Темекі туралы сценарий

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы : Темекі - денсаулық дұшпаны" деп алдым. Қазіргі мектеп оқушыларына арнап жастайынан темекіге әуез болмауға, тартып жүрген балалар болса соларға ақыл айтып, спортпен шұғылдануға кеңес беру.. Коррекционная школа, Мероприятия, 9 класс, Ашық тәрбие сағаты: "

Тақырыбы: “ Темекі- денсаулық дұшпаны”

Мақсаты: Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, темекі туралы бейнетаспа, «Денсаулық» сөзжұмбағы

Түрі: Ашық тәрбие сағаты

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, сахналық көрініс.

Сабақ барысы:
I. «Ой қорыту»кезеңі.

II.“Сөзжұмбақ ” шешу

ІІІ. «Мені жалғастыр» ойыны

ІV. «Бәйге» ойыны

V. “Уланбасын өмірің” көрініс

VI. Тренинг: «Қолшатыр»

VII. Қорытынды.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлеметсіздер ме қадірлі ұстаздар мен білімге құштар жас достар!  Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, жүрек жылуын сыйлайық.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Денсаулық- бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым- біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Қазіргі кезде адам ағзасын улайтын бірнеше зиянды заттар бар.

Адам ағзасын улайтын қандай заттарды білесіндер?

Темекі, шылым, анаша, насывай.

“Темекі- денсаулық дұшпаны”- атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты Қазақстан” атты жүрдек жолаушылар поезымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздерді көптеген тапсырмалар күтіп тұр.

1-аялдама: «Кел танысайық» Темекінің зияны туралы видеоролик.
Видеороликті көріп болғаннан соң оқушылар хормен:

Сұрақтар:

 1.Темекіден қандай аурулар туындайды? (өкпе,жүрек,бауыр аурулары).

2. Адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет? (1 дана).

3.Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)

4. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? (1 литр).

5.Темекіде қандай  зат  улы  болып  саналады?

Денім сау болсын десең — темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе — темекі тартпа!
Әнші болғың келсе — темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе — темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе — темекі тартпа!

Сендер білесіңдер ме?


• Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
• Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
• Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3, 5 млн адам қайтыс болады.
• Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
• Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 — 30 есе көп қайтыс болады.
• Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 — 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.

2 — аялдама: Ой жұмбақты шешу. «Денсаулық» сөзжұмбағы 

1) Тыныс алу мүшелері адам денесінің қай бөлімінде орналасқан? (кеуде) 
2) Тыныс алу мүшесі? (көмей) 
3) Темекінің құрамындағы улы зат? (никотин) 
4) Никотиннің түсі қандай? (сарғыш) 

5) Тыныс алу мүшесі? (ауатамыр) 
6) Никтоин қандай зат? (улы) 
7) Темекі шеккенде адам өкпесіне не жиналады? (смола) 
8) Тыныс алудың бастапқы мүшесі? (мұрын) 
9) Ырыс алды …. (ынтымақ)

Тәрбиеші: Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім — кімге де ақиқат. Балалар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?

Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табатын «Мені жалғастыр» ойынына кезек берейік.

3-аялдама: «Мені жалғастыр»

Денсаулық – (зор байлық)

Жарлының байлығы – (денінің саулығы)

Жан ауырса тән азады, (Қайғы басса- жан азады)

Дені саудың – (жаны сау)

Ішің ауырса, аузыңды тый, (көзің ауырса, қолыңды тый)

Тәрбиеші: «Арақ — арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші, балалар зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.

Тыныштық сәті:

4-аялдама: «Бәйге» ойыны

1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?

2.Темекіні тастауға болама?

3. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)

4. Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді. Ол не ? ( темекі)

5.Мұрныңа тақасаң түшкіре бересің,

Ерніңе тақасаң түкіре бересің. Ол не ? ( насыбай )

5– аялдама: Келесі кезекте «Уланбасын өмірің» бөліміне өтеміз. Енді назарларыңызға зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін  «Екі пәледен аулақ »көріністі ұсынамыз.

(Екі бала ойнап жүр)

Шыңғыс: — Мұрат, екеуміз дос емеспіз бе?
Мұрат: -Ия, доспыз. Неге сұрадың?

Шыңғыс: -Сен ешкімге айтпа, менде керемет бір нәрсе бар.Мінекей,қарашы…(қалтасынан темекіні көрсетеді)
Мұрат: — Оны қайдан алғансың?..

Шыңғыс: -Әкемнен алдым (риза болып)
Мұрат: -Әкеңнен қалай алдың?Темекі деген жаман нәрсе, дереу таста.

Шыңғыс: -Қалайша? Соншалықты жаман болса әкем неге тартады?
Мұрат: -Ой, достым, сенің әкең жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.

Шыңғыс: -Достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Мұрат: — Жоқ,достым! Мұндай жаман әдеттерден бойымызды аулақ салғанымыз абзал. Одан да ойынымызды жалғастырайық.

(Осы кезде бөлмеге темекі, насыбай кіреді)

Балалар: Ассалаумағалейкум! Сіздер кімсіздер?

Темекі:

Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

Насыбай:

Шығу тегін тышқан деген қарадан,

Мекен жайым Ластық деген қаладан.

