Т?уелсіздікке арнал?ан іс шара сценарий

?АЗА?СТАН РЕСПУБЛИКАСЫ?ызылopдa ?aлaсыМК?К Алпамысбалаба?шасыны? ?уез жетекшісіТ?рымбетова А?тол?ай АлибековнаТ?уелсіздік к?ніне арнал?ан ерте?гілік(ересек топт

?АЗА?СТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ

?ызылopдa ?aлaсы

 МК?К «Алпамыс»

балаба?шасыны? ?уез жетекшісі

Т?рымбетова А?тол?ай Алибековна

Т?уелсіздік к?ніне арнал?ан ерте?гілік

 (ересек топтары)

Залды? безендірілуі:к?к,сары т?сті шарлар, «Б?йтерек»              ескерткішіні? макеті, «?аза?стан т?уелсіздігіне 21 жыл»       жазуы, т?рлі ?лт балалары.

Кейіпкерлер: хан, 1-ші батыр,2-ші батыр, 3-ші батыр, у?зір

        Балалар музыка залына  ?олдарына                жалаушаларымен кіріп, жартылай ше?берге т?рып,      музыкамен билеи т?рады.

Би: «Вальс»

Ж?рг:

Аты?нан айналайын егемен ел,

Т?уелсіз к?ні? б?гін кенеле бер.

Мерейі? 21-жылды? ??тты болсын

?асырды? тойы болшы келе берер.

??рметті ата-аналар ,?она?тар,балалар б?гін біз ?аза?стан республикасыны? 21 жылды? мерей тойына ?уанышты, жылы лебізбен жиналып отырмыз. Т?уелсіздік ал?ан к?німіз ??тты болсын. Балалар» т?уелсіздік» деген  с?зді ?алай т?сінесі?дер?

Балалар жауабы: ?зімізді? бостанды?ымыз,

Ж?р: ?рине,  б?л деген еркіндік, бостанды?, т?уелсіздік. Ендеше осы мерекені тойлап ?н шашуымызды айтайы?.                         

«?н?ран»

Та?па?тар:

1. Жасампаз жыр — ?нім,

?зі?сі? ?ажапстан .

?сиет, ?раным,

Отаным –?аза?стан.

?н « Отан»

(?ннен кейін  музыкамен хан кіреді.)

2. ?аза?стан — елді? аты,

?аза?стан — жерді? аты.

?аза?стан — ел жаннаты,

?аза?стан — жер жаннаты. 

Хан:Уа хал?ым !

?лдары? орындады берген антын,

Кімдер еді, шы?ар?ан елдінда??ын.

Мерекелері? ??тты болсын б?лдіршіндерім.

Ж?р:Хош келді?із хан ием бізді? той?а. Т?рлеті?із,  отыры?ыз. Бізді? тойды? ??тты ?она?ы болы?ыз.

Хан:(орнына отырады) ?дейлеп ат терлетіп осы мерекеге келдім. Сендер  б?бектерім осы т?уелсіздік елінде ?мір с?ргендері?е 21 жыл болды.

Шал?ы ?аза? шал?итын заман келді демекші, осы т?уелсіздікке жету ?шін батырларымыз ?з елін ?ор?ап, т?уелсіздікті а?са?ан.

Ж?р:  Міне хан ием осы ?уанышты  ?ойнымыз?а сыйдыра алмай, шыр?атып той тойлап, ?н шыр?ап би билеудеміз.

Би: «Шо? г?лдер «»   

Та?па?тар:

Желбіресе к?к туым,

 ?аза?ты ?лем таныды,

К?терілер шо?ты?ым.

Туымда?ы алтын к?н.

?ланымын хал?ымны?,

?лы істерге талпындым

Тынышты?ты? деміндей

Егеменді ел боп б?гін.

Егеменді елімні?,

Біз тілейміз бар б?бек.

Президенті баста?ан,

Ба?ытты ?мір с?ргенін

Отанымда барлы? ?лт

Ту?ае елге еркелеп,

Татулы?ты ?оста?ан,

?уаг?аным к?лгенін.

?аза?стан байта? жерім,

Таби?аты ?андай к?ркем

Т?уелсіздік ар?асында

М?ртебесі арт?аг елім.

Ба?ытты боп ж?ргенім,

Сені? ар?а? ?лы Отан,

Елім мені? тірегім,

??ша?да г?л атам.

Т?уелсіздік к?нінде

К?к байра?ы к?гінде,

Тектілігі тегінде,

Бірлігімен т?тасып,

Жеткен азат ?мірге,

Т??ырлы елім , рухты елім,

Той боп жатыр т?рінде.

Отан жерім, Отан суым

Отан ?уат н?р берген

Отан ?ран, Отан туым,

Отан м??ігі г?лденеді.

Сенім жыры

Т?уелсіздік т?марым,

Б?йтерегім шыра?ым

Ел мерейін ?сіріп,

Менде шы??а шы?айын

 Аймала?ан к?н н?ры,

Лайланбасын т?ны?ы

Берік болсын м??гілік,

Т?уелсіздік т??ыры.

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

?йткені оны мекен еткен

бабамыз бен атамыз

Отаным ?зегім сен,

От алдым ?зі?нен мен,

Жаралдым топыра?ы?нан,

Н?р алдым ?зі?нен.

Ж?р:Ба?ытты  балалар ?нін шыр?айы?.

?н: «Біз ба?ытты балалар»

Хан:Б?рекелді б?лдіршіндер, ?нерлерін ?рге ж?зсін.

Осы кезде иіліп у?зір кіреді.

У?зір:

С?йлесін жаршы а?ыны?

Келе жатыр батыры?,

Жы?ып берді ?алы?ды,

Же?іп берді жауы?ды.

