Тілдер апталы?ыны? ашылуы сценарий ?ш тілде

«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының СЦЕНАРИЙІ   1-жүргізуші:   Армысыздар қадірменді оқушылар және

«Тілім менің тірлігімнің айғағы»

атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының

СЦЕНАРИЙІ

1-жүргізуші:   Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!

2-  жүргізуші:   « 22 кыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне  арналғалы отырған тіл апталығының ашылу салтантына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:   « Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

2-  жүргізуші:   :   Тіл-  халықпен  бірге  өмір  сүріп  дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.

1-жүргізуші:   Құрметті көрермендер! Мен енді сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Абдикадирова Камшат Мейрамқызына бергім келіп отыр.

Камшат апай сөйлейді

1-жүргізуші:   Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.

2-  жүргізуші:   Олай болса сені тыңдалық

1-жүргізуші:  

Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,

Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.

Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.

2-  жүргізуші:   Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  әдемі өлең жолдарын оқып берейін:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

1-жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?

2-  жүргізуші:   Ия, Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға                                        әнімен

                                                                                      шақырамыз.

Ән айтылады

1-жүргізуші:  

Ана тілім — ана күтім арым менің

Сәулетім — сая бағым , сәнім менің

Аспаным өзіңменен арайланып,

Нұрланып атар ылғи таңым менің.

2-  жүргізуші:  

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім,-демекші мен ендігі кезекті жырдан шашу шашуға колледж оқушысы                                                                             

шақырғым келіп отыр.

Өлең оқылады.

1-жүргізуші:

Әнсіз мына өмірдің несі көктем,

Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын  әсем әннің куәсі бола отырайық, ағайын!

Ән айтылады

1-жүргізуші:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

2-жүргізуші:

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

1-жүргізуші:

Туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы біздің сөзімізді жалғастыруға ортаға

шақырамын.

Өлең оқылады.

1-жүргізуші:

Білесің бе, «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деп Вяземский айткан екен.

2-жүргізуші:

Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни жастардың басты міндеті.

1-жүргізуші:

Ендеше өз туған тілін қорғап, сол тілде ән айтқалы келіп отырған

неге кезекті бермеске…

2-жүргізуші:

Қарсы алыңыздар!

Ән айтылады

2-жүргізуші:

« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»деп С.Негимов тіл туралы өз пікірін де білдіріп өткен екен.

1-жүргізуші:

Ия, тіл туралы қалам тербемеген бірд-бір ақын-жазушы жоқ та шығар. Сондықтан осындай әдем іөлең шумақтарын тарту ететін

қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.

Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2-жүргізуші:

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

1-жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2-жүргізуші:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

1-жүргізуші:

Қадірменді көрермендер! Келесі кездескеше аман болыңыздар!

Жалпы орта білім беретін Совхоз мектеп-балабақшасы

2017 – 2018
оқу жылының

18 қыркүйек – 22 қыркүйек
 аралығында
жоспарланған

«Өзге
тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте»

қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының

hello_html_m588ecce8.gif

hello_html_m1625b0df.jpg

Жауапты  қазақ  тілі
мен әдебиеті

пәнінің мұғалімдері

Г.Ж.Сагатова

К.С.Қошқарбаева

2017 – 2018 оқу жылы

2017 – 2018 оқу жылының   18 қыркүйек пен 
22 қыркүйек  аралығына
жоспарланған   «Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
тақырыбындағы
 қазақ тілі мен әдебиеті  пәндері  апталығының ашылу салтанаты

Мақсаты:
Оқушыларға  қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің
шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге
баулу.

І . Алғы сөз. Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті
ұстаздар!      

                              «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді
құрметте»
тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәндері апталығының ашылу салтанатына 
қош келдіңіздер! Тіл —  халықпен  бірге  өмір 
сүріп  дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі. Баршаңыз да
білесіздер  
1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы   қаулы
қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-і күні «Қазақстан Республикасындағы
тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл
мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы
шілденің 11- і  күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы
қабылданды. Бұл Заңның 4-бабында  қазақ тілі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі екендігі жазылған.Осыған байланысты 22 қыркүйек Тілдер күніне
орай

мектебімізде
 
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы
тілдер апталығы өткізілмекші.

