Т?уелсіздік туралы сценарий балаба?шада 4 5 жас

Cкачать: Тақырыбы: "Тәуелсіздік-ел тірегі" балабақшаға арналған

«Тәуелсіздік 
— ел тірегі »

Мақсаты :
Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге
үйрету . Өз Отанын сүюге,  халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап,
әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа,  достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .

Тәрбиеші :   Қазақстан
Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес
мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс
орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен,
Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Барша халық
таныған,

Біздің үміт
тілекті .

Шырқалғанда
әнұран,

Шаттық кернеп
жүректі .

Қазақстан
Республикасының Әнұраны орындалады.

Бәрі де сенің
Отаның

Бойыңды
биіктететін.

Рухына балап
атаның

Өлгенше сүйіп
өтетін.

Балалар, осы біз
«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың
жауабы.

-Отан дегеніміз –
адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен,  жақындарымен бірге тұратын ата
мекені .

Отан туралы
тақпақтар :

Әмина : Отан деген
— атамекен,

                
Отан деген – туған жер

Әбу Е. Отан – ана,
Отан үлкен ,

                 Қазақстан
– туған ел !

Қ.Айару. Отан ұран
,Отан – туым ,

                 
Отан мәңгі гүлденеді

Асанәлі : Отан
жерім , Отан – суым ,

              
Отан қуат, нәр береді

Ән : Астана .

-Балалар , ал еліміздің туралы не білеміз.

Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау.
Мемлекеттік туымыздың  түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты
көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың
белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті
бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі
тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген
ұлттардың бірлігін көрсетеді Балалардың тақпағы :

Айша : Он алтыншы желтоқсан

            Тәуелсіздік алған күн

           Ерекше боп мәңгілік

           Ел жадында қалған күн

Ақниет : Отанымның төрінде .

               Сарқаның өрінде

              Ту ұстаған астанам,

              Әсем қалам, бас қалам .

Димош: Бүгінгі күні бүкіл әлем таниды,

               Қазақ елін, қазақ жерін,
Қазақстан.

Тәрбиеші :Осы періште балалардың тілегі
қабыл болсын дей отыра бүлдіршіндеріміздің орындауында

Ән : «Отан -ана»

Тазша бала: Балалар сендер мені таныдыңдар
ма? Мен кіммін ?

Балалар : Тазша бала

Тазша бала: Кім айтады ? Біздің еліміз
қалай аталады?

Балалар : Қазақстан Республикасында

Тазша бала : Қай қалада тұрасыңдар ?

Балалар : Арқалық қаласында

Тазша бала : Сендер Отан Туралы тақпақтар
білесіңдер ме ?

Ариза: Өзіңдікі – Елің де,

            Өзіңдікі – жеріңде,

          Өзіңді өзің еткен бақ

         Тәуелсіздік төріңде .

Дания : Бейбітшілік әніміз,

             Бауырласпыз бәріміз

Дильназ :Мен –қазақпын мың , өліп ,мың
тірілген ,

                Жөргегімде таныстым мұң
тілімен .

                Жылағанда жүрегім күн
тұтылып.

                Қуанғанда  күлкіммен күн
тірілген.

          Мен қазақпын ,биікпін байтақ
елмін.

            Қайта тудым , өмірге қайта
келдім .

           Мен мың да бір тірілдім ,мәнгі
,өлмеске.

           Айта бергім келеді , айта
бергім.

Тәрбиеші : Қазақ халқы  өнерге бай халық,
соның ішінде күмбірлеген күймен, мың бұрала би өнері ерекше .Олай болса қыздарымыздың
биін тамашалаңыздар

Би : «Бомбыра»

Тәрбиеші :Олай болса балалар ұлттық ойын
ойнайық .

Ұлттық ойын: Күш сынасу.

Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан
,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер !
Жарайсыңдар ! Ал мақал – мәтелдер білесіңдер ме, оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы
байқап көрейік . Мен мақалдардың басын айтам , сендер жалғастырып айтыңдар .

Отан –оттан да ыстық

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас

Өз елің – алтын бесігің

Отан – елдің  анасы ,

Ел – ердің анасы.

Тәрбиеші Жарайсыңдар !Енді әнге кезек
берейік

Ән . Біз кішкентай салдатпыз

Ойын : Мерген .

Тәрбиеші : Балалар сендер  тәуелсіз қазақ
елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен
аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер . Саналы ,
білімді азамат болу үшін не істеу керек ?

Балалар . Еңбек етуіміз керек .

-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?

Балалар. Оқу!

Ән : Әрқашан күн сөнбесін .

Би : «Қаражорға!»

Тәрбиеші Бүгін , міне ,Егеменді  тәуелсіз
еліміздің ұлы мерекесін тойладық .  Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын
деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық
, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын
, күннің нұры сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды . Сау
болыңыздар !

                     «Т?уелсіздік-т??ырым»

атты м?нерлеп о?у сайысы.