Хан:Не дейді, не дейді Кім келе жатыр дейді. (та?данады) ( жауаптары)

Ж?р: Келі?дер  балалар бой сергітіп  ойын ойнап алайы?.

Ойын: «?з ж?бы?ды  тап»

Ойынны? шарты: Балалар ше?берге т?рып ?олдарына ?р т?рлі пішіндер таратылады музыка ?уенімен билеп музыка то?та?анда балаларж?птарын тауып ж?ппен т?ру.

(Музыкамен батырлар кіреді)

Батырлар:(Тізерлеп отырып хан алдында)

С?лем бердік ханымыз – 1 батыр

Елге ??рбан жанымыз – 2 батыр

?иынды?та халы?ты? -3батыр

?ызметіне ?зірміз. –  б?рі ?осылып айтады.

Хан:(Хан орнынан т?рып,батырлармен кеуде ?а?ысып,амандасады. Батырлар балалармен амандасады.)Пай-пай батырларым!Осы той?а сендерде келіп ?алды?дарма? ( м?нерлеп амандасу)

Ж?рг:Т?рлеті?іздер!Бізді? де сіздер сия?ты кішкентай ел ?ор?айтын батырларымыз бар.К?не, батырлар би билеп жіберейікші?

Би: «Жа?а д?уір»

1-батыр:  Керемет, міне бізді? болаша? батырларымыз ?андай ?

2-батыр:

«Жер болса,ел болады,

ел болса  ер болады»деген екен бізді? ата-бабаларымыз.Ал сендер бізді? болаша? ?рпа?тарымыз ?андай ?ла?атты с?здер, ма?ал-м?телдер білесі?дер?

Ма?ал-м?телдер:

Батыр: и?, к?ш-?уат жа?ына келгенде алдары?а жан салмайтындары? к?рініп т?р, ал тілге,а?ыл-ой, ма?ал-м?телдерге ?алайсы?дар?

Ж?ргізуші:

Ел мен жер егіз.

Ел а?асымен жарасады,

Киім жа?асымен жарасады.

Аталар с?зі –

А?ылды? к?зі

Ту?ан жер — т??ыры?,

Ту?ан ел — ?ыдыры?.

 Ел ?адірін к?рген біледі,

Жер ?адірін ж?рген біледі.

Адам елінде к?герер,

?о?а к?лінде к?герер.

Б?тен жерді? г?лінен

Ту?ан жерді? тікені арты?.

?з елімні? басы болмасам да,

Сайыны? тасы болайын.

Ту?ан жерді? к?ні де ысты?, т?ні де ысты?.

Елінен безген о?байды,

К?лінен безген ?онбайды.

Ел болам десе?, бесігі?ді т?зе.

Отан – елді? анасы

Ел – ерді? анасы.

Ту?ан жердей жер болмас,

Ту?ан елдей ел болмас.

Отанды с?ю – от басынан басталады.

Ту?ан жерді? жуасы да т?тті.

?ркімні? ?з жері — ж?ма?.

Ер елінде,

Г?л жерінде.

Отан ?шін к?рес,

Ерге тиген ?лес.

??рта?андай тор?ай да,

?з ?ясын ?ор?айды.

Отаны? берік болса,

Жауы? алмайды.

                                 ?н: «Елта?басы елімні?» 

1-батыр:Б?рекелді,ал енді менімен мынадай ойын ойна?ылары? келе ме?

(мен сендерге ?азір жа?ылтпашты? басын бастаймын,сендер ая?тау керексіндер)

Жа?ылтпаштар:                                       

Тай?ана?тап,                                   Тарау-тару жолдар жолдарды?

?а??ала?тап,                                   Тарау-тарау саласы бар

Б?л?ала?тап,                                      Салаларыны? да                           

Сыр?ана? теп.                                    Тарау-тарау арасы бар.

Та?па?тар:

Та?дай ?а??ан шартарап                   К?к туымнан н?р алдым    

К?к туымда барша ба?                      Сол ?ыран?а сы?армын

?ыран сам?ап барады                        Ерікті елді? еншісі-

К?нді иы??а ар?алап                         Еркіндігі ?ыранны?.

Хан:?ОРЫТЫНДЫЛАУ: Е,(?уанышпен батырлар?а ?арап)а?са?ан арманымыз?а жеттік-ау деймін.?азір елімізде 120-дан аса ?лт ?кілдері т?рады.

1-ші Батыр:?аза? елі ке? пейілді халы? ?ой

2-Батыр:Жау жа?адан алмаса,жуас халы?пыз?ой сонды?тан да барлы? елдермен досты?ымыз жарасымды емеспе?

?н: « ?аза?стан жалауы »

Хан:Т?уелсіздік деген т?тті ??ым,?астерлі с?з. ?лемде со??ы 21-жылды? ішіндн т?уелсіздік туын биік ?стап ал?а бас?ан ел-?аза?стан!

Ж?рг:

?н: «?аза?стан жалауы»

Хан: б?рекелді

3-Батыр:Міне бізді? болаша? ?рпа?тарымыз

1-Батыр:«?у демейтін ?аза? жо?»демекші ?здері шеттерінен ?нші, биші

екен, ал енді мергендіктері?ді сынап к?рсек ?айтеді.

Ойын. «Мергендер »

(Ойын шарты: екі топ?а б?лініп себетке гранаталар 2 метр ара ?ашы?ты?та т?рып  ла?тыру).            

Хан:С?рмергенні? де ізбасарлары ?сіп келе жатыр екен, б?рекелді!

2-ші батыр:Ел іргесін сеніп тапсыратын ?лдарымыз бен ?ыздарымыз ?сіп келе жатыр екен. ?зі?дей дана болсын, біздей дара болсын деп бата?ды бер хан ием!

Хан:

Елімні? іргесі тыныш болсын!

