Тіл мерейі ел мерейі сценарий

Тілдің мерейі-елдің мерейі. ✅ Скачать бесплатно

Тәрбие
сағаты тақырыбы:

«Тілдің 
мерейі —  елдің  мерейі »

(5 «б»
сынып)

Сынып
жетекші: Лесбаева М. М.

2020-2021 оқу жылы.

Тақырыбы:
«Тілдің мерейі – елдің мерейі»                                                                     
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту
және оны құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: қазақ тілі туралы
мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл
сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын
молайтып, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл
байлығын, маңызын түсіне білуге баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер.
Биік
шыңдарға біліммен шығуға баулу. Танымдық
белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап
айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға
үйрену.

Сабақтың
әдісі:

сұрақ — жауап, мақал-мәтел,жұмбақ.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мағыналы
сөздер,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті,
орыс тілі,ағылшын тілі.

І.Ұйымдастыру
кезеңі.

1.Сәлемдесу.                                                                                                              
2.Сыныптың тазалығына назар аудару                                                                                       3.Тәрбие
сағатын бастау                                                                                         

Мазмұны:
                                                                                                                                   1
— айналым «Бәйге»
2 — айналым «Дода»
3 — айналым «Жорға»
Қорытынды.
                                                                                                                                     
Мұғалім
сөзі:

Қазіргі
ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай,
бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса,
ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын
ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.                                                                   Армысыздар!
Құрметті мұғалімдер және оқушылар!
Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын!  Тіл – әрбір
ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі.
Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр,
мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты
билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы
жеңілмей келе жатқан тіл.
                                                                                                                                                

1-«Бәйге»
1-оқушы:                                                                                                                                                  
Тілім
барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім
бар, ата жолы салтым бар,

Кең
даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау
ашық мінезім бар, аңқылдар

Туған
тілде сыры терең жан
ым бар,

Туған
тілде әнім менен сәнім бар ,

Туған
тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді
суырып -ақ алыңдар!

 2-оқушы:                                                                                                                               

Туған тілім-бабам
тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

   
3-оқушы:                                                                                                  
             

«Сүйемін
туған тілді анам
тілі
н,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
«Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен.
Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін,
Сол тілменен ойнадым далада еркін.
Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам,
Өмірден, ен даладан ұққам көркін.
Сол тілменен білгіздім тілегімді,
Бірінші сүйген жарға жүрегімді.
Маған қарай тығылып «жаным» деген,
Мойнына апарғанда білегімді.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен ұғынды, әдетті мен жаттадым,
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным».

Мұғалім
сөзі:

Жүзімнің
нәзік, нәрлі сабағындай,

Тіліңді
мәпелей біл, ала қылмай.

Аямай
арам шөбін отап отыр,

Таза
сақтап көзіңнің жанарындай.
                                                                 Әрбір тілде
сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

4-оқушы:

«Жүрек ана
мен өзіңнен жаралдым.

Сағат
сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз
маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің
арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің
арқаң дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды
ұтытқаным емес пе,

Ана
тілім егер сені ұмытсам?

5-оқушы                                                                                                                                        
Күш
кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр — бүгін қорқак, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың кос қанаты кьірқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

6-оқушы:

Ерлік,
елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың —
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нүрлы жұлдыз — бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!

7-оқушы:

Қазақ
тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуанбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!

8-оқушы:

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам.
                                                                                                                                              

Сенің арқаң өзімді өзім
түсінсем,
Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен!
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,
Ана
тілім,
Арыңа дақ түсірсем.
Ағытатын тасқын ойдың тиегін,
Өзің ғана сыйынатын киелім!
Ризамын отқа жанып сен үшін,
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

9-оқушы:

Қуатым – ана тілім
Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,
Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.
Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,
Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.
Өлеңде топқа түссем, өзіңсің
ғой,
Әперген маған орын ашып төрден.
Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
Сен барда терезем тең, еңсем биік,
Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!
Ардағым, ана тілім — жан мерейім,
(Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін).
Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,
Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.
Төбемде тұрса сенің жанып нұрың,
Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!
Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім,
Екенін жан сырымның анық мұның!