         Зал іші мерекеге сай безендіріледі.

Сахна?а «»Т?уелсіздік т??ырым» деген с?з ілінеді. ?абыр?а?а  «Т?уелсіздік

     ел тірегі»   деген с?з ілінеді.

(астын?ы жа?ына ?стелді? ?стіне суреттер ?ойылады) фотолары бар.

       Ж?ргізуші:  ??рметті ?она?тар,с?йікті балалар!

Егеменді елімізді? т?уелсіздік ал?анына 20 жыл толды.

Елу жылда ел жа?а демекші,?мір 20 жылда біраз ?згеріске ?шырады, нары?ты? заман орнады.Т?уелсіз елімізді? жастары ?шін заман талабына сай ?нерлі де білімді болып ?су талабы туды.

Т?уелсіз еліміз болаша??а ай?ын ба?дар т?зеп, ?ркениеттіелдер ?атарына жетуге ая? басты.Болаша?ты? тірегі мына б?гінгі б?лдіршіндер сендерсіндер.С?би к?лкісімен ана мейріміні?с?ні еш?ашан б?зылмасын. Б?гінгі « Т?уелсіздік т??ырым» атты сайыс?а №3,№4,№5,ж?не №6 топ б?лдіршіндері ?атыс?алы отыр.Б?гінгі сайысымызды? ?діл ба?асын беретін ?діл ?азылар ал?асымен таныстырып кетейін.(?діл?азы ал?асы таныстырылады)

   Ж?ргізуші:                     Бейбіт та?дар арайланып атады,

                                           Ту?ан жерді аймалайды шапа?ы.

                                           Байта? елім ?аза?стан,

                                           Е? ба?ытты балаларды? мекені.

Сол б?лдіршіндерді ?ол со?ып ?ошаметпен орта?а ша?ырайы?.

Орта?а №3,№4,№5,№6 топ б?лдіршіндері келіп орналасады.

 ?.Р.?н ?раны орындалады.?н ?ран орындал?аннан кейін орындарына отырады. Бір бірлеп та?па??а ша?ырылады.

 ?н?ран:

Ж?ргізуші:

 Балалар орта?а шы?ып т?уелсіздік туралы та?па?тарын м?нерлеп о?иды.

Ежелден-а? жа?сылы?ты Алладан к?тіп,болаша??а ?мітпен ?ара?ан

Ке?пейіл халы?пыз.

Сол пейілге орай ?аза? хал?ына ке? байта? жер, к?л-к?сір к??іл б?йыр?ан.

Ол ?иырдан,б?л ?иыр?а дейін жайыл?ан ма??аз елді? ке? байта? жеріне жан-жа?танк?з тігушілер аз бол?ан жо?.

?з тілін,м?дениетіндамытам деген ?аза? хал?ына м?мкіндік бермеді.Осы ?аза? хал?ыны? жері болаша?ы ?міті ?шін желто?санда жас ?мірін жалау еткен ?аза?ты? ?л-?ыздары: ?айрат Ырыс??лов,Ербол Сыпатай?лы,Лаззат Асан?ызы,Сабира М?хаммеджан?ызыны? аттарын атап айтпай кетуге болмас.

Оларды? а?са?ан армандарымен ?міт тілектері б?л к?ндетолы? ж?зеге асты. ?аза? елі тауелсіздік алды.Туымыз ас?а?тап желбіреп т?р.Бір ?ана ?кініш, ол азатты? ?шін жан аямай алыс?ан,сол бозда?тарды? кейбіріні? б?гінгі ба?ытты с?тімізді к?ре алмауы.

Сол бозда?тар?а бір минут ?нсіздікпен еске алайы?.(Б?рі орындарынан т?рып ?нсіз т?рады.) Балалар орта?а шы?ып т?уелсіздік туралы та?па?тарын м?нерлеп о?иды.

 Сайыс со?ында ?діл ?азы ал?асы балалар?а ?діл ба?аларын беріп,ма?тау ?а?аздарымен,ба?алы сыйлы?тармен марапаттады.                 

Просмотр содержимого документа

«Балаба?ша?а арнал?ан саба?. Т?уелсіздік-т??ырым. М?нерлеп о?у сайысы.»

Тәуелсіздік тұғырым


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • admin
  • 24.10.2019
  • 0
  • 1
  • 41802

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
«Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп» КММ
«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі
Тайпақова Гаухар Исабековна

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік

Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

— Әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жақсы балалар.

Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Біздің Отанымыз Қазақстан — тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Каусар.

Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Сабина.

Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.

Дінмұхаммед.

Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да

Алмас.

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Мерей.

Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел

Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!

Би «Алға Қазағым»

Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Балалар рәміздерімізді кім атап береді?

Дұрыс айтасыңдар балалар? Ортаға рәміздер туралы тақпақтарын айтуға Рамазан. Нұржігіт.Зерде келе қойыңдар.

Рамазан.

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Нұржігіт.

Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Зерде.

Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім — Елтаңбам

Әнші қызымыз Мөлдірдің орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі тақпақтарын айтуға балалар

Жібек. С.

Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.

Әлинұр.

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Мөлдір. 

Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

Қуаныш.

Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!                                                                                                 

Тәрбиеші:

Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай — деп

«Қазақстан-бақытты балалардың Отаны» биін тамашалыңыздар! 

Тәрбиеші:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады,

Олжас.

Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.                                                                                         

Диас.                                             

Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.

Аяла.А.

Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным

Інжу.Қ.                                                      

Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған  ауылым.

Інжу. З.

Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел өркендеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Тәрбиеші:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.

Жанел. Жандарбек.

Еркеназ.

Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.

Аиша

В День Независимости я
Стране желаю возродиться,
И чтобы каждая семья
Имела шанс к мечте стремиться.

Жанель.

Родина моя – Казахстан!
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы.
Закаты как в сказке и звездные ночи,
Рассветы ясны как красавицы очи.

Данеля.

Там свято хранятся традиции предков,
И люди плохие встречаются редко.
Там радость так радость, беда не беда,
Гостям в каждом доме там рады всегд

Бота. Күтпеген сәт:  Баланың түсі

Бала (Димаш): Әже, әже шыраққа қарашы ұстап алайықшы.
Әже: біссімілла неге шошындың бала?
Бала: Әже, әже көп түс көрдім, әже көп жарық күнді көрдім.
Әже: Е балам, ол сенің бақытың балам, Тәуелсіздігіміздің мәнгі жарық күні. Балам бара ғой, жолдастарыңнан сүйінші сұрай ғой.   
Бала: Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.

Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.

Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Осы елімізді, жерімізді басқарып отырған ел басымыз бар.

Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!

Тәрбиеші: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз
Деңсаулықпен әкелсін берекеңіз
Өзбек биін алып келген ортаңызға
Мұң бұралған бишілерді қарсы алыңыз

Биші қыздарымыздың орындауында өзбек биі «Назюлим» .

Орындайтындар: Мөлдір, Аиша, Зерде, Ботагөз, Каусар, Еркеназ.  

Бахтияр. 

Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.

Әділ.

Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.

Тәрбиеші:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға  рахмет!


Балабақшадағы тәрбие сағаты.Тақырыбы:Тәуелсіздік тұғырым

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Материал балабақша тәрбиешілерінің ересек немесе даярлық топтарына керек.Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесін қосып өтуге арналған материал.

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Балабақшадағы тәрбие сағаты.Тақырыбы:Тәуелсіздік тұғырым

Дүйсенбаева Гүлнұр Беркінбайқызы

Қызылорда облысы,Шиелі ауданы,Жаңатұрмыс ауылы.ЖШС «Шұғыла» балабақша тәрбиешісі

22.02.2020

5653

1

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіз елім — Қазақстаным» ертеңгілік сценариі
Мақсаты :
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың»Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Күншуақ» тобы мен «Балауса» топтарының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Әнұран айтылады.
Сәлемдесу рәсімі

Тәрбиеші сөзі:
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
Тәрбиеші сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.

КӨРІНІС

Тәрбиеші сөзі:

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)

Тәрбиеші сөзі:
-Енді бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Күш сынасу»

Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін.
Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру

«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім — деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.
Олай болса балалар, «Отан» әнін бірге тамашалайық
Ән: «Отан»
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Тақпақтар

Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні — бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.

Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!

Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!

