Тілдер апталы?ыны? жабылуына арнал?ан сценарий

«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының СЦЕНАРИЙІ   1-жүргізуші:   Армысыздар қадірменді оқушылар және

«Тілім менің тірлігімнің айғағы»

атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының

СЦЕНАРИЙІ

1-жүргізуші:   Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!

2-  жүргізуші:   « 22 кыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне  арналғалы отырған тіл апталығының ашылу салтантына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:   « Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

2-  жүргізуші:   :   Тіл-  халықпен  бірге  өмір  сүріп  дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.

1-жүргізуші:   Құрметті көрермендер! Мен енді сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Абдикадирова Камшат Мейрамқызына бергім келіп отыр.

Камшат апай сөйлейді

1-жүргізуші:   Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.

2-  жүргізуші:   Олай болса сені тыңдалық

1-жүргізуші:  

Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,

Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.

Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.

2-  жүргізуші:   Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  әдемі өлең жолдарын оқып берейін:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

1-жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?

2-  жүргізуші:   Ия, Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға                                        әнімен

                                                                                      шақырамыз.

Ән айтылады

1-жүргізуші:  

Ана тілім — ана күтім арым менің

Сәулетім — сая бағым , сәнім менің

Аспаным өзіңменен арайланып,

Нұрланып атар ылғи таңым менің.

2-  жүргізуші:  

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім,-демекші мен ендігі кезекті жырдан шашу шашуға колледж оқушысы                                                                             

шақырғым келіп отыр.

Өлең оқылады.

1-жүргізуші:

Әнсіз мына өмірдің несі көктем,

Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын  әсем әннің куәсі бола отырайық, ағайын!

Ән айтылады

1-жүргізуші:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

2-жүргізуші:

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

1-жүргізуші:

Туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы біздің сөзімізді жалғастыруға ортаға

шақырамын.

Өлең оқылады.

1-жүргізуші:

Білесің бе, «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деп Вяземский айткан екен.

2-жүргізуші:

Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни жастардың басты міндеті.

1-жүргізуші:

Ендеше өз туған тілін қорғап, сол тілде ән айтқалы келіп отырған

неге кезекті бермеске…

2-жүргізуші:

Қарсы алыңыздар!

Ән айтылады

2-жүргізуші:

« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»деп С.Негимов тіл туралы өз пікірін де білдіріп өткен екен.

1-жүргізуші:

Ия, тіл туралы қалам тербемеген бірд-бір ақын-жазушы жоқ та шығар. Сондықтан осындай әдем іөлең шумақтарын тарту ететін

қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.

Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2-жүргізуші:

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

1-жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2-жүргізуші:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

1-жүргізуші:

Қадірменді көрермендер! Келесі кездескеше аман болыңыздар!

Жалпы орта білім беретін Совхоз мектеп-балабақшасы

2017 – 2018
оқу жылының

18 қыркүйек – 22 қыркүйек
 аралығында
жоспарланған

«Өзге
тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте»

қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының

hello_html_m588ecce8.gif

hello_html_m1625b0df.jpg

Жауапты  қазақ  тілі
мен әдебиеті

пәнінің мұғалімдері

Г.Ж.Сагатова

К.С.Қошқарбаева

2017 – 2018 оқу жылы

2017 – 2018 оқу жылының   18 қыркүйек пен 
22 қыркүйек  аралығына
жоспарланған   «Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
тақырыбындағы
 қазақ тілі мен әдебиеті  пәндері  апталығының ашылу салтанаты

Мақсаты:
Оқушыларға  қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің
шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге
баулу.

І . Алғы сөз. Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті
ұстаздар!      

                              «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді
құрметте»
тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәндері апталығының ашылу салтанатына 
қош келдіңіздер! Тіл —  халықпен  бірге  өмір 
сүріп  дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі. Баршаңыз да
білесіздер  
1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы   қаулы
қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-і күні «Қазақстан Республикасындағы
тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл
мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы
шілденің 11- і  күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы
қабылданды. Бұл Заңның 4-бабында  қазақ тілі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі екендігі жазылған.Осыған байланысты 22 қыркүйек Тілдер күніне
орай

мектебімізде
 
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы
тілдер апталығы өткізілмекші.

