Тарих ж?не география апталы?ыны? ашылуы сценарий

☑ Скачать бесплатно «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тарих апталығының ашылу салтанаты в формате Документ Microsoft Word (docx). Научные работы по предмету Информатика.

up

Поиск по сайту

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тарих апталығының ашылу салтанаты

Предмет: Информатика
Категория материала: Научные работы
Автор: Бакауова Назира Отарбаевна

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.43 Kb
Количество скачиваний: 393

Скачать

Просмотров: 608

Похожие материалы

  • Блакнот, Калькулятор сабақ жоспары
  • Обобщение накопленного педагогического опыта учителя информатики
  • Творческий проект учащихся по информатике «Создание двухмерного проекта школы и школьного двора»
  • Исследовательская работа «Разработка информационной системы складского учета зерновой продукции расстениеводства»
  • Научно исследовательская работа по информатике «Метод координат»
  • Научно-исследовательская работа по информатике «Видеомонтаж»
  • Исследовательская работа «Компьютерные игры»
  • «Сын тұрғысынан ойлау арқылы компьютерлік сауаттылықты арттыру»
  • Тақырыбы:Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бойымен жылжыту.
  • Исследовательская работа на тему: «Биоритмы»

Тақырыбы: Ерлер есімі – ел тарихы

Мақсаты: Тәуелсіздікке қалай қолымыз жеткені жөнінде, қазақ ұлтының ер ұлдары туған

жерін,

сүйікті елін жаудан ақ найзаның ұшымен, жұмыр білектің күшімен қорғап, ел

тарихын өз қандарымен жазып кеткендігі туралы түсінік беру;

Тәуелсіздік жолында еліміздің талай ұл – қыздары жойқын жорықтарда шейіт

болып ерен ерлігімен тарихта қалғандығын таныстыру;

елін, жерін мейірлене сүйе білген алып тұлғалы батырларымыздың жүрегі, адам

гершілік, парасаттылық, кісілік, жомарттық, ақындық, шешендік т.б. қасиеттерін үлгі

ете отырып отансүйгіштікке, қажыр – қайраты, ерік – жігері мол, ынтымақшыл,

білімді болып өсуіне бағыт беру.

Көрнекілігі: ұлағатты, қанатты сөздер жазылған плакаттар, тарихтағы ер ұлдарының суреті,

тақырыпқа байланысты слайдтар.

БАРЫСЫ:

1- жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

2 — жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері өнерлі, өсиетті,

Египетті билеген Бейбарыстың,

Елі текті, киелі, қасиетті.

Қорлаған жау басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,

Қорғап қалды ел бағын алыптарым.

1 жүргізуші: Қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі.

Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Египет еліне билік

жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

2 жүргізуші: Аспаныңда жарқ – жұрқ етіп жалындар,

Аққан судай зымырады ғасырлар,

Тұрды күтіп, түрлі – түрлі асулар.

1 жүргізуші: Тарих! Осы сөзде қаншама мазмұн, қаншама ойлар мен ұғым жатыр. Ұлы

Жібек жолының кіндігі болған әлемге әйгілі Отырардың күйреуі, жоңғар

шапқын

шылығы, үш жүздің Ресейдің қол астына кіруі, ұлт –азаттық шаруалар

көтерілісі,

нәубет аштық, жеке басқа табынушылық, репрессия, Ұлы Отан соғысы,

қазақ

даласындағы полигон зардаптары, орталықтың теріс саясатының

нәтижесінде

Желтоқсан оқиғасы бәрі де біздің тарих.

Енді сол тарих бетін ашайық!

1 оқушы: Отырар қаласы өз тарихында сұрапыл соғыстан 3 рет қирап, 3 мәрте

тірілген

іргелі орын. Отырардың керуені кіріп шығып жататын бес қақпасы

болған,

дарбаза қақпа, алтын қақпа, хан сарайы қақпа, құл қақпа, пышақты қақпа деп

аталатын. Дүниеге Әбу –Насыр Әл –Фараби, Әл – Жауһариді келтірген, 100 мыңнан

астам халық мекендеген, бірнеше мешіт, медресесі бар аты әлемге әйгілі қала.

2 оқушы: 1219 жылы Шыңғысхан жасағы Отырар қаласын 200 мың әскерімен қоршауға

алды.

Бірақ қанша шабуылдаса да олар қаланы ала алмады. Шыңғысхан

қаһарланып,

бүкіл қолы қырылса да «Отырарды алу керек» деген бұйрық береді. Отырар

тұрғындарының жағдайы нашарлайды, тамағы таусылады. Әскер ішінен бір

жансыз

опасыздық жасап, қала қақпасын ашып береді. Жау сатқындарды да, қала халқын

да қырып салады.

Сонымен 6 ай бойы жауға тойтарыс берген Отырар қаласының орнында төбе

төбе топырақ қалады.

Көрініс: «Отырардың күйреуі»

3 оқушы: 1723 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін

тыныштық

орнатқан қазақ елі қаннен қаперсіз, шат шадыман жаз жайлау қызығын

көруге

бет алғанда, жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын

қан

жылатты. Бұл шабуылдарды жоңғар ханы Цеван Рабтанның інісі Шона

Даба

басқарды. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық ақ

табан

болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.

Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің

ерлігін

соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу

үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.

4 оқушы: Қара таудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара күнді жамылып қара қазақ,

Қара түнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені,

Қара жауы қанатын кескен еді.

Шұлғау болып қыздардың кестелері,

Талай қара шаңырақ өшкен еді.

Қара жұртта бықсыған шала қалған,

Аналардан ес кеткен, балалардан.

Тал да таппай қармауға жағалаудан,

Ақыл қашқан адыра бабалардан.

5 –оқушы: «Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен» заман болды. Қалың елді

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар

бастап,

азулы жауды Аңырақайда жеңді. Райымбек сияқты киелі батырлар кейін

шапқан

кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.

6 –оқушы: Ер елінің Қабанбай тірегі боп,

Өренінің мақтаныш, жігері боп.

Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,

Әр ұрпаққа күш берер жүрегі от.

Етсе егес Бөгенбай дана батыр,

Өткен емес кек алмай дара батыр,

Айбары боп елдіктің, ердің ісі,

Айғағы боп ерліктің дала жатыр.

