Тіл татулы? тірегі сценарий

Та?ырыбы: Тіл татулы? тірегіМа?саты: Жас ?рпа?ты ана тіліні? ?адір-?асиетін т?сіне білуге ша?ыру. Ана тілін с?юге, ана тілін арда?тай білуге т?рбиелеу.К?рнекіл

Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы:
— Мемлекеттік Гимн орындалады.
Жүргізуші:
— Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
— 1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
— Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
— Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын!
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.

2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
5-оқушы: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырына
Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.
Ән: «Анамның тілі»

Жүргізуші : Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің
6-оқушы: Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасиетті болса да.
Төрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Жүргізуші: Қазағым тіліңменен жана берші.
Әуендетіп, әніме сала берші.
Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде жатталып қала берші.

Ән: «Қазағым».
Жүргізуші: Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.
7-оқушы: ана тілім-тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің күәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.
Жүргізуші: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Ән: Абайдың әні: «Сегізаяқ».
Жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
Ән: «Ана тілін сүйеміз»
Қорытындылау.

« Balalyq bazary» балабақшасы

«Тіл- татулық тірегі»

ертеңгілігінің сценарийі

2021

«Тіл- татулық тірегі!»ертеңгілігі.

Мақсаты: балалардың өз балабақшасы туралы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып тілін дамыту,әңгімелесу,тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, видео, музыка

Әдістемелік әдістер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап

1.Ертенгіліктін басы

Тәрбиеші сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті балалар! Бүгін біз Қазақстанымыздың тіл мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын! Ендеше бүгінгі мерекені бастау үшін тобының кішкене бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.


  • Балалар ән ырғағымен залға кіреді. Орындарына жайғасады.

Тәрбиеші сөзі: Ал, балалар бүгінгі мерекені біз әнұранмен бастайық.


  • Балалар мен тәрбиеші тұрып әнұранды айтады.

    ( Әнұран қосылады)


            Тәрбиеші сөзі: Жарайсыңдар, балалар!

            Та
            ғы қандай өнер бар?


  • Балалар бір мақалдан айтады

    Эрика: Тіл- достықтың кілті, ынтымақтын бастауы.

    Самира: Өз тілің — бірлік үшін, Өзге тілің — тірлік үшін.

    М.Димаш:Тіл ақылдың — өлшемі.

    (Балалар тәрбиешімен бірге мақалдардың мағынасын ашады)


            Тәрбиеші сөзі: Жарайсыңдар, балалар! Енді біз бәріміз шаттақ шеңберін жасайық.

  • Шаттық шеңбері

    Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

    Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

    Туған тілім-далам тілі-өз 
    тілім,

    Туған тілім-адам тілі-өз тілім.


    Туған тілде сыры терең жаным бар,

    Туған тілде әнім менен сәнім бар.

    (Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді)

2.Ертенгіліктін ортасы

Тәрбиеші сөзі: Тамаша!

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Жылдың төрт мезгілі бар.

-Жаз,күз көктем,қыс

Қазір жылдың қай мезгілі.

– Қазір жылдың күз мезгілі.

– Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?

– Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазан, қараша.

– Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?

– Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.

Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.


Балалар біздер қай елде тұрамыз?

-Біздің елбасымыздың аты кім?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біздер қазақша тілде сөйлейміз.Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі.


  • Дидактикалық ойын: «Сәлемдесу»

    Ойын шарты: әр бала тұрып 3 тілде сәлемдеседі. Қазақша , орысша, ағылшынша.

    Сәлем! Привет! Hallo!

    (Балалар кезке- кезке тұрып бір-бірімен сәлемдеседі)


            Тәрбиеші сөзі: Өте жақсы, балалар! Ал, тіл тұралы қандай тақпақ білесіңдер?

    Самира:Ана тілің-арың бұл

    Ұятың боп тұр бетте,

    Өзге тілдің бәрін біл,

    Өз тіліңді құрметте


    Айзере: Ана тілім бал тілім

    Өзің барда шалқыдым

    Өз тілімде ән шырқап

    Термелетіп балқыдым


    Вильдан: Ақыл ойын дананың

    Ана тілден аламын

    Ана тілім ардақты

    Ақ сүтіндей анамның.


