар, қолдарында плакаттар (Д.Қонаев суреттері) және
ұрандар (Әр ұлтқа өз көсемі) шулап, қол сермеп тұр.

Дауыстар:
-Қашанғы өз елімізде өз көсемімізді сайлай алмаймыз?

-Тіліміз
жойылып, мәңгүрт болуға айналдық!

-Алматыда
қазақтарға пәтер бермейтін болды!

-Бізді
қашанғы басына береді?

Солдаттар
келеді, қолдарында резина таяқ, сапер күрегі.

Командирі (Құралбек) : -Тараңдар,
әйтпесе күш қолданамыз.

Жастар(шулап): -Тарамаймыз,
бізге жауап берсін!

«Менің
Қазақстаным» әнін шырқайды.

Солдаттар тап
беріп, ұрып-соғып, қуып таратады. Осы кезде экранда желтоқсан оқиғасы туралы
кинокадрлар көрсетіліп тұрады.

Сахна қайта
ашылып, мұңды мелодия ойналады.

КГБ тергеушісі
алдында Қайрат Рысқұлбеков отыр. Басы таңылған, азапталған.

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadfТергеуші(Қуаныш): Слушай, сен
ақымақ қазақ, сені алаңға кім шығарған? Жастарды қоздырып жүрген кімдер? Кәне
сөйле!

Қайрат(Бердібек): Азамат
тергеуші, мені алаңға шығарған өз жүрегімнің қалауы, қорланған тілімді, дінімді
көріп оянған намысым!

Тергеуші(Қуаныш): Қалай
түсінбейсіңдер, жарты әлемге әмірін жүргізіп отырған Мәскеу билігіне қарсы
шығатын сендер кімсіңдер? Сорлылар тұқымдарыңмен тоз-тоз боласыңдар!

Қайрат(Бердібек):    Қайрат деген
атым бар!

                                    
Қазақ деген затым бар!

                                    
Еркек тоқты құрбандық!

                                    
Атам десең атыңдар!

Тергеуші(Қуаныш): Мә, саған
еркіндік, мә саған тәуелсіздік (ұрып, тебе бастайды)

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadfКонвой, мынаны карцерге тастаңдар,
құрт-құмырсқа жесін!

Ес-түссіз Қайратты
сүйретіп алып кетеді. Тағы да мұңды мелодия ойналып, кадрлар көрсетіле
бастайды. (Желтоқсан желі, Қара бауыр қасқалдақ ойналады)

Автор: 1986
жылдың 17-19 желтоқсан күндерінде Алматыда болған көтеріліске қатысушы қазақ
жастары қуғын-сүргінге ұшырады. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты
қайсар ұл-қыздары құрбан болды.

Әміршіл-әкімшіл
жүйеге қарсы Қазақстанда болған желтоқсан көтерілісі іле-шала 1988-1991 жылдары
Бакуде, Вильнюсте, Москвада болған көтерілістерге түрткі болып, Кеңестер
Одағының  таратылу кезеңін жақындата түсті.

IV көрініс

Сахнада үй ішінде
қарт атасы мен әжей отырады. Қолдарында кішкентай немересі. Немерелерін
қызықтап, айналып толғанып отырады.  Кенеттен есік ашылып, мектеп жасындағы
немересі «Сүйіншілеп» айқайлап кіреді.

Немересі (Ақерке): Сүйінші
ата! Сүйінші әже!

Ата, әжей(Мирас,
Елугүл)
:
Не болды қарағым? Я, АЛЛА қолдай көр!

Немересі (Ақерке): Сүйінші
ата! Тәуелсіздік! Біздің ел өз тәуелсіздігін , жариялады!

Атасы(Мирас): Не дейді қарағым? (Қолын жайып жоғары
қарап) көз жасымызды Алла көрген екен ғой, әй бәйбіше ақ түйенің қарны жарылды,
көшеге шығайық. Шашуыңды ал, шашуыңды!

Сахнаға қолдарына
жалау, шар ұстаған барлық қатысушылар шыға бастайды, «Елім менің Аңсаған!» әні
орындалады. Шулаған дауыстар:

-Тәуелсіздік
жасасын!

-Қазақ
елі мәңгілік болсын!

-Шашу,
шашу!

Экранда
қазіргі Қазақстан.

Автор: 1986 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан
Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы
аңсаған тәуелсіздік таңы арайлап атты!

1-оқушы

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..

2-оқушы

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

79fd1043c76e63e8a2aab76ec183dadfӘнімді
бес құрлықтың бәрінде айтам.

3-оқушы

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолын жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан.

Соңы. Сахна жабылады.

Батыс ?аза?стан облысы Б?кей Ордасы ауданы
Бисен Жаникешев атында?ы ЖББОМ-ні? психологі
 ТЛЕПОВА АЛИЯ ЕРКАЕВНА

«Еркем-ай» танымды? кеші
 даму м?мкіндігі шектеулі о?ушылармен ж?ргізілген танымды? кеші

?айырлы к?н ??рметті ?стаздар ж?не о?ушылар!
?ош келді?іздер. Б?гінгі сайысымыз 4 б?лімнен т?рады.«Тез ойлайы?» с?ра?-жауап, «Торк?здерден т?менде берілген с?здерді тап», «Адас?ан суреттер» ж?не «Кім шапша?» ойыны ар?ылы 3 топ болып ба?тары?ды сынайсы?дар.
Сіздерді? ?нерлері?ді ба?алайтын ?діл?азы м?шелерімен танысайы?.

Асып ?сте саспайы?,
Сайыс ?ызы?ын, ей достар,
Осылайша шабытпен
?ане енді бастайы?.

Жинал?ан б?гін бал?ындар,
Ж?регі от боп жалындар.
Топтарды? б?рін, халайы?
?ол со?ып ?арсы алайы?.

Ал ендеше дайын болса? сайысымызды бастайы?. Алдымен топтары?ызды? ?ранын айтып ?ті?іздер.
1.    Ендеше ?здері?ізді к?рерменге таныстырып ?тсе?із, ал?аш?ы б?лімімізді бастайы?. ?ш топ?а с?ра?тар ?ойылады, ?р с?ра? бір ?пай болып есептеледі.
2.    Торк?здерден т?менде берілген с?здерді тап. 

3.    «Адас?ан суреттер»
Баланы? ойы ?ш?ыр-а?,
Т?рады олар жалындап.
К?рініс жайлы ой ?оз?ап,
Талассын пікір арындап.

