Т?уелсіздік шежіресі сценарий

Cкачать: Тәуелсіздік шежіресі классный час

Тақырыбы:
«Тәуелсіздік шежіресі»

Мақсаты:
Тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің  сан қилы тарихын
әр баланың санасына жеткізу. Әр жеткіншектің Отанын а, туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тіл байлығын
дамытып, ой – өрісін кеңейту.

         Тәуелсіз
еліміздің өсіп – өркендеуі, қол жеткізіп отырған табыстары, ел мен жердің
өркениетті елдер қатарынан көрініп отырғаны туралы мәліметтер беру.

Көрнекіліктері:
Қазақстан картасы, буклеттер, плакаттар. Ту мен Елтаңба,
«Менің елім — Қазақстан» тақырыбына арналған стенд және суреттер

Музыкалық
көрнекіліктер:
Құрманғазы «Сары – Арқа»,«Адай»
күйлері Қазақ – халқының өлеңдері: «Елім -ай», «Әй — бөпем»,

«Заман
— ай», «Отан Ана», «Менің Қазақстаным», «Елім менің»

Видео
— көрнекіліктер: «
Қазақстан – тарихы және болашақ»,
«Республаның бір күні…» атты Президенттің жарғысы

Ведущий:
Добрый день дорогие зрители!

Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті көрермендер!

Мемлекетіміздің
25  жылдық тәуелсіздігіне арналған әдеби музыкалық салонына қош келдіңіздер ! ,

Есть
все у тебя:

И
леса, и озера,

И
синие глуби

Натруженных
рек,

Бескрайние
степи,

Высокие
горы,

И
я – твой хозяин,

И
твой Человек!

         Ведущий
1:
Более двадцати пяти   лет назад на карте мира появилось название –
Республка Казахстан. Новое имя украсило древнюю страну, раскинувшуюся на
широких просторах Евразийских степей.

Оқушы:

Қазақстан,
Қазақстан – алтын күн.

Жанымызды
жарқылқайтын жарқын күн.

Атанды
сен барлық әлем тілінде,

Атыменен
«Қазақ» жеген халқыңның.

Жүргізуші:
Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. 16 желтоқсанда
1991 жылы біздің елімізде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» ата
заңы қабылданды.

Ведущий
1:
Так совместном труде, преопределении трудностей и
невзгод рождалась дружба. Недаром в народе говорят, что хдебу нужны не только
дождь и лучи солнца, но и тепло человеческих рук!Всем хватало места и для всех
казахов нашлось много  мудрых слов:

«Коня
оценивай по стати,

По
чуткам трепетным ушам,

А
человека не по платью,-

Какая
у него душа!» (Махамбет)

         Ведущий
1:
в 30-е годы на Казахстан обрушилась волна сталинских репрессий. Тех кто,
отстаивал национальные интересы, обвиняли в национализме;их преследовали,
многих расстреляли. В 1937-38 годах террор приянл массовый характер. Через
«гулаговские» организации прошли более 100 тысяч казахстанцев, около 30 тысяч
были расстреляны. Среди них ученые, писатели, видные общественные деятели.

         Ведущий
2:
Сакен Сейфуллин, Беимбет Майлин, Ильяс Джансугуров, Ахмет Байтурсынов,
Мыржақып Дулатов, Жусипбек Аймауытов, Магжан Жумабаев…

         Оқушы:

Елім
менің !

Қазақстан
– менің туған анамсың,

Өзгеде
жоқ, өзімде бар даламсың.

Кеңдігінмен,
молдығыңмен момақан,

Ақыл,
Сабыр үлестірген данамсың.

Елім
менің атыңды атап ер жеттім,

Ақ
сүт беріп, әлдиіңмен тербеттың.

Тербеттің
де, құдіретті сөз бердің,

Тек
өзіңе тең биікпен сөйлеттің.

Сонынң
бәрін көрсеттірген өзінсің.

Ғажаптармен
жол шектірген өзіңсің.

Қазақстан,
менің Қазақстаным!

Сөзімсің
де жұртқа қарар, көзімсің

         Оқушы: 
Айта берсе сөз таусылған ба ? 1941-1945 жылдардың қаралы оқтары қаншама
қыршынды өмірден қиды. Ержүрек ұлдарымызбен бірге Отан қорғауға қыздарымызда
аттанды. «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүк апаларымыз
қаһармандықпен көз жұмды.

Оқушы: 

Сілкінтіп
зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ
борап снарядтар қаққанда ызың,

Қаптаған
қалың жаудан тайсалмаған

Мен
көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Песня
— Алия

Ведущий
2:
Что это ?на мирной земле, в мирное время – атомный
взрыв!

Ведущий
1:
она оказалась такой бескрайней эта степь. Приникнув к
ней, можно было почувствовать ее теплое дыхание, услышать шепот трав. Здесь
можно было испить родниковой воды, целебного кумыса, послушать удивительные
степные песни – то печальные, то безудержно веселые. Здесь жили и работали
люди, летом кочуя на джайляу, зимой возврощаясь. Приглашали друзей поправить
здоровье. Но однажды, ранним дождливым утром (29 августа 1949 года) гигантская
молния прочертила небо, ввысь поднялось огромное грибовидное облако, вспыхнул,
как порох, степной травостой и благодатная земля превратилась в ядерный
полигон.

Ведущий
2:
И эта трагедия на казахской земле была приостановлена
волей народов Казахстана.Сорок лет спустя, 29 августа 1989, Президент
Н.Назарбаев подписал указ о закртыии Семипалатинского ядерного полигона.

Ведущий
1:
Росла республика  изо дня в день из года в год,
расцветали наука, культура, внедрялась новые космические программы и
осуществлялись запуски космических короблей. Но вместе с тем, все более
ощущалась потребность в переменах. 16 декабря 1986 года в Алма – Ате впервые в
Советском Союзе на мирную демонстрацию вышла казахская молодежь с политическими
и гражданскими требованиями. Был выраженобщенародный протест против
тоталитарной системы, требования справедливости и демократических преобразование.

Ведущий
2:
это выступление было жестоко подавлена.
Среди десятков тысяч раненых и незаконно задержанных были и погибшие. Они
отзываются в наших сердцах эхом священным воспоминаний.

Ведущий
1:
Кайрат Рыскулбеков награжден Орденом
«Халык Каһарманы» посмертно. Он мог бы стать поэтом, если бы остался жив, а
стал национальным героем.

         Бұл
кезең – қазақ халқын Қазақстан Республикасын дүйім дүние түгел – танып,
еліміздің өркениетті әлемнің ең мәртебелі халықаралық қауымдастығы – БҰҰ – на
толық құқылы мүше болып қабылданған кезеңі.

         Тәуелсіз
мемлекет, егемен ел болудың қыруыр қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар,
бірқатар шарттары, басты – басты белгілері бар екені мәлім.

Оқушы:
2000 жылы – біздің жас Астанамыз жаңа ғасырға аяқ басты.

Оқушы:
2002 жыл. Астанамыздың рәмізі – Байтерек монументі ашылды. Байтеректің биіктігі
– 97 метр. Байтеректің ішінде НҰР – атамыздың оң қолының таңбасы бедерленген.