ІІ.
 Әдеби монтаж

1.    
Нарша  Қашағанұлы    «Ана тілі» .
   8-сынып оқушысы  Төлегенова Аймекен

Ата-баба аманаты тіл деген,

Нағыз надан дәл осыны білмеген.

Түкіргенді суын ішкен құдыққа,

Түсінбеймін, түсінбеймін мүлде мен!

 Өз тіліңді сыйласаң-ол мінің бе?

Өзге тілде сөйлеу әлде білім бе?

Қорынбай-ақ, қорықпай-ақ, қазағым,

Амандасып жүрсеңші ана тіліңде.

 Ана тілің – бас байлығың, ырысың,

Тілің тірі болса ғана тірісің.

Ата-баба аманатын ұмытып,

Атқа мініп, шен  алғаның құрысын.

2.    
«Ана тілім»     Несіпбек Айтұлы.     7-
сынып оқушысы  Мухамбеткалиева Аружан

 Ана тілім, жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Анашымды  ұмытқаным емес пе,
Туған тілім, егер сені ұмытсам.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің  менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім, алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

3. Ана тілі   Ысқақ Әкім.     7-сынып оқушысы  Сатымова
Санжар

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

4.Үйрен
ана тіліңді  Оразақын  Асқар   .   9-сынып оқушысы Имангалиева Самал

Өз
тіліңсіз  көрсең  де өз күніңді,

Өз
тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз
халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей
тұрып туған ана тіліңді.

 Сенде
айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің
жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең,
өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ
жазғырып ел тұрады.

 Қаның
жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен
 үлгі алар қызың менен  ұлың
бар.

Перзентісің
еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз
ел, мәртебелі тілің бар.

5. АНА ТІЛІНЕ
ТАҒЗЫМ 
Мұзафар Әлімбаев.  6-сынып оқушысы Тулеушева
Айнамкөз

Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

Қуан, далам!    9-сынып оқушысы  Хусайнова Жұлдыз
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
 Қуан, анам!
Ұзағынан сүйсініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңмен
Бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен алдыңда бас иіп.

ІІІ
. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарымен оқушыларды таныстыру

2017 – 2018 оқу жылының   18 қыркүйек пен 
22 қыркүйек  аралығына жоспарланған  
«Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
 тақырыбындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жоспары

Іс-шаралар

Түрі

Сыныбы

Мерзімі

Жауапты

1

Апталықтың
ашылуы

«Мемлекеттік
тіл-мемлекеттік мерей»

Әдеби
монтаж

кітап
көрмесі

1-11

18.09-22.09

Кітапханашы

А.М.
Бекбаулова

2

«Тіл-халықтың
рухы»

Үздік
қабырға газеттер байқауы

5-11

18.09-22.09

Сурет
пәні мұғалімі

3

«Тілім-менің
тірегім»

Ашық
тәрбие сағаттары

1-11

18.09-22.09

Сынып
жетекшілер

4

«Бір
ел-бір кітап»

акциясы

С.М.Торайғыров
тың

шығармаларын
насихаттау

5-11

18.09

Кітапханашы

А.М.
Бекбаулова

5

«Полиглот»

Зияткерлік
ойын

5-6

20.09

Қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қошқарбаева
К.С.

6

«Біз
үш тілді үйренеміз!»

        
ойын

Балабақ
ша

МДТ

18.09

Тәрбиешілер

7

«Мен
— қазақ: қазақпын деп мақтанамын!»

С.М.Торайғыров
шығармашылы-ғына арналған

әдеби
кеш

10-11

19.09

Қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қошқарбаева
К.С.