            Эрика: Тілім барда мақтанам.

            Тілім менің аппақ ән

            Бірлігімді бүгінгі

            Ана тілім сақтаған.


            Тәрбиеші сөзі: Керемет! Балалар қазір біз өте қызықты видео көреміз.


          • Видеоролик: «Приветствие на разных языках мира»

            Тәрбиеші сөзі: Ал,балалар енді отырмай кішкене қимылдайық.

          • Физминутка. Би-хоровод жүргізу.

            Музыка: «Веселая песенка. Выглянуло солнышко изөза серых туч»

            ( Балалар тәриешілермен бірге шеңберге тұрып музыка әуенімен билейді)

            3.Ертенгіліктін соңы

            Тәрбиеші сөзі: Бәрекелді, керемет! Қызықты тапсырма.

            « Киіз үй» . Әр балаға ақ прақта салынған киіз үйдін боялмаған суреті таратылады. Балалар ол суретті әдемілеп, ұқыпты бояу керек.

  • Қорытыңды. Сұрақ-жауап арқылы ертенгілікті қорытындылау.


            Тәрбиеші сөзі: Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған ертенгілігіміз өз мәрісіне жетті. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!»

Достарыңызбен бөлісу:

1. Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін көтеру және жетілдіру мақсатында оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру, әлеуметтік ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету;
2. Теориялық білімі мен біліктерін іс жүзінде қолдана білуге баулу, шығармашылық ізденісін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игерту;
3. Оқушының қабілетін дамытып, өз ойларын жүйелі, көркем әдеби тілде жеткізуге ұйымшылдық қабілетін оятып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, әңгімелеу, салыстыру, сұхбаттасу әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тілін, логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту1. Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін көтеру және жетілдіру мақсатында оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру, әлеуметтік ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету;
2. Теориялық білімі мен біліктерін іс жүзінде қолдана білуге баулу, шығармашылық ізденісін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игерту;
3. Оқушының қабілетін дамытып, өз ойларын жүйелі, көркем әдеби тілде жеткізуге ұйымшылдық қабілетін оятып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, әңгімелеу, салыстыру, сұхбаттасу әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тілін, логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Тілім менің-тірегім»
Мақсаты: Жас  ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, мадақтау қағаздары.
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы:
Жүргізуші: Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген   адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Армысыздар, құрметті тәрбиешілер мен бала бақша қызметкерлері! Бүгінгі «Тілім менің-тірегім» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын!

Сәлем – сөздің анасы, сөз атасы

Ұстаздардың қабыл болсын батасы

Қол соғып ортамызға тарландарды

Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі – деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық.

1 топ: «Ана тілі»

2 топ: «Тапқырлар»

Қош келдіңіздер сайыскерлер!

Алаулаған алабынан нұр тамып.

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,

Көк байрағың желбірейді төрінде

Әнұраның тұр көгінде шырқалып.

Мемлекеттік  Гимн орындалады.

Жарысты бастамас бұрын сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Ана тілім – ерлігім

Aна тілім – елдігім

Ана тілім — болмаса,

Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 7 — кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша топтардың жауап берулеріне байланысты 1 — 5 ұпайлармен бағаланады.

1 кезең. Таныстыру (сәлемдесу)

2 кезең. Топтың ұраны.

3 кезең. Мақал сөздің мәйегі (мақал-мәтел)

4 кезең. Мимика

5 кезең. «Бәйге» (сұрақ жауап)

6 кезең. «Сөз құра, тез құра»

7 кезең. Топтық өнер көрсету.

Жүргізуші:

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын әр топ өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

I — кезең: Әр топ өздерін таныстырады.

II-кезең: Ұраны

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Сондықтан мақал-мәтел айтудың маңызы өте жоғары деп санаймыз.

III-кезең: Мақал-мәтелді жалғастыру.

1 — топ

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
  2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
  3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
  4. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
  5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
  6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
  7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ).
  8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
  9. Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).

Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).