4.    «Кім жылдам?» ойыны

Сауса?ты ?ос ішекте безілдеткен,
Сар?ады сабырымды т?зімді еппен.
Си?ырлы дыбыстар?а еліктейді
Сыры?а ??штар еді сезім неткен?!

К?й: Еркесыл?ым

К?йін-ай к?мбірлеген домбыраны?,
К??іліме а??у ?уен ?ондырамын.
Санамда санду?аш-с?з саялатып,
Сабамды толтырады сол бір а?ын.

    Ата-ананы? тілегі-
    Адам болып ?скені?.
    ?дептілік дегені?-
    ?р?ашан да керегі?.
    ?семпазды? дегені?-
    ?уре-сарса? ?легі?.
    Т?ртіпті болса? білім ап,
    Пайдалы болма? ?зі?е.
    Азамат бол?ан кезі?де.

    Міне, балалар б?гінгі кешімізде ?з м?ресіне жетті. Алда тек жа?сы жетістіктерімізбен биіктерден к?ріне берейік. Сау болы?ыздар.

Просмотр содержимого документа

«еркем-ай танымды? сайысы »

2-с?билер  «Балапан» тобыны? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні?  технологиялы?  картасы

К?ні   12.11.2015

Білім беру саласы:  Таным.

Б?лімі:     ?арапайым математика.

Та?ырыбы:   « Та?,к?ндіз,кеш,т?н. Сол жа?та- о? жа?та,дайын пішіндерді жапсыру».

Ма?саты:       та?ерте?(та?),кешке (кеш)-  т?улік б?лігімен таныстыру.

Міндеттері:   та?ерте?,кеш т?улік б?лігімен таныстыру. Осы с?здерді с?йлеу барысында ?олдану; таныс заттарды к?леміне  ?арай «сол жа??а  ж?не о? жа??а»  салыстыруды ?йрету; ?орша?ан ортадан бір ж?не к?п затты таба білуді дамыту. Балаларды шыдамдылы??а т?рбиелеу.

?ажетті  ??рал- жабды?тар мен к?рнекіліктер:     бір-бірден ?зын ж?не ?ыс?а тікт?ртб?рыштар. ?р бала?а ?ызыл ж?не к?к ?арындаштар.

      С?здік ж?мыс:  та?,к?ндіз,кеш.

      Билингвальді компонент :  шаршы- квадрат.

о?у іс-?рекеті

кезе?дері

Т?рбиешіні? іс-?рекеті

Балаларды? іс-?рекеті

Мотивациялы?-   ?оз?аушылы?

  ?ажайып с?т.

Топ?а секіріп отырып ?оян кіреді.

 Балаларды ?ызы?тырып, олардан: «Б?л

 секіріп кірген не?»-деп с?рау. Ол неден ?ор?ып ж?гіріп кірді екен?

  • Мені, ?ас?ыр жеймін деп артымнан

ж?гірді. ?зер ?ашып ?лгердім. Балалар сендерді? топтарына  «?ас?ыр» келе жатыр, мен жасырынып ?алайын.

 К?не, балалар ?оян?а к?мек берейік, жасырынып ?алсын.

  • Балалар,  бізге геометриялы? фигура

шаршыны алып келі?дер.

 ?ызы?ушылы? танытады.

«?оян»- деп жауап береді.

Т?рбиешімен бірге ?орапты? ішіне  ?оянды жасырады.

   ?йымдастыруш. ізденістік     

-Балалар, сендер ?анда геометриялы? фигураларды білесі?дер?

-Сендер жа?а геометриялы? фигурамен таныс?ылары? келе ме?  Мен сендерге шаршы ала келдім. Ж?мыс д?птерлері?ді ашып, тура осындай фигураны? суретін табы?дар.

-Ше?бер.

-и?.

-Шаршы.

                                                                                                                         ?йымдастырушылы? –  ізденістік

« Шаршыны бастырып сыз» ойыны.

Жа?а геометриялы? фигураны- шаршыны

?арастыруларын с?рау.

  С?здік ж?мыс:  шаршы.

Билингвальды компонент:    шаршы- квадрат.

Балалар?а суреттегі шаршыны ба?ыт сызы?ын бойлай ?олмен басып шы?уды ?сыну. Содан кейін н?кте бойынша ?лкен шаршыны (тікт?ртб?рыш) ?ызыл ?арындашпен, ал кішкентай шаршыны(тікт?ртб?рыш) к?к ?арын

дашпен бастырып сызып шы?у керектігін айту.

 С?ра?тар:

-Балалар, ?ай шаршыны ?ызыл т?спен бастырып сызды?дар?

-Ал к?к ?арындашпен ?андай шаршыны бастырып сызды?дар?

-Сендер бастырып сыз?ан геометриялы? фигура ?алай аталады?

       «Жауабын кім табады?» ойыны.

-Б?л екі ?оянны? біреуін сол жа??а, екіншісін

о? жа??а отыр?ызайы?. Олар бір-біріне  ??сайды.  Ал оларды? бір-бірінен айырмашылы?ын тек е? зерделі бала ?ана

таба алады.

-Оларды? бір-бірінен айырмашылы?ы неде?

     Сергіту с?ті.      « С?р ?оян».

      ?оян сия?ты   секіріп, содан кейін ?кшелеп ж?реміз. Ая?ымызды? ?шымен ж?реміз, одан кейін жылдам ж?ріске ауысып, ая?ында ж?гіреміз.

Ж?мба? жасыру:  «Далада ж?р шап?ылап,

                              Керемет бір са???ла?».(?оян)

?оян ж?мба?ты? ?зі туралы екендігіне ?уанады.

?арайды.

?айталау: шаршы.

?айталайды: шаршы-квадрат.

Тапсырманы орындау.

-?лкен.

-Кішкентай.

-Шаршы.

Балалар суретке назар ауда-

рады.-Сол жа?та?ы ?оянны?

т?сі ?ызыл, ал о? жа?та?ы

?оян к?к.

Айт?анды орындайды.

Ж?мба?ты шешуін табады.

Просмотр содержимого документа

«Та?,к?ндіз,кеш,т?н.»