8

«Тіл
— менің тірегім»

Сайыс

6-7

21.09

Қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сағатова
Г.Ж.

9

«Әрі
оқу,әрі ойын»

сайыс

2-4

21.09

Бастауыш
сынып  мұғалімдері

10

«Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Мерекелік
кеш

1-11

22.09

ҚББП

О.Ж.
Курманиязова

Пән
мұғалімі Сағатова Г.Ж.

ІV.
 Қорытынды сөз

Құрметті оқушылар, қазақ тілі – біздің ана тіліміз, сол себепті
қазақ тілін басқа тілдер арасында ерекше сүйіп қадірлеуіміз қажет. Ана
тілімізге деген махаббатты осы апталық  аясында жоспарланған барлық іс –
шараларға белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдамын. Сондықтан осы апталықта
 сендерден белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждағаттылықты
күтеміз.

Мектеп оқушыларына арналған 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз. 

Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер. 

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.

2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды.

1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

1-жүргізуші: «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!

2-оқушы: Мұзафар Әлімбай

Ана! — десем ана тілі ойға оралар. 
Баладай қуанарсың тойға барар. 
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл 
Олжам да қанжығама байлап алар. 
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, 
Неше миллион інжу-маржан шамамен?! 
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, 
Қандай дана өлшер қандай бағамен?! 
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: 
Еркежан, айналайын, күнім менің, 
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, 
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! 
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? 
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. 
Туған тілде ас қайырған сайын да, 
Оқығандай серпіліп қал бір дұға. 
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, 
Жарқырат қазақ тілі алмастарын. 
Халқына олжа салған айта алады, 
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! 
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, 
Өміршең өзіміздің тілден таптым. 
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, 
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.


 

3-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, 
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, 
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз, 
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап, 
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің, 
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, 
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев

4-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

5-оқушы:  «Бір досқа» Әдібай Табылды

Өзге тілді белгенге,

Білімді боп билейсің.

Кергенменен құр кеуде,

Өз тіліңді білмейсің.

Төс қаққанмен күнде сен,

Демес халқың «құлыным».

Өз тіліңді білмесең,

Неге керек білімің?!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер

6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!

Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.

up

Поиск по сайту

Сценарий ко дню языков«Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор: Cаттыбаева Гульбану Сапаргалиевна

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 190.5 Kb
Количество скачиваний: 18

Скачать

Просмотров: 72

Похожие материалы

  • Cценарий ко дню языков » Тіл -ел байлығы»
  • Сценарий выпускного вечера в 9 классе
  • Занятие по профориентации «Путешествие в страну профессий»
  • Внеклассное мероприятие + презентация на тему «Я, ты, он, она-вместе дружная семья»(7 класс)
  • Внеклассное занятие по основам социальной жизни Конкурс «Маленькие хозяюшки»
  • Конспект внеклассного занятия в 7 классе (развитие речи + ручной труд)
  • Внеклассное мероприятие на тему «Я гражданин своей страны» (8 класс)
  • Конспект внеклассного занятия в 9 классе «Профессии, которые мы выбираем»
  • Внеклассное занятие в 8 классе «Здоровье дороже богатства»
  • Классный час на тему «Саулык — зур байлык» (6 класс)

I — жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II — жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)

І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші:
Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – Қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 20 жыл толып отыр.
(пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

…Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл… (дауыс, фон)

Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші»
1.Осы жерде терме орындалады.
2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды.
Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара Қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

Қазыбек би:
Налыма!
Біз Қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.

Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

3.8 – сынып оқушысы «Қазақ тілі туралы» өлең оқиды.

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

І – жүргізуші:
Олай болса, Қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ – жүргізуші:
Елімізде Қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.

І – жүргізуші: (қонаққа сөз беріледі)
Құттықтау сөз
Еремина Любовь Феодоровна

1. орыс,ағылшын тілінде өлең оқылады
2. ән «Құс жолы»
І – жүргізуші:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз — ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

І – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

І – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

ІІ– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, Ана тілімен асқақ .