?рпа?ым мекен еткен ,

Жері т?кті майса болсын!

?арттарына шежірелі ?ам?ор болып,

?р ісінде б?гетсіз жолы болсын!

Ша?ыра?ында шат к?лкі ?яла?ан,

Балдыр?анны? ?й?ысы т?тті болсын!

?умин.

3-ші батыр:Ал енді бізді? ?лі асатын асуымыз, басатын тауымыз к?п. Р??сат болса жол ж?рейік хан ием.

(Кейіпкерлер сахнадан шы?ып кетеді)

Ж?ргізуші: Мерекемізді  та?па?тармен  жал?астырайы?.

Та?па?тар:

Отаным-?зегім сен

От алдым ?зі?нен мен

Жаралдым топра?ы?нан

Н?р алдым ?зі?нен!

Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз
?йткені оны мекен еткен
Бабамыз мен атамыз.

Біз б?гін ?андай мерекені атап ?ттік?

Балалалар жауабы:

Ж?ргізуші: Ендеше осы мерекеде к?рген білгенімізді топ?а барып ?а?аз бетіне бейнелеп жабыстырайы?.

Музыкамен залдан шы?ады

Просмотр содержимого документа

«»Т?уелсіздік к?ніне арнал?ан ерте?гілік» сценарий »

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігі (Викториналық ойын)

Сабақтың мақсаты: Осы мерекелік шара арқылы балалардың еліне, жеріне, туған өлкесіне, отбасына деген патриоттық сезімге, бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу. Және әрбір оқушының мемлекеттік тілге қатысты қызығушылық- ты арта түсу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру,көрнекіліктермен жұмыс т.б.

Сабақтың барысы: 7-сынып оқушылары ҚР Тәуелсізідігіне байланысты қысқаша мәлімет беріп кетеді.

Көрнекіліктер : Карта, плакаттар, асықтар, киіз үй,конгверттегі тапсырмалар

Қажетті құралдар: қарындаштар,фломастер,конверт,плакаттар, асықтар, эмблема, сыйлықтар, карта,укаска,бор т .б.

Жабровец Алексей: «Тәуелсіздік» Иран-Ғайып

Өзіңдікі-Елің де, Орыс,ұйғыр,неміс те

Өзіңдікі-Жерің де. Үміт қосып жеңіске

Өзіңдікі өзің еккен Бақ- Жұдырықтай жұмылды

Тәуелсіздік- төріңде! Келешегі кең іске.

Асқар тау да-сенікі, Өзіңдікі-Туың да,

Бақша,бау да сенікі. От пен ауа, суың да.

Қалтқысыз дос пенен Жаса,Қазақстаным

Қатал жау да- сенікі. Белді бекем буында!..

Камальдинова Яна 6 «б сынып

Родина-это отец твой и мать,

Родина-друг ровесник подстать,

Родина-это твой край и столица,

Родина- это аул и станица.

Отан- менің ата – анам,

Отан – досым , бауырым,

Отан – өлкем, астанам,

Отан – аудан , ауылым.

Фролова Лера: «Атамекен»

Никитина Лера 6 «б» сынып

Казахстан-это имя народа,

Казахстан-это имя весны,

Казахстан-это имя свободы,

Казахстан- это солнечный свет,

Казахстан- это имя побед,

Казахстан- это крылья народа.

Михайлова Маша:

Бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықарлық валюта қорына мүше болып қабылданды.

Леончикова Вероника:

Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.

Әнұранымызды, Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік.

Қалиев Асылхан:

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім-Әнұран, Ту, Елтаңба

Рәміздерді жатқа білу жөн кісі.

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

Бухалов Даниил (6-сынып). «Ана тілі»

Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату- тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар .

Буров Никикта 6 «б» сынып

Мы должны воплотить все надежды,

Все мечты и стремленья, и сны,

Для того чтоб не жить, так как прежде,

Новый мир мы построить должны.

Так возьмемся же за руки братья

Перед вступлением в новую жизнь.

Постараемся жить детей ради ,

Дружелюбней попробуем быть.

Голубкова Катя:

Біздің туымыз – тәуелсіздік , тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын , жеріміздің бүтіндігін , халықтарымыздың жарастығын аман сақтау – әрбір азаматтың борышы.

Халық құрамының ерекшелігін ескере отырып, кейінгі жылдары мемлекетіміз 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күнін атап өтуде. Бұл күні барлық білім ұйымдарында тілге байланысты алуан түрлі іс-шаралар өткізіліп отырады.

Сонымен қатар елімізде газеттер 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз.

Ковалева Катя 6 «б» сынып

Запомните этот день 16 декабря — как день рождения свободы Казахстана.

Прошлое не просит забвения, а настоящее не просит разьединения. Давайте будем все вместе помнить о том, почему на карте мира появилась такая страна- Республика Казахстан, и что мы ее граждане Будущее Казахстана в ваших руках.

Викториналық жарыс тапсырмалары:

Әділ-қазылар алқасын сайлау

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі – Мұстафина Р.Е.

Мектептің кітапхана қызметкері — Гренадер Т.Н.

7 сынып оқушысы – Михайлова Маша.