Оқушы:
2003 жыл. Менің «Думан» ойын – сауық орталығы туралы айтқым келеді. Думанда
мухитарал, кинотеатр, әр түрлі кофелер, сауда залдары, атракциондар бар.
Мұхитаралдағы азу тізті акулалар – ең негізгі аквариумның  иелері. Біз Думанда
бірнеше рет болдық. Бізге өте ұнады.

Оқушы:
2004жыл. Елбасымыздың резиденциясы – Ақорда ашылды. Есілдің сол жағалауында
орналасқан Ақорда ғимараты астанамыздағы ең таңдаулы да көрікті ғимараттардың
бірі.

Оқушы:
2005жыл. Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің мұражайы ашылды. Мұражайда
Қазақстанның тарихы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы сыр тартатын 15 тақырыптық зал орналасқан.

Оқушы:
2006 жыл. Бейбітшілік пен келісім сарайы ашылды. Бұл жылы біз бұл сарайда өткен
Президент шыршасына қатыстық. Адамдар оны басқаша «Пирамида» дейді. Бұл – өте
биік, әдемі ғимарат.

Оқушы:
2008 жыл. Астананың оң жылдық мерейтойына атап  өтілді, соның  құрметіне орай
қаламызда жаңа Тәуелсіздік сарайы ашылды. Бізді Елбасымыз жыл сайын 26
желтоқсан күні  сол сарайға Президент шыршасына шақырады.

Оқушы:
2010 жыл Қазақстанда бүкіл мемлекеттік ОБСЕ өткізіліп, әр мемлекеттердің қиын
мәселелерін зерттеп, бір – біріне көмек көрсетті, соның ішінде Арал теңізі мен
Семей полигоны туралы мәселе көтерілді.

Оқушы:
2010 жыл. Біздің мемлекетте бүкіл Азия материгі жиналды, мұнда Қысқы Азиялық
ойындар өтті, негізі өткізілген жерлер: Астана – Алматы.

Оқушы:
2012 жылдың бірінші желтоқсаны елімізде алғаш рет ҚР ның тұңғыш президент күні
аталып өтеді.

Оқушы:
Сейчас наша страна готовиться к наиболее крупному мероприятию мирового масштаба

выставке
Экспо
2017.

Оқушы:
Бүгінгі таңда Қазақстан заманауи демократиялық мемлекет ретінде халық аралық
қоғамдастық тарапынан қабылданып отыр. Бұл тәуелсіздік жылдарында қалаңған тұрақты
экономикалық негізбен бекітіліп отыр. Бұл жетістіктің бәрі халқымыздың еңбек
сүйгіштік қасиетімен Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Ұлт көсемі
Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп жатқан сарабдал саясатының арқасында
жүзеге асып отыр.

Оқушы:
А, главное богатство нашей страны
это
дружба народов более
130 национальностей.

Оқушы:

Достық деген асқақ асу еңселі.

Достық деген парасаттық өлшемі

Достық деген даналықтың басы бұл,

Достығымен өренделер ел бүгін.

Чтец
1
(стоит у изображения гербы): Наш герб – это символ
целостности  мира и первоосновы государства – семьи, это олицетворение крылатой
мечты и полета творческой фантазии. Это – путеводная заезда  государства.

Чтец
2
(стоит у государсвтенного флага): наш флаг – это
голубое небо – символ единения всех народов Казахстана. Это символ жизни и
развития страны. Это символ широты души степного народа, готового раскрыть свои
объятия всем дружелюбным народами нациям, уважающим гордый, вольнолюбивый дух
нашего многонационального суверенного государства.

Чтец
3:
Наш гимн – это торжественная песнь, отразившая всю
жизнь казахского народа. В нем поется о трудностях, которые он пережил за всю
свою историю, его героической борьбе за независимость. В нем звучит величие
народа, провозгласившего мир и дружбу, вера в счастливое будущее.

(Звучит
государственный гимн Республкики Казахстан)

Қорытынды:

Қазақстан
– туған Отан алтын бақ,

Ұлы
жолға келіп жарқылдап.

Қазақстан
– көпті көрген қария,

Қазақстан
– мейірлі ана, дос қымбат.

Қазақстан
– бізді туған Ұлы Отан,

Жайнай
берсін, жайнай бер сен мәңгілік !

         Оқушы:
Қымбатты достар, мерекелерініз құтты болсын!!Келесі кездескенше сау саламат
болыңыздар!

         Оқушы:
С праздником дорогие друзья! Вот и подошел к концу наш небольшой концерт. Но мы
с Вами не прошаемся а говорим вам до новых встречь!Всего доброго!

Құрастырған: Шегебаева Сандуғаш Шакеновна (Мичурин балалар үйі)

Тақырыбы: «Тәуелсіздік шежіресі»

Мақсаты:

а)Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау

ә).Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу

б)Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту

Көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон, слайд;

Сабақ барысы:

Әнұраным жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам гимні, — дей отырып гимнді шырқаумен сабақ басталады. Ортада С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жай ғана ойнап тұрады.

Тәрбиеші:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, —

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, — деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Бүгінгі «Қазақстан елім менің», деген рубрикамен өтілетін «Желтоқсан -тәуелсіздік шежіресі» атты отбасылық сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Слайд.

Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жай ғана орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы:

Алижан Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып

Ақсауыт киген темірден

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың дауысы естілді.

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?

Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!

Қалай болып еді өзі?!

Асылбек күйі (Детство) ойнап тұрады. (Ана ортадан ақырындап кетеді)

Тәрбиеші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгі сағат 10 — да бар — жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.

1-бала «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

2-бала: Темір құрсау біздерді бүргені шын

Мұң шағады қапаста кімге құсың

Динара: Ақ-қараңды тексерер түрме деген

Концлагерь болды ғой біздер үшін

3-бала: Дүр сілкінді қайдан да қоңыр аймақ,

Бағы жана ма қала ма соры қайнап

4-бала: Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген

Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»

5-бала: Бас көтеріп шықты жастар алаңға

Тәуелсіздік орнасын деп даламда

Қайрат, Ләззат, Ерболменен Сәбира

Арқашанда батырсыңдар санамда

Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт бала шығады.

1-бала: Қайрат

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

2-бала: Ләззатқа арнау

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

3-бала: Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын!

Ынтымақ пен, бірлігің мықты болсын.

Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,

Басыңнан арылмасын шуақты күн.

Көрініс: Алаң. Құлпытас жаны. М. Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.

Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.

Наргиза: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады.

Ақтық сөзің армандарың хатта қалды

Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды

Қайрат! Қайрат!

Сен мені естимісің

Лагерде сен шірітпей, ақтап алдың, — дегім келеді және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.

Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі болады.

Ана: Ия, айналайын балапандарым!

Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ар — намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.

Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.

(Залдан көрініс қоюшылар шығып кетеді)

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Ал балалар елтаңба туралы тақпақтарымызды айтайықшы.

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Қазақстан Туы

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек-

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілді Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған…

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Гимн

Гимнім -жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым —

Мың қайталап айтам мұны.

Тәуелсіздік – биігі бұл санамның,

Тәуелсіздік – таза ауасы даламның,

Тәуелсіздік – бұл арманы бабамның.

Тәуелсіздік – бақ дәулеті баламның!