Ынтымақтың ыстық ықыласы
(танымдық кеш)
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен көрермендер және мектеп оқушылары.
Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні.Бұл күн алдымен елімізге тыныштық пен өзара сенімділік әкелді.Мереке күні кішіпейіл болып, көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болсын!
Барын бағалап, сый-қадірін білген елдің кешегі кемел, бүгінгі кештің қонақтары:Сүйенәлиева Сәуле апай Миялы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбитова Дариға апай кешімізге қош келдіңіздер.Кеш төріне жайғасуларыңызды сұраймын.
Ән: Көзімнің мөлдірін- ай
Орындаушы: Әділбек Құлбатыров.
2-жүргізуші: Ұстаздаркөрсеткен қамқорлығыңызбен аялы алақан лебіздеріңіз үшін басымызды иіп рахметімізді айтамыз. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған ғибратты ғұмырының қымбатты шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келе жатқан ұлағатиесісіздер.
Дариға апай ұстаздық мамандықты өзіңіз таңдай білдіңіз бе?Мамандығыңыз жайлы айта кетсеңіз?
Ақын:Баянғали Әлімжанов «Мұғалім» атты өлеңі оқылады.
Орындайтын: Сүйеуғали Айшат
1-жүргізуші:Өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуге қосқан үлесі өте зор.Сәуле апай сіз бүлдіршіндерді тәрбиелеуге қосқан үлесіңіз жайлы айта кетсеңіз дұрыс болар еді?
Алғыс айту
Кітапханашы:Н.Қойшығали
2-жүргізуші:Ұстаздан дәріс алған шәкірттер Республикамыздың әр өнірінде ел болашағы үшін түрлі салаларды еңбек етуде.Сіз Дариға апай дәріс берген шәкірттеріңіздің әр салада еңбек етіп жүргенін мақтан тұтасыз.Сол шәкірттеріңіз жайлы айта кетсеңіз.
Алғыс айту
Б.Тасқынбай ағайға сөз береміз
1- жүргізуші:Тәрбиеші құрметті мамандық.Балабақшаға ұйқылы ояу келе жақан бөбектердің алдынан жүзінен нұры төгіліп «Сәлеметсіздерме балақайлар!Қалдерің –қалай?»-деп қарсы алатын тірбиешінің бірі-Сәуле апай
Тәрбиешінің еңбегінің жемісі ол өсірген бүлдіршіннің елдің азаматазаматшасы болуында өз қызметінің жайлы айта кетсеңіз?
2- жүргізуші:Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық-ұлы қызмет себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да, данасын да, ғылымын да, егіншісін де кеншісін де ұстаз өсірді!
Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ , сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген екен.
Ақын:Жеңіс Ароновтың «Ұстаз ұлағатты» — атты өлеңі оқылады.
Орындайтын:Айбекқызы Айда
1 – жүргізуші:Қазақтың ұлы педогогы Ыбырай Алтынсарин «Жақсы мұғалім мектептің жүрегі» деген екен.Жақсы ұстаз – баланың бағы. Ұстаз бейнесі – шәкірттер үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі.Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы деп тегін айтпаса керек.Біздің бойымыздан адамгершілік қасиеттер табылып жатса,оның барлығы ата-анамызбен,ұстаздарымыздың дарыған өнер деп түсінеміз.
Би:Қазақ биі
Орындайтын:Қызғалдақ би тобы
2- жүргізуші:Сахна төрінде отырған ұстаздарымыз өз бақытын тапқан асыл ана,ұлағатты ұстаз.Ендеше балдырғанның ең алғашқы баспалдағының куәсі боп жүрген тәрбиеші мен ұстаздарымыздың еңбектеріне табыс тілейміз.
Тек ризашылық күні ғана емес,жас ұрпақ үшін тарих туралы сыр шертетің танылымға толы мереке елімізде аталып өтуде.
1- Жүргізуші:Осымен бүгінігі кешімізді аяқтай келе кеш қонақтарына табысты еңбек,отбасына береке,дендеріне саулық тілейміз:Сіздерді «Алғыс хатпен»марапаттауға ұрықсат етініздер.
Осымен кешімізді аяқтаймыз.Сау саламатта болыңыздар:Ынтымақтың ыстық ықыласы
(танымдық кеш)
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен көрермендер және мектеп оқушылары.
Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні.Бұл күн алдымен елімізге тыныштық пен өзара сенімділік әкелді.Мереке күні кішіпейіл болып, көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болсын!
Барын бағалап, сый-қадірін білген елдің кешегі кемел, бүгінгі кештің қонақтары:Сүйенәлиева Сәуле апай Миялы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбитова Дариға апай кешімізге қош келдіңіздер.Кеш төріне жайғасуларыңызды сұраймын.
Ән: Көзімнің мөлдірін- ай
Орындаушы: Әділбек Құлбатыров.
2-жүргізуші: Ұстаздаркөрсеткен қамқорлығыңызбен аялы алақан лебіздеріңіз үшін басымызды иіп рахметімізді айтамыз. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған ғибратты ғұмырының қымбатты шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келе жатқан ұлағатиесісіздер.
Дариға апай ұстаздық мамандықты өзіңіз таңдай білдіңіз бе?Мамандығыңыз жайлы айта кетсеңіз?
Ақын:Баянғали Әлімжанов «Мұғалім» атты өлеңі оқылады.
Орындайтын: Сүйеуғали Айшат
1-жүргізуші:Өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуге қосқан үлесі өте зор.Сәуле апай сіз бүлдіршіндерді тәрбиелеуге қосқан үлесіңіз жайлы айта кетсеңіз дұрыс болар еді?
Алғыс айту
Кітапханашы:Н.Қойшығали
2-жүргізуші:Ұстаздан дәріс алған шәкірттер Республикамыздың әр өнірінде ел болашағы үшін түрлі салаларды еңбек етуде.Сіз Дариға апай дәріс берген шәкірттеріңіздің әр салада еңбек етіп жүргенін мақтан тұтасыз.Сол шәкірттеріңіз жайлы айта кетсеңіз.
Алғыс айту
Б.Тасқынбай ағайға сөз береміз
1- жүргізуші:Тәрбиеші құрметті мамандық.Балабақшаға ұйқылы ояу келе жақан бөбектердің алдынан жүзінен нұры төгіліп «Сәлеметсіздерме балақайлар!Қалдерің –қалай?»-деп қарсы алатын тірбиешінің бірі-Сәуле апай
Тәрбиешінің еңбегінің жемісі ол өсірген бүлдіршіннің елдің азаматазаматшасы болуында өз қызметінің жайлы айта кетсеңіз?
2- жүргізуші:Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық-ұлы қызмет себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да, данасын да, ғылымын да, егіншісін де кеншісін де ұстаз өсірді!
Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ , сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген екен.
Ақын:Жеңіс Ароновтың «Ұстаз ұлағатты» — атты өлеңі оқылады.
Орындайтын:Айбекқызы Айда
1 – жүргізуші:Қазақтың ұлы педогогы Ыбырай Алтынсарин «Жақсы мұғалім мектептің жүрегі» деген екен.Жақсы ұстаз – баланың бағы. Ұстаз бейнесі – шәкірттер үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі.Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы деп тегін айтпаса керек.Біздің бойымыздан адамгершілік қасиеттер табылып жатса,оның барлығы ата-анамызбен,ұстаздарымыздың дарыған өнер деп түсінеміз.
Би:Қазақ биі
Орындайтын:Қызғалдақ би тобы
2- жүргізуші:Сахна төрінде отырған ұстаздарымыз өз бақытын тапқан асыл ана,ұлағатты ұстаз.Ендеше балдырғанның ең алғашқы баспалдағының куәсі боп жүрген тәрбиеші мен ұстаздарымыздың еңбектеріне табыс тілейміз.
Тек ризашылық күні ғана емес,жас ұрпақ үшін тарих туралы сыр шертетің танылымға толы мереке елімізде аталып өтуде.
1- Жүргізуші:Осымен бүгінігі кешімізді аяқтай келе кеш қонақтарына табысты еңбек,отбасына береке,дендеріне саулық тілейміз:Сіздерді «Алғыс хатпен»марапаттауға ұрықсат етініздер.
Осымен кешімізді аяқтаймыз.Сау саламатта болыңыздар:

