Тілге байланысты сценарий

Cкачать: Тіл мерекесіне байланысты сценарий

«Үш тұғырлы тіл»

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт
өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге
құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.

Сахна сыртындағы дауыс: (фон)

Нұргүл: Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның
бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай
екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. 
Енді қандаймын? 
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. 
Мен не көрмедім? 
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды,
былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде
болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз
болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден
ғана естідім. 

Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара
қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. 
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім
туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан
құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын
деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана
тілі емес, мемлекеттік тілге айналды.

I — жүргізуші: 
Қайырлы күн! Ана
тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Өрлі
де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан
Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп
жариялаймыз! 


IІ — жүргізуші: 
Здравствуйте,
уважаемые учителя, учащиеся! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник.
Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале. Праздник, посвященный закрытию
декады «
Үш тұғырлы тіл» разрешите считать открытым.


IІІ- жүргізуші: Good afternoon, dear friends! Our language
is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It’s close
to the society’s life. All languages developed under influence of economic,
political and geographical conditions.

I — жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік ӘНҰРАНЫ
орындалсын!

І – жүргізуші: 
22 – қыркүйек –
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ,
жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. 

ІІ – жүргізуші: 
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 27 жыл толып отыр. 
(пауза жасалады.) 

I — жүргізуші: 
Аяулысың, мектептің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән менен күй,өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары –деп келесі кезекті 11 сынып
оқушылары Гүлжайна мен Лауризаның орындауындағы тамаша әнге береміз.

I — жүргізуші: Елбасымыздың
үштұғырлы тіл саясаты да біздің мектебімізде жалғасын табуда, соның бір айғағы
ретінде оқушыларымыз үш тілді өлең — жырлар оқып береді. (үш тілдегі
жаттауларға беріледі)

1.қазақша

2.орысша

3.ағылшын

4.украин

5.қазақ

I — жүргізуші: 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде-деп
алдарыңызға мың бұралған бишілерді шақырамыз.7в,г.

IІ — жүргізуші: Казахстан –
многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и
народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы.

IІІ — жүргізуші: Kazakhstan is our common home. Besides
Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130
peoples in Kazakhstan.

 
Орыс биі.

Бейнероликке назар аударыңыздар.

Диана.Ән шашу.

I — жүргізуші: 

Тұла бойға тек құндылық құй
деген

 Өнер сүйсең мына біздей сүй
деген

Алдарыңызда Динарадай қыздарың

 Қазақ
биін мың бұралып билеген

Би қазақ биі. (8 б Динара)

І-Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді
таң қылып,

Ана тілін білмей өскен әңгүдік.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

ІІ-Жүргізуші: Язык отцов, язык
тысячелетий

Ты временем, как глина обожжен
В тебе — удар меча и посвист плети,
Мужская гордость и горячность жен.
Тебя по жилам к нам перенесло
И ты звучишь, переполняя тело
Ударом сердца, колоколом души

ІІІ-Жүргізуші: Oh, friend unseen,
unborn, unknown,

Student of sweet English tongue,
Read out my words at night alone:.
I was a poet, I was young
Since I can never see your face,
And never shake you by the hand,
I send my soul through time and space
To greet you. You will understand.

Нұргүл (сахна сыртында)

Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде! 
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде! 
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде! 
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде! 
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! 

Күй:
Тамсанып бәрі қалады,

         Қызығып жұртың
қарады.

         Тұла бойды күйімен

         Шымырлатып барады

(Бейбіт, Нұрғиса,Диас)

І-Жүргізуші: Бүгіннен бастап 27
қыркүйекке дейін «Үш тұғырлы тіл» апталығы аясында Қазақстанның Халықаралық
тілдер мерекесі өтілетінін хабарлаймыз.Бәріміз белсенді атсалысайық. Белсенді
қатысқан оқушылар мен ұстаздар алғыс хатпен марапатталатын болады.Көріскенше
күн жақсы болып, аспанымыз ашық болсын!Сау болыңыздар!

ІІ-Жүргізуші: До встречи!Спасибо!

ІІІ-Жүргізуші: Thank you,good bye

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп, үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі, аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
I — жүргізуші: Райымбек
 Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2 — жүргізуші: Эльмира
 Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
 Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!