Міндетім — тек денсаулықты кірлерту,

Бұл өмірде маған мұқтаж сан адам…

Камила:

О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды екеуін.

Қандай пәле таратқан?!

О,адамдар,санаң бар,

Екі пәлеге қараңдар.

Екеуі де үлкен жау

Бүкіл әлем алаңдар!

Екеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

Тәрбиеші: -Балалар, сонда темекі тарту пайдалы ма, әлде зиянды ма?

-Дұрыс,темекі тартатындардың өмірі темекі тарпайтындарға қарағанда

7-15ж. қысқа келеді.

Тәрбиеші: Ой жылдамдығына арналады. Денсаулық сөзінің әр әрпіне салауатты өмір салтын бейнелейтін сөздерді ойластыру қажет.

Д- дұрыс дем алу.

Е- ерінбеу керек.

Н- ниеттену.

С- спортпен айналысу.

А- ағзаны шынықтыру.

У- уақытты дұрыс ұйымдастыру.

Л- лайықты өмір сүру.

Ы- ынта-ықылас жетелейді.

Қ- қозғалыс ағзаны шынықтырады.

Барлық әріптер бірге:

Темекі жойылсын!

Насыбай құрысын!

Дені сау ұрпақтың

Ұрпағы көбейсін!

6. Бекіту: Тренинг: «Қолшатыр»

-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

7. Қорытынды.

Тәрбиеші: Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Қостанай облысы
Қостанай ауданы
Глазунов орта мектебі
Арыстанбек Тазагүл Базарқызы

Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Темекі тартқаның — өзіңді құртқаның»

Мақсаты:

—  Жас ұрпаққа “Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;
—  Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын–алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын  аулақ  ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
—  Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Түрлі суреттер, бейне жазба, темекінің зиянды жақтарын көрсететін нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың әдісі:

1. Баяндау;
2. Көріністер;
3. Өлең оқу.
4. Суреттер салу.
5. Тақырыпты талқылау.
6. Жарыс.

Сабақтың барысы:

І.  Оқушыларды  түгендеу.                              

ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын мақсатын хабарлау..

«Темекі тартқаның — өзіңді құртқаның»

Кіріспе бөлімі 

Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы  жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш  фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.

1-бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт.  «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3-бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».

Салауатты өмір салтының мақсаты — өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.

Темекі, ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді  жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Темекі тартқаның –өзіңді құртқаның” тақырыбында өтеді. 19 қараша Халықаралық темекі тартудан бас тарту күні.

2. Сайыстың кезеңдеріңмен, шартымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлу.

I — бөлім. Топтың атын анықтау.

1. «Денсаулық» тобы.

2. «Салауат» тобы.

Салауатты өмір салты деген не?

1. Спортпен шұғылдану
2. Күн тәртібін ұстау
3. Жеке бас гигиенасын сақтау
4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегу.

ІІІ. Негізгі бөлім

1. Никотиннің зардаптары

1 — оқушы: Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:

… Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.

2 — оқушы: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.

3 — оқушы: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?

Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі — дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.

4 — оқушы: Темекінің зияны туралы не білеміз?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 — 10 есе, өңештің ісігі 2 — 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 — 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.

5 — оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000 тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез — келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.

6 — оқушы: Салмағы 1 мг темекіде 10 — 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 — 15 жыл аз өмір сүреді.

Әр топ  Венн диаграммасын толтырады

Венн диаграммасы арқылы темекінің “зияны”  мен  “пайдасы”

Бейнежазба көрсету.

Көрініс: «Темекінің зияны»

Аяулым: Даяна сәлем.
Даяна: Сәлем.
Аяулым: Даяна сен білесің бе? Біздің сыныптағы менің қасымда отыратын Ержан темекі тартады.
Даяна: Оны қайдан білдің?
Аяулым: Өйткені ол үзіліс кезінде далаға шығып келеді. Сол кезде үстінен темекінің иісі шығып кетеді. Сосын күрк-күрк жөтеледі.
Даяна: Масқара, темекінің денсаулығына зиян екенін білмей ме?
Аяулым: Темекіден адам денсаулығына зиянды аурулар таралады деп естіп едім. Жақында Ержанды ата-анасы дәрігерге көрсеткен екен, оның өкпесі қабынған депті. Біз ондай балалармен қалай дос боламыз?
Даяна: Дұрыс айтасын, біз Ержан сияқты балалармен дос болып, өз денсаулығымызға балта шаба алмаймыз. Еліміздің болашағы біздің қолымызда. Сондықтан біз дені сау азамат болып өсуіміз керек.
Аяулым: Достар, еліміздің болашағын ойласаңдар жаман әдеттерден, темекі шегуден аулақ болыңдар!
Бірге: Біз темекіге қарсымыз! Оған жол жоқ!

10 – оқушы: Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба.
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.

Оқушыларына сөзтізбек беріледі.

Сөзтізбек шешу  (Денсаулық)

1. Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек (дене шынықтыру)
2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді? (гигиена)
3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата? (үнді)
4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі. (су)
5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды? (ауа)
6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі. (шылым шегу)
7. Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар? (валеология)
8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе? (ұйқы)
9. Американ ғалымы П. Брэг адамдарда болатын аурулардың 99 %- ы неден болатынын айтқан? (тамақтанбаудан)

Үндеу.