Райымбек әулие – қасиетім,

«Құдайым» деп жаулары бас иетін.

Балалары батыр боп орындайды,

Бабалардың өнеге өсиетін.

7 –оқушы: Ел иесіз, жер иесіз болған емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Ел

басына

күн туғанда қол бастайтын батыры болмаса, ел бастайтын иесі болмаса ел болудан

қалады. Міне, осындайда ел басшысы болған, тарихта үлкен орын алатын тұлға

қазақтың батыр ханы Абылай. Абылай 1771 жылы Әбілмәмбет дүниеден өткен

соң

хан сайланады. Абылай 30 жасқа жетпей ақ алғыр, жігерлі, қайрат қуатымен

ел

бірлігіне араласады. Абылай бірінші ел бірлігі, екінші қарулы күш болу

керек

екенін түсінеді.

«Абылайлап» Сабалақ қол бастады,

Абылай хан аталып, ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады,

Егемендік, елдіктің сел бастауы.

1 жүргізуші: Тарихтың терең – терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен

санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғаларға

куә боламыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһар

мандық қызмет атқарған ірі – ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған

іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Заманымыздағы Тәуке хан сондай ардақ

ты есімдердің ішінен ерекше орын алады.

Көрініс: «Жеті жарғы»

Автор: Әділ хан аз болды Назардайын

Алашқа Есім ханның жолы дайын.

Тәукедей данышпан хан құрған екен

Басында Күлтөбенің құрылтайын.

Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!

Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан жай жиылып отырған жоқпыз.

Бабаларымыз

Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел

тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап «Қой үстіне бозторғай

жұмыртқалаған заманға» жетуіміз керек.

Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау,

жанжалдың

негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға

қою

қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын.

Бұдан былай жайылымдар ру ру болып пайдалануға беріліп және әр

ру

белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгі

ленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жер

ді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті

шешім

шығаруы қажет.

Ал енді Ұлы жүздің бас биі Төле би, сен не айтасың?

Төле би: Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман.

Өлім – бесік әлдилеген – сол жаман.

Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,

Берекесін елдің алған – сол жаман.

Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел

тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.

Тәуке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.

Қаз дауысты Қазыбек: Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын.

Тәуке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.

Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет бетімен ру руға бөлініп, бір

бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің

ұлттық

бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір біріне жау болса

елдің

ертеңі не болмақ. Келесі жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңы

мыз болсын.

Тәуке хан: Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.

Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе – жеңге мұра,

Іні өлсе келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін

десек

келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.

Тәуке хан: Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?

Сасық би: Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе!

Әйелің жаман болса,

Бұл жалғанның тозағы емес пе!

Туған балаң жақсы болса,

Тән мен жанның шырағы емес пе!

Алған жарың жақсы болса,

Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! деп Қаз дауысты Қазыбек би

айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі болсын.

Тәуке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?

Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек,

Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?

Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?

Әйелі ерін сыйламаса, ері елін сыйламаса, елі әдет ғұрпын сақтамаса

ертеңгі

күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.

Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын

қамтамасыз етер «Жеті жарғымызды» қабылдадық. Айымыз оңымыздан

туып,

«Жеті Жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин.

Автор: Жер дауы баяндайтын – біріншісі,

Ру, қоныс болыпты меншікті ісі.

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдық қып озбыр кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу –

Болған екен заңының екіншісі.

Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,

Баян етер бәрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы:

Бір халықпен басқа ру болса дауы.

Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші,

Алтыншы – құн, жетінші – жесір дауы.

2 –жүргізуші: Халқымыздың елдік тарихында Исатай, Махамбет бастаған 1836 – 1838 жылдары

шаруалар көтерілісі айрықша орын алады.

8 оқушы: ХVIII ХIХ ғасыр, Қазақ билері мен хандары иек атып, көмек күткен орыс

патшалығы бірте – бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін

аздыра бастады. Ел ішіне іріткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық

қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған

қазақ шаруалары ызаланып, бас көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған ел

көтерілісі сәтсіз болса да, ер намысының айғағы еді.

9 оқушы: Орнатам деп Исатай бостандықты,

Ордадан кек, құптауды достан күтті.

Жаңғырған мұң – шаруа күресінен

Жәңгір хан мен патша жасқаныпты.

Көрініс: «Махамбет пен Жәңгір хан»

Жәңгір: Уа, Махамбет, ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің, мені мақтап бір өлең

айтшы

мына халыққа.

Махамбет: Айтсам айтайын.

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Дұшпаның келіп табалап,

Достарың сені басқа ұрсын.

Хан емессің аярсың,

Айыр құйрық шаянсың.

Жәңгір: Әй, Махамбет, талай жыл дәмдес болып тең өсіп едік. Сенен бұны күтпеген

едім,

текеметімді тілгендей Әбілқайыр тұқымынан не жамандық көрдің? Сені ел қатарына

қосқан Тайман тұқымы ма?

Махамбет: Жәңгір, атаң Әбілқайыр қарауындағы елді алакөз дұшпаннан қызғыштай қорғаған

ел

үшін туған нар еді. Нардан айғыр туды, айғырдан қауырсын туды.

Тайманұлы

Исатайға тіл тигізбе, ол қарадан туса да хан боп туды. Сен жылатқан елді ол

жұбатса несі айып?

1 –жүргізуші: Ресей қазақ елі түгелдей қол астына біріккеннен кейін, өз ойларын іске

асыра

бастады. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, беттен ауған орыс шаруа

ларына берді.

Қазақтың хандығы жойылды, биліктен айырылды. Мұндай

зорлықтарға

Шыдамаған ел Кенесарыны хан сайлады. Азаттық соғыс ашты. Кенесары

қазақ

халқын өз алдына мемлекет етем, өз алдына дербес ел болғызам деген қазақтың

ең

соңғы ханы болды.

10 оқушы: ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей Азиялық Шығысты отарлауды кең

көлемде

жүзеге асырды.

1916 жылы 40 мыңға жуық шұрайлы жерінен айырылған қазақ еліне 19 бен

41

жастың арасындағы ер азаматтар окоп қазу жұмысына алынсын деген патша

жар

лығы шықты.