  (Әнұран)
1 — жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам — тілдер күні!

2 — жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.
1 — жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 — сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғысөз кафедра меңгерушісі Молдахмет Сейдахметовичке беріледі.
2 — жүргізуші: На основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию.
1 — жүргізуші. «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй» деп, ұлы
Абай айтқандай, құлақ құрышын қандырған әсем әннен кейін сахнаның сәнін келтірер ғажайып қазақ биін тамашалайық, халайық.
1. Әйгерімнің орындауында қазақ биі
ТОП — 12. Топ тыңдаушысы Қанаттың орындауында Адай күйі
«Земные языки»
(Татьяна ТОП — 14 — 1)
Когда с природой я наедине,
То различаю языки земные:
Беседуют деревья в тишине,
Друг с другом птицы говорят лесные.
Есть говор свой у волн вдали,
Насвистывает что — то тихий ветер…
За краткий срок, отпущенный на свете.

Так тяжко на земле без языка!
Не высказать ни счастья, ни печали…
Безмолвны горы долгие года,
О чем они, возводясь, замечали?
Все в языке: рожденье, первый шаг,
Любовь и смерть, и жизнь на новом взлете.
И если вдруг исчезнет мой язык,
То и меня вы больше не найдете!
ТОП — 13. 13 — топтың білім алушысы Асылзаттың орындауында «Қазақ елі»

1 — жүргізуші: Қазақстанда 130 — дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.

2 — жүргізуші: В Казахстане проживает более 130 национальностей. Нашим государством оказывается всесторонняя помощь в изучении родного языка представителям различных национальностей, проживающих в Казахстане. В республике работают 178 воскресных школ, в которых изучают 23 национальных языка. В свет выходят газеты на немецкое, корейском, уйгурском, украинском языках ( не считая на русском и казахском). В Северо – Казахстанской области осуществляется трансляция польского телевидения «Полония», а в Южно — Казахстанской области – узбекского телевидения.
В национальных программах, в том числе и на украинском, польском, английском, немецком, корейском, уйгурском, турецком, дунганском, узбекском и других языках. Каждый язык красив, интересен, своеобразен.

 Қанаттың орындауында «Әлқиса» күйі
1 — жүргізуші. Тіл — ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Ортада түрікмен, орыс, ауған: хазар, тәжік, пушту, өзбек ұлттарының өкілдері: шетелдік тыңдаушылар

 1. Қуан далам қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды дала түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін. (Мәлике – ауған қызы, хазар )
Ана тілім — ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.

2. Тіл ұстарту, тіл сындыру,
Сөз сиқырын, кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер,
Естелікке ұмтылдыру. ( Мұрад — түрікмен)
Қазақ тілі – халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да – халық мұңы.

3. Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат. (Таня — орыс)
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің –
бабамыздан қалған асыл аманат.
Туған тілім – аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.
Ұйғыр халқының биі орындайтын Гүлгина
2 — жүргізуші: В нашей стране большое внимание уделяется английскому языку. Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. Сейчас наши учашиеся покажут свое мастерство владения английским языком.

 1. жүргізуші. Кафедра мақтаныштарықазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін жетік білетін полиглот жастарымыз бен шетелдік тыңдаушыларға сөз кезегін береміз. Шығармашылық және филология топтарының тыңдаушылары, шетелдік бірнеше тілде құттықтайды және әндер орындайды.
Ауғанстандық тыңдаушыларының орындауында «Ватан — Отан» биі1 — жүргізуші. Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
2 — жүргізуші. Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери — Земли.
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

Мектеп оқушыларына арналған 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз. 

Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер. 

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.

2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды.

1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

1-жүргізуші: «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!

2-оқушы: Мұзафар Әлімбай

Ана! — десем ана тілі ойға оралар. 
Баладай қуанарсың тойға барар. 
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл 
Олжам да қанжығама байлап алар. 
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, 
Неше миллион інжу-маржан шамамен?! 
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, 
Қандай дана өлшер қандай бағамен?! 
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: 
Еркежан, айналайын, күнім менің, 
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, 
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! 
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? 
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. 
Туған тілде ас қайырған сайын да, 
Оқығандай серпіліп қал бір дұға. 
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, 
Жарқырат қазақ тілі алмастарын. 
Халқына олжа салған айта алады, 
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! 
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, 
Өміршең өзіміздің тілден таптым. 
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, 
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.