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.

Әбдікәрім Замзагүл Қонаққызы

Сәтбаев қаласы № 1 мектеп – гимназиясының

тарих пәні мұғалімі

Қазақ хандығынаың 550 жылдығына арналған тарихи кеш.

Мақсаты: Оқушылардың Қазақ хандығы жайлы білімдерін тереңдете отырып, тарихи танымдарын арттыру, тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімдерін қалыптастырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

1 жүргізуші: Ассалаумағалейкум асқақты елім,

Мерейлі мерекелі күнің бүгін.

Тарихи кешімізге хош кепсіздер,

Шарықтасын әуелеген әсем әнім.

2 жүргізуші: Биыл елде айтулы жыл ерекше,

Тарих тізген сыннан өттік біз неше.

Хандығымныі 550 жылдығына арналған,

Кешімізді ал, бастайық ендеше.

(Күй ойналады, сахналық көрініс,дауыс сахна сыртынан естіледі)

Талай тепкі көрді қазақ жерінде,

Ынтымақ пен бейбт күн жоқ елінде.

Бытыраған тоз – тоз болған халық бар,

Әбілқайыр билік еткен кезінде.

Әбілқайыр санаспады халқымен,

Озбырлықты тізгіндемей салтымен.

Талқыға сап талай халық тағдырын,

Бей – берекет іс жасады қаһармен.

(, жұтаң халық көрінісі, сахнаға ақсүйектер мен Керей, Жәнібек шығады)

Ақсүйек

басшысы: Біз көтерген бір келелі мәселе,

Тыныштық жоқ мына біздің өңірге.

Хан иеміз соғыстарды үдетіп,

Халықпенен санаспайды ол мүлде.

2 ақсүйек: Иә, иә мұның бәрі растын,

Түр – түрлері көбейді ғой салықтың.

Бұлай болса біздер қайтіп оңамыз,

Кім ойлайды жағдайын халықтың.

3 ақсүйек: Айтып тұрған сөздеріңнің мәні бар,

Берекесіз, бейбіт күнсіз мұңы бар.

Өзімізбен –өзіміз боп бөлініп,

Бір өзгеше ел болсақ деген жайы бар.

Жәнібек: Сөздеріңнің шындығына сенемін,

Мен де осыны көптен ойлап келемін.

Өзімізге ел болатын күн туды,

Жаңа жерде, жайлы қоныс тілерім.

Керей:Біз көнбейміз дәл осындай тозаққа,

Бірігетін күн де туды қазаққа.

Халық бізді қолдайды деп сенемін,

Біз іздесек елге қоныс жырақта.

Жәнібек: Есен –Бұға хан тағына отырды,

Монғол жері шұрайлы кең айтулы.

Аға менен іні болып тартысып,

Одақтасты іздеп жатыр азулы.

Сонда көштің басын бұрсақ қайтеді,

Қолдау тауып ел болайық, ал енді.

Керей: Сөзің дұрыс, көңіліме қонып тұр,

Елді сақтау маған мақсат болып тұр.

Сонда барып, Ұлы жүзбен бірігіп,

Ел болайық көштің басын бұрып тұр.

Сұлтандар: Біз сіздермен біргеміз деп келісті

Біз дайынбыз, бастаңыздар бұл көшті.

Жәнібек: Уа, Кереке батаңызды беріңіз,

Ақ батамен бастайық біз, ал көшті.

Керей бата

береді:Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Көштің басы түзу боп

Әулиелер қолдасын.

Барған жерде жақсылықпен қарсы алсын,

Қиындықта қанаттарың талмасын.

Берекемен бірліктерің мықты боп

Жаңа қоныс, жасыр жайлаужайлансын.

Іргелерің сөгілмесін мәңгілік

Бірлікпенен, бостандықтың мәнін ұқ.

Аппақ асу жол болсын,

Қыдыр ата қолдасын! Әумин!

(буынып түйінген, көшкен ел көрінеді, сахна сыртындағы дауыс)

200 мың адам саны жиылды,

Ұлы көштің тұсауы да қиылды.

Керей менен Жәнібектер бастаған,

Алға жүрді Жетісуді бетке алып.

Он бесінші ғасырдың да ортасы,

Мекен болған Жетісу мен Қозыбасы.

Ұлы елдің, ұлттық туы тігіліп,

Қазағымның қаланды іргетасы.

Керей, Жәнібек болсадағы хан тағына құқылы,

Халқымыздың бар емеспе үлкен сыйлар өз заңы.

Хан тағына жасы үлкен Керей келіп жайғасып,

Ал, Жәнібек жанындағы ақылдасар тірегі.

(ақ киізге салып, Керейді хан сайлауы көрсетіледі)

«Жаса Қазақстан» әні шырқалады.

