Топты? сайыс сценарий

Cкачать: Топтық сайыс сыныптан тыс іс-шара

Бастауыш
сынып мұғалімі:
Ахметова А.С.

Күні
: 23.11.18 ж

Тақырыбы: Жақсылық
жасай білейік (
Топтық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық»,«жақсылық» құндылықтары
туралы түсініктерін кеңейту.

Жүргізуші:

Қайырлы
күн құрметті ұстаздар, бастауыш сынып бүлдіршіндері!  бастауыш сыныптар
арасында өткелі отырған
 «Жақсылық
жасай білейік
» атты топтық сайысқа қош келдіңіздер!

Жақсылық
жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Жақсы адам қол үшін беруге,жәрдем
етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын
тұрады. Риясыз жақсылықты жасау- биік адамгершіліктің белгісі.

Қоғамның
саналы азаматы ретінде өзіңді қалыптастыру үшін ең алдымен өзіңді танып білу
керек.Әрқайсысымыз бар қабілеттерімізді жетілдіріп және өзіміздің бойымыздағы
кемшіліктерімізді түзетуге тиіспіз.Бүгінгі сайысымыздың мақсаты да осы болмақ.

 сайысымызға
келіп отырған қатысушыларды шақырайық!

1.    1
«А»сынып оқушылары

2.    2
«А»
сынып оқушылары

3.    3
« а» сынып оқушылары

4.    4
« а» сынып оқушылары

Жақсылық
жасау мейірімді сөздер айтудан,мәдениетті сөйлеуден бастау алады . Олай болса
бізқаншалықты мейірімді сөздерді көп біледі екенбіз.Біліп алайық.

1.Әр
топ мейірімді сөздерді айтып шығады.Мейірімділік сөздерді білгеніміз үшін
барлығымыз қол соғып қоямыз.

2.Енді
алғашқы біздің бөліміміз кім көп біледі? жарысы деп аталады.Яғни сіздер әрбір
топ жақсылыққа байланысты мақал-мәтелдер айтамыз.

*Біреуге
жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.

*Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын

*Жақсы
сөз-жарым ырыс.

*Жақсылық
істеуден жалықпа,

Істеген
жақсылығыңа өкінбе!

*Жақсы
адам жолдасынан белгілі.

*Биікке
шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен
сөйлессең көңілің ашылады.

*Бітер
істің басына,

Жақсы
келсе қасына.

*Жақсы
адам-елдің ырысы,

Жақсы
сөз-жанның тынысы.

3.Ендеше
2 бөліміміз ситуациялық сұрақтарға кезек береміз. Оқушылар берілген сұрақтарды
өздері ары қарай жалғастырады.

1.
ситуациялық сұрақ
1 сыныпқа арналған.

Қарлығаш
пен дәуіт

Бір
қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды
жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.Қарлығаш жыланды көріп,
қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді…

2.ситуациялық
сұрақ
2 «а» сыныпқа арналған.

Аю
мен тышқан

Бір
тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың
құлағына кіріп кетеді.

Аю
шошып оянып, құлағына баса қояды:

·        
Менің құлағым- сенің інің деп пе едің?- деп ақырады. –Өзіңді
жақсылап сабайын ба?

·        
Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.

·        
Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,- деп күледі
аю.Дегенмен босатып жібереді…

3.ситуациялық
сұрақ 3  сыныпқа арналған.

Арыстан
мен тышқан

Бір
күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп
өтеді.Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер мені
жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын» ,- дейді ол.Арыстан тышқанның
«жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жіберді…

4.ситуациялық
сұрақ 4 «а» сыныпқа арналған.

Тасбақа

Бір
күні орманда шөп жанып кетіп, өрт басталады.Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі.Тек
тасбақа өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды.От тасбақаға жақындап
қалды.Ол енді қалай құтылмақ?

Оқушыларымыз
дайын болғанша жақсылық туралы

оқушыларымыздың
жырларына кезек берейік.

Кезекті
4 бөлімде әр топқа тірек сөз беріледі.Сол тірек сөздерді пайдаланып,жақсылық
туралы әңгіме құрастыру.

1.    Айша,
қоян, көмектесті, көрді, қуанды.

2.    Рахмет,
кешіріңіз, Марат, досы, ұялды.

3.    Жақсылық,
құтқарды, иті, су, балалар.

4.    Қорықты,
жұбатты, риза болды, Жүсіп, інісі.

5.    Балапан,
ағаш, жылан, құтқарды, Айдос.

Қатысушы
топтарымыз дайын болғанша
 «жақсылық
жасау
» атты
көрініске кезек берелік.

Келесі
сайыс «Жағымды,жағымсыз қасиеттер» әр топқа кесте беріледі.топтар сол кестені
толтырады.

Сайысымыздың
соңғы бөлімі Сөз түйіні шатасқан сөздер.

1.    Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын

(Тасысын,
айт, жақсының, жақсылығын, нұры.)

2.    Біреуге
жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.

(Міндет,
жақсылық, ол, етпе, біреуге, етсең, жақсылығыңды.)

3.
Жақсы адам-елдің ырысы,

Жақсы
сөз-жанның тынысы.

(Адам,
елдің, жақсы, ырысы, жанның, тынысы, сөз, жақсы.)

4
Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен
сөйлессең көңілің ашылады.

(Ашылады,
шықсаң, биікке, көзің, сөйлессең, ашылады, көңілің, жақсымен.)

5.
Бітер істің басына,

Жақсы
келсе қасына.

(Басына,
бітер, істің, келсе, жақсы, қасына.)

Рахмет,Сайысымыздың
қорытындысы әзір болғанша әдемі әнге кезек берейік.

Жақсы
ниет жақсылық боп оралар,

Жақсы
пейіл күн нұрына барабар.

Жақсы
сөздер жан шуағы секілді

Өн
бойында қуат болып таралар деп,-

Осыменен
біздің
 « Жақсылықпен жаным дос» атты
сайымыз аяқталды.

http://raskrasku.com/uploads/posts/2016-01/1452166450_solnce-ulybaetsya_1_raskrasku.com.jpg

http://zoozel.ru/gallery/images/530587_raskraski-derevo.jpg

http://raskraski-dlya-malchikov.ru/wp-content/uploads/Raskraski-domik-47.jpg

Тақтақ
айтқан балалар осы көріністі тақтаға құрастырады.

1 оқушы:Жақсылық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла,

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла.

2 оқушы :Жақынды ,досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды

Жайдары жүзбен жарқыра

Қатігез болсаң ол қайғы,

Қайырымды бол халқыңа

Жақсылық жерде қалмайды.

3 оқушы :Толған айдай жан болсаң,

Толсын ақыл ішіңе.

Күн көзіндей жан болсаң,

Ел сүйсінсін ісіңе.

4 оқушы: Талпын жақсы болуға

Күндей сәуле шашатын.

Білім іздеп өнер тап

Түнді күндей ашатын.

5 оқушы:Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде

6 оқушы:Жақсы адамкөңілі күн

Жанға сәуле түсірген

Нашар адам көңілі түн

Кеудеден отты өшірген

7 оқушы: Жақсылықтан үйреніп

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сайыс: «Тапқыр болсаң, озып көр!»

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушылар және

көрермендер!

«Тапқыр болсаң, озып көр!» сайысын ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген,

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен демекші, бүгінгі сайыста

қатысушы топтардың жолдамдығы мен ептілігін, тапқырлығы мен

алғырлығы додаға түседі.

1-жүргізуші: Баға берер топтарға,

Қара қалды қылышпен қақ жаруға.

Әділқазы алқасын біз салайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1)Мектептің ғылымиәдістемелік жұмысының меңгерушісі Сапрыгина Р.Э.

2) Мектептің ғылыми – жобалар жұмысының меңгерушісі Абжанова Г

3) «Денсаулық» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, бастауыш сынып

мұғалімі Сахариева М. М.

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен танысайық:

1. Таныстыру (топ аты, ұраны, белгісі)

2. Ширату

3. Өнер сайысы (үй жұмысына дайындап келген тапсырма)

4. Жеті жұрттың тілін біл.

5. Тапқырлар сайысы.

6. Капитандар сайысы.

7. Ептілер сайысы.