Тәуелсіздік – менің соққан жүрегім ғой,

Тәуелсіздік – ата-баба тілегі ғой.

Бар Әлемді өзіне таң қалдырған,

Тәуелсіздік – еліміздің тірегі ғой!

Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың

Аяулысың білмеген алақаннан –

Суып барып қайтадан табылғансың.

«Қазақстаным» әні орындалады (хор)

Қорытынды:

«Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! —

дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

Тақырыбы: Тәуелсіздік  шежіресі

 Мақсаты: 1. Тәуелсіз еліміздің 20 жылдық шежіресімен таныстыру, оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.

  1. Отан алдындағы борышын мақтанышпен жеткізіп, сезіне білу, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
  2. Жеке тұлғаның дүниетанымдылығының, ізденімпаздылығының, шығарма- шылық қабілетінің дамуына  ықпал ету.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет, өзін-өзі тану.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ізденіс, пікір алмасу

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, (оқушылар шығармашы- лығынан)

Тәрбие сағатының барысы:

                                   I  Кіріспе бөлім.

  1. Гимнді орындау.
  2. Ақпараттық шолу.

—  Балалар, осы біз 16-желтоқсан күні қандай мерекені атап өтеміз?

—  Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды? (Қай жылы тәуелсіздік алғанымызды естеріне түсіру)

                                   II  Негізгі бөлім.

  1. Ой қозғау.

Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау)

—    «Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел».

Мұғалім: —  Осы тәуелсіздігімізге қалай жеттік? 1986-жылғы желтоқсан оқиғасы жайлы не білеміз? Өткен тарихқа шолу жасайық.

  1. Мағынаны тану.

Әдеби қойылым.

Бір оқушы сырттан жүгіріп келіп:

Бауырлар, алаңға жүріңдер. Қазақтың намысын таптап, қорлап жатыр. Жүріңдер! Өз елімізді өзге елдің адамына басқартуға жол бермейік, жүріңдер, -дейді.

Екінші оқушы: —  Ой, мейлі, кім басқарса ол басқарсын, несіне барамыз?

Бірінші оқушы: —  Ей, намысы барлар, ер соңымнан!

(Барлық оқушылар өре түрегеліп, ортаға шығады)

  • «Желтоқсан желі ызғарлы» документальды фильмнен үзінді көрсету

Мұғалім: Иә, балалар,қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Ерасыл:

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің

Ақ күні боп баланың

Шаттығы боп шалдардың.

Камила:

16-желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары

Арымыздай тап-таза

Жанымыздай шуақты

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы.

Баймырза:

16-желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Естісін ел үніңді

Дүние түгел естісін

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер, жас ұлан!

Мұғалімнің сөзі:

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Сондықтан Тәуелсіздік ерекше маңызға ие.

Жиырма жыл жаңа билік орнағалы,

Жоспарды іске асырдық сан-салалы.

Дамыған Қазақстан үлгілерін,

Бүгінде шетелдер де қолданады,- деп сөз кезегін оқушыларға беремін.
Оқушылардың орындауында хор: «Атамекен»
Слайд көрсетілімі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
Мирас — 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Осы жылы  тамызда Ядролық полигонның ресми жабылуы болды.
Ердәулет — 1992 жылы  наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы)  мүшелігіне қабылданды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Қарлығаш — 1993 жылы  қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.  қараша. Ұлттық теңгеге көшу жылы.

Рамис — 1994 жылғы ақпан. Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
Мадина — 1995 жылғы  наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 30 тамыз ҚР – ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
Әли — 1996 жыл. Мемлекеттің жаңа әнұраны,елтаңбасы,туы қабылданды. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
Әйгерім — 1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
Асқар — 1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
Ж.Ару — 1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы. Астана қаласы ЮНЕСКО –ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
Марғұлан — 2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы
С.Ару — 2001 жыл.Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
Ерасыл — 2002 жыл. Денсаулық жылы. Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
Диана — 2003 – 2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы. 2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
Нұрсұлтан — 2005 жыл 4 желтоқсан.ҚР Президентінің  сайлауы болды.
Н.Жанель — 2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының » 20 жылдығы.
Әлихан — 2007 – 2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.
Рима — 2008 жыл Астана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды.
Баймырза — 2009 жыл  ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
Камила — 2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
Ғ.Жанель — 2011 жыл. Ислам Конференциясына Төрағалық етті. Осы жылы Астана мен Алматыда 7-қысқы Азия ойындары өтті. Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

  • «Бәрін білгім келеді» ойыны
    Мұғалімнің сөзі: («Отан, Қазақстан, Тәуелсіздік, Елбасы» туралы балалардың жүрек жарды сөздерін тындап, шығармашылық жұмыстарымен танысайық)
  1. Алтын дәні маржандай шалқыған жер, Ердәулет

Атағы асқақтаған қадірлі ел.

Татулықпен, достықпен қуаттанған,

Қазақстан – бейбітшіл бақытты ел.

  1. 2. Тәуелсіздік елім менің, ертеңім, Асқар

Шын жүректен ұлың сырын шертеді.

Гүлдене бер, көркейе бер, жасай бер,

Саған ұлың ниет –тілек тіледі.

3.О Отан, туған Отан,                                        Нұргелді

Дүниеде жер бар ма сенен асқан.

Қазақстан-айбынды, асыл өлкем,

Еркелеп, көсілуім сенің арқан.

  1. 4.     Астана бар әлемді елеңдетті, А.Аружан

Тамырын Бәйтерек те тереңдетті.

Аз жылда жаңа Астана салып алдық,

Қай халық көрді мұндай кереметті.

  1. 5.     Бүгінгі Астананың нұры қандай, Әлихан

Көгінде желбіреген Туы қандай.

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

  1. 6.     Сәбилер тыныш ұйықтап жөргегінде, Ғ.Аружан

Жастардың шаттық ойнап өңдерінде.

«Орта Азия Барысы-Қазақстан»,-

Деп жазсын жаңа заман өрнегіне!

  1. Он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн, Е.Жанель

Еліміздің басына бақыт құсы қонған күн.

Құтты болсын береке, бүгінгі күн мерекең,

Шаңырағың шайқалмай, мықты болсын кереген.

Ән: «Туған жер»- Арғынбек Аружан

                                         III   Қорытынды бөлім.

Ойтолғаныс.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, міне біз қазір кеудемізді бақыт сезімі билеп, «Бұл менің елім, менің жерім, тәуелсіз Қазақстаным» -деп жар салып, мақтанышпен айта аламыз. Қазақ халқында Атамекенді ардақтау, ананың ақ сүтінен, әкенің ақыл-өсиетінен тараған. Өз елінің Тәуелсіздігі үшін жанын да, арын да аямайтын ержүрек жастар, Сіздер деп білемін! Сондықтан, тәуелсіз еліміздің болашақ ұрпақтары қандай болу керек?

(Оқушылар ойларын айтады)

1) Білімді болу керек, ол үшін сабақты жақсы оқу керек, жалқау болмау керек…

2) Денсаулығы мықты болу керек, ол үшін спортпен айналысу керек, дәрумендер жеу керек, тазалық сақтау керек…

3) Отанын сүю керек, ол үшін өз тіліңде дұрыс сөйле, рәміздерді қастерле, салт-дәстүріңді сыйла, ата-анаңды ренжітпе, халқыңа адал қызмет қыл…

4)   5)    6) …     т.с.с.

