Т?уелсіздік т??ырым сценарий

СценарийТ?уелсіздік- т??ырымЖ?ргізушілер: 1. Терекбаева Л.С. 2.Абишев Б.М.?тетін орны: РБОО, конференция залы К?ні: 14.12.2012. ж. Уа?ыты: 12.00Басталуы. Фанфар

Сценарий

«Тәуелсіздік- тұғырым»

Жүргізушілер: 1. Терекбаева Л.С.

2.Абишев Б.М.

Өтетін орны: РБОО, конференция залы

Күні: 14.12.2012. ж.

Уақыты: 12.00

Басталуы . Фанфары

1-Бағдат: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

2- Лаззат: Құттысың тәуелсіздік- киелі күн!

Құт күшім егемендік иелігім,

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым еркіндік боп үйілер күн.

1-Бағдат : Армысыздар, көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан текті халықтың ұлықты ұрпақтары!

2- Лаззат: Есенсіздер ме, еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолында игілікті істе жүрген, әріптестер!

1-Бағдат: Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылығымызды оятқан…

2- Лаззат: Әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған

1-Бағдат: Алдымызда келе жатқан 17-желтоқсанҚР-ның Тәуелсіздік күні құтты болсын!

1-Бағдат: Салтанатты жиынымызға ҰМХ-тен арнайы қонақтар келіп отыр

Ақтаева Ләззат Мейрашқызы — ҰМХ АҚ-ы Басқарма төрағасының орынбасары;

-Утебаева Мариям Мұхтарқызы — ҰМХ жанындағы «Нұр -Отан»ХДПтөрағасының бірінші орынбасары

2- Лаззат: Тәуелсіздікке қол жеткіздірген ең ұлы күн, ол – 16-желтоқсан. ҚР-сы Үкіметінің жарлығы бойынша 16-желтоқсан – Қайта жаңару күні деп жарияланған. Тәуелсіздік десек, алдымен Желтоқсан еске түседі.

1-Бағдат: Ендеше, ұлы мерекеге арналған салтанатты жиынды ашуға рұқсат етіңіздер.

ҚР-ның Гимні

2-бөлім

1-Бағдат: Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Оның тарихтағы тағы бір дәлелі – Желтоқсан оқиғасы. Бұл Тәуелсіздік жолында талай жас, талай арман қар кешіп, мұз жалады. Бұл жолда талай боздақтың айтылмаған әні, сөнген арманы, солған гүлдей тағдырлары қалды… Тарихта бұл күнді – ызғарлы желтоқсан революциясы деп атайды. Ендеше, бір сәт экранға қарап, сол сәтке назар аударайық.

Видео-ролик

2- Лаззат: Қадірлі әріптестер! Біз 1986 жылғы 16-желтоқсанға мәңгі қарыздармыз. Азаттықтың алауын мұзға жаққан желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің кепілі болды. Сондықтан желтоқсан құрбандарын орнымыздан тұрып еске алайық, рухына тағзым етейік.

Бір минут үнсіздік

Желтоқсан туралы ән Бағдат

2- Лаззат: Осынау айтулы мерекеге өзінің жүрекжарды лебізін білдіру үшін «Республикалық балалар оңалту орталығы» Акционерлік Қоғамының Басқарма төрайымы Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызын ортаға шақырамыз!

Құттықтау сөз

1-Бағдат : Құттықтау сөз кезегін қонақтарға береміз .Құрметті Ләззат Мейрашқызы,Мариям Мұхтарқызы, сіздерді ортаға шақырамыз.

СӨЗ

1 — Бағдат: Қазақпын, еңселі елмін егеменді
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Гүлмира Базарбаевна, ән

1-Бағдат : Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік- біздің халқымыз үшін аса қымбат.

2- Лаззат: Айбынды желтоқсан оқиғасына қатысқан талай жас бүгінде аға буынға айналған. «Тәуелсіздіктің тәтті ұғым» екенін ұрпаққа, ызғарлы желтоқсанның ащы запыранын көзімен көрген куагер ретінде насихаттап жүрген желтоқсандықтар ортамызда бар. Сондай азаматтардың бірі – Абдрасулова Оразкүл Абдрасылқызы.

1-Бағдат: Сөз кезегі – өзіңізде, Оразкүл Абдрасылқызы

Сөз сөйлейді

1-Бағдат: Кешегі ұрпақ — бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ – келешекке үміт артады. Елдің болашағы — тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болмақ. Бұған әсіресе жастардың сенімі зор.