Құрметті мектеп оқушылары! Біз 4 – сынып оқушылары, барлық мектеп оқушыларын салауатты өмір сүруге шақырамыз.

Егер темекіні тастасаңыз:

24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.
2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.
3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.
3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.
1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.
10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.
15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.
Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек.

Сабақты қорытындылау.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Дені сау халық — бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні  сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!

«Денсаулық – зор байлық» демекші денсаулығымыздың өзіміздің қолымызда екенін әрдайым есте сақтайық. Сен өз өміріңнің қандай болғанын қалар едің?

Бекітемін:

Күні: 25.10.2016 ж.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Темекі туралы
шындық»

Қазақстан халқының 27 пайызы (4 милион адам)
темекі тартады. Оның 600 мыңы қыз-келіншектер болса, 120 мыңы 13-15
жас аралығындағы жасөспірімдер. Олардың басым бөлігі 20-ға толмай
жатып, шылымның «дәмін» татады екен. Сорақысы сол, елімізде жылына
25 мың, күн сайын 70 адам темекінің кесірінен туындаған дерттерден
көз жұмады екен. Қазақстандағы ерлердің 45, ал әйелдердің 8 пайызы
темекіге әуес. Алматыда бір мезетте 350 мың адам жыл сайын 400
милион доллордың темекісін тұтынады. Біздің еліміз әлемде темекі
тартудан 13-ші орында екен. Дұниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
темекі шегушілердің есебінен 2020 жылы онкологиялық дерттер әлем
елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өсе түседі деген пікірде.
Бұккіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда,
жиырма бірінші ғасырда жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам ажалын
темекі шегіудің салдарынан туындайтын аурулардан таппақ. Ал, әлемде
сағатына шылым шегудің кесірінен 560 адам көз жұмса, оның үшеуі —
біздің елдің азаматтары. Еліміздегі 12 мен 14 жас аралығындағы
балалардың 10 пайзы, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 21
пайызы, 18-19 жастағы жастардың 32 пайызы, 20-29 жастағы адамдардың
30 пайызы шылым шегуге әуестенген. Ал, 29 бен 59 жас аралығындағы
еңбекке жарамды, қалалық жерде тұратын ер адамдардың 62 пайызы және
ауылдық жерлерде тұратындардың 65 пайызы көк түтінді серік етткен.
Сондай-ақ, қаладағы туу жасындағы әйелдердің 8 пайызы, ауылда
тұратындардың 7 пайызы жаман әдеттке бой алдырған.Тәрбие сағатының тақырыбы: «Темекі туралы шындық» 9 сынып

Темекі — адамдардың өліміне себеп бола тұра заң
жүзінде тұтынуға рұқсат етілген әлемдегі екі өнімнің бірі.. Езуіне
темекі қыстырғандардың үштен бірі, кейде тіпті, тең жартысы
ажалынан 15 жыл бұрын өледі екен. Темекі тартатын адам күніге орта
есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін
тарттса, ал 45 жастағы адам өмір бойына орташа 2 млн. рет темекі
тартады деседі. Қызығы сол, оны о баста ойнап бастаған 100 адамның
80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ)
темекі тартуды жұқпалы ауру (эпидемия) ретінде қарастыруда. Олар 30
жылдың ішінде жасалған ірі көлемдегі 8 зерттеу нәтижелеріне
сүйенеді. Бұл зерттеуде 2 милионға жуық сырқат пен 290 мың өлім
себебі қарастырылған. Аталған нәтижелерге сүйене отырып,
дірігер-мамандар темекіні адам ағзасына зиянын төмендегідей
топтарға бөліп қарастырады:

Ас қорту жүйесіне зияны

  1. Дәмге деген тәбетті қашырады.

  2. Ас қортуды нашарлатады.

  3. Асқазанда жара пайда болады.

  4. Ерін, тіл және өңеште қатерлі ісік (рак)
    ауыруына жол ашылады.

  5. Тамақ бойға дұрыс сіңбейді.

Тыныс алу жүйесіне зияны

  1. Өкпе мен көмекейді қатерлі ісікке ұшыратады.

  2. Осы тектес аурулардың 90 пайызының себебі
    темекіден екені дәлелденілген.

  3. Мұрын, ауыз, тыныс алу жолдары қабынады.

  4. Тыныс алу жолдары созылмалы ауыруларға
    ұшырайды.

  5. Жөтел және қақырық пайда болады.

Псориоз

Темекі шегетін адамның қалыпты қызыметі бұзылып,
теріде ұсқынсыз алабажақ дақтар пайда болып, псориоз ауыруына душар
болады.

Тәуелділік

Темекі құрамындағы никотин ми қызыметінің
қалыпты жұмысын бұзып, темекіге тәуелді етіп тастайды.

Бетті әжім басуы

Шылым шегу — қанның терідегі айналымын
нашарлатып, адамның жүзіне ерте бастан әжім түсіріп, қартайуына
әкеп соқтырады.

Соқырлық

Темекі шегу — көздің көруін нашарлатып, түбінде
соқырлыққа ұрындырады.

Ауыз қуысындағы рак ауруы

Темекі шегетін адамның аузындағы сілекейі түрлі
зиянды бактерияларды залалсыздандыра алмайтындықтан ауыз қуысын рак
ауруына ұшыратады.