2-топ

  1. Бал тамған тілден … (у тамған).
  2. Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).
  3. Жақсы сөз … (жарым ырыс).
  4. Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер).
  5. Тіл қылыштан … (өткір).
  6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
  7. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).
  8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей … (шешен боларсың).
  9. Тілден артық … (қазына жоқ).

Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

IV-кезең:

Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»

«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Сайысымыздың келесі 4 — ші бөлімі мимика сайысы.

Үстелден тапсырма карточканы ала отырып, берілген сөзді мимикамен түсіндіру қажет.
1. Домбыра

2. Дәптер

3. Стакан

4. Тиын

5. Ноутбук

6. Арыстан

7. Ағаш

8. Теледидар

9. Доп

10. Маймыл

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

Қазақтың түрлі — түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауабын табама екен сайыскерлер

Сол себептен қоятын сұрақта бар.

V — кезең «Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлер қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап берулері тиіс.

1-топқа:

  1. ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж. 16 желтоқсан).
  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
  3. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 ж 11 шілде).
  4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
  5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
  6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
  7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
  8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
  9. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).
  10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

2-топқа:

  1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
  2. Абайдың туған жылы? (1845).
  3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
  4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
  5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
  6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
  7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
  8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
  9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).
  10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
VI-кезең.

«Сөз құра, тез құра»

Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,

Білімді болсаң, жығарсың-дегендей, келесі сайысқа кезек жетті.

Қатысушыларға 2 әріптен беріледі. Жүргізушінің тапсырмасын шешіп, сол сөзді құрау.

1-топқа. Қ. О. Й. Т. А. С.  (Қ-Т), (О-А),  (Й-С).

  • Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.       (қой)

  • Өлі табиғат. (тас)
  • «Күт» сөзінің синонимі.       (тос)
  • Үйдегі мереке. (той)
  • Жұп сөзіне қарама-қарсы сөз. (тақ)
  • Ұр немесе… (соқ)

2-топқа. Б. А. С. Е. Л. Қ.  (Б-Л), (А-Е), (С-Қ)

  • Дене мүшесі. (бас)
  • Өте жақсы. (бес)
  • Қолыңды қалтаңа (сал), тоңасың.
  • Араның тамағы. (бал)
  • Ешкінің төлі. (лақ)
  • Өте кір. (лас)

Рахмет, сайысымызды ары қарай жалғастырайық.

VII-кезең.

Өнерліге кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Келесі кезеңді біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең – дей келе әр топ өздерінің өнерлерін паш етеді.

Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды марапаттайды)

Жүргізуші: Міне осылайша «Тілім менің-тірегім» атты сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет!

Тақырыбы: «Тіл – татулық тірегі».

Мақсаты: Балаларды өз ана тілінде таза сөйлеуге, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. Балалардың үш тұғырлы тілді мегеруіне бағдар беру. Ана тілді білу арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұмбақ айту, әңгімелесу, мақал-мәтел, тақпақтар айту.

Көрнекіліктер: Елбасының, Астананың суреті, нақыл сөздер, видеоролик

Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады.

— Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Неге екенін білесіңдер ме? Себебі біз Тіл мерекесін тойлағалы жатырмыз. Бүгінгі ашық оқу қызметімізде Тіл мерекесіне арналмақ. Олай болса қазір біз шаттық шеңберін құру арқылы, көтеріңкі көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.

Шаттық шеңбер.

Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай, Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

— Тамаша, орындарыа жайғаса қойыңдар.

тіл туралы сценарий

— Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. Сендер сол жұмбақтың жауабын табу арқылы бүгінгі Тіл мерекесіне арналған тақырыбызды аша түсетін боласыңдар. Олай болса жұмбақты мұқият тыңдаңдар.

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл мен тіс)

— Дұрыс айтасыңдар. Мінекей көрдіңдер ме жұмбақтың жауабы да бүгінгі тақырыбымызбен тығыз байланысты екен я.

— Балалар, айтыңдаршы біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Ұлтымыз қандай?

— Біз қай тілде сөйлейміз?

— Біздің ана тіліміз қай тіл?

(Балалар сұрақтарға жауап береді)

— Балалар, сендер білесіңдер ме біздің «Тіл туралы» Заң қашан қабылданғанын?