1. кезең Таныстыру (жеребье арқылы) 5ұпай

Әдеппен ізетпен танысуға дей келе сайыстың алғашқы шарты

«Таныстыруды» бастаймыз.

2. кезең «Ширату» 3 мин

Балқарағай, қолшатыр, бозторғай, түймедағы – сөздеріндегі әріптерді

пайдаланып сөздер құрау. Әр сөзге 1 ұпай.

3. кезең «Өнер сайысы»

«Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен,

Үшінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең» деп өнер сайысын бастайық. Бұл сайыста әр

топ дайындап келген өнерлерін көрсетеді.. Жоғарғы ұпай саны 5 ұпай.

4. кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде

аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай

беріледі.

1) Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр – шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді (Қаламручка)

2) Жазу жазып жалықпаған,

Жазажаза арықтаған (Бормел)

3) Сағат сайын қағылады

Тек мектептен табылады ( Қоңыраузвонок)

4) Бұлаңдаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы (Түлкілиса)

5) Қыста ғана болады

Ұстасаң қолы тоңады (Қарснег)

6) Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны (Теледидартелевизор)

7) Өзі кірді ашады

Суға салсаң қашады (Сабынмыло)

8) Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (Пиязлук)

9)Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен (Құмырсқамуравей)

10) Жылтжылт еткен

Жырадан өткен (сувода)

11)Қабатқабат қаттама

Ақылын болса аттама (Кітапкнига)

12)Белі бүкір

Алысқа түкір (Мылтықружье)

13) Судан алады,

Суға салса өледі (Тұзсоль)

14) Кесе –кесе мұқалды

Жонижони жұқарды. (Пышақнож)

5. кезең «Тапқырлар сайысы»

4 топқа 4 түрлі ребус беріледі сайыскерлер жылдам ребустың шешуін табу

керек. Әр дұрыс шешілген ребусқа 5 ұпай.

Шешуі:

6. кезең «Капитандар сайысы»

Әр топ командирін шақырамыз.

1 минут ішінде қойылған сұраудың дұрыс жауабы 1 ұпайдан есептеледі.

1. Республикамыздың басты қаласы (Астана)

2. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)

3. Білім күні қай күн? (1қыркүйек)

4. Анаңның аты кім (...)

5. Қазақша жыл басы (Наурыз)

6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

7. Сыныбыңда қанша оқушы бар?

8. Аспан сөзінде неше әріп бар?

9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т. Әубәкіров)

10. Бір өркешті түйе (Нар)

11. Апркль айының қазақша атауы. (Сәуір)

12. ТОбыңның аты

13.Биыл тәуелсіздігіміздің орнағанына неше жыл?

14.Жасың нешеде

15.Мемлекеттік рәміздер

16.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

17.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын

18.Оқу жылы қашан аяқталады?

19.Киелі құс

20. «Көз қорқақ – қол …»

7. кезең «Ептілер сайысы»

Бұл кезеңде әр сайыскер кедергілерден өтіп математикалық тапсырмаларды

орындап, келесі балаға эстафетаны тапсырады.

Сайыскерлер ойынын,

Тамамдадық біз бүгін,

Әділқазы береді

Дұрыс, әділ шешімін.

Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,

сайыскерлерге арналған шашуымызды қабыл алыңыздар!

Болмасын ешбір сын өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке! демекші, сөз кезегін әділқазылар алқасының

төрайымына береміз!

Батыс Қазақстан облысы,  Қаратөбе ауданы.

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жетписова Анар Сабыржанқызы

Тақырыбы: «Т О Л А Ғ А Й»

Мақсаты:  Оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  эстафеталық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  доптар, кіші доптар, шелектер, кеглилер, шариктер, қасықтар, қарындаштар, ұш шығарғыштар, ақ қағаздар.

Ө т і л у    б а р ы с ы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

II. Негізгі бөлім

1 – жүргізуші:

— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар    арасында өткізгелі отырған «Толағай» атты эстафеталық спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын, ұстаздарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып, балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

2 – жүргізуші:

Топтардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір топтарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ қатысушыларына сәт сапар тілейміз!

1 – жүргізуші:

— Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық!

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен – тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып жарысайық!

2 – жүргізуші:

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын.

Болашақ спортшы топтар  келді ортаға,

Қол соғып, қарсы алайық, кәне, халқым!

— Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. (Эстафеталық  спорт сайысына қатысушы бастауыш  сынып оқушыларынан  құралған 4 топ ортаға шығады.)

І топ: «БӘЙТЕРЕК» тобы

ІІ топ: «ШЫМЫР» тобы

ІІІ топ: «ҚЫРАН» тобы

ІV топ: «ЖАС ҚЫРАН» тобы

1 – жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы топтар сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты.

2 – жүргізуші:

— Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған сайыскерлер  тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділқазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар.

1 – жүргізуші:

— Сайысымыздың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады. Ал әділқазылар алқасы әр кезеңнен кейін 5 балдық жүйемен өз  бағаларын  беріп, сараптама жасап отырады. Сайыстың шарттарымен таныс болайық.

1. «Өз тобыңды таныстыр»

2. «Ептілер»

3. «Суретші»

4. «Доптармен эстафета»

5. «Қақпашы»

6. «Шеңбер».

2 – жүргізуші:

Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар, — деп сайысқа қатысушы топтарға «Сәт сапар» тілейік, ағайын.

1 – жүргізуші:

Өнер қуып топ өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

2 – жүргізуші:

Ал,  ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі «Өз тобыңды таныстыр».

Шарты: Әр топ өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.

Олай болса,  ортаға «Бәйтерек», «Шымыр», «Қыран», «Жас қыран»

                                    тобын шақырамыз.

1 – жүргізуші:

Жалқаулықты тастаймыз!

Шынығамыз жастай біз!

Босқа тұрмай, қанекей,

Жаттығуды бастаймыз!

Би: «Флешмоб». Музыка ырғағымен би қимылдарын топ қатысушыларымен бірге көрсете орындайық.

2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы сайыстың тұсаукесер кезеңіне беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер! 

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Ептілер»

— Екінші кедергі қасық,

Қасықта бар азық.

Жүгіруге болмайды,

Түсіруге болмайды.

Тез барып, тез қайтуға асық!

Шарты: Топ мүшелері кезекпен кедергілердің арасымен қолына ұстаған қасықтағы шарикті түсірмей алып өту. Сайыс кезінде кедергілерді құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.

Екеуі: Сайыскерлер дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы бағалап жіберсек.

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі үшінші сайысымыз «Суретші»

Шарты: 1 – кезекте ойыншы ұш шығарғышты апару.

2 – кезекте ойыншы  қарындашты апару.

3 – кезекте ойыншы қарындашты ұш шығарғышпен ұштау.

4 – кезекте ойыншы  қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу.

5 – кезекте ойыншы  не салу керектігін ыммен, қимылмен түсіндіру, көрсету.

6 – кезекте ойыншы берілген суретті салу. Соңында барлық құралдарын жинап, әділқазыға тапсыру.

Екеуі: Дайынбыз ба?  Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

—         Жарайсыңдар! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Доптармен эстафета»

Шарты: Топ мүшелері кезекпен екі қолына екі допты алдына ұстап, сол мезетте тағы бір допты алдында аяқпен теуіп жүріп, көрсетілген нысанға дейін бара айналып кері қайту.  

Екеуі: Дайынбыз ба?  Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

—         Сәт сапар!

—         Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі бесінші сайысымыз «Қақпашы»

Шарты: Топбасшы өз  тобына қарама – қарсы белгіленген нысанға барып, қолына шелек ұстап тұрады. Қалған топ мүшелері  кезектесіп кедергі арасымен жүгіре барып, қолындағы үш кіші допты кіші шелекке лақтырады. Шелек ұстаған топбасшы  лақтырған кіші допты қолындағы кіші шелекпен қағып алуы керек. Қағып алынған әр кіші доп 1 ұпай болып есептеу.

Екеуі: Дайынбыз ба?  Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

— Жарайсыңдар! Әділқазылар алқасы бағалап жіберсеңіздер!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі соңғы сайысымыз «Шеңбер»

Шарты: Топ мүшелері  ретсіз орналасып, қолдарымен ұстасып тұрады, осы тізбекпен шеңбер құра кедергілер арқылы өту, кері қайту.