2- Лаззат: Құттықтау сөз кезегін жастардың атынан «Ақжол» бөлімінің медбикесі Жәнібекқызы Аягөзге береміз.

Сөз

1-Бағдат: Астанам аспан көгінен,
Орнап дәурен сүреді.
Соғады бірге сенімен,
Қазақтың әрбір жүрегі.

2- Лаззат: «Сәлем, Астана! » , орындайтын Аубакиров Қайсар .

Ән

1-Бағдат: Отан! – деген сөзім қандай әдемі! 
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі. 
Таңдандырды жан-жағымды — бай өлке, 
Қарапайым, кең дастархан, әдебі. 

2- Лаззат: Атам қазақ аңсағаны -еркіндік, 
Сақтау үшін азаттықты бекіндік, 
«Қастығы жоқ — қазақ», деген аңыз бар, 
Татулықтың символымыз — сертім нық!

1-Бағдат: Келе жатқан ұлы мерекеміз құтты болсын, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, деп жиынымызды « Атамекен» әнімен аяқтасақ деген тілектеміз. Бәріміз бірге !

«Атамекен»

І жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсеткен мектеп жанындағы музыкалық мектептің шәкірттері Кеңес Дүйсекеевтің «Дала жыры» әнін орындады

сөзі Шөмішбай Сариевдікі, хор жетекшісі Габдурашитова Найля Ильсуновна, концертмейстер: Обухова Елена Валерьевна

І жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі салтанатты жиынымызда сіздерді «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтаймыз.

ІІ жүргізуші:Здравствуйте уважаемые гости, уважаемые ребята!

16 декабря, наша страна будет отмечать большой праздник – день Независимости Республики Казахстан. 23 года назад в 1991 году Казахстан объявил себя суверенным независимым государством, сегодня мы собрались здесь, чтобы поговорить еще раз о том долгом и нелегком пути, которым наша страна шла к своему суверенитету, к своей независимости.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

Құрметті оқушылар! Бүгін бізде үлкен мейрам – Отанымыздың тәуелсіздіқ күні! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!

ІІ жүргізуші:Уважаемые учителя, учащиеся и гости! Сегодня у нас большой праздник – День Независимости нашей Родины! Праздник, посвященный Дню независимости, объявляем открытым!

І жүргізуші: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету исі қазақ азаматтарының игі борышы.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаеватарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіздікпен тұрып, еске алайық.

І жүргізуші:

Қуан халқым!Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық.

ІІ жүргізуші:
Казахстан – это имя страны,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это крылья побед!
Ты цвети, Казахстан, расцветай,
Наш любимый и солнечный край.
В этот день поздравляем тебя,
Будь отрадна, родная земля!

І жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің көк Туының астында егеменді елімізді құттықтап, қонақтарға жылы лебіз айту үшін сөз мектебіміздің директоры Ахметкалиев Нұржан Ныгметоллаевичті беріледі.

1. На сцене Махметова Мадина с песней «Тек алға!». Встречаем!

І жүргізуші:
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!

2. Музықалық сәлемімен Маратов Бекті қарсы алайық ән «Қазақстан»

ІІ жүргізуші: Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем нашу школу, свою семью, свой прекрасный город, всю нашу огромную Республику Казахстан.

Родина – это отец твой и мать,

Родина – друг и ровесник подстать,

Родина – это твой край и столица,

Родина – это аул и станица.

3.Исаханова Индира мен Отарбаева Аиданың «Шәшу» биін қабыл алыңыздар!

І жүргізуші: Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, бір қыс айының атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

Кез емес, жаугершілік аттанатын,
Аланың шеру емес салтанаты.
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

ІІ жүргізуші:

Решетки на окнах. Повсюду конвой.
Ничто не нарушит мой сон и покой.
Вот так предлагает судьба мне взамен,
Украв мою молодость, гниенье и тлен.

Вашему вниманию фрагменты декабрьского движения 1986 года.

4. «Ар- намысым, мақтанышым- Желтоқсан!» атты желтоқсан оқиғасынан үзінді көрініс. Дайындаған қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Карменова Галина Нұраждарқызы

ІІ жүргізуші: 16 декабря 1991 года на карте появилось новое демократическое государство – Казахстан. В это труднейшее время казахстанцы доверили свои судьбы Н. А. Назарбаеву, который и стал первым Президентом Независимого Казахстана (портрет Назарбаева)

Я люблю Казахстан за прекрасные степи,
За высокие горы и шумные реки.
За орла, что парит в высоте надо мной,
И за солнце люблю, и за неба покой.