1989 жылы 22 ыркуйекте «Тіл туралы» Заңымыз қабылданды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл туралы көптеген ғалымдарымыз, ақын-жазушылырымыз өз ойларын айтып кеткен болатын. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге қысқаша құлақ асайық.

1 слайд: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».

Ғ. Мұстафин.

2 слайд: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов. 3 слайд: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.

Әрине, әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Тіл туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ойын тыңдап көрейік (видеоролик)

Мінекей, бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Балалар, бүгін біз Елбасымыз айтқандай 3 тұғырлы тілді тілге тиек ете отырып 3 тілде амандасып үйренеміз.

3 тілде амандасу.

Қазақ тілінде – Сәлеметсіз бе?

Орыс тілінде – Здраствуйте?

Ағылшын тілінде – Неllo?

Балалар, есік қағылған сияқты. Бізге біреулер қонаққа келген сияқты.(Балалардың назарын есікке аударады). 3елдің ұлт өкілдері кіреді де өздерін таныстырады.

Бибінұр: Менің атым – Бибінұр. Мен қазақ қызымын. Мен Қазақстанда туылғанмын. Менің отаным – Қазақстан.

Нарқыз: Меня зовут – Наркиз. Я русская. Я родился в Казахстане.

Айша: Неllo, im an English girl. My name is Aisha. My homeland from Kazakhstan

Ендеше, біздің елге қош келдіңіздер.

Қане, балалар, келген қонақтарымызбен 3 тілде амандасайықшы.

Сәлеметсіз бе?

Здраствуйте.

Неllo?

Тамаша, балалар. Ендеше қонақтар төрлетіңіздер. Бізде бүгін айтулы мерекеміз Тіл мерекемізді тойлап жатыр едік. Балаларымыздың тапқырлығын, ақылдылығын танып, сіздерде сол мерекеміздің куәсі болыңыздар.

Ал енді балалар, тіл туралы кім тақпақ біледі?

Әсемай

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Анам тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Берекет:

Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

Жұлдызай

Ана тілің — арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте… Айша бибі

Ана тілім бал тілім Өзің барда шалқыдым Өз тілімде ән шырқап Термелетіп балқыдым

Нұртас

Тілім барда мақтанам. Тілім менің аппақ ән Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.

Раяна

Ана тілді білмесем Шат-шадыман күлмес ем Жер бетінде сайраңдап Қазақ болып жүрмес ем

Жансезім

Ана тілің біліп қой Еркіндігің, теңдігің

Ана тілің біліп қой Мақтанышың, елдігің

— Тамаша, жарайсыңдар. Ал енді балалар орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын орындайық.

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау мені басым

Бәрін өзі басқарқан.

Мынау менің – оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарған

Жарайсыңдар, орындарыңа жайғасыңдар. Ал енді балалар, бүгін бізге қонақтар келіп қалған екен тіл туралы қандай мақал мәлел білетінімізді де айтсақ қалай қарайсыңдар. Қане кім мақал-мәтел біледі. Қонақтар бізге риза болып отырсын.

Айзере: Адам көңілден азады, тілден жазады

Айсұлтан: Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Жансая: Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Т. Айару: Бал тамған тілден у да тамады

Аякөз: Өнер алды – қызыл тіл.

Қорытынды.

Мінекей балалар, Тіл – халықтың жаны демекші әр халық өз ана тілін ешқашан ұмытпауы тиіс. Ертеңгі болашағымыздың иесі сендер болғандықтан өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілі екендігін естен шығармаңдар. Тілімізді қадірлеп, қастерлей білесіңдер деген ниетпен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз. Келген қонақтарымызбен қоштаспай әрі қарай өз өнерлерімізді көрсететін боламыз. Сендерге рақмет балалар.

★★★★★★★

Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.

↓↓↓

ТАПСЫРЫС ЖАСАУ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту; ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан тіл үйренушілрге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: Тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; тіл үйренушілердің ой-өрісін дамыту. Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту.