Екеуі: Дайынсыздар ма?  Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:

— Жарайсыңдар! Бәрекелді! Әділқазылар алқасы соңғы сайысымыздың бағаларын берсеңіздер!        

III. Қорытынды бөлім

1 – жүргізуші:

— Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы сайыскерлер сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты.

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз,

Жеңілсек жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз!

— Олай болса, құрметті сайысқа қатысушылар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша кезеңнің қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге әсем әуенді ән шашу ұсынамыз.

2 – жүргізуші:

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер топтарды  мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын – «ШЫМЫР» тобы                                      ІІ орын – «ҚЫРАН» тобы

ІІІ орын – «ЖАС ҚЫРАН» тобы                            ІІІ орын – «БӘЙТЕРЕК» тобы

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Топтарды дипломдармен марапаттайды.

1 – жүргізуші:

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен «Толағай» сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, спорттық  сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір топқа  алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше! Қош сау болыңыздар!

Просмотр содержимого документа

«»ТОЛАҒАЙ» спорттық сайысы»

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
« Ақбота» шипажай типті балалар бақшасының тәрбиешісі
Қарабаева Зарипа

Мақсаты: Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту. «Өмір негізі — денсаулық. Денсаулық негізі – спорт» деген сөздің мақсатын түсіндіру.
Көрнекілік: Скакалка, кедергілер, қапшық

Жүру барысы: 1) ұйымдастыру
2) командамен таныстыру
3) сайыстың шарттары
4) әділ — қазылар алқасын тағайындау
5) сайысты қорытындылау

Құрметті қонақтар, ата — аналар, балабақша ұжымы бүгінгі ұйымдастырып отырған «Толағай» атты командалық сайысымызға қош келдіңіздер!
Келіңдер, көріңдер
Тек ынта бөліңдер.
Мықты боп шынығып,
Шығам деп сеніңдер – дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.

Қыран тобы: Тәрбиеші:
Көмекші тәрбиеші:
Тәрбиеленушілер:

Самұрық тобы: Тәрбиеші:
Көмекші тәрбиеші:
Тәрбиеленушілер:

Сұңқар тобы: Тәрбиеші:
Көмекші тәрбиеші:
Тәрбиеленушілер:

Бұл ойыншыларға сәттілік тілей отырып, әділ қазы алқасымен танысайық. Балабақшамыздың әдіскері: ————- және тәрбиеші ————-.

Әділ қазы алқасы ойымызды әділ бағалауын және әр сайыс шартынан кейін, әр топтың бағасын жеке көтеруін сұраймыз.
Бүгінгі спорттық сайыс 6 бөлімнен тұрады:
1) «Секірмек» жарыс: кедергілер арасымен құлатпай бар жылдамдықпен, кедергіні айналып мәреге жетуі тиіс.
Әділ қазылар сайыскерлерімізді қалай бағалар екен?
2) «Қасыққа доп салып жүгіру» сонымен қатар кедергілерді құлатпай мәреге тез жету.
3) «Қапшықпен секіру» кедергілерді құлатпай мәреге жетуі тиіс
4) Екі аяқтың арасына допты қысып алып, кедергілерді құлатпай аралап мәреге жетуі тиіс.
5) Әр түрлі допты тездетіп жинау.
6) Қолымызды айқастырып (х — тап) баланы ортаға салып жылдамдыққа жүгіру.

Құрметті көрермендер «Толағай» атты спорттық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Қорытынды: Сөз кезегін әділ қазы алқасы Ақмарал апайға береміз.
— Міне, бүгінгі денсаулық кепілі, спорттық сайысымызда өз мәресіне жетті. жеңісті күндерді жолыққанша!

Тақырыбы: «Толағай» — спорттық сайыс

1. Спорттық сайыстың мақсаты:

Ойынғақатысушылардыңөзін-өзіанықтау, тұлғаныңмүмкіндіктеріменқабілеттеріндамытуарқылышапшаңдық, ептілікдағдыларынқалыптастыру.

Адам денсаулығыныңқымбаттылығын, өмірсүруүшінқажеттілігін, бағалыбайлықекенінтүсіндіру. Ұстаздарғасұлу да сыбатты, денсаулығызор, күшті болу үшіндененішынықтыру, оларғаспортпенайналысуынқажетекендігініңмаңызынтүсіндіру. Салауаттану — адамжанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығыныңжақсаруы, сондықтансалауаттыөмірсалтынұстануғатәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Конус, кіші доп, шығыршық, секіртпе, қапшық, төсеніш,

2. Спорт мерекесінің қорытындысын шығару. Қатысушыларды марапаттау.

Эстафеталық жарыс түрлері:

1 Таныстыру.

2 Допты екі тізенің арасымен қысып жүру

3 Секіртпемен секіру.

4 Қапшықпен секіру.

5 Кедергілер алаңы.

6 Жылан жүрісін салу.

Құрметті ойыншылар, бүгін «Толағай» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)

Ал, сайыскер Ұстаздар,

Ешкімің жоқ алалар

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік

Оны әділқазы бағалар.

Музика ойналып ұстаздар саппен залға кіреді, сапқа тұрып сәлемдесу.

Жүргізуші: Тік тұр, түзел, тік тұр, солға бұрыл, бір қатарлы саппен жүр, белгі бойынша жүгір. Бойымызды ұзартып қолдарымызды жоғары көтеріп аяқтарымыздын ұшымен жүреміз. Екі қолымыз белде аяқтын өкшесімен жүреміз. Дем алу жаттығуын жасаймыз. Екі командаға бөлініп Жалпы дамытушы жаттығуын орындаймыз.

1. Мойнымызға арналған жаттығу. Екі қолымыз белде басымызды оңға, солға қимылдатамыз кезек-кезек.

2. Иыққа арналған жаттығу: Екі қолымыз иықта аяғымыз алшақ, алға артқа айналдырамыз.

3. Қолымызға арналған жаттығу: Қолдарымызды алға, жоғары, жанға, төмен түсіреміз. Кезек-кезек.

4. Белге арналған жаттығу: Оң қолымыз белде, сол қолымызды жоғары көтеріп оң жағымызға, сол жағымызға кезек-кезек иілеміз. 5. Аяққа арналған жаттығу. Оң аяқпен, сол аяқпен, екі аяқпен кезек-кезек секіреміз. 6. Дем алу жаттығуы: Қолымызды жай көтеріп аузымызға ауа толтырып, кері шығарамыз.

Тәрбиеші:Ұстаздар екі командаға бөлініп сапқа тұрып жарысымызды бастаймыз.

1. Сайысымыз таныстыру. Екі топ кезек-кезек өз топтарын таныстырып ұрандарын айтады.

1топ -«Күншуақ» командасы

2топ -«Жұлдыз» командасы

Командалар сәлемдесуі.

1 – команда «Күншуақ» Күндей болып күлеміз, шуақ шашып жүреміз.

2 – команда «Жұлдыз» Жұлдыздай жарқырап, шығамыз біз алға.

Жүргізуші: Міне, ұстаздар шықты алаңға,

спортшыларымыз жеке — жеке команда.

Ал, ұстаздар өздеріңізді танытыңыздар,

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

«Жеңіске»жетеміз деп

Жалынды ұран тастаймыз.

2. «Допты екі тізе арасымен қысып жүру»

Шарты: Екі командадан бір-бір ұстаздардан шығып допты екі тізе арасына қысып конусты айналып жүреміз, кері қайтамыз допты қысып.

3. «Секіртпеден секіру»

Шарты: Секіртпемен конусты айналып секіріп барып кері қайту.

4. «Қапшықпен секіру»

Шарты: Қапшықтың ішіне кіріп конусты айнала секіріп барып кері қайту.

5. «Кедергілер алаңы»

Шарты: Конустың арасымен өрмекшілерге ұқсап шалқайып қолды жерге тіреп конусты айнала жүріп, шығыршықтын араснан өтіп, төсенішке бір рет айналып бес рет қолдарымыздың күшімен төсеніштің үстінде тізерлеп көтеріліп қайта түсу.

