Тарих апталы?ыны? ашылуы сценарий 2020 жыл

☑ Скачать бесплатно «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тарих апталығының ашылу салтанаты в формате Документ Microsoft Word (docx). Научные работы по предмету Информатика.

up

Поиск по сайту

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тарих апталығының ашылу салтанаты

Предмет: Информатика
Категория материала: Научные работы
Автор: Бакауова Назира Отарбаевна

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.43 Kb
Количество скачиваний: 393

Скачать

Просмотров: 607

Похожие материалы

  • Блакнот, Калькулятор сабақ жоспары
  • Обобщение накопленного педагогического опыта учителя информатики
  • Творческий проект учащихся по информатике «Создание двухмерного проекта школы и школьного двора»
  • Исследовательская работа «Разработка информационной системы складского учета зерновой продукции расстениеводства»
  • Научно исследовательская работа по информатике «Метод координат»
  • Научно-исследовательская работа по информатике «Видеомонтаж»
  • Исследовательская работа «Компьютерные игры»
  • «Сын тұрғысынан ойлау арқылы компьютерлік сауаттылықты арттыру»
  • Тақырыбы:Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бойымен жылжыту.
  • Исследовательская работа на тему: «Биоритмы»

Тақырыбы: Ерлер есімі – ел тарихы

Мақсаты: Тәуелсіздікке қалай қолымыз жеткені жөнінде, қазақ ұлтының ер ұлдары туған

жерін,

сүйікті елін жаудан ақ найзаның ұшымен, жұмыр білектің күшімен қорғап, ел

тарихын өз қандарымен жазып кеткендігі туралы түсінік беру;

Тәуелсіздік жолында еліміздің талай ұл – қыздары жойқын жорықтарда шейіт

болып ерен ерлігімен тарихта қалғандығын таныстыру;

елін, жерін мейірлене сүйе білген алып тұлғалы батырларымыздың жүрегі, адам

гершілік, парасаттылық, кісілік, жомарттық, ақындық, шешендік т.б. қасиеттерін үлгі

ете отырып отансүйгіштікке, қажыр – қайраты, ерік – жігері мол, ынтымақшыл,

білімді болып өсуіне бағыт беру.

Көрнекілігі: ұлағатты, қанатты сөздер жазылған плакаттар, тарихтағы ер ұлдарының суреті,

тақырыпқа байланысты слайдтар.

БАРЫСЫ:

1- жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

2 — жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері өнерлі, өсиетті,

Египетті билеген Бейбарыстың,

Елі текті, киелі, қасиетті.

Қорлаған жау басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,

Қорғап қалды ел бағын алыптарым.

1 жүргізуші: Қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі.

Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Египет еліне билік

жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

2 жүргізуші: Аспаныңда жарқ – жұрқ етіп жалындар,

Аққан судай зымырады ғасырлар,

Тұрды күтіп, түрлі – түрлі асулар.

1 жүргізуші: Тарих! Осы сөзде қаншама мазмұн, қаншама ойлар мен ұғым жатыр. Ұлы

Жібек жолының кіндігі болған әлемге әйгілі Отырардың күйреуі, жоңғар

шапқын

шылығы, үш жүздің Ресейдің қол астына кіруі, ұлт –азаттық шаруалар

көтерілісі,

нәубет аштық, жеке басқа табынушылық, репрессия, Ұлы Отан соғысы,

қазақ

даласындағы полигон зардаптары, орталықтың теріс саясатының

нәтижесінде

Желтоқсан оқиғасы бәрі де біздің тарих.

Енді сол тарих бетін ашайық!

1 оқушы: Отырар қаласы өз тарихында сұрапыл соғыстан 3 рет қирап, 3 мәрте

тірілген

іргелі орын. Отырардың керуені кіріп шығып жататын бес қақпасы

болған,

дарбаза қақпа, алтын қақпа, хан сарайы қақпа, құл қақпа, пышақты қақпа деп

аталатын. Дүниеге Әбу –Насыр Әл –Фараби, Әл – Жауһариді келтірген, 100 мыңнан

астам халық мекендеген, бірнеше мешіт, медресесі бар аты әлемге әйгілі қала.

2 оқушы: 1219 жылы Шыңғысхан жасағы Отырар қаласын 200 мың әскерімен қоршауға

алды.

Бірақ қанша шабуылдаса да олар қаланы ала алмады. Шыңғысхан

қаһарланып,

бүкіл қолы қырылса да «Отырарды алу керек» деген бұйрық береді. Отырар

тұрғындарының жағдайы нашарлайды, тамағы таусылады. Әскер ішінен бір

жансыз

опасыздық жасап, қала қақпасын ашып береді. Жау сатқындарды да, қала халқын

да қырып салады.

Сонымен 6 ай бойы жауға тойтарыс берген Отырар қаласының орнында төбе

төбе топырақ қалады.

Көрініс: «Отырардың күйреуі»

3 оқушы: 1723 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін

тыныштық

орнатқан қазақ елі қаннен қаперсіз, шат шадыман жаз жайлау қызығын

көруге

бет алғанда, жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын

қан

жылатты. Бұл шабуылдарды жоңғар ханы Цеван Рабтанның інісі Шона

Даба

басқарды. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық ақ

табан

болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.

Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің

ерлігін

соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу

үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.

4 оқушы: Қара таудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара күнді жамылып қара қазақ,

Қара түнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені,

Қара жауы қанатын кескен еді.

Шұлғау болып қыздардың кестелері,

Талай қара шаңырақ өшкен еді.

Қара жұртта бықсыған шала қалған,

Аналардан ес кеткен, балалардан.

Тал да таппай қармауға жағалаудан,

Ақыл қашқан адыра бабалардан.

5 –оқушы: «Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен» заман болды. Қалың елді

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар

бастап,

азулы жауды Аңырақайда жеңді. Райымбек сияқты киелі батырлар кейін

шапқан

кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.

6 –оқушы: Ер елінің Қабанбай тірегі боп,

Өренінің мақтаныш, жігері боп.

Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,

Әр ұрпаққа күш берер жүрегі от.

Етсе егес Бөгенбай дана батыр,

Өткен емес кек алмай дара батыр,

Айбары боп елдіктің, ердің ісі,

Айғағы боп ерліктің дала жатыр.

Райымбек әулие – қасиетім,

«Құдайым» деп жаулары бас иетін.

Балалары батыр боп орындайды,

Бабалардың өнеге өсиетін.

7 –оқушы: Ел иесіз, жер иесіз болған емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Ел

басына

күн туғанда қол бастайтын батыры болмаса, ел бастайтын иесі болмаса ел болудан

қалады. Міне, осындайда ел басшысы болған, тарихта үлкен орын алатын тұлға

қазақтың батыр ханы Абылай. Абылай 1771 жылы Әбілмәмбет дүниеден өткен

соң

хан сайланады. Абылай 30 жасқа жетпей ақ алғыр, жігерлі, қайрат қуатымен

ел

бірлігіне араласады. Абылай бірінші ел бірлігі, екінші қарулы күш болу

керек

екенін түсінеді.

«Абылайлап» Сабалақ қол бастады,

Абылай хан аталып, ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады,

Егемендік, елдіктің сел бастауы.

1 жүргізуші: Тарихтың терең – терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен

санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғаларға

куә боламыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһар

мандық қызмет атқарған ірі – ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған

іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Заманымыздағы Тәуке хан сондай ардақ

ты есімдердің ішінен ерекше орын алады.

Көрініс: «Жеті жарғы»

Автор: Әділ хан аз болды Назардайын

Алашқа Есім ханның жолы дайын.

Тәукедей данышпан хан құрған екен

Басында Күлтөбенің құрылтайын.

Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!

Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан жай жиылып отырған жоқпыз.

Бабаларымыз

Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел

тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап «Қой үстіне бозторғай

жұмыртқалаған заманға» жетуіміз керек.

Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау,

жанжалдың

негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға

қою

қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын.

Бұдан былай жайылымдар ру ру болып пайдалануға беріліп және әр

ру

белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгі

ленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жер

ді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті

шешім

шығаруы қажет.

Ал енді Ұлы жүздің бас биі Төле би, сен не айтасың?

Төле би: Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман.

Өлім – бесік әлдилеген – сол жаман.

Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,

Берекесін елдің алған – сол жаман.

Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел

тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.

Тәуке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.

Қаз дауысты Қазыбек: Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын.

Тәуке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.

Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет бетімен ру руға бөлініп, бір

бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің

ұлттық

бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір біріне жау болса

елдің

ертеңі не болмақ. Келесі жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңы

мыз болсын.

Тәуке хан: Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.

Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе – жеңге мұра,

Іні өлсе келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін

десек

келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.

Тәуке хан: Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?

Сасық би: Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе!

Әйелің жаман болса,

Бұл жалғанның тозағы емес пе!

Туған балаң жақсы болса,

Тән мен жанның шырағы емес пе!

Алған жарың жақсы болса,

Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! деп Қаз дауысты Қазыбек би

айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі болсын.

Тәуке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?

Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек,

Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?

Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?

Әйелі ерін сыйламаса, ері елін сыйламаса, елі әдет ғұрпын сақтамаса

ертеңгі

күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.

Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын

қамтамасыз етер «Жеті жарғымызды» қабылдадық. Айымыз оңымыздан

туып,

«Жеті Жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин.

Автор: Жер дауы баяндайтын – біріншісі,

Ру, қоныс болыпты меншікті ісі.

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдық қып озбыр кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу –

Болған екен заңының екіншісі.

Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,

Баян етер бәрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы:

Бір халықпен басқа ру болса дауы.

Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші,

Алтыншы – құн, жетінші – жесір дауы.

2 –жүргізуші: Халқымыздың елдік тарихында Исатай, Махамбет бастаған 1836 – 1838 жылдары

шаруалар көтерілісі айрықша орын алады.

8 оқушы: ХVIII ХIХ ғасыр, Қазақ билері мен хандары иек атып, көмек күткен орыс

патшалығы бірте – бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін

аздыра бастады. Ел ішіне іріткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық

қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған

қазақ шаруалары ызаланып, бас көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған ел

көтерілісі сәтсіз болса да, ер намысының айғағы еді.

9 оқушы: Орнатам деп Исатай бостандықты,

Ордадан кек, құптауды достан күтті.

Жаңғырған мұң – шаруа күресінен

Жәңгір хан мен патша жасқаныпты.

Көрініс: «Махамбет пен Жәңгір хан»

Жәңгір: Уа, Махамбет, ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің, мені мақтап бір өлең

айтшы

мына халыққа.

Махамбет: Айтсам айтайын.

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Дұшпаның келіп табалап,

Достарың сені басқа ұрсын.

Хан емессің аярсың,

Айыр құйрық шаянсың.

Жәңгір: Әй, Махамбет, талай жыл дәмдес болып тең өсіп едік. Сенен бұны күтпеген

едім,

текеметімді тілгендей Әбілқайыр тұқымынан не жамандық көрдің? Сені ел қатарына

қосқан Тайман тұқымы ма?

Махамбет: Жәңгір, атаң Әбілқайыр қарауындағы елді алакөз дұшпаннан қызғыштай қорғаған

ел

үшін туған нар еді. Нардан айғыр туды, айғырдан қауырсын туды.

Тайманұлы

Исатайға тіл тигізбе, ол қарадан туса да хан боп туды. Сен жылатқан елді ол

жұбатса несі айып?

1 –жүргізуші: Ресей қазақ елі түгелдей қол астына біріккеннен кейін, өз ойларын іске

асыра

бастады. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, беттен ауған орыс шаруа

ларына берді.

Қазақтың хандығы жойылды, биліктен айырылды. Мұндай

зорлықтарға

Шыдамаған ел Кенесарыны хан сайлады. Азаттық соғыс ашты. Кенесары

қазақ

халқын өз алдына мемлекет етем, өз алдына дербес ел болғызам деген қазақтың

ең

соңғы ханы болды.

10 оқушы: ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей Азиялық Шығысты отарлауды кең

көлемде

жүзеге асырды.

1916 жылы 40 мыңға жуық шұрайлы жерінен айырылған қазақ еліне 19 бен

41

жастың арасындағы ер азаматтар окоп қазу жұмысына алынсын деген патша

жар

лығы шықты.

Соған қарсы жер жерде көтерілістер отряды құрылып, Торғай,

Жетісу

өңірінде Аманкелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Тоқаш Бокин сияқты

ардагерлер

басқарды.

Ардагер Аманкелді ердің ері,

Кең өріс жалпақ дала туған жері.

Елі мен мекенінің туын ұстап,

Қол бастап қан майданда аққан тері.

2 жүргізуші: Қазақтың ғұмырындағы жазылмас дерт осы ғасыр. Ендеше тарихқа тағы

да

көз жүгіртейік.

11 оқушы: 1918 1919 жылдар. Ресей үшін «Азаматтық» деп аталатын қызыл мен

ақтың

соғысында қазақ ауылдары қосақ арасында кетіп қырғынға ұшырады.

12 оқушы: 1920 жыл. Алаш елі Кеңес империясының илеуінде қалды.

13 — оқушы: 1921 жыл. Қазақтың кейбір аймақтарында ашаршылық болып өтті.

14 оқушы: 1928 жыл. «Ірі феодалдар» деген сылтаумен ағайынға ұйытқы болып отырған

қазақтың бай отбасыларын айдауға жіберді.

15 оқушы: 1929 жыл. Қазақтың жүздеген зиялыларын, мыңдаған азаматтарын Кеңеске

қарсы деп атты, асты, айдауға жөнелтті.

16 оқушы: 1930 жыл. Кәмпеске, колхоз деген желеумен мал сүмесіне ғана қарап отырған

ұлттың тігерге тұяғын қалдырмай, тышқақ лағына шейін сыпырып алды.

17 оқушы: 1931 жыл. Қыстан әрең шығып, бір уыс тары таба алмай, Кеңес өкіметі

әдейі

ұйымдастырған алапат ашаршылыққа ұшыраған қалың қазақ жартысының

көбінен

айрылып шыбынша қырылды. Бір деректер бойынша 3 500 000 адам

аштан

өлген.

18 оқушы: 1937 жыл. Қызыл репрессия

1 жүргізуші: Жеке басқа табынушылықтан, Сталиндік зұлматтың зардабынан қоғам қайрат

керлері Әлихан Бөкейханов, Міжақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов,

Сәкен

Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Смағұл Садуақасовтар

құрбан

болды.

2 жүргізуші: Бодандықтың қамытын киіп, қарғыс атқан күндерден құтылғанша көрген

азабы,

тартқан тозағы аз болған жоқ. Одан қайтсем құтқарам, теңдігін алып, терезесі

тең етем деген ұлт ұлылары қиян – кескі қарсылықтарын көрсетіп жатты. Өресі,

өлшемі ерек, ой – санасы қырандай қияны шалған Алаш арыстарының жолы

азапты да қасіретті. Алайда ұлт дегенде түн ұйқысын төрт бөлген олар алған

беттерінен қайтпады.

19 оқушы: Тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлықтай тағдыр. Ғұмыры ащы арманға

толы,

алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр кешкен Ахмет Байтұрсынұлы. Ол 1873

жы

лы Торғай облысы Тосын болысында Сары түбек дейтін жерде дүниеге

келген.

1919 жылғы 24шілдедегі РСФСР Совнаркомның қаулысы бойынша қазақ өлке

лік әскери–революциялық советіне мүше болып кіреді, коммунистік партия

қатары

на өтіп қызу еңбек ете бастайды. 1929 жылы оның басына бұлт үйіріле баста –

ды. Бұл Голощекиннің қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді.