Сөз соңы: «Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын,

Қазағымның адал ұлы болғанын.

Көрсем деймін, жатсам-тұрсам ойланам,

Өзімнен де көш ілгері озғанын» — деп тәрбие сабағымызды аяқтағым келеді.

І жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсеткен мектеп жанындағы музыкалық мектептің шәкірттері Кеңес Дүйсекеевтің «Дала жыры» әнін орындады

сөзі Шөмішбай Сариевдікі, хор жетекшісі Габдурашитова Найля Ильсуновна, концертмейстер: Обухова Елена Валерьевна

І жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі салтанатты жиынымызда сіздерді «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтаймыз.

ІІ жүргізуші:Здравствуйте уважаемые гости, уважаемые ребята!

16 декабря, наша страна будет отмечать большой праздник – день Независимости Республики Казахстан. 23 года назад в 1991 году Казахстан объявил себя суверенным независимым государством, сегодня мы собрались здесь, чтобы поговорить еще раз о том долгом и нелегком пути, которым наша страна шла к своему суверенитету, к своей независимости.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

Құрметті оқушылар! Бүгін бізде үлкен мейрам – Отанымыздың тәуелсіздіқ күні! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!

ІІ жүргізуші:Уважаемые учителя, учащиеся и гости! Сегодня у нас большой праздник – День Независимости нашей Родины! Праздник, посвященный Дню независимости, объявляем открытым!

І жүргізуші: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету исі қазақ азаматтарының игі борышы.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаеватарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіздікпен тұрып, еске алайық.

І жүргізуші:

Қуан халқым!Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық.

ІІ жүргізуші:
Казахстан – это имя страны,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это крылья побед!
Ты цвети, Казахстан, расцветай,
Наш любимый и солнечный край.
В этот день поздравляем тебя,
Будь отрадна, родная земля!

І жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің көк Туының астында егеменді елімізді құттықтап, қонақтарға жылы лебіз айту үшін сөз мектебіміздің директоры Ахметкалиев Нұржан Ныгметоллаевичті беріледі.

1. На сцене Махметова Мадина с песней «Тек алға!». Встречаем!

І жүргізуші:
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!

2. Музықалық сәлемімен Маратов Бекті қарсы алайық ән «Қазақстан»

ІІ жүргізуші: Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем нашу школу, свою семью, свой прекрасный город, всю нашу огромную Республику Казахстан.

Родина – это отец твой и мать,

Родина – друг и ровесник подстать,

Родина – это твой край и столица,

Родина – это аул и станица.

3.Исаханова Индира мен Отарбаева Аиданың «Шәшу» биін қабыл алыңыздар!

І жүргізуші: Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, бір қыс айының атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

Кез емес, жаугершілік аттанатын,
Аланың шеру емес салтанаты.
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

ІІ жүргізуші:

Решетки на окнах. Повсюду конвой.
Ничто не нарушит мой сон и покой.
Вот так предлагает судьба мне взамен,
Украв мою молодость, гниенье и тлен.

Вашему вниманию фрагменты декабрьского движения 1986 года.

4. «Ар- намысым, мақтанышым- Желтоқсан!» атты желтоқсан оқиғасынан үзінді көрініс. Дайындаған қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Карменова Галина Нұраждарқызы

ІІ жүргізуші: 16 декабря 1991 года на карте появилось новое демократическое государство – Казахстан. В это труднейшее время казахстанцы доверили свои судьбы Н. А. Назарбаеву, который и стал первым Президентом Независимого Казахстана (портрет Назарбаева)

Я люблю Казахстан за прекрасные степи,
За высокие горы и шумные реки.
За орла, что парит в высоте надо мной,
И за солнце люблю, и за неба покой.

За богатство народа люблю,
За его доброту, чистоту.
За единство и дружбу людей,
За их честность и мудрость идей.
За богатство прошлого я люблю,
За батыров, погибших в бою!

І жүргізуші: Тәуелсіздік — еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз, дербес Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді.

Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.

5. Алдарыңызда Махметова Мадина мен Дулганова Жанардың орындауында «Қазақстан алға» әні. Қарсы алыңыздар.

ІІ жүргізуші:16 декабря весь наш народ Казахстана отмечает праздник «День независимости». Независимость — это политическая самостоятельность, отсутствие подчинённости. Это верно, страна самостоятельно решает трудные вопросы политического, экономического, социального направления.

Независимость Республики подтверждается тем фактом, что Казахстан идёт своим путём и только своим путём развития. 16 декабря 1991 года впервые был провозглашён это праздник. Прошло 23 года с того дня, но и сегодня Казахстан испытывает трудности, потому что свободным, независимым стать за 1 день или даже за несколько лет очень трудно.

Мой край родной.
Республика свободных
Великих наций, разных языков.
И ценят здесь обычаи народов.
Советы мудрых стариков.

6.Встречайте на сцене Калиахметов Ыргызбай с песней «Қасиетті домбыра»

ІІ-жүргізуші: Казахстан – наша родная земля, наше наследство. Красив, богат Казахстан – страна древнего народа.

Цвети мой океан цветной

Всю жизнь цветы твои я рву

Укрой меня своей листвой,

Зарыться дай в твою траву.

Букетом полевых цветов

Передо мной маячишь ты,

И счастлив я, и жить готов

Во имя этой красоты.

7. Қарсы алыңыздар алдарыңызда мектебіміздің кішкентай ханшайымдары «Радуга» биін орындайды. Дайындаған сынып жетекшісі Сарсембиноа Мунира .

І- жүргізуші: Елбасымыз 1995 жылғы қыркүйектің он бесінде Қазақстан Республикасының астанасы туралы Заңына қол қойды.

Біздің Отан кең байтақ,
Көп ұлттың мекені.
Біз құшақты кең жайсақ,
Әлем сыйып кетеді.
Тату еліміз табысқан,
Қазақстан – бақстан!

ІІжүргізуші:В стране происходят добрые перемены, вселяющие радость и надежду. Обретя независимость, наш народ на демократической основе впервые избрал своего Президента. Была принята новая Конституция. Казахстан признали более ста стран мира. Он стал членом ряда международных организаций, в том числе ООН. Казахский язык обрел статус государственного языка. Восстановлены честные имена славных казахских сынов. Парламентом Республики были приняты новые государственные символы: герб, гимн и флаг

У казахов своя страна.
Свои земли на все времена.
У казахов цветет свой флаг.
У казахов сияет свой герб.
У казахов, как сбывшийся сон.
Свой счастливый и мудрый закон!

8. Песня «Астана» в исполнений Ашировой Малики,

руководитель Ларина Наталья Васильевна

І жүргізуші: Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт!

Таңгажайып атыңда дәл табылды.
Табылды да талай жұртқа таңылды.
Туғаң елім көкке жетті көк туы
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

ІІ жүргізуші:

Ты выстрадал, мой Казахстан, немало.
Но стал свободным. и сейчас
Здесь равноправны все народы.
Народ — единственная власть!