Өңеш рагы

Өңеш рагына ұшыраған әр-бір бес адамның төртеуі
темекі шегеді.

Жүрек ауыруы

Темекі шегу — жүрек, қан-тамырлары ауруының ең
негізгі себебшісі.

Өкпе рагы

Темекі шегетіндердің өкпе рагымен сырқаттану
қаупі шекпейтін адамдармен салыстырғанда 20 есе жоғары. Темекі
шегетіндердің 90 пайызы ентікпе және эмфиземе кеселіне ұшыраған.

Асқазан жарасы

  1. Тамырды қатайтады (атеросклероз), қан
    қысымын көтереді.

  2. Қол-аяқтың қан тамырлары бітеледі, генгрена
    (тән тканьдерінің жансыздануы, шіруі) пайда болады, содан
    қол-аяқты кесуге тура келіп, адам кемтар болып қалуы мүмкін.

  3. Миды қамтитын тамырлар да қатайып,
    жасушалары өледі (орнына келмейді). Сол себебті есте сақтау
    қабілеті төмендейді. Осындай кеселдің салдарынан адам жүрек
    ауруларына, әсіресе жүрек бүлшық еті инфарктіне (жүрек
    үстамасы) шалдығады. Осы аурумен өлетіндер саны темекі
    тартпайтындардан он есе артық.

Көңіл-күйге, сана-сезімге, жас мөлшеріне және
өзгеде зияндары

  1. Адамның есте сақтау қабілетін төмандетеді.

  2. Көңілсіздікке дұшар етеді.

  3. Ұйқыны бұзады.

  4. Тез қартайады.

  5. Теріге көп әжім түседі.

  6. Белсіздікке соқтырады.

  7. Темекі тартпайтындарды да уландырады.

  8. Өрттің шығыуына да себебші.

  9. Шегушінің өмірі 10-15 жасқа,
    айналасындағылардың жасы 5 жылға қысқарады.

  10. Бүкіл ғұмыры ауырумен өтеді.

  11. Болашақ ананың темекі тартуы іштегі баланың
    өлі тууына себеп.

  12. Темекіге тәуелділік нашаға тәуелділіктен де
    қатерлі.

Медицина ғылымының докторы Л.В. Орловскийдің
баяндауынша, темекі шегетіндер стенокордиямен 13 есе, миокорд
инфарктімен 12 есе және асқазан жарасымен 10 есе көп ауырады.
Темекі шегетін әр-бір жетінші адам қан тамырларының (әсіресе
аяқтың) қатерлі ауруы — эндертеритпен ауырады. Темекі
тарпайтындарға қарағанда жүрек ауруынан 2-3 есе жиі өледі, жиі
ауырады. Күніне 10-12 тал шегетіндер өкпе рагімен 15 есе, ал күніне
2 қорап темекі шегетіндер 30 есе жиі сырқаттанады. Шылымқорлардың
әйелдері басқаларға қарағанда түберкулезбен 4 есе жиі ауырады. Одан
аман қалғандарды темекі тартпайтындардың әйелдерінен 4 жыл аз өмір
сүреді. Темекінің адам өміріне төндіретін көптеген зияны күн өткен
сайын ғылыми тұрғыдан дәлелденуде. Дәргерлер «баяу өлім» деп
атайды. Темекі — денең мен санаңды баяу түрде білдіртпей улайтын,
түбіне жетпей қоймайтын түрлі дерттердің бастауы.

Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге
итермеңдер!» (Бақара сүресі 195 аят.) Тағы бір аятта: «Өздеріңді
өздерің өлтірмеңдер!» (Ниса сүресі 29 аят.)

Құрметті оқырман өзіңізді және ұрпағыңызды
темекі арқылы өзін-өзі өлтіруден сақтаңыз. Алла жар болсын!

Тақырыбы:Темекі шегу әдет пе, әлде ауру ма?

( тәрбие сағаты)

Сыныбы: 8 «А»

Күні: 15.10.16 ж.

Мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Біз өзіміздің ой-думанымызды бастаймыз. Бүгінгі біздің бағдарламамызға тарих, социология, биология, медецина, химия саласының мамандары қатысып отырсыздар. Біздің ой-думанымыз қызықты, проблемалы және әсерлі болуы сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты. Думанның тақырыбын хабарламас бұрын мына әнге құлақ салсаңыздар деймін.

(«Шашбаулымның» әніне салып екі оқушы шығады, бір оқушы орындықта темекі шегіп отырған адамды көрсетіп отырады).

Бұл отырған шылымқор,

Сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаңда алмайды,

«Тартпа» деген тіліңді ол.

Қой, десең де қоймайды,

Көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уыты, өн бойыңды жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды,

Жөтел қысып, жатпайды,

Бірақ шылым сорғанда,

Аузы тыным таппайды.

Шылымсыз тек жүрмейді,

Жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын, білсе дағы білмейді.

Жүргізуші: Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық туралы болмақ. Яғни, ой-думанымыздың тақырыбы: «Темекі шегу: сәнге берілу ме, әдет пе, ауру ма?». Осы тақырып туралы ой-пікірімізді ортаға саламыз.

Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу тіпті жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет бізге қайдан келді?