1 сайыс

1-топ (6 «а»сынып)

  1. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Әнұран,Ту, Елтаңба)

  3. ҚР бірінші президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

  4. Какого цвета Государственный флаг Казахстана? (Сине-голубой,золотой)

  5. Что символизирует Государственный флаг? (Единение, мир, благополучие,честность,щедрость,зоркость,высоту помыслов)

  6. Что означает золотая звезда? (Символ высоких помыслов и зовущей за собой мечты)

  7. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

  8. Қазақ тілі қандай топқа жатады? (Түркі)

  9. Экономикалық аймақтарды ата.(Батыс,Шығыс, Солтүстүк,Оңтүстік,Орталық)

  10. Кто автор музыки гимна? (Ш.Қалдаяқов)

  11. Государственный язык РК ? (казахский)

  12. Сенің Отаның қай ел? (Қазақстан)

2-топ (6 «б»сынып)

  1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні? (16 желтоқсан)

  2. ҚР Конституциясы қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жылы)

  3. ҚР президенті қашан сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсан)

  4. Что изображено на флаге? (Золотое солнце с парящим орлом в центре и национальный орнамент вдоль древка)

  5. Что символизирует изображенный на гербе шаңырақ? (Отчий дом, очаг,мир)

  6. Назовите авторов герба и флага. (Автор флага – Ш.Ниязбеков, авторы герба-Ш. Уалиханов, Ж.Малибеков)

  7. Қазақ халқының ана тілі? (қазақ тілі)

  8. Қазақстан қанша экономикалық аймаққа бөлінеді? (5)

  9. Қазақстан Мемлекетінің әнұранының сөзін кім жазды ? (Назарбаев,Қалдаяқов)

  10. Что означает слово «байтерек»? (Во-первых, байтерек – восоко растущее дерево, родственное тополю.Этим его образ отождествляется чем-то высоким, возвышенным, нерушимым. Во-вторых, переносное значение –опора,поддержка).

  11. Представители скольких нации проживает на территорий Казахстана? (более 130)

  12. Бәйтеректің биіктігі қанша метр? (97 метр)

Бұл сайыстан соң әділ-қазыларға сөз беріледі.(Сайыс нәтижесі)

2 сайыс «Қазақстан» сөзіне қазақша ассоциация жазады

3 сайыс Картамен жұмыс

1-топ (6 «а»сынып)

  1. Покажите на карте западный регион Казахстана.

  2. Покажите Центральный регион Казахстан.

2-топ (6 «б»сынып)

  1. Покажите на карте восточный регион Казахстана.

  2. Покажите южный регион Казахстана.

4 сайыс Плакатпен жұмыс (Екі топ плакатқа «Каким я представляю свое будущее»)

5 сайыс мақал-мәтелдермен жұмыс (Конвертке мақалдардың қиындыларын салып беремін, оқушылардың дұрыс құрауы шарт)

1-топ (6 «а»сынып)

  1. Отан үшін отқа түс күймейсің

  2. Туған ел- тұғырың , туған тіл-қадірің.

  3. Дүниенің құлы болма,Отаныңның ұлы бол.

  4. Отанды сүю-отбасынан басталады.

  5. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

2-топ (6 «б»сынып)

  1. Туған жердің күні де ыстық , түні де ыстық

  2. Ер елінде, гүл жерінде.

  3. Туған жердің жуасы да тәтті.

  4. Отан- елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

  1. Отаның берік болса, жауың алмайды.

6 сайыс ҚМ мерекелеріне байланысты (тақтамен жұмыс)

1-топ (6 «а»сынып)

  1. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

  2. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

  3. 1 қаңтар – Жаңа жыл

  4. Конституция күні

2-топ (6 «б»сынып)

  1. 9 мамыр – Жеңіс күні

  2. 22 наурыз – Наурыз мерекесі

  3. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мейрамы

  4. Республика күні

7 сайыс Плакаттағы жасырын сөздерді табыңдар.

Әділ-қазыларынан жалпы сайыс нәтижелерін сұрау.(есебін дайындағынша, қорытынды)

Қорытынды: ҚР астанасы қай қала? ҚР президенті кім? ҚР рәміздерін ата. ҚР мемлекеттік тілі?

Ойыншыларды марапаттау,алғыс айту.

Сау болыңыздар.

Сценарий тақырыбы: « Тәуелсіздік- тұғырым»

Сценарий барысы: «Тойбастар» күйі (хабарланбайды)

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке
қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті
мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде
Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай
деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен
еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны
ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді
ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен
ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның
ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін
талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай
батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия
сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне
бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден
безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың
құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

2-жүргізуші:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау
кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз
тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,
Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл  күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан
Республикасының  туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.

 Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда
Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық
Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған
Қазақстан егемен ел болды. Міне содан бері 24  жыл!

 Тәуелсіздігімізге арналған мерекелік кешімізді
еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік — ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

2-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің
директоры                                      Дәндібаев Сағындық
Мұхамедияұлына беріледі.

Ән «Туған жер» орындайтын 9 — сынып оқушысы:  Текебай
Кәусар

1-жүргізуші: Мейіржан, сен білесің бе Желтоқсан
оқиғасының шығу себебі не екенін?

2-жүргізуші: Иә, білемін. 1986 жылғы 16 желтоқсанда
таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының
пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан
алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, Қазақ халқының
наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.

Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы
Лесбек Омаров былай деп жырлайды:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Қақаған күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз Қазақ қыздарын

Омондар бастан тепкен күн,

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір дауа

Ер қайрат қыршын кеткен күн.

Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» 8-сынып оқушысы: Зияда
Ерлан

1-жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі –
біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986
жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам
сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам
коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде
16-17 желтоқсандағы оқиғаға  қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің
жарлығымен ақталды.

Оқушылар сәлемдемесі (3 оқушы)

1-оқушы:

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

2-оқушы

Желтоқсанда шындық жырын

шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

3-оқушы

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын.