ІІ.
 Әдеби монтаж

1.    
Нарша  Қашағанұлы    «Ана тілі» .
   8-сынып оқушысы  Төлегенова Аймекен

Ата-баба аманаты тіл деген,

Нағыз надан дәл осыны білмеген.

Түкіргенді суын ішкен құдыққа,

Түсінбеймін, түсінбеймін мүлде мен!

 Өз тіліңді сыйласаң-ол мінің бе?

Өзге тілде сөйлеу әлде білім бе?

Қорынбай-ақ, қорықпай-ақ, қазағым,

Амандасып жүрсеңші ана тіліңде.

 Ана тілің – бас байлығың, ырысың,

Тілің тірі болса ғана тірісің.

Ата-баба аманатын ұмытып,

Атқа мініп, шен  алғаның құрысын.

2.    
«Ана тілім»     Несіпбек Айтұлы.     7-
сынып оқушысы  Мухамбеткалиева Аружан

 Ана тілім, жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Анашымды  ұмытқаным емес пе,
Туған тілім, егер сені ұмытсам.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің  менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім, алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

3. Ана тілі   Ысқақ Әкім.     7-сынып оқушысы  Сатымова
Санжар

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

4.Үйрен
ана тіліңді  Оразақын  Асқар   .   9-сынып оқушысы Имангалиева Самал

Өз
тіліңсіз  көрсең  де өз күніңді,

Өз
тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз
халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей
тұрып туған ана тіліңді.

 Сенде
айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің
жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең,
өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ
жазғырып ел тұрады.

 Қаның
жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен
 үлгі алар қызың менен  ұлың
бар.

Перзентісің
еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз
ел, мәртебелі тілің бар.

5. АНА ТІЛІНЕ
ТАҒЗЫМ 
Мұзафар Әлімбаев.  6-сынып оқушысы Тулеушева
Айнамкөз

Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

Қуан, далам!    9-сынып оқушысы  Хусайнова Жұлдыз
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
 Қуан, анам!
Ұзағынан сүйсініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңмен
Бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен алдыңда бас иіп.

ІІІ
. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарымен оқушыларды таныстыру

2017 – 2018 оқу жылының   18 қыркүйек пен 
22 қыркүйек  аралығына жоспарланған  
«Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
 тақырыбындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жоспары

Іс-шаралар

Түрі

Сыныбы

Мерзімі

Жауапты

1

Апталықтың
ашылуы

«Мемлекеттік
тіл-мемлекеттік мерей»

Әдеби
монтаж

кітап
көрмесі

1-11

18.09-22.09

Кітапханашы

А.М.
Бекбаулова

2

«Тіл-халықтың
рухы»

Үздік
қабырға газеттер байқауы

5-11

18.09-22.09

Сурет
пәні мұғалімі

3

«Тілім-менің
тірегім»

Ашық
тәрбие сағаттары

1-11

18.09-22.09

Сынып
жетекшілер

4

«Бір
ел-бір кітап»

акциясы

С.М.Торайғыров
тың

шығармаларын
насихаттау

5-11

18.09

Кітапханашы

А.М.
Бекбаулова

5

«Полиглот»

Зияткерлік
ойын

5-6

20.09

Қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қошқарбаева
К.С.

6

«Біз
үш тілді үйренеміз!»

        
ойын

Балабақ
ша

МДТ

18.09

Тәрбиешілер

7

«Мен
— қазақ: қазақпын деп мақтанамын!»

С.М.Торайғыров
шығармашылы-ғына арналған

әдеби
кеш

10-11

19.09

Қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Қошқарбаева
К.С.

8

«Тіл
— менің тірегім»

Сайыс

6-7

21.09

Қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сағатова
Г.Ж.