10-оқушы:  Мағжан                                                                                                                                                  «Біз
дарынды баламыз,

Оқуда алғыр боламыз.

Тілді таза сақта! – деп,

Достарға талап
қоямыз                                                                                                   
:

«Бірлік түбі – тірлік

Тілін білу – ерлік,

Өнер алды – тіл екенін

Біз әрқашан білдік»

Мұғалім
сөзі:                                                                                                                  
Қазақ
тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер
қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында.
Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі,
түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.                                                    Ендеше:
«Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің
жүректегі»-деп, Ж.Баласағұн айтқандай,
қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен
өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес,
Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір
азамат, мемлекеттік тіл — қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол
тілді жүрегімен сүюі тиіс.                                                                                                                          
1-«Бәйге»    
Сұрақ-жауап, ұяшық
таңдау.                                                                                                                                   Сырлары
көп білімнің,
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
20……20…….20
30……30…….30
40……40…….40

Сол
жақтағы 20 —
Тіл туралы Заң
қашан қабылданды? 1989ж. 22 қыркүйек

Оң жақтағы 20 –
Тіл білімінің негізін
салған кім? А.Байтұрсынов                           
Ортадағы
20- Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның үзіліп,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі енді
ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)
                                                                                                                      
                             Сол
жақтағы 30
«Ана тілің-арың
бұл, ұятың боп тұр бетте» өлеңінің
авторы? Қ. Мырзалиев
                                                                                                                                                   
Оң
жақтағы 30-
Абайдың шын аты?
Ибраһим

Ортадағы 30
Адам болам десеңіз … »
өлеңінің авторы кім?

Сол
жақтағы 40 – Ай аттарын ағылшын тілінде ата.
Оң жақтағы 40-Сүйікті пән ағылшынша
айту.
Ортадағы 40— Ай аттарын ағылшынша айту.

II- «Дода»
Мақал-мәтелдер сайысы:

1. Тіл тас жарады,
тас жармаса … (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
                                                                                                                                   

4. Піл
көтермегенді, … (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы
ортақ).
8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған … (оқпен
тең).                                                                        
1. Бал тамған тілден … (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз … (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап
сөйлер).
5. Тіл қылыштан … (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінде).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей
… (шешен боларсың).
9. Тілден артық … (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).

                                                                                                                                       
Ш. «Жорға»                                                                                                                                      
“Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді
құрметте»

Бұл кезенде Сөз-жұмбақ жасырылады. Жауабы 3 тілде
айтылуы керек.
1.Үндемес серік ,ақылы берік (кітап-книга,book)
2.Бесікте тентек бала шырылдайды,Көтерсең
құлағына сыбырлайды.(телефон, )
3.Толып келіп бос кетеді(қасық,ложка,spoon)
4.Жемге ауыз салса-ұтылғаны,айналып өтсе-құтылғаны(балык,рыбы,fish)
5.Екі бала үстінде,орын бермес ешкімге,бара жатыр ерні жырық
қояндай.(түйе-верблюд,camel)
6.
Тұмсығымен
қозғалар,Соңынан аппақ із калар.(бор — мел – chalk
)                                                                                      
 7. Жеті
Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит —
собакa — dog).
8. Жүз теңгең болғанша, Жүз….. болсын. (дос —
друг –
friend)                                                                      
9. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде (қаламсап — ручка —
реп)
10. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (
қоңырау — звонок — bеІІ)
                           

V-көрініс. «Сөз 
қадірі»                                                                                                      
Мұғалім  
сөзі:
                                                                                                              Қалың
елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп  орман бол,

Шет тілі мен
компьютерді меңгеріп,

Елге тірек,
нағыз ұлттық тұлға бол!

 Жомарттық пен мәрттік.
Бұлардың негізінде  үш нәрсе бар: бірі – өз
айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі —
әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу;
үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап
ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында
жүрмек  болсаң, әр уақытта үш нәрседен
сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды —
жаман істен, тілді — жаман сөзден. 