(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың
суреттері әкелінеді)

2-жүргізуші:

1 минут үнсіздік

1-жүргізуші:

Ән: «Желтоқсан желі» орындайтын: Хор

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда 11-сынып бишілері тобының орындауында «Қазақ
биі»

2-жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов
ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді
десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді.
Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Ән «Қазақ жастары» орындайтын 9 сынып оқушысы:
Орзанбай Мейіржан

1-жүргізуші:  «Орнында бар оңалар» демекші, ел
орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер
болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне
танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған
өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған,
төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз
Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Атамекен-ай» орындайтын: 9-сынып оқушысы Текебай
Кәусар

2-жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1-жүргізуші: Ал, қазір көрініске кезек берсек. 

Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр.  Өлеңін
оқиды.

  Қайрат:

Қайнама қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

                           Сөйлесем даусым жетпейді,

                           Кез болдық мынау заманға.

                           Шовинизм еді ғой,

                           Басты себеп жанжалға.

Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.

Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!

Хатшы: Отырыңдар!

Сот үкімді оқиды.

Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:

     Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы
ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы
Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың
негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301
баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі
деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.

          Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы
бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан
айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім
жазасына, атуға кесілсін.

Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол
қылмыскер емес.

Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар.

”Ақтық сөз” өлеңін оқиды.

Қайрат:

”Ақтық сөзің не?” – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

                          Күнәдан таза басым бар,

                          Жиырма бірде жасым бар.

                          Қасқалдақтай қаным бар,

                          Бозторғайдай жаным бар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

”Еркек тоқты — құрбандық”,

Атам десең атыңдар!

                           Хош аман бол артымда,

                           Ағайын, туған-азамат.

                           Артымда қалған ата-анам,

                           Ел-жұртым саған аманат!

Сот: -Бүгінгі сот жабық.

Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы
баласының соңына жүреді. Осы кезде Қайрат “Анама” деген өлеңін оқиды.

Қайрат:

Мейірімді ақ жүзіне анамның,

Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.

Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,

Кемістігі  көп-ау мына балаңның.

Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,

Өкінем де, басымды иіп өтінем.

Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой

Ән «Алға, Қазақстан» орындайтын 8- сынып оқушысы:
Зияда Ерлан

2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Тәуелсіздік туралы бейнероликті тамашалайық.

Ән: «Атамекен» орындайтын: Хор

(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен
жалауша)

1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің

24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты
мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі
жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Сахнада түрлі безендірулер болады. Екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары! 

2-жүргізуші: Кеш жарық қадірлі көрермендер! 

1-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын! 

2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, қонақтарымызбен таныстырып өтсек: (келген қонақтарды таныстырады)

2-жүргізуші: «Дариға, Домбырамды берші маған, 
Жаныма келші жарым, келші балам. 
Бейуақ, іңірдегі көңіліме, 
Күй болып күңіреніп енші далам 

Домбырам, жүрегіммен үндес едің, 
Сенімен сырласымдай тілдесемін. 
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң, 
Өнердің не екенін білмес едім». Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда _______________________(бір күй орындайды) 

1-жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, 
Жиырма бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 

2-жүргізуші: «Ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. (Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)

1-жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі)

2-жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, иә?

1-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 

2-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. 

(Хабарлаусыз, бір би жіберіледі) 

1-жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.

2-жүргізуші: Жебесімін көбе бұзар түркінің, 
Егесімін күллі түркі жұртының. 
Назарына түспесе де дұшпанның, 
Жанарыма тұнған шықты іркідім. 

(Көрініс _______________) 

1-жүргізуші: Иә…. Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. 

2-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. 

1-жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем, 
Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген 
Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз 
Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген. 

2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!

  • Тіркелу
  • Жоба туралы
  • Сайт қолдану ережелері
  • Сертификат алу

Тіркелу

Қош келдіңіз! Өз аккаунтыңызға кіруіңізді сұраймыз

Қолданушы аты

Кілтсөз

Тіркелу

Тіркелу

Қош келдіңіз! Аккаунт тіркеңіз

Поштаңыз

Қолданушы аты

Кілтсөзіңіз поштаңызға жіберілді

Кілтсөзімді ұмыттым

Кілтсөзді қалпына келтіру

Поштаңыз

Кілтсөзіңіз поштаңызға жіберілді

  • Негізгі бет
  • Мұғалімдерге
    • Мұғалімдер конкурсы
    • Ашық сабақтар
      • Әдебиет
      • Алғашқы әскери дайындық
      • Ағылшын тілі
      • Әлеуметтану
      • Информатика
      • Биология
        • Анатомия
        • Ботаника
        • Ихтиология
        • Биофизика
        • Зоология
        • Гидробиология
        • Ихтиопатология
      • Дүниежүзі тарихы
      • География
      • Дене шынықтыру
      • Бала-бақша
      • Бастауыш сынып
    • Әдістемелік көмек
    • Сабақ жоспарлары
    • Тәрбие сағаты
    • Презентациялар
      • Қазақстан тарихы
      • Құқық
      • Психология
      • Паразитология
    • Сценарий
    • Ұстаз үні
  • Оқушыларға
    • Шығармалар
    • Рефераттар
      • Кәсіпкерлік
      • Қазақ әдебиеті
      • Қазақ тілі
      • Қазақстан тарихы
      • Қалыпты физиология
      • Қаржы
      • Құқық
      • Литература
      • Математика/Геометрия
      • Мәдениет және өнер
      • Микробиология және вирусология
      • Орыс әдебиеті
      • Орыс тілі
      • Патологиялық физиология
      • Педиатрия
      • Педогогика
      • Психология
      • Саясаттану
    • Шәкірт ойы
    • ҰБТ
      • Психологиялық кеңес
  • Студенттерге
    • СӨЖ
    • Курстық жұмыстар
    • Дипломдық жұмыстар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

© copyright 2017. Барлық құқықтар қоғалған
Меншік иесі «Skills Academy» ЖШС
Жасақтаушы Agatay.kz

1 ведущий: Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен жел астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі — Республикам менің.