І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілім!

ІІ– жүргізуші:
Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысып, қатысуларыңыз сұралады.
Жоспармен таныстырып шығу.

Ән «Атамекен»

І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» тіл күніне арналған сценарий.

Материал жайлы қысқаша түсінік:

«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» тіл күніне арналған сценарий.
Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту.
1-жүргізуші: Қ. Аружан (11 А)
2-жүргізуші: Ш. Айнұр (10 А)
3-жүргізуші: А. Әділхан (9 А)
1:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білімгерлер,«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі »атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
2:Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале.
3:Goodafternoon, dearfriends! Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It’s closed to the society’s life. All languages developed under influence of economic, political and geographical conditions.

Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Тілдер күніне арналған апталық
Биылғы оқу жылында  мектебімізде  19­29 қыркүйек  аралығында «Тіл білу­өнер» 
атты  тілдер күніне  арналған декада өткізілді. Шараға мектептегі барлық тіл мұғалімдері  
ат салысты.Алдымен орыс тілі,қазақ тілі және ағылшын тілі мұғалімдерінің біріккен 
отырысында декаданың  төмендегідей өткізу жоспары құрастырылды:  
1. Мерекенің ашылуы
2. Сурет байқауы «Менің Отаным­Қазақстан»
3. Қабырға газеті байқауы
4. А.Байтұрсыновтың мерейтойына арналған сыныптан тыс  шара
5. «Тіл­халықтың бірлігі»­ шығарма байқауы
6. «Үш тілді меңгеру­өмір талабы»  кітапхана сабағы
7. «Невада –Семей қозғалысы­25 жыл»  сынып сағаты
8. «Невада –Семей қозғалысы­25 жыл
9. Сыныптан тыс шара «An AВC Pаrtу»
10. Онкүндіктің  жабылуы
Ең алдымен  мерекенің ашылуы өткізілді. Қазақ тілі мұғалімі Жетпісбаева 
Ш.Ы.оқушыларды  апталықтың жоспарымен таныстырып, апталықтың ашылуын 
жариялады.Апталықтың жоспары  мектепте арнаулы тақтаға ілініп қойылды.Оқушылардың
«Менің Отаным­Қазақстан» тақырыбына салған суреттері,»Тіл­халықтың бірлігі» 
тақырыбына жазған шығармалары,қабырға газеттері де осы арнаулы тақтаға ілінді.
       Ал   Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойына арналған сыныптан тыс  шара өтетін жер 
мерекеге лайықталып безендірілді. Жауапты мұғалімдер екі тілде баяндама мен 
презентация,қажетті слайдтар дайындады. Шараға 8­11 сынып оқушылары қатысты.Мектеп
кітапханашысы 5­6 сынып аралығында  «Үш тілді меңгеру­өмір талабы» тақырыбына 
арналған кітапхана сабағын өткізді.Бастауыш сынып мұғалімдері «Невада­Семей 
қозғалысының 25 жылдығына» арналған сынып сағаттарын өткізді.Ағылшын мұғалімі 
Сорокин А.С. 5 сыныпта «An AВC Pаrtу» атты сыныптан тыс шара өткізді.
Жоспарланған шаралардың бәріне оқушылармен қатар барлық тіл мұғалімдері қатысты. 
Оқушылардың бәрі шараға  белсене қатысты. Жоспарланған шаралардың барлығы жоғары 
деңгейде өтті.
Тағы бір айта кететін жай  мектебімізде  жұмыс жасайтын өзге ұлт өкілдерінің бір 
