Тіл туралы д??гелек ?стел сценарий

Имангалиева Айсауле Оразбаевна 1994 года рождения. образование- средне-специальное, учитель казахского языка и литературы.2014 году окончила Гуманитарный коллед

Тақырыбы: Тіл — аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз
Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт — дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайдтар
Түрі: дөңгелек үстел

Тақтада ілініп тұрған сөздер:

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев)
Ұлттық руханиятымыздың өзегі — тіл. (Әбіш Кекілбаев)
Қазақ тілі — қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы. (Асылы Осман)
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы (Ш. Айтматов)

Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне 23 жыл толған қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын.
I. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

II. 1мұғалім :
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез — келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 23 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған «Қазақ тілін білу — Қазақстандық патриотизмнің белгісі»» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелге қатысушылармен танысып өтейік. Бүгінгі тіл тағдырын тереңірек толғайтын жиналысымыздың қатысушылары мектебіміздің ұстаздары.

III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын «Тілім менің ғасырлардан аманат» тақырыбына арналған слайд — шоуға назар аударайық.

IY. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Бүгінгі жас ұрпақ — мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы — туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты — ұлтшыл емес, ұлттық сана — сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасын да қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?
2. Тілдің үш тұғырлығы
3. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?

Y. Әр сұрақтан кейін мұғалімдердің жауаптары, пікірлері
тыңдалады.

YI. Жас ұрпақты мемлекеттік тілде мәртебесін көтеруде, оқытуда қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу барысында өзге ұлт өкілдерінің арасында өтетін «Абай оқулары», «Тіл — дарын», «Мемлекеттік тіл — ұлт тірегі» атты сан — алуан сайыстар мен додаларға қатысып, республикалық, облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие болып, мақтанышымызға айналған студенттер бар. Солардың бірі колледжіміздің студенті Мединаның орындауындаға Абайдың «Жүрегім нені сезесің?» әнін қазақ тіліне деген құрметі деп қабыл алыңыздар..

YII. Қорытынды сөз:

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім — тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер — сол ана тілің. Ана тілінің бүге — шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу — саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол — туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой — пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет!

дөңгелек үстел Тақырыбы: «Мемлекеттік тілдің мәртебесі», «Тіл – ұлттың жандүниесі»

Материал жайлы қысқаша түсінік:

дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Мемлекеттік тілдің мәртебесі», «Тіл – ұлттың жандүниесі». 8 сыныпқа арналған дүние .

Төмендегі Басқа толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

дөңгелек үстел Тақырыбы: «Мемлекеттік тілдің мәртебесі», «Тіл – ұлттың жандүниесі»

Ахметова Камиля Ергалиевна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №18 орта мектеп КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

21.04.2019

969

1

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

I — жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II — жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)

І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші:
Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – Қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 20 жыл толып отыр.
(пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

…Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл… (дауыс, фон)

Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші»
1.Осы жерде терме орындалады.
2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды.
Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара Қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

Қазыбек би:
Налыма!
Біз Қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.

Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

3.8 – сынып оқушысы «Қазақ тілі туралы» өлең оқиды.

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

І – жүргізуші:
Олай болса, Қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ – жүргізуші:
Елімізде Қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.

І – жүргізуші: (қонаққа сөз беріледі)
Құттықтау сөз
Еремина Любовь Феодоровна

1. орыс,ағылшын тілінде өлең оқылады
2. ән «Құс жолы»
І – жүргізуші:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз — ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

І – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

І – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

ІІ– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, Ана тілімен асқақ .

І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілім!

ІІ– жүргізуші:
Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысып, қатысуларыңыз сұралады.
Жоспармен таныстырып шығу.

Ән «Атамекен»

І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Мектеп оқушыларына арналған 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз. 

Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер. 

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.

2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды.

1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

1-жүргізуші: «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!

2-оқушы: Мұзафар Әлімбай

Ана! — десем ана тілі ойға оралар. 
Баладай қуанарсың тойға барар. 
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл 
Олжам да қанжығама байлап алар. 
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, 
Неше миллион інжу-маржан шамамен?! 
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, 
Қандай дана өлшер қандай бағамен?! 
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: 
Еркежан, айналайын, күнім менің, 
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, 
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! 
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? 
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. 
Туған тілде ас қайырған сайын да, 
Оқығандай серпіліп қал бір дұға. 
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, 
Жарқырат қазақ тілі алмастарын. 
Халқына олжа салған айта алады, 
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! 
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, 
Өміршең өзіміздің тілден таптым. 
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, 
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.


 

3-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, 
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, 
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз, 
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап, 
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің, 
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, 
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев

4-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

5-оқушы:  «Бір досқа» Әдібай Табылды

Өзге тілді белгенге,

Білімді боп билейсің.

Кергенменен құр кеуде,

Өз тіліңді білмейсің.

Төс қаққанмен күнде сен,

Демес халқың «құлыным».