1929 жылы қамауға алынғандардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы да болды.

М.Горькийдің жұбайы Қызыл Крест арқылы көмектесіп, 1934 жылы босаттырды.

Бірақ көп ұзамай 1937 жылы репрессияның қанды пышағына ілігеді.

20 оқушы: Алыстан алаш десе, аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын, деп жырлап өткен қайраткер Міржақып

Дулатұлы 1885 жылы қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына

қарасты

Қызылбел аулында дүниеге келген. 1909 жылы ең алғашқы жинағы «Оян, қазақ!»

Уфа қаласында жарық көреді, 1910 Қазандағы Каримовтар баспасыннан

«Бақытсыз Жамал» романы басып шығарылады. 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов

пен бірге «Қазақ» газетін шығарады. М. Дулатұлы Сталин, Голощекин озбырлығы

на ілініп, 1928 жылы тұтқындалады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімімен

өлім жазасына кесіліп, одан кейін бұл 10 жыл абақтыға қамау жазасымен

алмастырылады. 1935 жылы 5 – қазан күні елу жасқа толуына бір ай қалғанда

Ақтеңіз – Балтық каналының бойында Сосновец стансасында лагердің лазаретінде

ауыр науқастан қайтыс болады.

21 оқушы: Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында

дүниеге келді. «Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінде жаңа эра» деп қазақ

жазушысы Сәбит Мұқанов өз бағасын берген ді. 1918 жылы маусымда контрре

волюцияшыл күштер Ақмола қаласында Кеңес үкіметін уақытша

құлатқанда

Сәкен бір топ большевиктермен бірге тұтқынға алынады.

…Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,

Сан азап бір күнгідей болмай кетер.

Қара түн басып тұрса алды – артыңды,

Жарқырап ататын таң әлі – ақ жетер, деп қасындағы жолдастарына жігер

береді.

Азаттық таңын аңсаған ақын репрессия қармағына ілініп, 1938 жылы 25

ақпанда атылды.

1 жүргізуші: 1941 1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік,

достық

жолында жан қиған қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Батырлықты батыр

лардың ұрпағы Бауыржан Момышұлы бастады.

22 оқушы: Бауыржан Момышұлы «Ескертпе»

Найзадан қол босаса, қалам алдым

Толғанып оқиғаны көп ойладым.

Тырмысып әл кеткенше көргенімді,

Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.

Отырсам көп ойланып, күнім жақын,

Әр адам біле бермейді сөздің парқын.

Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек,

Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.

Жазушы болмаған соң менің затым,

Көркемді жұмыр емес жазған хатым.

Салмақтайтын саналы ер табылса,

Атаусыз неге қалсын менің атым.

23 –оқушы: Тоқтаровтай батырлар неткен жалын!

Оқтан ықпай, елім деп төккен қанын.

Батырларым жалынын жалаулатып,

Жатыр мәңгі аялап еккен бағын.

Бауыржандар Мәскеуді қорғап қалған,

Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.

Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,

Батырлығы бағым боп орнап қалған.

Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне!

Ұрпақтары қаһарман бабалардың,

Тәуелсіздік қамалын көрді міне.

2 жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар

алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар

ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

1 жүргізуші: «Қазақ елі хан сайлар зор данасын,

Ғажап елді келімсек қорламасын!»

Деп, Қайраты көтерді намыс туын,

Кек қайнатты өрт жалын Орда басын.

Қайраттың ақтық сөзі: Күнәдан таза басым бар.

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін, не етермін.

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол, таңдарым

Көре алмай мен өтермін.

Хош – аман бол артымда

Ағайын – туған, азамат.

Артымда қалған ата – анам.

Ел – жұртым саған аманат.

2 жүргізуші: Ол әділеттіліктің жеңетініне сенді. 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде

Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасады.

24 оқушы: «Ерлік жыры»

Отан сені жырламасам болмайды,

Елін, жерін сыйламаған оңбайды.

1986, желтоқсан

Қазағыма әкелді ғой зор қайғы.

Қаралаған басына оның туды күн,

Жамандамақ, жазаламақ кімді – кім?

Империяның саясаты

Қазақтың

Тастамақшы жерге жаншып теңдігін.

Он мыңдаған әскер қоршап шеруді

Ұрып – соғып жаныштауға кірісті.

Осылайша қайғы шекті қазағым

Бұл не сұмдық,

Құлақ түрші, ағайын.

Қайрат пенен

Ләззәттай есімдер.

Тартты – ау азап,

«Елім ай» деп талай күн.

1 жүргізуші: Ерлігіміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне танылуда. 1991

жылы біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды.

2 жүргізуші: Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуге Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар

Елің алды егеменді теңдігін.

25 оқушы: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны Қазақстан сен бір елсің жаһанда

Бейуақытта бойға тартқан тұмары. Тең танылған таудай асқақ тұлғасы

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып, Бір сөйлемді ортасынан үздім мен,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы. Осыншама осал боппыз біз кімнен?

Тәуелсіздік – берекенің бір басы, Білсін әлем айырылмаймыз ешқашан

Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы. Қолымызға түгел тиген тізгіннен

1 –жүргізуші: Міне, достар, Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы

Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстап тұру үшін сапалы білім мен

тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елі, өз жерін,

Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рухты болу біздің

қолымызда.

2 жүргізуші: Қазақстанның өз жолы, өзіндік болашағы бар, бұдан былай

және мәңгі Тәуелсіз Қазақстанның таихы жалғаса бермек!

Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! Қарышта, жайна,

Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!

Майлы Орманов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Керинбаева Арайлым Бейсенбаевна

Жас тарихшы

тарихи -танымдық сайыс

Сабатың мақсаты: Оқушылардың тарихи білімдерін саралап тарих пәніне деген қызығушылығын одан әрі жетілдіре отырып дамыту.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық

Сайыс 5 айналымнан тұрады,оған 5-6 сынып оқшылары қатысады

1-топ « Қырандар 2-топ « Алғырлар» 3- топ «Жүйріктер»

  1. Әр топ өздерін таныстырады

  2. Викториналық сұрақтар

  3. Жылдар сыр шертеді

4.Картадан не білесің?

5.Әр топ өз өнерлерін көрсетеді

Білім аққан сел дейді

Бірақ оңай келмейді,

Ала білсең білім көп

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз — деп бірінші кезеңімізді бастаймыз

1-айналым Әр топ басшы өз тобын таныстырады және эмблемасын қорғайды

2- айналым әр топқа бес сұрақтан қойылады

«Қырандар » тобының сұрақтары

1.Қола дәуірінде Қазақстанды алғаш мекендеген тайпалар қалай аталады?

(Беғазы- Дәндібайлықтар)

2.Темір дәуірінде мекен еткен сақтар туралы ең көп мәлімет қалдырған грек тарихшысы (Герадот)

3.451 жылы Каталаун шайқасы қай халықтардың арасында болды? (Ғұндар мен Римдіктер)

4.Аттила өмір сүрді (400-453ж)

5.Үйсіндердің астанасы ретінде саналған қала (Қызыл Аңғар,Чигучен)

«Алғырлар» тобының сұрақтары

1.Қазқастан тарихы неше кезеңге бөлінеді (4 кезең)

2.Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Шығыстың ғұлама ойшылы (Ә.Н Әл-Фараби)

3.Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? Палеолит,мезолит,неолит

4.Демография дегеніміз не? (Халық санының азаюы мен көбеюі)

5. « Барбаросса» (Гитлердің соғыс жоспары)

« Жүйріктер» тобының сұрақтары

1.Адамзаттың өткен тарихын заттай деркетер арқылы зерттеу (Археология)

2. Тың игеруге Қазақстанның қай облыстары кірді ? Солтүстік Қаз,Повлодар,Торғай,Ақмола,

3.Тың игеру жылдары Қазақстан бойынша неше гектар жер жыртылды? 27 мил гектар

4.Карта дегеніміз не? (Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы)

5.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? 1941-1945 ж

3-айналым Жылдар сыр шертеді

Интерактивті тақтадан жылдар көрсетіледі?