мұғалімі жыл сайын аудандық тілдер күніне арналған  «Тәуелсіздік тұғыры­тіл» атты 
аудандық байқауға қатысып,жүлдері орындар иеленеді.Биыл да биология пәнінің мұғалімі 
Кузьмина Ася Вахитовна аталған байқауға қатысып жүлделі оралды. Осыдан   мектепте жұмыс жасайтын  өзге ұлт өкілдері мұғалімдерінің  мемлекеттік тілге деген құрметін 
көруге болады. 
 Қазақ тілі пәнінің ӘБ жетекшісі Жазыкова Раиса Ержігітқызы Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде  оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі 
олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік  беретіндей деңгейде жүргізілуі
тиіс,яғни мектеп  бітірген оқушылар қазақша ауызекі  сөзге түсініп,өздері қазақ тілінде 
көрген –білгенін ойын айтып оқып жаза алатын болуы көзделеді.Бұл мақсаттарға жету, оны
орындау үшін оқушылар қазақ алфавитін соның ішінде қазақ тіліне тән тоғыз әріптің 
айтылуын, сөздік қорларын байытып, үйренген сөздерін сабақ барысында пайдалануға,сөз, 
сөз тіркестерін ,қысқа сөйлемдерді дұрыс оқуға ,мұғалімнің сұрағына  жауап бере білуге 
үйренеді ,ең соңында ауызекі сөйлесе білуге жаттығады. Сонымен бірге қазақ тілінде дұрыс
сөйлеуге үйретудің басты шарты­үндестік заңын меңгерту болып табылады. Қазақ тілін 
орыс тіліді мектептерде оқытудағы басты мақсат­оқушылардың сөздік қорын 
байыту,сонымен қатар тілін дамыту,қазақша дұрыс сөйлеуге ,сауатты жазуға үйрету 
болғандықтан, әсіресе қазақ тіліне тән дыбыстарды сабақ сайын интерактивті тақтада 
жазылып тұрады.Бұл сабақ сайын қайталауға мүмкіндік береді..Сонымен тәрбиелік мақсат 
та көзделеді.Халқымыздың тарихын ,ұлттық мәдениетін ,жақсы дәстүрлерін танытуда –тіл 
дамыту  жұмыстарын тиімді жүргізе білудің маңызы зор.Оқушылардың тілін дамыту  
мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстыра жүргізіліп отырылуы қажет.Демек тіл 
дамыту жұмысы­олардың жалпы ойын дамыту деген сөз.Тіл дамытуға арналған 
жұмыстарды мұғалім өзіндік танымы мен шеберлігіне  сай дәрежеде өткізуді жүзеге 
асыруы қажет.Оқушы көп оқыса ,соғұрлым сауатты жазады.Өйткені оқушы қалай 
оқыса,солай жазады.Сондықтан  балалардың сөздерді,сөз тіркестерін,мәтіндерді дұрыс 
оқуына көп көңіл бөлемін. Оқушылардың тілін дамыту бастауыш сыныптардан басталып 
сыныптан сыныпқа өткен сайын  күрделеніп отырады.Тіл дамытудың алғы шарттарының 
бірі­сөздікпен жұмыс. Жаңа  сөздерді жазатын арнаулы дәптерлері болады.Әр  тақырыпты 
өткен сайын жаңа сөздермен, яғни сөздік жұмысын өткіземін.Ең алдымен жаңа сөздерді 
тақтаға жазамын.Бірінші  өзім оқимын олар қайталайды.Соңынан ұлдар оқиды,қыздар 
қайталайды, сосын керсінше. Бұдан кейін орысша аудармасын жауып қойып,қазақша 
баламасын сұраймын.Сөйтіп  аз уақыттың ішінде жаңа сөздерді  жаттап алады. Үйге  
тапсырма  бергенде  жаңа сөздерді   қайталап келуді ескертемін.оқушылардың  тілін 
дамытуда ,тіл үйретуде сөздік қорын байытуда –санамақтар, мақал­мәтелдер,жұмбақтар, 
жаңылтпаштар үйретудің маңызы зор. Тілге жеңіл ,мазмұны түсінікті , ойната сөйлететін 
шығармаларды тыңдату,өздеріне бірнеше қабат айтқызып,хормен қайталау арқылы тез 