Перейти к контенту

Тәрбиеші:Құрметті балалар,әріптестер «Ақбота»топ бүлдіршіндері Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел-Қазақстан»атты ертеңгілігімізге қошкелдіңіздер!
-Балалар,біз бүгінгі үлкен мерекені қарсы алудамыз.Ол қандай мереке?
-Балалардың жауабы:Қазақстан Тәуелсіздік күні.
Тәрбиеші: 1992 жылы 16 желтоқсан күні біздің елдің тәуелсіздігі жария етілді.Міне көп жылдар бойы осы мерекені достық,бейбітшілік пен татулық күні деп тойлаймыз.Балалар,қазір біз Қазақстанның гимінін орындаймыз,біздің елдің салтанатты әнін орнымыздан тұрып орындайық.
Гимн орындалады.
Балалардың тақпақтары
1)Нұрасыл
Көгінде нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
2)Назира
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
3)Ілияс
Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс,алқабы малға толған
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
4)Еркеназ
Ер еңбегі шалқып,тасқан
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Ән: «Отан»
тәуелсіздік сценарийТәрбиеші:Балалар,мерекелі күндері барлық қараларда мемлекеттік рәміздерін безендірген.Осы мерекеміз өтіп жатқан ортамызды біз де жалаушалармен безендірейік.(Құмыраға жалаушаларын салады)
Біздің халық тәуелсіздікке жету үшін көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді.Басқа мемлекеттер сияқты біздің еліміздің де өз рәміздері бар.Қәне өзміздің рәміздерімізді атап беріңдерші.
Балалардың жауабы:Гимн,Елтаңба,Ту.
Тәрбиеші:Бұл мемлекеттік рәміздер сияқты біздің еліміздің қасиетті белгілері біздің республикамыздың азаматтары оны біліп,сақтап,құрметтеу керек.Қазір мен сендерге ту туралы аңыз әңгіме айтқым келеді.
(Хан кіреді)
«Ерте,ерте,ертеде бір хан болыпты.Ол өте ақылды және даңышпан болыпты.Оның еліндегі адамдар бейбітшілік пен татулықта өмір сүріпті.Бір күні хан данышпандарды отырысқа шақырыпты».
Хан: (Әділхан) патшалығымда адамдар жақсы өмір сүреді.Сол мені қуантады.Енді менің елімнің рәміздерің белгілейтін уақыт келді.
Данышпан:(Қ.Ерасыл)Менің ойымша тудың түсі көк болуы керек.Бұл мөлдір судың белгісі.Сусыз тіршілік жоқ.Су болмаса жердің бетін құрғақшылық басады.Көгілдір түс ,ол таза,ашық аспанның белгісі.Аспан бұл көп адамдар тұратын үйдің шатыры сияқты.Ол бәрімізге ортақ.
Хан:Рахмет сендерге,ақсақалдар.Мен сендермен келісемін.Бұл көглдір түс адам бойындағы әділдік пен адамдықтың белгісі.
(Осы кезде бүркіт ұшып келеді)
Бүркіт:(Диас)Мен ең күшті,ең ірі дала құсының бірімін.Бүркіттер өздерінің балапандарын қорғайды және биікке ұшып алыстағының бәрін көреді.
Хан:Бүркіт мен сенімен келісемін.Сен халқымның күштілігі мен қырағылығының бір белгісісің,тудың бір белгісі болуға сен лайықтысың.
(Бүркіт ұшып кеттеді)
Данышпан:(Әмірхан)
Сусыз әлемде өмір жоқ.Ендеше күнсіз де жер бетінде тіршілік жоқ.Күн-тіршілік иесі.
(Күн кіреді)-Дана
Күн:О,данышпан Хан ием,күні бойы жер бетін аралап жүремін,менсіз жер бетінде тіршілік жоқ.
Хан:О,құдыретті күннің көзі,сен қайда болсаң қуаныш та,бақыт та сонда.Сенде тудан орын алуға лайықтысың.Ендеше осылай болсын:Көгілдір түстің ортасында күннің көзі жарқырап тұрсын.Күннің ортасында қалықтап,сам,ап бүркіт ұшсын.Ол-бостандықтың белгісі.Ол-өрнек көп ұлтты халықтың бірлігі мен достығын рәміздесін.
Тәрбиеші:Осылай біздің мемлекетіміздің туы пайда болды.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Осымен балалар біздің Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел-Қазақстан»атты ертеңгілік кешіміз аяқталды.

★★★★★★★

Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.

↓↓↓

ТАПСЫРЫС ЖАСАУ

Күні: 14.12.2016

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.  Елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Тақырып, түрлі түсқағаздар, жалаушалар, шарлар ілінген.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, тәрбиешілер және балабақша бүлдіршіндері! «Аққанат» тобының «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25жыл толды. Өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер! Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным.

Әнұран.

Жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат, Ербол, Ляззат, Сәбираның аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Сол боздақтарға арналған тақпақтарын айтуға ортаға Айару, Бақытжан, Анель,Т. Мерейді шақырамыз.

Айару: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық.

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,

Отан үшін болуға да құрбандық.

Бақытжан: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің.

Анель: Жас арудың жанарында- Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында- Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында-Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да- Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да Желтоқсан.

Намысымның шырағы да- Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да- Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да- Желтоқсан.

Жаңа күннің шуағы да- Желтоқсан.

Т. Мерей: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым.

Ән: «Қазақстан бақытты» . Балалардың орындауында.

Ортаға тақпақтарын айтуға Інжу, Рақымжан, Айзере, Қуанышты шақырамыз.

Інжу: Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Рақымжан: Тәуелсіздік- менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік- сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім.

Айзере: Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Қуаныш: Құтты болсын азат күн- Тәуелсіздік,

Халықпыз болашақты рухы биік.

Құт санап, уақыт санап биіктегің,

Құтты болсын бұл алған биіктерің!

Көрініс: «Қайратты тергеу сәті»

Тергеуші: Тұрыңдар, сот келеді.

Тергеуші: Сот процесі басталады.

1-куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ. Сіз алаңда Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласызба?

1-куәгер: Боламын. Өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз менде қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол-ұлтшыл. Қайрат оңбаған.

2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?

2-ші куәгер: Рас-рас. Ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қ. Рысқұлбековты айыпты деп табамыз. Қайрат Рысқұлбеков өлім жазасына кесілсін! Ақтық сөзіңді айт!

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар.

Автор: Қайрат Семей түрмесінің 21-камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталды. Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын.