6. «Жылан жүрісін салу»

Шарты: Екі командадан бір-бір ұстаздан шығып конусты айнала жүгіріп кері кайтып артына бір ұстазды қосып алып консты қайта айналып кері қайтып бір ұстазды қайта қосып алу.

Тәрбиеші: Жарайсыздар ұстаздар, сздер барлық ойындарда жақсы нәтиже көрсете білдіңіздер.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Ұстаздар біздің бүгінгі эстафета ойындарымыз сіздерге ұнадыма?

Білгенге маржан (тапқырлар сайысы)


  • Сценарилер
  • admin
  • 22.05.2016
  • 0
  • 1
  • 11357

Муханбеталина Гульмира Кайроллиновна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
М.Ғабдуллин ауылы

Сайыстың мақсаты:

білімділік: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, сараптау.

дамытушылық: берілген тапсырманы шапшаң орындай білу дағдысын қалыптастыру.

тәрбиелік: ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: –Сәлеметсіздер ме, құрметті сайыскерлер және қонақтар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын, білімге қызығушылығын арттыратын «Білгенге маржан» атты тапқырлар сайысымызға қош келіпсіздер! Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл- дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!

Олай болса,тапқырлар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!

1-топ: «Қыран» тобы

2-топ: «Тұлпар» тобы

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әділ-қазылар алқасымен және сайыстың кезеңдерімен таныстырып шығу.

Сайыстың бөлімдері: 
1. Таныстыру 
2. «Жедел жауап» 
3. «Сөзмәйегі – мақал» 
4. «Полиглот» 
5. «Ойлан тап» 
6. «Қызықтыұйқастар» 
7. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» 

Жүргізуші: Ал енді, жарысушы топтар, осы жарыстың бірінші бөлімінен бастайық, яғни таныстыру. Әр топ ортаға шығып, өз топтарын таныстырады. Осы екі қатысушы топқа сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз.

1-бөлім. Таныстыру.

2- бөлім. «Жедел жауап».

Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. 

І топ 
1. ҚР астанасы қай қала? (Астана) 
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше тұрі бар? (4) 
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42) 
4. Бір тәулікте неше сағат бар? (24) 
5. Қазақстанның ел басшысы кім? (Н.Ә. Назарбаев) 
6. Жеңіс күні? (9-мамыр) 
7. Тышқаннан қорқатын аң? (піл
8. Абай Құнанбаев кім? (ақын) 
9. Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір) 
10. Қыстың бірінші айы? (қаңтар)

ІІ топ 
1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9) 
2. Қазақстан тарихында неше астана болған? (4) 
3. Көктемнің бірінші айы? (наурыз) 
4. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров) 
5. Бір жылда неше күн бар? (365) 
6. ҚР мемлекеттік тілі? (қазақ тілі) 
7. Бала оқытатын адам? (мұғалім) 
8. ҚР рәміздері? (ту, елтаңба, ән ұран) 
9. Қазақстанның бірінші астанасы? (Орынбор) 
10. Абайдың шын аты? (Ибраһим) 

3- бөлім. «Сөз мәйегі – мақал» 
І топ 
1.Ең тәтті де тіл, … (еңащы да тіл.) 
2. Отансызадам — … (ормансызбұлбұл.) 
3. Тіл – қылыштан … (да өткір.) 
4. Өнералды – … (қызылтіл.) 
5. Отан … (оттан да ыстық.) 
6. Оқусызбілімжоқ, … (Білімсізкүніңжоқ.) 

ІІ топ 
1.Жүз сомыңболғанша, … (жүздосыңболсын.) 
2. Ер жігіт ел үшінтуады, … (ел үшінөледі.) 
3. Білімтаппаймақтанба, … (өнертаппайбаптанба.) 
4. Мектеп-кеме, … (білім-теңіз.) 
5. Жақсыжолдас – жанғасерік, … (жаманжолдас-малғасерік.) 
6. Шебердіңқолыортақ, … (шешенніңтіліортақ.) 

4- бөлім. «Полиглот». Ең бай адам-көптілді меңгерген адам. Көп тіл білген адамды ғылым тілінде «полиглот» дейді. Келесі сайысымыз жұмбақтарды қазақ, орыс, ағылшын тілінде шешу. 

І топ 
1. Темір тілді, күміс үнді. (Қоңырау, колольчик, king) 
2. Қыста келген, көктемде еріген. (Қар, снег, snow ) 
3. Үй үстінде асыл тас, алайын десе табылмас. (Жұлдыз,  звезда, star) 
4. Түк білмей барасың, тәлімін аласың. (Мектеп, школа, school ) 
5. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса атта ма. (Кітап, книга,book) 

ІІ топ 
1. Сырты тәтті, іші тәтті, ортасы сүйек қатты. (Алма, яблоко, аpple) 
2. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы, лыжи, skiing ) 
3. Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар. (Бор, мел,a piece of chalk ) 
4. Жесең ащы, көзіңнен шығар жасы. (Пияз, лук, bow ) 
5. Аспанға ұшар бу болып, жерге қайтар су болып. (Бұлт, облако, cloud ) 

5- бөлім. «Ойлан тап» 

 Бұл сайыста берілген әріптермен сөз құрайды. 

1-топ

я,м,р,г,о,и,л,о,ф,о (морфология)

2-топ

а,ф,и,к,о,е,н,т (фонетика)

6- бөлім. «Қызықты ұйқастар» 
Бұл сайыста екі топтың әр оқушысы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады. 

І топ 
1. Жизнь –өмір, уголь –көмір. 
2. Таможня – кеден, пол еден. 
3. Рыба – балық, народ халық. 
4. Зуб – тіс, дело іс. 
5. Лето –жаз, гусь қаз.

ІІ топ 
1. Город – қала, ребенок бала. 
2. Игра – ойын, шея – мойын. 
3. Число – сан, кровь қан. 
4. Человек – адам, шаг қадам. 
5. Дверь – есік, колыбель бесік.

7- бөлім. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» 

Топ басшылары шығып,сандықшадан тапсырмалар алады. Берілген тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді.

1 топқа

  1. Сиырдың пірі не? (Зеңгі баба)
  2. Омоним дегеніміз не? (Біркелкі дыбысталып, мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді)
  3. Фонетика саласы нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)
  4. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
  5. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңініңавторы кім? (Абай  Құнанбаев)

2 топқа

  1. Жылқының пірі не? (Қамбар ата) 
  2. Антоним деген не? (Мағыналары қарама-қарсы сөздер)
  3. Буынның неше түрі бар? (ашық, тұйық, бітеу)
  4. Етістіктің неше шағы бар? (Осы шақ, келер  шақ, өткен  шақ)
  5. «Кел, балалар оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай  Алтынсарин)

Жүргізуші:

Білімнің мініп алып тұлпарына, 
Қиналмай шықты білім шыңдарына. 
Бүгінгі сайысымыз аяқталды, 
Сөз кезегі әділ қазы алқасына. 
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз береміз. 

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін!


«Толағай»
(отбасылық сайысы)
Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл — күйде болуын қалыптастыру, тепе — теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Бүгін біздің «Бастауыш» сыныптар арасында «Толағай-2017» отбасылық сайысына қош келдіңіздер.Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылаына сәт сапар тілейміз!
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

1.«Толағай-2017» отбасылық сайысына қатысушыларды ортаға шақыру.

2.Әнұран

3.Флешмоб

4.Таныстыру

5.Мектеп директорының сөзі

6.Кегльдің арасынан өту

7. «Кім жылдым» (допты шеңберге түсіру)

8. Қаппен секіру.

9. «Картоп егіп кел де, жинап ал»

10. «Акробатика»

11. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады. (мимика)

12. Арқан тарту ойыны.

1.«Толағай-2017» отбасылық сайысына қатысушыларды ортаға шақыру.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі,жылдам да шапшаң

Отбасыларымызды шақырамыз.

2-сынып:

* «Арыновтар» отбасы

* «Мусабаевтар» отбасы

* «Ибраевтар» отбасы

3-сынып:

* «Даирбековтар» отбасы

* «Арыновтар» отбасы

* «Алдекеновтар» отбасы

4-сынып:

*«Даирбековтар» отбасы

* «Мухамеджановтар» отбасы

* «Бозжигитовтар» отбасы

2.Әнұран

3.Флешмоб

4.Сайысты бастамас бұрын біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

* Мектеп директоры Какимова Гүлдана Ертайқызы

* Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ибраев Дінмұхамед Тұрсынбайұлы

* Аға тәлімгер Амангельдина Алиса Павловна

5.Директорға сөз беру

6. «Кегльдің арасынан өту.