За богатство народа люблю,
За его доброту, чистоту.
За единство и дружбу людей,
За их честность и мудрость идей.
За богатство прошлого я люблю,
За батыров, погибших в бою!

І жүргізуші: Тәуелсіздік — еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз, дербес Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді.

Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.

5. Алдарыңызда Махметова Мадина мен Дулганова Жанардың орындауында «Қазақстан алға» әні. Қарсы алыңыздар.

ІІ жүргізуші:16 декабря весь наш народ Казахстана отмечает праздник «День независимости». Независимость — это политическая самостоятельность, отсутствие подчинённости. Это верно, страна самостоятельно решает трудные вопросы политического, экономического, социального направления.

Независимость Республики подтверждается тем фактом, что Казахстан идёт своим путём и только своим путём развития. 16 декабря 1991 года впервые был провозглашён это праздник. Прошло 23 года с того дня, но и сегодня Казахстан испытывает трудности, потому что свободным, независимым стать за 1 день или даже за несколько лет очень трудно.

Мой край родной.
Республика свободных
Великих наций, разных языков.
И ценят здесь обычаи народов.
Советы мудрых стариков.

6.Встречайте на сцене Калиахметов Ыргызбай с песней «Қасиетті домбыра»

ІІ-жүргізуші: Казахстан – наша родная земля, наше наследство. Красив, богат Казахстан – страна древнего народа.

Цвети мой океан цветной

Всю жизнь цветы твои я рву

Укрой меня своей листвой,

Зарыться дай в твою траву.

Букетом полевых цветов

Передо мной маячишь ты,

И счастлив я, и жить готов

Во имя этой красоты.

7. Қарсы алыңыздар алдарыңызда мектебіміздің кішкентай ханшайымдары «Радуга» биін орындайды. Дайындаған сынып жетекшісі Сарсембиноа Мунира .

І- жүргізуші: Елбасымыз 1995 жылғы қыркүйектің он бесінде Қазақстан Республикасының астанасы туралы Заңына қол қойды.

Біздің Отан кең байтақ,
Көп ұлттың мекені.
Біз құшақты кең жайсақ,
Әлем сыйып кетеді.
Тату еліміз табысқан,
Қазақстан – бақстан!

ІІжүргізуші:В стране происходят добрые перемены, вселяющие радость и надежду. Обретя независимость, наш народ на демократической основе впервые избрал своего Президента. Была принята новая Конституция. Казахстан признали более ста стран мира. Он стал членом ряда международных организаций, в том числе ООН. Казахский язык обрел статус государственного языка. Восстановлены честные имена славных казахских сынов. Парламентом Республики были приняты новые государственные символы: герб, гимн и флаг

У казахов своя страна.
Свои земли на все времена.
У казахов цветет свой флаг.
У казахов сияет свой герб.
У казахов, как сбывшийся сон.
Свой счастливый и мудрый закон!

8. Песня «Астана» в исполнений Ашировой Малики,

руководитель Ларина Наталья Васильевна

І жүргізуші: Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт!

Таңгажайып атыңда дәл табылды.
Табылды да талай жұртқа таңылды.
Туғаң елім көкке жетті көк туы
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

ІІ жүргізуші:

Ты выстрадал, мой Казахстан, немало.
Но стал свободным. и сейчас
Здесь равноправны все народы.
Народ — единственная власть!

Я прошлым Родины своей горжусь,
Истоки языков познать стремлюсь.
Хочу, чтоб в будущем мой Казахстан
Стал сильным и великим среди стран

9. Күй ______________________________________________ орындайтын

9 «А» сынып оқушысы Ұлықбеков Арсен, жетекшісі Құнафина Назгүл Маратқызы, концертмейстер Кравченко Анастасия Борисовна

1-жүргізуші:

Бай өлкем шарықтаған,

толастамай көгінде қалықтар ән.

Қазақстан — мекені қайсарлықтың,

Қазақстан — Алатау, алып далам!

2-ведущий:

Моя Родина – это красота природы.

Это счастье, любви большой океан.

Это символ богатства, символ свободы,

Моя Родина – мой независимый Казахстан!

10.Алдарыңызда домбырашылар ансамбльі К_________________ Досымжановтын «Сайран» күйін орындайды ,жетекшісі Примбетов Нокісбай Бердірахманович

ІІ-жүргізуші: Независимость – это будущее наших детей. Мы передаем им в наследство Единство, Мир и Благоденствие! Пусть каждый день поют, танцуют и смеются дети – дети Республики Казахстан!