1-оқушы: Темекі адамзатқа ерте кезден белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған. 149 2жылы Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Гриана «Алда жер көрінеді» деп айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлайды. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «петум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап, шегеді екен.

Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері, балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «өмір түтігін», яғни темекіні шеккен.

2-оқушы: Ал 1496 жылы испан монахы Роман Пано Еуропаға мәдени өсімдік ретінде темекіні алып келді. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция патшайымы Екатерина Медичиге бас ауруы қайталаған кезде темекінің кепкен жапырағын иіскеуді ұсынып, осы жапырақты сыйлайды. Нико мұны темекінің барлық ауруға дерлік шипалы қасиетін айтып кітап жазған испандық ботаник Николай Менардестен естіп білген еді. Осылайша темекіні иіскеу өзіндік модаға айналды. Темекінің зияны туралы кейінірек белгілі болды. Осыған байланысты бұл дәріні тек дәріханаларда ғана сату керек деген ХІІ Людовик қаулы шығарды бірақ темекіні тарту мен иіскеуді әдетке айналдырғандар оны қоя алмады. Ресейге темекі ХVІІ ғасырдың басында келді және оны тартқандар қатаң жазаланды. 1768жылы І Петр темекіге тыйым салғанды жояды. Содан бері темекі шегу кең тарай бастады. Темекі шегу біртіндеп Қазақстанға да келді. 2002жылы шілденің 10 күні Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Заң шықты.

Жүргізуші: Түтік, папирос, сигарет… Бұл заттарды біз үнемі көріп жүрміз, бірақ осылардың ішіне үңіліп көрдік пе? Сигареттің іші немен толтырылғанын білу үшін сөз кезегін биологқа берейік.

3-оқушы: Темекі алқа тұқымдастар класына жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің 3түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішіне орналасқан ұсақ тұқымдар. Бір грамында 10000 тұқым болады. Өсімдікте басқада улы алколоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады. Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі қазір 120 елде өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд сигарет экспортқа шығарылады, 3 млрд сигарет басқа елден алынады. Темекі көшет арқылы өседі. Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептіріледі. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Аздап кебе бастағанда жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды. Темекі жапырағынан лимон қышқылы, РР витаминін никотин- сульфат жасап, ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданады.

Жүрізуші: Адам үнемі білуге құмартып тұрады. Осыған байланысты, құрметті көрермендер, араларыңызда өмірінде бір рет те болса темекі тартып көргендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бірінші рет тартқанда қандай күйде болдыңыз, осыдан кейін тағы тартқыңыз келді ме, жаман әдетті сіз неге тастап кетпедіңіз?

Ұлы Гетенің тамаша шығармасы « Фауста» мынадай бір қызықты оқиға барын бәріміз біле бермейміз. Жаңа дүниеге Мефистофельмен бірге Фауст та барады. Онда көптеген қызықты нәрселерді көреді, солардың ішінде бұрын соңды көріп білмеген өсімдік- темекі де бар еді. Сонда қай кезде де әр нәрседен хабары бар Мефистофель «Қайдағы бір шоғайна емес, пайдалы шөп! Бұл ескі дүниені бақытқа кенелтеді, оны бір шеккен адам дағдылы ермекке айналдырады» деген.

Темекі шегу неге әдетке айналады? Бұл сұраққа жауапты дәрігерден алсақ.

4- оқушы: Темекі түтініндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді, екі- үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігін арттырады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тынышталғандай болады. Біраз уақыттан кейін оны жағдайы қайтадан қалпына түсіп тағы жақсы күйді аңсайды, сөйтіп тағы темекіге қол созады. Осылайша никотин зат алмасу үдерісіне орналасып, адам темекі тартпаса бір нәрсе жетпегендей болып тұрады. Бір жыл ішінде ол адам кәнігі шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, енсесі түсіп, жүйкесі ауырады, ашушаң күй кешеді.

Жүргізуші: Осылайша шылымға әуестену әдетке айналады. Енді адам неліктен темекі шегеді, сол туралы социолог пікірін тыңдайық.

5- оқушы: Дүние жүзіндегі ер адамдардың 60 пайызы, әйелдердің 20 пайызы темекі шегушілер. Темекіні үзбей тартқан ер адамдардың 16,9 пайызы темекіні 8-9 жастан бастап тартқандар. Жас өспірімдердің 27 пайызы жолдастарының әсерімен, 40 пайызы қызықтап, 17 пайызы үлкендердің қолдауымен темекі шегеді. Жас өспірім шылымқорлардың 85 пайызының әке- шешелері темекі шегетіндер. Темекі шегуші қыздарға келсек: олардың көбі басқалардың назарын өздеріне аудару үшін, сәнді көріну үшін, ешкімге тәуелсіз еместігін, өзіне- өзі сенімді екенін көрсету үшін шегеді екен. Бұрындары темекі шегуші әйелдер өте аз кездессе, қазір 16-17 жастағы қанша жігіт темекі шексе, сонша қыз темекі шегеді. Қазақ «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп айтады. Темекі шегетін балалардың 80 пайызы бұл әдеттен арыла алмайды. Ал екі сигарет тартқан жас өспірімдердің 70 пайызы тұрақты шылымқроға айналады екен. Қазақстанда шылым шегу салдарынан бір күнде 70 адам қайтыс болады. Олардың жас мөлшері 35-69 аралығында.