2 ведущий: Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.

3 ведущий: Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

1 ведущий: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік кешті өткізгелі отырмыз. Сіздерді Ұлы Қазақстан Республикасының тәуелсідік күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би, мереке шашулары шашылады.

2 ведущий: Наше Отечество, наша Родина – мы так зовем Казахстан, потому что здесь живут наши отцы и деды, и все для нас родное. В преддверии праздника «Дня Независимости» мы проводим наше мероприятие «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым».

3ведущий: Good afternoon dear guests teachers and pupils

Good afternoon everybody who has come to our party.

We are very glad to see you here.

Today is the day of languages. Let,sstart.

«Казахский танец» Исполняют учащийся_________ класса

К Ө Р І Н І С

1 ведущий: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – тұған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

2 ведущий: Мы люди разных национальностей, живем в мире и согласии. Мы дети – разных народов, но вскормлены одной матерью – Родиной. У каждого народа своя культура, свой язык, национальные костюмы, обычаи и традиции.

3 ведущий: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

В исполнении _______________, ученицы « »класса песня «Әрқашан күн сөнбесін»

Выступление учеников

Дети читают стихи:
1-оқушы:

Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,Отан үлкен
Қазқстан – туған ел.

2-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында калған күн.

3-оқушы:

Жасай берсін, ұлы кун,
Үміті боп елінін;.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардын.

4-оқушы:

Тәуелсіздік — шұғылалы арманың,
Батыл басып бақытыңа барғаның.
Тәуелсіздік — көк тіреген тауларың
Ойға шомып тұратығын орманың.

5-оқушы

Тәуелсіздік — ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата — бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке,бейбіт өмір келісім.

6-оқушы:

7-оқушы:

_____________ күйі. Орындайтын _____________ « » класс оқушысы

1 ведущий: Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Қарсы алыңыздар, М О Н О Л О Г……….

Мен – қазақпын, биiкпiн, байтак елмiн,
қайта тудым, өмiрге қайта келдiм.
Мен мың да бiр тiрiлдiм мәңгi өлмеске –
Айта бергiм келедi, айта бергiм

Предлагаем вашему вниманию песню «__________» в исполнении

Видеоролик

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2 ведущий: : Мы ещё раз поздравляем всех с праздником – Днём Независимости нашего родного Казахстана! Желаем всем мирного неба над головой! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по-солнечному радостной, как в сказке. Чтобы дети росли сильными, радостными и джружными, слушались старших и берегли родную землю. Счастья вам, процветания нашей Родины. До новых встреч!

1 ведущий: Осымен біздің концерттік бағдарламамыз аяқталды. Сау болыңыздар! Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбетшілік өмір тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!

6.Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды тәуелсіздік кунімен құттықтаймын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Поздравляем с Днем Независимости — долгожданным праздником. Всех казахстанцев, поздравляем с великим праздником – днем Независимости.
Да здравствует Независимость Казахстана! Надо беречь и преумножать традиции нашего народа. Стараться не пустословить. Чтобы каждая семья жила в достатке. Дай Бог вам здоровья.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.

Поздравляем вас С Днем Независимости РК!
Независимость РК пришла в результате борьбы казахского народа за свою независимость. Народ всегда жаждал независимости, сколько крови было пролито на пути к свободе.

Находясь в центре Евразии, наш народ обрел счастье в многонациональной стране. Представители более 100 национальностей живут и трудятся в единой стране вместе с казахским народом, преумножая славу нашего государства.

Kazakhstan is an independent Republic. Kazakhstan is an ancient and hospitable land, which occupies a large part of Central Asia. Kazakhstan has 14 regions, 84 cities. More than 17 million people of over a hundred nationalities and ethnic groups live in the republic. The head of Kazakhstan is a president, his name is Nursultan Nazarbayev. Almaty is a former capital of Kazakhstan. In 1997, the president of sovereign Kazakhstan made a decision to transfer the capital from Almaty to Akmola. In 1998 the government of the country decided to change the name of the capital into Astana, what means “capital” in Kazakh language. In Kazakhstan people speak Russian or Kazakh languages. Kazakhstan has hundreds of nationalities that’s why all people speak their native language. There are many parties in Kazakhstan, for example: Azat, Otan, Alash, Azamat. The president is elected every seven years. The parliament can be divided into two parts. One of them is deputation of Senate and the other is deputation of Mazhilis. Kazakhstan is rich in mineral resources. Coal, oil, timber and gas are the most important of them. I’m proud of my country.

Стихи про Казахстан на английском языке

Kazakhstan — the native land 

Very because we love you. 

Sea, mountains, dal steppe- 

This is my Motherland! 

How great is my land, 

How wide is its vast expanses 

Lakes, rivers and fields, 

Forest and steppe, and mountain. 

Jura-Jura-Zhuravel! 

He circled the hundred lands. 

Circled, and passed round, 

Wings, legs натрудил. 

We asked crane: — 

Where are the best land? — 

He answered, flying: — 

Better to have none of the native land!