жаттап алып,айта береді.Жаңылтпаштарды бастауыш сыныптарда түстерді,сандар 
тақырыптарын өткенде пайдалануға болады.Түрлендіріп пайдалану мұғалімнің шеберлігіне
байланысты.н .Тілге жеңіл санамақтарды жиі пайдаланамын.   Мысалы:Бірім­бір,екім­екі, 
үшім­үш деп әрі қара жалғасып кете береді. Немесе 
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
алақанды ашамыз беске бесті қосамыз ,
болып шықты он саусақ
жасырып ем бесеуін
қалады екен бес саусақ. 
Осының бәрін қимылмен көрсетіп орындау­оқушылардың қызығушылығын арттырады және
сөз байлығы кеңейеді,тілін дамытады.Қазақ халқында баланы ойын өсіреді деген даналық 
сөз бар.Бала ойнап жүріп ойланады,жүйкесі тынығады,көңілі өсіп,ойы 
сергіп,жалықпайды,тілге деген,сабаққа деген қызығушылығы артады.Өзімнің тәжірибемде 
бастауыш сыныптарда  «Қуыр,қуыр қуырмаш» ойынын жақсы көрмейтін бала жоқ. Осы 
айтылған дүниелердің бәрі оқушының тілін дамытып қана қоймай,сөздік қорын молайтуға  
да көп ықпалын тигізеді,өйткені әр өлең,санамақ,жаңылтпаштарды жаттаған сайын оларға 
таныс емес сөздерді бөліп алып ,аудармасын айтып, мағанасын түсіндіремін,есте 
сақтауларын ескертемін.Тіл дамыту жұмысының бір түрі –көрнекіліктер. Сабақта 
пайдаланатын көрнекіліктер  ­өзге тілді үйретуге арналған қағидалардың  бірі  десе  
болады. Ұлы  ақын  Абайдың «Адам баласы көзбен көріп,құлақпен естіп,тілмен 
татып,мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» деген дана ойы педпгогтердің 
ойымен ұштасып жатыр.Мысалы  интерактивті тақтадан қызыл қарындашты көрсетіп: 
мынау не?­Бұл қарындаш.Қандай қарындаш?­Бұл қызыл қарындаш.
Неше қарындаш?­Бір қарындаш. Бір ғана қарындашты көрсету арқылы  бала үш  сөз 
тіркесін құрап үйренеді: бұл қарындаш,қызыл қарындаш,бір қарындаш. Көрнекілікпен 
жұмысты әр жаңа тақырыпты өткен сайын пайдалануға болады. Қазіргі заманауи 
техникалардың дамыған заманында түрлі түсті көрнекіліктерді табу, олармен  жұмыс 
жасау еш қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Көрнекіліктерді әрине бастауыш 
сыныптарда көбірек қолданған жөн. Сабақ көрнекілігі грамматикалық ұғымдарды немесе 
ережелерді ұғынуға,түсінуге жеңілдік келтіріп қана қоймай,сөйлесу ситуацияларын 
туғызуға да мүмкіндік жасайды.Сабақта көрнекілік мұғалімнің  қойған мақсатына 
қарай,материалды қайталау, түсіндіру,бекіту және қайталау сабақтарында 
пайдаланылады.Тіл дамытуға  байланысты қолданылатын көрнекі құралдың бірі –
кестелер,сызбалар мен сөзжұмбақтар.Грамматикалық ережелерді оқыту кезінде 
оқушылардан оны жаттап алуды талап етпей­ақ оның мазмұнын түсініп,сөз,сөйлем 
құрағанда сол ережелерді қолдана білуге үйрету. Оқушылар кестедегі үлгіге қарай отырып 
өздері мысал ойлайды,әрі сөздерге қосымшаны дұрыс жалғауды үйренеді. Көрнекілік 
арқылы түсіндірген сабақ баланың  жадында берік және ұзақ сақталады.Ал сөзжұмбақтарға
келетін болсақ оқушыларды бір жағынан сергітсе,екінші жағынан ойландырады,үшіншіден 
тілін дамытады. Қазіргі бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тілі оқулығы өте 