(сахнаға оқушылар щығады)

1 оқушы: Қазағымда хандарым көп мақтаулы,

Қазағымда заңдарым бар жаттаулы.

Қазағымның тарихы бай мол мұра,

Әр ұрпақтың жүрегінде сақтаулы.

2 оқушы: Тарихымда білгір билер көп болған,

Мемлекеттік маңызды істі атқарған.

Соларменен қабылданып заңдарым,

Ереже мен қатаң тәртіп сақталған.

3 оқушы: Қаймықпаған қазағымның батырлары,

Бар мақсаты — арманы елдің қамы.

Жау қолынан жан тапсырып жатсадағы

Ешкімге таптатпаған өр намысты.

4 оқушы:Талай тұлға тарихтың толқынында

Бәрінің теңдік еді арманыда.

Ата – баба рухымен бізге жеткен,

Бостандықтың баға жетпес құны осында!

4 оқушы: Туған елдің көк туы Тәуелсіздік,

Желбірейді, әрқашан тұрып биік.

Тәуелсіз елде туған өрендерің,

Өр намысты, білімді, рухы биік

5 оқушы: «Мәңгілік ел» мұратым, мақсатымда,

Біз жастармыз сенетін қоғам мына.

Мен бақытты ұланмын ұлтын сүйген,

«Мәңгілік Қазақ елі» тұрағымда!

«Көк тудың желбірегені» әні орындалады

Классный час на тему:

«Шагнувшие в бессмертие!»

Цель: расширить представления учащихся о героизме советского народа, о Героях Советского Союза из Республики Калмыкия.

Задачи:

— развивать умение высказывать свою точку зрения;

— воспитывать у школьников чувство патриотизма, гражданственности, гордости за свою страну, за соотечественников, за свою Республику.

Форма проведения: Беседа, диалог.

Оборудование: Компьютер, компьютерная презентация к классному часу, раздаточный материал.

Ход классного часа:

Сначала я хочу поговорить с вами, ребята, о ВОВ 1941-1945 гг. Хочу узнать, что вы помните о ней, какие события вам знакомы. Попрошу каждого из вас ответить на вопрос: что же такое патриотизм? (беседа с учащимися)

Молодцы ребята, мне очень понравились ваши ответы. А вот как дан смысл этого слова в толковом словаре Ожегова.

Патриотизм – преданность и любовь к своему Отечеству, к своему народу и готовность к любым жертвам и подвигам во имя интересов своей Родины.

А теперь я немного расскажу вам о вкладе Калмыкии в победу над германским фашизмом в ВОВ 1941-1945 гг.

В историю нашей страны минувшая война вошла как Великая Отечественная. Люди хорошо понимали, что в жесточайшей битве решались судьбы нашего общего тогда Отечества — быть нашим народам свободными или впасть в порабощение, иметь национальную государственность, язык и культуру или лишиться всего, кануть в историческое небытие. Смертельная опасность, нависшая над Отчизной, огромная сила патриотизма подняли всю страну на войну народную, войну священную.

Тысячи воинов Калмыкии участвовали во многих крупных сражениях 1941-1945 годов: в защите Брестской крепости, Москвы, Ленинграда, Севастополя, в Сталинградской и Курской битвах, в партизанском движении на Смоленщине, Брянщине, в Белоруссии, на Украине и в рядах антифашистского движения Сопротивления в Европе.

В первый же день войны вступили в бой с фашистами летчик Василий Дармаев, танкисты Эльдя Болдырев, Церен Бембеев, Владимир Попарин, защищали Брестскую крепость В.Б. Майоров, Н.К. Санджиев, С.Б. Оликов и многие другие.

При форсировании Днепра совершили подвиг Николай Санжиров, погибший затем при освобождении правобережной Украины, Лиджи Манджиев, Бембя Хечиев, которым было присвоено звания Героев Советского Союза.

Навсегда вошли в нашу память имена легендарных полководцев — О.И. Го-родовикова, Героя гражданской и Отечественной войн, Б.Б. Городовикова, организатора партизанского движения в Крыму, первым вышедшего со своей дивизией на границу с Германией.

В 1942 г. недооценка верховным командованием южного направления генерального наступления фашистских войск серьезно осложнила стратегическую обстановку в районе Дона. В связи с этим 110-ой Калмыцкой кавалерийской дивизии в течение 10 суток, с 18 по 27 июля, пришлось вести тяжелейшее сражение с превосходящими силами противника, оснащенного бронетехникой и авиацией, на протяжении 58 километров между станицами Багаевской и Семикаракорской, что в 6 раз превышало уставную норму для дивизии. В истории Великой Отечественной войны ни одна кавдивизия не занимала такого протяженного участка обороны. 110-я ОККД до последней возможности, даже потеряв почти половину своего состава, прикрывала на Дону отход частей и соединений Южного фронта и тем самым позволила Генштабу выиграть время для создания сплошной линии обороны, от Сталинграда до Моздока.

Здесь отличились командир дивизии В.П. Панин, зам. командира и позже — командир дивизии В.А. Хомутников, командиры эскадронов И. Абушинов, М. Онгульдушев, Н.В. Бадминов, бойцы Н.И. Доржинов, В. Точка, Н. Ракчеев, X. Босхомджиев. Командир боевого расчета противотанковых ружей Эрдни Деликов за свой героический подвиг на этом рубеже был удостоен звания Героя Советского Союза.

Недавно в хуторе Ажинов Багаевского района Ростовской области открыт монумент воинам 110-й ОККД.

Именно на героической личности Эрдни Теледжиевича Деликова мы подробно остановимся сегодня.

Есть в нашем народе могучая сила, которая пробуждается каждый раз, когда опасность угрожает его существованию…Всё лучшее, что родилось и созрело в человеческой душе в течение столетий труда и борьбы народа живо в этой силе, имя которой – величие народного духа. Это – свойство всего народа.

Но есть люди, в которых дух народного героизма воплощается наиболее ярко. В дни испытаний такие люди выходят из безвестности, чтобы совершить свой подвиг и умножить славу Родины. К их числу принадлежит славный сын Калмыкии – Эрдни Тельджиевич Деликов.

Есть герои, чьих подвигов

горные кряжи

Поднимаются к солнцу

врагам на беду

Беспримерный пример

твоей службы на страже

Безопасности Родины

встал в их ряду.