Осымен бізді тіл
мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Скачано с www.znanio.ru

Тіл мерейі, ел мерейі


  • Тәрбие сағаты
  • admin
  • 08.05.2015
  • 1
  • 4
  • 85404

Қызылорда облысы

Төретам кенті

№80 мектеп-гимназия

Сынып жетекшісі: Әбдімәлікова.Ш

Тәрбие  сағатының  тақырыбы:  «Тіл  мерейі,  ел  мерейі»

Мақсаты:  Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір — қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру.

Көрнекілігі: «ана  тілін  білмейтін  адам мәдениетті  адам  санатына  қосылмайды.» М. Әуезов.

І  жүргізуші: Қайырлы  күн  ұстаздар  мен  қонақтар.  Сіздерге  арнап  «Ана  тілім – ардағым»  атты  тәрбие сағатымызды  ашуға  рұқсат  етіңіздер.

ІІ  жүргізуші: Құрметті  ұстаздар,  оқушылар!  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «Мемлекеттік  тіл – Қазақстан  халықтарын   біріктіретін  тіл»  деп жарияланған.  Тіл  мерекесіне  орай  бүгінгі  «Ана  тілім – ардағым»  атты  кешімізге  қош  келіпсіздер. 

Тіл – ұлттық  белгі,  халықтық  мұра,  дүниетаным  құралы.    Халықтың  тарихта  қалуы  тіліне  байланысты.

Тіл  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай кескін  келбеті,  болмысы.  Қазақ  тілі  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  беделді  тіл.

Өткірдің  жүзі,

Кестенің  бізі,

Өрнегін  сендей  сала  алмас,-  деп ұлы  Абай  атамыз  таңырқап,  тағзым  еткен  осы  қасиетті  тіліміз.

1  оқушы:

Күш  кеміді,  айбынды  ту  құлады,

Кеше  батыр – бүгін  қорқақ,  бұғады.

Ерлікке  ұмтылған  ұшқыр  жаны  кісенде,

Қан  суынған,  жүрек солғын соғады.

Қыран  құстың  қос  қанаты  қырқылды,

Күндей  күшті,  күркіреген  ел  тынды.

Асқар  Алтай – алиын  ана есте  жоқ,

Батыр,  хандар – асқан  жандар  ұмтылды. 

Ерлік,  елдк,  бірлік,  қайрат, бақ,  ардың,

Жауыз  тағдыр  жойды  бәрін  не бардың.

Алтын  күннен  бағасыз  бір  белгі  боп,

Нұры  жұлдыз,  бабам тілі  сен  қалдың.

2  оқушы:

Ана  тілі – біздің туған  анамыз,

Анамыздай  сыйлап,  бағып  қағамыз.

Ана  тілін  бағаласақ  қалай  біз,

Өзіміздің  сондай  болмақ  бағамыз.

Ана  тілін  кім  аялай  білмесе, 

Анасынан  безінген  ұл  деп  қараңыз.

3  оқушы:

Ана тілі  бар  білімнің  қайнары,

Аталардың  өсиеті  пайдалы.

Алақаны  мейірімді  ананың,

Ұстазыңның  жаққын  жүзі – жайдары.

Ана  тілім – тайтамайтын  әліппем,

Болғаным  жоқ  әріптерін  танып мен.

Өз  тілімді  жақсы көру  арқылы,

Достасамын  басқа  барлық  халықпен.

І  жүргізуші:  Халық  өзінің  тілін  ең  ардақтысы  деп  санайды,  оны  ерекше  сүйеді.  Қырғыз  ақыны  Сарноғайовтың  айтқанындай,  «ана  тілін  сүймеген  адам,  халқын  сүйіп  те  жарытпайды».

ІІ  жүргізуші:

Қалқам,

Мен  Лермонтов,  Пушкин  де  емеспін,

Есенинмін  демедім  ешкімге  мен

Қазақтың  қара  өлеңі  құдіретім,

Онда  бір  сұмдық  сыр  бар  естілмеген.

Жат  жерде  жатқанымда  жазатайым,

Қанымен  жазды  мүмкін  ағатайым.

Қасиетіңнен  қара  өлең  айналайын,

Қазақтың  дәл  өзіңдей  қарапайым,-  дей  отырып,  алдарыңызда 

Ән:  «Ананың  үні»  (хормен)

І  жүргізуші:   Қазақстан  Республикасы  Тіл  туралы  алғашқы  заңы  1989 жылы  22 — қыркүйекте  қабылданды.  Біздіңелімізде  тұратын  барлық  ұлт  өкілдері  қазақ  тілін  оқып  үйренуде.