Мой Казахстан! Ты – Родина моя! Твоих степей бескрайние просторы Душой и сердцем я люблю.

Люблю твои серебряные горы.

11. 4 және 9 сынып оқушыларының әзірлеуімен дайындалған Әдеби монтаж

І жүргізуші:

16 желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жанында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!

ІІжүргізуші:

— Закончить нашу торжественную линейку, посвящённую Дню независимости я хочу словами древнего пожелания казахов, положенного в основу государственного герба:

Пусть будет высоким твой шанырак, широкими твои стены и прочной основа твоего дома”.

І жүргізуші: Құрметті, Ұстаздар, мектеп оқушылары және қонақтар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан!» атты іс-шарамызды аяқтаймыз.

Бірге: Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі жерін де
Өзіңдікі еткен Бақ –
Тәуелсіздік төрінде!

Сценарий тақырыбы: « Тәуелсіздік- тұғырым»

Сценарий барысы: «Тойбастар» күйі (хабарланбайды)

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке
қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті
мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде
Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай
деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен
еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны
ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді
ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен
ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның
ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін
талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай
батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия
сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне
бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден
безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың
құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

2-жүргізуші:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау
кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз
тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,
Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл  күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан
Республикасының  туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.

 Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда
Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық
Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған
Қазақстан егемен ел болды. Міне содан бері 24  жыл!

 Тәуелсіздігімізге арналған мерекелік кешімізді
еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік — ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

2-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің
директоры                                      Дәндібаев Сағындық
Мұхамедияұлына беріледі.

Ән «Туған жер» орындайтын 9 — сынып оқушысы:  Текебай
Кәусар

1-жүргізуші: Мейіржан, сен білесің бе Желтоқсан
оқиғасының шығу себебі не екенін?

2-жүргізуші: Иә, білемін. 1986 жылғы 16 желтоқсанда
таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының
пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан
алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, Қазақ халқының
наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.

Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы
Лесбек Омаров былай деп жырлайды:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Қақаған күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз Қазақ қыздарын

Омондар бастан тепкен күн,

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір дауа

Ер қайрат қыршын кеткен күн.

Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» 8-сынып оқушысы: Зияда
Ерлан

1-жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі –
біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986
жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам
сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам
коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде
16-17 желтоқсандағы оқиғаға  қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің
жарлығымен ақталды.

Оқушылар сәлемдемесі (3 оқушы)

1-оқушы:

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

2-оқушы

Желтоқсанда шындық жырын

шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

3-оқушы

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын.

(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың
суреттері әкелінеді)

2-жүргізуші:

1 минут үнсіздік

1-жүргізуші:

Ән: «Желтоқсан желі» орындайтын: Хор

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда 11-сынып бишілері тобының орындауында «Қазақ
биі»

2-жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов
ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді
десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді.
Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Ән «Қазақ жастары» орындайтын 9 сынып оқушысы:
Орзанбай Мейіржан

1-жүргізуші:  «Орнында бар оңалар» демекші, ел
орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер
болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне
танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған
өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған,
төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз
Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Атамекен-ай» орындайтын: 9-сынып оқушысы Текебай
Кәусар

2-жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1-жүргізуші: Ал, қазір көрініске кезек берсек. 

Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр.  Өлеңін
оқиды.

  Қайрат:

Қайнама қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

                           Сөйлесем даусым жетпейді,

                           Кез болдық мынау заманға.

                           Шовинизм еді ғой,

                           Басты себеп жанжалға.

Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.

Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!

Хатшы: Отырыңдар!

Сот үкімді оқиды.

Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:

     Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы
ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы
Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың
негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301
баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі
деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.

          Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы
бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан
айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім
жазасына, атуға кесілсін.

Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол
қылмыскер емес.

Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар.

”Ақтық сөз” өлеңін оқиды.

Қайрат:

”Ақтық сөзің не?” – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

                          Күнәдан таза басым бар,

                          Жиырма бірде жасым бар.

                          Қасқалдақтай қаным бар,

                          Бозторғайдай жаным бар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

”Еркек тоқты — құрбандық”,

Атам десең атыңдар!

                           Хош аман бол артымда,

                           Ағайын, туған-азамат.

                           Артымда қалған ата-анам,

                           Ел-жұртым саған аманат!

Сот: -Бүгінгі сот жабық.

Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы
баласының соңына жүреді. Осы кезде Қайрат “Анама” деген өлеңін оқиды.