 

3-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, 
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, 
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз, 
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап, 
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің, 
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, 
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев

4-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

5-оқушы:  «Бір досқа» Әдібай Табылды

Өзге тілді белгенге,

Білімді боп билейсің.

Кергенменен құр кеуде,

Өз тіліңді білмейсің.

Төс қаққанмен күнде сен,

Демес халқың «құлыным».

Өз тіліңді білмесең,

Неге керек білімің?!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер

6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!

Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.

I — жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II — жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)

І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші:
Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – Қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 20 жыл толып отыр.
(пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.

…Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл… (дауыс, фон)

Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші»
1.Осы жерде терме орындалады.
2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды.
Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара Қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

Қазыбек би:
Налыма!
Біз Қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.

Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

3.8 – сынып оқушысы «Қазақ тілі туралы» өлең оқиды.

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)

І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

І – жүргізуші:
Олай болса, Қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ – жүргізуші:
Елімізде Қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.

І – жүргізуші: (қонаққа сөз беріледі)
Құттықтау сөз
Еремина Любовь Феодоровна

1. орыс,ағылшын тілінде өлең оқылады
2. ән «Құс жолы»
І – жүргізуші:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз — ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

І – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

ІІ – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

І – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

ІІ– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, Ана тілімен асқақ .

І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілім!

ІІ– жүргізуші:
Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысып, қатысуларыңыз сұралады.
Жоспармен таныстырып шығу.

Ән «Атамекен»

І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» тіл күніне арналған сценарий.

Материал жайлы қысқаша түсінік:

«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» тіл күніне арналған сценарий.
Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту.
1-жүргізуші: Қ. Аружан (11 А)
2-жүргізуші: Ш. Айнұр (10 А)
3-жүргізуші: А. Әділхан (9 А)
1:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білімгерлер,«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі »атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
2:Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале.
3:Goodafternoon, dearfriends! Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It’s closed to the society’s life. All languages developed under influence of economic, political and geographical conditions.

Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Тілім менің-тірегім»
Мақсаты: Жас  ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, мадақтау қағаздары.
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы:
Жүргізуші: Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген   адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Армысыздар, құрметті тәрбиешілер мен бала бақша қызметкерлері! Бүгінгі «Тілім менің-тірегім» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын!

Сәлем – сөздің анасы, сөз атасы

Ұстаздардың қабыл болсын батасы

Қол соғып ортамызға тарландарды

Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі – деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық.

1 топ: «Ана тілі»

2 топ: «Тапқырлар»

Қош келдіңіздер сайыскерлер!

Алаулаған алабынан нұр тамып.

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,

Көк байрағың желбірейді төрінде

Әнұраның тұр көгінде шырқалып.

Мемлекеттік  Гимн орындалады.

Жарысты бастамас бұрын сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Ана тілім – ерлігім

Aна тілім – елдігім

Ана тілім — болмаса,

Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 7 — кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша топтардың жауап берулеріне байланысты 1 — 5 ұпайлармен бағаланады.

1 кезең. Таныстыру (сәлемдесу)

2 кезең. Топтың ұраны.

3 кезең. Мақал сөздің мәйегі (мақал-мәтел)

4 кезең. Мимика

5 кезең. «Бәйге» (сұрақ жауап)

6 кезең. «Сөз құра, тез құра»

7 кезең. Топтық өнер көрсету.

Жүргізуші:

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын әр топ өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

I — кезең: Әр топ өздерін таныстырады.

II-кезең: Ұраны

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Сондықтан мақал-мәтел айтудың маңызы өте жоғары деп санаймыз.

III-кезең: Мақал-мәтелді жалғастыру.

1 — топ

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
  2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
  3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
  4. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
  5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
  6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
  7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ).
  8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
  9. Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).

Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).

2-топ

  1. Бал тамған тілден … (у тамған).
  2. Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).
  3. Жақсы сөз … (жарым ырыс).
  4. Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер).
  5. Тіл қылыштан … (өткір).
  6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
  7. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).
  8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей … (шешен боларсың).
  9. Тілден артық … (қазына жоқ).

Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

IV-кезең:

Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»

«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Сайысымыздың келесі 4 — ші бөлімі мимика сайысы.

Үстелден тапсырма карточканы ала отырып, берілген сөзді мимикамен түсіндіру қажет.
1. Домбыра

2. Дәптер

3. Стакан

4. Тиын

5. Ноутбук

6. Арыстан

7. Ағаш

8. Теледидар

9. Доп

10. Маймыл

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

Қазақтың түрлі — түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауабын табама екен сайыскерлер

Сол себептен қоятын сұрақта бар.

V — кезең «Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлер қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап берулері тиіс.

1-топқа:

  1. ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж. 16 желтоқсан).
  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
  3. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 ж 11 шілде).
  4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
  5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
  6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
  7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
  8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
  9. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).
  10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

2-топқа:

  1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
  2. Абайдың туған жылы? (1845).
  3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
  4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
  5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
  6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
  7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
  8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
  9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).
  10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
VI-кезең.

«Сөз құра, тез құра»

Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,

Білімді болсаң, жығарсың-дегендей, келесі сайысқа кезек жетті.

Қатысушыларға 2 әріптен беріледі. Жүргізушінің тапсырмасын шешіп, сол сөзді құрау.

1-топқа. Қ. О. Й. Т. А. С.  (Қ-Т), (О-А),  (Й-С).

  • Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.       (қой)

  • Өлі табиғат. (тас)
  • «Күт» сөзінің синонимі.       (тос)
  • Үйдегі мереке. (той)
  • Жұп сөзіне қарама-қарсы сөз. (тақ)
  • Ұр немесе… (соқ)

2-топқа. Б. А. С. Е. Л. Қ.  (Б-Л), (А-Е), (С-Қ)

  • Дене мүшесі. (бас)
  • Өте жақсы. (бес)
  • Қолыңды қалтаңа (сал), тоңасың.
  • Араның тамағы. (бал)
  • Ешкінің төлі. (лақ)
  • Өте кір. (лас)

Рахмет, сайысымызды ары қарай жалғастырайық.

VII-кезең.

Өнерліге кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Келесі кезеңді біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең – дей келе әр топ өздерінің өнерлерін паш етеді.

Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды марапаттайды)

Жүргізуші: Міне осылайша «Тілім менің-тірегім» атты сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет!

Мемлекеттік тіл — менің тілім


  • Сценарилер
  • Balym
  • 28.01.2017
  • 0
  • 1
  • 10053

Ақтөбе қаласы
Пригород орта мектебінің                                          
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі            
Өтепова Ақтоты Болатбекқызы

Тақырыбы: Мемлекеттік тіл-менің тілім

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар.

1-жүргізуші:

Кенің бай, келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.

Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сіздерді құттықтау үшін сөз мектеп директоры Жанина Гүлнар Батесовнаға беріліеді.

2-жүргізуші:

Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.

1-жүргізуші: Мектебіміздің оқушылары » Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбына орай өлеңдерін оқиды.

2-жүргізуші:

Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
Өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.

1-жүргізуші:

Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!

2-жүргізуші: Тарихқа, баяғы заманның деректеріне жіті көз жіберсек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін жазудың арғы тегі суреттен басталғанын көреміз.

1-жүргізуші: Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс . Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан — ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан –жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.

2-жүргізуші: Пригород орта мектебі «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Сарманова Манчукқа беріледі.

1-жүргізуші: Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.

2-жүргізуші: Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген, қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.

1-жүргізуші:

Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен,
Арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.

2-жүргізуші:

Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Етілсін мемлекеттік әр істе үні!

1-жүргізуші:

. . . Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін,
Тілің барда нұр шашып атар күнің.
Сөзімнің ұғар болсаң түп төркінін
Жүрек жырын жазар ем таппай тыным. . .

2-жүргізуші:

Туған тіліңді қорғау — туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса — бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.

1-жүргізуші:

Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

2-жүргізуші:

Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.