ІІ  жүргізуші:   Қазақ  тілі  түркі  тектес  тілдерге  жатады.  Соның  ішінде  қыпшақ  тобындағы  тілге  жатады.

1. оқушы:

Туған  тілде  сыры  терең  жаным  бар,

Туған  тілде  мың-мың  ыстық  қаным  бар.

Туған  тілде әнім  менен  сәнім  бар,

Туған  тілім – жүрек үнім  наныңдар.

Нанбасаңдар,

Жүрегімді  суырып-ақ  алыңдар. 

1.  оқушы:

Сүйемін  туған  тілді – анам  тілін,

Бесікте  жатқанымда-ақ  берген  білім.

Шыр  етіп  жерге  түскен  минутымнан,

Құлағыма  сіңірген таныс  үнім

Сол  тілімнен  үйрендім  нәрсе  аттарын,

Сол  тіліммен  әдепті  мен  жаттадым.

Ең бірінші  сол  тілімнен  сыртқа  шықты,

Сүйгенім,  жек  көргенім,  ұнатқаным.

1.  оқушы:

Қымбат  маған  анан  тілім,  бал  тілім, 

Қымбат  маған  дана  тілім,  ар  тілім.

Ақ  сүтімен  бірге  сіңген  бойыма,

Ана  тілі – ардақ  тұтар  алтыным.

Ана  тілін – жырлап  өткен  талайлар,

Жырлап  өткен Ыбырай  мен  Абайлар.

Қасиетті  менің   ана  тілімде,

Өшпес  мәңгі  алаулаған  арай  бар.

І  жүргізуші:

Сая болып  жаныңа  емен,  терек,

Жетеренді жатқаның  көлеңкелеп.

Өгейсінбей  өзі  боп  қалу  үшін,

Өнер  керек  ұрпаққа,  өлең  керек, —  дей  отырып,  алдарыңызда

Би:  «Наурыз  биі» 

1.  оқушы:

Сен  болмасаң,  о  туған  тіл,  құным  не?

Мен  жетпейтін  маржан  жатыр  түбінде. 

Аспан,  жұлдыз,  жетім  ай  да  телміріп,

Тіл  қатады  маған  ана  тілінде.

Жігіт  бірде  кедейленер,  байыр  да,

Ақ  атымды,  қанатымды  қайырма.

Айырылсам  да  талай  бір,

О,  тағдырым,  тек  тілімнен  айырма.

I  жүргізуші:

Домбырам,  жүрегіммен  үндес  едің,

Сенімен  сырласымдай  тілдесемін.

Бабамнан  қалған  мұра  сен  болмасаң,

Өнерің  не  екенін  білмес  едім, — «Кеңес»  күйі.

I  жүргізуші:

Өнерге  әркімнің-ақ  бар  таласы,

Сонда  да  солардың  бар  таңдамасы,

Іші  алтын,  сырты  күміс  сөз  жақсысын,

Қазақтың  келістірер  қай  баласы – демекші  алдарыңызда  үнді  биі.

I  жүргізуші:

Тілім  менің,

Тілім  үшін  мың  өліп, тірілді  елім.

Адалыммен, арыммен  қатар  қойып,

Тілді  қорғау  парызым  бүгін  менің.

II  жүргізуші:

Әкең – қазақ,  шешең – қазақ  қарағым,

Сен  де  ұлысың  мынау  дархан  даланың.

Әр  халықта  ұлттық  намыс  деген  бар,

Оны  биік,  қасиет  деп  санағын.

I-II  жүргізуші  бірге.

Отан, Ана,  Ана  тілінің – үш  анық.

Осыларсыз  болашақта  күнің  жоқ.

Ән.

Қортынды:

«Тіл  дегеніміз – қай  халықтың  болмасын  кешегі,  бүгінгі   ғана  емес,  ертеңгі  де  тағдыры»  атты  қабырға  газеттері,  ақын-жазушылардың  тіл  туралы  айтқан  пікірлерін  ілу.


ШҚО ББ «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған тәрбие сағаты.