Ендеше сол Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.

-Мінекей, балалар, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама аға-әпкелеріміз өз өмірлерін Тәуелсіздік үшін қиды. Халқымыздың арманы орындалып, елімізді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарды. Еліміз: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды. Ешкімге тәуелді емеспіз. Өзіміздің азат еліміз бар.

Олай болса ортаға «Тәуелсіз ел ұланы» әнімен Айару мен Інжуді шақырамыз.

Ән: «Тәуелсіз ел ұланы».

Ортаға тақпақтарын айтуға Мерей, Амина, Нұржан, Гүлдананы шақырамыз.

Мерей: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Амина: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Нұржан: Желтоқсан- тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Гүлдана: Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Би: «Сарбаздар». Инабат-Мадияр, СымбатҚуаныш, Айару-Мерей, Інжу-Райымбек.

Ортаға тақпақтарын айтуға Аружан, Айзере, Райымбек, Данииярды шақырамыз.

Аружан: Қалса да қайда көлің, қайда жерің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Айрылып күндіз-күлкі, түнде- ұйқыдан

Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

Айзере: Атты кеше Тәуелсіздік ақ таңы,

Артта қалды қасіретті бар қайғы.

Алып келген ұлы тарих толқыны,

Тәуелсіздік заман үшін зор қайғы.

Райымбек: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш.

Жүргізуші: Қайрат сынды қазағымның ұлдары,-

Ләззәт сынды нәзік жанды қыздары.

Қарсы шықты жауыздарға тайсалмай

Басын қорғап бұқпантайлап тұрмады.

Ән: «Желтоқсан желі». Балалардың орындауында.

Ортаға тақпақтарын айтуға Инабат, Мадияр, Сымбатты шақырамыз.

Инабат: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Жалғыз Отан-адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.

Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,

Ербол, Қайрат-нағыз ердің бірі еді ғой.

Мадияр: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Сымбат: Сәбира, Ляззат сында жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген,

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Ән: «Туған жер» Орындайтын: Инабат Қыдырғали.

Жүргізуші: Атты кеше Тәуелсіздік ақ таңы,

Артта қалды қасіретті бар қайғы..

Алып келген ұлы тарих толқыны,

Тәуелсіздік заман үшін зор құны, — дей отырып балаларымыздың «Тәуелсіз елдің ұланымыз» әнін тыңдайық.

Ән: «Тәуелсіз елдің ұланымыз».

Жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары , егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Улетова Э

Екінші кіші тобына арналған

«Тәуелсіздік таң нұры» атты ертеңгілігі 2017 жыл

МАҚСАТЫ:1.Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру 2.Тәрбиешілер патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, халқының тарихын білуге үйрету, достыққа тәрбиелеу.

Көк тудың желбірегені әнімен балалар залға кіреді. 2 бала жүргізуші ортаға шығады, таң қалып бір сөйлеседі.

Ведущий Ақылжан: Армысыздыр құрметті қонақтар!

Ведущий Мирас: Бүгінігі «Тәуелсіздік таң нұры» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Гимн

Көрініс:

Ведущий Ақылжан: Мына жер қандай әдемі болып кеткен? Мына жерде не өтейін деп жатыр?

Ведущий Мирас: Білмеймін , ендеше, әжемізге қоңырау шалып сұрайық ?

(қоңырау шырылдайды, әжесі қоңырауды қабылдап, экраннан сөйлейді)

Ведущий Мирас: Әже, біз сізден сұрайық деп едік, біздің балабақшамызда «Тәуелсіздік» мерекесі өтейін деп жатыр, бізге толығырақ айтып берсеңіз.

Әже : Сәлеметсіңдер ме балаларым, мен сендерге түсіндіріп айтайын, бүгін Тәуелсіз ел болғанымызға 26 жыл толып отыр, Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Осы уақыт ішінде Тәуелсіз қазақ еліне қалыптастырып, нарықтың қиын өткеліктерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстан дүние дидарында ең мықты мемлекеттер танитындай, саясаткердің ерең еңбегін діл бүгін және әрқашанда айтып өтпей көзбенде көрейік балаларым (осы кезде экраннан видеоролик қосылады)

Әже : Балаларым, менің әңгімемнен кейін «Тәуелсіздік» мерекесі қалай келгенін түсінген боларсыңдар. Сау болыңдар!

Ведущий Ақылжан: Әже, рахмет сізге, сау болыңыз!

Ведущий Мирас: Біздің балаларымыздің осы мерекеге арнайы дайындаған жыр-шумақтарымен ортаға шақырайық. (Әли, Каусар С, Каусар І, Жанерке, Айбибі, Еркеназ, Нурали Ф, Айсұлтан, )

Бабамның да арманы, 
Осы еді ғой аңсаған, 
Тәуелсіздік тандары 
Бақ береді баршаға. Әли

Көк  аспандай  көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк  емес  ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы. Кәусар С

Тәуелсіздік  жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім  өз  қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам. Кәусар І

Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған  ол  төрден.
Қанатты  қос  арғымақ,
Екі  жақтан  көмкерген. Жанерке

Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің. 
Сен- бақытты  ұлансың,
Бәрі  саған  қуансын! Айбибі

Ақ  ниеті- алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
Мәртебесі, мақтаны. Еркеназ

Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел. Нурали Ф

Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным қазақстаным. Айсұлтан

Ортаға әндетіп Тасша бала кіреді.