1топ

1.Б.з.б.5-3 жаңа тас дәуірі

2.1969 ж «Алтын адам»

3.530 жыл Томирис патшайым Кир әскерін талқандады

4. 437 жыл Ғұндардың Еуропаға жорығы

530 жыл

Б.з.б 5-3мың жыл

Б.з.б 5-3мың жыл

437 жыл

1969 жыл

2топ

1.Ғұн империясында дағдарыс басталды б.з.б 71 ж

2.1941ж ҰОС

3.1465 жыл қазақ хандығы құрылды

4.1835 ж Шоқан дүниеге келді

Б.з.б 71 жыл

1465 жыл

1835 жыл

1941 жыл

3топ

1.Әл-Фараби дүниеге келді

2. 1723 жыл «Ақтабан шұбырынды »

3.б.з.б.55 Ғұн империясы екіге бөлінді

1723 жыл

4. 1945 ж ҰОС аяқталды

870-950 жж

1945 жыл

Б.з.б. 55 жыл

4 айналым Картадан не білесің?

1-топ

1.Тиграхауда сақтары қай жерді мекен етті? Жетісуды

2.Беғазы –Дәндібай мәдениеті қай аймақта орналасқан? Орталық Қаз

3 Гирканилер қай жері мекендеді? Каспий теңізі маңында меке еткен

2-топ

1.Сактар мекендеді ( Жетісуды)

2. «Алтын адам» ( Жетісудан )

3.Ғұндар мекендеді (Шығыс Қаз)

3 –топ

1.Шоқан Уалиханов дүниеге келді ( қазіргі Қостанай облысы)

2.Тың көтеруге кірген облыстар (Қостанай,Ақмола,Сол.Қаз, Көкшетау,Торғай,Повладар)

3.А.Байтұрсынұлы қазіргі қай обл дүниеге келді? (Қостанай обл,Жангелдин ауданы)

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

  • Басты бет
  • Жұмыс жоспарлары
  • «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ…

«Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» тарих апталығының ашылу салтанаты

Мақсаты:   Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту,
Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Ақнұр: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сүйінші, мектебімізде тарих апталығы басталып жатыр.
Аслан: Қойшы, Ақнұр, соған да сүйінші сұрайсын ба, оның несі жақсы, тағы да ашық сабақ, түрлі тапсырмалар мен түстен кейін тарихи кештерге бару керек. Осы тарихтың бізге қажеті не, түсінбеймін, таусылмайтын жылдар мен оқиғалар, барлығын есте сақтау да қиын.
Ақнұр: Қателесесің Аслан, мектебімізде оқылатын басқа пәндер сияқты тарих сабағының да маңызы өте зор. Әрине онда көптеген жылдар кездеседі, бірақ сабақты күнделікті оқып жүрсең еш қиындығы жоқ. Ал қуанған себебім апталық барысында біз сабақтан тыс көптеген іс-шаралар өтетін боламыз. Оны сен бүгінгі ашылу салтанаты барысында да байқайсың. Бүгінгі кеш тақырыбының «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» деп аталуының өзінде көп мағына жатыр.
Аслан: Е-е, солай ма, ендеше тындап көрейін.
Ақнұр:  Цицерон: Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері деген екен.  
 Аслан:
Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,
Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.
Ақнұр:
Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!
Беймәлім бе,саған менің өткенім,
Білесің бе, халқын азап шеккенін,
Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?
«Елім — айды» құлағыңа ілдің бе,
Сырым неге көтерілді,білдің бе?
Мансұқ етіп еліктірген ермекті
Тарихыңның қойнауына кірдің бе?
Не жетпеді Кенесары тарланға,
Не үшін өлді ер Исатай арманда,
Алаш үшін жанын қиған боздақтар
Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға?
Шаттанғанда туды ғой деп азат күн
Неткен аштық қырып салған қазақты.
Ел басына кімдер әкеп төңкерді.
Отызыншы жылдардағы азапты?
Тастатпауға бүкіл ұлтты күресуге,
Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,
Желтоқсанда көтерілген жас ұлан
Тәуелсіздік жаршысы олар.
Біл сен де!
Аслан:
-Неткен ғажап сөздер, дұрыс айтыпсын Ақнұр ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке де 28 жыл толғалы жатыр.Ортаға 5-7 сынып оқушыларын өлең шумақтарымен шақырамыз.
Ақнұр:
Иә, біздің тарихымызда елі мен жері үшін жанын қиюға даяр ерлер мен батырлар көп болған.
Өткенім бар-өкініш, жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгіледім,
Жаңа ғасыр, сен енді бас ұр маған!
Орындалсын аңсаған асыл арман!
Аслан: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Ақнұр:
Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым,
Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын.
Тарихты терең үңіліп еске аламыз,
Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.
Тәуелсіз жылдар сыйласын елге ғажабын,
Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың.
Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың,
Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!
Аслан:
Алматы қаласындағы Республика алаңы –Тәуелсіздіктің тал бесігі. Осы жерде 1986 жылғы 16,17,18- желтоқсанда қанды оқиға болды. Қаншама қазақ  жастары Қазақстанды ұзақ жылдар басқарып келген Дінмұхамед Қонаевтың орнына  ресейлік Г.Колбиннің тағайындалуына қарсылық білдірді. Ағаларымыз тепкі көрді. Апаларымыздың бұрымынан сүйреді. Ұлттық арымызға өшпес таңба түсті. Қайрат, Ерболдай ағаларымыз, Сәбира, Ләззат апаларымыз қазақтай батыр елдің баласы екендерін бүкіл әлемге танытып құрбан болды. Сондықтан Тәуелсіздік күні көп мейрамның бірі емес. Ол ұлт намысының рухы асқақтаған күн. Ол ұмытылмайтын тарих. Қазақ жастарының ерлігі мен қайсарлығы кейінгі ұрпаққа үлгі.
Ақнұр:

Ортаға 8-сынып оқушылары

Аслан:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба, жарқыра!
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына!

       Бүгін біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін  мемлекетімізді құрып Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп, әлемге әйгілі болуымыздың өзі осы Тәуелсіздікке  қол жеткізуіміздің арқасы. Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, ақша қардай кіршіксіз күйінде болашақ ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз.  Тек сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болып қалмақ.

Ақнұр:

Ортаға 5-8 сынып оқушыларының орындауында «Туған жер» әнімен.

Аслан:

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді,  сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,  басқаша  болуға  біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі  бақытты  күніміз  үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздер білімді, дені сау, Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуіміз қажет.

Тәуелсіздікке қол жеткізген 28 жылдық мерекелеріңіз құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық кешімізді   аяқтаймыз.  Қош сау болыңыздар!

Қызылтаң орта мектебІ

Тарих апталығы

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім»

Өткізген: Бакиров Д.Р

2019-2020 оқу жылы

Жаңартылған күні: 13.01.2020 23:46
Құрылған күні: 13.01.2020 23:46

«Тарих- ғасырлар куәсі» сыныптан тыс жұмыс

5/7 сыныптарды тарих пәнінінен

Тақырыбы: «ТАРИХ- ҒАСЫРЛАР КУӘСІ»

Мақсаты:

Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып танымдарын арттыру және ұлы тұлғалардың ерліктерін насихатап болашаққа бағдар алады.

Түрі: интелектаулдық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен, ескерткіштердің фото суреттері, қанатты сөздер)

  1. Сайыстың барысы:

Құрметті, оқушылар. Бүгінгі сыныптан тыс тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарих-ғасырлар куәсі». Осы сыныптан тыстәрбие сағатында біз тарихтың өткені мен бүгігі күнін парақтаймыз, «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» — деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады. Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кеткен. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, ғасырлар еншісінде. Яғни осы ғибадатты кезеңдерді «Тарих-ғасырлар куәсі» атты тарихи журналымыздан парақтап көрейік.