3. Тәрбиелік:Тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру. Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ (жалғастырушы деңгей өзге тілді аудитория)

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы жазылған қанатты сөздер, музыка, шарлар, көрнекілік, сұрақ – жауап, өз ойын айту, шығармашылық жұмыс, үлестірме дидактиқалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: орыс, қазақ тілдері, елтану, шешендік өнер.

  • Өнер алды – қызыл тіл.
  • Знай 7 языков
  • Know 7 languages.

Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру.Түгендеу

Жүргізуші: Құрметті тіл үйренушілер мен әріптестер! Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»

«Тіл – татулықтың тірегі» атты отбасылық сайыс сабағын өткізгелі жатырмыз. Сабағымыздың соңында қай отбасы қазақ тілінің білгірі болатыны анықталады. Сайысқа екі команда қатысады. Әр команда өзін таныстырады.

  • Топ «Білгірлер»
  • Топ «Тапқырлар»

Енді әділ қазылар алқасымен таныстырайық — Тілдерді оқыту орталығының директоры: А.Е.Қайрмденова

Тілдерді оқыту орталығының әдіскері: Ж.Қ.Махметова

Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы: А.К.Мадиева

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Сайысымызды бастаймыз.

Білгірлерді, қарсы алайық!

Көшбасшысы тілдердің – қазақ тілі,

Тағы басқа тілдермен достасайық!

Ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Ойнымыздың бірінші кезеңі – «Бәйге». Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген жұп жауап береді.

І — кезең «Бәйге» – 10 сұраққа әр топ жауап беру керек

«Білгіштер» командасының сұрақтары

  • Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
  • Көп тілді білетін адам кім?
  • Лексикалық қарама-қарсылықты сөз қалай аталады?
  • Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл?
  • Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
  • Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
  • «Әке-шеше» синонимин атаңыз.

«Тапқырлар» командасының сұрақтары

1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?

2.Қазақ тілінде неше септік бар?

3.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

4. «Family» сөзі қалай аудырылады?

5. «Туыс» сөзінің синонимин атаңыз?

6. Тілдер мерекесі қай айда тойланады?

7. Жазылуы, айтылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа

лексикалық сөз қалай аталады?

ІІ – кезең. «Полиглот» Мақал – мәтелдерді жалғастыру

( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)

1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)

2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)

3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)

4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)

5. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)

7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )

8. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

Өнерліге кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Үшінші кезеңді біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.

ІІІ – кезең «Отбасылық ән орындау»

«Білгіштер» тобының өлеңі «Менің елім»

«Тапқырлар» тобының өлеңі «Армандастар»

IV – кезең «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр » Бұл сайыста бүгінгі таңда өте кең таралған тіл мәселесі жайындағы сөзді «Мемлекеттік тілді үйрену әрбір азаматтың қасиетті борышы» тақырыбында қозғай отырып, сайыскерлерімізді жаңылтпаштарды жаңылмай, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз.

Сайыскерлер қазақ тілінде жаңылтпаштар оқиды. «Білгіштер» тобы

1.Екеуінің жасы шамалас , 3.Арқада алты арқар бар,

Бірінің шашы қара шаш , Алты арқар ішінде

Бірінің шашы – ақ шаш аралас. Марқа арқар бар.

2.Атам : «Балама ат аламын », — дейді. 4. Байқап бақсақ,

Апам :«Балама ала мата аламын», дейді . Қасқа баспақ —

Атасы ат ала ма ? Қашқақ баспақ.

Аапасы ала мата ала ма?

«Тапқырлар» тобы

5.Арқада алты арқар бар , 6. Тау бар, тау бар,

Қырқада қырық арқар бар . Тауда бау бар,

Қырық арқарда қарт арқар бар , Бауда ара бар,

Алты арқарда марқа арқар бар . Ара барда, бал бар.

7.Торта қойдым, 8. Топ-топырлап,

Орта қойдым. Топтасқан тоқылдақ,

Орта қойдым, Тоқтамай томарды

Жорта қойдым. Тоқпақтап тоқылдат.

Жүргізуші: Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

V –кезең «Жорға» Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 1сұраққа жауап беру керек.