9

«Әрі
оқу,әрі ойын»

сайыс

2-4

21.09

Бастауыш
сынып  мұғалімдері

10

«Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Мерекелік
кеш

1-11

22.09

ҚББП

О.Ж.
Курманиязова

Пән
мұғалімі Сағатова Г.Ж.

ІV.
 Қорытынды сөз

Құрметті оқушылар, қазақ тілі – біздің ана тіліміз, сол себепті
қазақ тілін басқа тілдер арасында ерекше сүйіп қадірлеуіміз қажет. Ана
тілімізге деген махаббатты осы апталық  аясында жоспарланған барлық іс –
шараларға белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдамын. Сондықтан осы апталықта
 сендерден белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждағаттылықты
күтеміз.

I — жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II — жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)

І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші:
Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – Қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 20 жыл толып отыр.
(пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

…Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл… (дауыс, фон)

Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші»
1.Осы жерде терме орындалады.
2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды.
Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара Қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

Қазыбек би:
Налыма!
Біз Қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.

Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

3.8 – сынып оқушысы «Қазақ тілі туралы» өлең оқиды.

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

І – жүргізуші:
Олай болса, Қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ – жүргізуші:
Елімізде Қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.

І – жүргізуші: (қонаққа сөз беріледі)
Құттықтау сөз
Еремина Любовь Феодоровна

1. орыс,ағылшын тілінде өлең оқылады
2. ән «Құс жолы»
І – жүргізуші:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз — ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

І – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

І – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

ІІ– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, Ана тілімен асқақ .

І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілім!

ІІ– жүргізуші:
Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысып, қатысуларыңыз сұралады.
Жоспармен таныстырып шығу.

Ән «Атамекен»

І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп, үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі, аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
I — жүргізуші: Райымбек
 Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2 — жүргізуші: Эльмира
 Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
 Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!

  (Әнұран)
1 — жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам — тілдер күні!

2 — жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.
1 — жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 — сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғысөз кафедра меңгерушісі Молдахмет Сейдахметовичке беріледі.
2 — жүргізуші: На основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию.
1 — жүргізуші. «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй» деп, ұлы
Абай айтқандай, құлақ құрышын қандырған әсем әннен кейін сахнаның сәнін келтірер ғажайып қазақ биін тамашалайық, халайық.
1. Әйгерімнің орындауында қазақ биі
ТОП — 12. Топ тыңдаушысы Қанаттың орындауында Адай күйі
«Земные языки»
(Татьяна ТОП — 14 — 1)
Когда с природой я наедине,
То различаю языки земные:
Беседуют деревья в тишине,
Друг с другом птицы говорят лесные.
Есть говор свой у волн вдали,
Насвистывает что — то тихий ветер…
За краткий срок, отпущенный на свете.

Так тяжко на земле без языка!
Не высказать ни счастья, ни печали…
Безмолвны горы долгие года,
О чем они, возводясь, замечали?
Все в языке: рожденье, первый шаг,
Любовь и смерть, и жизнь на новом взлете.
И если вдруг исчезнет мой язык,
То и меня вы больше не найдете!
ТОП — 13. 13 — топтың білім алушысы Асылзаттың орындауында «Қазақ елі»

1 — жүргізуші: Қазақстанда 130 — дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.

2 — жүргізуші: В Казахстане проживает более 130 национальностей. Нашим государством оказывается всесторонняя помощь в изучении родного языка представителям различных национальностей, проживающих в Казахстане. В республике работают 178 воскресных школ, в которых изучают 23 национальных языка. В свет выходят газеты на немецкое, корейском, уйгурском, украинском языках ( не считая на русском и казахском). В Северо – Казахстанской области осуществляется трансляция польского телевидения «Полония», а в Южно — Казахстанской области – узбекского телевидения.
В национальных программах, в том числе и на украинском, польском, английском, немецком, корейском, уйгурском, турецком, дунганском, узбекском и других языках. Каждый язык красив, интересен, своеобразен.