Тасша бала: Амансыңдар ма, балалар, мен алыс жол жүріп шаршап келе жатсам, сендерде жақсы мереке өтіп жатыр екен, рұқсат болса, мен де осы мерекені сендермен бірге қарсы алайын.

Ведущий Мирас: Қош келдің Тасша бала, төрлет. Біздің балаларымыздың өнерлерін тамашала.

Ведущий Ақылжан: Ортаға «Балдырған » әнімен балаларды шақырамыз. (Нұртас, Кәусар С, Кәусар І, Әли, Тұрсынай, Еркеназ, Жанерке.)

Ведущий Мирас: Балаларымызды жыр шумақтарымен ортаға шақырамыз: (Темирлан, Саяла, Мансұр, Нұралы А, Наргиз, Амир, Санжар, Нұртас)

Ән ұраным, жан ұраным
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп. Темирлан

Отан- жерім, Отан- суым,
Отан  қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденед. Саяла

Шырқап  көкке  аспан – ән,
Болашаққа  бас  қадам.
Қазақ  рухын  биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА ! Мансұр

Елтаңбасы  елімнің,
Неткен  әйбат, әдемі!
Тұнығындай  көңілдің,
Ортада- аспан  әлемі. Нұралы А

Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай  жазықпын.
Өзенімдей  өршілмін,
Гүлдерімдей  нәзікпін. Наргиз

Мәңгі соғып тұратын Жүрегімсің сен, Отан! Амир

Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен Отан! Санжар

Көк туымды қолыма 
Бүгін берік ұстадым 
Түсті бақыт жолыма 
Менің Қазақстаным! Нұртас

Ведущий Ақылжан: Тасша бала саған біздің балаларымыздың өнерлері ұнады ма?

Тасша бала: Жарайсындар балалар. Мен сендерге құр қол келген жоқпын, мен сендерге ойын алып келдім. Ойынның аты «Теңге алу» деп аталады. Ойының шарты: Ортаға 6 бала шығады. Ортада теңге салынған 5 дорба тұрады, соның жан жағында әуен қосылғанда билеу керек, әуен біткенде теңгені алу керек.

Ведущий Мирас: Тасша бала біздің қыздарымыздің өнерін тамашалайық. Би «Айгөлек».

Ведущий Мирас: Біздің балаларымыздың тағыда дайындаған жыр шумақтары бар екен ортаға шақырамыз: (Ильнара, Тұрсынай, Нұрасыл, Нұрымжан, Дамира)

Көк туымды қолыма, Бүгін берік ұстадым. Түсті бақыт жолыма, Менің Қазақстаным! Ильнара

Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала – Астана!. Тұрсынай

Тәуелсіздік төрінде Ұлан байтақ елімде Асқар тау да сенікі Бау бақшада сенікі. Нұрасыл

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі. Нұрымжан

Отан деген- атамекен. Отанымды сүйемін мен. Отан жерім,Отан елім. Дамира

Тасша бала: Жарайсындар балалар. Енді мен ата-аналармен бір ойын ойнасам қалай қарайсыздар? (Ортаға ата-аналар шығады.) Ойынның аты «Әр ұлттың биі» деп аталады. Ойының шарты: Әр ұлттың биінің әні ойналады , әр ата -ана өзінің баласымен билеуі керек.

Ведущий Мирас : Бүгін көңілді мереке өтіп жатыр, біздің ұлдарымызда би билегісі келіп отыр.

Ведущий Ақылжан : Ортаға «Боз жорға» биімен ұлдарымызды шақырамыз.

Тасша бала: Ой балаларым, көп рахмет, барлығың өнерлі балалар екенсіңдер. Сендермен уақытым білінбей өтіп кетті, мен жол жүруім керек, сау болыңдар. (Балалармен қоштасып шығып кетеді).

Ведущий: Ақылжан-Мирас: Балалар осы сендер қандайсындар? Осы біздер қандаймыз, шұғылалы таңдаймыз Ақылдымыз, жанып тұрған шырақпыз. Елімізді өркендететін, бабаларға тағзым ететін, Біз қазақ елінің болашағымыз.

Балалар ән айтады «Тәуелсіздік тән нұры»

Ведущий: Ақылжан: Құрметті ата-аналар, апайлар сіздерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, мерекелік концертімізді аяқтаймыз. Аспанымыз ашық, көк туымыз желбірей берсін. Сау болыңыздар.