Журналымыздан көріп отырғандай «Қазақ хандығы». Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтерген.  Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын бір жолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Музыка

Қазақ хандығы туралы көрініс.

Күй

Құрметті оқушылар Қазақ хандығы өз ханын ақ кигізге отырғызып хан көтергеннен соң қазақ хандығының ішкі сыртқы жағыдайы қандай болды және қазақ хандығынада қандай хандар хандық билікке ие болғаны туралы тапсырмалар барысында білеміз және бігенімізді ортада талқылаймыз.

Сондықтан балалар алдаыңда тұрған тапсырмалар жинағындағы тапсырмаларды брындайық.

7 сыныпта «Осылай болған» тапсырмасы.

5 сыныпта «Әріптер сөйлейді»тапсырмасы.

Журнал парақтары:

  1. Қазақ хандығы

Тапсырмасы: «Әріптер сөйлейді»

Әріптер сөйлейді:
А – Еліміздің оңтүстік астанасы: Алматы
Ә – Абылай ханның шын есімі : Әбілмансұр
Б – Астана қаласының символы : Бәйтерек
В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға : Валюта енгізілді
Г – Тарихтың атасы: Геродот
Ғ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ : Ғасыр адамы
Д – алла тарапынан берілетін әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы: Дін
Е – «Алтын адам» қайдан табылды : Есік қорғанынан
Ё – Конституцияның құрылымы : 9 тарау 98 бап
Ж – «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам : Ж.Молдағалиев
З – Сиырдың пірі : Зеңгі баба
И – Елбасымыздың мамандығы: Инженер- металлург
Й – «Алаш» сыйлығын алған жазушы, қажы: Халифа Алтай
К – Қазақтың соңғы ханы: Кенесары
Қ – Ж.баласағұнның ХІ ғ. жазған еңбегі: «Құтты Білік»
Л – кеңес үкіметінің басшысы Ленин
М – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі : Мұхтар Құл-Мұхамед
Н – Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы:Н.Тілендиев
Ң- Қазақстанның ең биік шыңы : Хантәңірі
О- Қазақстанның бірінші астанасы: Орынбор
Ө – Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы:Өскемен
П – Жоғарғы заң шығарушы орган : Парламент
Р – 1995ж «әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам: Р.Бағыланова
С – Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы : Сөк
Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел: Туркия
У – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті: Уыз
Ұ – Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс: ҰОС
Ү – Жыл мезгілін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген: Үркер
Ф – «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: фараби
Х – 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға : Халық санағы
Һ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында күресі үшін берілетін орден: Халық Қаһарманы
Ц – Астана қаласының бұрынғы атауы: Целиноград
Ч – қазақтың ұлы ақыны :Абай
Ш – аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманы:Ш.Қалдаяқов
Щ – Биыл Тәуелсіздікке неше жыл : 26 жыл
Ъ –Халықаралық тіл: Орыс тілі
Ы – Қазақтан шыққан суретші қыз: Г.Ысмаилова
І – « Көшпенділер» триллогиясының авторы: І.Есенберлин
Ь- Қазақтың ең биік тауы: Тянь-Шань
Э – Халықтардың әдет – ғұрып , салт – дәстүрін зерттейтін ғылым:Этнография
Ю – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі : Ою
Я – Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: Әлия

«Осылай болған» деп аталады.Бір қалташада сұрақтар екіншісінде жауаптары бар. Жұппен жұмыс

Оларды сәйкестендіріп,дұрыс әрі тез орындауларың керек.

1.1680 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса-көктер кіріп, бірнеше қазаққ ұлыстарын талқандады. — (Жоңғар әскерлері)

2. Жәңгір ханның ұлы 1511 жылы хан болып сайланды — (Қасым хан)

3. .Қазақ ханы «дос болып, өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт жасасты. — (Бұхар ханы ІІ Абдаллахпен)

1. Орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты — (1569-1573)

2 .Көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті күшті хан болды- (Тәуке)

3. І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады. — (1694ж Тәуке хан)

1. Әйтебидің шын есімі- (Айтық)

2. Жастық шағын Ұлытау,Қаратау атырабында өткізген -(Қазыбек Келдібекұлы)

3. Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген — (ТөлеӘлібекұлы)

  1. Тарихи ескерткіштер

«Тарихи сандық » тапсырмасында ескерткіштерді алып атауын айтады. Үш тілде. Қысқаша мәлімет береді. 5/7 сынып ескерткішпен жұмыс.

  1. 7-сынып «Шардара», 5 сынып «Жұмбақ оқиға»

«Шардара» тапсырмасы. Онда жасырынған буындарды тауып ,тарихи сөз жасау керек.

Ортақ жасырылады.

1. 1 буын-жалынның атауы; 2 буын ұшақ маркасы. Саяси партяның аты шығу керек. (ОТАН)

2. 1 буын -бір затты ұсыну сөзі; 2 буын- майдың орысша атауы

Әйелдер абақтысының аты шығады (АЛЖИР)

  1. 1 буын –қарт Адам, 2 буын-тұрғылықты жер. Отан сөзінің синонимі (АТАМЕКЕН)

  2. 1 буын-алақан түю,2 буын-жеміс-жидек ордасы Ауыз әдетиетінің жанры

  3. 1 буын- «құпияның» синонимі,2 буын-сөйлеудің түрі. (Батыр есімі.СЫРЫМ)

  4. 1 буын –үй құсы,2 буын-үйсін билеушісінің титулы Ел билеген дана (ҚАЗЫБЕК))

  5. 1 буын-жәндік,2буын-күннің түсі .Хан қолбасшы (КЕНЕСАРЫ)

  6. 1 буын-етістіктің қаратпа сөзі, 2 буын-орта жүз руы .Батыр әскербасы (ҚАРАКЕРЕЙ)

5 сынып «Жұмбақ оқиға» . Оқушылар таспаға жазлған оқиғаның шешуін табу керек.

  1. Өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп жау жағына өтеді,оларға өзіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады.Енді өзін өкпелеткендерден кегін алмақшы екенін айтады.Мақсаты:қарсыластарын қырғынға ұшырату еді.Ол бұл мақсатын жүзеге асырады.

Бұл қашан болған ,қандай оқиға ,кім туралы?

(Бз.б.521-486) (Сақ-грек Македон соғысы.Шырақтың ерлігі)

  1. Олар көрші империалар үшін өте қауіпті,қатерлі болды.Талдан тоқылған бөгеттер мен терең орлар да ,берік қамалдар да ешқандай бөгет бола алмады.Тіпті тұғыры берік әрі салуы қымбатқа түскен қорғаныс та түкке жарамай қалды.Олар Орталық Азияны ,Сібірді бағындырды.Ұлы Жібек жолына бақылау жасады.Оларға көрші халықтар алым-салық төлеп тұрды.Олар адам келбетті,арыстан жүректі болды. Рим шекарасына беттеді. Кімдер еді.

(Ғұндар)

  1. Тәуелсіз Қазақстан

Күй

Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,

Ессіздерде есем кетті қаншама,

Кездерде өтті шындық іздеп шаршаған.

Тәуелсіздік тәтті үмітім едің ғой,

Талай таңдар таңдайымда тамсаған.

Бодан болып көз ілгенмін кеше мен,

Бүгін таңда бостан болып ояндым.

Жұптарға үйге берілген тапсырма тәуелсіздік символының макеттері таныстырады.

Астана – Азияның ару қызы

Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,

Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.

Астана – Азияның жас қаласы,

Ажарын көрген адам қызығардай.

«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа,

Астана қарқын алды өсер дара.

Есілдің жағалауын жарқыратқан,

Аққудың ұясындай әсем қала.

  1. ЭКСПО

Астана – әлемдегі жаңа ғажайып

1997 жылы егеменді Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынды. Бұл шешімді қабылдауға қаланың геосаяси орналасуының маңыздылығы, Қазақстан мен Еуразия континентінің ортасында орналасуы, қажетті көлік және коммуникациялық инфрақұрылымның болуы әсер етті. Жаңа астананы таңдауда айрықша рөлді қаланың дамуы үшін бос жерлердің болуы да атқарды.