Тақырыбы:

«Тіл мерейі – ел мерей»

Өткізген: Тасынова Э.Ж.

Семей қ.

«Тіл мерейі – ел мерей»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды өлең оқып, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу. Өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3.Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, ат салысуға шақыру. Туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар.

Кіріспе бөлім:

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін біз Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесін тойлап жатырмыз.Осыған байланысты «Тіл мерейі-ел мерейі » атты тәрбие сағатына жиналып отырмыз.

Ана тілім, Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

— Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.

Тіл деген ол– алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Балалар, 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын.Сондықтан біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.

-Олай болса, балалар, тәрбие сағатымыздың тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік. Бүгінгі мерекеге жырдан шашу шашайық!

1-оқушы: «Үш бақытым» М. Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

2-оқушы: Ана тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.

3-оқушы Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,

Туған тілім- анам тілім- өз тілім,

Туған тілім- далам тілім- өз тілім,

Туған тілім- адам тілім- өз тілім.

4-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

5-оқушы: Ана тілің білмесең,

                 Қадірлісің кімге сен?

                 Ана тілі арқылы

                  Тарихыммен тілдесем.

6-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып — ақ алыңдар!

7-оқушы: Ана тілді білмесем,

Шат – шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

8-оқушы: Ана тілім-тірегім,

Ана тілім-жүрегім

Қасиетті елімнің,

Тек өзің деп білемін

9-оқушы: Ана тілім- елдігім,

Ана тілім –ерлігім

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін.

Мұғалім: Тілім менің сарқылмас қазынамсың,

Бір сенімен болмыстың назы басым.

Бұл күнде тарихым сөйлейді өзің болып,

Жыр-ғұмыр боп бүгінде жазыласың.

Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі.

Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

Салт-дәстүрдің бойындағы қаны – сол халықтың ана тілі. Ендеше, ана тілдің мерейін көтерейік, балалар!

Қызықты деректер кезеңі

-Балалар, олай болса, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар туралы мағлұматқа құлақ түріп, тіл туралы қызықты деректерді есімізде сақтап жүрейік.

(Оқушылар парақтан оқып береді)

1.Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.

2.Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

3.А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. 4.Жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері-Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

5.Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

6.Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

7.Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

8.Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.

Шығармашылық кезең (жұппен жұмыс)

Мақал — мәтелдерді жалғастырыңдар?

Тіл жүйріктен де ………………… (озады).

Тіл жүйрік емес,………………(ой жүйрік).

Шебердің қолы ортақ,………….(Шешеннің тілі ортақ).

Басқа бәле ………………….. (Тілден)

Піл көтермегенді, …………….(Тіл көтереді).

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,………… (Тілімнен сүріндірме).

Бал тамған тілден ……….. да тамар. (у)

Тілдің көркі – ……………….. (Сөз)

Ойнап сөйлесең де, …………………….. (Ойлап сөйле)

Өнер алды ………………………………………………(қызыл тіл)

Тіл тас жарады,………………………………………..(Тас жармаса, бас жарады)

Тіл қылыштан………………………………………….( өткір)

Мұғалім: «Тіл – ұрпақтар сабақтастығының негізі» дегендей, ана тілін құрметтейтін ұл мен қыз ана тілдерін көздерінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Өз халқын көркейтпей тұрып, өзге елді жайнатам деу бекершілік.

Өз халқының талай ғасырғы тарихын таратып айтқан өрелі ойлы, өр таланттар алдымен ана тілін ардақтап, туған тілін қадір тұтқан. Сондықтан да ,балалар, Ана тілімізді құрметтеп жүрейік!

Осымен «Тіл мерей –ел мерей » атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!


Name

Age

Дарын

16

Диас

16

Қазыбек

16

Name

Age

Дарын

16

Диас

16

Қазыбек

16

Name

Age

Дарын

16

Диас

16

Қазыбек

16

Тіл мерекесіне арналған сценарий «Тіл мәртебесі — ел мерейі»

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз. 

Кештің мақсаты: Білім алушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Ахмет Байтұрсынұлына арналған көрме, бейнероликтер.,слайд.

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен білім алушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

2-жүргізуші:

Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі мен бірге Қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерей тойымен бірге қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте куанышты күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.Хормен айтамыз.