Жүргізуші: Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді?

6- оқушы: Зерттеулер бойынша шылымқорлардың 65 пайызы темекі тартуды тастағысы келгенімен, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. Жастардың 20 пайызы ұзақ темекі шегушіліктің зардабын біле бермейді. Біз бір көшедегі тұрғындардан кішкене социологиялық сауалнама жүргізгенімізде: темекі тартатын әйел адам жоқ, 9 ер адам темекі тартады екен. Ең кішісінің жасы 23 те. Темекінің 25 жыл тартқан кісі бар. Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ « Темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа « Шаршағанымды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінем» деп жауап берді.

Мойындарына « Бронхит», « Қатерлі ісік», « Туберкулез» деген тақтайша ілінген оқушылар шығады.

  1. оқушы: (Бронхит)

Біз темекі тартатындарды жақсы көреміз.

  1. оқушы: ( Қатерлі ісік)

Біз темекі тартатындар қатарын көбейткіміз келеді.

  1. оқушы: ( Туберкулез)

Сендердің сандарыңның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.

Күрк- күрк көк жөтел,

Күркілдеген не жөтел?

Жасыңнан шексең темекі,

Түбіңі сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені,

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы,

Мишықтың құрғап кеткені.

Салауатты өмір сүреміз,

Шекпеңіз енді темекі!

Жүргізушіі: « Адам өмірінің биік шыңы- жастық» деп Гете айтыпты, сол жастық өмірімізді нағыз Эвересттің биік шыңына жеткізейік.

ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ 

(ашық тәрбие сағаты)
Сабақтың тақырыбы: «Темекінің адам ағзасына зияны».
Сабақгың мақсаты:
1. Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.
2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.
3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.
2. Темекіден болатын аурулар.
3. «Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыпта түсірілген диапозитивтер.
4. Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.
5. Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.
6. Тақырыптарға байланысты суреттер.
7. 1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.
Сабақтың түрі: пресс-конференция.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Кіріспе.
II. Пресс — конференцияға қатысушылармен таныстыру.
III. Темекінің шығу тарихы
ҮІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.
Ү. Көрініс. Әке мен бала.
ҮІ. Темекіден болатын аурулар.
ҮІІ. Диапозитив.
ҮІІІ. Темекімен күрес.
IX. Темекіні тастауға бола ма? (дискуссия)
X. Темекі тартудың спортқа қандай әсері бар? (спорт маманы).
XI. Қорытынды.
XII. Ү-ҮІІ сынып окушыларының міндеттеме қабылдауы.
Пресс-конференцияға қатысушы мамандар:
1. Медицина ғылымынын докторы, академик.
2. Жас өспірімдер ісімен айналысатын милиция инспекторы.
3. Гимнастика мен аэробика маманы, еліміздің жастарьш эстетикалық, этикалық түрғыдан тәрбиелеуде көп жылдан бері қажымай-талмай еңбек етіп келе жаткан спорт маманы.
І-жүргізуші. Кіріспе.
— Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.
П-жүргізуші. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған » Қазақстан -2030″ бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1 — бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»;
2 — бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»;
3 -бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».
Бағдарламада былай делінген:
«Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді». Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек».
Тілшілер:
1. «Дидар» газетінің қызметкері:
2. «Ақ Ертіс» журналының тілшісі.
3. Спорт маманы.
Пресс — конференция негізінен маман иелері мен тілшілер арасында сұрақ-жауап ретінде өтеді.
Сұрақтар:
1. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?
2. Темекі тарту туралы кітап көп дегенмен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз?
3. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?
4. Көрініске байланысты сұрақтар.
5. Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?
6. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер!
Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.
Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын «Темекінің адам ағзасына зияны» деген тақырыпқа арнасақ.
Құрметті балалар, темекіге байланысты сұрауларыңызды әр түрлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсыруларыңызға болады. Оған дейін мен темекінің шығу тарихына тоқталайын.
Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?
Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.
Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.
-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. «Расанолла» аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы «тобоко» деп аталады.
Жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.
-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:
а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;
б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;
в) ересек болуға тырысу;
г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;
д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.
Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).
Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?
Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?
Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.
Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі
— Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.
Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.
Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).
Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?
Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.
Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).
Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!
Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).
Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.
Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?
Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.
Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).
Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.
Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.
Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.
Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.
Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.
Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.
Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).
Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.
Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.
Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.
Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).
Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.
Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.
Шешесі: Тартпайды дей сал.
Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.
Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.
Дәрігер. — Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.
Сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.
Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.
Жүргізуші. Сізге көп рахмет, сұрауларыңыз бар ма?
Сұрақ Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?
Тарихшы, ғалым. — Бұл сұрақка мен жауап берейін. Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.
Жүргізуші: -Сізге рахмет, біз темекі тартудың себептерін, шығу тарихы жөнінде біраз мәліметгер алдық, енді біздің пресс-конференцияға қатысушыларымыз жасөспірімдердің көбі темекінің адам ағзасына зияны жөнінде көп біле бермеңді. Сондықтан құрметгі маман иелері енді темекінің зияны неде, осыған токталайық
Дәрігер. Бұл сұракқа темекі тартудьщ 3-ші кезеңі жатады, бұл кезенде темекі тартушы адам рахаттанғандай болады. Бірақ, темекі тартушы адам оньщ зардаптарын ұғына бастайды. Бұл кезеңде темекіге құныққан адам, темекі тартып алмаса ешнәрсе шеше алмайды, бөлме көк түгінге тольш, отырған жері темекі қалдықтары мен күлге үйіліп калады, жиі-жиі жөтеледі, кеудесі сырылдайды, аузы ойылады.
N1 диафильм. — Мына көріп отырғандарыңыз темекі тартпайтын, никотинмен уланбаған адамның таза өкпесі, ал мынау темекінің никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған. Осылай біртіңдеп рак ауруына шалдығуы мүмкін.
N2 диафильм. — Ал мына көріп отырғандарыңыз, темекі тартпайтын адамның тыныс жолы мен темекі шегетін адамның тыныс жолы. Темекі шегетін әбден үйренген адамның жөтелуі, кеудесінің сырылдап тұруы осыған байланысты.
N3 диафилъм. — Ал мынада темекі тартушыларда көп кездесетін ракка айланьш, әбден ісіген өкпе көрсетілген.
Сұрақ. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.
Жүргізуші. Бұл сұраққа болашақ дәрігерлер жауап береді. Сіздер темекі тартудан болатын ауруларды түсіндірсеңіз.
— Стенокардия — темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.
— Эндартерит — темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.
— Құрғак гонгрена — темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.
— Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.
Ал мына көріп отырғандарыңыз темекі тартушыларда көп кездесетін, ракқа айналып, әбден ісетін өкпе көрсетілген. Мынау темекі ысы мен никотиннен болған ерін рагы. Ал мынау сау адамның көмейі. Мына көріп отырғаныңыз темекіден ракқа айналып шіри бастаған көмей.
Жүргізуші. -Бүгінгі пресс-конференция тақырыбына сай газетте былай деп жазылыпты.
Темекі тартатындардың 25 процентінің көңіл күйі төмен, 30 процентінің тыныс алуы қиындайды, 10 процентінің үйқысы қашады, дәрі-дәрмекке әуес болады.
— Сұрақ. — Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?
Тарихшы, ғалым. -Европа ХҮІІ ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.
Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.
Тілші. Бұған қосымша біздің ғасырымызда темекімен қалай күрес жүргізгені жөнінде мынандай факт бар.
1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің түтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.
1) Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.
2) Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.
3) Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.
4) Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.
5) Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.
Жүргізуші. Темекі тартатын жас пен тарпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?
Жауап. Темекі шегетін жас пен тартпайтын жас арасында айырмашылық өте зор. Темекі тартатың жас адамның кеуде клеткасының көлемі, өкпесінің, жетілуі темекі тартпайтын жас адамнан 25% артта қалған. Олар жиі суыққа ауырады. Өкпесінде сырыл болады. Осы айтылғандардың бәрі темекі тартудың басталғанына 2-ақ жыл болған адамдарда кездеседі.
Сұрақ: Темекіні тастауға бола ма?
Жауап: Болады, ең бастысы, ол адамның жеке басына байланысты. Темекі тартуды тастағандар алғаш қолайсыз жағдайды бастан кешіреді. Ашушаң болып, көңіл күйі төмендеп, темекіге әуестеніп түруы мүмкін. Әйтсе де, біраздан соң олардың жағдайы жақсарады. Темекі тартуды тастағандар оны мүлде үмытуы керек, ойына алмай тартатындардан аулақ болуы керек.
Сұрақ. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?
Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.
Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.
Спорт маманы. — Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.
Қорытынды. — Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.
Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.
— Біз, 10 сынып оқушылары, осы конференциядан алған әсерімізді жинақтап келіп былай деп міндеттеме қабылдадық.
1. сынып оқушылары жасөспірімге темекінің зиянын үнемі түсіндіріп отырамыз.
2. Темекі тарту біздің ата-салтымызда болмаған, ал оны қазіргі кездегі шегушілер біздің халқымызға зияндық жасап отырғанын насихаттаймыз.
Бекіту сұрақтары:
1. Темекі тартумен күрес жүргізіле ме?
2. Темекі тартатын жас пен тартпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?
3. Темекіні тастауға бола ма?
4. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек? Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н. Назарбаев «Қазақстан — 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы, 1998 жыл.
2. «Үлгілі елдің ұл-қыздары».
3. «Мен адаммын» жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2000 ж.

Темекі шегу – зиянды әдет

Тақырыбы:   «Темекі  шегу – зиянды  әдет»

Мақсаты: Жас  ұрпаққа  адам  денсаулығының  қымбаттылығын,  бағалы  байлық  екендігін түсіндіру.  Оқушылардың  зиянды  заттарды  қолдануға  деген  теріс  көзқарастарын  қалыптастыра  отырып,  темекінің  ағзаға  тигізетін  әсері  және  одан  туындайтын  ауру  түрлерін  білуге  тәрбиелеу.  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру.

Көрнекілігі: Жарнама  плакаттары,  көрініс,  телевизор,  компьютер.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.Мамандар  кеңесі.

1.Темекінің  тарихы. 

Тарих  пәнінің  мұғалімі: С.Н. Ғаббасов

  1. Темекінің әсері.