 Қанаттың орындауында «Әлқиса» күйі
1 — жүргізуші. Тіл — ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Ортада түрікмен, орыс, ауған: хазар, тәжік, пушту, өзбек ұлттарының өкілдері: шетелдік тыңдаушылар

 1. Қуан далам қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды дала түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін. (Мәлике – ауған қызы, хазар )
Ана тілім — ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.

2. Тіл ұстарту, тіл сындыру,
Сөз сиқырын, кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер,
Естелікке ұмтылдыру. ( Мұрад — түрікмен)
Қазақ тілі – халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да – халық мұңы.

3. Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат. (Таня — орыс)
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің –
бабамыздан қалған асыл аманат.
Туған тілім – аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.
Ұйғыр халқының биі орындайтын Гүлгина
2 — жүргізуші: В нашей стране большое внимание уделяется английскому языку. Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. Сейчас наши учашиеся покажут свое мастерство владения английским языком.

 1. жүргізуші. Кафедра мақтаныштарықазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін жетік білетін полиглот жастарымыз бен шетелдік тыңдаушыларға сөз кезегін береміз. Шығармашылық және филология топтарының тыңдаушылары, шетелдік бірнеше тілде құттықтайды және әндер орындайды.
Ауғанстандық тыңдаушыларының орындауында «Ватан — Отан» биі1 — жүргізуші. Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
2 — жүргізуші. Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери — Земли.
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

Мектеп оқушыларына арналған 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз. 

Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер. 

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.

2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды.

1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

1-жүргізуші: «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!

2-оқушы: Мұзафар Әлімбай

Ана! — десем ана тілі ойға оралар. 
Баладай қуанарсың тойға барар. 
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл 
Олжам да қанжығама байлап алар. 
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, 
Неше миллион інжу-маржан шамамен?! 
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, 
Қандай дана өлшер қандай бағамен?! 
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: 
Еркежан, айналайын, күнім менің, 
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, 
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! 
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? 
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. 
Туған тілде ас қайырған сайын да, 
Оқығандай серпіліп қал бір дұға. 
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, 
Жарқырат қазақ тілі алмастарын. 
Халқына олжа салған айта алады, 
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! 
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, 
Өміршең өзіміздің тілден таптым. 
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, 
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.


 

3-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, 
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, 
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз, 
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап, 
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің, 
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, 
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев

4-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

5-оқушы:  «Бір досқа» Әдібай Табылды

Өзге тілді белгенге,

Білімді боп билейсің.

Кергенменен құр кеуде,

Өз тіліңді білмейсің.

Төс қаққанмен күнде сен,

Демес халқың «құлыным».

Өз тіліңді білмесең,

Неге керек білімің?!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер

6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!

Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.

up

Поиск по сайту

Сценарий ко дню языков«Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор: Cаттыбаева Гульбану Сапаргалиевна

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 190.5 Kb
Количество скачиваний: 18

Скачать

Просмотров: 72

Похожие материалы

  • Cценарий ко дню языков » Тіл -ел байлығы»
  • Сценарий выпускного вечера в 9 классе
  • Занятие по профориентации «Путешествие в страну профессий»
  • Внеклассное мероприятие + презентация на тему «Я, ты, он, она-вместе дружная семья»(7 класс)
  • Внеклассное занятие по основам социальной жизни Конкурс «Маленькие хозяюшки»
  • Конспект внеклассного занятия в 7 классе (развитие речи + ручной труд)
  • Внеклассное мероприятие на тему «Я гражданин своей страны» (8 класс)
  • Конспект внеклассного занятия в 9 классе «Профессии, которые мы выбираем»
  • Внеклассное занятие в 8 классе «Здоровье дороже богатства»
  • Классный час на тему «Саулык — зур байлык» (6 класс)

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Тимбилдинг готовый сценарий
  • Тілдер апталы?ыны? жабылуы сценарий ?ш тілде
  • Тиллар байрами сценарий
  • Тілдер апталы?ыны? ашылуы сценарий ?ш тілде
  • Тикиряш студия детских праздников