Соған қарсы жер жерде көтерілістер отряды құрылып, Торғай,

Жетісу

өңірінде Аманкелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Тоқаш Бокин сияқты

ардагерлер

басқарды.

Ардагер Аманкелді ердің ері,

Кең өріс жалпақ дала туған жері.

Елі мен мекенінің туын ұстап,

Қол бастап қан майданда аққан тері.

2 жүргізуші: Қазақтың ғұмырындағы жазылмас дерт осы ғасыр. Ендеше тарихқа тағы

да

көз жүгіртейік.

11 оқушы: 1918 1919 жылдар. Ресей үшін «Азаматтық» деп аталатын қызыл мен

ақтың

соғысында қазақ ауылдары қосақ арасында кетіп қырғынға ұшырады.

12 оқушы: 1920 жыл. Алаш елі Кеңес империясының илеуінде қалды.

13 — оқушы: 1921 жыл. Қазақтың кейбір аймақтарында ашаршылық болып өтті.

14 оқушы: 1928 жыл. «Ірі феодалдар» деген сылтаумен ағайынға ұйытқы болып отырған

қазақтың бай отбасыларын айдауға жіберді.

15 оқушы: 1929 жыл. Қазақтың жүздеген зиялыларын, мыңдаған азаматтарын Кеңеске

қарсы деп атты, асты, айдауға жөнелтті.

16 оқушы: 1930 жыл. Кәмпеске, колхоз деген желеумен мал сүмесіне ғана қарап отырған

ұлттың тігерге тұяғын қалдырмай, тышқақ лағына шейін сыпырып алды.

17 оқушы: 1931 жыл. Қыстан әрең шығып, бір уыс тары таба алмай, Кеңес өкіметі

әдейі

ұйымдастырған алапат ашаршылыққа ұшыраған қалың қазақ жартысының

көбінен

айрылып шыбынша қырылды. Бір деректер бойынша 3 500 000 адам

аштан

өлген.

18 оқушы: 1937 жыл. Қызыл репрессия

1 жүргізуші: Жеке басқа табынушылықтан, Сталиндік зұлматтың зардабынан қоғам қайрат

керлері Әлихан Бөкейханов, Міжақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов,

Сәкен

Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Смағұл Садуақасовтар

құрбан

болды.

2 жүргізуші: Бодандықтың қамытын киіп, қарғыс атқан күндерден құтылғанша көрген

азабы,

тартқан тозағы аз болған жоқ. Одан қайтсем құтқарам, теңдігін алып, терезесі

тең етем деген ұлт ұлылары қиян – кескі қарсылықтарын көрсетіп жатты. Өресі,

өлшемі ерек, ой – санасы қырандай қияны шалған Алаш арыстарының жолы

азапты да қасіретті. Алайда ұлт дегенде түн ұйқысын төрт бөлген олар алған

беттерінен қайтпады.

19 оқушы: Тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлықтай тағдыр. Ғұмыры ащы арманға

толы,

алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр кешкен Ахмет Байтұрсынұлы. Ол 1873

жы

лы Торғай облысы Тосын болысында Сары түбек дейтін жерде дүниеге

келген.

1919 жылғы 24шілдедегі РСФСР Совнаркомның қаулысы бойынша қазақ өлке

лік әскери–революциялық советіне мүше болып кіреді, коммунистік партия

қатары

на өтіп қызу еңбек ете бастайды. 1929 жылы оның басына бұлт үйіріле баста –

ды. Бұл Голощекиннің қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді.

1929 жылы қамауға алынғандардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы да болды.

М.Горькийдің жұбайы Қызыл Крест арқылы көмектесіп, 1934 жылы босаттырды.

Бірақ көп ұзамай 1937 жылы репрессияның қанды пышағына ілігеді.

20 оқушы: Алыстан алаш десе, аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын, деп жырлап өткен қайраткер Міржақып

Дулатұлы 1885 жылы қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына

қарасты

Қызылбел аулында дүниеге келген. 1909 жылы ең алғашқы жинағы «Оян, қазақ!»

Уфа қаласында жарық көреді, 1910 Қазандағы Каримовтар баспасыннан

«Бақытсыз Жамал» романы басып шығарылады. 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов

пен бірге «Қазақ» газетін шығарады. М. Дулатұлы Сталин, Голощекин озбырлығы

на ілініп, 1928 жылы тұтқындалады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімімен

өлім жазасына кесіліп, одан кейін бұл 10 жыл абақтыға қамау жазасымен

алмастырылады. 1935 жылы 5 – қазан күні елу жасқа толуына бір ай қалғанда

Ақтеңіз – Балтық каналының бойында Сосновец стансасында лагердің лазаретінде

ауыр науқастан қайтыс болады.

21 оқушы: Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында

дүниеге келді. «Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінде жаңа эра» деп қазақ

жазушысы Сәбит Мұқанов өз бағасын берген ді. 1918 жылы маусымда контрре

волюцияшыл күштер Ақмола қаласында Кеңес үкіметін уақытша

құлатқанда

Сәкен бір топ большевиктермен бірге тұтқынға алынады.

…Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,

Сан азап бір күнгідей болмай кетер.

Қара түн басып тұрса алды – артыңды,

Жарқырап ататын таң әлі – ақ жетер, деп қасындағы жолдастарына жігер

береді.

Азаттық таңын аңсаған ақын репрессия қармағына ілініп, 1938 жылы 25

ақпанда атылды.

1 жүргізуші: 1941 1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік,

достық

жолында жан қиған қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Батырлықты батыр

лардың ұрпағы Бауыржан Момышұлы бастады.

22 оқушы: Бауыржан Момышұлы «Ескертпе»

Найзадан қол босаса, қалам алдым

Толғанып оқиғаны көп ойладым.

Тырмысып әл кеткенше көргенімді,

Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.

Отырсам көп ойланып, күнім жақын,

Әр адам біле бермейді сөздің парқын.

Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек,

Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.

Жазушы болмаған соң менің затым,

Көркемді жұмыр емес жазған хатым.

Салмақтайтын саналы ер табылса,

Атаусыз неге қалсын менің атым.

23 –оқушы: Тоқтаровтай батырлар неткен жалын!

Оқтан ықпай, елім деп төккен қанын.

Батырларым жалынын жалаулатып,

Жатыр мәңгі аялап еккен бағын.