Я прошлым Родины своей горжусь,
Истоки языков познать стремлюсь.
Хочу, чтоб в будущем мой Казахстан
Стал сильным и великим среди стран

9. Күй ______________________________________________ орындайтын

9 «А» сынып оқушысы Ұлықбеков Арсен, жетекшісі Құнафина Назгүл Маратқызы, концертмейстер Кравченко Анастасия Борисовна

1-жүргізуші:

Бай өлкем шарықтаған,

толастамай көгінде қалықтар ән.

Қазақстан — мекені қайсарлықтың,

Қазақстан — Алатау, алып далам!

2-ведущий:

Моя Родина – это красота природы.

Это счастье, любви большой океан.

Это символ богатства, символ свободы,

Моя Родина – мой независимый Казахстан!

10.Алдарыңызда домбырашылар ансамбльі К_________________ Досымжановтын «Сайран» күйін орындайды ,жетекшісі Примбетов Нокісбай Бердірахманович

ІІ-жүргізуші: Независимость – это будущее наших детей. Мы передаем им в наследство Единство, Мир и Благоденствие! Пусть каждый день поют, танцуют и смеются дети – дети Республики Казахстан!

Мой Казахстан! Ты – Родина моя! Твоих степей бескрайние просторы Душой и сердцем я люблю.

Люблю твои серебряные горы.

11. 4 және 9 сынып оқушыларының әзірлеуімен дайындалған Әдеби монтаж

І жүргізуші:

16 желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жанында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!

ІІжүргізуші:

— Закончить нашу торжественную линейку, посвящённую Дню независимости я хочу словами древнего пожелания казахов, положенного в основу государственного герба:

Пусть будет высоким твой шанырак, широкими твои стены и прочной основа твоего дома”.

І жүргізуші: Құрметті, Ұстаздар, мектеп оқушылары және қонақтар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан!» атты іс-шарамызды аяқтаймыз.

Бірге: Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі жерін де
Өзіңдікі еткен Бақ –
Тәуелсіздік төрінде!

Сахнада түрлі безендірулер болады. Екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары! 

2-жүргізуші: Кеш жарық қадірлі көрермендер! 

1-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын! 

2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, қонақтарымызбен таныстырып өтсек: (келген қонақтарды таныстырады)

2-жүргізуші: «Дариға, Домбырамды берші маған, 
Жаныма келші жарым, келші балам. 
Бейуақ, іңірдегі көңіліме, 
Күй болып күңіреніп енші далам 

Домбырам, жүрегіммен үндес едің, 
Сенімен сырласымдай тілдесемін. 
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң, 
Өнердің не екенін білмес едім». Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда _______________________(бір күй орындайды) 

1-жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, 
Жиырма бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 

2-жүргізуші: «Ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. (Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)

1-жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі)

2-жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, иә?

1-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 

2-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. 

(Хабарлаусыз, бір би жіберіледі) 

1-жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.

2-жүргізуші: Жебесімін көбе бұзар түркінің, 
Егесімін күллі түркі жұртының. 
Назарына түспесе де дұшпанның, 
Жанарыма тұнған шықты іркідім. 

(Көрініс _______________) 

1-жүргізуші: Иә…. Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. 

2-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. 

1-жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем, 
Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген 
Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз 
Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген. 

2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!

Тақырыбы: «Тәуелсіздік шежіресі»
Мақсаты:
1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
2. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын
жеке тұлға екендерін ұғындыру.
Оқушы бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.
3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Түрі: танымдық тәрбие сағаты
Әдісі: интерактивті әдіс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, газет — журналдар, т. б.
Мазмұны мен өту барысы:

Жоспар:
І. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.
ІІ. Қазақстан қандай мемлекет? (топтастыру)
ІІІ. “Ой додасы” (пікірлерін айту)
Қазақстан кеше, бүгін, ертең …
Кеше (өткен тарихқа шолу)
Бүгін
1. Біз кімбіз? (таңбалау)
2. “Елдің жастарға жасауы”
Ертең
Болашақ біздің көзімізбен
Оқушылар шығармашылығы (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т. б.)
ІҮ. Даналар деген екен… Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер, мақал — мәтелдер
ІV. Түйін.
Әнұран
І. Кіріспе сөз
Мұғалім сөзі:
Құрметті ата – аналар мен ұстаздар. Бүгінгі «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Сан ғасырлар бойы ата – бабамыздың аңсаған арманы ел Тәуелсіздігі ата – бабаларымыздың ерен еңбектері, күш жігерлері, батырларымыздың білегімен, кешегі желтоқсанда қыршынынан қиылған қазақ қыздары мен ұлдарының қанымен келгендігін біз бүгінгі «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында өткелі отырған тәрбие сағатымызда айтып талқылағалы отырмыз. Әрбір қазақ баласы туған елінің, Тәуелсіздігінің шежіресін, тарихын білуге тиіс. Бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас ежелден азаттықты аңсап, азаттыққа жасаған қадамымыз болды. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір «соқтықпалы» соқпақтағы ең ірі адым болды. «Мың өліп, мың тірілген» тәуелсіз қазақ елі өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды.
Осы желтоқсанда құрбан болған жастарымызды 1 минут үнсіздікпен есімізге алайық!
1 — жүргізуші (Назым): Армысыздар құрметті ата – аналар мен ұстаздар!
2 — жүргізуші(Нұрсұлтан): Ассалаумағалейкум құрметті қауым!
Ел Тәуелсіздігіміздің мерейлі мерекесі құтты болсын!
1 — жүргізуші (Назым): Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ ұлтының тарихы үшін үлкен орын алатын мереке.
Балалар Қазақстан қандай мемлекет?

ІІ. Топтастыру (интерактивті тақтада орындау)
Гауһартас: Қазақстан қандай мемлекет?
демократиялы
зайырлы
құқықты
көпұлтты
әлеуметті
біртұтас
1 — жүргізуші (Назым): Ия, балалар «Ой додасы» айдары бойынша сендердің пікірлеріңді тыңдайық. Біз бүгін Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасаймыз.
Қазақстан кеше, бүгін, ертең …

ІІІ. Ой додасы (ой пікірлерін тыңдау)
2 — жүргізуші(Нұрсұлтан):
Қазақстан — кеше…
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Кеше (өткен тарихқа шолу)
Шолпан: Құс ұясыз болмайды адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928 — 1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, айтпаймыз. Себебі бұл – тарих.

1. Жоңғар шапқыншылығы (Ақбаян)
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі — сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің жағрафиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери — федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ — жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті. Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан — жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан — жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады» — дейді.

2. Ашаршылық(Аяу)
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш — қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне жоңғарлар тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді.
Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді. Бұл кезең (1723 — 1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы — қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте — мөте ауыр болды. Мың — мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал — мүлік талан — таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім — ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы — қасіреттің символы «Елім — ай» атты зарлы жыр мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Ел — жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман!
Қарындас пен кара орман қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым — салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау — дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым — қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.