Өз тіліңді білмесең,

Неге керек білімің?!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер

6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!

Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар өздерін «қазақ» және «тіл» сөзін тиек ете отырып бір-бір сөз тіркесі арқылы таныстырады. Мысалы: «Мен қазақпын», «Мен тілшімін» т.б. дөңгелек үстелге жайғасады.

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұхбаттасу, Сұрақ – жауап, талқылау, ой — толғау т. б.

Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта..

Өтілу барысы:

—    Құрметті оқушылар, бүгін тіл мерекесіне орай басымызды біріктіріп отырған дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Көгінде көк туы желбіреген, асқақ беделі аспандаған алтын бесіктерің – Қазақстанда ғұмыр кешіп, өмір есігін ашқаннан бастап ана сүтімен нәрі сімірілген ана тілі – қазақ тілінің мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, «Тілі бірдің тілегі бір» демекші, әрқайсымыз жүректен тербеп шыққан шымыр сөздеріміз бен ұшқыр ой, ұтымды пікірлерімізді ортаға салып, бойларыңдағы қазақ деген қандарыңды қайнатып, ана тілдеріңді сайратады деген жүрек жарды лебізім мен үмітімді білдіремін.

Ендеше бүгінгі мерекелік талқы сабағымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Дөңгелек үстел басында мынадай түйткіл мәселелер қарастырылмақ:

Тіл мәселесі – ұлт мәселесі. Осы тақырыпта оқушылар шығарма жазады.

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер – сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл…

Білгенге маржан, білмеске арзан. Осы тақырыпта оқушылар қазақ тілі туралы тың дерекер келтіре отырып ой бөліседі.

Әлемдегі барлық тілдің жалпы санын анықтау мүмкін емес, сол себепті тілдердің жалпы саны жөнінде мәліметтер әртүрлі болып кездеседі. Бір деректерде тілдердің саны 10 000-ға жақындығы туралы айтса, бірі – 7000, ал тағы біреулер – 6500 тіл бар деп айтады. Ал әлемде сөйлеушілер саны 100 000-нан асатын небәрі 100-ге тарта тіл ғана бар екен. Ал сөйлеушілер саны 10 000 000-нан асатын тілдердің саны 40. Қуанышқа орай, дәл осы 40 тілдің құрамына қазақ тілі де енеді екен, ал бұның алдында қазақ тілі 71 ірі тілдің қатарына енген болатын…

1989ж. Алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге деген құрмет артты. Иә, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Оны мойындап, мәртебесін көтеру – бізге міндет, ұрпаққа парыз!

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. Тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу және жаттау. Сыныбымыздағы Әбдіманап Тілектес, Мукашев Санжар, Серікбаев Нұрзат, Қонысбай Нұрболат бастаған ұл оқушылар қазақ тілі туралы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды…

Тіл- ұлттың жан дүниесі. Тіл туралы нақыл сөздер айту.

«Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді» деген Ж. Баласағұни.

Туған тіліне жаны ашымаған — жәндік (К. Паустовский)

Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын (Р. Гамзатов).

Үш тұғырлы тіл. Оқушылар пікірталас тудырады.

Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:

Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!

Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.

Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын

Туған ана тіліңде сөйлемесең, — дегім келеді.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Оқушылар қазақ тілінде және өзге тілде өлең аудармаларын оқып салыстырады және өз пікірлерін ортаға салады.

Мақалдар жарысады. Оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер жасырып, толықтырып жарысады.

Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.

Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.

Ана тілің алпыс тілге татиды.

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер — мәңгүрт.

Адам көңілден азады, тілден жазады.

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады…

Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Оқушылар өздерін бітіруші сынып немесе үлкен азамат ретінде орынды сөйлеу, тіл мәдениеті жайлы ой толғайды.

Академик Р. Сыздықова «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лекси­калық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қию­ластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру» деп сабақтаса, ғалым Н. Уәли өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазу­дағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, ­сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық» деп жазады.

Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса ­солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.

   Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қорыта келіп, дөңгелек үстел басындағы барлық қатысушы оқушылар тіл туралы ой-талқыдан кейін жалпы жұртты елдікке, теңдікке, ұлтжандылыққа шақыра отырып М. Шахановтың сөзі мен әніне жазылған «рух пен тіл» атты өлеңін хор ретінде шырқайды.

Рух пен тіл. М.Шаханов

Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.

Қайырмасы:

Ұлтсыздану заманында,
Тілің нарық табанында,
Көнбістік бар қадамыңда,
Рухыңды басып кетті қарын.
Тіліңді жоғалтсаң,
Діліңді жоғалтсаң
Жоғалтасың ² бәрін.


Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.

Бейіс Бану,

«Л.Н. Толстой атындағы орта мектеп» КММ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылы

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Тіл татулы? тірегі сценарий
  • Технология написания сценария мероприятия
  • Тіл мерекесіне сценарий ?ш тілде
  • Технология изменения жизненного сценария
  • Тіл мерекесіне арнал?ан сценарий балаба?шада орта??ы топ