Астана — Қазақстанның маңызды мәдени және ғылыми орталығы. Мұнда Ұлттық ғылым академиясы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, қазіргі заманғы арт-галереялары, Әлеуметтік-экономикалық технологиялар орталығы, бизнес-орталықтар, су аттракциондары ашылды.

Қазақстан EXPO-2012-де

Қазақстан өзінің павильонын Бүкіл дүниежүзілік ЭКСПО әмбебап көрмесінде төртінші рет көрсетті. Қазақстанның павильоны мәдениет пен ғылымдағы, бизнес пен туризмдегі дәстүрлер мен инновацияларды ескере отырып, салынған. Павильон су тақырыбына арналды және Қазақстанның тарихы мен салт-дәстүрлері туралы, оның заманауи өмірі мен болашағы туралы баяндады.Қазақстандық павильон 6 аймақтан тұрды. Келушілер бүкіл павильон бойынша таратылған интерактивтік шоуларды көріп, қатысты. Қазақстанның павильоны Астанаға ерекше назар аударған, сол кездің өзінде ол «Болашақтың қуаты» ЭКСПО-2017-ні өткізуге үміткер-қала болған.

Видео-ролик. ЭКСПО 2017

Күй

Тілектер

  1. Еліміз елдігін көрсеттіп, ерлігін тантсын.

  2. «ЭКСПО – 2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатына сенім артамын».

  3. ЭКСПО-2017 көрмесі еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының қозғаушы күшіне айналсын.

  4. ЭКСПО көрмесі үздік мәдени және ғылыми-технологиялық жетістіктерге толы болсын.

  5. ЭКСПО нәтижесінде шыны астындағы қалаға айналсын

  6. ЭКСПО табысқа толы болсын.

  7. ЭКСПО нәтижесінде туристік жағы жақсарсын.


  • Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар
  • Altyngul79
  • 02.11.2016
  • 1
  • 0
  • 17006

Сынып: 6,7-сынып

интеллектуалды сайыс

Сабақтың мақсаты:

       а)  білімділік мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой   ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

       ә) тәрбиелік мақсаты: оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын арттыру;

       б) дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту,  сөз қорларын байыту.

Сабақтың әдісі: Сайыс

Қажетті құралдар:  Электронды тақта,  МS PowerPoint-та жасалған слайдтар

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:  Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! Тарихыңды таны атты сайысымызға  қош келдіңіздер. Алдарыңызда өз білімімен ақыл ойымен тапқырлығымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ойынға алты адамннан тұратын екі топ қатысады.

Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары.  Бұлар — нағыз тарихи дастандар. Мұнда түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби көркемдік тәсілдермен өрнектелген.   

Сонымен, «Білім- білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы» – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып ойнымызды бастайық.

Ойын 5 турдан тұрады.

   1-ТУР   ОЙЛАН ТАП

   2-ТУР  ОН ТҰҢҒЫШ

   3-ТУР  СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

   4-ТУР  ТӘУЕЛСІЗДІК  ШЕЖІРЕСІ.

   5-ТУР  ҰШҚЫР ОЙ

1-Тур

ОЙЛАН ТАП

 Тарихи жылдар

1. Түрік қағанаты –  552-603ж.ж

2. Батыс түрік қағанаты – 603-704 ж.ж.

3. Түргеш қағанаты – 704-756 ж.ж.

4. Ерте палеолит – 2,5 млн. – 12 мың жыл

5. Мезолит – 12-5 жыл

6. Жер беті күрт суи бастады – 100 мың ж.бұрын

7. Неолит —  5 – 3 мың жыл

8. Қазақстанда қанша обл.бар – 14

9. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? 1991 ж. 16 желтоқсан

10. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап

11. Қыпшақ хандығы –  ХІІ – ХІІІ ғ.

Жылдарына сай хандардың аттарын жаз

1456-1480жж- Керей мен Жәнібек

1511-1515жж- Қасым

1523-1532жж- Тақыр

1532-1537жж- Тоғым

1580-1582жж- Шығай

1582-1598жж- Тәуекел

1598-1613жж- Есім

1629-1652жж- Жәңгір

1730-1771жж- Әбілмамбет

1771-1781жж- Абылай

2-ТУР     

ОН ТҰҢҒЫШ

1.     Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел патша: Томирис б.з.б. 570-520ж.

2.      ХІІ-ІХ ғғ (VIII) өмір сүрген, тұңғыш ажалмен арпалысқан  кім? Қорқыт VIII ғ.

3.      Музыка саласында «Музыканың ұлы кітабы» атты  тұңғыш ғылыми еңбек жазған, энцоклопедист ғалым. Әбу Насыр Әл-Фараби  870-950 ж.ж.

4.      Египетте жүріп құлдық дәрежеден ел билеуші дәрежесіне дейін жеткен қазақ бабасы: Бейбарыс сұлтан

5.      Ел басқарудың жаңа түрі «халық кеңесі» атты тұңғыш халықтық өкімет құрған қазақ батыры.  Сырым  Датұлы 1783-1797ж.ж.

6.      Қазақтың тұңғыш шығыстанушы ғалымы, қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш қағазға түсіруші. Шоқан Уалиханов 1857 жыл

7.     Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» біріккен қазақ қолын тұңғыш басқарған, монғол қолын ойсырата жеңген. Әбілқайыр хан 1693-1748 ж.ж.

8.     Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж.

9.     Қазақ тілінде тұңғыш  «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға қазақ тілін үйретудің құралы» атты оқулықтар жазған   ғалым-ағартушы. Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж.

10.   КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Мұстафа Шоқай 1890-1941 ж.ж.

3-ТУР

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

Бұл жәдігер қай ғасырға, қай тайпаға тән? V-ІV ғ. Сақ     

Уақытын және қайдан табылғанын айт?     1969 ж. Есік қорғаны Жетісу  К. Ақышев

Суретте қай ғашықтардың мазары көрсетілген?  Қозы Көрпеш – Баян Сұлу  Х V І — Х V Бұл қандай ескерткіш және қай ғасырға тән? Күлтегін  VІ ғ.

Суретте кімдер бейнеленген? 

Бөгенбай батыр 1690-1775 ж.ж.,  Әмір Темір 1336-1405 ж.ж.,  Қабанбай батыр 1691-1769 ж.ж.

Суретте қай тарихи оқиға бейнеленген? 1941-1945 ж.ж.

Бұл қай билеуші? Ол туралы не білесің? Шыңғыс хан 1155-1227 ж.ж.

Ескерткіштегі қос батыр кімдер?  Махамбет – Исатай 1836-1838

Бұлар кімдер?  Бұл тұлғаларды қандай қоғам біріктіреді? А.Байтұрсынов 1873-1937 ж.ж., Ә.Бөкейханов 1866-1937 ж.ж., М.Дулатов . “Алаш партиясы”

Суретте 1932 жылмен байланысты қай кез бейнеленген? Ашаршылық 1931-1933 ж.ж.

Бұл қандай оқиға? 1986 жыл 16-17 желтоқсан

Ән:   

4-ТУР   

«Тәуелсіздік шежіресі»

Тәуелсіз ел атандық   биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі   мәлім атың.

Ата-баба қанымен    келген бізге

Тәуелсіздік құт болып     қонды елге

Сайыскерлерге төмендегі сұрақтар қойылады, қайсысы бірінші әрі дұрыс жауап берсе, соған ұпай беріледі. Бір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

1.. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды?  1991жыл.

2.Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?     1992 жыл 4 маусымда.

3.Қазақстан компартиясы қашан таратылды?  1991жыл.

4.Қазақстан ұлттық гвардиясы қашан құрылды? 1992 жылы.

5.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңгенің айналымға енген жылы- 1993 жыл.

6. Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық одақ құру»идеясы жарияланған жыл-1994 жыл .

7. «Қазақстан-2030 даму стратегиялық» бағдарламасының қабылданған жылы-1997 жыл.

8.Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ құрылтайы қашан болды? 2000 жыл.

9.Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау»заңының қабылданған жылы-2001 жыл.

10.Қазақстан Республикасының екі палаталы тұңғыш парламентінің өз жұмысын бастаған жылы-1996 жыл.

11. Қазақстан Республикасының қоспалаталы Парламентінің сайлауы қашан болды? 1995 жыл.

12. Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына қашан мүше болды? 1992 жылы.

5- ТУР

ҰШҚЫР ОЙ  

Берілген сөздерді пайдаланып,  «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбындағы мәтін құра.

Берілген сөздер:  Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ.   Топпен жұмыс, флипчарт қағазға жазу.

Көрермендермен ойын:

1.Түркеш қағанатының астанасын ата:

           Жауабы: Суяб,екіншісі Ордабасы-Іле бойындағы Күнгіт.

2.Қимақ қағанатының тарихи шеңбері:

           Жауабы: ІХ ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басы.

3.Қарлұқ қағанатының тайпаларын ата:

            Жауабы: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін,тухси, фаракия, лазана.

4.Қазақстандағы ең ірі сәулет орындарын ата:

           Жауабы: Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Айша бибі, Қарашаш ана,     Ибрахим ата т.б.

5.Батыс түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті?

           Жауабы: Шегу қаған.

1.Батыс түрік қағанатының тайпаларын ата:

          Жауабы: Барлық түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр,үйсін т.б.

2.Оғыз мемлекетінің астанасын ата:

           Жауабы: Янгикент (Жаңа Гузия)

3.Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған ортағасырлық тарихшы:

           Жауабы: Парсы тарихшысы Гардизи.

4. «Бұдун, тат» сөздерінің мағынасы.

         Жауабы: «Халық, құл».

5.Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?

            Жауабы: Ұмай анаға.

1. «Сардоба» деген қандай құрылыс?

             Жауабы: Құдық үстіне салынған ғимарат.

2.  Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады?

            Жауабы: Сатұқ Боғра –хан.

3.  Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы одақ құрды?

              Жауабы: 965 жылы.

4.  Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі:

              Жауабы:  Земарх.

5.  Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған?

               Жауабы: 20 жылға.

Қорытынды:

1 жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық Ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына.

2 жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

1 жүргізуші.: Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.

Марапаттау рәсімі.

Қорытындылай келе, әр топтың жинаған қорларын есептеп жеңімпаз белгілі болады. Әр топқа марапаттау қағазы берілді. Мұндай сабақты өткізу барысында оқушылардың өз білімін барынша көрсету, оны пайдалану мүмкінлігін артып, өз тобының жеңісі үшін күресу, сонымен ұйымшылдық қабілеттері бір-біріне көмек беру арқылы артып, сабаққа белсенді қатыстыру.

1.  Әнұран сөзінің авторлары кім?
2. Алғаш қазақ хандығын құрған кімдер? (Керей, Жәнібек)
3. Адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі қалай аталады? (палеолит)
4. Аталық ру қай кезде пайда болды? (Қола дәуірі)
5. «Алтын Адам» қайдан табылды? (Есік)
6. Қаңлылардың астанасы қай қала? (Битянь)
7. Ғұн қоғамында қанша ру болған? (24)
8. Қазақстандағы алғашқы феодалдың мемлекет? (түрік қағанаты)
9. Қазақ халқында «Ақтабан шұбырынды» жылдарын еске түсіретін ән (Елім-ай).
10. Ноғай ордасының негізін қалаушы (Едіге).
11. Әбілқайыр хандығының астанасы (Сығанақ)
12. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Түркістанда кімнің бұйрығымен салынды (Әмір Темір).
13. Орта ғасырлық қаланың кедейлер тұратын бөлігі қалай аталған? (Рабат)
14. Қарахан әулетінің негізін салушы (Сатук Бограхан)
18. «Хан батыр» атағына ие болған батыр? (Қабанбай)
19. ХVIII ғ. қазақтардың әдет-ғұрып заңдары? (Жеті Жарғы)
20. Абылайдың кеңесшісі болған атақты ақын – (Бұхар жырау).

1. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, Автономиялық қазақ үкіметінің басшысы, «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан» газеттеріне мақалалар жазып тұрған, 1894 жылы Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын бітірген кім?
(Ә. Бөкейханов).
2. «Алаш» партиясының танымал басшысы, қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал»-дың авторы, Сталиндік жазалаудың құрбаны, Соловки лагерінде қайтыс болған кім? (М. Дулатов).
3. «Қазақ халқының 1000 әні» мен «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинағын шығарған композитор әрі этнограф кім? (А. Затаевич)
4. Орта жүздің султаны Уәлидің баласы, атасы Түркістан билеушісі болған, 1778 ж. ІІ Екатерина оны орта жүздің ханы етіп бекітті. Бұл кім? (Абылай).
5. Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттен екінші ұстазы аталған данышпан ойшыл, энциклопедиет ғалым кім? (Әл-Фараби).
6. Қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың (күйдің) классигі (Құрманғазы).


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Тарих қадамдары» интеллектуалды сайысы

Мақсаты:

  1. Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.
  2. Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.

Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық бағдарламасы негізінде.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакаттар, мақтау қағазы.

Ашылу сәті:

Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен — ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми  әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кем де емес.

Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.

Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» — деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақтары  қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, жаратылыстану-гуманитарлық пәндер апталығына байланысты мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер –

  1. Сағындықова Б.С. – оқу ісінің меңгерушісі.
  2. Жүсіпов Қ.А. – математика пәнінің мұғалімі.
  3. Зораева Д.М. – қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстыратын болсақ:

№1 қатысушымыз — Махаббат:

– Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске.

№2 қатысушы — Ербол:

– досқа жан тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа ұмтылуда білім де керек.

№3 қатысушы — Бөгенбай:

– білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.

№4 қатысушы — Инабат:

– ер жігіттің екі сөйлегені…

№5 қатысушы — Сандуғаш:

– білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

№6 қатысушы — Дәнекер:

– бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін.

Ал енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық:

  1. «Бәйге» бөлімінде оқушылар сұраққа жауап береді.
  2. «Тіл – өнер» — оқушылар тарихи терминдерге қатысты сұрақтарға жауап береді.
  3. «Қасиетті жетілік» — киелі жеті санына қатысты сұрақтар қойылады.
  4. «Көкпар» бөлімінде жұмбақ сандардың астындағы сұрақтарға жауап береді.
  5. «Жорға» — жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын сұрақтар.

Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегеніндей «Бір Аллаға сиынып, кел жас достар сайысымызды бастайық». Сайысымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады. Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

(№1 сайыскер) Махаббатқа  қойылатын сұрақтар.

  1. Қазақ хандығының (1456ж) негізін салушы хан? (Керей)
  2. Абайдың шын есімі? (Ибраһим)
  3. Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала? (Орынбор)
  4. ҚР — ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)

(№2 сайыскер) Ерболға қойылатын сұрақтар.

  1. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейұлы 1801 — 1845)
  2. «Құтты Білік» дастанын 30 жыл дайындап, 1, 5 жылда жазып шыққан қай ғалым? (Жүсіп Бласағұн)
  3. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)
  4. Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше ХV ғ.)

(№3 сайыскер) Бөгенбайға қойылатын сұрақтар.

  1. ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (3000 шақырым)
  2. Қазақтан шыққан геолог ғалым кім? (Қаныш Сәтпаев)
  3. ҚР — да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер кім?

(Тоқтар Әубәкіров)

  1. Қазіргі таңдағы көрнекті демограф ғалым кім? (Мақаш Тәтімов)

(№4 сайыскер) Сандуғашқа қойылатын сұрақтар.