Бауыржандар Мәскеуді қорғап қалған,

Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.

Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,

Батырлығы бағым боп орнап қалған.

Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне!

Ұрпақтары қаһарман бабалардың,

Тәуелсіздік қамалын көрді міне.

2 жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар

алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар

ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

1 жүргізуші: «Қазақ елі хан сайлар зор данасын,

Ғажап елді келімсек қорламасын!»

Деп, Қайраты көтерді намыс туын,

Кек қайнатты өрт жалын Орда басын.

Қайраттың ақтық сөзі: Күнәдан таза басым бар.

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін, не етермін.

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол, таңдарым

Көре алмай мен өтермін.

Хош – аман бол артымда

Ағайын – туған, азамат.

Артымда қалған ата – анам.

Ел – жұртым саған аманат.

2 жүргізуші: Ол әділеттіліктің жеңетініне сенді. 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде

Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасады.

24 оқушы: «Ерлік жыры»

Отан сені жырламасам болмайды,

Елін, жерін сыйламаған оңбайды.

1986, желтоқсан

Қазағыма әкелді ғой зор қайғы.

Қаралаған басына оның туды күн,

Жамандамақ, жазаламақ кімді – кім?

Империяның саясаты

Қазақтың

Тастамақшы жерге жаншып теңдігін.

Он мыңдаған әскер қоршап шеруді

Ұрып – соғып жаныштауға кірісті.

Осылайша қайғы шекті қазағым

Бұл не сұмдық,

Құлақ түрші, ағайын.

Қайрат пенен

Ләззәттай есімдер.

Тартты – ау азап,

«Елім ай» деп талай күн.

1 жүргізуші: Ерлігіміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне танылуда. 1991

жылы біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды.

2 жүргізуші: Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуге Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар

Елің алды егеменді теңдігін.

25 оқушы: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны Қазақстан сен бір елсің жаһанда

Бейуақытта бойға тартқан тұмары. Тең танылған таудай асқақ тұлғасы

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып, Бір сөйлемді ортасынан үздім мен,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы. Осыншама осал боппыз біз кімнен?

Тәуелсіздік – берекенің бір басы, Білсін әлем айырылмаймыз ешқашан

Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы. Қолымызға түгел тиген тізгіннен

1 –жүргізуші: Міне, достар, Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы

Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстап тұру үшін сапалы білім мен

тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елі, өз жерін,

Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рухты болу біздің

қолымызда.

2 жүргізуші: Қазақстанның өз жолы, өзіндік болашағы бар, бұдан былай

және мәңгі Тәуелсіз Қазақстанның таихы жалғаса бермек!

Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! Қарышта, жайна,

Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!

Саба?ты? та?ырыбы: $59 Антарктида.Материкті? географиялы? орны.Ашылу ж?не зерттелу тарихы
Саба?ты? ма?саты: 1.О?ушылар?а Антарктида материгін,географиялы? орнын,ашылуын ж?не зерттелуін т?сіндіру.
2. Ми?а шабуыл ар?ылы о?ушыларды? дамытушылы?ын ?алыптастыру.
3.?орша?ан ортаны ?ор?ау?а,тазалы??а т?рбиелеу.
Саба?ты? к?рнекілігі:д?ниеж?зіні? физикалы? картасы,интерактивті та?та
Саба?ты? ?дісі: т?сіндірмелі саба?, аралас саба?
Саба?ты? барысы: 1.?йымдастырылуы
О?ушыларды т?гендеп,о?у-??ралдарын тексеру.
ІІ.?й тапсырмасын тексеру.
І де?гейдегі тапсырма
Ауызша с?рау
ІІ де?гейдегі
Тест
1.М?хит аралдары ?айсы м?хитта орналас?ан?
а/?нді м?хитында ?/ Тыны? м?хитында б/Атлант м?хитында
2.М?хит аралдарыны? саны ?анша?
а/ 5 мы? ?/ 6 мы?нан асады б/ 7 мы?нан асады
3.М?хит аралдарында 12 жыл т?р?ан орыс ?алымы
а/ Д.Кук ?/Н.Н Миклухо-Маклай б/Ф.Магеллан
4.Гавай аралында?ы с?нбеген жанартау
а/ Руапеху ?/ Мауна-Лао б/ Эребус
5.Жа?а Зеландияны? астанасы
а/ Виллингтон ?/Сидней б/Вашингтон
6/М?хит аралдары тарихи-географиялы? ерекшеліктеріне байланысты нешеге б?лінеді?
а/ 6 ; ?/ 4 ; б/ 5;
7/Жа?а Зеладияны? хал?ыны? саны ?анша?
а/ 6 млрд. ?/ 5,5 млн б/ 4,4 млн.астам
Сергіту с?ті: Ж?мба? «?ыста суда ?атпайды,біра? жазда жатпайды» (м?з)
ІІІ.Жа?а саба?
Антарктида материгін сатылай кешенді талдау
Материкті? таби?и ерекшеліктері
Географиялы? орны
Ашылу ж?не зертелу тарихы
Антарктида –Жер шарында?ы о?т?стік полюсте орналас?ан бірден-бір материк.Антарктика атауы «арктика?а ?арама-?арсы» деген ма?ынаны білдіреді.Материк ауданы 12,4 млн км 2,ал м?зды?тар мен аралдарын ?оса есептегенде 14 млн км2 жуы?тайды.Антарктиданы? географиялы? орнына байланысты мынадай ерекшеліктері бар:
— Жеріні? 99 % -ын ?алы? м?з жауып жатыр,м?зды? орташа ?алы?ды?ы 1720 м,е? ?алы? жері 4300 м (Шмидт жазы?ы
— Антарктида-Жер шарында?ы е? биік материк,оны? м?з жамыл?ысымен ?оса есептегенде орташа биіктігі 2040 м.
— Антарктидада –Жер шарында?ы е? т?менгі температура 1983 жылы -89,2 0 С тіркелген.
— Материкті? е? биік н?ктесі Винсон тауы 5140м,е? т?менгі н?ктесі Бентли ойысы (-2555м)
— Антарктидада с?нбеген жанартаулар бар,оларды? е? ірісі Эребус жанартауы (3794м)
Антарктида ежелде Гондвана материгіні? ??рамында бол?анына ?арамастан, таби?ат жа?дайлары о?т?стік жарты шарды? бас?а материктеріне ??самайды.Антарктида бас?а матерйктерден алша? орналас?ан,олардан орасан зор м?хит айдындары ар?ылы б?лініп жатыр.
Антарктида е? со??ы ашыл?ан материк. О?т?стікте белгісіз жерді? бар екендігі туралы м?ліметтер ертеден-а? белгілі бол?ан.1772-1775 жылдар аралы?ында а?ылшын те?ізшісі Джеймс Кук о?т?стік материкті іздеп,саяхат?а шы??ан.Материк жа?алауына бірнеше рет жа?ындап,?алы? м?здан ?рі ?те алмай кері ?айт?ан.Н?тижесінді ?алым егер материк табыла ?алса,тек полюсты? ма?ында болуы м?мкін деген.Антарктиданы? ашылуы мен зерттелуінде Ресейді? ?алымдарыны? ?лесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф Беллинсгаузен мен М.П Лазарев бас?ар?ан «Восток» ж?не «Мирный» желкенді кемелерімен саяхат?а шы??ан орыс экспедициясы Антарктида материгі жа?алауына 5 рет жа?ындап барып,к?птеген аралдарды ашты.Экспедиция материк жа?алауына т???ыш рет 1820 жылды? 28 ?а?тарында то?тады,осы к?н Антарктиданы? ашыл?ан к?ні болип табылады.
Материкті? орталы? б?лігін зерттеуге норвег Руаль Амундсен 1911 жылы14 желто?санда,ал а?ылшын Роберт Скотт бір айдан кейін,1912 жылы ?а?тарды? 18 де жетті.Саяхат барысында ?алымдар Антарктиданы? орталы? б?лігіні? таби?аты туралы ??нды м?ліметтер жинады.Антарктиданы? ?атал таби?аты жа?дайында полюске жету мен кері ?айту саяхатшылар?а о?ай бол?ан жо?.Ит жеккен шанамен ж?рген Р.Амундсен 99 к?ннен кейін аман-сау ?айтады. Ал Р.Скотт пен оны? серіктері моторлы шанамен шы??анды?тан ?айтар жолда ?ай?ылы ?аза?а ?шырады.Со??ы жылдары 16 елді? зерртеушілері ?зара байланыста б?кіл жыл бойы ж?мыс ж?ргізуде.2011 жылы желто?сан айында ?аза? география ?о?амы ?йымдастыр?ан т???ыш ?аза?станды? авток?лік ?ылыми экспедициясы О?т?стік полюске жетіп,Амундсен экспедициясыны? 100 жылды?ы мен ?аза?стан т?уелсіздігіні? 20 жылды? ??рметіне полюске ту тікті.
Антарктида материгінде казіргі та?да еш?андай ?скери сипатта?ы шаралар, ядролы? ?арулар сынау ж?мыстарын ж?ргізуге тыйым салын?ан.
?орытындылау.
Т?л?аны таны
Сандар с?йлейді
Географиялы? диктант
?йге тапсырма: &59 мазм?ны
Ба?алау