Мектеп  психологы: М.Г.Ешкаева

                              3.Темекінің  зияны. 

Мектеп   медбикесі: Арыстанғалиева  Рита

ІІІ. Көрініс.

«Темекі  шегудің  пайдасы»

ІV. Қорытынды.

1.Темекінің  тарихы.  Н.С. Ғаббасов: “ Темекі ”деген  сөз  Тобого  деген  арал  атынан  шыққан  көрінеді.  1492  жылы  15  қазанда  орталық  Америка  жағалауларына  келген  испан  матростарының  айтуынша, “ tobacco ”   деген  сөзбен  жергілікті  тұрғындар  дәстүрлі  темекі  шегуге  арналған  үлкен  кептірілген  жапырақтарды  атаған.  1959  жылы  Португалиядағы  француз  елшісі  Жан  Нико  Франция  елінің  ханшайымы  Екатерина  Медичиге  үздіксіз  бас  ауруынан  сауығуға  көмектеседі  деп  темекінің  жапырағы  мен  тұқымын  сыйға  тартады.  Осыдан  көп  ұзамай – ақ,  бүкіл  Францияда  темекі  иіскеу  сәнге  айналды. Жан  Никоның  құрметіне  өсімдік  латынша    “ Nicotiuna ”   деген  атты  иеленді,  ал  ХІХ  ғасырдың  басында  одан  бөлінетін  алколоид  “ Никотин ”   деп  аталды.  

Жүргізуші: Қазіргі  кезде  жас  өспірімдер  арасында  темекі  шегушілер  көп.  Олар  неліктен  шегеді? Сөз  кезегін  психологке  берейік. 

  1. Темекінің әсері. Темекі  тарту  неғұрлым кен тараған зиянды  әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы келеді.) Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа  зиянды  әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет.  Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға   шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады

Жүргізуші:  Әңгімеңізге  рахмет! Енді  осы  темекінің  адам  ағзасына  тигізер  зияны  қандай?  Оны  бізге  мектебіміздің  медбикесі  Арыстанғалиева  Рита  апайларыңыз  айтатын  болады.  (Слайд  арқылы  темекінің  денсаулыққа  зияндығын  көрсетемін)

Жүргізуші:  Әңгімеңізге  рахмет  айта  отырып, сіздердің  әңгімелеріңіз  жасөспірімдерге  ой  салады,  темекі  шегу  секілді  зиянды  әдеттерден  аулақ  болуға  көмектеседі  деген  сенімдеміз.

   Бағдарламамызды  әрі  қарай  жалғастырайық.

ІІІ.Көрініс:                   «Темекі  шегудің  пайдасы»

Бала: Ата,  мен  темекі  шегуді  үйреніп  жүрмін.  Сіз  қалай  ойлайсыз,  бұл  пайдалыма?

Атасы: Темекі  шегу  үш  жағдайда  ғана  пайдалы.

Бала: Айтыңызшы,   қай кезде  пайдалы?

Атасы: Біріншіден,  кім  де  кім  темекі  шексе,  ол  ешқашан  қартаймайды.

Бала:  Қалайша,  неліктен,  ата?

Атасы:  Себебі  ол  қартаюға  үлгірмейді.  Ол  тым  ерте  өмірден  кетеді.  Екіншіден,  оның  үйіне  ешқашанда  ұры  түспейді.

Бала: Не  себепті?

Атасы: Себебі,  кім  де  кім  темекі  шексе,  түні  бойы  төсекте  аударылып,  төңкеріліп  жатады  да,  қатты  жөтелумен  болады.  Ұры  үй  иесінің  жөтелін  естісімен,  үйді  айналып  кетіп  қалады. Бірақ  бұнымен  әлі  біткен  жоқ,  темекі  шегетін  адамды  итте  қаппайды.

Бала:Рас  па?

Атасы:  Рас,  балам.  Себебі  темекі  шегетін  кісі  ерте  жарымжан  болады  және  жүргенде  таяққа  сүйеніп  жүреді.  Ал  таяғы  бар  адамға,  балам,  ең  қабаған  ит  те  жоламайды.  

  1. Қорытынды:

Оқушыларға  сұрақтар  қою  арқылы  тәрбие  сағатын  қорытындылау.

  1. Адам өмірін  қысқартатын  не?
  2. Темекіде қандай  зат  улы  болып  саналады?
  3. Адамның өмірін  темекі  шегу  әдеті  қанша  уақытқа  қысқартады?
  4. Жасөспірім ағзасына  темекі  шегу  қалай  әсер  етеді?
  5. Темекі шегуші  адамның  қасында  болу  неліктен  зиянды?

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Сабақтың мақсаты:
• -Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, саналылыққа, құқықтық тәрбиеге баулу.
• -Салауатты өмір салтын сақтауға оқушыларды тәрбиелеу.
• -Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ал енді балалар мен сендерге ең бірінші, салауаттылық – халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі дегім келеді. Есірік туғызатын ішкілітен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу және денеміздің сау болуы, игі іс-әрекеттер міне бұлар салауаттылықты көрсетеді.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттілігін атап көрсетті.

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Теремок православный сценарий
  • Тема праздник опишите фотографию последний звонок
  • Тематическое занятие праздник осени
  • Теремок осенний праздник
  • Тема периода новогодний праздник