Қайрат:

Мейірімді ақ жүзіне анамның,

Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.

Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,

Кемістігі  көп-ау мына балаңның.

Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,

Өкінем де, басымды иіп өтінем.

Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой

Ән «Алға, Қазақстан» орындайтын 8- сынып оқушысы:
Зияда Ерлан

2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Тәуелсіздік туралы бейнероликті тамашалайық.

Ән: «Атамекен» орындайтын: Хор

(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен
жалауша)

1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің

24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты
мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі
жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Слайд 1Сайыс тақырыбы:
«Тәуелсіздік тұғырым»

Сайыс тақырыбы:«Тәуелсіздік тұғырым»


Слайд 2Мақсаты:
Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Оқушыларды 16 желтоқсан – ҚР-ның тәуелсіздік күніне

байланысты алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.

Мақсаты:Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Оқушыларды 16 желтоқсан – ҚР-ның тәуелсіздік күніне байланысты алған білімдерін анықтап, елін сүюге,


Слайд 3
Интеллектуалдық топтық сайыс

Интеллектуалдық топтық сайыс


Слайд 4Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық

балалардан!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар! Мұнда қызық табылар, Білім нұры шашылар. Ақыл, тілі дамыған, Үлгі алайық балалардан!


Слайд 5Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі

күн жеңімпазы болады

Көңілді тапқыштар, алғырлар, Бар өнерін алдарыңа салады. Кім білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады


Слайд 7Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше

бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Әділқазы алқасына бір сәлем! Әділдікке бас иеді күллі әлем! Жүйрік озар сайыстарда неше бір. Сарапқа сап әділдікпен


Слайд 8
1. “Сұрақтар әлеміне саяхат”
2. “Мақал — сөздің мәйегі ”
3.“Ойнайық та ойлайық”
4.

“Мәнерлеп өлең оқу”
5.Топтық жұмыс «Болашақ Қазақстан»суреттер салу”
6. «Рефлексия Бәйтерекке тілек жазу”

1. “Сұрақтар әлеміне саяхат” 2. “Мақал - сөздің мәйегі ” 3.“Ойнайық та ойлайық” 4. “Мәнерлеп өлең


Слайд 9Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы

сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек

Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Бүгін осы сайыста жеңіске жет, Білімді,


Слайд 10І — кезең.
“Сұрақтар әлеміне саяхат”

Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

І - кезең.“Сұрақтар әлеміне саяхат” Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады.


Слайд 11Тәуелсіздік тобы
1.Қ.Р.-ның Президенті кім?
2.Қ.Р.-ның рәміздері қалай аталады?
3.Тудың авторы кім?
4.Туда нелер бейнеленген?
5.

Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім?

Тәуелсіздік тобы1.Қ.Р.-ның Президенті кім?2.Қ.Р.-ның рәміздері қалай аталады?3.Тудың авторы кім?4.Туда нелер бейнеленген?5. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім?


Слайд 121.Сенің Отаның қалай аталады?
2.Елтаңбаның авторлары кім?
3.Қазақстан қандай мемлекет?
4.Елтаңбада нелер бейнеленген?
5. 16

– желтоқсан қандай мереке?

Бейбітшілік тобы

1.Сенің Отаның қалай аталады?2.Елтаңбаның авторлары кім?3.Қазақстан қандай мемлекет?4.Елтаңбада нелер бейнеленген?5. 16 – желтоқсан қандай мереке?Бейбітшілік тобы


Слайд 131.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды ?
2.Әнұранның авторлары кім?
3.Қазақстанның қай қаласында

тұрасың?
4. 1 – желтоқсан қандай мереке?
5. Тәуелсіздікке қатысқан қазақ жастары кімдер?

Қазақстан тобы

1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды ?2.Әнұранның авторлары кім?3.Қазақстанның қай қаласында тұрасың?4. 1 – желтоқсан қандай мереке?5.


Слайд 14II — кезең. «Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады,

ал сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

II - кезең. «Мың бір мақал» Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал сіздер сол мақалдың жалғасын


Слайд 15Түні де ыстық.
Туған жердің күні де ыстық,…

Түні де ыстық.Туған жердің күні де ыстық,...


Слайд 16Туған елдей ел болмас.
Туған жердей жер болмас, …

Туған елдей ел болмас.Туған жердей жер болмас, …


Слайд 17Ормансыз бұлбұл.
Отансыз адам-,…

Ормансыз бұлбұл.Отансыз адам-,...


Слайд 20Ер туған еліне
Ит тойған жеріне, ….