Эрдни Деликов родился в 1922 году в Салын-Тугтуне Малодербетовского улуса Астраханской губернии в крестьянской семье. Рано начал работать, отличался исключительной добросовестностью, был активистом и селькором газеты «Коммунист». В декабре 1941 года был призван в Красную Армию. После окончания школы младших командиров Эрдни Деликов был зачислен в эскадрон 273-ий кавалерийский полк 110-ой Отдельной Калмыцкой кавалерийской дивизии. В середине июля 1942 года Эрдни Деликов командовал расчётом противотанкового орудия, которому было поручено оборонять участок реки Дона возле хутора Пухляковского, Ростовская область. В течение 6 суток расчёт оборонял вверенный им участок. В один из дней обороны Эрдни Деликов огнём противотанкового орудия уничтожил 3 немецких броневика, после чего противник усилил атаку. В ответ на эту атаку Эрдни Деликов огневыми выстрелами уничтожил три грузовых автомашины с 60-ью немецкими автоматчиками. Осколком авиационной бомбы отважному бронебойщику отсекло одну ногу и перебило другую, но, получив смертельное ранение, он продолжал сражаться с врагом…

Над бугром взметнулось по цепи

Это он, сержант двадцатилетний

Из калмыцкой сказочной степи

Вывел песнь из тяжкого молчания,

Как из стойла вывел скакуна,

И рванулась в полное звучанье,

Сильная и гневная, она

Кто такую песню раз услышит,

Тот не может сердцем не понять,

Что пока её поющий дышит,

У него свободы не отнять.

Как писала газета «Комсомольская правда» от 30 июля 1942 года: «Умирая, отважный сын советского народа боец Деликов крикнул своим товарищам: «Возьмите моё ружьё. Бейте фашистских гадов! Пусть знают, что наши не отступают!» «Молодые воины, — призывала газета, — сражайтесь, как Деликов! Ни шагу назад!» В Элисте есть улица, названная его именем, на родине героя, в Сарпинском районе, – совхоз, ныне СПК им. Деликова. В космосе есть малая планета, названная в честь Эрдни Деликова. В станице Раздорской, где бережно хранят память о калмыцком воине, его имя носит школа. Здесь в год 50-летия Победы совместными усилиями раздорцев и земляков героя установлен памятник работы скульптора Н. Эледжиева. Поставлен он в произвольном месте, так как неизвестно, где могила героя и похоронен ли он вообще. В июле 1942 года советские войска отступали, полк Деликова как раз и был оставлен сдерживать врага на переправе через Дон. Погибших бойцов хоронить было некогда. Скорее всего, Эрдни Деликов покоится в так называемом санитарном захоронении, когда мертвых просто неглубоко присыпали землей.

В станице Раздорской Усть-Донецкого района Ростовской области поставлен бюст Эрдни Деликова.

Указом Президиума Верховного Совета СССР от 31 марта 1943 года за образцовое выполнение боевых заданий командования на фронте борьбы с немецко-фашистскими захватчиками и проявленные при этом мужество и героизм сержанту Деликову Эрдни Теледжиевичу посмертно присвоено звание Героя Советского Союза. Он стал первым калмыком, получившим звание Героя Советского Союза. Награждён орденом Ленина.

Победа в войне – это ликование и скорбь. Время их не приглушает. А мы с вами должны эту память о самой страшной войне, которая коснулась каждой семьи, передавать из поколения в поколение. Мы должны быть вечно благодарны своим предкам за их подвиг. Ведь те, кто заплатил за него своей жизнью, дали нам возможность жить сейчас. Мы обязаны помнить об этом всегда.

И закончить наш классный час я хочу стихотворением поэта-фронтовика Семёна Липкина, которое он посвятил  подвигу Эрдни Деликова:

И кровью истекая, крикнул он:

«Умрём, но защитим родимый Дон!

Калмык не знает слово: отступленье!»

Да, предков кровь тут заиграла в нём!

Курок спустив, карающим огнём

Мгновенно смерть нанёс головорезам.

То было вечной жизни торжество!

Преобразясь в сержанта своего,

Бойцы боролись с вражеским железом.

Наступят вновь сияющие дни,

Но ясным светом не затмят они

Тот грозный день, твой подвиг незабвенный.

Ты стал героям древности сродни.

Недаром имя ты носил Эрдни,

Что значит по-калмыцки: драгоценный.

(Видеоролик- Ах, война, что ты подлая сделала)

Муниципальное казенное образовательное учреждение

«Комсомольская средняя общеобразовательная школа №1»

Классный час

«Шагнувшие в бессмертие!»

Подготовила: классный руководитель 6 «А» класса

Нормаева Саглар Бадма- Гаряевна

п. Комсомольский, 2015 г.

Тақырыбы: «Аққан жұлдыз» атты әдеби – танымдық кеш (презентациясымен)
Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету.
Міндеттері: Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру. Шоқан шығармашылығын тану.
Дамытушылық: Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Шоқанды тану арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби – танымдық кеш
Сабақтың әдісі: баяндау, әдеби монтаж, сахналық көрініс.
Сабақтың көрнекілігі: «Шоқан саяхаттары» карта — сызба, Ұлы ғалым туралы жазылған ой — пікірлер.
Тәрбие шарасының нәтижесі:
— 8 сыныпта оқылатын «Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов» тақырыбы негізінде қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық болмысын тану;
— Қазақ халқының өткенін танымай, ол өнерден нәр алмай, ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес, Шоқан Уәлихановтың өмірімен, қызметімен танысу арқылы, Шоқан Уәлихановтың ұлтын, елінің тарихын, салт — санасын сүйген азамат екендігін танып біледі.
Мұғалім сөзі:
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай — ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдағын от — арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған, — деп
ақын Еркеш Ибраһим жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында ұсынылып отырған «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» атты әдеби – танымдық кешке қош келдіңіздер!

І бөлім «Тектіден текті туар қайталанбас»
1 — оқушы: Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал — айласы мол Орта жүз ханы болған. Осындай отбасында тәрбие алған Шоқан да жасынан білімге құштар болған.
Шыңғыс сұлтан мен Зейнептің тұңғыштарына мұсылманша Мұхаммед — қанапия есемі беріледі. Анасы баланы Шоқан атаған, осы жалған ат дүйім жұртқа әйгілі болып, шын атқа айналып кетті.

2 — оқушы: Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған.
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсаң қарағайға.
Кербез сұлу Көкшетау Арқадағы,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Шоқанның ата — бабаларына қоныс болған жер Көкшетау елі.