1-жүргізуші:

Осымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты апталықтың ашылу салтанаты аяқталды. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын


«Тілім менің тірлігімнің айғағы»

атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының

СЦЕНАРИЙІ

1-жүргізуші:   Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!

2-  жүргізуші:   « 22 кыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне  арналғалы отырған тіл апталығының ашылу салтантына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:   « Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

2-  жүргізуші:   :   Тіл-  халықпен  бірге  өмір  сүріп  дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.

1-жүргізуші:   Құрметті көрермендер! Мен енді сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Абдикадирова Камшат Мейрамқызына бергім келіп отыр.

Камшат апай сөйлейді

1-жүргізуші:   Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.

2-  жүргізуші:   Олай болса сені тыңдалық

1-жүргізуші:  

Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,

Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.

Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.

2-  жүргізуші:   Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  әдемі өлең жолдарын оқып берейін:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

1-жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?

2-  жүргізуші:   Ия, Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға                                        әнімен

                                                                                      шақырамыз.

Ән айтылады

1-жүргізуші:  

Ана тілім — ана күтім арым менің

Сәулетім — сая бағым , сәнім менің

Аспаным өзіңменен арайланып,

Нұрланып атар ылғи таңым менің.

2-  жүргізуші:  

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім,-демекші мен ендігі кезекті жырдан шашу шашуға колледж оқушысы                                                                             

шақырғым келіп отыр.

Өлең оқылады.

1-жүргізуші:

Әнсіз мына өмірдің несі көктем,

Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын  әсем әннің куәсі бола отырайық, ағайын!

Ән айтылады

1-жүргізуші:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

2-жүргізуші:

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

1-жүргізуші:

Туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы біздің сөзімізді жалғастыруға ортаға

шақырамын.

Өлең оқылады.

1-жүргізуші:

Білесің бе, «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деп Вяземский айткан екен.

2-жүргізуші:

Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни жастардың басты міндеті.

1-жүргізуші:

Ендеше өз туған тілін қорғап, сол тілде ән айтқалы келіп отырған

неге кезекті бермеске…

2-жүргізуші:

Қарсы алыңыздар!

Ән айтылады

2-жүргізуші:

« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»деп С.Негимов тіл туралы өз пікірін де білдіріп өткен екен.

1-жүргізуші:

Ия, тіл туралы қалам тербемеген бірд-бір ақын-жазушы жоқ та шығар. Сондықтан осындай әдем іөлең шумақтарын тарту ететін

қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.

Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2-жүргізуші:

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

1-жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2-жүргізуші:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

1-жүргізуші:

Қадірменді көрермендер! Келесі кездескеше аман болыңыздар!

«Тіл – достықтың тірегі»

22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған салтанатты жиынның сценарийі

Салтанатты жиынның барысы:

(Салтанатты жиын қазақ биімен ашылады)

I жүргізуші:

Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

ІІ жүргізуші:

Здравствуйте, уважаемые учителя и учащиеся!!! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале. 22 – сентября ежегодно отмечается «День языков народов Казахстана» наш президент Нурсултан Назарбаев выступает за знание нескольких языков. Мы поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. И надеемся, что вам будет интересно провести это время с нами. Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана считается открытым.

ІІІ жүргізуші:

Good afternoon dear guests teachers and pupils. Good afternoon everybody who has come to our party. Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It’s close to the society’s life. All languages developed under influence of economic, political and geographical conditions. We are very glad to see you here. Today is the day of languages. Let’s start.!.

I жүргізуші:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын.І жүргізуші:

Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ жүргізуші:

Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как день языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков — это наше богатство! Каждый язык – это целый мир. Язык – это живая душа народа, его радость, боль, память, сокровище. Нет такого языка, который бы не заслуживал уважения. Каждое поколение передает следующему свой язык, религию, культуру, обычаи и традиции. Как говорится, без прошлого нет настоящего и, тем более, будущего.

ІІІ жүргізуші:

Every day, on the twenty second of September our country celebrates the day of languages! All of us must speak 3 languages: Kazakh, Russian and English, because the knowing of languages is our treasure. English is a world language.  It’s the language of progressive science and technology, trade and Cultural relations, commerce and business. English is spoken by more than 350 million people. Geographically, it’s the most widespread language on earth.! Knowing of languages is very important for us. We must know three languages. These are Kazakh, Russian and English.