Ер туған елінеИт тойған жеріне, ....


Слайд 25 III- кезең. «Ойнайықта ойлайық»
Бұл сайыста әр топқа сөзжұмбақтар беріледі.

III- кезең. «Ойнайықта ойлайық» Бұл сайыста әр топқа сөзжұмбақтар беріледі.


Слайд 26ІV-кезең. Мәнерлеп өлең оқу.
Әр топтан бір оқушы шығып жатқа мәнерлеп өлең

шумақтарын айтады.

ІV-кезең. Мәнерлеп өлең оқу. Әр топтан бір оқушы шығып жатқа мәнерлеп өлең шумақтарын айтады.


Слайд 27V-кезең. Топтық жұмыс.
«Менің Отаным — ҚАЗАҚСТАН»
Сурет арқылы сипаттау.

V-кезең. Топтық жұмыс. «Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН» Сурет арқылы сипаттау.


Слайд 28VІ-кезең. Рефлексия.
Сайыстан алған әсерлері.

VІ-кезең. Рефлексия.  Сайыстан алған әсерлері.


Слайд 29Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың

Тауды биік деме сен, Талаптансаң, шығарсың. Қарсылас мықты деме сен, Білімді болсаң, шығарсың


Сахнада түрлі безендірулер болады. Екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары! 

2-жүргізуші: Кеш жарық қадірлі көрермендер! 

1-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын! 

2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, қонақтарымызбен таныстырып өтсек: (келген қонақтарды таныстырады)

2-жүргізуші: «Дариға, Домбырамды берші маған, 
Жаныма келші жарым, келші балам. 
Бейуақ, іңірдегі көңіліме, 
Күй болып күңіреніп енші далам 

Домбырам, жүрегіммен үндес едің, 
Сенімен сырласымдай тілдесемін. 
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң, 
Өнердің не екенін білмес едім». Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда _______________________(бір күй орындайды) 

1-жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, 
Жиырма бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 

2-жүргізуші: «Ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. (Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)

1-жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі)

2-жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, иә?

1-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 

2-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. 

(Хабарлаусыз, бір би жіберіледі) 

1-жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.

2-жүргізуші: Жебесімін көбе бұзар түркінің, 
Егесімін күллі түркі жұртының. 
Назарына түспесе де дұшпанның, 
Жанарыма тұнған шықты іркідім. 

(Көрініс _______________) 

1-жүргізуші: Иә…. Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. 

2-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. 

1-жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем, 
Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген 
Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз 
Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген. 

2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!

Тәуелсіздік тұғырым


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • admin
  • 24.10.2019
  • 0
  • 1
  • 41803

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
«Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп» КММ
«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі
Тайпақова Гаухар Исабековна

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік

Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

— Әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жақсы балалар.

Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Біздің Отанымыз Қазақстан — тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Каусар.

Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Сабина.

Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.

Дінмұхаммед.

Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да

Алмас.

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Мерей.

Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел

Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!

Би «Алға Қазағым»

Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Балалар рәміздерімізді кім атап береді?

Дұрыс айтасыңдар балалар? Ортаға рәміздер туралы тақпақтарын айтуға Рамазан. Нұржігіт.Зерде келе қойыңдар.

Рамазан.

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Нұржігіт.

Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Зерде.

Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім — Елтаңбам

Әнші қызымыз Мөлдірдің орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі тақпақтарын айтуға балалар

Жібек. С.

Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.

Әлинұр.

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Мөлдір. 

Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

Қуаныш.

Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!                                                                                                 

Тәрбиеші:

Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай — деп

«Қазақстан-бақытты балалардың Отаны» биін тамашалыңыздар! 

Тәрбиеші:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады,

Олжас.

Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.                                                                                         

Диас.                                             

Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.

Аяла.А.

Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным

Інжу.Қ.                                                      

Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған  ауылым.

Інжу. З.

Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел өркендеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Тәрбиеші:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.

Жанел. Жандарбек.

Еркеназ.

Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.

Аиша

В День Независимости я
Стране желаю возродиться,
И чтобы каждая семья
Имела шанс к мечте стремиться.

Жанель.

Родина моя – Казахстан!
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы.
Закаты как в сказке и звездные ночи,
Рассветы ясны как красавицы очи.

Данеля.