Толық нұсқасын жүктеу

Тақырыбы: «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі».
Мақсаты: Оқушыларға қазақ тарихындағы желтоқсан оқиғасының маңызы, қоғамда алатын орны туралы мәлімет беру.
Түрі: Сыныптан тыс шара
Көрнекілігі: Слайдтар, кітаптар.
Өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Өту барысы:
Оқытушы: 1980 жылдың ортасына қарай коммунистік ұлы державашыл, империяшыл аппараттың Кеңес қоғамын шектеген ауыр дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз екендігі бесенеден белгілі еді. Алда аса ауыр, аумалы төкпелі заман келе жатты. Ол 1985 жылдың көктемінен басталды. 1985 жылы наурызда КОКП ның басшылығына М.С. Горбачев бастаған топтың келгені белгілі. Компартияның осы жылдың сәуір айындағы пленумында КСРО ның әлеуметтік, экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды. Алайда КОКП ның басшылығы қайта құруды баянды ете алмады. 1986 жылы желтоқсанға дейін 1 жыл 8 ай ішінде Республикада қоғамдық саяси даму бағыттарын тереннен қозғаған реформалар бола қойған жоқ. Мұндай жағдай КОКП орталық комитетінің Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен бір ақ күнде ауыстыра салу әрекетіне дейін жалғасты. 40 жылдан астам Қазақстан өкіметінің Республика партия ұйымының басшылығында болған Д.Қонаев КОКП орталық комитетінің саяси бюросының мүшелігіне дейін көтерілді. Д.Қонаев басқарған он жылдықтарда Қазақстан әлеуметтік, экономикалық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті. КОКП ның орталық комитетінің нұсқауымен 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП ОК ның хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана мәселе тұрды. Д.Қонаевтың орнына орталық өкілінің ұсынымы бойынша Г.Кольбинді сайлау ұсынылды. Г.В.Кольбин бұған дейін Ульяновск облысының партия комитетін басқарған. Ресейдің әр жерінде әртүрлі қызметтер атқарған ол Қазақстанды картадан ғана білетін, пленум бір ауыздан Кольбинді Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады. Ондаған жылдар бойы қолданылып қалған келеңсіздіктер ұлт мәселесінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді. Келесі күні таңнан бастап Брежнев атындағы алаңға адамдар жинала бастады. Олардың дені студент және жұмысшы жастар еді. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемділігіне қарсылық білдірді. Алаңға жиналғандарға партия мен үкімет басшылары танымал адамдарды жіберіп, ақыл айтқызып таратпақ болған. Әрекетінен нәтиже шықпағасын әміршіл, әкімшіл жүйесі үйреншікті әдістерге басты. Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін аса қатігездікпен жазалау басталды. Олардың қатарынан жалынды жас демократ Қ.Рысқұлбековтің бейнесі Қазақстан жастарының еркіндік күресінің рәмізіндей ерекше көзге ілікті. Желтоқсандағы қазақ жастарының бас көтеруі ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол жастардың сол кездегі ел билеушілерінің жүргізіп отырған әлеуметтік, экономикалық саясатына наразылық митингісі еді.
Осы желтоқсан оқиғасының тереңірек мәлімет беру үшін ортаға ӘМҚ және ХКШ реж бөлімінің ІІІ курс студенті Қожатілеу Жұлдызды шақырамыз.
(Желтоқсан оқиғасы туралы слайд көрсетіледі.)
Мақсаты:1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушыкүштерін, маңызын білдіру, ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланғаншиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту, 80-жылдардағы пленумдар мен конференциялардың мазмұн-мағынасы, мәніне талдаужасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп-шіріп бара жатқан принціптерімен таныстыру;
«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»
Осы жала желтоқсан оқиғасына 28 жыл толуда. Осы аралықта көптеген деректердің көздері ашылып, бұл оқиға түрліше айтылды. КСРО кезінде көтерілісті қаладағы бұзақылардың әрекеті ретінде көрсетуге тырысты, кейініріек көтерілісті «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде танылды. Көптеген деректер жасырын қалып, кейінірек олардың көздерін жою мақсатында КОКП ОК-нің бұйрығымен жағылып жіберілді.
1991 жылы КСРО құлағанан кейін, көтеріліске қатысқандардың көпшілігі ақталып, көптеген деректердің көзі ашылды. Оқиғаға «көтеріліс» ретінде танылып, тәуелсіздікке бағытталған, ұлтты біріктіруші оқиға ретінде танылды. Көптеген тарихшылар Алматыдағы желтоқсан оқиғасы КСРО-ның құлауына әсер еткен негізгі оқиға болды деп есептейді.  Алайда бұл шын мәнінде тәуелсіздікке бағытталған оқиға ма еді, 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы КСРО ның құлауына қаншалықты әсер етті және бұл оқиға қанадй мәнде болғаны туралы осы мақалада талқылап көреміз.
16 желтоқсан күні шерушілер Колбиннің кетіп, оның орнына билікке қазақты немес қазақстандықты тағайындауды талап еткен. Олар Колбиннің орнына нақты кандидаттарды ұсынған, олардың ішінде қазақтармен қатар орыстарда болған. Сол себепті оқиғаны қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп қарастыруға негіз жоқ.
16 желтоқсан күні таңғы сағат 8-де, Колбиннің тағайындалуынан кейін шерудің бірден ұйымдасқан түрде басталуы, шерушілердің қолында жазулары бар плакаттардың болуы, шерудің алдын ала ұйымдастырылғанын көрсетеді. Колбиннің тағайындалуы, билік басындағы шектеулі адамдардан басқа ешкім білмеген. Оқиғаға қатысқандардың айтуынша, көтерілісті ешкім ұйымдастырған жоқ, ол кенеттен болған, бұл ұлттың сананың көрінісі. Бұл тұжырыммен келісуге болады, алайда тағайындалудан кеінгі бибіт шерудің керек жабдықтармен ұйымдасқан түрде басталуынан, оқиғаның саяси себептерін байқауға болады. Шеру жайлы сыбыстың қалаға бірден таралуы және оның құқық қорғау органдармен күштеп басылуы, шерудің 200 шақты адамы бар топтан, 20 мыңға жуық адамы бар басқарылмайтын тобырға, артынша қанды көтеріліске айналуына себеп болды.
Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық а. — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз.уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргіHYPERLINK «http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D2%A3%D1%8B» o «Республика алаңы»Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қ-нда болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Асанова Ләззат жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады.
Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті.HYPERLINK «http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B%D0%BE%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B» o «Талдықорған облысы»Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған. Кейбір мәліметтерде оның әке-шешесі жоқ, тек туысқандары ғана болғандығы айтылған. Ол туралы деректер өте аз
1973 – 81 жылы HYPERLINK «http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%83_%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%8B» o «Шу ауданы»Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып,Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.
1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.
Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсыкөтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «HYPERLINK «http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B» o «Алматы»Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Қайрат Рысқұлбековті  Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.
Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі.
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежневатындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық,Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
«Желтоқсан желі». Орындайтын: ӘМҚ және ХКШ реж бөлімінің ІІІ курс студенті: Мақсотов Темірлан.
Алдарыңызда ӘМҚ және ХКШ реж ІІІ курс студенттерінің қатысуымен желтоқсан оқиғасы туралы көрініс.
«Көк тудың желбірегені». Орындайтын: ӘМҚ және ХКШ реж бөлімінің ІІІ курс студенті Мақсотов Темірлан.
Оқытушы: Ұлт тағдырында өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасын ойға алғанда дір етпейтін жүрек жоқ. Желтоқсан күллі кеңестік кеңістіктегі айтулы өзгерістердің бастауы. Сонымен бірге бұл өршіл намыс пен мұқалмас жігердің Қайрат, Ербол, Ләззат, Сабира сынды жүздеген, мыңдаған жастар бейнесінде лапылдап жанған алауы. Бір тәубе етеріміз, солардың қажырлы қайраты мен жастық тегеуріні нәтижесінде тоталитарлық құрсаудың тоңы жібіп, Тәуелсіздік таңы атты.
МКҚК «Құрманғазы атындағы саз колледжінің» тарих пәнінің оқытушысы Э.А.Сулейменованың 10.12.2014жылы ӘМҚ және ХКШ реж бөлімінің ІІІ курс студенттерімен өткізген «Желтоқсан — тәуелсіздік шежіресі» атты сыныптан тыс шарасының есебі:
10.12.2014жылы ӘМҚ және ХКШ реж бөлімінің ІІІ курс студенттерінің қатысуымен «Желтоқсан — тәуелсіздік шежіресі» атты сыныптан тыс шара оздырылды.
Мақсаты: оқушыларға желтоқсан оқиғасының маңызы, тарихта алатын орны, 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушыкүштерін, маңызын білдіру, ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланғаншиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту, 80-жылдардағы пленумдар мен конференциялардың мазмұн-мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп-шіріп бара жатқан принціптерімен таныстыру;
Шара барысында оқытушы желтоқсан оқиғасына тоқталып мәлімет берді. Одан кейін ӘМҚ және ХКШ реж бөлімінің ІІІ курс студенті Қожатілеу Жұлдыз «Желтоқсан — тәуелсіздік шежіресі» атты баяндама оқыды. (Слайдтар көрсетілді)
Баяндамадан кейін ӘМҚ және ХКШ реж бөлімінің ІІІ курс студенттерінің қатысуымен желтоқсан оқиғасына байланысты көрініс көрсетілді. Көріністен кейін «Көк тудың желбірегені» әні айтылды.
Шараның мәні зор өйткені оқушылар көрген көріністен кең мәлімет ала алды.