Ән:

9 «Ә» сынып оқушы – Рахметулла Кенженің орындауында ағылшын тіліндегі « Rolling stone » әнін қабыл алыңыздар.

Құттықтау сөз:

Келесі құттықтау сөз лицей директорының міндетін атқарушы Аманшаева Гүлсім Қуатқызына беріледі.

Марапаттау:

І жүргізуші:

Тілдер мерекесіне арналған апталық барысында пән мұғалімдерінің өткізген сайыстарының қорытындысын назарға ұсыну үшін, кезекті марапаттауға береміз.

І жүргізуші:

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ жүргізуші:

Казахстан — многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы. Язык — это, прежде всего слово, оно придает уникальность айтысом, русским былинам и сказкам. Отнимите слово, и душа народа потеряет свою первозданность и красоту.

Любой язык по-своему велик –Бесценное наследство вековое,Так берегите свой родной язык,Как самое святое дорогое.

ІІІ жүргізуші:

Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan. Kazakhstan is a bilingual country: the Kazakh language, spoken by 64.4% of the population, has the status of the «state» language, while Russian, which is spoken by almost all Kazakhstanis, is declared the «official» language, and is used routinely in business.

І жүргізуші:

Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама. Ендігі кезекті лицей оқушыларының өлең-жырларына берейік.

1-оқушы: Дайрабек Гүлсезім 5 «б» сынып оқушысы

«Қазақ тілі»

Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

2-оқушы: Ораз Балнұр

«Қымбат менің туған тілім»

Қымбат маған ана тілім, бал тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілі – ардақ тұтар алтыным

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәнгі алаулаған арай бар.

Өлен – жырмен арайланса, тау күліп.

Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.

Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,

Жалғастырып жаза берем мәңгілік,

Деп мен өз тілімді жырлағым келеді.

Oh, friend unseen6 unborn, unknown,

Student of sweet English tongue,

Read out my words at night alone:

I was a poet, I was young

Since I can never see you by the land

I send my soul through time and space

To greet you. You will understand.

Но как родной язык люблю я русский:

Он нужен мне как небо, каждый миг

На нем живые трепетные чувства открылись мне,

И мир открылся в них

Текут две речки в сердце, не мелея

Становясь единой рекой

Забыв родной язык я немею

Утратив русский – стану я глухой

Сахналық көрініс: «Тіл тағдыры»

…Толғауы тоқсан қызыл тіл,Сөйлеймін десең өзің біл… (дауыс, фон)

Терме: Омар Ақмарал «Менің Қазақстаным»І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.Енді қандаймын?Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.Мен не көрмедім?Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, Ахмет деген кісіден ғана естідім.Төле би:Жасыма!Уа, халқым!Көсіле шабар жерің бар!Тау көтерген елің бар,Қол бастайтын ерің бар.Атадан қалған сара жолың бар,Сөз қадірін біліңдер!І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)

Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.

Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

Қазыбек би:

Налыма!Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында мені кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады.

Әйтеке би:Тамыры суда тұрса даУақыты жеткендеҚурамайтын құрақ жоқ.Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Ән:

5 «б» сынып оқушысы Базарбай Гүлназымның орындауындағы Бота Бейсенованың «Ана тілі – тұғырым» әніне құлақ түрейік.

І жүргізуші:

М.Жұмабаев атамыз « Тіл-адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның кем болғаны » деген екен. Тіл — тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Мемлекетіміздің тарихи тағдыры, мақсаты тіл арқылы баянды болмақ. Тіл — байлығымыз, тіл — тарихымыз, тіл — мәдениетіміз, тіл-әдебиетіміз.Тіл — біздің ұлттық намысымыз, арымыз. Ана тілімізді қастерлеп, құрметтей білу — біздің қасиетті борышымыз.

ІІ жүргізуші:

Абай писал: «Человек, изучивший культуру и язык иного народа, становится с ним равноправным» и действительно, его слова нашли подтверждение в жизни. Исторически с…

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Тик ток церковные праздники
  • Тілге ??рмет елге ??рмет сценарий балаба?шада
  • Тик ток праздники поздравления
  • Тілашар мерекесіне сценарий
  • Тик ток праздник автомобилиста