Просмотр содержимого документа

«Антарктида. Материкті? географиялы? орны. Ашылу ж?не зерттелу тарихы. »

Тарих, құқық және география апталығының ашылуы

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар, ұстаздар, жиналған қауым !!!

Тәуелсіздік бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Осы тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік, азаматтық туы көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтауы үшін өткелі қиын, бұралан жолдардан өттік. Халқымыз батырлығы мен жігерлігі, рухының жоғарылығының арқасында тәуелсіздікке қол жетікізді.

Қазақстан көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр

Жас ұландар берік ұста туыңды

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мектебімізде дәстүрге айналған тәуелсіздік күні атты айтулы мереке қарсаңында «Тарих, құқық және география» апталығының ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз.

Бекітілді:

Мектеп директоры:: А.С.Мулдагалиева

«Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік»

Тарих, құқық және география апталығының

жоспары

/08.12-15.12/




Өткізілітен іс шара

Уақыты

Жауаптылар

1.

Апталықтың ашылуы.

5-9 сынып

08.12.21


А.Ғ. Мукашева

А.А.Боранбаева


2.

Ашық сабақ

Тақырыбы «1836-1838 жж ұлт-азаттық көтеріліс» 7-сынып

08.12.21

А.Ғ. Мукашева


3.

«Салтын сүйген – халқын сүйер» ұлттық ойын түріндегі сайыс

5 сынып

09.12.21

А.Ғ.Мукашева


4.

«Заңды білу-заман талабы»

8-9 сыныптар

10.12.21

А.Ғ.Мукашева


5.

«Нұрын шашқан Тәуелсіздік»

6-сынып (ашық тәрбие сағаты)

13.12.21

А.Ғ.Мукашева


6.

«Қызықты география»

8-9 сыныптар

14.12.21

А.А.Боранбаева


7

Апталықтың қорытындысы.

15.12.21

А.Ғ. Мукашева

А.А.Боранбаева

Достарыңызбен бөлісу:


22.01.2018

«Құзіреттілікке бағытталған білім – жаратылыстану

бағытында» атты

онкүндік ашылуының сценарийі

Мақсаты:

1. Химия, биология және география пәндеріне

қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек

дамыту.

2. Оқушылардың бойында салауатты  өмір сүру

жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері

жауапты екенін айту.

3.  Оқушыларды экологиялық мәдениетке және

табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

— Құрметті оқушылар

мен ұстаздар! Қаңтар айының 15 мен 25 күндері аралығында «География, биология

және химия» пәндерінің  «Құзіреттілікке бағытталған білім – жаратылыстану

бағытында» атты мектепішілік

онкүндіктің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: Welcome to the decade dedicated to natural science called «Кnowledge aimed at competence in the field of natural sciences».

3 – жүргізуші: — Добрый день! Веселый час!

Рады видеть здесь всех вас!

Мы зовем тебя, мой друг!

В мир естественных наук!

1 –

жүргізуші (Әбдіәзім): Бірінші сөз кезегі

директордың оқу ісінің орынбасары: Искакова Дана Манаповнаға беріледі.

Биология, химия, география әдістемелік бірлестігің

жетекшісі Жұматай Жадыра Байзаққызына сөз беріледі.