1 ведущий: Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен жел астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі — Республикам менің.

2 ведущий: Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.

3 ведущий: Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

1 ведущий: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік кешті өткізгелі отырмыз. Сіздерді Ұлы Қазақстан Республикасының тәуелсідік күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би, мереке шашулары шашылады.

2 ведущий: Наше Отечество, наша Родина – мы так зовем Казахстан, потому что здесь живут наши отцы и деды, и все для нас родное. В преддверии праздника «Дня Независимости» мы проводим наше мероприятие «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым».

3ведущий: Good afternoon dear guests teachers and pupils

Good afternoon everybody who has come to our party.

We are very glad to see you here.

Today is the day of languages. Let,sstart.

«Казахский танец» Исполняют учащийся_________ класса

К Ө Р І Н І С

1 ведущий: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – тұған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

2 ведущий: Мы люди разных национальностей, живем в мире и согласии. Мы дети – разных народов, но вскормлены одной матерью – Родиной. У каждого народа своя культура, свой язык, национальные костюмы, обычаи и традиции.

3 ведущий: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

В исполнении _______________, ученицы « »класса песня «Әрқашан күн сөнбесін»

Выступление учеников

Дети читают стихи:
1-оқушы:

Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,Отан үлкен
Қазқстан – туған ел.

2-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында калған күн.

3-оқушы:

Жасай берсін, ұлы кун,
Үміті боп елінін;.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардын.

4-оқушы:

Тәуелсіздік — шұғылалы арманың,
Батыл басып бақытыңа барғаның.
Тәуелсіздік — көк тіреген тауларың
Ойға шомып тұратығын орманың.

5-оқушы

Тәуелсіздік — ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата — бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке,бейбіт өмір келісім.

6-оқушы:

7-оқушы:

_____________ күйі. Орындайтын _____________ « » класс оқушысы

1 ведущий: Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Қарсы алыңыздар, М О Н О Л О Г……….

Мен – қазақпын, биiкпiн, байтак елмiн,
қайта тудым, өмiрге қайта келдiм.
Мен мың да бiр тiрiлдiм мәңгi өлмеске –
Айта бергiм келедi, айта бергiм

Предлагаем вашему вниманию песню «__________» в исполнении

Видеоролик

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2 ведущий: : Мы ещё раз поздравляем всех с праздником – Днём Независимости нашего родного Казахстана! Желаем всем мирного неба над головой! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по-солнечному радостной, как в сказке. Чтобы дети росли сильными, радостными и джружными, слушались старших и берегли родную землю. Счастья вам, процветания нашей Родины. До новых встреч!

1 ведущий: Осымен біздің концерттік бағдарламамыз аяқталды. Сау болыңыздар! Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбетшілік өмір тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!

6.Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды тәуелсіздік кунімен құттықтаймын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Поздравляем с Днем Независимости — долгожданным праздником. Всех казахстанцев, поздравляем с великим праздником – днем Независимости.
Да здравствует Независимость Казахстана! Надо беречь и преумножать традиции нашего народа. Стараться не пустословить. Чтобы каждая семья жила в достатке. Дай Бог вам здоровья.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Поздравляем вас С Днем Независимости РК!
Независимость РК пришла в результате борьбы казахского народа за свою независимость. Народ всегда жаждал независимости, сколько крови было пролито на пути к свободе.

Находясь в центре Евразии, наш народ обрел счастье в многонациональной стране. Представители более 100 национальностей живут и трудятся в единой стране вместе с казахским народом, преумножая славу нашего государства.

Kazakhstan is an independent Republic. Kazakhstan is an ancient and hospitable land, which occupies a large part of Central Asia. Kazakhstan has 14 regions, 84 cities. More than 17 million people of over a hundred nationalities and ethnic groups live in the republic. The head of Kazakhstan is a president, his name is Nursultan Nazarbayev. Almaty is a former capital of Kazakhstan. In 1997, the president of sovereign Kazakhstan made a decision to transfer the capital from Almaty to Akmola. In 1998 the government of the country decided to change the name of the capital into Astana, what means “capital” in Kazakh language. In Kazakhstan people speak Russian or Kazakh languages. Kazakhstan has hundreds of nationalities that’s why all people speak their native language. There are many parties in Kazakhstan, for example: Azat, Otan, Alash, Azamat. The president is elected every seven years. The parliament can be divided into two parts. One of them is deputation of Senate and the other is deputation of Mazhilis. Kazakhstan is rich in mineral resources. Coal, oil, timber and gas are the most important of them. I’m proud of my country.

Стихи про Казахстан на английском языке

Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

Jura-Jura-Zhuravel! 

He circled the hundred lands. 

Circled, and passed round, 

Wings, legs натрудил. 

We asked crane: — 

Where are the best land? — 

He answered, flying: — 

Better to have none of the native land!