***

Kazakhstan – топик на английском, который расскажет вам о Казахстане. Kazakhstan is a sovereign state. In December 1991 Kazakhstan declared its independence. Kazak government pursues the policy of friendship and national accord. Historically Kazakhstan has developed as a multinational state. According to the constitution adopted in 1995 every nationality can develop its culture in Kazakhstan. All people of Kazakhstan have equal rights and duties. Both industry and agriculture are developing here. Nowadays many private firms and joint ventures appear. Kazakhstan has established diplomatic relations with seventy countries of the world. President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev is highly respected not only in this country but abroad as well because he is an honest and intelligent statesman.  The most important industrial centres are Karaganda, Pavlodar, Zhezkazgan, Taraz. Our country is rich in mineral resources and minerals. Copper, iron, zinc, lead, coal are mined in Kazakhstan. Now the aim of independent Kazakhstan is to become the country of high technology.  Kazakhstan is good for a place of useful health resorts. People can improve their health at the resorts in Kostanay, Kokshetau, Almaty. They say that Kokshetau is «Kazak Switzerland» because its nature is beautiful and climate is mild. Kazak people are friendly and open-hearted.  Almaty is the cultural, Scientific, economic and transport centre of Kazakhstan. This is one of the most beautiful cities of Asia. The city has a mild climate. Summer in Almaty lasts from May till September with the average temperature of 22 degrees in July. Winter is not very cold with the average temperature of 8 degrees below zero in January.  The city was founded in 1854. Till 1921 it was named Verny. In 1929 Almaty became the capital of the Kazak Socialist Republic. Almaty was the capital of independent Kazakhstan till November 1997. Nowadays the city has seven theatres, many cinemas, hundreds of clubs, libraries and other cultural and educational centres. The most important theatres are the Kazak State Academic Opera and Ballet Theatre named after Abai and the Kazak State Academic Drama Theatre named after M.Auesov. The city also has the Russian, Uigur, Korean theatres and many other troupes.  Verny had only one gymnasium. Now in Almaty there are 185 schools of general education, a lot of technical secondary schools and Universities. Almaty is a University city. Young people from different places og Kazakhstan come to study here.  Almaty is situated at the food of the Ala-Tau montains. The climate is very favourable for gardening. Everybody in kazakstan knows the world famous apples «aport». The citizens of Almaty are proud of the well known skating-rink «Medeo». It is equipped with all modern sport facilities. The most important competition are held there.  Almaty is the city of kind and hospitable people. It is a great pleasure to visit it.

«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК

Тақырыбы: «Жасай бер, Қазақ елі»

(ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған іс – шара сценарий конспекті)

Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова

Рудный қаласы Ақпан айы 2016жыл

«Жасай бер – Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі

(ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай алдын ала ұйыцмдастырылған іс – шара сценарий конспекті)

Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүрг:  Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,Серпін таста мұңды жүрек түндігінШарықтайық, шаттанайық, тынбайықТәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі — Әнұраны!

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.Мультимедиялық тақтадан Президент қалай сайланғаны және Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы кино көрсетіледі.

Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыздар:

«Егемен ел» әні орындайтын Балапан ересек тобын қарсы алыңыздар.

Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жылы лебіздерді қабыл алыңыздар:

Ботақан 2 – сәбилер тобы шығып қазақ тіліндегі тақпақтарын айтады.

Он алтыншы желтоқсан

               Тәуелсіздік алған күн

               Ерекше боп мәңгілік

               Ел жадында қалған күн

 Жасай берсін ұлы күн

              Үміті боп елінің.

              Ақ күні боп баланың

             Шаттығы боп Ананың

 Он алтыншы желтоқсан

                Елдің ұлы мейрамы

                Жаңа шыққан көктемдей

                Жаз күніндей жайдары

Арымыздай тап-таза

                    Жанымыздай шуақты

                    Көтерілді биікке

                    Қазақстан байрағы

Он алтыншы желтоқсан

                               Ел мерейі тасыған

                              Қазақ деген қалың жұрт

                              Бәрін кешті басынан

Жүрг: шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй отанды шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына, қырына да

Би «Астана вальсі» орындайтын ересек Құлпынай тобы қарсы алыңыздар.

Залға әуенімен әндетіп, Алдар көсе келеді.

Көрініс: «Алдар көсе  мен Шығайбай»

Үстел басында Шығыбай мен оның әйелі отырады. Атпен музыка әуенімен шауып залға Алдар көсе келеді.

Алдар:  Мен Алдармын, Алдармын

               Бәріңді мен алдаймын

   Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Мен осы жақтан көңілді өлеңдерді естіп, тойға келдім,құттықтайын деп. Мерекелерің құтты болсын! Ойбой, мына тұрған Шығыбай байдың киіз үйі ғой. Ішінен піскен еттің иісі шығып тұр.Қазір балалар, мен олардың үйіне барып, оларды алдап кетейін, сендер айтып қоймаңдар.

Алдар көсе есікті қағып, байдың үйіне кіреді: Ассалаумағалейкұм,баеке!

Шығыбай:  Уағалейкум-ассалам! Біздің жақта не істеп жүрсің?

Алдар: Мен жоғалған қойларымды іздеп жүрмін.

Бай: Сенде қой бар ма?

Алдар: Иә, бір атар қойым бар еді, соны іздеп шаршадым. Сіздің үйіңізде 1 түн қонсам қалай көресіңдер?

Бай: Қонсаң, қон. Әй кемпір, қонаққа төсек сал.

Түнде бай мен әйелі ұйықтап жатқанда,Алдар көсе тұрып, қазандағы етті жеп, жемегенін қойнына тығып алып, кетеді,орнына балта тастап. Таңертең бай мен кемпір тұрады.

Бай:  Әй, кемпір әлгі Алдар көсе кеткен ғой. Қане, анау қазаннан етті шығар жеп алайық. Кеше кешке де сол үшін тамақ ішпей ұйықтап қалдық – деп, ішін сипалап отырады. Кемпірі қазанды ашса, ішінде балта жатыр екен, ойбайлап: Алдады, алдады ғой бізді Алдар көсе! – деп айғалайды.

Бай: Тез жүр, қуып жетейік, алыс кеткен жоқ шығар – деп, екеуі шығып кетеді.

Алдар көсе оралып келеді: Балалар, Шығайбай кетті ме? Ойын ойнамай, ән салмай, өсер бала бола ма? Демекші,келесі кезекті ойынға берейік.