  1. Тұңғыш 1742 жылы тархан атағын алған батыр кім? (Шақшақ Жәнібек батыр 1693 – 1751)
  2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)
  3. ҚР — да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)
  4. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 — дай)

(№5 сайыскер) Инабатқа қойылатын сұрақтар.

  1. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
  2. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
  3. Қазіргі таңда әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы сауда байланысы орнатылған? (145)
  4. ҚР — сы қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан)

(№6 сайыскер) Дәнекерге қойылатын сұрақтар.

  1. Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас ұлт — азаттық көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кенесары Қасымұлы)
  2. «Бақытсыз Жамал» романының, «Оян қазақ», «Терме» әдеби публистикалық туындысының авторы кім? (М. Дулатұлы)
  3. Бұл күнде Қазақстанның тәуелсіздігін қанша мемлекет таныды? (120)
  4. Қазіргі ҚР ұранының авторлары? (Нажимидинов, Назарбаев, Қалдаяқов)

Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл — өнер» деп аталады. Мұнда тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады, жауапты кім бірінші болып тапса сол сайыскер бұл сөздің орысша және ағылшынша баламасын табады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай, орысша дұрыс жауабы 20 ұпай, ал ағылшынша дұрыс жауабына 30 ұпай алады.

  1. Екі немесе одан да көп мемлекеттердің әскери күштерінің немесе бір мемлекеттің ұйымдастырылған қарулы топтарының арасындағы ұзаққа созылған ұрысы? (соғыс — война — war)
  2. Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен қарым — қатынас жасай алатын, билікті жүзеге асырушы заңды түрде құрылған адамдар бірлігі қалай аталады? (мемлекет — государство — government)
  3. Қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды бекітетін нормативтік — құқықтық акт? (заң — закон — laus)
  4. ІІ дүниежүзілік соғыстың кезінде антигитлерлік коалицияға ұйтқы болған мемлекеттер КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция арасындағы бейбітшілікті қолдау мен нығайту мақсатында құрылған мемлекеттердің халықаралық ұйымы? (Біріккен Ұлттар Ұйымы — Организация Объединеных Наций — United Nations Organization)
  5. Терісінің түсіне, бет әлпетінің ерекшелігіне, шаш құрылымына, сөйлеуіне, өзгеде ұлттық ерекшеліктеріне қарай адамдар тобын кемсіту қалай аталады? (нәсілшілдік — рацизм — rasism)
  6. Саяси қарсыластарға қарсы қолданатын саяси бақылау, қадағалау, заңсыз түртпектеу саясаты қалай аталады? (қуғын — сүргін – репрессия — represion)

Ән:

Сайыскерлерді іріктеу (ұпайы төмен 2 сайыскер ойыннан шығады).

Қазақ халқы 7 санын қасиетті деп есептеген. Келесі сайысымыз «Қасиетті жетілік». Толық дұрыс жауапқа 40 ұпай беріледі.

1 – сайыскерге: Жеті қазынаны ата? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл — білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

2 – сайыскерге: Жеті ғаламды ата? (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты)

3 – сайыскерге: Жеті жұтты ата? (құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

4 – сайыскерге: Жеті атаны ата? (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)

Сайыстың бұл бөлімінен кейін ұпайы төмен 1 оқушы шығады.

Келесі бөлім – «КӨКПАР».

Жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астында сұрақтар берілген. Сұрақтарды таңдау сайыскерлердің өз еркінде.

20/1: Әйгілі сақ патшайымы Томиристің ұлының есімі? (Спаргапис)

20/2: Тасқа салынған сурет қалай аталады? (петроглиф)

20/3: 1930 — 33 жылдары ашаршылық зардабынан қанша адам қырылды?(2, 1 млн)

30/1: Үйсіндердің билеушісінің титулы қалай аталды? (гуньмо)

30/2: Әйгілі Атлах шайқасы қашан және кімдер арасында болған? (751 арабтар мен қытайлар)

30/3: 1726 жылы Қалмаққырылған оқиғасы болған жер? (сарысу өзенінің орта ағысы, Торғай)

40/1: Шыңғыс ханның шын есімі? (Темучин)

40/2: Қазақ хандығының территориясын кеңейткен, халқының санын 1 млн — ға жеткізген қай хан? (Қасым хан)

40/3: «Көшпелі мемлекет» деп аталған ежелгі мемлекет қайсысы? (Үйсін)

«Көкпар» сайысында ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

Келесі 5 – бөлім «Жорға» әрбір сайыскерге 10 – 10 — нан жедел сұрақтар беріледі. №1 сайыскерге қойылатын сұрақтар:

  1. Орта ғасырларда Түркістан қаласы қалай аталған? (Иасы)
  2. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке хан)
  3. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  4. Рәміздер қашан қабылданды? (1992ж.)
  5. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)
  6. Шет елде қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші кім? (Ә. Қашаубаев)
  7. 1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы? (О. Сүлейменов)
  8. Қарағанды көмір кенін тапқан кім? (Аппақ Байжанов)
  9. 1917 – 1920ж. ж. Алашорда мемлекетімен Алаш партиясының ұйымдстыру
  10. Қазақ тарихында тұңғыш биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

№2 сайыскерге қойылатын сұрақтар:

  1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
  2. Қазақстанда қанша болыс бар? (14)
  3. 31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)
  4. Екінші рет конституция елімізде қашан қабылда? (1995ж., 30 тамыз)
  5. Мұсылмандардың жыл санауы қалай аталады? (хижра)
  6. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 — ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)
  7. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын? (Ж. Жабаев)
  8. Қазақтың тұңғыш тарих профессоры кім? (С. Асфендияров)
  9. 1883 – 1897 ж. ж. Кіші жүз көтерілісін басқарған кім? (С. Дулатов)
  10. Қазақ ұлтынан бірінші рет КСРО халық әртісі атағын алған кім? (К. Байсейітова)

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз.

Сонымен сайысымыздың нәтижесі бойынша мектебіміздің ең зерек әрі тапқыр оқушымыз болып __________анықталды.  Оған мақтау қағазын табыстаймыз. Ендеше, бүгінгі «Тарих қадамдары» атты интеллектуалдық тарихи танымдық сайысы аяқталды. ХХІ ғасырда өз үлестеріңізді табыңыздар! —  деген сөздермен біз сіздермен қоштасамыз.

№1 қатысушы — Махаббат:

– Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске.

№2 қатысушы — Ербол:

– досқа жан тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа ұмтылуда білім де керек.

№3 қатысушы — Бөгенбай:

– білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.

№4 қатысушы — Инабат:

– оқу инемен құдық қазғандай.

№5 қатысушы — Сандуғаш:

– білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

№6 қатысушы — Дәнекер:

– бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін.

2.04.14-9.04.14 аралығында өтетін жаратылыстану-гуманитарлық пәндер апталығының жоспары:

Күні Орындалатын іс-шара Жауапты
1 2.04.2014 ж. Жоспар құру Қазкеева А.Т., Қожабеков М.Д.
2 3.04.2014 ж. 8 сыныпта Қазақстан тарихынан ашық сабақ Қожабеков М.Д.
3 4.04.2014 ж. «Тарих қадамдары» атты интеллектуалдық сайысы Қожабеков М.Д.
4 7.04.2014 ж. Химиядан ашық сабақ Қазкеева А.Т.
5 8.04.2014 ж. «Қанатты достар» атты құстар күніне байланысты тәрбие сағаты Қазкеева А.Т., Қожабеков М.Д.
6 9.04.2014 ж. «Тапқыр болсаң, озып көр» сайыс сабағы. Апталықты қорытындылау Қазкеева А.Т., Қожабеков М.Д.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Татарские летние народные праздники
  • Тарих апталы?ыны? ашылу салтанаты сценарий
  • Татарские государственные праздники
  • Тарих апталы?ына арнал?ан сценарий
  • Таривердиев ожидание праздника ремикс