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы» МКҚК

«Тәуелсіздік таң нұры»

Дайындағандар :Турсунбекова Г.И

Жиенбай Қ.Б

Арқалық -2017

Порядок

Екінші кіші топ «Алтын сақа»

1. Гимн

2. Видиоролик 3. Жыр шумақтар)

4. Тасша бала кіреді.

5. «Балдырған» әні.

6. Жыр шумақтар. (

7. Тасша бала ойын ойнатады «Теңге алу» балалармен.

8. Қыздардың биі

Жауапты: Қарлығаш Ш, Нургүл Н, Нургүл Н, Көркем К, Айгүл Т.

9. Жыр шумақтар

10. Тасша бала ойнатады «Әр ұлттың биі» ата –анамен.

11. Ұлдардың биі «Боз жорға»

Жауапты: Қарлығаш Ш, Нургүл Н, Нургүл Н, Көркем К, Айгүл Т.

12. Тасша бала кетеді.

13. Ән «Қазақстан» 14. Қоштасу

Ортаңғы тобына арналған

«Тәуелсіздік таң нұры»

атты ертеңгілігі 2017 жыл

МАҚСАТЫ:1.Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру

2.Тәрбиешілер патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, халқының тарихын білуге үйрету, достыққа тәрбиелеу.

Көк тудың желбірегені әнімен балалар залға кіреді. 2 бала жүргізуші ортаға шығады.

1)Айым: Армысыздыр құрметті қонақтар

2)Мирас:Бүгінігі «Тәуелсіздік таң нұры» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Гимн

1)Айым:Тәуелсіздігіміз туралы қысқаша түсінік алу үшін экранға назар аударайық(видеоролик )

2)Мирас:біздің балаларымыз осы мерекеге арнайы дайындаған жыр-шумақтары бар екен, ортаға балаларымызды шақырайық.

Бай және әйелі дастархан басында шай ішіп отырады,есіктің қағысы, бай және оның әйелі тездетіп дастархан басын жинап,барлаған сандыққа тығады.Алдар көсе әндетіп залға кіреді.

Алдар көсе: Ассалауиағалейкум, Бай-әке?

Бай: Амансың ба, Алдар көсе?

Алдар көсе: Біз бүгін барлығымыз керемет бір үлкен мерекені қарсы алып жатырмыз, бізді дастархан басына шақырсаңшы.

Бай: Қандай мереке? Мен білмеймін қандай мереке екенін.

Алдар көсе:Бай-әке, ұят ай, балалардың өзі білгенде, сен қалай білмейсің? Қане, балалардан сұрайық,толар саған айтып береді.

Бай: Балалар, бүгін қандай мереке? ( балалар жауап береді )

Алдар көсе: Міне, көрдің бе? Қандай үлкен мереке бүгін, Қазақтың салты бойынша қонақ шақырып, астан дәм татқызу керек емессің бе?

Бай:Әй, Алдар, қуана-қуана шақырар ем, бірақ нешінші күн өзіміз аш отырмыз.

Алдар көсе: Уайымдама,Бай-әке, менде сиқырлы қасық бар, ол кез келген асты, ештеңе қажет етпей пісіре алады.

Бай: Ол қайда? Көрсетші маған. Шыныменде сиқырлы ма? Бауырсақта істей ала ма?

Алдар көсе: Бауырсақты да, басқа тағамдарды да істейді, тек оған қазанмен су араластырып, сиқырлы сөзді қайталау керек.

Бай: Көрсетші маған, мен сенбей отырмын.

Алдар көсе: Жақсы, ендеше маған қазан мен су алып кел.

Бай: Әйелім, әкел қазан мен суды ( Әйелі қазан мен суды алып келеді)

Алдар көсе :( Қазанды қасығымен араластырып) бауырсағым піс, Бай әке, бауырсақ піскенше балалардын әнін тығдамаймыз ба?

Бай: Тыңдасақ тыңдайық.(Балалар ән айтқанша Алдар қазанға бауырсақ салып қояды)

Алдар көсе: м,м,м қандай дәмді ( Бай қазанға түсердей қарап )

Бай: О,о,о бауырсақ пісіпті ғой,мағанда берші.

Алдар көсе: Ала ғой Бай әке.

Бай: Ой, қалай дәмді, Алдар ау, сенің сиқырлы қасығың тағы не пісіре алады?

Алдар көсе: Сиқырлы қасық бәрінде пісіре алады, Бауырсақтарымыз бар, енді осы бауырсақпен шай ішпейміз бе?

Бай: Ішейік Алдар, сиқырлы қасығыңмен сиқырлап жібер.

Алдар көсе: Шайымыз қайнағанша ойын ойнасақ қайтеді?

Бай: Ол қандай ойын шартын тұсіндіріп жіберші, сен шайығды қара біз ойнай берейік

Алдар көсе:1) Ойынның аты «Әр ұлттың биі» деп аталады, бұл ойын ата аналардың ойыны, оның шарты:біз экраннан әр ұлттың биін көрсетеміз, соны әр ата ана өз баласымен қайталау керек.