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық!

Бүгінгі апталық төрінде,

Жұмбақ шешіп аңдысып…

Шабыттанып шалқысып,

Көңілді апталық жасайық,

Жұмбақ шерді шашайық.

Ат салысып аянбай,

Бар өнерге басайық -дей отырып, бізді қоршаған

табиғаттың қыр — сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшайымдары мен

ханзадасына сөз кезегін берсек. (Ортаға пән болып киінген үш: биология, химия,

география шығады).

2 – жүргізуші: Этот редкостный гибрид

Восхитителен на вид!

Нам расскажет про жучков,

Про различных паучков!

Что червячки живут в земле,

А рыбки плавают в воде,

Паук охотится на мух,

Что у собаки острый нюх,

Что в нас содержится вода,

Но это право не беда,

Что мы вдыхаем кислород

И вс растем из года в год»

Что это, дети, за наука?

Ответ хором: Биология, встречайте Биология)

 Биология пәнінің ханшайымы: (Камила)

Табиғатың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін

Әділдікке әрқашан бас иетін

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп

Халқың айтқан орында өсиетін

3 – жүргізуші:  Мы с нею вместе

посетили

Все экзотические страны,

Моря бех страха бороздили,

И покоряли океаны!

На самый пик горы взбирались

И по пустыне вдоль бродили

На дно морское погружались

И тайны недр Замли открыли!

Добро пожаловать – География!

География пәнінің ханзадасы (Нуртас):

География әлемі – қызық әрі

тартымды,

Өз сырымен география қызықтырар әркімді.

Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,

Танисыңдар табиғаттың ғажабын.

2- жүргізуші: Without her life believe me NO!

Without it the whole world would become dim!

With it we clean, erase, remove the stains

We eat, we drink and with her help we have hairstyles!

Welcome the queen of chemistry – Алтын!

Химия пәнінің ханшайымы (Алтын):

Химияны оқу парыз әркімге,

Оқиды оны барлық елде, әр тілде

Химияның оқыңдар әр бөлімін,

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Химияны оқиық біз көңілмен,

Кездесер ол күнделікті өмірден.

Ақылымыз – химияны біліңдер!

Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

3 – жүргізуші: Поприветствуем Дүйсен Аңсар с песней

«………………………………………………………………………………….»,

аплодисменты!

1 – жүргізуші: Онкүндікті

бастаймыз.

Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты

Алдарыңа тастаймыз.

Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,

химия, биология, география құрметтеуге лайық! деп біраз жаратылыстану

пәндерінен білімімізді сынап көрейік достар! Сұрақтарға қол көтеріп жауап

береміз!

2-жүргізуші: Көрермендермен

жұмыс

1)”Газ” сөзінің грек тілінен аудармасы?

Хаос

2)Экологиялық таза отын ретінде пайдаланатын, ең жеңіл

газ?

Сутегі

3) Өлген балықтаң өткір иісімен, улы, түссіз газ

Метан газы

1-жүргізуші: Биологиядан

білімізді сынайық!

1) Өсімдіктің «жасыл

асханасы» деп қай мүшесін айтамыз? Жапырағы

2) Солтүстік Американың күн гүлі қалай аталады? Күнбағыс

3) Күн баласы деп қай

өсімдікті айтады?Мақта

4) Самое быстрорастущее растение — Бамбук

5) «Өсімдік пионері» деп қай өсімдікті айтады? Қына

2- жүргізуші: Географиядан білімізді сынайық

1.Түрлі-түсті атауды білдіретін 4 теңізді ата? Қара, Ақ, Сары,

Қызыл.

2. Қаңтар өзені деп Оңтүстік Америкадағы қай өзенді айтады? Рио —

Жанейро

3. Еуропа астаналарының ішіндегі ең көне қаланың бірі оған 1000жыл болған.

Қаланың аты орыс тілінен аударғанда «сауда айлағы» дегенді білдіреді. Копенгаген

4. Если верить приданиям, то в

этом озере, которое расположено в Южной Америке  спрятано 1800 кг золота? Назовите его.

Титикака

5.Оның атауы испан тілінен аударғанда «тасбақа» деген

атауды білдіреді. Галапагос

3 – жүргізуші: Do you see our pupils so smart?!

2 – жүргізуші: Да, ты права, они не только умные но и

талантливые! Встечайте Башарова Дарига с танцем цветов!

1 – жүргізуші: Ал енді жұмбақ шешіп көрелік!

1) Доп сынды келбеті,

Онда бар түп – түгел,

Әлемнің келбеті

Ол не? Ол Глобус

2) Болсын ол Табиғаттың сәні де

Жер бетінде тіршіліктің бар мәні де

Өсіреміз күтіп, баптап мәпелеп

Айтшы кәні, достарым

Ол не? Өсімдік

3)  Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент

Одан кейін біз оны,

Жерден зерттеп тауып ек

Ол не? Ол — гелий

2 – жүргізуші: У

меня тоже есть пару несложных задач для наши умников и умниц!

Отгадайте слова – слагаемые и

получите слово сумму. Ответ Кен/гуру

1) Кукольный муж Барби +

индийский священник = австралийское сумчатое животное.

2) Жалящее насекомое + yes – англ.

= окружение. Оса/да

3) Прибор для сушки волос + неизвестное в уравнении = сказочная птица.

Фен/икс

3 – жүргізуші:

1) В океане он живет, ведь мала

ему река. Буквы ставь наоборот – будет дергаться щека! (Кит – тик)

2) Одна нам ночами на небе сверкает,

Другая на сцене поет, выступает,

В глубинах морских наша третья живет,

На елке четвертая есть в новый год! (звезда)

3) This is something

black and white

But it is not an old TV

It’s a type of animal

That starts with the letter Z. (zebra)

4) This is something yellow

But it’s not a light

It is citrus fruit

That’s a flavor in Sprite (lemon).

1 – жүргізуші: Табиғатым сырың терең сенің неткен,

Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен.

Күн көзінен күмістей шағылған нұр

Көз алдымда көк орай гүлді кезең.

Кең даламда шертілген сыбызғы үні.

Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры.

Құстар да қылықтап жан тербеген

О,табиғат,не деген керемет ең.