***

Kazakhstan – топик на английском, который расскажет вам о Казахстане. Kazakhstan is a sovereign state. In December 1991 Kazakhstan declared its independence. Kazak government pursues the policy of friendship and national accord. Historically Kazakhstan has developed as a multinational state. According to the constitution adopted in 1995 every nationality can develop its culture in Kazakhstan. All people of Kazakhstan have equal rights and duties. Both industry and agriculture are developing here. Nowadays many private firms and joint ventures appear. Kazakhstan has established diplomatic relations with seventy countries of the world. President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev is highly respected not only in this country but abroad as well because he is an honest and intelligent statesman.  The most important industrial centres are Karaganda, Pavlodar, Zhezkazgan, Taraz. Our country is rich in mineral resources and minerals. Copper, iron, zinc, lead, coal are mined in Kazakhstan. Now the aim of independent Kazakhstan is to become the country of high technology.  Kazakhstan is good for a place of useful health resorts. People can improve their health at the resorts in Kostanay, Kokshetau, Almaty. They say that Kokshetau is «Kazak Switzerland» because its nature is beautiful and climate is mild. Kazak people are friendly and open-hearted.  Almaty is the cultural, Scientific, economic and transport centre of Kazakhstan. This is one of the most beautiful cities of Asia. The city has a mild climate. Summer in Almaty lasts from May till September with the average temperature of 22 degrees in July. Winter is not very cold with the average temperature of 8 degrees below zero in January.  The city was founded in 1854. Till 1921 it was named Verny. In 1929 Almaty became the capital of the Kazak Socialist Republic. Almaty was the capital of independent Kazakhstan till November 1997. Nowadays the city has seven theatres, many cinemas, hundreds of clubs, libraries and other cultural and educational centres. The most important theatres are the Kazak State Academic Opera and Ballet Theatre named after Abai and the Kazak State Academic Drama Theatre named after M.Auesov. The city also has the Russian, Uigur, Korean theatres and many other troupes.  Verny had only one gymnasium. Now in Almaty there are 185 schools of general education, a lot of technical secondary schools and Universities. Almaty is a University city. Young people from different places og Kazakhstan come to study here.  Almaty is situated at the food of the Ala-Tau montains. The climate is very favourable for gardening. Everybody in kazakstan knows the world famous apples «aport». The citizens of Almaty are proud of the well known skating-rink «Medeo». It is equipped with all modern sport facilities. The most important competition are held there.  Almaty is the city of kind and hospitable people. It is a great pleasure to visit it.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»
Ұстаз: 
Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы

Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, мазмұеды суреттер, шарлар, нақыл сөздер..

  1. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға-апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армаандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

1-жүргізуші:

Армысыздар, аяулы халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын.

1-жүргізуші:

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші:

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен оларға күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

1-оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

2-оқушы:

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Қайрат, Ләззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

3оқушы:

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ  ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

4оқушы:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?

5оқушы:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

6оқушы:

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

7оқушы:

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

8оқушы:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула!Лаула!Желтоқсанның мұзда жанған алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

2-жүргізуші:

 Хор:  «Желтоқсан желі»

  1. Көркемсөз. «Батыр ескерткішінің алдында»

1-жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші:

Бірақ қазақтың өр өлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы  – 23 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.

1-жүргізуші:

Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш  еткен Желтоқсан оқиғасы.

9оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастап тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ел басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

10оқушы:

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

11оқушы:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

12оқушы:

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

13оқушы:

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

14оқушы:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

15оқушы:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!…..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!…..

2-жүргізуші:

Хор: «Қазақстаным менің»

Ән   «Алға, қазақ жігіттері»

1-жүргізуші:

Күндік кешпей, мұз кешпей,

Ат артында міңгеспей,

Мұңдық болып мұңаймай.

Тәкапәр нағыз құдайдай

Қасқайып қарап тұратын

Ағасы өлсе іні боп,

Жауына қарсы шығатын,

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлысқан

Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.

16оқушы:

(Сабираның өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

2-жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын жас өркені

Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған

Намыстан өлген ұлтиымның

Қыздары көп, қарағым

Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.

17оқушы:

(Лаззаттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

18-оқушы:

Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.

Тәртіп қорғау санаға екті нені,

Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп,

Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.

 19оқушы:

(Ерболдың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.

2-жүргізуші:

Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.

Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

20оқушы:

(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

1-жүргізуші:   

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

III. Көрініс:      «Қайраттың тұтқындалуы».

2-жүргізуші:

Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай өатыгещдікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.

Миллиционер: — Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

Савицкийді өлтірген сен бе ?

Қайрат:  — Жоқ, мен емес!

Миллиционер: — Сен өлтірген мойныңа ал!

Қайрат: — Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Миллиционер: Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы.

(Қайратты алып кетеді)

2-жүргізуші:  Қайрат  ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді тыңдаңыздар. (жай музыка жүріп тұрады)

21-оқушы:    «Түрме жыры»

Тор темір жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,

Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім

Қу тағдыр татырды ғой  түрме дәмін,

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік,

Күніне ұстатады үш тілім нан

Өлмейтін саған ішер осы нәсіп

1-жүргізуші:

Көрініс:   «Қайратты тергеу сәті».

2-жүргізуші:

Тұрыңдар! Сот келеді.

Тергеуші:      Сот процесін бастаймыз!

1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат

Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?

1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында

                 таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!

Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың

Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?

2-куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің

қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Тергеуші:      Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат:  Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп

табамын.

Қайрат:   Хақ. о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына

кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім

бар.

(Қайғырған музыка журіп түрады)

Ақтық  сөзі:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма сорыма,

Біріншіден мен анамды сағындым,

Екіншіден бұл құдвайға не қылдым

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне абақтыға жабылдым,

Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді  асылдар

Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды ай біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Тергеуші: Сот процесі аяқталды.

1-жүргізушіОсыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.

Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөнінде анықтама қағаздары берілді.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

2-жүргізуші:

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,

Қан мен намыс болса бойда қазақтық.

Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,

Алыппыз біз мәңгі теңдік азаттық.

  1. Тәуелсіз ел туралы даналық сөздер, мақал-мәтелдер.

Би: «Қаражорға»

       1-жүргізуші:     

Қазақпын еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын қойнауы- құт, жері дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Астана»

            (әсем қала Астана туралы слайдтар жүріп жатады)

  1. Қорытынды

2-жүргізуші:

Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған

«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.

Ұқсас материалдар:

  1. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты сценарий

  2. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

  3. Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы

  4. 16 желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!

  5. Тәуелсіздік туралы

Сценарий тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Сценарий барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 2* жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 2* жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 — жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар…
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді….

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ….
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 — сынып оқушысы: Сердалиев Тұрар
2 — жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 — жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым — Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»

1 — жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 — жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 — сынып оқушысы Маратов Жақсылық.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 — жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 — сынып оқушылары – Жаманова Майра және Құдайберген Наурыз.

2 — жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 — сынып оқушысы Шананова Мөлдір. (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2 — жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 2* жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Т?уелсіздік туралы сценарий 30 жыл
  • Т?уелсіздік туралы концерт сценарий
  • Т?уелсіздік т??ырым сценарий
  • Т?уелсіздік мерекесіне арнал?ан сценарий балаба?шада
  • Т?уелсіздік концерт сценарий 30 жыл