Ән: Көкшетау
3 — оқушы: «Шоқанның балалық шағы»
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой — пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. «Корпуста ой — өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар — ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды» – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф — ғалым Т. Н. Потанин.
Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой — пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде — ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз «Еуропаға ашқан терезе» сықылды болды», – деп жазады Г. И. Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді.

4 — оқушы: «Шоқанның — сурет өнері»
Сурет өнерін жас кезінен — ақ жақсы көрген. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері, халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847 — 1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан «корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер» – деп атайды. Бүкіл саналы ғұмырында Шоқан шығыстанушы, жалпы өнер зерттеушісі ретінде көрінуі кездейсоқтық емес. Ол өзінің қысқа ғұмырында сурет, сәулет, мүсін, сән және қолөнерге айрықша маңыз берген. Шоқаннан 150 — ге тарта сурет қалған.
Ол портрет, табиғат көрінісі, пейзаж, халықтың тұрмыс — салтын бейнелеу жанрымен айналысқан.
Көрініс: «Мүсінші мысық»

5 — оқушы: Қоғамдық, әдеби қызметі
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ — орыс әскерінің 6 — атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік — Батыс аймағының генерал — губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай — ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысты. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Сценарий
Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 20 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
— Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

— Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!

(Музыка вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын — деп ортаға сынып жетекшiлерiн шақырамыз 11 «А»
— сынып жетекшісі Донгелекова Балайша Ануарбекқызы және 11 «б» сынып жетекшісі Омарова Аманкүл Байтұрсынқызы

Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.

Ойы ұшқыр Айдана
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.

Ер жүректі Асан бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған

Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Самат сыныптың жүрегі.

Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды қыз Толғанай.

Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт Нұрсұлтан.

Біздің сынып басшысы
Алуа болар қараңыз
Өткір де ер мінезіне
Бағынамыз бәріміз.

Кез-келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
Ерлан жақсы біледі.

Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Төрт қыздың бастығы
Ол,әрине,Толғанай.

Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Қобыландыдай жігітті.

Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Гүлнұрды
Жауқазын гүлге теңейміз.

2 қатардың баллары

Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік жан ғой бұл Маржан

Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Ұлпанды.

Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың жаршысы
Ақкөңіл ғой Ақсәуле.

Айдай сұлу Назирамыз,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар .

Шахматтың шебері
Сыныптың ең үздігі
Ізденетін жалықпай
Ол Айдана дер едім.

Көпшіл,алғыр,әдепті
Ағылшынша еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Аэлита келеді.

Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген Гүлімді
Барлық досы қолдайды.

Сабырлы,жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптас құрбы Әсемді.

Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің Әсем өнерлі.

Жібектейін мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
Меңдеш сондай дарынды
Көркем сөз оқу шебері.

Заңгер болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Жұлдыз жан-жақты.

Ортамыздың ажары
Перизаттай ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз.

Жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
— Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ — жарық жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап «Жұлдызды кеш» деп атайық.

Жүргізуші:
Бүгiнгi кеш- Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.

Жүргізуші: 2011 жыл Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
— Түлектерімізді орындарына қошеметтеп шығарып салайық.

МУЗЫКА ОЙНАП ТҰРАДЫ
(түлектер белгіленген орындықтарына орналасады)

Жүргізуші:
— Құрметтi қонақтар, түлектер бүгiнгi салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

(Қазақстан Республикасының
әнұраны орындалады)
Жүргізуші:
— Кештiң ашылу салтанатын мектебіміздің директоры Жолдыбаева Күляш Рахымқызына
беріледі.
ФОН
Жүргізуші:
— Жұлдыздарымызға ақ жол тiлеп , құттықтау кезегiн Жезқазған қалалық әкiмшiлiгiнен келген қонақ ———————- берiледi.
ФОН

Жүргізуші:
-Түлектердiң шын жұлдыз боп биiктен көрiнуiне өз қуанышын бiлдiрушi Жезқазған қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлiмiнен келген қонағымыз —————————— берiледi.
ФОН
Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда , Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда . Қол соғып қошаметпен шақырайын , «Жұлдыздар» келсiн, кәне ортамызға!
Шығармашылық қабілеттері бар адамдар, сіздерге салтанатты сәт келіп тұр – аттестат берілу кезеңі.

Жүргізуші: Ал ендi, көптен күткен салтанатты мерзiм де келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы, бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.

— Мектеп түлектерінің аттестатын және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директора Жолдыбаева Күляш Рахымқызын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смайлова Сауле Тұрсынқызын ортаға шақырамыз.

-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестаттарыңызды алуға рұқсат, мектеп бітіруші түлектеріміз!
Куляш Рахимовна Жанабай Айдананың аттестатыныңмәтінін өзі оқиды қолға аттестатын тапсырады

Қосымша винеткалары грамоталары беріледі

«Жұлдызды кештiң» аталу себебiн ендi әр түлектiң жұлдызын танумен таныссақ .
Оқу білімнiң бұлағы» деймiз, немесе «бұлақ көрсең көзiн аш» дейдi қазақ..
Бұлақ — бұл су, яғни Суды қорған етер топтың жұлдыздары: Шаян, Сарышаян, Балық.
Алдарыңызда тұрған Су атасының балалары:
Айдана Ж , Перизат
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші Қорғаны су жұлдыздар өмiрде өте нәзiк, сезiмтал болып келедi.
Шаяндар: өздерiн әлеуметтiк жұмыста, ұстаздық салада көрсетедi.
Сарышаяндар: тез және шапшаң шешiм қабылдауға бейiм, адамдар арасында кез келген уақытта тамаша ой бередi.
Балықтар: ең тамаша, таңданарлық талапты да талантты жандар
болады. Олар әр мамандықты қалауынша жандандыра алады.

Жүргізуші: Бұл өмірде өздерінді суда жүрген балықтай сезіңдер. Қиналмандар, сүрінбендер, көңілді күйде жүріп, алда болыңдар.