3-жүргізуші:

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.

4-жүргізуші:

Осыдан тура 33 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ халқының мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

1-жүргізуші:

Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Келесі кезеқті домбырашыларға береміз.

Достарыңызбен бөлісу:

Тақырыбы: «Тілдің мерейі — елдің мерей»

Мақсаты: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет     көрсетуге баулу. Сынып  пен кітапханамен ынтымақтастықты жүзеге асыру,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту.

Түрі: саяхат,кездесу.

Өткізілген орны: Қалалық балалар кітапханасы

Көрнекілігі: плакаттар  «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі- ұлт тілі» және кітапхана ішіндегі көрнекіліктер

Барысы: Ұйымдастыру  кезеңі.

Сынып жетекші, Садыкова Айсұлу Госмановна: Балалар, біздің мектепте қандай апталық  өтіп жатыр? Дұрыс айтасыңдар, сол тіл апталығына байланысты : «Тілдің мерейі- елдің мерей»  атты сынып сағатын, әдейі осы кітапханаға ,сынып сағатымызды саяхат түрінде өткізуге  сендерді арнайы ертіп әкелдім .Сынып сабағымыздың мақсаты: сендердің  тіл туралы білімдеріңді жетілдіру, өз тіліңе, туған жеріңе құрмет  көрсетуге баулу. Сынып  пен кітапханамен ынтымақтастықты жүзеге асыру. ,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту.  Сендердің кітапқа,білімге деген қызығушылықтарыңды дамыту. Міне, енді, сөзді осы кітапхана қызметкерлеріне берейік.

Абдиманова Гүлнара Арғыновна: Біріншіден , балалар сендердің бүгінгі қадамдарың мені қуантып отыр.Сынып сағатын арнайы осы кітапханаға келіп,бізбен кездесу жасап өткізіп жатқандарың сендердің кітапқа, білімге деген құштарлықтарыңды көрсетеді. Сендерге осындай мүмкіндікті жасап жатқан, сынып жетекшілерің, Айсұлу Ғосмановнаға алғыс білдіреміз, бұл бір жақсы бастама екен,басқа да сынып жетекшілері осындай кездесулерді жиі ұйымдастырса,жақсы болар еді.

Енді, мен сендерді кітапханамен таныстырайын. Кітапханада барлығы 28 000  кітап қоры бар. Қала басындағы 3 мектеп оқушылары да бізбен байланыста. Барлығы 1500 дей оқырманымыз бар. Мына отырған зал оқу залы деп аталады,бұдан басқа залдар,абономент залдары бар. Мұнда өздеріңді қызықтыратын қандай сала  болса да ,кітаптар табуға болады. Мына оқу залында отырып пайдалануға немесе үйге жаздырып алуға болады. Кітап –сендердің тілдеріңді дамытуға өте жақсы құрал. «Тіл-қарым-қатынас құралы» -деп бекер айтпаған. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар.Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.

Мен сендерге С.Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,

Сол тілммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

Беспаева Төлеубике Ғабдулловна:  Керемет өлең емес пе? Ал,  сендерге Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдагы.

Өссе тілім-мен де бірге өсмін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.

Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғанамынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

О,адамдар,қадіріне жетіңдер,

Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!

Бірақ кейде  өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер? ( Оқушылар өз ойларын білдірді)

Әрине, адамның бәрі  бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.

Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, балалар!

Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл .

1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені  жазылды.

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.

Мұғалімнің сөзі

Балалар, тіл туралы пікірталас,әңгіме жүргізіп жатырмыз.  Ал мен сендерге тіл туралы  түсінік бере кетейін. Дүние жүзінде халық та, тіл де көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Сұрақ:

-Қандай тілдерді білесіңдер?

-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол қандай тілдер?  Қазақ,орыс,ағылшын.

-Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте».

Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.Барлық мемлекеттердің президенттері негізгі 7 тілде  бір-бірімен қарым-қатынас жүргізеді: Орыс , ағылшын ,араб,қытай ,француз ,япон,испан тілі.

Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр,рухани құндылықтарды сақтаушы,ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келеді.Кез келген ұлт,халық ең бірінші рухани өресімен,жан байлығымен өлшенеді.Ал халықтың өнері мәдениеті-тілінде. Біздің мақсатымыз-ата баба аманат еткен тілді қадірлей білу көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу.

Ал,енді, мен сендерге тіл туралы біліп келіңдер дп тапсырмалар берген болатынмын,қане,кім тіл туралы қандай өлең,мақал-мәтел біледі?

1-оқушы:   Тілім менің-тірлігім мол мұрамсың,

Ата рухын жаныма қондырасың

Өзіңменен таныдым тарихымды,

Кемелденген өзіңмен толды жасым.

Тілім менің сарқылмас қазынасың

Бір сенімен болмыстың назы басым.

Көне тарих сөйлейді өзің болып,

Жыр-ғұмырбоп бүгінде жазыласың.

2-оқушы:   Отан-тарих,

Отан-тіл.

Жасаған елім,ер халқым,

Отан-өлең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

3-оқушы:   Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте .

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

4-оқушы: Ананың тілі туралу ән де бар,оны барлығы біледі.

Мұғалім: Ендеше,барлығымыз бірігіп, осы әнді орындайық.

 Ән орындалады: «Анамның тілі-аяулы үн»

Мұғалім:

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол- дей отырып, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Біздің ұсынысымызды қабыл алып,сынып сағатымыздың қызықты өтуіне ат салысқан ,кітапхана қызметкерлеріне рахмет айтамыз. Кімнің кітапқа деген қызығушылығы оянды,кім осы кітапханаға жазылғысы келеді,ата- аналарыңмен,

тәрбиешілеріңмен келісіп, өтініш жазып,келіп,оқырман болуларыңа болады.Келесі сынып сағатына дейін аман-есен болайық.!

«Тіл — елімнің ертеңі»

Мақсаты: оқушыларға ана тілінің қадір қасиетін ұғындыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Түрі: мәнерлеп оқу сайысы Көрсетілімі: слайдтар,тіл туралы мақал-мәтелдер,әйгілі тұлғалар портреттері, кітап көрмесі Техникалық құралдар: интерактивті тақта,үнтаспа Жоспар І. Жүргізушінің кіріспе сөзі ІІ.Тіл туралы заңмен таныстыру ІІІ.Мәнерлеп оқу сайысына қатысатын оқушыларды таныстыру ІV. Ән «Ана тілім» V.Әдеби монтаж VI.Көрермендермен ойын а) мақалды жалғастыр ә) фотослайдтар Барысы Жүргізушінің кіріспе сөзі Тіл — халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі.Біздің осындай қасиетті мұратымыз, ана тіліміз қазақ тілі. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Ана тілің арың бұл, Ұятың болып тұр бетте. Басқа тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте

Қадыр Мырзалиев жырлағандай әркім өз ана тілін құрметтеп, мақтан тұту керек. Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып, ана тілімізге Мемлекеттік мәртебе берілді. Ән «Ана тілім» сөзі: С.Құрбақожаев муз:Ә.Нұрымов жетекшісі: Жанат Аккалиевна орындаушы

Ана тілім-бал тілім, Өзің барда шалқыдым . Өз тілімде ән шырқап, Термелетіп балқыдым.

Тілім барда мақтанам, Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.

Құтты шаңырақ Отан да, Тілім алған батам да Осы тілде сөйлеген, Бабам менен атам да Әдеби монтаж Мәнерлеп оқу сайысына қатысушы оқушылардың тіл туралы жаттаған өлеңдерін тыңдайық.(Әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін)

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім! Туған тілім — анам тілі — өз тілім! Туған тілім — далам тілі — өз тілім! Туған тілім — адам тілі — өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым, Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым. Сонда-дағы сен қалмассың көкейден, Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

Бар қазақтың орман, көлі, өзені, Тау қиясы, жалпақ жазық, кезеңі, Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па қазақша, Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

Сенле емес пе солардың бар ажары, Орман үні, бұлағының таза әні. Гүл, бәйшешек, көкорайдың жұпары, Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.

Ана тілім күшім менің, қуатым, Жырым сендік жүрегімнен туатын. Тауысар ма ырысыңды, қорыңды Тізелесіп қатар жазса мың ақын!