Там свято хранятся традиции предков,
И люди плохие встречаются редко.
Там радость так радость, беда не беда,
Гостям в каждом доме там рады всегд

Бота. Күтпеген сәт:  Баланың түсі

Бала (Димаш): Әже, әже шыраққа қарашы ұстап алайықшы.
Әже: біссімілла неге шошындың бала?
Бала: Әже, әже көп түс көрдім, әже көп жарық күнді көрдім.
Әже: Е балам, ол сенің бақытың балам, Тәуелсіздігіміздің мәнгі жарық күні. Балам бара ғой, жолдастарыңнан сүйінші сұрай ғой.   
Бала: Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.

Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.

Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Осы елімізді, жерімізді басқарып отырған ел басымыз бар.

Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!

Тәрбиеші: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз
Деңсаулықпен әкелсін берекеңіз
Өзбек биін алып келген ортаңызға
Мұң бұралған бишілерді қарсы алыңыз

Биші қыздарымыздың орындауында өзбек биі «Назюлим» .

Орындайтындар: Мөлдір, Аиша, Зерде, Ботагөз, Каусар, Еркеназ.  

Бахтияр. 

Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.

Әділ.

Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.

Тәрбиеші:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға  рахмет!


1 ведущий: Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен жел астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі — Республикам менің.

2 ведущий: Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.

3 ведущий: Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

1 ведущий: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік кешті өткізгелі отырмыз. Сіздерді Ұлы Қазақстан Республикасының тәуелсідік күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би, мереке шашулары шашылады.

2 ведущий: Наше Отечество, наша Родина – мы так зовем Казахстан, потому что здесь живут наши отцы и деды, и все для нас родное. В преддверии праздника «Дня Независимости» мы проводим наше мероприятие «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым».

3ведущий: Good afternoon dear guests teachers and pupils

Good afternoon everybody who has come to our party.

We are very glad to see you here.

Today is the day of languages. Let,sstart.

«Казахский танец» Исполняют учащийся_________ класса

К Ө Р І Н І С

1 ведущий: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – тұған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

2 ведущий: Мы люди разных национальностей, живем в мире и согласии. Мы дети – разных народов, но вскормлены одной матерью – Родиной. У каждого народа своя культура, свой язык, национальные костюмы, обычаи и традиции.

3 ведущий: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

В исполнении _______________, ученицы « »класса песня «Әрқашан күн сөнбесін»

Выступление учеников

Дети читают стихи:
1-оқушы:

Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,Отан үлкен
Қазқстан – туған ел.

2-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында калған күн.

3-оқушы:

Жасай берсін, ұлы кун,
Үміті боп елінін;.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардын.

4-оқушы:

Тәуелсіздік — шұғылалы арманың,
Батыл басып бақытыңа барғаның.
Тәуелсіздік — көк тіреген тауларың
Ойға шомып тұратығын орманың.

5-оқушы

Тәуелсіздік — ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата — бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке,бейбіт өмір келісім.

6-оқушы:

7-оқушы:

_____________ күйі. Орындайтын _____________ « » класс оқушысы

1 ведущий: Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Қарсы алыңыздар, М О Н О Л О Г……….

Мен – қазақпын, биiкпiн, байтак елмiн,
қайта тудым, өмiрге қайта келдiм.
Мен мың да бiр тiрiлдiм мәңгi өлмеске –
Айта бергiм келедi, айта бергiм

Предлагаем вашему вниманию песню «__________» в исполнении

Видеоролик

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2 ведущий: : Мы ещё раз поздравляем всех с праздником – Днём Независимости нашего родного Казахстана! Желаем всем мирного неба над головой! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по-солнечному радостной, как в сказке. Чтобы дети росли сильными, радостными и джружными, слушались старших и берегли родную землю. Счастья вам, процветания нашей Родины. До новых встреч!

1 ведущий: Осымен біздің концерттік бағдарламамыз аяқталды. Сау болыңыздар! Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбетшілік өмір тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!

6.Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды тәуелсіздік кунімен құттықтаймын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Поздравляем с Днем Независимости — долгожданным праздником. Всех казахстанцев, поздравляем с великим праздником – днем Независимости.
Да здравствует Независимость Казахстана! Надо беречь и преумножать традиции нашего народа. Стараться не пустословить. Чтобы каждая семья жила в достатке. Дай Бог вам здоровья.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Поздравляем вас С Днем Независимости РК!
Независимость РК пришла в результате борьбы казахского народа за свою независимость. Народ всегда жаждал независимости, сколько крови было пролито на пути к свободе.

Находясь в центре Евразии, наш народ обрел счастье в многонациональной стране. Представители более 100 национальностей живут и трудятся в единой стране вместе с казахским народом, преумножая славу нашего государства.