-Олай болса, Су атаның балалары да тегiн болмады. Ал, бұл жұлдыздардың ұстаздарына арнаған тілегін тыңдайық.
Тілек айтады Айдана Ж , Перизат

Жүргізуші: Аттестат беру кезеңі – жер балаларына келді. Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары.
Жер-Ана балаларының да үлкен өмірге аттар қадамына жолдама – аяулы аттестаттарын табыс етейік!
Мендеш ,Айдана Ә, Гүлім, Маржан, Ұлпан, Толғанай .
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Жер –Ананы қорған қылар топтың азаматтары өмірге өте бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр ойлаған, әр идеясынан ұшқын көретін азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар:театр өнері мен оны қою барысында өздерін басым көрсете біледі. Бикештер ұшқыр ойлары мен зеректіктері басым, ал, Тау ешкілер өздерінің бір беткейлігімен қоса тамаша басшылықта көріне біледі.
-Жер Ананы қорған қылар топ өз тілектерін жеткізбек
(топтан сойлейтін АЙДАНА Ә. )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
Жүргізуші: Өмірге ғашық болып жүріңдер, туған жерлеріне жақын болыңдар. Биіктен көрініп бақытты болыңдар.

Жүргізуші : Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу, таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы. Арман қуған нәзік жаңдар, арманды қолға алғандар, ұмтылып алға жүргендер, әрқашан жеңіске жеткендер – аттестат беру кезеңі сіздерге келді – Таразы, Суқұйғыш, Егіздер, Балықтар жұлдыздары.

Ауа қорғауындағы жұлдыздар: Егіздер, таразы, суқұйғыштар. Қарсы алайық:
Алуа, Толғанай Ж., Ақсауле , Самат, Қобланды, Нұрсұлтан, Жұлдыз, Назира

-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестатарыңызды алуға рұқсат!
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Қоршаған ортаның тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас ойларымен таң қалдырады.
Егіздер әдебиетте алдына жан салмайды.
Таразылар әсемдік пен сезімталдығы, талғымпаздығы жоғары.
Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып немесе тың жобалар табуға,
жаңа идеялар туғызуға шебер жандар.
Олай болса бұл жұлдызды топқа егемен елдің болашағын дамытуға талмай үлес қосады деп сенеміз
-Ал жұлдыздар тың жобамен талғамдарыңызды ортаға салыңыздар! Бұл топ жұлдыздар өздерінің дайындаған тілектерін жіткаізбек

(топтан сойлейтін САМАТ )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
— Рахмет сіздерге. Биіктен көрініп бақытты болыңдар. Жарқын болашақ тобын орындарына қошеметпен шығарып салайық.

Жүргізуші: Мiне, ең соңғы «жұлдыздар» тобын да бiлiм кемесiне жолдама күтiп тұр. Ендеше, тапсырайық оларға жарқын болашақ жолдамаларын!
АсемӘ, Асем Т, Ерлан, Аэлита , Гүлнұр, Асан
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

От -адамзат баласының ғасырлардан келе жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл жорамалдағы адамдар шексiз жiгерлi , творчестовалық танымы мол болып келедi(от тәңiрiнiң қорғауындағы жұлдыздар Тоқты, Арыстан, Мерген) Тоқтылар арасында музыкаға бейiмдер көп болды . Арыстандар арасында әртiстер , режисерлар мен продюсерлер де аз болмайды . Ал, Мергендер болса , өнерге бейiм болғанымен, көп елiктеп кетедi . Дегенмен , осы болжаудан кейiн , бұл азаматтардың барлығы сөзсiз «эстрада жұлдыздары бола алады » деп тұжырым айтуға әбден болады .
-Ендігі сөз түлектер өздеріңізде.
(топтан сойлейтін ЕРЛАН )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады

— Ешқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап берген лаулаған отын өмірдің жақсы сәттерінде қолдана біліңдер. Топ жұлдыздарын орындарына қошеметпен шығарып салайық.

— Ендiгi сөз өздерiңiзде түлектер! Қазiр сiздердiң нағыз «жұлдызды шақтарың» туды. Көкейде қалған, шешуiн таба алмаған сұрақ болса, айтылмаған махаббат лебiзi болса, барлығын дәл қазiр қысылмай ақтаруға болады .
Бұл бақытқа жеткендер бар , жетпей кеткен талайлар ,
Отыр, бәлкiм, арасында расында Абайлар.
Жарқ-жұрқ етiп өте шыққан жасындар,
Бейiмбеттер , Iлиястар, Сәкен , Мұхтар, Қасым бар!
Отыр , бәлкiм, сөз зергерi Ғабеңдер де ,
Отыр, бәлкiм , кең жүректi Сәбендер де .
Ана тiлiн сүйiп өскен ұрпақтың,
Хақысы жоқ ешқашан томендеуге

— Жүрегiнде iзгiлiк оты жанғанда- деп, мектеп бiтiрушi түлектер атынан құттықтау соңгы сөз кезегi 11а сынып түлегі Сарбаева Гүлнұрға берiледi

(Сөз түлектерде)
Жүргізуші:
Талай — талай жылдар өте табысты,
Қабырғаңнан жас түлектер бүгін ұшты.
10-ші мектептің қырандары,
Көтеріңдер биікке намысты,- дей отырып сахна төріндегі бүгінгі «Жұлдызды кешіміздің» түлектерінің музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!

(Музыкалық сәлем, түлектер сахнада тұрыды )

ӘН «ҰСТАЗЫМ»
Гүлдер тапсырылады .
Жүргізуші: Мiне , көздерiңiз жеткен болар , бүгiнгi түлектерiмiздi текке жұлдызға теңемеген болдық . Оларды шын мәнiнде аспан жұлдыздары алысқа , ғарышқа шақырады екен! Бiзде тiлектеспiз! Жолдарыңыз болсын!!!

Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , — дей отырып,
Барша ата – аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегi
11 «А» сыныбын бiтiрушi түлегі Құлманова Гүлімнің ата-анасы Несібелді Ибатаевнаға беріледі
11 «б» сыныбының бітіруші түлегі Аппазова Аэлитаның ата-анасы Қамбар Тасқымбаевичті ортаға шақырамыз

Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

ФОН
Жүргізуші: –Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
-Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

Соңғы қоңырау үнін шығару
Екі жақтан екі оқушы ҰЛ бала ҚЫЗ бала
-Сіздердің өмір жолдарыңызда бақыт –шашуы қадамдарыңызға ақ жол тілейміз.
Жүргізуші: Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
-Ендеше түлектерімізге ақ жол тілеп , түлектерге арналған мерекелік от-шашуына мектеп ауласына шақырамыз. Мектеп ауласында от-феерверг шашылады

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Танцевальный конкурс стартинейджер сценарий
  • Танцы школьные праздники
  • Танцевальный конкурс на детском празднике
  • Танцы на празднике урожая пьеса
  • Танцевальный калейдоскоп сценарий