Ең бірінші бақытым — халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін… Ал, екінші бақытым — тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Бақытым бар үшінші — Отан деген, Құдай деген кім десе Отан дер ем!

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім! Туған тілім — анам тілі — өз тілім! Туған тілім — далам тілі — өз тілім! Туған тілім — адам тілі — өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Ақыл ойын даналық Ана тілден аламын Ана тілі ардақты Ақ сүтіндей ананың

Өсірген ой білімді Сүйем туған тілімді Мақсат етем әр сөздің Мәнін терең білуді.

ойын «Мақалды жалғастыр…» слайд 1.Өнер алды … (қызыл тіл) 2.Көп сөз күміс, … (Аз сөз алтын) 3.Ана сүті бой өсіреді , … (Ана тілі ой өсіреді) 4.Ақыл көркі- тіл, … (Тілдің көркі- сөз) 5.Жеті жұрттың тілін біл, … (Жеті түрлі білім біл.) Фотослайд (интерактивті тақтадан ақын жазушылардың суреттері шығады, ал көрермендер кімнің суреті екенін табу керек және «Қазақ тілі» өлеңін хормен оқиды.)

Сабақтың тақырыбы: Тілдің мерейі – елдің мерейі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой – өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мақал – мәтелдер, тіл туралы заң, қол өнер көрмесі.
Сабақтың жүру барысы:
Оқушыларды сапқа тұрғызып, әнұранды айттыру.

Кіріспе сөз: Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс – салтын, үлгі – өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.

Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.
Туған тілім. Дихан Әбілев.
Туған тілім – бабам тілі — өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – дана тілім – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін

Ән «Ана тілін сүйемін»

Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым.
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп, өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай, жабындыға алдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге қымбат мұра, бай қазына! (Ғ. Мүсірепов )

Сүйемін туған тілді — анам тілін
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ән «Ананың тілі – аяулы үні»

Мұғалім: Қазақ халқы тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп, айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.
«Ұйқасын тап» ойыны.
Мұғалім:
Ана тілін білмеген адам –
Ештеңе сезбейтін надан

Түк сезбесе балаң
Жақсылық күтпе одан.

Жүйрік тілді ақын бол!
Жақсылыққа жақын бол!

Достарыңмен тату бол!
Дұшпаныңа қату бол!

Ақындардың бірі бол!
Туған елдің ұлы бол!
Туған жердің гүлі бол!
Азамат бол, ірі бол!

Би.
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар,
Ата жолым салтым бар,
Кең даладай жиналмаған жан – жағы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.

Тілім менің ерлігім де елдігім,
Кемеңгерім
Шешендігім кеңдігім.
Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым,
Тереңдігім,
Теңдігім.

Ежелден ұлы елміз ірі іргелі
Шежіреміз
Тарихымыз ілгері
Менің тілім Қаз дауысты Қазыбек
Әйтеке мен Төле бидің тілдері.

Көрініс «Төле бидің төрелігі»
Мұғалім: «Жалғасын тап» ойыны (тіл туралы мақал-мәтелдер)
Тіл тас жарады…(тас жармаса, бас жарады)
Өнер алды -…(қызыл тіл)
Ойнап сөйлесең де…(ойлап сөйле)
Аз сөз – алтын…(көп сөз – көмір)
Тіл – ақылдың…(өлшемі)
Тілі жеткенше сөйлеген шешен…(қолы жеткенше нұсқаған көсем)
Тіліңмен жүгірме,…(біліміңмен жүгір)
Тіл – тәтті,…(бауыр – қатты)
Тіл туралы ойлар.
1 Халық бар жерде – тіл бар. Тіл бар жерде – өнер бар. Өнер бар жерде – жан – күйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, оның қуанышы.
2 Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу – өмірден алған ең үлкен сыйың.
3 Ана тіліңде елдігіңде, ерлігіңді жырлайсың.
4 Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің, әдептіліктің өлшемі болып табылады.
Күй.
Қорытынды

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Тіл м?ртебесі ел м?ртебесі сценарий
  • Тіл апталы?ына арнал?ан сценарий балаба?шада
  • Технологическая карта семейные праздники
  • Технологическая карта проведения праздника
  • Тициан вечеллио праздник венеры