2) Ойынның аты «Теңге алу» деп аталады, бұл ойынды балалар ойнайды,оның шарты:ортада теңге салынған дорба тұрады, соның жан жағында әуен қосылғанда билеу керек, әуен бітенде теңгені алу керек,

Ойын ойнап жатқанда Алдар сөмкесіне сандықтағы кәмпиттерді салып алады

Бай: Жақсы балалар енді орнымызға жайғасайық. ( Алдар көсе шай құяды)

Алдар көсе: О,о,о шәйдің иісі дәмі қандай керемет,

Бай: (бай шәй ішіп отырып)Алдар, енді тамақ пісірмедік пе?

Алдар көсе: Бай әке қонақтарымыз отыр, солармен ең құрмағанда бауырсақ бөліссеңші.

Бай:Дұрыс айтасың Алдар, біз қонақтарымызға дәм татқызғанша балаларымыздың биін көрмедік пе?

Алдар көсе:Биші балаларымызды ортаға шақырайық

Бай: Ой, Алдар, біздің балалар өте өнерлі екен.

Алдар көсе: Ал Байеке, балалар, мен жүрейін. Кездескенше күн жақсы.

Бай: Жолын болсын Алдар,

Алдар әндетіп кеткеннен кейін, Бай әйеліне:

Бай:Мынау Алдар кетті ме, кетпеді ме? Әйелім, шай қой, анау сандықтағы бауырсақ, кәмпиттерді алып шай ішейік өзіміз

Бай сандықты ашып қараса кәмпиттерді Алдар алып кетіпті,

Бай: Қу Алдар ай Алдар алданғаным ай.

Кейіпкерлер шығып кетеді

1.Мирас:Біздің балалар тәуелсіздік туралы тақпақтар біледі екен.

2Айым :( билеп тұрып)Билегім кеп тұрғанын қарашы.

1.Мирас Сені білмеймін, біздің балалардың дайындаған биі бар екен,

2.Айым: Ендеше қарайық

1.Мирас: сен білесің бе, біздің топта әншілерде бар екен.

2.Айым: Ендеше көрейік

1)Мирас: Осымен мерекелік іс-шарамызда аяқталды.

2)Айым: Кездескеше күн жақсы.

2)Мирас:Сау болыңыздар!!

Тәуелсіздік күні сценарий балабақшада

Дайындағандар: «Балдаурен» балабақшасының тәрбиешілері 
Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды. 
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. 
Рәміздерім – елдігімнің  белгісі, 
Білу керек бала –дағы ең кіші.                                                                                           
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
           Мерей: Отан- жерім, Отан- суым,
                          Отан  қуат, нәр береді.
                          Отан- ұран, Отан- туым,
                          Отан мәңгі гүлденеді!
          Санжар: Қуат  алған  өзінен,
                          Туған елдің  ұлымын.
                          Бақытты  етіп  өсірген,
                          Отанымның  гүлімін.
           Зарина: Шырқап  көкке  аспан – ән,
                           Болашаққа  бас  қадам.
                           Қазақ  рухын  биіктет,
                            Ей, бас қалам- АСТАНА !
        Ерсұлтан: Қадамың бар баспаған,
                            Асуың  бар  аспаған.
                            Халқым  жетсін  мұратқа,
                             Ей, бас  қала- АСТАНА!
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы. 
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
              Әділет: Елтаңбасы  елімнің,
                            Неткен  әйбат, әдемі!
                            Тұнығындай  көңілдің,
                            Ортада- аспан  әлемі.
                 Әділ: Құт, береке – шаңырақ,
                            Орын алған  ол  төрден.
                            Қанатты  қос  арғымақ,
                            Екі  жақтан  көмкерген.
             Данель: Анаң- күнің, жүрегің,
                             Әкең – өмір тірегің. 
                             Сен- бақытты  ұлансың,
                             Бәрі  саған  қуансын!
               Даяна: Көк  аспандай  көкпеңбек,
                             Қазақстан жалауы.
                             Көк  емес  ол тектен-тек,
                             Елдің ашық қабағы.
        Жанарыс: Тәуелсіздік  жолында,
                             Талай – талай тер тамған.
                             Билігім  өз  қолымда,
                             Еркіндігім – Елтаңбам.
            Нарқыз: Аспанымдай мөлдірмін,
                             Жайлауымдай  жазықпын.
                             Өзенімдей  өршілмін,
                             Гүлдерімдей  нәзікпін.
               Архат: Ақ  ниеті- алтын күн
                            Асқақ арман – қыраны.
                            Жалауы бұл- халқымның,
                             Мәртебесі, мақтаны.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».
Би: «Қара жорға».

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Т?уелсіздік туралы сценарий 30 жыл
  • Т?уелсіздік туралы концерт сценарий
  • Т?уелсіздік т??ырым сценарий
  • Т?уелсіздік мерекесіне арнал?ан сценарий балаба?шада
  • Т?уелсіздік концерт сценарий 30 жыл