(14 сұрақ)

«Білгіштер» тобының сұрақтары:

1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)

3. «Рождество» қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)

4. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

5. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)

7. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)

«Тапқырлар» тобының сұрақтары

1. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)

2. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез – на отрез)

3. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)

4. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)

5. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)

7. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -лар ,-лер,- дар ,-дер,-тар ,-тер жалғауын жалғайды.

VІІІ Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі «Тіл – татулықтың тірегі» атты сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдерде орындалды. Сіздерге бүгінгі сайыс сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Енді келесі сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар шешімі бойынша «Білгіштер» отбасы жеңімпраз болды.

  • Басты бет
  • Материалдар
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • Барлығы
  • Басқа
  • Тіл — татулықтың тірегі

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:

Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.

Тіл — татулықтың тірегі

Материал жайлы қысқаша түсінік:

тілдер мерекесіне сценарий, мәнерлеп оқу сайысы

Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Тіл — татулықтың тірегі

Аңшыбаева Оразгүл Талғатқызы

Маңғыстау қаласы, Ақтау қаласы, «№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

05.12.2018

347

0

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі».Тәрбие сағатының мақсаты:1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,                                                    өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін                                                  түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға                                                 үйрету.                                                2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге                                                  баулу.                                                 3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбие-                                                 леу.Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.Өткізу әдісі: Ауызша журнал.                                                                    Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:           — Оқушылардың назарын аудару. ІІ.Кіріспе сөз:       — Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Тіл-татулық тірегі» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.     Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.     ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»       Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» — деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.     1- оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?     2- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?     1- оқушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.                        Оқушы тақпақтары:       1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,                        Туған тілім-анам тілі — өз тілім.                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.       2-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,                        Туған тілде әнім менен сәнім бар.                        Туған тілім тіл болудан қалса егер,                        Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.       3-оқушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,                        Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.                        Шыр етіп жерге түскен минутымнан,                        Құлағыма сіңірген таныс үнің.       Ән «Ананың тілі»       4-оқушы: Туған тілім- тілі ата бабамның,                        Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.                        Қайда жүрсең меніменен біргесің,                        Түсінікті сендей жақын маған кім.                        Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,                        Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.       5-оқушы: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,                        Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.                        Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.       6-оқушы: Хандардың қайталама қатерлерін,                        «Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.                        Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,                        Ұмытпа ешқашанда баталарын.  Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.    Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.        7-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.        8-оқушы: Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.                         Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,                         Асықпа түспеді деп қолыма тез.                          Дамылсыз ізденуге ерінбесең,                          Керегің өміріңде болады кез.         9-оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,                          Сенсің менің қасіретті шаттығым.                          Сенсің менің тазалықты пәктігім,                          Сенсіз бақыт дүние тапты кім?       10-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,                          Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.                           Ел бетіне қалай түзу қараймын,                           Ана тілі егер сені білмесем.ІV.  «Кім шапшаң?».     Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.       11-оқушы: Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,                          Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін, — депті Абай атамыз.       12-оқушы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.                          Сөз өнері-киелі өнер.       13-оқушы: Өнер алды- қызыл тіл.                          Әдептің басы- тіл.V. «Ойлан, тап!»     Берілген сөздерден мақал құрастыру.   ( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).VІ.Қорытынды:      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!       Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.       Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,                                            Тілім барда айтылар сөз ойдағы.                                            Осы тілмен мен де бірге өсемін,                                            Өшсе тілім мен де бірге өшемін-деп бүгінгі «Тіл татулық тірегі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Арал көпсалалы колледжінің №88 оқу тобында өткен «Ұстаз – ұлағатты есім» атты кездесу кешінің хаттамасы

03.10.2015 жылы №88 оқу тобында «Ұстаз – ұлағатты есім» атты

Арал көпсалалы колледжінің байырғы ұстаздарымен кездесу кеші болып өтті.Онда шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да олар әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк.Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.  “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз-деген жақсы тілектер мен лебіздер айтылды.Кездесу кешінің соңы ән мен күйге ұласты.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Тіл мерекесіне сценарий ?ш тілде
  • Технология изменения жизненного сценария
  • Тіл мерекесіне арнал?ан сценарий балаба?шада орта??ы топ
  • Технология апталы?ыны? ашылуы сценарий
  • Тіл мерекесіне арнал?ан сценарий балаба?шада ересек топ