7. «Кім жылдым» (допты шеңберге түсіру)

8. Қаппен секіру.

9. «Картоп егіп кел де, жинап ал»

Шарты: Ойыншылардың алдында 1 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. Белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 — ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 — ойыншы егеді, 4 — ойыншы жинайды. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.

10. «Акробатика»

Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.

11. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады. (мимика)
Шарты:Кәмпитті сөздерді тобына мимикамен көрсету, ал топтары жауаптарын айту керек. (телефон, машина, кітап, қалам, күн, мысық, доп, балмұздақ, күрек)

12. Арқан тарту ойыны.


1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.
2.Құрсауды бір-біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.
3. «Кім жылдам?» ойыны.
4. (баласы бір аяқпен секіреді)
5.Допты шеңберге лақтыру.
6.Асық тау.
7.Арқан тарту ойыны.

«Картоп егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 — ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 — ойыншы егеді, 4 — ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.

3. «Акробатика»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.

4. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады.
Шарты: Көздері байлаулы қалпында кәмпитті ауызымен тауып алу, тапқан кәмпиттегі сөздерді тобына мимикамен көрсету, ал топтары жауаптарын айту керек.
(телефон, кітап, сумка, күн, мысық, қалам, нан, доп, машина)

Толағай отбасылық сайысы

«Біз отбасымызбен біргеміз» толағай отбасылар сайысы
№11 Қоскөл орта мектебінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күні
«Біз отбасымызбен біргеміз» атты «Толағай»отбасылар сайысы болып өтті
Сіздерге сол сайыстың өтілу барысын ұсынып отырмын.

Жүргізуші:
Бүгінгі 15 мамыр Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған
«Біз отбасымызбен біргеміз» атты «толағай» сайысына хош келдіңіздер!
— Ойын залына акробат қыздарымызды Жаңыл мен Айжанды ортаға шақырамыз
— ( Толағай әні ойнап тұрады )
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі сайысымызға демеушілік жасап отырған ауыл әкімі Хамзат Абдуллаұлына, мектеп директоры Абдиманап Саматұлына, ауыл азаматтары Акмал ағай, жеке кәсіпкер Ардаққа көп — көп рахмет айтамыз. Сайысымызға 4 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы, Бірлік тобы, Барыс тобы қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз) 1. Қыран тобы 2. Сұңқар тобы 3. Бірлік тобы 4. Барыс тобы
Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Математика пәнінің мұғалімі — Ахметова Роза мұғалім
2. Әкім бас маман — Сейітбеков Асылан
3. Ата — аналар комитеті атынан — Аппазова Мағрипа
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)
1. үй тапсырмасы
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 — 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;

2 тур. Кім жүйрік?
Шарты
: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Әділ — қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
3 тур « мергендер» сайысы
Шарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«Шарды жару»,
Әділ — қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
4 тур «Кім епті?
Кедергілерден жүріп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керек
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
5
тур «Картоп егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 — ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 — ойыншы егеді, 4 — ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.
6
тур «көпірлерден өту»
Шарты: әр топқа екі картон қағазды беріп, сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау, яғни мақал — мәтелді жалғастыру
7 тур «Кенгуру» Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз үлкен батут доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу. Бұнда алдымен екі топ, келесі екі топ, сосын жеңген топтар бір — бірімен жарысады.
Әділ — қазылар алқасы, бағаларыңыз!
8 тур «капитандар сайысы»
( топ басшыларын шақырып алып отырып — тұрып, тез — тез таблица айтқызу)
Өмірзақ Арайдың орындауында «Анашым»әнін қабыл алыңыздар
Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол —
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ — қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Марапаттау рәсімі! Сайысымыздың бас жүлдесін 110 ұпаймен «Барыстар»тобы иеленіп, арнайы сый — сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар — ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген — дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!

«Көңілді старт»
(спорттық ойын — сауық)

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл — күйде болуын қалыптастыру, тепе — теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Барысы:
Шаттық шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)

— Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)

Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру.
2. «Жалауды тез жеткізу».
3. «Акробатика».
4. «Кедергілер» сайысы.
5. «Кім шапшаң?»
6. «Епті де, жүйрік» сайысы.

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!

1. Таныстыру.
«Күншуақ» тобы
Ұраны: Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы
Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала
«Көңілді старт» ойыны
Шаттық сыйлар баршаға.

2. «Жалауды тез жеткіз»
Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы жалауды белгіленген орынға апарып тігеді.

3. «Акробатика»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап — аттап жүгіріп, матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.

4. «Кедергілер» сайысы
Ойын шарты: Бағдаршам көздерінің үстінен қоянша секіру, тақтай үстімен еңбектеу. Құрсау арасынан өту. Тікен төсеніш үстінен тепе — теңдік сақтап өту.

5. «Кім шапшаң?»
Шарты: Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өту.

6. «Епті де, жүйрік» сайысы.
Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.

— Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)

«Әкем,шешем және мен»(топтар сайысы)

Мақсаты:
а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Бүгін біздң «Айгөлек» тобында үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылаына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатынасатын ата-аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.
2.Құрсауды бір-біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.
3. «Кім жылдам?» ойыны.
4.Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)
5.Допты шеңберге лақтыру.
6.Асық тау.
7.Арқан тарту ойыны.
Алғашқы сайысқа Жүсіповтар мен Кабышовтар отбасы жарысқа түседі.
Өздерін таныстыру.
Жүсіповтар отбасы.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз

Кабышовтар отбасы.
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап трмаспа
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.

2-сайыс.
Нұрғалиевтер отбасы.
Қане,қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізд шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.

Умизақовтар отбасы.
Қане,босқа арап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық.

ІІ.Ойынның шарты
Екі отбасының мүшелері бір-біріне 2 метр қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Мәреде әр отбасының топ бжанында 10 құрсаудан қойылған. Белгі берісімен 2 отбасының топ басшысы құрсауды тез-тез беріп тұрады, ал ең соңында сайыскер құрсауды беліне кигізеді. Қай жақтағы отбасы тез және уақытында киіп үлгерсе, сол жееді.

Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
ән мен шашу шашайық.

Даярлық тобының орындауында «Түркістан» биі.

ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Ойынның шарты.
Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының қолында көкөніс салынған.4 себет. Сол топтағы сайыскерлер көкөністерді жолда жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып есептеледі.

ІV. «Қаппен секіру» ойыны.
Ойынның шарты.
Жарыстатын екі топты сайыскері мәрегег келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.

Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.
«Би» «Айжан қыз»
IV. «Допты шеңберге» лақтыру.
Ойынның шарты.
Әр отбвсындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау.Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1,5 м-дей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтыру керек.Әрбір отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім шеғберге дәл лақтырса, сол кп ұпай жинайды.

VI. «Асық ату».
Ойынның шарты.
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп ығады.

Жүргізуші:
Қошеметтеп жеңіп шыққан отбасын,
Қол соғайық жеісімен құттықтап.
Жастық әнің шалқыта
Енді міне, көшейік айтысқа.

Даярлық тобы оқушыларының өнерімен «Біржан-Сара» айтысынан қысқаша сахналық көрінісін тамашалаңыздар.
(сахналық көрініс)
Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,бекініп.
Күшімізді сынайқ.