2

— жүргізуші: Осымен биология, химия, география

ғылымдарының апталығының ашылу салтанаты да тәмәм болды. Біз сендермен

қоштаспаймыз.

3 – жүргізуші: This is just the beginning you are

waiting for competitions, open lessons and much more during these ten days! See

you soon, dear guests!

1

— жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін

қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар — ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар…

Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Сіздерді

апта соңында марапаттар күтіп тұр! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Тақырыбы: Атажұрт

Мақсаты: — Атажұрт этнографиялық-географиялық танымдық ойын

арқылы оқушылардың тарихи-географиялық білімдерін

кеңейту.

— отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Түрі: сайыс

Құрал-жабдықтар: Қазақстан Республикасының картасы, компьютер,

интерактивті тақта, слайдтар.

Барысы: І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытында бөлім

І. Кіріспе бөлім.

Кештің мақсатын, барысын түсіндіру.

Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Барысы: І тур. Бәйге

ІІ тур. «Қанат қақты»

ІІІ тур. «Самғау»

ІV тур. «Шырқау»

V тур. «Шарықтау»

VІ тур. «Жерұйық»

  1. Тур. Бәйге

  1. Бұл-фламенко мен фиестаның елі. Олардың көпшілігі-католиктер. Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді.Бұл қай ел? Испания

  2. Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел.Олар өз елін «гексагон»(алтыбұрыш)деп атайды.Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар.

Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті,сарымсақ сорпасын тамсана жейді.Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді.Сірә,бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар. Франция

  1. Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы, сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттер-

дің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас

киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт),аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді. Ұлыбритания

  1. Гүл шоғын құрастыру,гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,тырбиған ағаштарды өсіру өнері-бансай,қыл қаламмен және тушьпен көркем жазу өнері-каллиграфия,қағаз бен жібекке сурет салу,өзіндік храмдармен саябақ архитектурасы,көлеңке театры, шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі, ас дайындау, дастарқанды безендіру сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі

  2. Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі.Олардың әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. XI ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып, жеті нотаға ат береді. XVI

ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді. Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады.Діни және т.б. мейрамдарды міндетті түрде атап өтеді.Ішіндегі ең маңыздысы-Рождество.Сыйлықтарды тарататын кемпір-Бефана.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады:

ыдыс-аяқ, киім, жиhаз, аяқ-киім т.б. Ал көктемдегі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин, Пьеро, Пульчинелло болып саналатын карнавалды жақсы көреді Италия

6. Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі.Жылына шығаратын кинофильмдері

нің саны жөнінен(жылына 750 фильм)онымен дүние жүзінің бірде-бір елі теңдесе алмайды. Ең дамыған, әрі танымал өнері-би, қасиетті құсы-тауыс, қасиетті гүлі-тұңғиық гүлі болып табылады Үндістан

II тур Қанат қақты туры капитандар сайысы

1 топ капитаны

1.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5еллмен)

2.Қазақстан Туының авторы? (Ш.Ниязбеков)

3.Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым? (Ш.Уәлиханов)

4.Қазақтың ұсақ шоқысын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)

5.Қ.Р. орналасқан климаттық белдеу? (қоңыржай)

6.Астана қаласы қай өзен бойында жатыр? (Есіл)

7.Ең арзан көмір өндіретін кеніш (Екібастұз)

8.Орал тауының Қазақстандағы жалғасы? (Мұғалжар)

2-топ.капитаны

1.Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі санайды?(қара топырақ)

2.Қ.Р. Елтаңбасы авторлары? (Ш.Уәлихан,Ж.Мәлібек)

3.Ертіс өзені құятын ағынды көл? (Зайсан)

4.Алаты қаласы қай таудың етегінде орналасқан? (Іле Алатауы)

5.Қашқарияға саяхат жасаған ғалым? (Ш.Уәлиханов)

6.Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)

7.Каспий алабының ең ірі өзені? (Жайық)

8.Темір рудасына бай облыс? (Қостанай)

III тур. Самғау. (Жанкүйерлер)

Көлге қатысты.

Бұл көл шығыс Қазақстан облысының өзі аттас ауданындағы ағынды көл.Жоғарғы Ертіс алабында,Қазақстанның таулы аймағындағы ірі көл.1434м.биіктікте жатқан тектоникалық қазаншұңқырда.Ауданы-455км.Ұзындығы -38км; ені-19км;жағалау сызығы-95,5км,тереңдігі-27м.Бұл көлге бірнеше кішігірім һзендер құйып, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.

(Марқакөл)

Тауға қатысты.

Бұл тау жүйесі Солт.-Алакөл қазаншұңқыры мен Оңт.-Іле өзеніаңғарымен шектелген.Солт.Шығ. Оңт.Батысқа қарай 450км-ге созылып жатыр.Қытай мен қазақстан шекарасында.Осы тау мен барлық жотасының аралығында осы тай аттас аталатын тау аралық ойыс бар.Ол Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосады.Ең биік жері-Бесбақан шыңы.(4622).

(Жоңғар Алатауы).

IVтур.Шырқау.(торкөздегі тапсырмалармен жұмыс).

1.Қалаға қатысты.

196мың тұрғыны бар бұл қала Қазақстанның оңт.бат орналасқан облыс орталығы.1817жылы керуен жолдарының қиылысында әскери бекініс ретінде салынған.Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған.Ірі кәсіпорындардан күріш тазалау зауыты, ет және сүт өнеркәсібі комбинаттары бар.Қала қазіргі уақытта Қазақстанның маңызды мәдени орталығы болып саналады.Қосымша көмек бұл қала 1925-1929ж.ж Қазақ АКСР астанасы болды. (Қызылорда)

2.Еліміздегі жазыққа қатысты.

Бұл жазық оңтүстік шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ..жазықтың құрылысына тән ерекшелігі өзін қоршап тұрған тауларға қарай 350м-ден 600-700м-ге дейін биіктейтіндігінде.Бұл жазықта Тау құм,Сарыесік, Атырау құмы,Бақанас тақырлы сазды-құмды жазығы созылып жатыр.Қосымша көмек бұл жазық оңт. өзімен аттас үлкен көл орналасқан.

(Балқаш маңы жазығы)

3.Облыс.