Kazakhstan is an independent Republic. Kazakhstan is an ancient and hospitable land, which occupies a large part of Central Asia. Kazakhstan has 14 regions, 84 cities. More than 17 million people of over a hundred nationalities and ethnic groups live in the republic. The head of Kazakhstan is a president, his name is Nursultan Nazarbayev. Almaty is a former capital of Kazakhstan. In 1997, the president of sovereign Kazakhstan made a decision to transfer the capital from Almaty to Akmola. In 1998 the government of the country decided to change the name of the capital into Astana, what means “capital” in Kazakh language. In Kazakhstan people speak Russian or Kazakh languages. Kazakhstan has hundreds of nationalities that’s why all people speak their native language. There are many parties in Kazakhstan, for example: Azat, Otan, Alash, Azamat. The president is elected every seven years. The parliament can be divided into two parts. One of them is deputation of Senate and the other is deputation of Mazhilis. Kazakhstan is rich in mineral resources. Coal, oil, timber and gas are the most important of them. I’m proud of my country.

Стихи про Казахстан на английском языке

Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

Jura-Jura-Zhuravel! 

He circled the hundred lands. 

Circled, and passed round, 

Wings, legs натрудил. 

We asked crane: — 

Where are the best land? — 

He answered, flying: — 

Better to have none of the native land!

***

Kazakhstan – топик на английском, который расскажет вам о Казахстане. Kazakhstan is a sovereign state. In December 1991 Kazakhstan declared its independence. Kazak government pursues the policy of friendship and national accord. Historically Kazakhstan has developed as a multinational state. According to the constitution adopted in 1995 every nationality can develop its culture in Kazakhstan. All people of Kazakhstan have equal rights and duties. Both industry and agriculture are developing here. Nowadays many private firms and joint ventures appear. Kazakhstan has established diplomatic relations with seventy countries of the world. President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev is highly respected not only in this country but abroad as well because he is an honest and intelligent statesman.  The most important industrial centres are Karaganda, Pavlodar, Zhezkazgan, Taraz. Our country is rich in mineral resources and minerals. Copper, iron, zinc, lead, coal are mined in Kazakhstan. Now the aim of independent Kazakhstan is to become the country of high technology.  Kazakhstan is good for a place of useful health resorts. People can improve their health at the resorts in Kostanay, Kokshetau, Almaty. They say that Kokshetau is «Kazak Switzerland» because its nature is beautiful and climate is mild. Kazak people are friendly and open-hearted.  Almaty is the cultural, Scientific, economic and transport centre of Kazakhstan. This is one of the most beautiful cities of Asia. The city has a mild climate. Summer in Almaty lasts from May till September with the average temperature of 22 degrees in July. Winter is not very cold with the average temperature of 8 degrees below zero in January.  The city was founded in 1854. Till 1921 it was named Verny. In 1929 Almaty became the capital of the Kazak Socialist Republic. Almaty was the capital of independent Kazakhstan till November 1997. Nowadays the city has seven theatres, many cinemas, hundreds of clubs, libraries and other cultural and educational centres. The most important theatres are the Kazak State Academic Opera and Ballet Theatre named after Abai and the Kazak State Academic Drama Theatre named after M.Auesov. The city also has the Russian, Uigur, Korean theatres and many other troupes.  Verny had only one gymnasium. Now in Almaty there are 185 schools of general education, a lot of technical secondary schools and Universities. Almaty is a University city. Young people from different places og Kazakhstan come to study here.  Almaty is situated at the food of the Ala-Tau montains. The climate is very favourable for gardening. Everybody in kazakstan knows the world famous apples «aport». The citizens of Almaty are proud of the well known skating-rink «Medeo». It is equipped with all modern sport facilities. The most important competition are held there.  Almaty is the city of kind and hospitable people. It is a great pleasure to visit it.

Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні. 
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші: 
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

1 — жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 — жүргізуші: 
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар…
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді….

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ….

Ән «Қазақстан»

2 — жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі. 
1 — жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой — қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық 

«Балбырауын» күйі. 
Бақытым — Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

«Қамажай биі» 

1 — жүргізуші: 
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 — жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе — тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 — жүргізуші: 
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

2 — жүргізуші: 
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім, 
Болашағым, өнер — білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Ән: «Қазақстаным»

2 — жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Т?уелсіздік мерекесіне арнал?ан сценарий балаба?шада
  • Т?уелсіздік концерт сценарий 30 жыл
  • Сюжет праздника день матери
  • Сюжет праздник покрова
  • Сюжет на хэллоуин праздник