VII. «Арқан тарту» ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Осымен сайысымыз аяқталды.

«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ СЦЕНАРИІ

Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын, спорттық бейімділіктерін балаларға үйрету.     
2. Балаларды отбасылық ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
3. Спорттық ойындарымен таныстырып, салауаттылыққа  тәрбиелеу.
Спорттық эстафеталар қазақ күйімен сайысқа қатысушылар ортаға шақырылып қошеметке ие болып орындарына тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған, салауатты өмір салтын дәріптей отырып, ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Толағай» отбасылық сайысына хош келдіңіздер!
Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін. Команда екіге бөлінеді, эмблемалары, аттары, болады.Сайыстың мазмұны алты бөлімнен тұрады:
1-бөлім:  «Менің жанұям»
2-бөлім: «Кенгуру»
3-бөлім: «Туристар»
4-бөлім: «Маймылдар»
5-бөлім:  «Қояндар»
6-бөлім:  «Арқан тарту»
Әр команда капитаны ортаға шығып әділқазы алқасына эмблемаларын табыстайды. Әр ойын сайын ойын шарты түсіндіріліп отырады.
1-бөлім: «Менің жанұям»
Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
2-бөлім: «Кенгуру»
Ойын шарты: Әкесі баласын үлкен доптың үстіне секірте отырып, белгілі жерде тұрған анасының қасына жетіп допты анасына табыстайды. Анасы доптың үстіне секіріп командаға оралып, ойын сол бетімен жалғасады.
3-бөлім: «Туристер»                                        
Ойын шарты: Команда әртүрлі бөгеттерден өту керек. Балалар бір жақта, ата-аналар бір жақта. Ойын ата-аналар балаларын бір жаққа жиыстыру керек, тек бөгеттерден аман-есен өту керек.
Бірінші бөгет: Тау тастың арасынан өту керек, яғни бес рет гиглидің арасынан өту.
Екінші бөгет: Көпірдің астынан өту, жирафтардың астынан өту.
Үшінші бөгет: Жайлау кең дала — матраста домалап екі рет айналу. Баланы алып командаға жүгіріп келу.
4-бөлім: «Маймылдар»
Ойын шарты: Анасы скакалкамен баласы тұрған белгілі жерге дейін секіріп барып, әкесі баласын арқалап командаға келеді. Ойын жалғасады.
5-бөлім: «Қояндар»
Ойын шарты: Анасы себеттен жүгіріп барып сәбізді әкесіне береді, әкесі  қаппен секіріп отырып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбізді команда қоржынына салады. Ойын жалғасады:
6-бөлім: «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Екі команда ата-аналары бөлек, балалар бөлек арқан тартысып күш сынасады.
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз екенін айта отырып, сөзді әділ қазы алқасына береміз. Әділ қазы алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттап, командаларға балаларға сыйлықтар табыс етіп тапсыру.

Толағай (Спорттық сайыс)

admin · Ноя 16th, 2015 · 0 Comment

Тақырыбы: «Толағай» (спорттық сайыс)

Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, өткізілген бұл сайыста баланы

өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-

қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Спорттық іс- шара

Білім беру саласы: «Денсаулық».

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Сайыс тақырыбы, топ аттарын жазу эмблемалар, дипломдар.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу, топтастыру, көрсету, ойын.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: «Балдәурен» балабақшасының құрметті қонақтары мен ата-аналары, бүгінгі ата- аналарымен тәрбиенушілерінің арасында өтетін «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер.

«Толағай» отбасылық сайысы еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты спорттық іс-шара. Бүгінде осындай іс-шара біздің балабақшамыздың ортаңғы топ бүлдіршіндері мен ата-аналарының арасында өткізгелі отыр. Үш отбасы қатысады..

Толағай: – Оу-у, мына жерде балалар жиналып қалыпты ғой. Сәлеметсіңдерме, балалар, ата-аналар, қонақтар! Менсіз қалай «Толағай» отбасылық сайысын өткізгелі жатырсыздар?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Толағай? Кел онда, сайысты бірге жүргізейік.

Толағай:

Ал,қанекей, қонақтар,

Ортаға назар салайық.

Ойыншылар келеді,

Қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші: Ақ түсті киімде «Бүркіт»  тобы, қызыл түсті киімде «Тұлпар» тобы, көк түсті киімде «Барыс» тобы.

Толағай: Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын тағайындайтын құрметті әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

«Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі: Аманкулова Ш.А

«Балдәурен» балабақшасының әдіскері: Чалимбаева Б.

«Балдәурен» балабақшасының психологы: Ошкарова Н.С

Жүргізуші:

Өнер қуып отбасы өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

(Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады)

«Бүркіт» тобы.- 3 сынып

Ұраны: Ұшақтан да ұшқырмын

Жедел озған жүйрікпіз.

Келіп тұрған жарысқа

«Бүркіт» тобы боламыз.

«Тұлпар» тобы -2 сынып

Ұраны: Біз балдырған бақытты

Әкеміз бен анамызда

Жеңілмейміз, озамыз

«Тұлпар» тобы боламыз.

«Барыс» тобы.- 4 сынып

Ұраны: Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты.

«Барыс» тобы боламыз

Жарысамыз ой қатты!

Толағай:

Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Ендігі кезекті сайысқа берейік.

Жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады.

  1. 1. «Құлатпай алып өт» сайысы.

  2. «Мергендер» сайысы.

  3. «Кім жүйрік» сайысы.

  4. «Арқан тарту» сайысы

  5. «Жұмыртқаны түсірме» сайысы

  6. «Допты түсірме» сайысы

Әр сайыстан кейін әділ-қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.

Толағай:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

«Құлатпай алып өт» сайысы

Шарты: Ата-аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп өтеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Сабырлы да, салмақты әділ-қазыларымыз ұпай сандарын көрсетулерін сұраймыз.

Жүргізуші:

«Мергендер» сайысы.

Шарты: Допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасымен өтеді, ілініп тұрған шарды жарып қайта келеді.

Әділ-қазылар ұпай сандарын көрсетіңіздер.

Толағай:

«Кім жүйрік» сайысы.

Шарты: Қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секіреміз.Ойынның шартын бұзбаймыз,бірінші келген топ жеңімпаз

Ал,неді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.

Жүргізуші:

Ойын ойнап,ән салмай

Өсер бала бола ма?

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеріне толап ма?

Айгөлек-ау, Айгөлек

Айдыңжүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде

Би бибейміз дөңгелеп

Олай болса келесі сайысымыз  «Арқан тарту» сайысы.

Шарты: Екі топқа бөлініп, арқан тартамыз, белгіленген жерге дейін  арқанды тарту керек.

Отбасылардың өнеріне тәнті болып отырған әділ-қазы мүшелері ұпайларыңызды көрсетіңіздер!

Жүргізуші:

Келесі сайысамыз «Жұмыртқаны түсірме» сайысы.

Шарты: Кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Толағай:

-Енді соңғы сайыс «Допты түсірме» сайысына кезек берейік.

Шарты: Әкесі мен анасы маңдайларына допты қысып, түсірмей кедергі арасымен жүріп өтеді Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Сайыс осымен тәмам. Төреші әділ-қазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай отбасы топтары, топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлағанша, барлық қатысушылардың орындауында  «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Қорытынды: – Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.

Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!

«Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды.

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!.

Ұқсас жазбалар

Қозғалыста допты себетке лақтыру

« Баскетбол» Допты алып жүру, допты екі қолмен кеудеден беру және қағып алу

Толағай (спорттық жарыс)

Мақсаты:
1. Ойын кезінде өзін — өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар.
Барысы:
1. кіріспе сөз
2. спорттық жарыс
3. қорытынды сөз.
Марапаттау
1 Жүргізуші
Құрметті жиналған қауым, ата — аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты — жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 2 — 4 сынып оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
2 Жүргізуші
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріндер,
Әділ қазы алқасын сайлап,
Әділ баға берііңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап, таныстырып өту.
Ата — аналар атынан……………………………….
Мұғалімдер атынан……………………………..
Оқушылар атынан………………………………….. бағалау жүйесі 5, 4, 3 балдармен бағалау.
1 Жүргізуші
Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеу, содан кейін 3 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысу керек. 2 сынып — 5 оқушы, 3 сынып – 3 оқушы, 4 сынып — 4 оқушы.
Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Бүгін оқушылар 3 топқа бөлініп бақ сынайды. 1 топ — «ұландар»
2 топ -«Балдырғандар», 3 топ — «жұлдыздар».
Ал ендеше сайысымыздың шарттармен танысайық.
Сайыс шарттары:
1. «допты ойын»
2. «Толағай»
3. «Тасымақ»
4. Капитандар сайысы
5. «Шегірткелер»
Бұл ойында бізге көмек көрсететін оқушылар Алтаев Жандос, Қаби Даниял.
2 Жүргізуші
Денсаулық — шексіз бақыт,
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық — терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.
1. «Допты ойын»
Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Толағай» ойыны деп аталады.
Шарты: толағай добымен секіріп, орындықты айналып, қайта орына келу. (жылдамдықта)
Олай болса балалар сендерге сәттілік!
Бір, екі, үш дайындал, алға!
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
2 Жүргізуші
3. Келесі ойынымыз «Тасымақ» деп аталады.
Шарты: бір оқушы доп алып кедергілер арқылы бір қолымен кезек — кезек жерге соғып тақтайшаға жеткенде көздері байлаулы қалпында сурет салу керек. Келесі оқушы осы суретті жалғастыру керек.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,