Бұл облыс 1932жылы құрылған.Аумағы -428мың км.Облыста 9селолық ауд.,11қалалары,39поселкалар, 556селолық және ауылдық округтер бар.Аумағы аласа таулы, ұсақ шоқылы, жоталы жазық.Облыс Сарыарқаның оңт. қамтиды.Обл Б-Ұлытау тауы,Ш-Қарқаралы тауы,оңт бат. және оңт. бөлігінде Арал бойы Қарақұмы және Мойынқұм құмдары бар.

Қосымша көмек: аумағы жөнінен респ. 1-орыналады. (Қарағанды обл.)

4.Еліміздегі қорыққа қатысты.

Бұл қорық 1976ж. Құрылған.Қорық Солт. Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен Оңт.-т.д.1447м.биіктіктегі Азутау жотасы арасында орналасқан.Жалпы аумағы -75мың га.Қорықта сүтқоректілердің 58түрі,құстардың 260-қа жуықтүрі мекендейді,өсімдіктердің 721түрі кездеседі.

Қосымша көмек: Бұл қорық өзі аттас көл бойында орналасқан. (Марқакөл)

5.Өзенге қатысты.

Орал тауынан басталып, Батыс Қаз. С-О-ке кесіп өтіп,Каспий теңізіне құяды.Ұзындығы-2428км,респ.жеріндегі ұзындығы-1082км.Негізінен қарсуымен қоректеніп, көктемде тасиды.Орташа жылдық су шыығыны 400м.секӨзен тасығанда деңгейі 9-10-ге көтеріледі.

Қосымша көмек: Басты салалар-Самаа,Шаған,Елек,Ор. (Жайық)

6.Қалаға қатысты.

Бұл қаланың іргесі 1938ж. Кегір су қоймасының жанында қаланған.Қала статусын 1954ж алады.Бұл қала мемлекетіміздің түсті металлургия орталықтарының бірі, яғни мыс балқыту орталығы болып есептеледі.Қалада тау-кен байыту комбинаты орналасқан.

Өосымша көмек: Қаланың қалануына маңызды рөл атқарағн қазақтың ұлы ғалымы Қ.И.Сатпаев. (Жезқазған)

7.Архитектуралық ескерткішке қатысты.

Бұл көне арх-қ әуелі Қарахан дәуірінде (XII)тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIVғ. Аяқ шені мен XVғ. Қайта салынған.Бұл кесене түркі халықтарының тәу ететінорталығы болған.БҰҰ-ң дүние жүзілік ескерткіштері қатарына енгізілген бұл кесене халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымыздың дейін жеткізген ғажайып асыл туындыларының бірі.

Қосымша көмек: Әмір-Темірдің бұйрығымен салынған бұл кесене Түркістан қаласында орналасқан. (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)

8.Ән сұрақ.

Бұл әнде еліміздің оңтүстігіндегі өзендердің біріне қатысты айтылған. (Арыс

9.Ән сұрақ.

Бұл күйде еліміздің орталығында орналасқан әсем тауларымыздың біріне қатысты айтылған. (Сарыарқа

Vтур.Шарықтау.(сурет бойынша анықтау).

1.сурет.

Бұл суретте еліміздің оңт.шығ орналасқан үлкен көлдерінің бірі бейнеленген.Көл т.д.342м биіктікте жатыр.Ауданы-18200км,ұзындығы614км,ені-74км,жағасының ұзындығы2383км.Суының көлемі106км.

Қосымша көмек: Бұл көл ауданы бойынша Қазақстандағы үшінші көл.

(Балқаш көлі)

2 сурет.

Бұл суретте еліміздің солт. Табиғаты әсем, еліміздің көрікті, сұлулығымен көз тартар көлдеріміздің біріне қатысты бейнеленген.

Қосымша көмек: Бұл көлдің бойында еліміздің ең әсем курорттардың бірі орналасқан. (Бурабай көлі)

3 сурет.

Бұл суретте география ғылымына көп үлес қосқан, біздің заманымыздан бұрынғы 3ғ. өмір сүрген грек ғалымы бейнеленген.Бұл кім?

(Эратосфен)

4сурет.

Бұл суретте орыстың көрнекті ғалымы, саяхатшысы бейнеленген.1827-1914ж.ж.өмі сүрген ол Қазақстанжәне Орта Азияға экспедициялар жасап, көптеген зерттеулер жүргііп,соның нәтижесінде Қазақстан таулары,нақты тың мәліметтер қалдырған.

Қосымша көмек: Бұл ғалымның құрметіне осы өзі зерттеген таудың есімі ғалім атымен бірге аталады. (П.П.Семенов-Тян-Шанский)

5 сурет

 14691524 — португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды. Васко да Гама

6сурет

Бұл сарқырама әлемдегі ең керемет табиғи орындардың бірі . Ол жерге жыл сайын мыңдаған турист келіп, табиғаттың осы бір сыйын өз көзімен көреді
Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтеді Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады Ниагара

7сурет.

Бұл этникалық қауымдастық, АҚШ, Канада, Гренландия, Ресей мемлекеттерінің солт. аймақтарын мекендейтін халықтар тобы. Жалпы саны 112 мың адам (2005)

Этнос ретінде бұдан 5 мың жыл бұрын Беринг т. маңында қалыптаса бастады да кейіннен солт. жағалаулар бойынша батыс пен шығысқа қарай таралды. Сан ғасырлар бойы Арктикадағы өмірге бейімделіп, теңіз кәсібімен айналысқан. Аң аулауға ұшы қайырылған гарпун, қайық (каяк) қолданады.  морж, кит, түлен, карибу-бұғысы, т.б. жануарларды ежелден-ақ аулап келді. Күмбез тәрізді баспаналары (иглу) қардан тұрғызылған Эскимостар

VI тур. Жерұйық. (жеңген топпен).

Бұл тау 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан. Ең биік шыңы-Мұзтау 4506м және 328 мұздық бар. Түсті металлургияға бай, ең үлкен өзені-Ертіс Алтай тауы

ІІІ. Қорытында бөлім: жеңімпаздарды марапаттау.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Тарих атналыгына сценарий
  • Тарих апталы?ыны? жабылуына арнал?ан сценарий
  • Татарские мусульманские праздники 2022
  • Тарих апталы?ыны? ашылуы сценарий 2020 жыл
  • Татарские летние народные праздники