1ойын «Көтермек»

2ойын «Асық жинау»

3ойын «Орамалды бер»

Ойыннан кейін балалар қонақтарға тақпақ айтып береді:

Келесі кезекте балапан ересек тобының жылы тілектерін қарсы алыңыздар.

 Естісін ел үніңді,                             

                     Дүние түгел естісін.

                     Тәуелсіздік туыңды

                    Биік көтер, жас ұлан!

 Зеңгір аспан, көгілдір

                 Алтын күні төрінде

                Тамылжытып, төгіп нұр

                Шаттық сыйлар көңілге

  Көк аспандай көгілдір

                  Қазақстан байрағы

                Тұрса күндей төгіп нұр

                Жылдарыңыз жайдары.

Көк байрақтың бетінде

           Қыран бүркіт қанатты

           Сол қырандай еркіндеп,

           Бала өседі талапты

 Елтаңбасы елімнің

                 Неткен әйбат, әдемі

                Тұнығындай көңілді, —

                Ортада – аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

                     Орын алған ол төрден

                     Қанатты қос арғымақ

                    Екі жақтан көмкерген.

Ән «Туған жер» орындайтын ботақан 2 – сәбилер тобы қарсы алыңыздар.

Би: «туған жер» вальсі орындайтын балапан ересек тобы.

Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Енді Отанымыз жайында тақпақтар тыңдайық.

Ересек құлпынай тобының жылы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Шұғылалы таңымыз,

                               Қазақ жері – бағымыз

                              Қайнарынан мөп-мөлдір

                             Сусындайды жанымыз.

 Қазақ жері – сәніміз

                   Мәуесі мол бағымыз

                   Саясында жетілер

                Балдай бала шағымыз

Отанды біз атамекен

                          Деп аялап айтамыз.

                          Өйткені оны мекен еткен

                         Бабамыз бен атамыз

Отанды әркім анасындай,

                 Қастерлейді бағалап

                Өйткені Отан баласындай

                Бізді өсірер аялап.

  Отан деген – атамекен,                          

                  Отан деген – туған жер.

                 Отан – ана, Отан – үлкен,

                 Қазақстан – туған ел.

 Ашық болсын десек елдің аспаны

                 Мөлдір судай тұнық болсын жастары

                Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен

                Балабақша тәрбиенің бастауы

Ән отан туған еліміз орындайтын ересек құлпынай тобы.

Би кадриль орындайтын ботақан екінші сәбилер тобы.

Ән «Жаса қазақстан» орындайтын даярлық гүлдер тобы.

Жүрг:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз?

Жүрг:  Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүрг:  Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай

              Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.

Би жаса қазақстан орындайтын даярлық гүлдер тобының қыздары

Жүрг:  Біз көпұлтты егемен елміз. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Түсімізге, нәсілімізге қарай да бөлінбейміз. Қазір достық туралы тақпақтарымен даярлыық гүлдер тобын тыңдайық.                                   

 Барлық елдің бөбегі

               Бір-бірімен туысқан.

              Бәрімізге төгеді,

             Өз шуағын күміс таң.

 Бейбітшілік әніміз

               Бауырласпыз бәріміз,

               Қазақстан даласында

               Жарасады сәніміз.

              Ұлы Отанның аясында

             Жадырайды жанымыз.

 Бізбен бірге бар әлем,

              Қуанады балаша.

             Қуанышқа бөленген,

             Өмір қандай тамаша

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді «президент ән» әнімен аяқтағым келіп отыр.

Ән «президент әні » барлық топ хормен айтады.

Көңілді музыка әуенімен барлығы жалпы суретке түседі.

Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні. 
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші: 
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

1 — жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 — жүргізуші: 
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар…
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді….

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ….

Ән «Қазақстан»

2 — жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі. 
1 — жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой — қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық 

«Балбырауын» күйі. 
Бақытым — Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

«Қамажай биі» 

1 — жүргізуші: 
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 — жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе — тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 — жүргізуші: 
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

2 — жүргізуші: 
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім, 
Болашағым, өнер — білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Ән: «Қазақстаным»

2 — жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

«Тәуелсіздік тұғыры биікте»
Ашық сабақТақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биікте»
Тәрбие сағатының мақсаты:
а)Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып,ән ұран,суреттер т.б.
Кіріспе бөлім:
Барысы:
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.
1-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,
Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.
Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,
Та-тас көшеде тас -талқан боп өлгені.
Ақталды бодақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл жандар.
Ел есінде мәңгілік сақталады.
2-оқушы: Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.
Тарылмасын терең алған тынысыңБұдан алған күндеріміз құрсын,
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.
3-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.
Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.
Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.
Ән: «Желтоқсан желі»
4-оқушы: Тұрағым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Ән:Ақ көгершін.
Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік алған 21жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз.Барлығымыз тәуелсіз заманның,егеменді елдің бақытты қожасы болдық.Тәуелсізбін,Тәубе саған жарық күн дегім келеді.Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі,көрмеген қасіреті қалмаған.
Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді.Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң.Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші,Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған.
1986жылы 16желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек»деген тілегімен жиналды.Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады.Көптеген жастар түрмеге қамалды.Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді.Себебі,тарихтан алар орны ерекшк.Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы.Сөйтіп,1997жылы 17шілде де Қазақстанда «тіл туралы»заң қабылданды.Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.Қазақ тілі өте бай,терең мағыналы,көркем тіл.
16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн,
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Хор: «Арайлап таңым»
Қорытынды:Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Т?уелсіздік шежіресі сценарий
  • Т?уелсіздік туралы сценарий балаба?шада 4 5 жас
  • Т?уелсіздік туралы сценарий 30 жыл
  • Т?уелсіздік туралы концерт сценарий
  • Т?уелсіздік т??ырым сценарий