Талаптан, жаттық еңбекпен.
4. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады.
Шарты: Көздері байлаулы қалпында кәмпитті ауызымен тауып алу, тапқан кәмпиттегі сөздерді тобына мимикамен көрсету, ал топтары жауаптарын айту керек. (телефон, кітап, сумка, күн, мысық, қалам, нан, доп, машина)

2 Жүргізуші
5. келесі ойынымыз «Шегіртекелер»
Шарты: Бір оқушы секірмекпен секіріп барып, математикалық есепті шығару керек. Қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. (марапаттау)
2 Жүргізуші
Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың!
Бүгінгі «Толағай» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

«Толағай» отбасылық сайыс

«Толағай» отбасылық сайыс

Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата  отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтілетін орны: Спорт залы

Көрнекілігі: газеттер,шар,жалауша,кедергілер т.б.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

                                         Шынықсаң шымыр боласың,

                                        Сауығып айдай толасың.

                                        Спортты серік ете біл,

                                        Жақсы азамат боласың.

                                        Жеңімпаз болу оңай ма,

                                        Арман болған талайға?

                                        Болмасаң да ұқсап бақ,

                                        Жарысқа түсіп қалайда.

ІІ.Негізгі бөлім

   Құрметті мұғалімдер және ата-аналар,оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 2 «А»,3 «А»,

4 «А» сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.

                                        Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

                                        Әр таңды бақытпенен атырамыз

                                        Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

                                        Сайысқа қатысуға енді ортаға

                                        Балғабековтар,Абдикеровтар,Алимжановтар

                                        отбасын шақырамыз.

                                                     (әр отбасы орындарына келіп тұрады)

(Дене шынықтыру мұғалімі Игенов Д.О рапорт тапсыру рәсімі)

Әнұран орындалады

                                         Ал,құрметті халайық!

                                         Жарысты енді көріңдер

                                         Әділ қазы алқасы

                                         Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.Түйтебай Н.Қ

2.Құнанбаева Г.М

  1. Амиркулова А.К

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

                                                Сайыстың бағдарламасында

Топтың     аты

Таныстрыу

Баскетбол

Конвейер

Навигатор

Тұсау

Мерген

Эстафета сайысы

Көмек

Қалашық

Хоккей

Теннис

Кенгуру

Арқан тартыс

«Қайсар»

тобы

«Жасұлан»

     тобы

«Барыс»

тобы

 Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

«Қайсар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!

«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты

                              Бәрін жеңіп шықты 

«Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз.

2.Баскетбол ойыны Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.                                   

3. Конвейер

4.Навигатор

5.Тұсау

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

6.Мерген     Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету. 

7.Эстафета сайысы

8.Көмек

9.Қалашық

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

10.Хоккей

11.Теннис

12.Кенгуру

13.Арқан тартыс

ІІІ.Қорытынды бөлім

                                           Жарыс заңы ежелден-

                                           Жеңімпазды анықтау

                                           Жеңімпаз болу шарты сол-

                                           Еңбектену,жалықпау

                                           Біреу озса сайыста,

                                           Біреу артта қалады

                                           Жеңілгендер ренжімей

                                           Тараса бізге жарады

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Сонымен қатар әр сыныптың ата-аналары демеушілік көрсетіп «Қайсар», «Жасұлан», «Барыс» топтарына арналған сыйлықтарын табыс етпекші.Қабыл алыңыздар.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

                                         Өмірде бақыттысың денің сау да.

                                         Денсаулық терең бақыт деген сөзді

           Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет

Тақырыбы: «Көңілді мәре»
эстафеталық ойындар.

Өткізген: Бірлестік орта мектебінің
денешынықтыру пәнінің
мұғалімі Яки Бірлан

2013-2014оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді мәре» эстафеталық ойындар.
Өтілетін жарыстың мақсаты.
1.Оқушылардың денсаулығын, белсенділіктерін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Ойын барысында қолданылатын құрал-жабдықтар:эстафеталық кедергілер, доптар (үлкен,кіші), қаптар, шариктер, арқан, гимнастикалық төсеніштер, таяқшалар т.б.
Сабақтың барысы:Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Кіріспе: Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар,мұғалімдер және де меймандар бүгін 5,6,7,8-сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Көңілді мәре» эстафеталық ойын атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халық денсаулығын нығайту- мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға мәлім.
Салауатты өмір салтын ұстану –осы іс шараның баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру,сайыс сабақтары оқушылардың күш-қуаттарын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпалын тигізеді.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап,
Жеңіс сәтінтағат таппай күткелі.
Сайысатын оқушыларды бүгіні
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
Ортаға 5,6,7,8-ші сынып оқушыларынан құралған сайысқа түскелі отырған топтарымызды шақырайық.Әр топ ортаға шығып өздерінің топтарымен,ұрандарын таныстырып өтсін.
5-7 сыныптар. Атымыз: «Сұңқарлар»
Ұранымыз: Сұңқарлар бастайды,
Қиындықтан қашпайды.
Сұңқар алға,
Биікке самға.
6-8 сыныптар. Атымыз «Қырандар»
Ұранымыз: Қыран құстай самғаймыз
Қанатымыз талмайды.
Сайыста біз алдамыз
Жеңісті де қолдаймыз.

Сайыскерлеріміздің аттары мен ұрандарымен таныстыңыздар.Топтарды ортаға шақырайық. Енді сайысымыздың ережелері мен кезеңдерін таныстырып өтейін.
Сайысымыз он кезеңнен тұрады.Әр кезеңнің өз тапсырмалары бар,тапсырманы мұқият тыңдап, белгі берілгеннен кейін бастау керек. Бақтарын сынағалы отырған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын жасау. Сайыскерлерге сәт сапар тілеймін.

    1. Эстафеталық жарыс(доппен кедергілер арасынан жүріп өту,допты екі аяқтың арасына қысып жүру)

    2. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке доптты салу)

    3. Күштілікті қажет ететін ойындар.(арқан тартыс әр командадан 6-оқушыдан қатысады) ойынның шарты белгіленген сызықтан тартып шығару.

    4. Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ.(Әр командадан 2 оқушыдан,аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеп
      шығу)

    5. Капитандар сайысы. (Әр топтың капитандары шығып, өз өнерлерін көрсетеді)

    6. Тепе-теңдік сақтап жүріп, кедергілер арасынан бастарына кітап қойып және қасыққа шарикты салып құлатып алмай, кедергілер арасынан өту. Келесі ойыншы дәл осылай қайталайды. Мәреге кім бұрын жетсе, сол команда жеңіске жетеді.

    7. «Қаппен жарысу» Ойыншылар алдарында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп,екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай жүгіреді.Осылай кезектесіп барлық оқушылар жүгіріп шығады.Қай топ мәреге бұрын келсе, сол жеңіске жеткен болып табылады.

    8. Таяқшамен кедергілер арасынан допты алып жүріп, тақтада ілінулі тұрған есептерді қатесіз әрі жылдам шығару.Дәл осылай келесі ойыншылар қайталайды.Қатесіз және мәреге бұрын жеткен команда жеңіске жетеді.

    9. Акробатикалық элементтері бар ойындар.Төсеніште орындалатын аунау жаттығулары.(әр топ өз жолымен алға аунау арқылы, кедергіге дейін барып,допты алды да кейін артқа қарай аунап орнына келеді, дәл осылай келесі ойыншылар да қайталайды ) кімнің тобы бұрын жетсе,сол жеңіске жеткен болып табылады. Ескерту төсегніштен шығып кетпеу.