жақсы құрастырылған.Әр модульдің соңында  өтілген тақырыптарға байланысты 
сөзжұмбақтар берілген .Оқушылар тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі қызыға жұмыс 
жасайды. Сондықтан да сөзжұмбақтар да оқушыны жалықтырып алмайтындай етіп  
мұғалімнің шеберлігіне байланысты   түрлендіріліп пайдаланылады. Сөздік жұмысы. Сөздерді интерактивті тақтада қазақша беріп орысша баламасын таптыру 
немесе керсінше қазақша аудармасын тауып жазу. Бір сөзден бірнеше сөз ойлап табу 
балаларға ұнайтын тәсілдің бірі .Мұндай тәсілді көбінесе сабақ аяқталуға 5­6 минут 
қалғанда өткізуге болады.Алынатын сөзді мұғалім алдын ала дайындап және ол сөзден 
балаларға таныс сөздер шығатындай сөзді таңдап алу керек.  
Мысалы:  «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөз шығару. ( қаз, ақ, ат, ас,ата , ана,аз т.б.) Бұл 
ойын түрі көбнесе тілді  жаңа үйреніп келе жатқан бастауыш  сынып оқушыларымен 
жүргізіледі. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру, үйренген сөздерін сөйлем 
құрастырғанда пайдалана білуге үйретемін.
 Мәтінді оқыту арқылы тіл дамыту.Мәтін оқушыға білім береді,оқушыны оқуға үйретудің 
басты құралы,ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді,қазақша сөйлеуге үйретеді.Мәтін 
бойынша төмендегідей жұмыс жүргізуге болады:
­мәтінді мәнерлеп дауыстап оқып шығу
­дұрыс оқылуын қадағалау
­сөздіктің көмегімен мәтінді аудару
­төмендегі сұрақтарға жауап беру ( жоқ болса мәтін бойынша сұрақтар құрастыру)
­мазмұндау
Оқу орыс тілінде жүретіт мектептеп оқушыларына мәтіннің мазмұнын айту  ­
әрине қиын,сондықтан күрделі мәтіндерді сұрақ қою арқылы мазмұнын айтамыз.Орыс 
мектебіндегі қазақ тілі пәніне  қойылатын басты мақсат  балаларға тіл үйрету,яғни ауызекі 
сөйлеуге үйрету болғандықтан,сабақты есіктен кіре қазақша сөйлеуден 
бастаймын.Амандасу,кезекшімен әңгіме (кім кезекші,сыныпта кім жоқ, бүгін нешесі, қазір 
қандай жыл мезгілі, бүгін ауа райы қандай,осы жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады) 
тағысын тағы жалғасып кете береді.Осыны әр сабақтың алдында 1­2 минут бөліп  сұрап 
отырамын.Сонда балалар жаттығып , жаттап алады. Бұл әдіс оқушының тілін қазақша 
сөйлеуге жаттықтырса,екіншіден диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу. Кіріспе 
сұрақтарды оқушыларды жалықтырмас  үшін түрлендіріп отыруға болады. 
Тіл дамыту жұмысының бір тұрі­диалог құрастыру,шағын шығарма жазу, мәтін бойынша 
кластер құрастыру. Мысалы «Менің отбасым» деген тақырыпты өткенде оқушыларға 
берілген мәтінді басшылыққа ала отырып өз отбасылары туралы әңгіме құрастыру. Өздері 
құрастырғандықтан естеріне тез сақтап қалады.
Бастауыш сыныптарда сергіту сәтін өткізу де балалардың тілін дамытуға ,сөз үретуге мол 
септігін тигізеді.
Жалпы тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру­оқушылардың ойлау қабілеті мен 
сауаттылығын арттырудың негізгі жолы.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Тикиряш студия детских праздников
  • Тілдер апталы?ына сценарий
  • Тикиряш дом праздника
  • Тілге байланысты сценарий
  • Тик ток церковные праздники