    10. Мергендер сайысы.(Алдын ала дайындалып қойылған, қағазға сызылған көмбені немесе тирге, пневматикалық мылтықпен нысанаға дәл тигізу) ұпаймен есептелінеді.Қай команда көбірек ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.

Қорытынды: Осымен бүгінгі сайыс сабағымызда аяқталды.Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік. Жарыс соңында жеңіске жеткендерді марапаттау.

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс

Мақсаты:

  1. Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
  2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Түрі: Эстафеталық жарыс

Өтілетін орны: Спорт зал

Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, қалақтар, шығыршықтар, кіші сөмкелер.

Өтілу барысы:

  1. I. Ұйымдастыру бөлімі

1-жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.

  1. II. Негізгі бөлім

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер бүгінгі «Оқыса білім бұлағы, білімді елдің ұланы» атты бастауыш сыныптар апталығына орай ұйымдастырылған салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 1-2 сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріміз қатысады.

1-жүргізуші:

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Жылдам да шапшаң,

Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.

(әр топ сап түзеп, орындарына  келіп тұрады)

  1. «Жалын» тобы, 1 «а» сыныбы
  2. «Шымыр» тобы, 1 «б» сыныбы
  3. «Ептілер» тобы, 2 «а» сыныбы
  4. «Қыран» тобы, 2 «б» сыныбы

2-жүргізуші:

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

  1. Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі: Оразалина С.И.
  2. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Сайнов Н.Б.

1-жүргізуші:

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :

  1. «Өз тобыңды таныстыр»
  2. «Теннис»
  3. «Кенгуру»
  4. «Фут-зал»
  5. «Арба»
  6. «Қаңбақ»
  7. «Навигатор»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

2-жүргізуші:

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

Өнер қуып топ өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

1-жүргізуші:

1-тур: «Өз тобыңды таныстыр»

Олай болса,  ортаға «Жалын», «Шымыр», «Ептілер», «Қыран» топтарын ортаға шақырамыз.

«Жалын» тобы

Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,

Біз спортшы боламыз!

«Шымыр» тобы

Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,

Спорт сүйер өренбіз!

«Ептілер»тобы

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықтымыз,

Бәрін жеңіп шығамыз.

«Қыран» тобы

Топтың ұраны: Біз биіктен самғаймыз,

Қарсыластан қалмаймыз.

2-жүргізуші:

Әділ-қазыларға сөз береміз!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Олай болса, екінші турымызға өтеміз.

2-тур: «Теннис»

Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесе кедергі арасымен бадминтон қалағы арқылы кіші допты жерге түсірмей алып жүру.

3-тур: «Кенгуру»

Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып  кедергі арасымен айнала секіре өтіп, белгіленген  жердегі кіші доптарды сөмкеге салып ала кері айналып қайту.

4-тур: «Фут-зал»

Ойынның шарты: Топ  мүшесінен ұлы  мен қызы кедергі арасымен допты теуіп алып жүріп, белгіленген жердегі шеңбер ішінде тұрған мұғаліміне  допты беру, кейін қайтара алу  арқылы кері айнала өтіп шығу.

5-тур: «Арба»

Ойынның шарты:  Топ мүшелері шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.

6-тур: «Қаңбақ»

Ойынның шарты: Топ мүшесінен мұғалімі белгіленген жерді шығыршықты айналдыра өте оқушылары шығыршық арасынан допты жерге соға өткізу арқылы айналып өту.

7-тур: «Навигатор»

Ойынның шарты: Топ мүшесінен  ұлы мен қызы жұптасып бір-біріне арқа сүйеп допты түсірмей кедергі арасымен алып жүру; Мұғалімі шығыршықпен кедергілерден айнала секіре өтіп шығу.

III. Қорытынды бөлім

1-жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады, —

демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын – «Қыран» тобы, 2 «б» сыныбы

ІІ орын – «Ептілер» тобы, 2 «а» сыныбы

ІІІ орын – «Шымыр» тобы, 1 «б» сыныбы

ІІІ орын – « Жалын» тобы, 1 «а» сыныбы

2-жүргізуші:

Құрметті ұстазымыз!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкірттеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан  астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!

Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

Мақсаты: Балаларды спорттық сайыстарға қатысуға баулу, көңіл күйлерін көтеру. Бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын дамыту. Шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету. Отбасылар арасында бұқаралық спортты насихаттау.

Қатысатын команда:                                                                            

1.

2.

3.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар және балалар! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Жүргізуші:

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға  __________________   отбасын    шақырамыз.

Денсаулық – басты байлық өмірдегі

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық  жақсы азамат  өңірдегі, —

дей келе  ____________________отбасын  шақырамыз.

Спорт – біздің досымыз,

Күш қайратын сынға алған.

Спорта біздің досымыз,

Бала кезден  шыңдалған, — деп __________________ отбасын  ортаған шақырамыз.

1-жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділетті қолдайтын баға берер,

Жіберейін қазыларды таныстырып.

Әділ қазылар мүшесі:

1) . ___________________________

2).____________________________

3)._____________________________

Топтармен, қазылар алқасымен таныс болдық. Енді сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1-кезең: «Менің жанұям»;

2-кезең: «Кім жылдам?»;

3-кезең: «Кім епті»;

4-кезең: «Қосарланған аяқтар»;

5-кезең: «Матрастан айналу»;

1-жүргізуші: Сайыс кезеңдерімен таныс болдық, ендігі кезекте топтарға сәттілік тілей отырып бірінші кезеңді бастауға рұқсат етіңіздер. Бірінші кезең:

Жүргізуші: «Менің жанұям».

1-жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топ өздерін таныстырып өтуі керек. Сайыстың кезеңдері аяқталған соң әділ қазылар бағалап отырады. Сайыскерлер дайын болса таныстыруды І топтан бастасақ.

(Әділ қазылар бағасы)

2 — жүргізуші:

Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма, еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан, жаттық, еңбектен.

Сайысымыздың екінші кезеңі: «Кім жылдам?».

Ойын шарты: Доппен секіру арқылы кедергілерден айналып келу.

Екеуі: Сайыскерлер дайынбыз ба?! Бір, екі, үш алғааа!!!

(Әділ қазылар бағасы)

1 — жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл,

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда, — демекші, сайысымыздың үшінші кезеңі:

1-жүргізуші: «Кім епті?»

Ойын шарты: Аналар қапшықпен секіреді, балалары еңбектеп кедергілерден айналып келеді.

  1. Ойын шарты түсінікті болса бір, екі, үш, алғааа!!!

(Әділ қазылар бағасы)

1-жүргізуші: Кімдер күшті, кім алып,

Күш сынасып бағалық.

Доп тебісіп, жүгіріп.

Қарсыласты жығалық!

Сайысымыздың төртінші кезеңі: «Қосарланған аяқтар».

Ойын шарты: Аналар балаларын аяқтарына тұрғызып алып, кедергілер арасымен жүріп келеді, айналып кері қайтуы тиіс.

Сайыскерлер дайын болсақ бір, екі, үш. Алғааа!!!

(Әділ қазылар бағасы)

1-жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай жетістікке.

Сайыстың келесі кезеңі: «Епті».

Ойын шарты: Аналар қапшықпен кедергі арасымен кеглиді айналып келу,

балалар еңбектеп кедергілер (кегл) арасымен өтіп кеглиді айналып келу,

(Әділ қазылар бағасы)

1 — жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңіне де жеттік.

Бұл кезең «Матрастан айналу»

Шарты:  Қатысушылар жүгіріп барып, матрастан айналып, доғаның астынан өтіп, кері келерде тіке жүгіріп келу.

Ойынның шарты түсінікті болса бір, екі, үш, алғааа!!!

(Әділ қазылар бағасы).

1 — жүргізуші: Сөз кезегі әділ қазыларда (сайыскерлерді марапаттау).

1 — жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше

Осымен сайысымыз аяқталды. Ата-аналар, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Жүргізуші: Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!!!!!!!!!!!!!

Бисембиева А.А

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің

білім беру бөлімінің МКҚК

Ақсай қаласы №8 «Өркен» бөбекжайы

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Топ 15 самых вкусных салатов на любой праздник моя любимая подборка
  • Топсапожок ру новогодние сценарии
  • Топ 10 праздников русских
  • Тополиное праздник оленеводов
  • Топографические войска праздник